Сыйға тарту шарты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

1. Сыйға тарту шартының ұғымы және элементтері ... ... ... ... ... ... .5
2. Сыйға тарту шартының нысаны және оның элементтері ... ... ... 8
3. Сыйға тарту шартының тараптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

4. Сыйға тарту шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.
Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.
3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.
Сый алушының сыйды алудан бас тартуы Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс.
1. Юридическая газета 1999 ж. 13 қаңтар
2. Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть). Комментарий / Отв. Ред. М.К.Сулейменов., Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті Жарғы 2000 – 47 б.
3. Гражданское право. Учебник Часть 2 // Под ред. А.П.Сергеева,
Ю.К.Толстого – М: Проспект, 1997 – С.583.
4.Гражданское право. Учебник // Под ред. А.С.Сергеева, Ю.К.Толстого – М. Проспект 1997 – С. 583 , 584.
5.Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть) Комментарий . Отв ред. М.К. Сулейменов., Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті Жарғы 2000
6.Ашулов А.Т., Жайлин Г.А. Аталған жұмыс 105 бет
7.Гражданский кодекс Республики Казахстан. Толкование и комментирование. Общая часть. Вып. 2 –Алматы: Баспа 1997 – Стр 95
8.Комментарий к гражданскому кодексу Казахской ССР / Под ред. Ю.Г.Басина, Р.С.Газутдинова – Алматы 1990
9.Ашулов А.Т., Жайлин Г.А. Аталған жұмыс 105 бет
10.Төлеуғалиев Азаматтық құқық.
11.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық кітабы Алматы, Жеті Жарғы (ерекше бөлім) 1 том
12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
13.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық. Алматы
14.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж, Ерекше бөлім 1999 ж 1 шілде
15.Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алма – Ата 1990 г
16.Гражданское право Республики Казахстан. (под ред. Тулеуғалиева Г.и., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Алматы 1999 г
17.Қазақ ССР – інің азаматтық кодексі 1963 ж.28 желтоқсан

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.

Кафедра : Заң пәндер.

Тақырыбы: Сыйға тарту шарты.

Орындаған:
Қабылдаған:

Шымкент қаласы.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

1. Сыйға тарту шартының ұғымы және элементтері ... ... ... ... ... ... .5

2. Сыйға тарту шартының нысаны және оның элементтері ... ... ... 8

3. Сыйға тарту шартының
тараптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11

4. Сыйға тарту шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

Кіріспе:

Сыйға тарту шарты
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың
(сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк
құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң
немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе
босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт
сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-
тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не
әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға
тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-
тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты
тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса,
уәде берушiнi босатпай тастайды.
Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық
мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру
немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.
3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн
шарт жарамсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi
қолданылады.
Сый алушының сыйды алудан бас тартуы Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн
кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты
бұзылған деп есептеледi. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса,
сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты
тiркелген жағдайда (508-баптың 3-тармағы) сыйды алудан бас тарту да
мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған
болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне
келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы. Сыйға тарту шартының
нысаны Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-
тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн.
Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не
құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде
белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша
түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда
жарамсыз болады.
3. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Сыйға тартуға тыйым салу Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың
атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және
сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы
не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен
туыстарының;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты
немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол
берiлмейдi.
1.Сыйға тарту шартының ұғымы және элементтері.

