XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе .

Курстық жұмыстың өзектілігі:

XX-ғасыр басындағы қазақ әдебиетімен мерзімді баспасөздің хал жағдайы қазақ интелигенциясының қалыптасу тарихы мен тұңғыш қазақ газеттерінің шығу тарихы өте өзекті мәселелердің бірі.

Курстық жұмыстың мақсаты :

Курстық жұмыстың мақсаты XX-ғасырдың басындағы баспасөздің дамуы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің еңбектерімен шығармашылығы жөнінде баяндау.

Курстық жұмыстың міндеттері :

-XX-ғ басындағы қазақ әдебиетінің дамуын атап өту.

-Корнекті қоғам қайраткері Сұлтанмахмут Торайғыровтың өмірімен шығармашылығын баяндау.

-Қазақстандағы мерзімді баспасөзіне түсініктеме беру.

-Айқап және Қазақ газеттерінің қызметін баяндау.

Курстық жұмыстың тарихнамасы:

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс екі тараудан :

I. XX- ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары .

II Қазақстанның мерзімді баспасөзі.

Және төрт тақырыптан

1. Сұлтанмахмут Торайғыров шығармашылығы

2. XX-ғ қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселелер.

Айқап газеті

4. Қазақ газеті сынды тақырыптардан, сілтемелер тізімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ.

1. 1. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы.

Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революцпялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруіне шақырды. Бұл үрдісте қазақ, халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделсрін корғауға өз үлссін қосқап қазақ әдебиетінің ролі соңғы орында калған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыққа қарсы күрес ндсясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмст Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси кызметінің революциялық-дсмократиялық бағытта болғаны айкын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық қызметінде ғана емес, өздсрінің коғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән бсрді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкілхалықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демоқратиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің, (1913-1918) беттерінде нысаналы бағьггта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын кұруға әрекет жасауы айғақ болып табылады.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) - XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалык жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқықсыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. Акынның отан-дастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор.

Өз жинағын «Маса» деп атап, ақын бұл атауға белгілі бір мағына бсрген, маса сияқты мазаны алып, үздіксіз ызыңдау арқылы «ұйықтап жатқан» халықты оятуға үмтылгам.

Қазагым-елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малын,

Қалауда жаның,

Аш көзіцді оянып.

Қанған жоқ па әлі ұйкың,

Ұйыктайтын бар не сиқың?!

А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» деген кітабы (Петербург, 1909) Крылов мысалдарының үлгісімен жазылған туындылар жинағы болып табылады. Крылов мысалдарының сюжеттерін негізге алып, Байтұрсынов оларды қазақ өмірінен алынған мысалдармен толықтырып, еркін аудару арқылы түп нұсқа қазақ мысалдарын туғызған. Мысалдарда қазақтар арасында таралған кеселдер келемеж етіледі, әлеуметтік әділетсіздік сыналады.

А. Байтұрсынов - қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми кабылданды. А. Байтұрсынов «Оку құралы» (1912) және «Тіл кұралы» окулықтарын жазды, олар үш болімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек - «Әдебиет танытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.

Міржақып Дулатов ( 1 885-1935) - Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы - халық тағдырының проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі. Ол өз окырмандарының ойы меи санасына ықпал жасай отырып, олардың назарын әрбір жеке тұлғаның халық алдындағы жауапкершілігіне аударады. Өз заманындағы қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М. Дулатов отандастарын жаңа өмірге шакырады, басқа халық-тардағы жаксылық жағын үйренуге үндейді, ғылымды, білімді, әйелдердің тең қүқықтылығын жақтайды.

Жігітке талаптанған мың рахмет,

Пайдасын ғылымының халыққа шашқан.

Жаны ашып нашарларға кызмет етіп,

Салса егер түзу жолға болса адасқан.

бұл жолдарда Міржақыптың гуманистік көзқарасы ғана емес, мұнда өзінің өмірлік бағдарламасына («бостандық», «бауырластық, », « теңдік ») адалдығы да бар.

«Оян, қазақ!» жарыққа шыққан кезінен бастап отаршылдыққа қарсы бағытталған кітап ретінде кабылданды, оның таралымы жойып жіберілді,

ал авторы қуғынға ұшырап, талай рет түрмеге камалды. Алайда бұл ақынды мойытпады, ол озінің әдеби-косемсөздік қызметін сол күйінде белсенді түрде жалғастыра берді. Бұл кезеңде ол «Бақытсыз Жамал» романын (Орынбор, І910), «Азамат» (Орынбор, 1913), «Терме» (Орынбор, 1915) дегсн жинақтарын шығарады. 1913 жылдан бастап Орынборда тұрақты тұрып, Ахмет Байтүрсыновпен бірге «Қазақ» газстін шығарады.

