Азияның қорықтары на физикалық географиялық сипаттама



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.Тарау
1.1 Азияның қорықтары на физикалық географиялық сипаттама ... ...4
1.2 Ақсу.Жабағылы қорықтын сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ.Тарау
2.1 Ыстық.көл қорықты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Өзбекстан аумағындағы қорықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Тәжікстан қорықтарының маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорықтар — шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санак жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістері, хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен есімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қорық территориясының климаты, топырағы, өсімдіктер дүниесі мен басқа да байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді, онымен көршілес шаруашылықта пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып, табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.
Қорықтарда ғылыми жұмыстар бүкіл жыл бойы жүргізіледі. Ұзақ жылдарға жоспарланатын мұндай комплексті жұмыстардың теориялық және практикалық маңызы зор. Қорықтарда «Табиғат шежіресі» жылма-жыл толықтырылып отырады. Мұндан жан-жақты мәліметтер қорық территориясындағы табиғи процестердің көп жылғы даму құндылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтаи да өлкеміздің даңққа бөленген керікті (орындарын бұрынғы тамаша қалпында сақтау, азайған хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қамқорлыққа алу қажет. Мәселен, еліміздегі Воронеж қорығынан 2 мыңдай кәмшат басқа өзендерге жіберілді. Бұлғын, жұпартышқан сияқты андар да қорықтан жаңа қонысқа көшірілді. Қазақстандағы Барсакелмес қорығында құлан санының өсуіне байланысты бұл жануарларды келешекте Сарыарқаға жіберу жоспарланып отыр.
1. РязанцевС. Н., Павленк о В. Ф., Киргизская ССР, М., 1960; Фи-зическая география Прииссыккулья, Фр., 1970.
2.Коротаев В. Н., Береговая зона озера Иссык-Куль, Фр., 1967
3.Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
4.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.
5.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
6.Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.-
7.География және табиғат –2006,N 2.
9.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
10.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 6 .
11.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
12.Топографиялық карталар.- География және табиғат . 2004, N 6.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-Тарау
1.1Азияның қорықтары на физикалық географиялық сипаттама ... ...4
1.2Ақсу-Жабағылы қорықтын
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
ІІ-Тарау
2.1 Ыстық-көл
қорықты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
2.2Өзбекстан аумағындағы
қорықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Тәжікстан қорықтарының
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...21

Ф-ОБ-ОО1035
Кіріспе
Қорықтар — шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық
аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін
ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен
зерттеледі. Жабайы жануарларға санак жүргізу әдістері, орман және ауыл
шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістері, хайуанаттар
қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен есімдіктерді
қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды
сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қорық территориясының климаты, топырағы, өсімдіктер дүниесі мен басқа да
байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді, онымен көршілес
шаруашылықта пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып,
табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.
Қорықтарда ғылыми жұмыстар бүкіл жыл бойы жүргізіледі. Ұзақ жылдарға
жоспарланатын мұндай комплексті жұмыстардың теориялық және практикалық
маңызы зор. Қорықтарда Табиғат шежіресі жылма-жыл толықтырылып отырады.
Мұндан жан-жақты мәліметтер қорық территориясындағы табиғи процестердің көп
жылғы даму құндылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтаи да
өлкеміздің даңққа бөленген керікті (орындарын бұрынғы тамаша қалпында
сақтау, азайған хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қамқорлыққа алу қажет.
Мәселен, еліміздегі Воронеж қорығынан 2 мыңдай кәмшат басқа өзендерге
жіберілді. Бұлғын, жұпартышқан сияқты андар да қорықтан жаңа қонысқа
көшірілді. Қазақстандағы Барсакелмес қорығында құлан санының өсуіне
байланысты бұл жануарларды келешекте Сарыарқаға жіберу жоспарланып отыр.

Ф-ОБ-ОО1035
1.1Азияның қорықтары на физикалық географиялық сипаттама
Бұл айтылғандар қорықтардың табиғат қорғау мәселесінде атқаратын ролі зор
екендігін көрсетеді. Сонымен қатар мұнда жылма-жыл бірнеше мыңдаған адамдар
болып, қорықтың сұлу табиғатын, оньщ өсімдіктері мен жануарлар әлемін
тамашалап қайтады.
Біздің қорықтарда алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және
олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау женіндегі
үлкен міндеттер тұр. Әсіресе, бұл мәселенің табиғат байлықтарын қорғап,
оларды халық шаруашылығына тиімді пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл
міндеттердің Қазақстан жағдайында да актуальды екендігі аян. Қәлемі 2,7
миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы
қалың орман-тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын-шалқар
көлі, сарқырап аққан езен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион
гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шабындықтар мен
жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық
кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен
орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-
ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан-жануарларға өте бай. Осы мол табиғат
қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы
Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым корыктарына
коса 1976 жылы үйымдастырылған Маркакөл корығыньщ маңызы зор. Ұлан-байтақ
республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе
дейміз.
Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін, Орта Азия
мемлекеттік университетінің профессоры А. Л. Бродскийдің ұсынысы бойынша,
1922 жылы ескі заман ескерткіштерін, табиғатты және өнерді қорғаудың
Түркістан комитеті көтерген болатын.

Ф-ОБ-ОО1035
Осы комитеттің тапсырмасымен 1922—1923 жылдары Орта Азия мемлекеттік
университетІнің көрнекті ғалымдары профессор Д. Н. Кашкаров, М. Г. Попов,
Е. П. Коровин, М. В. Культиасов, II. А. Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері
ағысынын жоғарғы жағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл еңір табиғатының
сұлу көріністеріне, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар
Тянь-Шань тауының осы бөлігін қорыққа айналдыру керек деген қорытындыға
келеді. Ланд-шафтысы сондай әсем, сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда
үлгі боларлықтай...— деп жазғарғы ағысынан батыста Шыршық пен Келес
езендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтықка созылып
жатыр. Талас Алатауының оңтустік беткейі Өтем, Піскем, Шатқал тау
жоталарына бөлініп, батысқа және оңтүстік-батысқа қарай созыла түседі.
Талас Ала-тауының солтүстік жағы Шоқпақ және Майдан тал асулары арқылы
Қаратаумен жалғасып кетеді. Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жотғарғы
жағынан жан-жаққа Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқа да біраз тау
жоталары кетеді. Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп кұяды.
Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 2915 м, Алатаудікі — 4042 м,
Өгем жотасынікі — 4072 м биіктікте. Таудың беткейлері көбіне тік келеді.
Алатау жотасы мен Балдыбірек тауының солтүстік беткейі 1800—2500 м
биіктікте жайпақтала келіп, жазыққа айналады. Тау беткейлеріне тән қасиет —
онда орман ағаштары жоқ. Тек кейбір учаскелерде ғана ойдым-ойдым болып
өскен орманды көруге болады. Судың жуып-шаюынан өзендер бойында терең,
беткейлері тік аңғарлар — каньондар мұнда едәуір. Мәселен, Ақсу езені
бойындағы осындай каньондар қашықтығы 30 шақырымдай болады да,
тереңдігі 500—600 метрдей келеді

Ф-ОБ-ОО1035
1.2Ақсу-Жабағылы қорықтың сипаттама
Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер, Топшақ пен Майданталдан
басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады. Қорықтағы ең ірі өзен —
Ақсу. Ұзындығы 120 км, ені 10, кей жерлерде 20 м, суының тереңдігі жарты
метрдей, суы тасыған кезде 2 метрге дейін жететін ағыны қатты тау өзені.
Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық-ақ; май айында көгілдір түсті болса,
ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүт ақ бурыл болады, бұл
өзеннің аты да осыған байланысты қойылған болуы керек. Жабағылы өзе-нінің
ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа: суының түсі тасыған уақытта
сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болып
келеді. Өзендер басын мәңгі мұз бен қардан алады. Сондықтан да, олар апрель
мен июльде екі рет тасиды. Әсіресе, жазда тасығанда өзендер кейде арнасынан
шығып, жолындағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де болады.
Мысалы, 1959 жылы Жабағылы өзені тасығанда, бұрқыраған күшті су ағыны
жолындағы бұталы тоғайды ала кеткен. Қыста өзендер қатпайды, тек жиектеріне
мұз қатады.
Ақсу-Жабағылы қорығында көлдер жоқтың касы. Тек көлемі бірнеше ондаған
шаршы километр болатын көлшіктер мәңгі мұздар маңында немесе өзендер
иірімінде пайда болады. Мәселен, мұндай көлдерге Қызылжар, Айнакел,
Қызөлген жатады. Соңғы келдің неге Қызөлген деп аталуын сұрағанда, бізге
ауыл қариялары мынадай аңыз-әңгіме айтып берді.
Баяғыда, жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде, осы көл маңына бір бай
қоныс аударыпты. Оның ай мен күндей ажарлы сұлу қызы бар екен. Әкесі
бойжеткен қызын өзінен дәрежесі жоғарылау бір байдың әумесер баласына
бермек боп сөз байласыпты. Бейшара қыз әкесінің аяғын құшып
жылап, шешімін өзгертуін өтініпті. Айтқанынан қайтып көрмеген қатал

Ф-ОБ-ОО1035
бай жібімепті. Бойжеткен өз теңіне қосыла алмасын білгең соң ертеңгілік
үйінен қашып шығып, күндікке тау аралап, тіршілікпен қоштасып, сұлу
табиғатқа мұңын айтыпты. Сосын өзін-өзі осы көлге тастаса керек. Көл-дің
Қызелген аталуы сондықтаы деседі.
Қорық жерінде бұлақтар да бар. Бірақ кебі күзге қарай дұрғап қалады.
Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады. Мұздардың жалпы
көлемі мәңгі қар көлемінен 4—5 есе кем. Жабағылы өзенінің жоғарғы жағында
қалыңдығы 11 м, Бегелітор жотасының теріскей беткейінде 14 м көшпелі мұз
бар. Олардың ішіндегі ең ірісі Ақсай жотасында. Оның ұзындығы 1600 м, ені
350 м.
Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге дейін жететін
палеозойлық әк тасты тау жыныстарынан құралған. Гранит пен сиенит жыныстары
аз кездеседі. Олардың әк тасымен араласқан жерлерінде мрамор пайда болады.
Таудың 1800 м биіктігіне дейін әк тастың бетін бор (70—110 миллион жас)
және үштік (70 миллионнан кем жас) дәуірлеріне тән құмтастар, балшық,
сланец, конгломерат жыныстары басқан. Бұл жыныстар қабаттарының қалай
жатқанын қорықтағы өзендер бойындағы аңғарлардан жақсы байқауға болады.
Қорықтың Каратаудағы палеонтологиялық бөлімінде юра дәуірінің сланецтері
көп-ақ. Бұл сланецтер бір парақ қағаз сияқты жұқа пластинка-лардан тұрады.
Сондықтан да кейде оны қағазды сланецтер деп те атайды. Олардың түсі
ақшыл сұр, кейде ақ келеді. Бұл жыныстар әбден қат-қанға дейін Қаратау
бассейнінің етегінде жұмсақ лай, тұнба күйінде қалған. Қейіннен қатқан бұл
түнбалар өз беттерінде осы жерде бұдан 120 миллион жыл бұрын тіршілік еткен
өсімдіктер мен жануарлардың таңбаларын сақтап қалған. Бұл жерде 60-тан
астам өсімдік түрлерінің таңбалары табылған. Сондай-ақ насекомдардың,
моллюскалардың,

Ф-ОБ-ОО1035
бакалар мен балықтың тасқа түскен суреттері бар. Әсіресе, ушатын
кесірткенің қаңқа сүйектері мен алып кесіртке — динозаврдың жеке
сүйектерінің табылуы палеозоологтарды қызыктырып отыр. Өткен дәуірлерде
қорық территориясы меноған көршілес жатқан жерлер күрделі өзгерістерге
ұшырап отырған. Төменгі палеозой уақытында (бұдан 350—550 миллион жыл
бұрын) қорық территориясы теңіздің түбі болған. Оқта-текте әр жерден
аралдар көріңетін. Тек силур дәуірінін аяқ кезінде (бұдан 310 миллион жыл
бұрын) ерекше тектоникалық қозғалыстың әсерінен теңіз суы тартылып, құм мен
тасы көп жерлер құрғап қалған. Одан кейін де бұл өңір талай өзгерістерді
бастан кешті. Мәселен, бұдан 150 миллион жыл бұрын мұнда ауа райы ылғалды
болып, шөптер қаулап есіп тұрған. Біраз жері батпақты келген. Бірак ылғалды
климат көпке созылған жоқ: төменгі бор дәуірінде (бұдан 100 миллион жыл
бұрын) қаулап өскен есімдіктердің біразы жойылып кеткен. Кайнозой дәуірінде
бүл ауданда төбе-төбе жоталар пайда болған. Эоценде күшті тау түзілу про-
цесі жүрді. Миоценде қазіргі Тянь-Шань тауы сілемдері пайда болды. Ақсу-
Жабағылы қорығының геологиялық тарихы міне осындай.
Мұнда пайдалы қазбалар да мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көп екендігі
анықталып отыр.
Қорықта ауа райы өте қүбшімалы. Қысы суық, кейде қалың қарлы болса, жазы
ыстық, жауын-шашын тапшы келеді. Тәуліктік ауа температурасының өзі де
өзгермелі. Тауда жаз айының кейбір күндерінде өте суық болады. Орташа жыл-
дық температура тау етегінде—7,6 градусқа тең; январь айындағы орташа
температура—4,9° болса, июльде ол+21,б°. Көбіне көктемде бұл жер жауын-
шашынды келеді. Жалпы алғанда, қорықтың ауа райы Тянь-Шаньның басқа
жоталарына қарағанда ылғалды.
Таулы өңірде биіктікке байланысты да ауа райы өзгеріп отырады. Тауға

Ф-ОБ-ОО1035
100 м кетерілген сайын ауа температурасы орташа есеппен 0,6 градусқа
төмендейді, ауа ылғалды болып, жауын-шашын артады. Таудың биік шыңында
күшті желдер де болып түрады. Тау етектерінде қар 4—5 ай жатады, кей
жерлерде қардың қалыңдығы метрге дейін жетеді. Март айында бұл өңірде
ауа райы күрт өзгереді. Қар еріп, күн жыли бастайды. Бәйшешектер гүлдеп,
қара ала торғайлар келіп, тау ішін әнге бөлеген кезде кенеттен қар жауып,
суық болып кететін жағдайлар көктемде байқалады. Кейде мұндай суық бір
жетіге созылатын кездері де болады. Бұл жағдай ерте ұшып келген кұстардың
тіршілік етуін қиындатып жібереді.
Таудың альпі белдеуінде қыс 6—7 айға дейін созылады. Қар қалың түседі,
көбіне тау жоталарының теріскей беті қарлы келеді де, күнгей жағы қарсыз
болып, онда тіршілік ететін елік, арқар, таутеке сияқты хайуанаттардың
қыстап шығуына қолайлы жағдайлар тудырады.
Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райы-ның әр түрлі болуы өсімдіктер
дүниесіңің алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты, қүзды келетін альпі
белдеуінде (3000—4000 м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі
(2000—3000 м) қоңыр топырақты келсе, ормандыдала белдеуі (1200—2000 м)
қызыл-қоңыр топырақты, ал тау етектері сүр топырақты болып келеді.
Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне дан. Оның территориясында мүктің
61, қынаның 58-ден аетам, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі еседі.
Бұл — бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бір.
Қорық территориясы түгелімен дерлік биіктігі 1200-дан 4200 метрге дейін
болатын таулы өңірде орналасқандықтан, мүнда жартылай шөлейтті, да-лалы,
ормандыдалалы, субальпі мен альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді
кездестіруге болады. Мәселен, жартылай шөлейтті белдеуге

Ф-ОБ-ОО1035
тән баданалы қоңырбас, арпабас, қияқ, қозықүлақ, шоқайна сияқты шептерді
Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1100—1250 м биіктік аралығынан
ұшырастырамыз. Қорық орманында ағаштардан қара, арша, балғын арша және
сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты
ағаштардан — талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау
беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін
қаркас, мойыл бақтарын көрсек, ойда аздап шетеннің екі түрі, үйеңкі ағашы,
жоңғар доланасы кездеседі.
Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде ұшқаттың 8 түрі,
итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар кебірек таралған. Сондай-ак, ақ
тікенектің 3 түрі, тобығының 2 түрі, шиенің 3 түрі бадам осы арадан
табылады.
Ақсу-Жабағылы қорығында өсімдік түрлерінің көп екендігін төменде
келтірген мәліметтер айқын байқатады және бұл мәліметтерден өсімдік
тұқымдастарының арақатынасын да жақсы айыруға болады.
Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1206. Оның ішінде
күрделі гүлділер тұқымдастарының саны — 69 (түр саны — 216), бұршақ
тұқымдастар — 14 (131), астық тұқымдастар — 41 (122), ерінді гүлділер — 24
(70), шатырша гүлділер — 34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарыньщ
саны —24 (түр саны — 68), қалампыр тұқымдастар—15 (60), лалагүл тұқымдастар
— 11 (56), сарғалдақ тұқымдаетар — 18 (49), сабынкөк тұқымдастар — 12 (48),
айлық тұқымдастар—21 (40), айқыш
гүлділер—21 (39). Ал баеқа бірқатар өсімдіктің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге
дейін ғана. Оларға мына есімдіктер жатады: қияқ гүлділер тұқымдастарының
тұқым саны — 7 (тур саны —- 32), алабота тұқымдар тар —- 8 (14), ойран
шөптің тұқым саны (14), көкнәрдің тұқым саны — б (13), жасаң шөп — 4 (12),
суттіген — 1 (12), шермен гүлділердің тұқым

Ф-ОБ-ОО1035
саны — 5 (түр саны— 12), қоңыраубас туқымдастары — 5 (10), қожағай 1 (8),
кү~реңот— 2 (8), бәйшешектің тұқым саны — 4, түр саны — 8.
Басқа өсімдік тұқымдастарының тұқым саны--87, түр саны - 66. Енді осы
өсшдіктердің жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы процент есебі
мынадай: күрделі гулділер тұқымдастарының процент есебі 17,4, бұршақ
тұқымдастардың процент есебі 9,5, қалғандарының жалпы есімдік түрлері-мен
салыстырғандағы процент есебі 8,9-дан 0,6 процентке дейін.
Қара арша. Ақсу өзені маңында тау жотасының күнгей бетін ала, 1200 м
биіктіктен бастап өседі. Сауыр аршасы 1700—2400 м биіктікте көбіне тау
қыраттарының теріскей беткейінде өсуді ұнатады. Қорықтағы адамның баруы
қиын жерлердегі аршалы орман 200—350 жылдай жасаған. Мұндағы аршаның
биіктігі 13 метрге дейін жетеді. Нағыз биік аршалы орманды осы жерден
көріп, тамашалауға болады.
Қара арша, әсіресе Ақсу, Кіші және Үлкен Балдыбірек өзендері төңірегінде
3300 гектардай жерді алып жатыр. Аршаның бұл турі Ақсу өзенінен солтустікке
қарай сирек кездеседі. Оқта-текте әр жерде сорайып турған бұл арша
Аршалысайда, Талдыбулақ, Жабағылы өзендері аңғарында ұшырасып қалады. Сауыр
аршасы қорықта басқа арша түріне қарағанда көбірек таралған, келемі 5200
гектардай. Оны Үлкен және Кіші Қайыңды өзендері аралығында 1700—1900 м
биіктіктен көреміз, Балдыбірек пен Жабағылы езендері маңындағы тау
жоталарында да өскен, Ақсу өзенін көмкеретін қыраттардың күнгей
беткейлерінде
кездеседі. Балғын аршасы қорық жерінде субальпі белдеуіне тән тутасып
еседі. Мұнда бұл арша 11 мың гектардай жерді алып жатыр. Тауда жақсы өніп-
өсіп, тау беткейлерін жасыл түске бояйды.
Қазір арша орманының көлемін ұлғайту мақсатымен қорықта біраз жұмыстар
істелуде. Тау жоталарында аршаны тұқымынан есіру жұмысы едәуір жақсы нәтиже
берді. Мәселен, Кіші және Жануарлар дүниесі.

Ф-ОБ-ОО1035
Қорық жерінің таулы және ауа райының құбылмалы болып келуі жер ша-рының
әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында
шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын территориясында Ев-ропа, Солтүстік
Африка, Англия және Орта Азияның әр түрлі ландшафтыларында мекендейтін
хайуанаттар ұшырасады. Міне осылай бір жерде шығу тектері әр түрлі аңдар
мен құстардың шоғырлануы — Батыс Тянь-Шань тауы хайуанаттарының тарихы
күрделі және өзінше ерекше екенді етеді.
Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан қорықтарына сипаттама
Қызыл кітап жайлы
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің географиялық орны
Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық
Қазақстан қорықтары жайлы
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Пәндер