Сыйға тарту шарты бойынша бір талап (сыйға тартушы) басқа тараптың
(сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік
құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің
немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе
босатуға міндеттенеді.
Қайырымсыздық – сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып
табылады.Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде
шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (қай кездері) белгілі
жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты –
мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін сый
алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне
берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді
түпкілікті және шарты мерзімсіз болып табылады.
Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен
сыйланғаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын
жарамсыз деп тану маңызды болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды
әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе
түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса
қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық – түлік, киім – кешек.
Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей – кездері
сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі. Қоғамды әрі қарай
адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да
азаматтық – құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.ҚР АК бір
уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты
осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып табылады. Сөзсіз, ақша –
мүліктік қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып көрінеді.
Ал, егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа
тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын
арасында да салмақтылау көрінер еді.
Шартта азаматтық – құқықтық ықпалы бар екені айқын көрінеді, егер
қазіргі шет ел және құқық жүйесіндегі шартты саралауға жүгінетін болсақ,
сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алу – сату, айырбастау және т.б.
коммутативті шарт болып табылады. Мұндай шарттың мәнісі бойынша шартты
жасасқан кезде әр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкін.
Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты
реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс осы
қоғамдық қатынастарды реттеу барысында пайда болған. Кеңес Одағы
уақытындағы азаматтық заңнамада сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы
мүмкін еді. Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша
реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғанда қазіргі заман талабына
сай келеді. Осы жұмыстың кіріспе бөлімінде айтылғандай мұны меншік иесінің
өзінің мүлкіне билік ету мүмкіншіліктерінің бірі ретінде бағалауға болады.
Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты
реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашықта берілетін
болса, (шартта осыған қатысты талап бекітілсе) онда ол консенсуалды болып
табылады. Әлде кімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не
әлде кімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша)
нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты
тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдіретін болса,
сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде
берушіні босатпай тастайды. (АК 506 бабы 2 тармағы).
Сыйға тарту шартрының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған
қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер
мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін
болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.
Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп
көрсетілмеген. Сонда да М.В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша,
берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын
орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.
Біріншіден, мүлікті бергенде дейін оған иесінің ауыртпалығы болмайды.
Бұл жерде несие беруші мен борышкер бір тұлға болып қалуына байланысты
міндеттеменің тоқтатылу ережесін ұқсастық бойынша қолдануға болады.
Екіншіден, сый әдейі өз пайдасына ауыртпалық орната отырып, осы арқылы
сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған
дәлелдеріміз мүлікке бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы болуы мүмкіндігін
мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалығы болуы мүмкіндігін мүлдем жоймайды.
Бірақ бұл ауыртпалықтар шерт негізінде емес, заң негізінде болу керек және
шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік
режимінідегі, кондиминумдегі, меншік иелерінің, заңды сервитутпен
байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмаймыз. Бірінші екі жағдайда
ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында
орналасқан сый берушінің жер учаскесіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға
басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші
оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту
шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы
тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге
асырады.

2.Сыйға тарту шартының нысаныжәне оның элементтері.

Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң
шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты
жасалса, жалпы ереже бойынша аузыша нысанда жасалды, бұл жағдайда Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152 – баптарының нормалары
қолданылады.
Заң кеәбір нақты сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасауды талап етеді.
Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері
он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап
заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер
мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу
керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға
органдары (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады.
Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған
жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазба жасалған құжаттармен дәлелденуі
мүмкін. Сыйға тартудың заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын
жұмысшаларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажфрата білу керек,
бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту
нормаларымен реттелу мүмкін (ҚР АК 1-бабы, 3- тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл
көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу
талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты
тіркеу үшін осы мүлікке құқықты беретін құжаттар керек (Қозғалмайтын мүлік
және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан
Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14 –бабы 2 – тармағы
25 желтоқсан, 1995).
Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру – консенсуалды шарт болып
табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін
жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 508- бабы 2 – тармағы).
Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар
мүліктік құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық
кодексінің 506 бабы 2 – тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпей – ақ
өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағадайда
сыйға тарту пәні болмайды.
Қандай да бір игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып
танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ және
қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған. Сыйға тарту болып бір
нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып
келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту болып
бағалануы мүмкін. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық
доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне
қарама – қарсы келмейді. Егер де сыйға тарту белгілі бір міндеттемеден
босатса, онда, бұл әрекетте біз азаматтық – құқықтық міндеттемені борышты
кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373 – бабымен көзделген
әрекеттен өзгешелікті байқай алмаймыз. Ойланып қарауға болады. Бір
міндеттемелік құқықтық қатынастың дамуы соғады ма? Жоғарыда айтылғаннйң
цессияға да қатысты, яғни сыйға беруші үшінші тұлғадан талап ету құқығын
берген жағдайға. Ал егер тұлға өзіне қатысты құқық сыйласа, ол сыйға тарту
негізінде туындайды яғни құқықтың пайда болу тетігі цессияға қарағанда
өзгеше.
Ф.Карагусовтың пікіріне назар аударуға тұрарлық. Ол азаматтық құқықтық
жекелеген объектісі бола алатын мүліктік құқықтарды анықтап бөлу керек
деген пікірді алға тартады. Қарастырылып отырған пікірдің методологиялық
маңызы бар, оның тек сыйға тарту шартының сұрақтарын ғана емес, сонымен
қатар басқа басқа пәні (нысаны) мүлік және мүліктік құқықтар болып
табылатын шарттарды қарастыруда мәні бар. Сыйға тарту шартының нысаны болып
азаматтық айналымнан алынбаған заттар және азаматтық құқықтың дербес
объектісі бола алатын мүліктік құқықтар табылады. Сондықтан көрсетілген
сыйға берілетін мүліктік құқық тек сыйға беруші менс ый алушының арасында
ғана мәні болмай ол басқа да тұлғалрадың қатысуымен азаматтық айналымда
кеңінен қолдануға жарамды болуы керек.
Сыйға алушының міндеттемеден босатылу жағдайында әдетте сыйдың пәні
болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушіден мүлік алмайды. Сыйдың нысаны
болып сый алушы жеткен жетістіктер саналады, бірақ оны азаматтық құқықтың
қандай да бір объектісі ретінде бағалауға болмайды. Осы жағдайда сый алушы
сыйдың арқасында өзінің мүлкін сақтап қалады. Бірақ оның құраы сый алушы
босатылатын міндеттеме сияқты нақты емес сыйға беруші борышкерді үшінші
тұлғалар алдындағы міндетінен босатқан кезде де ұқсас жағдай пайда болады.
Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартушы ретейтін заңнама біздің
ойымызша өзгертулерді керек қылады. Біздің ойымызша сыйға тарту шарттарының
өатарынан сыйға алушы сыйға беруші немесе үшінші тұлға алдындағы
міндеттемесінен босатылатын жағдайларды алып тастау керек.
Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516 – бабына сәйкес жалпы
пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп
танылады. Қарастырылған норманың мазмұнынан біз қайырымдылық нысанасы болып
тек зат немесе мүліктік құқық табылатынын көре аламыз. Ал қарапайым сыйға
тарту мұндай шектеулерді білмейді.

3.Сыйға тарту шартының тараптары.

Сыйға тарту шартының тараптары сый беруші мен сый алушы болып
азаматтық құқықтың барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалар, заңды
тұлғалар (ұйымдастырушылық – құқықтық нысанасына қарамастан), мемлекет,
әкімшілік – акмақтық бөліністер. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 22
қазан, 1998 жылғы 637 – қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен ұйымдарға арендаға
немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген қолданылмайтын өндірістік
ғимараттар, объектілер және офистік ғимараттарды меншігіне беру ережесі
бекітілген болатын.
Бұл ереже Қазақстан Республикасының Президентінің Жеке кәсіпкерлік
қолдануды күшейту және активизациялау туралы 6 наурыз, 1997 жылғы 3398
Жарлығына және Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес қабылданған болатын. Бұрын Қазақстан
Республикасында жекешелендіруге жататын пәтерлерді (және басқа да үй –
жайлардың) қайтарымсыз азаматтың меншігіне беру орын алған болатын.
Жоғарыда көрсетілген жағдайда сый беруші болып мемлекет немесе әкімшілік –
аумақтық уәкілдік берілген орган арқылы шартта қатысады. Ал сый беруші
болып шағын кәсіпкерлік субъектілері табылады. Бұл шартты қайтарымдылыққа
жатқызуға болмайды. Өйткені шағын кәсіпкерлік субъектілернің жалпыға
пайдалы қызметі жүзеге асыруы талап етілмейді.
Ал егер мемлекеттің басқа жағдайда сыйға беруі туралы айтатын болсақ,
мынаны ескеру керек. Әкімшілік акт негізінде мемлекет мекемелер мен
кәсіпорындарға мүлік (компьютерлер, кітаптар, құрал – саймандар, ғимараттар
және т.б.) олардың жедел (оранымды) басқаруына шаруашылық жүргізуіне
беріледі. Бұл қатынастарды сыйға тарту болуы мүмкін емес, өйткені меншік
иесі бар – ол мемлекет. Бұл жағдайда қайырымдылық тек жеке меншік
нысанындағы заңды тұлғалар пайдасына жасалуы мүмкін.
Сый беруші болып әрекет қабілеттілігі бар әрекет ете алады. Сыйға
тарту мүмкіндігі 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және сот әрекетке
қабілетсіз деп танығандар үшін барынша шектелген. Олардың атынан заңды
өкілдердің сыйға тартуына, сыйдың құны он айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын жағдайды қоспағанда жол берілмейді. Онда да мұндай сыйды беру үшін
алдын ала қорғаушы мен қамқоршы органардың келісімі керек (Қазақстан
Республикасының Неке және отбасы туралы заңы 114 бап 2 тармағы).
Егер сыйға тартушы 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған
немесе әрекет қабілеттілігі шектелген кәмелетке толған болса заңды өкілі
қорғаушы және қамқоршы органның алдын – ала келісімінсіз сыйды беруге
рұқсат ете алмайды. Әрекет қабілеттігі шектелген және жартылай әрекет
қабілетті тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәміле болып табылатын мәмілелерді
ғана өз бетімен (дербес) жасай алады.
Әрекет қабілеттігі жоқ тұлға ешқандай шектеусіз сый алушы ретінде
бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата – аналары, асырап
алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен 18 жас аралығындағы
кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар сый
алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға болады).
Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың
қатысуымен жасалатын сыйға тарту біздің елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол
тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі құқықтарын реттейтін
батыс елдерінің заңдылықтарына ұқсас.
Мысалы, РФ АК 26 – бабының 2 – тармағына және 28 – бабының 2 –
тармағына сәйкес 6 жастан 14 жасқа дейінгі және 14 жастан 18 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар өз беттерімен нотариаттық куәландыруды немесе
мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін ақысыз (орнына өтем жасаусыз) пайда
алуға бағытталған мәмілелерді жасай алады. Осындай шешімдермен келісуге,
болады, бірақ балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық дамуына зиян
келтіруі мүмкін сыйларды табыс етуге тыйым салу керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 509 – бабына сәйкес,
құны он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды
қоспағанда, емдеу, тәрбиелеу олардың емделуіндегі, асырауындағы не
тәрбиесіндегі азаматтардың тыйым салады. Құны он айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге олардың
лауазымды жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейді. Сыйға тартуды пара алудан
айыра білу керек. ҚК 311, 312 – баптары. Құқыққа қылықты пара алу (пара
беру) қылып бағалау мүліктің мөлшерімен бағасына байланысты емес. Параны
қорқытып алу жағдайы болмағанда заңға қайшы ниеттенулер екі тарапта бірдей
болып келеді. Егер сый коммерициялық немесе өзге де ұйымда басқару
функциясын атқараатын тұлғаға берілсе де, жасалған әрекеттің қайшылығы орын
алады. (ҚК 231 – бабы).
Егер мүлік заңды тұлғаның жедел басқару (шаруашылық жүргізу) құқғында
болса оны тек меншік иесінің келісімімен сыйға тартуға болады. Бұл шектеу
құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әдеттегі сыйлықтарға
қойылмайды. Қайырымдылық шартының субъектісі, яғни сый алушы болып азамат,
емдеу, тәрбие беру мекемелері, әлеуметтік қорғау мекемелері және басқа да
сол сияқты мекемелері, әлеуметтік қайырымдылық пен айналысатын ғылыми, оқу,
мәдениет мекемлері, қоғамдық және діни бірлестіктері (ҚР АК 516 – бабының 1
– тармағы), яғни коммерциялық емес заңды тұлғалар келе алады. Аталған
норманың мағынасы бойынша сыйға алушылар болып (қайырымдылық шарттарының
негізінде), тізіп көрсетілгендей міндеттерді атқаратын коммерциялық заңды
тұлғаларда келе алады. Қайырымдылық шарты мемлекет немесе әкімшілік –
аумақтық бөліністің пайдасына да жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220 – бабына сәйкес
сыйға тартушы бірлескен меншіктің қатысушысы болса онда сыйға артуға
бірлескен меншікке қатысушылардың барлығының келісімімен ғана жол беріледі.
Мүлікке билік ету жөнідегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына
қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік етуге өзге қатысушылардың
келісімі бар деп есептеледі. (Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 220 – бабының 2 тармағы).Бірақ, сыйға тарту шартын қалған
қатысушылардың келісімі бар деп болжанылуы мүмкін шарттарға жатқызбау
керек. Мүлікті жеке басымен сыйға тартатын ортақ бірлескен меншік құқығының
қатысушысы ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Сыйға тарту шартының ұғымы
Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамас
Сый алушының құқықтары мен міндеттері
Сыйға тарту шартының мазмұны
Сыйға тарту шартының түсінігі
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Ақысыз шарттар
Айырбас шарты туралы
Пәндер