Сақтандырудың теоретикалық аспектілері



Кіріспе

1 Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні
1.2 Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі
1.3 Шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың орны мен рөлі
2.1 Сақтандыру нормативті.қүқықтык базасы
2.2 ҚР . да сақтандыру кәсіпорындардың қызметтің ұйымдастыру
2.3 2004.2007 жылдағы ҚР.дағы сақтандыру нарығының қызметің талдау
3 Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелері
3.1 ҚР сақтандыру нарығының негізгі мәселелері
3.2 Болашақта әлеуметтік сақтандырудың дамыту жолдары

Қорытынды

Қолданған әдебиет тізімі
Экономикалық әдебиетге сақтандырудың пайда болу уақыты туралы бірнеше көзқарастар бар. Біреулер сақтандыру капитализмге дейінгі формацияларда пайда болды деп айтады. Басқалары сақтандыру капитализмнен кейін пайда болды дейді.
Тарихи сақтандырудың екі негізгі нысаны болады:
- сақтандырушылық өзара көмек. Ол оның қатысушылары арасында өзара көмек туралы бір реттік келісімдер сипатьгада болды. Сонымен қатар, ол натуралды сипатқа ие болып, залалды өтеу сақтандырудың қатысушылары арасында кейінгі жайып салу негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымактастық бастаулар негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.
Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:
- қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
- залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған ұшыраған адамға компенсациялау;
- сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен қалыптасады және осы қордың қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.
Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің қүнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.
Экономикалық әдебиеттерде сақтандыру ұзақ уақыт бойы қаржылық санат ретінде қарастырылды. Бүл сақтандыру операцияларын жүргізуге мемлекеттік монополияның болуымен және сақтандыру қор қаражаттарының көбінесе мемлекетгік бюджеттік тапшылықты жабу мақсатында мемлекетпен алынатындығымен шарттасылған еді. Соңғы кезде экономикалық әдебиеттерде сақтандыру жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты сақтандыруды үйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, ұлттық сақтандыру нарығының дамуында ерекшеліктер мен үрдістерді аныкгау, сақтандыру сферасындағы қаржылық қатынастарды зерттеу ерекше көкейкесті болады.
1. Мейірбеков А. Қ. Әлеуметтік сақтандырудың маңызы мен міндеттері.-Алматы.-2006 жыл,251-284б.
2. Зейнелғабин З. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қоғау жүйесі.-Алматы.-2005жыл, 25-43б.
3. С. Жолдасбаев. Финансирование системы социального страхования: мировая и казахстанская практика.- Қаржы-қаражат, №2, 2006жыл, 25-29б.
4. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру.-Оқу құралы,-2007жыл, 89-97б.
5. Сущность и значение социального страхования.- Алматы.-«Бико»2005жыл.-41-47б.
6. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-ІІ Заңы
7. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.- Алматы: Оқу құралы- 2006 жыл, 12-16б.
8. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оны реформалау бағыттары.- АльПари, №1, 2006жыл
9. Павлов А. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік сақтандыру,- Қаржы –қаражат, №2 2006жыл, 35-39б.
10. Мероприятия по совершенствованию и этапы системы социальной защиты населения в РҚ.- Банки Казахстана, №3 2007 жыл, 33-38б.
11. Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру жүйесі.-Алматы: «Бико» 2005.-58-59б.
12. Елеуов А. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру.- Қаржы-қаражат- 2005жыл, 25-29б.
13. Қаженбаев Б. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру.- Банки Казахстана, № 5, 2006жыл, 241-257б.
14. Қазақстан Республикасының қаржысы.-Алматы.2006жыл, 15-19б.
15. Мельников В.Д., Ілиясов К.К. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық, - Алматы, 2001жыл, 393-427б.
16. Баяхметов Т. Қазақстандағы сақтандырудың маңызы мен болашақта дамыту тенденциялары.- Алматы, Қаржы-қаражат, №2, 2007жыл, 24-28б.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1 Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні
1.2 Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі
1.3 Шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың орны мен рөлі
2.1 Сақтандыру нормативті-қүқықтык базасы
2.2 ҚР – да сақтандыру кәсіпорындардың қызметтің ұйымдастыру
2.3 2004-2007 жылдағы ҚР-дағы сақтандыру нарығының қызметің талдау
3 Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелері

3.1 ҚР сақтандыру нарығының негізгі мәселелері
3.2 Болашақта әлеуметтік сақтандырудың дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданған әдебиет тізімі

Кіріспе

Экономикалық әдебиетге сақтандырудың пайда болу уақыты туралы бірнеше
көзқарастар бар. Біреулер сақтандыру капитализмге дейінгі формацияларда
пайда болды деп айтады. Басқалары сақтандыру капитализмнен кейін пайда
болды дейді.
Тарихи сақтандырудың екі негізгі нысаны болады:
- сақтандырушылық өзара көмек. Ол оның қатысушылары арасында өзара
көмек туралы бір реттік келісімдер сипатьгада болды. Сонымен қатар, ол
натуралды сипатқа ие болып, залалды өтеу сақтандырудың қатысушылары
арасында кейінгі жайып салу негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымактастық бастаулар
негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.
Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:
қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде
көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған
ұшыраған адамға компенсациялау;
сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде
сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен
қалыптасады және осы қордың қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.
Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің
қүнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.
Экономикалық әдебиеттерде сақтандыру ұзақ уақыт бойы қаржылық санат
ретінде қарастырылды. Бүл сақтандыру операцияларын жүргізуге мемлекеттік
монополияның болуымен және сақтандыру қор қаражаттарының көбінесе
мемлекетгік бюджеттік тапшылықты жабу мақсатында мемлекетпен
алынатындығымен шарттасылған еді. Соңғы кезде экономикалық әдебиеттерде
сақтандыру жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты
сақтандыруды үйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу,
ұлттық сақтандыру нарығының дамуында ерекшеліктер мен үрдістерді аныкгау,
сақтандыру сферасындағы қаржылық қатынастарды зерттеу ерекше көкейкесті
болады.
Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін
Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек.
Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын жэне
жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік
қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы жэне
ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік
зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш
сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.
Сақтандыру бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы
қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі
қолайсыз құбылыстардьщ залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі
бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды
біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның
мәні, сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы,
ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипатгамасы, сақтандырудың
негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі
әдістері қарастырылған.
1 Сақтандырудың теоретикалық аспектілері

1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен эл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қогамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда
-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кэсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің
субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды
бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі,
бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның
қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты
ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
жэне заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бүл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндеті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны
жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын
реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асьфылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандьфу) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметтің ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақгандыру; аннуитетгік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан жэне аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру(көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын
сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтык жауптылықгы сақтандыру; зиян
келтіргені үшін азаматтық - кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік
құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын
қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі жэне өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы
салдарынан келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық
телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардьщ өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауааптылықты сактандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақгандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарга сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдьшда азаматтық - құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның паидасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс - қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардьщ кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры
өзінің тікелей қызметін бастады. Қор Сақтық төлемақыларына кепілдік беру
қоры туралы заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық
қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары
сақгандырудың тек міндеті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары
болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған зандарға
сәйкес): әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және
тасымалдаушының жолаушылар алдындагы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың
азаматтық - құқұықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенітер мен
туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын
сақтандыру, қызметі үшінші -тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар)
зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық
жауаптылығын, есімдік шаруашылығында сакгандыру, экологиялық жэне
медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды жэне экспорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық
ұйымдардың капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында
мамандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік
болып табылады.

2. Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі

Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі
себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре
алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам
мүшелерін асырауға құрылған валдық өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға
бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу
шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен
қолдануы арқылы қолданылады.
Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша
қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл
әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі,
капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен
қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі әлеуметтік сақтандырудың орны мен рөлі
мәнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен
сапасының көбеюін және олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің
әлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.
