Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

  1. Қаржылық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі рөлі 5Қаржылық саясаттың экономикалық мәні, мазмұны 5Қаржылық саясаттың міндеттері, мақсаттары 11Шет мемлекеттердегі қаржылық саясаттың дамуы 13
  2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты 18Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық саясатының бағыттары, жіктелу құрылымы 18Мемлекеттік қаржылық саясатының қағидалары мен әдістері 19Мемлекеттің фискалдық және монетарлық саясатының жүргізу маңыздылығы 26
  3. Мемлекеттің қаржылық саясатын жетілдіру бағыттары 31Мемлекеттің қаржылық саясатын дамыту стратегиясы 31Мемлекеттің қаржылық саясатын тиімді басқару бағыттары 35

Қорытынды 42

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 45

Қосымшалар 47

Кіріспе

Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкеледі. Жалпы қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар - ақша қатынастарын қамту сферасымен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен айқындалады.

Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі.

Қаржы саясатының міндеттері:

қаржы ресурстарын тиімді пайдалану және жинақтау;

мемлекеттің экономикаға әсер етуі және реттеуі.

Қаржы жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі мемлекеттік қаржы болып табылады. Өзінің ауқымдылығымен және күрделілігімен сипат алады. Мемлекеттік қаржылық саясат - бұл мемлекет иелігіндегі қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және оларды өндіріске, қоғамның әлеуметтік-мәдени, әскери қажеттіліктеріне, басқару бойынша шығындарға бағытталатын жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық байлықты бөлу, қайта бөлу арасындағы пайда болатын ақша қатынастары.

Мемлекеттің қоғамдағы рөлін, мәнін мемлекеттік қаржының ерекшеліктері айқындайды. Мемлекеттік қаржы саясатының ерекшеліктері:

- қаржы қорларын жинақтау;

- қорларды сәйкесінше мақсатқа бөлу.

Мемлекеттік қаржыны тиімді қалыптастыру мен бөлу елдің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етеді. Себебі, қаржылық саясат мемлекеттік қаржының басқа қаржы жүйесінің бөліктерімен (шаруашыльгқ субъектілер қаржылары, халық қаржылары) оңтайлы да, тиімді механизмді құруға, сәйкесінше елдің стратегиясына жетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қаржы аясында субъектілер ретінде ең бастысы - мемлекеттің әр түрлі басқару органдары, сонымен қатар мемлекеттік қаржының қалыптасуы немесе бөлінуі процесіндегі әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нышандағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халық болып табылады.

Мемлекеттік қаржы саясатының қызметтері қаржы қызметтеріне дәл келеді, яғни бөлу және бақылау. Бақылау қаржының бөлу қызметінен туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлуге, оларды мақсатты жұмсауда реттеу мен бақылау жасауда көрініс табады.

Қандай да болмасын құбылыс өзінің қызметтерімен қатар, құрылымдық буындардан қамтиды.

Қаржы саясаты мемлекеттің қорлары арқылы және мемлекеттік тұтқалары арқылы, шаралары арқылы жүргізілетін іс-әрекеттер жиынтығы.

Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру.

1 Қаржылық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі рөлі

1. 1 Қаржылық саясаттың экономикалық мәні, мазмұны

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмағажатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.

Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден

саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады. Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады.

Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдерінеүйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қальптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды тандап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржыдағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалык, жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.

Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемалары анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындыктың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айрықшалықты зандары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.

Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі.

Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратын, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.

Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.

Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.

Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасыңца нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;

дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;

3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.

Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-тендігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т. б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.

Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне, инфляциялық процеетерге ұрын-дырады.

Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдынғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогрессивті құбылыстарды, дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:

- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;

- инвестициялаудың ауқымы;

- негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары;

еңбек өнімділігінің өсуі;

халықтың тұрмыс деңгейі;

мемлекет бюджетінің тапшылығы.

Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.

Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:

инфляцияны тоқтату;

бюджет тапшылығын ЖЮ-нің 2%дейін төмендету;

мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.

Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі-Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.

Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:

1) тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық) . Алайда инфляция жылына шамамен 1, 8% тең болатын дамыған елдерде де болады;

2) бюджет тапшылығы ЖЮ-нің 2-3% аспайды;

3) мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҰӨ-нің өсуімен өсуі тиіс.

Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалык саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалык саясат

болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттің-қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалык және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.

1. 2 Қаржылық саясаттың міндеттері, мақсаттары

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны экономикалық зандардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

экономикалық зандардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның

әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі

қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалык шараларын тұжырымдау;

белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) іс жүзінде жүзеге асыру;

Демек, экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қар-жыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

Қазіргі кезенде қаржы саясатының көмегімен шешілетінбасты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашьшықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

1. 3. Шет мемлекеттердегі қаржылық саясаттың дамуы

Қаржы тарихи сипатқа ие. Ол тауар-ақша жағдайында мемлекет қызметтері мен қажеттіліктері дамуы әсерінен пайда болды. «Қаржы» термині латынның «finanсіа» - төлем, табыс деген сөзінен шыққан. «Ақшалай төлем» мағынасымен алғаш рет XIII- XV ғасырларда Италияда кең қолданыла бастады. Бұл кезде Флоренция, Венеция, Генуя тәрізді бірқатар қалалар ірі сауда және банк ісі орталықтары болатын. Бұдан әрі термин халықаралық деңгейге тарады және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекеттің өз саяси және экономикалық қызметтерін орындау үшін шоғырландыратын ақша ресурстарын құраумен байланысты түсінік ретінде орындала бастады.

Мемлекеттің құрылуымен бірге қаржының қалыптасуы, оның қызмет етуіне қаражат табу процесі күшейді. Капиталистік формация алдында мемлекеттік табыстар мен шығыстар натуралды сипатта болды. Мемлекеттік қажеттіл іктердің көп бөлігі әр түрлі борыштылық және натуралдық алымдар есебінен қанағаттандырылды.

Феодалдық құрылыстың күйреуімен, оның аясында капиталисте өндіріс әдісінің дамуымен бірге мемлекеттік табыстар мен шығыстардың мәні арта бастады; натуралдық алымдар мен борыштықтардың үлесі азайды. Тауар-ақша қатынастары аясының кеңеюі, мемлекеттік қызметтердің көбейіп күрделіленуі бұл процесті ұлғайтты. Мемлекттік қазынаның жеке билеушінің кассасы мен қабілетінен бөлінуі негізінде мемлекетгік қаржы, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие түсініктері пайда болды. Нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынастары анағұрлым кең дамиды. Ол қоғамдық шаруашылықтың барлық салалары мен қызметтеріне қатысады. Өз кезегінде құн қозғалысын көрсететін және қоғамның ақша қатынастарының елеулі бөлігін қамтитын қаржы мемлекет өмірінде ерекше орын алды. Бұл жерде мемлекет табыстары салық және қарыз түрінде түседі. Бұл жағдайда қаржы бір жағынан мемлекеттік қаржыны, екінші жағынан жеке кәсіпорындар, корпорациялар, монополиялар қаржыларын қамтиды.

Мемлекетік қаржы мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлуімен, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлумен байланысты экономикалық қатынастардың ерекше саласы екендігін білдіреді. Олардың материалдық мазмұны мемлекеттік және жергілікті бюжеттерде, арнайы қорларда, мемлекеттік кәсіпорындар қаржыларында көрінеді. Олар кәсіпорынның ақша капиталы, әр түрлі ақша қорлары түрінде байқалады.

Кәсіпорынның капиталдың жеке ауыспалы айналысы негізінде қызмет етуіне байланысты бұл ақша қорлары ерекшеленген, орталықсызданған сипат алады. Бұл жағдайда мемлекет жеке кәсіпорындар қаржыларымен тікелей байланыста болады. Олар мемлекеттік бюджетке төлем алу, амортизациялық

қор құру, несиелік катынастарды саралау, мемлекеттік субсидиялар ұсыну

нысанында көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолдары
Қаржы саясаты жайлы
Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы
Мемлекеттің қаржы жоспары
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz