Сатып алу-сату шартының ұығымы және элементтері



Сатып алу-сату шарты бұл-мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның ьірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шаттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіндігінше жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толы шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Сатып алу-сату шартының ұығымы және элементтері
Сатып алу-сату шарты бұл-мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін
шарттардың бір түрі. әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның
ьірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар
қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның
түрлі қолданыс табатын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және
мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен
қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да
қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны
жасасу тәртібімен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып
алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату
шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер
байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан,
азаматтық-құқықтық шаттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып
табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және
олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру
шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-
ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіндігінше
жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және
республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне
енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының
меншігіне, толы шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін
болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-
сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның
меншігіне келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен
бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда
болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екінші, аталған заттық құқықтар
мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері
ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті
екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай
мүмкіншщіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде,
мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне
қарамастап оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік жәпе оның құрған заңды
тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге
мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып
алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың
(сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына
беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және
ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай
анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған
азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде
әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып
алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел
басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық
немссе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе
әкімішлік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік
нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген
пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлңа құру) мүлікті бірнеше
мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды
тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса,
онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық
қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі,
келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу сату шартының
түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектен сатып алу-сату шарты,
кәсіпорынның сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей
Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген
қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің
ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байла-нысты біздің азаматтық
заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да
болсын сатып алу-сатушартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған
жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын
заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен
анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық бола
алады) мүлікті құқықтарды сату ерешелелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-
сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер
қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп
сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы
нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін
төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы
жағдалар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт
болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша
келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты
жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен
сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл
ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату
бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы
тауарды экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартты
кіріптарлықпен жасаған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты
бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы
керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескерту
кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын
қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік
мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесін
ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға
шығар). Аталған мәлімілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шатты
мәмілелер бола алады.
Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі
жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартмен
жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік
құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде
сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары
мен міндеттері туралы болады. Құқықтр мен міндеттердің көмекші
мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.

Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне
(ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше
мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту
және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетін туралы қорытынды
жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар
жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігердік қатынастарды реттеуде де
ееспке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның
сатушы ролінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде
сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу-сату шартының
элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және
мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы,
бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың
құқықтары мен міндеттері жатады'"' деген И.В. Елисеев және басқа да
авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай
көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс
ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл — сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл — адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен
бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату
шарты бұл — азаматтык құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден
тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған
құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол
нысан — құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық
шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік
беретін заң техакасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық,
шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 152-бабында бекіиілген мәміле нысаны туралы
жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушы шартпен белгіленген
тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар
саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты
талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі
жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-
сату шарттары бойынша міндетті осы үш талапты да сатып алу-сату
шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген
жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты
талаптар емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта
тиісті өлшем бірлітеріне сәйкес намесе ақшалай түрде анықталады,
яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы
бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін
шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық
заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының
(қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес
келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату
шарттарын қарастыпсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар
шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап
бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде
анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы – сапаға қатысты
құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға,
әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар
беруге міндетті.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының
тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас
жағдайларда объсктивтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың
ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер
тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы
сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру
міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі
болып келеті мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай
жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар
аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір
саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талан етілетін мақсатқа
сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер де сатып алушының
біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша
шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазірі заманның ұйымдастыру-
құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып
алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді.
Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын
болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелу керек, бірақ тауарды
мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілігін бермейтін жасырын кемістіктерге
қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан
жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін
тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері)
бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген төрттерге
сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі
белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеудің
қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапалы тауар беру бойынша
міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке
сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге
міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған).
Тауардың сапасына қойылтын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының
"Сертификациялау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы "Стандарттау
туралы" Заңымен және заңға тәуелді норма-тивтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып
алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып,
сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге
міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардын біріне сәйкес
болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда
пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін
болатындай қылып беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік
стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен,
өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар
мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету
мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұты-нылмайтын тауарларды мақсаты
бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым
тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды
әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін
белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген
мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ гарантиялық мерзімдер оларға толығынан
тепе-тең болып келмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантиялы мерзімдерге
бұрынғы заңдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына
сәйкес, қазір гараптиялық мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер
де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші
тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен бекітілмесе,
тауар сатып алушыға ұсынылған күнінен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы
мүмкін. Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері.
Қазіргі заманда сатып алушының мүддесін қорғайтын бірінші кезекте осы
норма, ал шартпен белгіленген кепілдік мерзім емес.
Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық
құрамдас бөліктерінде де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі
бұйымға берілген кепілдік мерзімге тең болып есептеледі.
Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса,
соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып шағарушыға берілген кезден
есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша
сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы
аталған себептерді жайғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы
шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату
қатынастарына бұл жағдайда мер-дігерлік туралы нормалар да қолданымды болып
келеді). Тауар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
Сатып алу - сату шарты жайлы ақпарат
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу шарты
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәндер