Көз- оптикалық жүйе. Көру



Мазмұны:

Көз. оптикалық жүйе.Көру.
1. Көздің құрылысы.
2. Көздің оптикалық жүйесі.
3. Көру. Көздің алыстан және жақынан көргіштік қасиеттері.
4. Көзілдірік.

Әдибиеттер тізімі:
Көздің құрылысы.
Көптеген оптикалық аспаптар адамның көруі арқылы миына келетін ақпаратты қабылдау мүмкіндігін кеңітеді. Адамның көзі сигнал миға жетпестен бұрын сырттан келген жарықты қабылдайтын және оны бірінші реттегі өңдеуден өткізетін биологиялық тетік.
Көз жарық әсерін қабылдайтын орган (1сурет).
1-суретте көрсетілгендей адам көзінің құрылысы өте күрделі. Адамның көзі көз алмасынан, қабақтан, көз жасы бездерінен, көз алмасын қозғалтататын еттерден тұрады. Көз алмасы шарға ұқсастау формалы болып келеді. Үлкен адамдардың көз алмасының алдыңғы – артқы өлшемі шамамен 24,3 мм, вертикаль бөлігі 23,4 мм, ал горизонталь бөлігі 23,6 мм болып келеді. Көздің түпкі қабырғасы (сыртқы, ортаңғы және ішкі) үш бөліктен тұрады. Оның сыртқысы өте тығыз ақшыл қабықтан тұрады, оны (1) ақ қабық (склера) деп атайды. Ол көздің алдыңғы жағында мөлдір қасаң (2) қабыққа айналады. Қасаң қабықтың орта тұсының қалыңдығы 0,6 мм, ал шет жағы 1 мм-ге жетеді. Қасаң қабық жарық сәулесін ең көп сындыратын оптикалық бөлік болып саналады. Қасаң қабықты көздің терезесі десе де болғандай. Осы қасаң қабық арқылы көзге жарық сәулелері өтеді. Қасаң қабықтың қисықтық радиусы шамамен 7-8 мм, оның сыну көрсеткіші 1,38. Қасаң қабықтың артында іші мөлдір сұйыққа толған көздің алдыңғы камерасы (8) болады. Бұл сұйықтың оптикалық қасиеттері судың оптикалық қасиетімен бірдей. Бұның артқы қабырғасын түсті қабық (5), оның ортасындағы диаметрі 3,5 мм дөңгелек тесікті қарашық, ал көздің ішкі жағынан қарашыққа келіп тірелетін бөлікті хрусталик (7) деп атайды. Хрусталик қос дөңес линзаға ұқсас. Оның диаметрі 8-10мм, сыну көрсеткіші 1,4-ке тең. Хрусталиктен көздің сыртқы қабырғасына дейін шыны тәрізді затпен (9) толтырылған. Түсті қабықтағы пигмент мөлшері мен қабықтың қалыңдығына байланысты көздің түсі әр түрлі болады. Түсті қабықтың еті қарашықты кеңейтеді не тарылтады. Қарашық қараңғыда үлкейіп, жарықта кішірейеді де, көзге сәуле түсуін реттеп отырады. Сөйтіп, көз қарашығы аперттық диаграмма ролін атқарады. Тор қабықтың (11) ортасында сары дақ деп аталатын бөлігінің көздің көру процесінде маңызы бар. Сары дақ жарықты өте сезгіш.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Д.Я.Мартынов . Курс практической астрофизики.
2. Е.М.Гершензон, Н.Н.Малов, А.Н.Мансуров. Жалпы физика курсы. Оптика.Алматы.”Білім” 1996.
3. Г.Я.Маякишев. Б.Б.Буховцев. Физика орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық.Алматы.”Мектеп” 1998.
4. Полатбеков.Оптика.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Көз- оптикалық жүйе.Көру.
1. Көздің құрылысы.
2. Көздің оптикалық жүйесі.
3. Көру. Көздің алыстан және жақынан көргіштік қасиеттері.
4. Көзілдірік.
Әдибиеттер тізімі:

Көздің құрылысы.
Көптеген оптикалық аспаптар адамның көруі арқылы миына келетін
ақпаратты қабылдау мүмкіндігін кеңітеді. Адамның көзі сигнал миға жетпестен
бұрын сырттан келген жарықты қабылдайтын және оны бірінші реттегі өңдеуден
өткізетін биологиялық тетік.
Көз жарық әсерін қабылдайтын орган (1сурет).
1-суретте көрсетілгендей адам көзінің құрылысы өте күрделі. Адамның көзі
көз алмасынан, қабақтан, көз жасы бездерінен, көз алмасын қозғалтататын
еттерден тұрады. Көз алмасы шарға ұқсастау формалы болып келеді. Үлкен
адамдардың көз алмасының алдыңғы – артқы өлшемі шамамен 24,3 мм, вертикаль
бөлігі 23,4 мм, ал горизонталь бөлігі 23,6 мм болып келеді. Көздің түпкі
қабырғасы (сыртқы, ортаңғы және ішкі) үш бөліктен тұрады. Оның сыртқысы өте
тығыз ақшыл қабықтан тұрады, оны (1) ақ қабық (склера) деп атайды. Ол
көздің алдыңғы жағында мөлдір қасаң (2) қабыққа айналады. Қасаң қабықтың
орта тұсының қалыңдығы 0,6 мм, ал шет жағы 1 мм-ге жетеді. Қасаң қабық
жарық сәулесін ең көп сындыратын оптикалық бөлік болып саналады. Қасаң
қабықты көздің терезесі десе де болғандай. Осы қасаң қабық арқылы көзге
жарық сәулелері өтеді. Қасаң қабықтың қисықтық радиусы шамамен 7-8 мм, оның
сыну көрсеткіші 1,38. Қасаң қабықтың артында іші мөлдір сұйыққа толған
көздің алдыңғы камерасы (8) болады. Бұл сұйықтың оптикалық қасиеттері судың
оптикалық қасиетімен бірдей. Бұның артқы қабырғасын түсті қабық (5), оның
ортасындағы диаметрі 3,5 мм дөңгелек тесікті қарашық, ал көздің ішкі
жағынан қарашыққа келіп тірелетін бөлікті хрусталик (7) деп атайды.
Хрусталик қос дөңес линзаға ұқсас. Оның диаметрі 8-10мм, сыну көрсеткіші
1,4-ке тең. Хрусталиктен көздің сыртқы қабырғасына дейін шыны тәрізді
затпен (9) толтырылған. Түсті қабықтағы пигмент мөлшері мен қабықтың
қалыңдығына байланысты көздің түсі әр түрлі болады. Түсті қабықтың еті
қарашықты кеңейтеді не тарылтады. Қарашық қараңғыда үлкейіп, жарықта
кішірейеді де, көзге сәуле түсуін реттеп отырады. Сөйтіп, көз қарашығы
аперттық диаграмма ролін атқарады. Тор қабықтың (11) ортасында сары дақ деп
аталатын бөлігінің көздің көру процесінде маңызы бар. Сары дақ жарықты өте
сезгіш.

Көздің оптикалық жүйесі.
Көздің жарық сындырғыш элементтерінің жүйесі орталықтанған жүйе
болып саналады. ОО осі ортақ ось деп аталады. Ол қасаң қабықтың, қарашықтың
және хрусталиктің центрлерінен өтеді. Хрусталик пен сары дақтың
центрлерінен өтетін түзуді (ОО) көру осі деп атайды. Көздің оптикалық
центрі хрусталиктің ішінде, оның артқы бетіне таяу орналасқан. Оптикалық
центрден, тор қабықшаға дейінгі қашықтық көздің тереңдігі деп аталады.
Нәрсенің кескіні тор қабықшаға түседі. Ол әрқашан шын, кішірейген және кері
болады. Көзі дұрыс көретін адам 25 см жердегі (екі нүктенің ара қашықтығы
0,05-0,07 мм болса) екі нүктені анық көреді.
Егер нәрсе көзден тіпті алыста болса, оның кескіні көз бұршағының
бұлшық еттеріне еш күш түсірмей, сау көздің тор қабықшасында пайда болады.
Нәрсе көзге жақындаса көз бұршағы сығылады да, көздің фокус аралығы сонша
кішірейіп, кескін жазықтығы қайтадан тор қабықшамен беттеседі. Бұл көз
бұршағының қисықтығын өзгертетін бұлшық еттердің рефлекторлық күш салуымен
орындалады. Бақыланатын нәрсеге дейінгі ара қашықтықтың өзгеруіне көздің
осындай бейімделуі көз аккомодациясы деп аталады. Нәрсе жақындаған сайын
бізге оның жақын екі нүктесін көрсететін, көру бұрышы φ үлкейеді (2 –
сурет). Бұл көру бұрышы бір минуттан артық болғанда, екі нүктенің кескіні
әр түрлі нерв ұштарына түседі де, біз кескіндерді жеке көреміз. Алайда
заттың егжей – тегжейін көру үшін оны көзге өте жақындатуда мағына жоқ,
өйткені көз аккомодациясының шегі – аккомодацияның жақын нүктесі болады.
Сау көздің алыс аккомодация нүктесі шексіз алыстаған нүкте болады. Ол
көздің күш түспейтін күйіне сәйкес келеді. Адамның көзінің бұлшық еттері
бар, олар көзді бұрып, оның осін қараған нәрсеге бағыттап тұрады. Нәрсе
көзге неғұрлым жақын болса, соғұрлым оң және сол көздердің бұлшық еттеріне
күш түсуінде айырмашылық артады. Сонымен қатар, жақын тұрған нәрсенің оң
және сол көздердің тор қабықтарындағы кескіндері бір – бірінен өзгеше
болады. Бұл адамның нәрсеге не оның бөлігіне дейінгі ара қашықтықты білуіне
мүмкіндік береді және бақылап отырған дененің көлемі жөнінде әсер туғызады.

Көру. Көздің алыстан және жақынан көргіштік қасиеттері.
Көздің жақыннан көргіштік және алыстан көргіштік деген кемшіліктері
бар. Жақыннан көргіш көздің оптикалық күші қалыпты көздің оптикалық күшінен
артық болады. Оны жөндеу үшін теріс (шашыратқыш) линзалы көзілдірік
падаланылады. Алыстан көргіш көздің оптикалық күші қалыпты көздің оптикалық
күшінен кем болады. Оны жөндеу үшін оң (жинағыш) линзалы көзілдірік керек.

Нәрсенің кескіні тор қабықшаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көз — оптикалық жүйе
Көру мүшесі – біздің көзіміз
Биологиялық объектілер микроскопиясының арнайы тәсілдері
Көз - көру мүшесі
Теодолит, оның құрылысы және жұмыс істеу принциптері
Көз аурулары және көзге арналған жаттығулар
Физиологиялық және көзілдірік оптикасы
Көз алмасының құрылысы
Геодезиялық аспаптың параметрлерін есептеу
Оқытудың несиелік жүйесі талаптарына сәйкес оптика курсы бойынша теориялық материалдар
Пәндер