Мұхаммед Хайдар Дулати туралы



Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы. Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ата-бабалары Моғолстан мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Түркіменстанның саяси өмірінде белгілі адамдар болған. Дулати — өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Оған Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырлық аса көрнекті ғұламалар тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша дәріс берген.
Хайдар Дулатидің әкесі Мұқамед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабырнаме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған. Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады.
Сондай-ақ ол ханның мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанның ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады. 1533 жылы хан тағына отырған Әбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратады. Дулати Үндістанға қашып кетіп, онда Ұлы Моғолдар сарайының әскербасы болады. 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады. «Тарих-и Рашиди» — Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: Мұхаммед Хайдар Дулати

Орындаған:
Факультет:
Топ:
Курс:
Тексерген:

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) - белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын Тарих-и Рашиди, Джаһаннаме дастандарының авторы. Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ата-бабалары Моғолстан мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Түркіменстанның саяси өмірінде белгілі адамдар болған. Дулати -- өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Оған Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырлық аса көрнекті ғұламалар тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша дәріс берген.
Хайдар Дулатидің әкесі Мұқамед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты Бабырнаме атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған. Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады.
Сондай-ақ ол ханның мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанның ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады. 1533 жылы хан тағына отырған Әбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратады. Дулати Үндістанға қашып кетіп, онда Ұлы Моғолдар сарайының әскербасы болады. 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады. Тарих-и Рашиди -- Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы.
Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Сондай-ақ дастанда Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құндылығы -- Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндаған.
Тарих-и Рашиди -- қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің ХV-ХVI ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады. Бұл еңбекте бір кезде ауылы аралас, қойы қоралас болып жатқан күллі түркі халықтарының қоғамдық-әлеуметтік ғұмыры баяндалады. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы, Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан -- шығысында Ертіспен, солтүстігінде Балқаш көлімен, батысында -- Түркістан және Ташкент шаһарларымен, оңтүстігінде Қағариямен шектесіп жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір белестерінен
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі
Мұхаммед Хайдар Дулати атақты тарихшы, дарынды қолбасшы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік тағылымдары
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ҺӘМ ОНЫҢ ТАРИХ-И РАШИДИІ
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Пәндер