Үйсін мемлекетінің құрылуы



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1.Үйсін мемлекетінің құрылуы.
2.Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.
3.Үйсін мемлекетінің шаруашылығы.
4.Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтары.

III. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси- тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады.
Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған.
1. Чапай Мусин « Қазақстан тарихы » Алматы 2005 жыл.
2. Очерктер « Қазақстан тарихы » Алматы 1994 жыл.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1.Үйсін мемлекетінің құрылуы.
2.Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.
3.Үйсін мемлекетінің шаруашылығы.
4.Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтары.

III. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің
негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі.
Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің
жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь
Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың
жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің
сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы
мәлімет қалдырған.
Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси-
тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас
жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп
отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе,
екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген
деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының
бірі үйсін деп аталады.
Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа
ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал
шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген.
Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.
Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге
бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен
жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі
меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл
обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының
қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар
табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м
дейін болған. Үйінді астында бір-екі мола, кейде бір молада кездескен.
Құрал саймандардан: үш-төрт қыш және ағаш ыдыстар, ұсақ қола, кейде алтын
әшекейлер ( сырға, жүзік, түйреуіш, білезіктер ), скифтік өнер стилінде
жасалған қола аспалы белдіктер, қару- темір қанжарлар мен семсерлер,
жебенің үш қырлы және қалақ бас ұштары. Мұндай обаларда өз алдына бөлек
шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін қамтитын ерікті, қатардағы қауым
адамдары жерленген. Ал үшінші түрдегі обалардың аумағы 5-10 м және биіктігі
30-50 см шағын үйінділер түрінде кездескен. Мұндағы көмілген заттар
біркелкі және аз: бір-екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта- текте
қола сырғалары мен моншақтар кездеседі. Оларда қару болмаған. Бұл обаларда
тәуелсіз ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген.
Үйсін қоғамында жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі- ондағы
әлеуметтік таптардың ерекше бір белгілерімен бөлініп таңбалануы. Ерекше
белгілерді ойлап тауып, оларды әсіресе бай топтардың иеліктерінде пайдалану
ең алдымен әлеуметтік- экономикалық себептермен туындаған. Мұндағы меншік
таңбалары ең әуелі қыш ыдыстарында пайда болған. Одан кейін меншік белгісі,
үй малдарында, атап айтқанда, мініс аттарына да салынған. Сөйтіп, жеке
меншік белгісін салатын металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер
шыққан. Мұндай тұжырымды үйсін моласынан табылған қыш мөрі дәлелдейді.
Ертедегі жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, үйсіндердің өздеріне
тән кейбір әскер басшылары мен шенеуніктерінде алтын және мыс мөрлері
болған.
Үйсін қоғамындағы байлықтың негізгі өлшемі – шаруашылықтағы жылқы
саны. Үйсін байларының жылқысы көп, олардың ең бай адамдары төрт-бес мың
жылқы ұстаған. Оны Қытай саяхатшысы Сыма Цянь өзінің Тарихи жазбаларында
(Шицзи) атап көрсеткен. Үйсін қоғамында, сонымен қатар малдары аз немесе
жоқ кедей топарының болғандығы да ешқандай күмән тудырмайды. Үйсіндердің
мал құрамында жылқыдан басқа, көп мөлшерде қой және сиыр, есек, ешкі де
болған. Таптық қоғамда байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп
бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне- мал, қол өнер өнімдері, тұрғын
үй т.б., ал екіншісіне- жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек жеке
меншік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның
өзі, әсіресе көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің
белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүліктік
теңсіздігінің дамуына себепші болды. Үйсіндерде малға жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
Қазақстан тарихы туралы
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
КАЗАҚСТАН ЖЕРГНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЯСИҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Ғұндар Саяси тарихы
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы
Арғы түркі - Түркі - Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы)
Мұхаммед Хайдар Дулати өмірбаяны туралы ақпарат
Пәндер