«Бақытсыз Жамал» - уақыты жағынан бірінші жазылған қазақ романы. Онда иатриархаттық-рулық ғұрыптар мен соқыр сенімдердің құрбаны болған кыз - Жамалдың ауыр тағдыры суреттеледі. Сонымен бірге романда туып келе жатқан жаңалықтың өшіп бара жатқан ескілікпен тартысы, жас ұрпақ көзқарастарының ғасырлар бойындағы негіздерді жақтаушылармен қақтығыстары көрсетілген. Роман жастардың бойында еркіндік сүйгіш идеялардың туындау үрдісін ашып көрсетуімен де тартымды.

М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Тоқай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да косқан үлесі баға жеткісіз.

Сүлтанмахмүт Торайғыров (1893-1920) -тәуелсіздік ісіне, халықтың п рогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес косқан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен кара-ғылықты түйрейтін туындылар жазды. Торайғыровтын пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды, бұл үшін оған ұйкыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек. Отаршылдыққа қарсы күрескен бау-ырларыиа ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С. Торайғыров «Таныстыру» дегеи поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты, Бөкейхановты «күн», «таң», «ай» деп атайды.

Сұлтаимахмұт қазақ әдебиетін оның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды калыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық өлеңдері, көсемсөздік, сын мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан-жақты болғанын ашып қөрсетеді.

Үгіттік-үраншыл өлеңдер шеңберінен шығып ол табиғат және адамның ішкі дүниесі туралы тереңдіғі мен көрксмдіғі жағынан тамаша лирикалық өлеңдер туғызды. Оның ірі туындыларында өз бойына жаңа коғамдық көзқарастардың біріктірген кейіпкер бейнесі көрінеді. Ақын әлі де феодалдық-патриархаттық негіздердің шырмауында калып, караңғ-ылық пен надандық күн кешкен қазақ қоғамы дамуының өткір әлеуметтік проблемаларын ашып көрсете білді («Кім жазықты») . Оның уақытты, дәуірді философиялық ой елегінен өткізуге қүрылған поэмалары лирикалық-публицистикалық поэма жанрының жаңа да жарқын үлгілсрі болды. Қазақ әдебиетінде Абай негізін қалаған реалистік өнсрдің жоға-ры үлгілсрін біз Сұлтапмахмұттың шығармашылығынан таба аламыз.

Қазақ әдебиетінің сыншыл бағытын дамытуда, көркемдік құралдар арқылы ағартушылық идеяларын асқақтатуда Шәкәрім (1858-1931), Сәбит Дөнентаев (1894-1933), Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Спандияр Көбеев (1878-1956), Бекет Өтетілеуов (1883-1949), ӘріпТәңірбергенов (1856-1924), Ғұмар Қарашев (1876-1921), Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939), Бернияз Күлеев (1899-1923), Нарманбет Орманбетов (1870-1918) және басқалар шығармашылығының ерекше маңызы болды.

Поэтикалық шеберлікті дамытып және байыта отырып, олар дәуірді көркемдік ой елегінен өткізуге зор үлес қосты. Егер С. Донентаев сюжеті шағын өлеңдер мен мысалдар жанрын дамытса, С. Көбеев өмір шындығын лирикалық, туындыларда бейнелеуге ұмтыл-ды. С. Көбеев пен Б. Өтетілеуовтің шығармашылығы педагогикалық, қызметпен астасып жатты: олардың екеуі де ауыл мектептерінде мұғалім болды. Әдебиетті балалар тәрбиелеуге кеңінен пайдалана отырып, жазушылар идеялық мазмұны жаңа бірқатар туындылар жазды. С. Көбеевтің «Қалың-мал» романы, балаларға арналған хикаяларымен өлендері осылай туған. С. Көбеев пен Б. Өтетілеуов аударған орыс классиктерінің туындылары аз емес.

М. Сералин қазақ әдебиетінің дамуына ғана емес, сонымен катар өз заманындағы журналистиканың дамуына да үлес қосты. Ол және опың каламдас бауырлары шығарған «Айқап» журналы (1911 - 1915) қазақ әдебиетінің ағартушылық және демократиялық ба-ғытын айқын да анық, ұстанды. Сералин поэмалар жазып, Фирдоусидің «Шахнамесін» («Рүстем-Зураб») аударды.

