Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың негіздері


Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың негіздері.
Бухгалтерлік қорытынды есеп деп-белгілі бір кезеңге қарай кәсіпорындар шаруашылық қызметінің есеп көрсеткіштерін жинақтап біріктіруді айтады. Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорындар шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің жинағын сипаттайды. Сонымен қатар жекелеген счеттар бойынша жазылған мәліметтерді жинақталған көрсеткіштер жүйесіне түсіреді. Бухгалтерлік қорытынды есеп өткен кезеңдегі ақпараттардан қалыптасады. Яғни, ағымдағы есеп мәліметтерінің қысқартылған көрсеткіштері қорытынды есеп жүйесіне жазылады. Қорытынды есеп жасау бухгалтерлік есеп жүйесінің айрықша бір тәсілі болып табылады. Бухгалтерлік есеп пен қорытынды қорытынды есеп арасындағы тікелей байланыс болады. Бухгалтерлік есеп счеттарында жинақталған көрсеткіштер бухгалтерлік қорытынды есеп үлгісіне синтезделген көрсеткіштер түрінде жазылады. Біздер бухгалтерлік есеп үрдісінің төрт кезеңнен тұратындығын: 1) әртүрлі шаруашылық фактілерінің маңызы құжаттарға жазылатындығын. 2) есеп мәліметтері классификациялық жуйеге келтіріліп, бухгалтерлік есеп счеттарына жазылатындығын . 3) есеп көрсеткіштері жинақталып, қорытынды есеп үлгісіне жинақталатындығын. 4) қаржы және шаруашылық қызметке талдау жасалып, мұның негізінде тиімді экономикалық білуіміз керек. Аталмыш кезеңдерде жүргізілетін есеп жүйесі бірімен-бірі тығыз байланыста болатындықтан, қорытынды есеп жасауды бірегейлі процесс деп қарауға болады. Бухгалтерлік қорытынды есептің қажеттілігі мен анықтамасын беруде, біздер жинақтап біріктіру, жуйелеу, сипаттау, тіркеп жазу, белгілі кезең және кәсіпорындар сияқты терминдерді қолданып отырмыз. Ендігі жерде бұл терминдердің бухгалтерлік есепке тән қолдану өрісіне тоқталуды қажет деп санаймыз. Өзара байланыстағы жекелеген құбылысты сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтап біріктіру көрсеткіштері деп атайды. Бірінсіз екіншісі туындамайтын, функционалдық тұрғыдан біртектес экономикалық байланыстағы маңызы бар көрсеткіштерді топтастыруды -жүйелеу деп атаймыз. Жүйеге түсетін барлық көрсеткіштер, өз ерекшеліктері мен мақсатына қарай сипатталады. Пайда болу тегіне немесе түбіріне қарай жүйеге түсетін көрсеткіштер тіркеліп жазылады. Бухгалтерлік қорытынды есеп белгілі бір кезеңге жасалады. Яғни есеп циклінің кезеңі(ай, токсан, жыл) деп аталынады. Кәсіпорындар деп - заңды құқысы бар пайда табуды мақсат тұтқан шаруашылық субьектілерін айтады. Кез-келген кәсіпорындар белгілі кезең аралығында қорытынды есеп жасап, тиісті орындарға тапсыруға міндетті. Бухгалтерлік қорытынды есеп баланс және қаржы қорытындысының нәтижесі жөніндегі қорытынды есептен тұрады. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың негізгі көрсеткіштері Бас кітаптан алынады. Белгілі кезеңге шығарылған Бас кітаптағы қалдық балансқа жазылады, ал қаржы қорытындысының нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп нәтижелік счеттарайналысы жазылған осы Бас кітаптан алынады. Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметі жөніндегі көрсеткіштерді пайдаланушылардың құралы ретінде пайдаланылады. Бақыланатын кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері жинақталып, қысқартылған түрде бухгалтерлік қорытынды есепке жазылады. Бірнеше счеттардың қалдығы біріктіріліп, бухгалтерлік баланстың бір ғана бабына жазылатын жағдайлар да болады. Бухгалтерлік қорытынды есеп меншік иеленушілерге немесе мемлнкеттік органдарға тапсырылады. Мұны кәсіпорынның бас бухгалтері жасайды. Қорытынды есепті жасау мен тапсыру жөніндегі жауапкершілік кәсіпорынның қаржы жөніндегі орындаушы директорына жүктеледі. Бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерін мұқият зерттеудің нәтижесінде кәсіпорынның қолы жеткен табыстарын, жіберілген кемшіліктнрдің себептерін анықтап, алдағы атқарылытын шаруашылық қызметін жетілдірудің жолдары белгіленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізіне қарай әріптес кәсіпорындармен іс-әрекетке тусу немесе туспеу жөнінде шешім қабылдануына болады. Кәсіпорындарды несиелендіруші банктер, бұларға несие беру, немесе бермеу жөнінде шешім қабылдау мәселесін қорытынды есеп көрсеткіштерінесай жүзеге асырады. Осы немесе басқа да кәсіпорындардың активті қаражаттарын сатып алушы жақтар жасалған қорытынды есептің негізіне қарай шешім қабылдайды. Тапсырыс беруші жақтармен дұрыс қатынасқа түсу мәселелері де қорытынды есепке жазылған көрсеткіштерге қарай шешіліп отырады. Тәуекелшілікке түсіп, кәсіпорынға инвестициялық қаржы салушылар мен кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартушы сыртқы жақтар үшін қорытынды есептің атқаратын рөлі өте зор. Қорытынды есеп жасауға қойылатын талаптар . Жылдық қорытынды есеп жасау үшін кәсіпорындарға есеп жасау үшін кәсіпорындарға төмендегідей негізгі талаптар қойылады:
- есепті жыл ішінде бекітіп, қабылданған есеп саясатының дұрыс іске асырылғандығы тексеріледі.
- жекелеген шаруашылық операцияларының дұрыстығы тексеріліп, кәсіпорын мүліктері мен қаражаттары тиісті заңдар мен нормативтік актлерге сай бағаланады.
- орын алған жағдайларға қарай есеп саясатының ішінде кездескен ауытқулар жөнінде түсініктемелік есеп беріледі.
- осы жылы орын алған шаруашылық операцияларының арнайы счеттарға толық жазылуы тексеріліп, кәсіпорынның мүліктері мен қаражаттарына және міндеттемелеріне жүргізілген түгендеудің қорытындысы тексеріледі.
- бухгалтерлік есеп жүргізудегібас счеттар жоспары мен бұларды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауға сай есепті жылға жататын табыстар мен шығындардың дұрыс есептелінуі тексеріледі.
- жыл ішінде жұмсалған шығындардың өндірілген өнімдер мен күрделі қаржы игеруге қойылатын шектеулер, сметалар мен нормалардың ара қатынасы тексеріледі.
- аналитикалық жіктеу счеттарындағы айналым сомаларының синтетикалық жинақтау счеттары бойынша шығарылған айналым мен қалдық сомаларымен бірдей болуы анықталады. Сонымен қорытынды есеп жасау үшін ағымды жыл ішінде орындалған барлық есеп жазуларының толықтығы мен есеп жүйесіне қойылған талаптардың толық орындалуы қамтамасыз етілуі керек. Жоғарыдағы талаптар орындалған жағдайда ғана баланс көрсеткіштерінің және басқа да үлгілердің сапалы жасалып, шындықты көрсететін мәліметтермен қамтылғандығы толық анықталады.
Есепті жылдың аяғына жасалған қорытынды есеп жөніндегі баланстың әрбір жекелеген баптары жүргізілген түгендеу жөніндегі қорытындымен сәйкестігі мұқият тексеріледі
Түгендеу мен буглтерлік есеп арасында анықталған барлық айырмашылықтар мен ауытқулар бухгалтерлік қорытынды есеп жасауға дейін түзетіліп, тиісті есеп регистрларына жазылуы керек. Қаржы және салық органдары мен банктерге, сондай-ақ қаржы салымшы инвесторларға байланысты баланс баптарында жазылған сомалар жазылмайды.
Жылдық қорытынды есептің анықтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қорытынды есеп мәліметтерімен салыстырып, қаржылық тұрғыдан талдануы керек. Талдау жұмысын жүргізген кезде әдістемелік тұрғыдан орын алған өзгерістер мен қосымшалар еске алынғаны жөн.
Бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерін өшіріп, қайта түзеп, былғап жазуға болмайды. Егер, кеткен қателерді түзеткен жағдайда тиісті түсініктемелік жазулар жазып, түзетушінің қолы қойылып, түзетілген күні мен айы жазылады.
Қорытынды есеп маңызы мен сапалық жағынан талапқа сай жасалынуы керек. Сыртқы пайдаланушылар үшін сенімді жасалған қорытынды есеп мәліметтеріне сүйене отырып іскерлік әрекеттерді дамыту мен жетілдіру жолдары туындайды. Сонымен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай жасалып, тәуелсіз аудиторлардың сараптауларынан өткені жөн. Аудиторлық сараптау мен тексеру жұмыстары қорытындысын қолдарына арнайы лицензиялары бар кәсіби аудиторлат жасауға тиісті. Аудиторлық сараптау қорытындысына жарияланған қорытынды есеп мәліметтерінің қысқаша маңызы менкәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі.
Қорытынды есеп құрамы мен принциптері
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен үлгісі Қазақстан Республикасы қаржы миннистрлігінің бекіткен төмендегі ресми құжаттарынан тұрады :
- Кәсіпорындардың №1 үлгідегі балансынан.
- Қаржы және шаруашылық қызметінің қорытындысы жөніндегі №2 үлгідегі қорытындыдан;
- Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі (түзу әдіс) №3 үлгіден;
- Түсініктемелік жазбадан тұрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz