Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі



Жоспар:

1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
2 Биліктің бөліну принциптері
3 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметтері
4 Президент
5 Өкілетті органдар
6 Атқару билігі
8 Құқық қорғау органдары
9 Жергілікті мемлекеттік басқару органдары

10 Қоланылған әдебиеттер тізімі
1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппатар азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының екінші бабында мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен оларың аппаратында конституциялық негізді жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.
Мемлекеттік аппатарттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламеттік Республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізді баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қоланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1) Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында»
2) Д. Жамбылов «Саясаттану», «Жеті жарғы» ЖАҚ, 2003ж
3) Н. Қалиев «Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі», Ақиқат, 2001ж. №12
4) А. С. Балғынбаев «Саясаттану», Алматы, 2004ж.

Қосымша әдебиеттер
1) Т.Т. Мустафин «Методчиские проблемы политологии» Алматы, 1998ж.
2) Ш. Ә. Әмірбеков «Ресей мен Қазақстандағы жергілікті басқару органдарының реформасы», ҚазҰУ хабаршысы, №1(17), 2002ж.
3) «Қазастан Республикасы Конститутциясы», Алматы, Жеті жарғы, 2003ж.
5) Қалиев.Н.Қазақстан Парламенті Алматы.-2003. 3-бет
6) Егемен Қазақстан. 2006 ж. наурыз.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Реферат

тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі

Жоспар:
1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
2 Биліктің бөліну принциптері
3 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметтері
4 Президент
5 Өкілетті органдар
6 Атқару билігі
8 Құқық қорғау органдары
9 Жергілікті мемлекеттік басқару органдары
10 Қоланылған әдебиеттер тізімі

1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны

Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет
органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын
және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат
мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі
ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен
қамсыздандырылады; мемлекеттік аппатар азаматтардың заңды мүдделері мен
құқықтарын қорғау үшін құрылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы заңының екінші
бабында мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен оларың
аппаратында конституциялық негізді жүзеге асырылатын және мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын
іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.
Мемлекеттік аппатарттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің
орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын
қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл
аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламеттік
Республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік
аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация,
дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне
мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет –
конституциялық негізді баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар
мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік
міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі
тиімді болуы.
Ол үшін оның қызметі демократиялық Конституциялық заңдылық
принциптерге сәйкес болуы тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары
қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы тиіс.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап соны іске асыруға міндетті
Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары
олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық
мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады,
олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Коституцияның
33 бабында Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің
өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі
әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Ал қатысудың түрлерін былай деп
белгілейді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау: мемлекеттік органдар мен
өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану, референдумға
қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері:
– заңдылық;
– мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
– азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет
мүдделері алдындағы басымдығы;
– мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі;
– өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар
қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
– мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары білігі.

2 Биліктің бөліну принциптері

Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну
принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес,
ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір
бастауы – Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік
өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне
бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті.
Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және
хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы – қатаң тәртіпті, субординацияны,
олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас
күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығарушы, атқару және сот
жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің
алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері
мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай
қалыптасады.
Сонымен Мемлекеттік аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және
соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны.
Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі
Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік
аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен
қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады,
әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа
мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті
белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі.
Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан
барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе
құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кебір кезде жазаға тартуға
құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге
асыратын толып жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің
өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және
міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі,
ІІМ, МҚК құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір-бірімен
байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекеттік аппараттың қызметкерлерінің негізгі міндеттері ҚР
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, заңдарда
белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарау, олар жөнінде қажетті
шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды
міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек
тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін,
шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде
мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген
тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен
материалдарды алуға құқықтары бар.

3 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметтері

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай жіктеледі:
– Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;
– Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар,
жергілікті басқару органдары, әкімдер.
Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару
органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.

4 Президент

Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы
дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған
(АҚШ, Франция).
Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының
әрқайсысының қызметіне белсене араласады. Республика Президенті мемлекеттік
аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет
билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының
халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент – мемлекеттің
басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарында Қазақстанның атынан
өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік
билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары
мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған,
мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл
үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайды. Бұл лауазымды иеленуге
қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана
алмайтындығы жатады.

5 Өкілетті органдар.

Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең өкілді органы. Оның өкілетті
мергімі – төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан:
Сенат және Мәжілістен тұрдады. Сенат облыстардан, Республикалық маңызы бар
қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7
депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық
бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір
мандатты аумақтың сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан
тұрады. Негізінде заң шығару тек Парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа
жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға
құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталы парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.
Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті
біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара.
Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси
партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек.
Қазақстан Парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның
қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші
жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып
сайланады. Парламент – негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы
оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.
Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің
жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан
есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум
тағайындау туралы бастама көтереді, Конституциялық заңдылық туралы жыл
сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да
Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар.
Сенат тағайындау мәселелерінің көбінде өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң
қорғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға
Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын
Президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің
екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 23
дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы). Президент заң жобалардың
қарау басымдығын белгілейді. Президент осы жобаны енгізілген күннен бастап
бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де
атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы
Конституциясы осылай алынды.

6 Атқару билігі

Атқару билігі өкіметтің қолында жинақталған. Президенттік
Республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан Президент қамтитын
атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент
басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет
мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді.
Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік
пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы
билікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Конституциялық құқықтың жүйесі
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары: құрлымы, мәртебесі, мақсаты және міндеттері
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Жастармен әлеуметтік жұмыс
Пәндер