М. Сералин «Айқап» беттеріндегі көсемсөздік туындыларында патриархаттық негіздерді сынға алып, халықты ағарту ісіне, оның ілгері ұмтылуыиа, қазақтардың отырықшылық. тұрмыс салтына көшу проблемасына ерекше көңіл бөлді. Біз Ғ. Қарашев пен Н. Орманбетовтің туындыларынан айтарлықтай көркемдік шешімдерді көреміз, оларда отаршылдықтың мәні, халықты баскару саясатының екіжүзділігі, қазақ қоғамы өмірінің артта қалғандығы кеңінен ашып корсетілген. Бірнеше кітаптың («Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» және басқалар) және философиялық толғаныстардың авторы Ғұмар Карашев өз ерекшелігі бар жарқын ақын, ағартушы-философ ретінде, шариғат дәстүрлеріне және ар-ожданға адал суреткср ретінде көрінді. Ол Ақпан революциясын және «Алаш» қозғалысын үмітпен қарсы алып, өз халқынын, бостандығы мен тәуелсіздігіне сенді, кейіннен Кеңес өкіметіне ізгі ниет білдірді. Ал Нар-мамбет өлендерінде («Сарыарқа», «Заман» және басқалары) қазақтар шұрайлы қоны-сынан айырылып, туған жерлерінен көше бастаған кездегі патша өкіметінің коныс аудару саясаты салдарынан ерекше көрінген халықтың ауыр өмірін суреттеді.

1. 2. XX-ғасырдағы қазақ әдебиетшілері.

XX ғасырдың басындағы қазақ ақын жазушылары өздерінің бағдары мен көркемдік ізденістері жөнінен әсте де бірдей емес. Талант көп болған сайын оның кыры да алуан түрлі болмақ. Олардың көбісін революциялық-демократиялық және ағартушылық-демократиялық идеялар біріктірді. Бұл бағытты ұстанғандардың бәрі прогресті, халықтар әдебиетінің озық, идеяларын меңгеруге тырысты. Сонымен бірге Шығыстың демократиялық әдебиетінің тәжірибесін пайдалана отырып, таза ұлттық дәстүрде жазған ақындардың тұтас тобы болды.

Надандықты, билік басындағылардың әділетсіздігін, патша өкіметінің отаршылдық саясатын олар да сынады, алайда олар бұл тұйықтан шығу жолдарын таба алмай, оның шешімі өткендегі «жақсы» заманға оралуда деп тапты. Бұл ақындар қатарына Мәшһүр Жүсіп Көпеевті (1858-1931), Нұржан Наушабаевты (1859-1919), Мақыш Қалтаевты (1869-1916) жатқызуға болады. Олардың реалистік туындылары біздің сол дәуірдегі шындықты ұғуымызға көмектессді. М. Ж. Көпеевтің «Сарыарқа кімнің жері?» деген кітабы (Қазан, 1907) тәркіленіп, ал басып шығарушыға ірі көлемде айыппұл салынды. М. Ж. Көпеевтің мұрасында халықтың ауызша шығармашылығының ол жинаған туындылары мен қазақ, ақындарының шығармаларынан тұратын қолжазбалар сақталған. Н. Наушабаевтың поэзиясы негізінен ғибрат пен тағылымы мол термелерден тұрады. М. Қалтаевтың шығармашылығында өмір мен дәуір кең көрсетілгеніне қарамастан, дегенмен де көркемдік деңгейі солғын тартып жатадьі.

Қазақ акындарының басқа бір тобы халық туынндылары, сондай-ақ Шығыс шығармалары сюжеттерінің ықпалымеи дастандарға және хиссаларға ерекше көңіл бөлді. Оларға Жүсіпбек Шайхысламұлын (1854-1936), Шәді Жәңгірұлын (1855-1933), Ақылбек Сабалұлын (1880-1919) жатқызуға болады. Олардың бәрі тамаша білімді еді және араб-парсы әдебиетінің білгірлері болатын, -халықтың аса бай фольклорын егжей-тегжейлі білетін. Олар өз туындыларын тығыз байланысты болған Қазан баспаханаларынан бірде «Дастан» түрінде, бірдс «хисса» түрінше шығарып отырды. Осы туындылар арқылы XX ғасырдың басында халық арасында хиссалар кең таралды. Мұнда сюжеттерінің кызықты, суреттелетін тарихи окиғалардың маңызды болуы аз рол атқарған жоқ. Бұл туындылардың арасында «Қыз Жібек», «Мұңлық-Зарлық», «Сейфүл-Мәлік», «Қасым-Жомарт», «Орақ, - Күлше», «Һарон ар-Рашид», «Қамарзаман», «Бозжігіт», «Тахир-Зуһра», «Назым» және басқалар бар. Олар түрлі тақырыптарға (махаббат, әділдік, наным және т. б. ) жазылғанымен, бұл дастандарды адамзатқа деген сүйіспеншілік байланыстырды. Олардың кейбіреуі талай рет қайта басылып шықты.

Халық өміріндегі тарихи окиғалар туралы жазып, оларға халыктық баға беруге тырысқан ақындар да болды. Бұл арада Ығылман Шөрековтің(1871 - 1932) «Исатай-Махамбет» поэмасын айту орынды. Автор тарихи оқиғалар хронологиясын тәптіштеп тере бермей, Исатай батыр мен оның досы Махамбеттің бейнелерін ашып көрсетуге тырысады. Көтерілістің негізгі кезеңдеріне ғана тоқталған автор оның шын себептерін ашып, руаралық жанжалдарды шешудегі Исатайдың даусыз беделін, Жәңгірханмен қақты-ғыстардағы батырдың ержүректігін көрсете білген.

Қарастырылып отырған кезеңде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дәстүрлерін жалғастырған сазгер-ақындардың шығармашылығы елеулі орын алады. Театрлар, концерт залдары болмаған жағдайларда сазгер-ақындар халықтың рухани мәдениетінің дамуына, оның театр және ән-күй өнерін байытуға зор үлес косты. Біржан, Акан сері, Мұхит шығармашылығының дәстүрлерін ұстана отырып, сазгер-ақындар Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919), Мәди Бапиұлы (1880-1921), Майра Уәликызы (1896-1926), Иманжүсіп Құтбанұлы (1863-1929), Әсет Найманбайұлы( 1867-1923), Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1856-1932), Кенен Әзірбаев( 1884-1976) және баскалар демократиялық бағыттағы жаңа әндер мен жырлар туғызды. Олардың едәуір туындыларында өмірдің көркемдігі жырланды, тындаушылардың бойында жоғары эстети-калық сезімдердің калыптасуына жәрдемдесті. Сонымен бірге бұл шығармаларда да коғамның әлеуметтік жағынан әділ құрылмағандығының проблемалары козғалып, отаршылдық бұғауынан арылуға шақырған ұрандар естілді. Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай патшалық өкімет орындарының қысымы мен қудалауын өз бастарынан кешірді. Сазгер-ақындардың қызметі сөз жоқ, шынайы халықтық ән шығармашылығының дамуыиа көмектесті. Олар «Жаяу Мұса», «Хаулау», «Ғалия», «Қа-ракесек», «Майра», «Иманжүсіп», «Гәкку», «Бозторғай» сияқтты классикалық туындылар туғызды. Сазғер-ақындардың мұрасы орасан көп және алуан қырлы. Мұнда лирикалық әндер мен дастандарды кездестіруге болады, ал Әсет, Кенен сияқты акындар айтыстарға қатысқан.

XX гасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуының ерекшелігі оиың басқа халықтардың әдебиеттерімен байланысы болып табылады. Тарихи жағдай қоғамдық-экономикалық байланыстардың күшеюіне себепші болып кана қоймай, рухани мәдениет саласындағы қарым-катынас үрдісін жандандыра түсті. Бұл козғалыста қазақ мерзімді баспасөзі едөуір рөл атқарды, онын негізін «Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882) емен «Дала уәлаятының, газеті» (1888-1902) салып берді. Олардың беттерінде орыс әдебиеті мен дүниежүзілік классикадан аудармалар басылды. Абайдың аудармашылық дәстүрлерін жалғастыра отырып, Ә. Төңірбергенов пен Ә. Найманбаев А. Пушкиннің «Евгений Онегиннен» үзінділср жариялады, сондай сюжетке өз туындыларын жасады. «Капитан қызы» (аударған М. Бекімов, 1903) мен «Дубровский» (аударған Ш. Күдайбердиев, 1912), сондай-ақ А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалы»(1909) мен С. Ко-беевтің«Үлгілі тәрбиссі» (1910) кітап болып жарық көрді, Б. Өтетілеуов Пушкиннің, Лсрмонтовтыв, Жуковскийдің, П, Крыловтың туындыларын аударды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттсрінің беттсрінде орыс, Шығыс және Батыс Еуропа әдебиеттерінен жасалған аудармалар үлкен орын алды. Олардың арасында «Рүстем-Зурабты» (Фирдоусидің«Шахнамесінен» аударған М. Сералин), Д. Байронның «Шильон тұтқынын» (аударған А. Ғалымов), «Мың Бір түннен» үзінділерді, А. Толстой мен А. Чеховтың әңгімелерін атауға болады. Сонымен дүниежүзілік классикалық әдебиеттің көркемдік тәжірибесін меңгеру үшін кең жол ашылды. Ғасырдың басында казақ әебиетінің дамуына 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс елеулі ықпал жасады. Көтеріліске қазақтарды тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы себеп болды. Отаршылдық езгінің ауыр салмағы зарықтырған халық өмірдің жақсаруынан қандай да бір үмітін үзіп, өз билеушілеріне қарсы көтерілді. Амангелді, Бекболат сияқты халық батырларының! басшылығымен көтеріліске шыққан халық өкіметтің өкілдерін жазалай бастады. Алайда стихиялы түрде басталған көтеріліс басшылык ететін үйымдасқан орталығы болмай, көп кешікпей-ақ бәсендей бастады, ал патша солдаттары одан кейін де ұзақ уақыт жүгенсіздік етті. Халыктық, әдебиетте бұл көтеріліс туралы көптеген туындылар сақталған. Оларда халықтың ауыр тағдыры туралы, патша өкіметінің кысым көрсетуі туралы, бостандық жо-лындағы күрес туралы, көтеріліске шыққан адамдар меи оның жетекшілері туралы баяндалған. Бұл туындылар авторларының ішінен азаттық қозғалысына тікелей катысып, бұл күрестің тбарлық қиындықтары мен қасіретін бастан кешірген Сәт Есенбаевты, Күдеріні, Омар Шипинді, Төлеу Кебдіковті, Бүзаубековті, Иса Дәукебаевты атауға болады. Ақындар Омар мен Күдері аңызға айналған Амангелді туралы, Иса - Бекболат туралы тарихи жырлар туғызды. Аталған туындылар қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орын алды. Олардың ерекшеліктері халық батырларының жана бейнелері, нақты тарихи окиғалар шығарма арқауын құрады.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі кейбір тарихи жырлар патша жарлығы бойынша алынғап жігіттердің өміріи суреттеуге арналған. Біржан Берденовтың «Алу» дсгсн дастанында жігітгердің өз аулындағы өмірі туралы, олардың үйреніспеген жат жерде болуы туралы, имисриалистік согыстың әділетсіздік сипаты туралы, патшаның басқаруына наразылықтың өршуі жәие оны құлату жөніндегі идеялардың таратылуы және ақырында, оның құлатылуы туралы айтылады. Жігіттердің майданнан жазған хаттары және оларға кайтарылған жауаптар нысанында жазылған туындылар да кездеседі. 1916 жыл туғызған халық, поэзиясы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін жана мазмұнмен толықтырып, оның халықтық-демократиялық сипатын байытты.

Отаршылдық басқару жүйесі кезіндегі қазақ халқының жағдайы кейінгі кезеңдегі әдебиет дамуында өзекті проблема болып қала берді. Сол кезеңде әдебиеткс келген М. Жұмабаев, С. Ссйфуллин, Б. Майлин. С. Мұқанов және басқалары сияқты жас таланттар демократиялық-ағартушылық дәстүрлерді жалғастырып, оны бостандық. идеяларымен байытып, өздсрінің і алғашқы туындыларын жариялай бастады.

Кәрімовтердің баспаханасы XIX ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейін 2000-ға жуық кітап шығарды, XX ғасырдың басында екі баспахана Орынборда бірлескен кәсіпорынға бірікті у 1912 жылы Семейде кітап басуға арналған баспахана ұйымдастырылды, басқа калаларда бұлар мемлекеттік кәсіпорындар болды. Баспахананың тек қана кітап басумен айналыспай, сонымен қатар баспа кәсіпорны болғанын да атап өткен жөн. Қазақша басылған кітаптың дамуына белгілі баспагер Кашафутдин Махмұдов елеулі үлес қосты, ол 1859 жылдан 1899 жылға дейін қазақтарға түсінікті тілде 22 кітап аударды, Ақылбек Сабалұлы 1909-1915 жылдар аралығында 15 кітап, Жүсіпбек Шайхысламов 1879-1915 жылдарда -15 кітап, Мақаш Балтаев 1904-1913 жылдарда - 7 кітап, Шататөре Жәңгіров 1910-1915 жылдарда - 9 кітап, Спандияр Көбеев 3 кітап аударды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Адам мен саясат жөніндегі қазақ ойшылдарының топшылаулары
Қазақ ұлт зиялылары
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қазақ зиялыларының үлесі
Алаштың аруағы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Әдебиет - тарихтың айнасы
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz