Номад. Қазақ халқының шаруашылық негізі



I. Кіріспе
I. Қазақ халқының көшпенді өмір салты

II. Негізгі бөлім
I. Көшпелі қазақтың уақыт пен кеңістік туралы таным түсінігі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әрбір тарихи дәуір өзіне тиесілі болмысымен айырықша ерекшеленеді. Осы ерекшелік бүкіләлемдік адамзат тарихын жаңа әлеуметтік және танымдық тәжірибелермен толықтырып отырады. Ежелгі номадтарға тән мифологиялық көріністің бүгінгі сипаты көшпенділерге тән кеңістік пен уақыт бірлігінің тұтастығынан көрінеді. В.Б. Иорданский аталмыш философиялық категориялардың мифологиялық тұрғыда жақындығын түсіндіре келе төмендегідей қорытындыға келеді: архаикалық сана қоғамды қоршаған шынайы болмыстың уақыт ағымын емес, кеңістік өрісіне көп көңіл бөлді. Бұл бір жағынан түсінікті құбылыс. Табиғат, көршілес қауымдар мен ру-тайпалық топтарға үнемі және күшті ықпал етті. Осы топтардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының уақыттық дамуы өздігінше ерекшеленгенімен бірінші орында кеңістіктік байланыс тұрды. Соған сәйкес қоғамдық санада әлем кеңістігінің құрылымы ерекше орынға ие.
Қазақ халқының көшпенді өмір салты кеңістіктен өз малына қолайлы жайылымдық жерлер іздеумен байланысты. Сондықтан көшпенділер үшін кеңістік ерекше сипатқа ие. Дәстүрлі дүниетанымымыздың негізгі әмбебептары – кеңістік пен уақыт сакральді орталық ұғымдар. Көшпенділердің ұлттық дүниетанымында уақыт пен кеңістік бір-бірінен ажыратылмай тұтастықта қарастырылды. Батыс ойшылы Жиль Делездің пікірінше, кеңістікті сырт жағынан қарап топшылау мүмкін емес, оны тек өз ішінде саяхаттау арқылы ғана тануға болады. Олай болса, дала тұрғыны көшпенді үшін кеңістік көз мөлшермен өлшенбейді. Яғни, көшпенділер кеңістікті бөлмей, керісінше кеңістікке бөлінеді. Осы кеңістік пен уақыттың бірлігі мен тұтастығы заман ұғымына келіп саяды.
Көшпенділер өзге де халықтар тәрізді дүниені біртұтас, тұтастық ретінде таныған. Орталығында айырықша таңбалық белгілермен Әлемдік ағаш, таулар және Әлемдік өзендер түйіскен. Бір жағынан осы белгілер көшпелілер әлемінің тік және көлденең көріністі құрылымын білдіреді. Қазақ халқында Көк Төбе тауының шыңында өскен қасиетті Әлемдік ағаш – Бәйтерек деп аталды. "Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі – алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы – өрлемелік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем – төменгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан жасыл желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады" - деп, белгілі философ Т.Х. Ғабитовта ерекше атап өтеді.
1. Орынбеков М.С. История философской и общественной мысли Казахстана (С древнейших времен по ХII в.)., А., ИРК, 132 б. 2. Қасымжанов А.Х., Мажиденова Д.М. 2. Очарование знания. Фрунзе, Кыргызстан, 1990. 3. Культурные контексты Казахстана. История современности. А., Ниса, 1998, 57 б. 4. Бейсенов Қ.
3. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдiстерi. А. 5. Қасымжанов А. Рухани тамырлар. //Қазақ, А., Бiлiм, 1994, 97 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: Номад. Қазақ халқының шаруашылық негізі.

Орындаған:
Факультет:
Топ:
Курс:
Тексерген:

Жоспар:
I. Кіріспе
I. Қазақ халқының көшпенді өмір салты

II. Негізгі бөлім
I. Көшпелі қазақтың уақыт пен кеңістік туралы таным түсінігі
III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Әрбір тарихи дәуір өзіне тиесілі болмысымен айырықша ерекшеленеді. Осы ерекшелік бүкіләлемдік адамзат тарихын жаңа әлеуметтік және танымдық тәжірибелермен толықтырып отырады. Ежелгі номадтарға тән мифологиялық көріністің бүгінгі сипаты көшпенділерге тән кеңістік пен уақыт бірлігінің тұтастығынан көрінеді. В.Б. Иорданский аталмыш философиялық категориялардың мифологиялық тұрғыда жақындығын түсіндіре келе төмендегідей қорытындыға келеді: архаикалық сана қоғамды қоршаған шынайы болмыстың уақыт ағымын емес, кеңістік өрісіне көп көңіл бөлді. Бұл бір жағынан түсінікті құбылыс. Табиғат, көршілес қауымдар мен ру-тайпалық топтарға үнемі және күшті ықпал етті. Осы топтардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының уақыттық дамуы өздігінше ерекшеленгенімен бірінші орында кеңістіктік байланыс тұрды. Соған сәйкес қоғамдық санада әлем кеңістігінің құрылымы ерекше орынға ие.
Қазақ халқының көшпенді өмір салты кеңістіктен өз малына қолайлы жайылымдық жерлер іздеумен байланысты. Сондықтан көшпенділер үшін кеңістік ерекше сипатқа ие. Дәстүрлі дүниетанымымыздың негізгі әмбебептары - кеңістік пен уақыт сакральді орталық ұғымдар. Көшпенділердің ұлттық дүниетанымында уақыт пен кеңістік бір-бірінен ажыратылмай тұтастықта қарастырылды. Батыс ойшылы Жиль Делездің пікірінше, кеңістікті сырт жағынан қарап топшылау мүмкін емес, оны тек өз ішінде саяхаттау арқылы ғана тануға болады. Олай болса, дала тұрғыны көшпенді үшін кеңістік көз мөлшермен өлшенбейді. Яғни, көшпенділер кеңістікті бөлмей, керісінше кеңістікке бөлінеді. Осы кеңістік пен уақыттың бірлігі мен тұтастығы заман ұғымына келіп саяды.
Көшпенділер өзге де халықтар тәрізді дүниені біртұтас, тұтастық ретінде таныған. Орталығында айырықша таңбалық белгілермен Әлемдік ағаш, таулар және Әлемдік өзендер түйіскен. Бір жағынан осы белгілер көшпелілер әлемінің тік және көлденең көріністі құрылымын білдіреді. Қазақ халқында Көк Төбе тауының шыңында өскен қасиетті Әлемдік ағаш - Бәйтерек деп аталды. "Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі - алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы - өрлемелік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем - төменгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан жасыл желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады" - деп, белгілі философ Т.Х. Ғабитовта ерекше атап өтеді.
Егер М. Элиададағы аспан (сакральный) кеңістігі және жер (профанный) кеңістігінің архетиптік қайталану концепциясына сүйенсек, отырықшы халықтарға қарағанда көшпенділер вертикаль бойынша үш бөліктік, горизонталь бойынша төрт бөліктік дүниенің құрылымын өздерінің тіршілік әрекетінің барлық саласында қолданды. Сондықтан көшпенділер түсінігіндегі дүниенің төрт бөлікті құрылымы жер кеңістігі (профанное пространство) мен аспан кеңістігі (сакральное пространство) ұғымдарының маңыздылығын арттыра түседі. Төрткүл дүние - дүниенің төрт бұрышы, яғни төрт полюсі (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс). Бұлардың әрқайсысы көшпелілер үшін түрлі мағыналық қызмет атқарады. Оның ішінде айырықша атауға, терең мазмұнды мағынаға ие ұғым - "Құбыла". Мысалы, ислам дінінде дүниеден өткен адамның басын құбылаға қаратап барып жерлейтін болған, тіпті әрбір мұсылманның бес уақытылы намаз оқу ережесіде дәл осы құбылаға бағытталған.
Жер кеңістігі - архетиптік қайталану заңына сәйкес жер мен аспан өлшемдермен орталықтан бөлініп шыққан реттелген және меңгерілген физикалық кеңістік. Кеңістікті бірнеше деңгейге бөліп қарастыруға болады: біріншіден бұл тұрақ, яғни адам арқылы барынша меңгерілген кеңістік. Екіншіден, тікелей тұраққа жақын, мал бағу, жылқыны үйрету т.с.с. басқа да шаруашылықпен шектелген кеңістік. Яғни бұл дегеніміз тұрмыстандырылған кеңістік. Үшіншіден, ру, тайпаның (отбасының) шаруашылығымен игерілген территория, яғни өңделген егістік, өзен-көлдер, жайылымдар. Мәселен, қазақтардағы мезгілдік жайылымдар - жайлау, күзеу, қыстау, көктеу деп аталынды. Бұнда адамдар рух, аруақ т.б., яғни тау қожайындарымен, су тасқындарымен, нақты айтқанда табиғат құбылыстарымен сырлас, мәндес өмір кешеді. Жоғарыда келтірілген үзіндіден маңызды екі қорытынды шығады: біріншісі, кеңістік "өзімдікі және өзгенікі" оппозициясы арқылы сипатталса, екіншіден "мендік кеңістік" [свое] тұрақжай, тұрақжайға жақын және шаруашылықты территория деңгейлерін үйлестіруші. Ендеше, келтіріліп отырған мысал көріністерінің көшпенділер дүниетанымына етене жақын екендігін аңғару қиын емес. Дәлел ретінде номадтардың тұрақжайлық кеңістіктік параметрлеріне тоқталып өтейік. Ең біріншіден, көшпенділердің тұрақжайы - киіз үй немесе қазақ үйдің орналасу тәртібі. Бұл жөнінде отандық философ Д. Кішібеков өз ойын былай деп ортаға салады: "...мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі өзінің тұрағын, яғни киіз үйін кез-келген жерге емес, өзіне және басқа адамдарға, мал-жанына қолайлы жерге тігіп, қоныстанатын болған" .
Халқымыздың ұлттық мәдениетінің бұлтартпас айғағы қасиетті киіз үй көп ғасырлық тәжірибелік саралаудан өткен шығармашылық еңбектің жемісі, көшуге аса қолайлы тұрақжай. Аталмыш концепция түйіні төмендегідей:
- көшпенділердің мал-жанын қоректендіру мақсатында жаңа жайылымдық жерлерді үнемі іздестіру үстінде болуы архетиптік қайталану заңына сәйкес көшпеліліктің кеңістік ареалының жоғары сакрализациясын қамтыды;
- көшпенділер тұрақжайы, игерілген кеңістік аясы, үнемі өзгеріп отыратын болған. Себебі, көшпенділер қонысының тұрақтануы шаруашылық негізіне тікелей байланысты.
Көшу кеңістікті талап етеді, ол үшін қозғалысқа, шаруашылыққа ыңғайлы жиналмалы киіз үй, күш, көлік, тағам қоры, арнайы киім-кешек қажет. Осы құрамдас бөліктің кез-келгені өзінің жүзеге асырылуын талап ететін әлеуметтік кеңістікті қажет етті. Ендеше, көшпендінің арман-тілегі тұрақты бір жерді мекендегісі келгенімен, ол өзінің тұрағын үнемі ауыстырып отыруға мәжбүр болды. Көшпенді үшін кеңістіктің кең немесе тар болуы аса маңызды емес, ол өзінің жайлылығымен және қажеттілікті өтеуімен пайдалы, әрі қолайлы. Ұлы дала осындай қажеттілікке сай мекен болды. Әрбір қазақ руының белгілі бір көшу жолы болған. Ал, көш бағыты тек табиғаттың қолайлылығы мен жердің құнарлылығына ғана қатысты емес, оған ру аралық қатынастардың да айтарлықтай әсері болды.
Көшпенділер дүниетанымындағы кеңістік ұғымы, басқа да көшпенді халықтар түсінігіндегі уақытпен қатар дамыған, қозғалмалы, мобильді категория. Себебі, қазақтардың әлемдік образы номадалық өркениет шеңберінде қалыптасты. Бұл дегеніміз, қазақ халқының үнемі жолда, қозғалыста, дамуда болғандығын аңғартады. Көшпенді өмірінің басым бөлігі кеңістікті игерумен байланысты. Олардың ішкі жан дүниесінің ұлылығы дүниені қабылдауының мағыналық тереңдігіне және космоспен біртұтас органикалық түсіністікте болғандығына келіп саяды. Көшпенді өзін ерекше тіршілік иесі ретінде әлемнен бөліп қарамайды, әлем ол үшін ашық, әрі кең. Көшпенді үшін негізгі құндылық кеңістікте еркін орналасу және еркін қозғалу. Ендеше, көшпенді болмыс пен шаруашылық қозғалысқа бейім. Көшпенді үшін ең жоғарғы құндылық қозғалыс, белгілі бір территорияда мәңгілік шектеліп қалмау. Демек, дүниедегі қозғалатын, өзгеретін, ағыста болатындардың барлығы көшпенді үшін өте құнды. Ал, қозғалмайтын, отырықшылыққа бейімділер құндылығы екінші орында қалып қояды. Тоқтау, тұрақтану, отырықшы болу - қозғалысқа, өзгеріске деген бейімділікті, қабілеттілікті, тұтастай алғанда ең жоғарғы құндылықты жоғалту.
Көшпенді түркілердің интеллектуальдық ой-өрісінің табиғаты олардың әлемді шеңбер түріндегі жалпақ кеңістік негізінде қабылдау арқылы танылатын космогониялық көзқарастарға алып келді. Демек, көшпенділерде барлығы уақыт бойынша өрістетіліп отырған. Шексіз кеңістік көшпенді дүниетанымының көлденеңінен емес, керісінше аспанға, яғни жоғарыға бағытталуына алып келді, бірақ аспан өте үлкен, сондықтан көшпенді уақытпен үндестік табуы қажет. Бұл жерде уақыт пен кеңістік байланысы жүзеге асып, тығыз байланысқа түседі.
Әр халықтың дүниеге деген қатынасы, дүниені тану жолдары әртүрлі. Сондықтан номадтар түсінігіндегі дүниені тану үрдісі мүлдем өзгеше. Оны тек жолда, қозғалыста жүру арқылы ғана тануға болады. Бұл дегеніміз, тек дүниені ғана тану емес, осы әлемдегі адам болмысын, оның дамуын, өзіндік тұжырымын танумен байланысты. Олай болса, кеңістікті игеру дегеніміз тек дүниені тану ғана емес, көшпендінің бақытқа, махаббатқа, еркіндікке ұмтылуы. Сондықтан болар, даланы көшпенділер тіршілікке апаратын "мәңгілік жол" деп санады. Ал, жол, қозғалыс номадтар үшін, өткеннен құтылу, болашаққа ұмтылыс, дүниенің қазіргі болмысын игерумен байланысты. "Жол" ұғымы дәстүрлі дүниеге көзқарас динамизмін білдіреді. Қазақта алыс жолға шыққан адамға айтылатын бірінші тілек "Жолың болсын" деген киелі сөз. Бұл дегеніміз жолдың адам өмірімен, тағдырмен байланыстырылуы.
Көшпенділер дүниетанымындағы әлеуметтік кеңістік пен уақыт категорияларының маңызы олардың тұрмыстық өмірінен айқын байқалады. Қазақтың ата-тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, - деп жазады М. Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің архетипі
Номад сөз тіркесі
Көшпенді номад мәдениеті
Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Nomad сақтандыру компаниясының программалық қосымшасын жобалау
Компания мен сақтандыру өнімін таңдау кезінде клиенттердің әртүрлі топтарының уәждемесі
Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Пәндер