Әлеуметтік-саясаттық аспектіде әлеуметтік сақтандыру қартайған
кездегі, ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін
жоғалтқан жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған
жағдайда, жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың
конституциялық құқығын іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар
мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін
жоғалту дәрежесі мен мүгедеттілігіне байланысты болады және әрекет ететін
заңдылықпен реттеледі.
Әлеуметтік сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету,
сонымен қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің
қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы
қоғамның талаптары әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі
келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Әлеуметтік
сақтандыру өзін өзі басқарудың баствмасынан құрылады, басқа қоғамдық
ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы професионалдық
одағының белсенді рөлін болжайды.
Әлеуметтік сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін
қажетті жағдайларды құру болып табылады.
Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың
қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз
мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі
саладағы және халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне
оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен
айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз
етеді, мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне
деген жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде
құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек
ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, кңбекке қабілетті азаматтардың
ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар,
экономика сферасы бойынша орналастыру.
Екіншіден, әлеуметтік сақтандыру қаражаттары арқылы уақытша жұмыссыз
қалған тұлғалар өмір сүреді, сол сияқты олардың қайта оқытулары мен қайда
мамандану іске асырылады. Нарықтық экономика шегінде дамып келе жатқан
ғылыми технологиялық революция нәтижесінде, уақытша жұмыссыз тұлғалардың
ақшалай төлемдері үнемі жоғарлатып отыруын талап етеді, және олардың
материалдық көмегімен жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік
бағдарламаларын кеңейту. Берілген әлеуметтік сақтандыру облысы қазіргі
уақытта еңбек ресурстарын өндіру процессін іске асырудағы ең негізгі шарты
ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру бұл адам индивидуум және жеке
тұлға ретінде өмір сүретін әлеуметтік сферадағы мемлекет саясатының мәнді
бөлігі. Әлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі – қоғамдағы әлеуметтік
әділеттілігінің қамтамасыздығының, саясаттың тұрақтылықты құру мен ұстап
тұрудың бастапқы белгілерінің бірі.
Сол сияқты, әлеуметтік сақтандыру арқылы қоғам келесі мәселелерді
шешеді:
Еңбекке қабілетсіз және жұмыс процессіне қатыспайтын тұлғаларды асыраумен
байланысты шығындарды жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары құрылады;
Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен санын қамтамасыз етеді, және сол
сияқты қоғам дамуының белгілі сатысындағы объективті қажеттіліктерге сәйкес
оларды орналастыру;
Қоғамның жұмыс істейтін және жұмыс істейтін және жұмыс істемейтіндердің
материалдық қамтамасыздығындағы деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты
қысқарту;
Жұмыс процессіне қатыспайтын, тұрғын елдерінің түрлі әлеуметтік топтарының
өмірлік деңгейін түзетуде қол жеткізу;
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2 бөліктен тұрады: біріншісі жұмысшылардың
еңбекке қабілеттілігін қайта құрып және сақтауды қамтамасыз етуге арналған,
сонын ішінде, денсаулық сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі еңбек
қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған тұлғаларды материалды
қамтамасыз етуіне кепілдік береді. Әлеуметтік сақтандырудың белгілі
бөліктерінің материалды негізі ретінде сәйкес белгілі бағытта қолданылатын
ақша қорлары әрекет етеді.
Әлеуметтік сақтандыру қорының құрылу мен қолдану процессінің іске
асырылуы кеңейтілген қайта өндірістік объективті заңдарының талаптарына
сәйкес орындалады. Дәл осы объективті заңдар тұлғалар қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін қорларды құруды талап етеді, нақты төлемдер мен
жеңілдіктерді қарамастырады. Құндылық заңының әрекет етуі білім алудың ақша
формасы мен қордың зейнетақы, жәрдемақы, төлемдер, мақсатты қаржыландыру
шығындарын түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік реттеу қажеттілігі жалпы
мемлекеттік көлемдегі қордың мәнді бөлігінің орталықтандырылуын анықтайды,
қабылданған нормативті құжаттарға сәйкес олардың жүйеленуі орындалады.
Әлеуметтік сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша қатынасы қаржының
органикалық бөлігі болып табылады және ұлттық табысты таратуда қатысып,
еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз тұлғалардың қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну қорларындағы
мақсаттық ақша қорларына бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет,
кәсіпорын және әртүрлі меншік формаларының ұйымдары, жұмысшылардың
профессионалды одағы, тұрғындар.
Сол уақытта бұл реттемелі қатынастар әлеуметтік сақтандырудың жүйелі
мәнәін көрсететін спецификалық қырларға ие.
Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы мен қолдануы бойынша
қатынастары бойынша, ұлттық табыстың сәйкес бөлігі іске асырылады, яғни
нақты пайдаға айналады.
Екіншіден, қаржының басқа аудандарына қарағанда әлеуметтік
сақтандыруда алғашқы және екінші орналастыру шегі қатаң бақыланады. Алғашқы
тарату қорлардың ұйымдар, кәсіпорындар табысынан арнайы алымдарынан
құрылған қорлар фазасы үшін мінезді болып табылады. Мемлекеттік бюджет
қаражатын тарту, келесі әлеуметтік сақтандыру қорларының шығындары қайта
тарату облысына жатады.
Үшіншіден, берілген қаржылық қатынастар сферасы мемлекет арқылы
белсенді реттеледі. Орталықтанған қорлар тізімі, олардың мәні, қолдану
ауданы, құрылу көздері мен шығындану бағыттары мемлекеттік актілермен
анықталады, және әрекет етуі түрлі меншік формаларына таратылады. Сонымен
қатар, әлеуметтік сақтандыру қорының жүйеленуі қоғамдық ұйымдардың белсенді
қатысуымен орындалады: професссионалды одақтар, кооперативтілердің кеңесі,
акционерлі ұйымдарының, қоғамдық органдар.
Төртіншіден, әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру әдісімен
құрылады, яғни, кәсіпорындар, ұйымдар, мекеме және азаматтардың сақтандыру
кепілдіктері арқылы. Қорлар белгілі жағдай туу жағдайына құрылған: ауру,
кездейсоқ жағдай жұмыстан айырылу және тағы басқа, асылардың нәтижесінде
адам еңбек процессінде уақытша немесе тұрақты уақыт бойы қатыспайды.
Сол сияқты, қаржылық категория секілді әлеуметтік сақтандыру қоғамдық
еңбекке қатыспайтын тұлғаларды асырауға арналған қорларды құру мен қолдану
мақсатымен ұлттық табысты тарату мен қайта таратумен бойынша ақша
қаражаттар бөлігін өкілдік етеді.
Әлеуметтік сақтандыру қаражаттары түрлі пішінде шығындалады,
адамның еңбекке қатыспау себептеріне сәйкес, және халықтың әлеуметік
статусының ерекшеліктеріне назар аударылады.

1.3 Шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі

Американдық сақтандыру бизнесі өзінің дұгай жайылуымен ерекшеленеді
және әлемде теңдесі жоқ.
Индустриалды дамыған барлық әлем елдерінің сақтандыру нарығын 50%
Американдық сақгандыру монополиясы бақылайды. АҚШ-та 8 мыңнан астам
мүліктік сақтандыру компаниялары мен 2 мың өмірді сақтандыру компаниялары
жұмыс істейді.
Әрбір штатта өзінің сақтандыру заңнамасы және реттеуші органдары бар
(бақылау). Сақтандыру ісі бойынша біріккен федералды Зандар мен біріккен
федералды органдары жоқ.
Минималды капитал деңгейіне әрбір штат өзінің қажеттіліктерін
шығарады, ұсынылатын сақтандыру түріне, бақыланатын сақтандыру
компанияларына ревизия жүргізеді, брокерлерге лицензия беру арқылы
сақтандыру ісіне жалпы реттеуді жүзеге асырады, агенттерге жэне сақтандыру
компанияларына.
АҚШ-та сақтандыру компанияларының 2 түрі бар: акционерлік қоғамдар мен
екі жақты сақтандыру компаниялары. Мемлекеттік сақтандару фирмалары
болмайды. Акционерлік қоғамдардың акцияларын азаматтар мен заңды
таіғалардың алу мүмкіндіктері бар.
Тарихи АҚШ-та сақтандыру компаниялары негізінде екі жақты сақтандыру
компаниялары болды, көлемі жағынан олар акционерлік қоғамдардан.
Сақтандыру компаниялары сақтандырудьщ үш түрін жүзеге асырады:
- бекифиттер (денсаулық пен өмірді сақтандыру, медициналық,
зейнетақы, жинақтық және т.б.);
коммерциялық (кең аумақты);
жеке (азаматтардың көлік пен басқа да мүліктерінің сақтандырылуы).
Сақтандыру компанияларының мамандандырылуы заңмен қарастырылып
мүліктік және өмірді сақтандыру операцияларына жүргізіледі. Бүкіл
сақтандыру компанияларының активтері 1,6 трлн.долл. құрайды, ал 12 ірі
компанияларына 45 млрд. доллардан келеді.
Антимонопольды заңнамаға енбейтін АҚШ сақтандыру индустриясы алғашқы
болып келеді.
АҚШ-тың бүкіл сақтандырушыларыньщ ісі үш консалдингтік компанияларымен
қарастырылады: олар сақтандыру фирмаларының жагдайыньщ анализімен
айналысады және квартал сайын олардың жұмысы туралы каталогтар шығарады.
Олар сақтандыру компанияларының төлем қабілеті мен кепілдіктері туралы
клиенттерге ресми рейтинггік жазбаларында басып шығарады.
Жекеленген компаниялар, әсіресе брокерлік, басқа компаниялардың ісінің
анализі бойынша әдейі бөлімшелерді иемденеді. Анализ жүргізілетін негізгі
факторлар, бұл: қаржылық тұрмыс жағдай; исктер бойынша төлемдер мен сервис
деңгейі; шығындарды болдырмау мен қорғау; компания жұмысындағы икемділік;
қызмет көрсетулердің қүны (кішігерім тарифтік мөлшерлемелер).
Шығындар деңгейі, инвестиция бойынша табыстар мен пайда коэффицинті
және дебиторлық қарыздың деңгейі сақтандырушының жұмыс тиімділігінің
критерийлері болып саналады.
АҚШ-та бүкіл сактандыру компаниялары бойынша электрондық банк
материалдары кең қолданылады, компанияларды тәуекелділігі бойынша бөлу
мүмкіндігін береді, сыйақы көлемдерін және т.б.
Өмірді сақтандыру бойынша АҚШ-тағы ірі компаниялардың маңызды
ерекшеліктерінің бірі сақтандыру компаниялардың жоғары беделіне байланысты
олардық басқаруына әртүрлі зейнетақы қорларына жататын миллиардтаған қаржы
қаражат түседі. Осындай жағдайда сақтандыру қоғамдардың міндеті сауатты
инвестициялық саясат жолымен сеніммен берілген қаражаты сактау және өсуін
қамтамасыз ету. Осы қаражаттарды басқару үшін сақтандыру компаниялар
комиссиялық сыйақы алады. Өмірді сақтандыру бойынша американдық қоғамдар
үшін инвестициялық салымдар зор маңызға ие болады. Статистика осындай
мәлеметтерді көрсетеді: 1984 жылы сақтандыру шығындары және өмірді
сақтандыру бойынша қоғамдардың сақтандыру соммаларының төлемдері жиналған
премиядан 118 пайызды құрады, сонымен бірге осы қоғамдардың жыл қорытындысы
бойынша пайдасы 6,9 млрд. долларға жетті. Бірақ ең маңыздысы ол көлемді
инвестициялық ресурстар сақтандыру компанияларын өнеркэсіптік
корпорацияларға қарағанда қаржы бақылауының ықпалды сыртқы орталықтарына
біріне шығарады. Қаржы байланыстары жеке униямен бекітіледі, толық емес
мәліметтер бойьшша АҚШ-тың сақгандырушылары американдық өнеркәсіптік
корпорациялардың директорлар кеңесінің 100-нен 27-де отырыста отырады. Осы
жағдайда сақтандыру компаниялардың алдында коммерциялық және инвестициялық
баністер тұрады.
Американдық сактандыру компаниялардың ұйымдастырушылық негізін
акционерлік қоғамдар мен өзара сақтандыру қоғамдары ( мьючуелз) құрайды.
Андеррайтерлер және сақтандыру брокерлер - сақтандыру агенттері мен
тәуелсіз брокерлік фирмалардың институты бар. Солай, өмірді сақтандыру
бойынша ірі қоғамдарының бірі Пруденшл өз құрамына 22 мың сақтандыру
брокерлерін біріктіреді. Тәуелсіз брокерлік фирмаларға Марш-Макленан,
Александр энд Александр, Фрек Холл, Фред С. Джеймс және т.б жатқызуға
болады.
Американдық сақтандыру нарығында (жалпы дұниежүзілік заңдылыққа сай)
шығындар көлемінің өсуі байқалады. 80-ші жылдардың басында соғыстан кейінгі
кезең бойы әрекет еткен сақтандыру сыйақы белгіленген мөлшерінің картельдік
жүйесі күйреді. Сақтандыру компаниялармен сақтандырушыларға қатысты
біртүгас бағалық саясаты жүргізуді заңшығарушылар мадақтады.
1983-1984 жылдары бір қатар штаттарда сыйақы мөлшерінің қозғалысына
шектеулер алынды. Шиеленіскен бәсекелесу жағдайында мөлшер 15, 30 және 40%-
ға түсті. Бұл жағдай көптеген ұсақ сақтандыру компанияларыньщ көлемді
шығындарға ұшырғанына әкелді.
АҚШ-тьщ сақтандыру нарығында жетекші компаниялар. Мүлікті сақтау
бойынша ірі трансұлттық компания Стейт фарм мьючуел автомобиль иншуранс
компании сыйақы жинау бойынша 1-ші орын АҚШ-та және бүкіл дүниежүзінде
алды. 1922 жылы Иллинойс штатында құрылды. Бұл өзара сақтандыру бойынша
компания: көлікті, мүлікті.
Сигна - алдынғы қатарлы сақтандыру корпорацияларының бірі. 1982 жылы
екі ескі қоғамдардың Коннектикут дженерэл корпорейпш және ИНА
корпорейшнбірігуі нәтижесінде құрылды, мүлік пен жауапкершілікті
сақтандырады.
Американ интернэшнл тобы (АИТ) - алдынғы қатардағы халықаралык
диверсифицияланған сақтандыру тобы АҚШ—та ірі сауда және өнеркәсіптік
тәуекелдердің сақтандырушысы.
Операцияларының басталуы 1919 жылы Шанхай қаласынан алады. Қазіргі
таңда - холдингтік компания, дүниежүзінің 130 елінде 44 компанияны
бақылайды. Қызметкерлер саны 28 мыңға жуық адамнан тұрады.
АҚШ-та мүлікпен ірі сауда жэне өнеркәсіптік фирмалардың
жауапкершілігін сақтандыру жылына 8 млрд. доллар сақтандыру сыйақы
мөлшерінде береді.
Американдық монополиялардың шетелдегі бизнесі және АҚШ-та шетел
компаниялардың қызметі 2 млрд. долл. асады. Өмірді сақтандыру бойынша
жылдық сыйақы жинау 9 млрд..долл. құрайды.
АҚШ-та ірі компаниялар болып табылады:
- Метрополитен Лайф Иншуренс Ко (Ыью-Йорк, 1868 жылы құрылды, Нэшнл
Трэверз Иншуренс мирасқоры),
Континентл корпорейшн, 1853 жылы құрылды ;
Пруденшл Иншуренс компании оф Америка - 1876 жылы.;
Олстейт Иншуренс компании - 1913 жылы құрылды. Германияның сақтандыру
нарығы
Германияның сақтандыру нарығы динамикалық өсумен сипатталады.
Германияда жыл сайын сақтандыру төлемдердің тусу көлемі 10% құрайды. Үлттық
сақтандыру нарық құрлымында жеке сақтандыру 37% алады. Батыс Еуропа
елдеріне қарағанда аз тараған медициналық сақтандыру сақтандыру төлемдерден
жалпы түсу көлемінен 12% құрайды. Мүліктік сақтаныдыру Германияда ұлттық
сақтандыру нарығының 51% алады.
Германиядағы жеке сақтандыру секторы коммерциялық банктер тарапынан
бәсекеге тап болады, өйткені соңғылар коммерциялық бактердің операциялық
залдары арқылы юіиенттерін сақтауды іске асыруға тырысады. Жалпы заңды
тұлғаларға қарағанда жеке тұлғаларды сақтандырудан табыстар жоғары больш
келеді. Жеке адамдарды сақтандыру секторы германдық сақтандыру нарығының 87
%, ал заңды тулғаларды сақтандыру - 13% алады. Басқа Еуропа елдеріне
қарағанда сақтандыру компаниялардың акция бойынша дивиденттері тұрақты
болғанымен, төмең болып келеді. Германияның бірігуі сақтандыру нарығының
даму қарқынына ізін қалтырды.
Германияда сақтандыру ісі мемлекеттік сақтандыруды қамту жүйесі мен
сақтандыру қызметінің жеке секторы арасында бөлінген. Егер, жалдамалы
еңбегінің жұмысшысы жеке сақтандыру істерімен қамтылмаған болса, элеуметтік
сакгандыру міндетті болып келеді. Германияның сактандыру қызметінің жеке
секторы акционерлік сақтандыру, өзара сақтандыру қоғамдарынан жэне
мемлекеттік сақтандыру корпорациялардан тұрады.
1990 жылы Германияда 115 сақтандырушылар, 230 мемлекеттік емес
зейнетақыыр компаниялары және өзгеде 330 сақтандырушылар болды. Герман
сақтандьфу нарығының өзгешелігін сақтандыру сыйақының жалпы 5 % көлемін
жинайтын 2200 астам жергілікті аумақтық сақтандырушылар құрайды. Германияда
шетел сақтандырушылар сақтандыру нарығыньң 13 % құрайды , оның ішінде
дәстүрлі түрде алдьнғы орында Рейн жағалауында 100 жылдай болып келетін
Швейцариялық (сақтандыру нарығының 9%) сақтандыру компаниялары алады.
Сақтандырушылар Германияда сақтандырудан басқа қызметпен айналысуға құқығы
жоқ.
Германияның федеративтік құрылысы тікелей түгынушыларға сақтандьфу
қызметінің алға дамуының маңызды факторы болып келеді. Аумактық
сактандырушылар Германияның бүкіл федералді жерлерінде болуын қолдайды. Ірі
сақтандыру компаниялардың көпшілігі сақтандыру компаниямен келісім шарт
негізінде жұмыс істейтін сақтандыру агенттері арқылы жаңа немесе алдында
бекітілген келісімдерді қайта жасасу мэселелерін шешеді. Әртүрлі сақтандыру
компанияларды қамтамасыз ететін тэуелсіз сақтандыру брокерлері клиенттерді
тартудың маңызды түп негізі болады. Сақтандыру компаниялардың офисі арқылы
іске асыратын сақтандыру полистерін сату кең таралған.Әрбір сақтандырушы
белгілі бекітілген территорияға қызмет ететін сақтандыру агентіне ие
болады. Жалпы сақтандыру брокерлері заңды тұлғаларды сақтандыруға қызмет
етуде белсенді, ал байланысты сақтандыру агенттері негізінен жеке
түлғалардың сақтандыру мүдделерін қорғайды. Германияның бірқатар ірі
сақтандыру компаниялары белсендету мәселелерін шешуде қымбат түсетін
сақтандыру делдәлдардың қызметінен бас тартып, пошта арқылы тиісті
мэліметтерді жиберіп отырады. Сақтандыру делдәлдардың еңбек ақысын төлеуге
қаржыны қысқартқанымен, осы сақтандыру компаниялар жарнаммалық шаралар
ұйымдастырудан және пошта қызметін төлеуден шығындайды. Германияда
сақтандыру ісі ресми тіркелген. Қазіргі уақытта сақтандыру қатынастарды
ретгейтін, негізгі кұқықтық нормалардын тұратын мемлекеттік сақтандыруды
қадағалау туралы 1983 жылғы, кейінгі өзгерістермен 1986 жылы желтоқсанда
және 1990 жылы қарашадағы заң күшін алады. Германияда қьзмет ететін барлық
ұлттық және сақтандыру компаниялар Берлинде орналасқан сақгандыру
компаниялардың қызметін қадағалау Федералді ведомство (ВАУ), тарапынан
міндетті мемлекеттік сақтандыру қадағалауына ұшырайды. Олардың басты
мақсаты сактандырушылардың мүддесін қорғау. Бұл маңызды, өйткені Германияда
сақтандырушылардың шығындарын төлеудің орталықтанған кепілдік беру қоры
жоқ, тек қана автокөлік құралдарының иеленушілердің азаматтық
жауапкершілікті сақтандырудың ерекше орталықтанған кепіл беру қоры бар.
Яғни, осы қордан жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккенге шығын
қайтарылады.
Кейбір федералді жерлерде қабылған сақтандыру компаниялары жерді
билеуші органдары жағзылған уәкілділер тарапынан сақтандыруды қадағалауға
жатады. Әдеттегідей, жерлер деңгейінде сақтандыруды қадағалау
мәселелелерімен экономиканы жерлер департаменттері іске асырайды. ВАУ
экономика жерлер департаменттеріне сақтандыру қызметіне лицензия беру
құқығын береді. Дегенмен, елде сақтандыру қызметіне ортақ басшылықты жүзеге
асыратын жалғыз орган ВАУ қала береді.
Сақтандыру қызметіне лиценция алу үшін, сақтандырушы сақтандыру
компанияны басқармасына ұсынылатын адамдарға мемлекеттік сақтандыруды
қадағалау органы тарапынан келісім алуы тиіс болады. Сақтандыру компанияның
устав капиталың төлемін дәлелдейтін құжат болуы тиісті. Қазіргі уақытта
оньщ минималді мөлшері 5 млн. неміс маркасы болады. Лизенция беру туралы
ВАУ өтінішке сақтандыру қызметінің алдынғы 3 жылға арналған бизнес жоспары,
директорлар кеңесі мүшелеріне объективті аныктамалар, сақтандыру түрлері
бойынша ережелер мен тарифтер, қайта сақтандыруды қорғайтын ұсынылатын
бағдарлама,істі жүргізу үшін шығындардың күтілетін мөлшері. Сақтандырфу
компания сонымен бірге сақтандыру қызметін растайтын қажетті резерв қорының
болуына дәлелдерді келтіруге тиісті. Егер, сақтандьфушының белгілі
әкімшілік-басқару функциялары зақды тұлға құқықтарына ие сервистік
компанияларға берілсе, бұл туралы ВАУ-ке хабарлау тиіс. Германияда тікелей
сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын шетел сақтандыру компаниялары
лицензиялау процедурасын өтуге мәжбүр болады. Бұл ВАУ арқылы процедура ЕО
мүше елдеріндегі сақтандьфу компаниялар үшін міндетгі болып келеді. ЕО мүше
емес елдердің сақтандыру компаниялары ВАУ лицензиялау үшін құжаттарды
қарастыруға берер алдында Федералді Қаржы министрлігіне ұсынады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру қорының түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Казақстан Республикасында еңбек заңдамасына сай ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастары
Салық төлеу тәртібі
Сақтандырудың экономикалық мәні, арналымы
Сатып алу-сату шартының ұығымы және элементтері
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясына талдау
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер