Сақтау шарты туралы түсінік
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Сақтау шартының ұғымы және оның ережелері ... ... ..5
2. Сақтаудың жекелеген түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. Тауар қоймасында сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Сақтау шарты бойынша бір тарап оған екінші тараптың берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді.
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық – құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда – ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өзтізу талабы белгілеуі мүмкін. Дүкендерде сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй – жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмасына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдлану тиімдірек болап табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерліклерге қайта үй жайларының құрылысына оларды жалға алуға, күзетуге, сондай – ақ қойма жабдықтарын сатып қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайларда да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.

1.Брагинский М.И. Договор хранения. М. Статут 1999 – 157 б.
2.Брагинский М.И. Аталған еңбегін қараңыз 7 б
3.Гражданское право. Учебник Том 2 / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого.
М.Проспект 1997 – С. 605, 606.
4.Римское частное право: Учебник / Под ред. Проф. И.Б. Новицкого и проф.
И.С. Перетерского – М.: Юрист, 1994 – 418 -419 б.
5.Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть).
Комментарий / Отв. Ред. М.К.Сулейменов, ЮГ.Басин. – Алматы : Жеті
Жарғы, 2000 – 986 б.
6.Алякринский, А.Л. Правовое регулирование страховой деятельности в
России.- М., 1994.- 462 с.
7. Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Жайлин. Алматы 2004 ж.
8. Азаматтық құқық. Төлеуғалиев (ерекше бөлім)
9. Сақтау туралы құқық Алматы 2000 ж
10. ҚР Азаматтық құқық Алматы 1998 ж.
11.Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть).
– Алматы : Жеті Жарғы, 2000 – 386 б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.
Кафедра : Заң пәндер.
Тақырыбы: Сақтау шарты туралы түсінік.
Орындаған:
Қабылдаған:
Шымкент қаласы.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Сақтау шартының ұғымы және оның ережелері ... ... ..5
2. Сақтаудың жекелеген түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. Тауар қоймасында
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..28
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 30
Кіріспе.
Сақтау шарты бойынша бір тарап оған екінші тараптың берген затын
сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді.
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап
өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет
көрсетулердің ішінде азаматтық – құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз
етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық
түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда – ақ
заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат
үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі.
Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б.
жерлерде сырт киімді гардеробқа өзтізу талабы белгілеуі мүмкін. Дүкендерде
сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға
өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда саудамен айналысатын кәсіпкерлер
базарларға тиесілі үй – жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы
кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмасына) өз тауарларының сақталуын
қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің
қызметтерін пайдлану тиімдірек болап табылуы мүмкін. Бұл аталған
кәсіпкерліклерге қайта үй жайларының құрылысына оларды жалға алуға,
күзетуге, сондай – ақ қойма жабдықтарын сатып қомақты соманы жіберуге
мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік
береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайларда
да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті,
кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың
сақталуын қамтамасыз ете алатын, оларды беру мен сақтауға қабылдаудың
тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. Әрине,
мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермен жетеленуі
мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда
сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының
негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның
құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен
анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша міндеттердің
тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі, сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда,
мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз, мұны қаласақ та,
қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінуге мәжбүр боламыз.
Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай – ақ,
сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру кезінде тағы бір
рет сипатталатын болады.
Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін
жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен
түсіндірілуі мүмкін.
Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары, олардың
басқа шарттардың мазмұнына кіруіне негізделеді.
1. Сақтау туралы жалпы ережелер
Сақтаушы өзіне сақтау үшін берілген мүлікке заттық құқықтарды
иеленбейтін болғандықтан, сақталған заттарданалынған нәтиижелер мен
кірістерді меншік иесі мен өзінің арасында бөлу туралы да мәселелер
туындамайды. Сақтаушы затты қайтарумен бірге сақтау уақытысында алынған
нәтижелер мен кірістерді де беруге міндетті. Шартпен басқаша көзделуі де
мүмкін, жемістермен табыстар көптеген жағдайларда егер бұл жөнінде
тараптардың келісімі болса, сақтау үшін берілетін кәдімгі сыйақыны толықтай
алмастырады және сақтаушының шығындарын өтей алады.
Сақтаушы жалпы ереже бойынша өз міндеттерін жеке өзі атқаруға міндетті.
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ол затты жүк
берушінің келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқылы емес. Біздің оймызша,
сақтаушы заң бойынша сақтау жөніндегі міндетті үшінші тұлғаға жүктей алатын
жағдай арестке алынған мүлікті сақтау тәртібі мен жағдайлар туралы жоғарыда
аталған оның меншік иесі болмағандықтан сот шешімі орындалған кезеңге дейін
оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Егер сот орындаушысының әрекеттерінде кінәлі құқыққа қайшы әрекеттер
болса және мүліктің сақталуы қамтамасыз етілмеген болса, ол бұл үшін
жауапты болады. Сонымен бірге, сот орындаушысы өз түсінікті. Ол жүк беруші
ретінде танылған сақтау шартының негізінде жекелеген заттардың жиынтығы
түріндегі мүлікті үшінші тұлғаға беруге міндетті.
Сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз затты сақтауға үшінші тұлғаға, егер
бұл орайда жүк берушінің мүдделеріндегі қажеттілік туса және сақтаушы оның
келісімін алу мүмкіндігінен айырылса, беруге құқылы. Сақтаушы жүктің үшінші
тұлғаға берілгені туралы дереу жүк берушіні хабардар етуге міндетті.
Барлық жағдайларда сақтаушы затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс -
әрекеті үшін жауап береді.
Зат сақтаушымен жүк берушіге сақтауға қабылданған күйінде қайтарылуы
тиіс. Заттардың табиғи бұзылуы не табиғи кемуін ғана ескеруге жол беріледі.
Сақтаушы өзіне сыйақы төлеуді, егер ол шартпен, заңнамамен көзделсе не
оны төлеу міндеті міндеттеме мәнісінен туындайтын болса, талап етуге
құқылы. Бұған қоса сақтаушы сақтау шығындарын және санымен байланысты
көптеген өзге де қажетті шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Сақтаушының құқықтары мен міндеттері бойынша консенсуалды сақтау
шартының реалды шарттан айырмашылығы сақтаушының затты сақтауға шарт
талаптарына сәйкес қабылдауға міндетті болатындығында. Бұл міндет
қабылдануға жататын заттардың мөлшерін, олар қабылдануға тиіс мерзімдерді,
сондай – ақ заттарды сақтауға қабылдау кезінде сақтаушымен жасалынуға тиіс
әрекеттерді көрсетумен нақтылана алады.
Консенсуалды сақтау шарты бойынша сақтаушыға затты сақтауға қабылдау
бойынша міндет жүктеледі, бірақ егер жүк беруші шарттан оны орындаудан
бұрынбас тартса, затты өзіне сақтауға беруді талап ету құқығына не
болмайды.
Жоғарыда біз конснсуалды сақтау бойынша сақтаушының мүдделерін ескеру
туралы ескерткен болатынбыз. Ол, егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше
көзделмесе, сақтаушының мұндай жағдайларда жүк берушіден жүзеге аспай
қалған сақтауға байланысты келтірідген шығындарды өтеу туралы талап ету
құқығына ие болатындығымен сипатталады.
Егер жүк беруші сақтаушының қызметтерінен бас тартатындығы туралы
қиыснды мерзімде мәлімдесе, затты сақтауға бермегені үшін жауапкершіліктен
босатылатын болады. Қисынды мерзім деп сақтаушы өзіне төніп тұрған
шығындардың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануға жеткілікті уақыт
кезеңін түсінеміз. Тәжірибеде мұндай қисынды мерзімді анықтау сөзсіз елеулі
қиындықтар тудырады.
Зат дер кезінде сақтауға берілмеген кезде, сақтаушы затты қабылдаудан
бас тарту құқығына ие болады. Затты сақтауға берудің нақты мерзімі
анықталмағанда, сақтаушы шартты бекіту сәтінен бастап отыз тәулік өткеннен
кейін затты сақтауға қабылдаудан бас тарта алады.
Сақтауды өзінің кәсіпкерлік қызметіне орай жүзеге асыратын сақтаушы егер
заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, техникалық мүмкіндіктер бола тұра
затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
Жүк беруші, қалыптасқан тәжірибе мен доктриналық көзқарастарға сәйкес
мүліктің қасиеттері мен оны сақтау ерекшеліктері туралы сақтаушыны
ескертуге міндетті. Өкінішке орай, біл міндет Азаматтық кодекс нормаларымен
тікелей көзделмеген, алайда ол сонда да талап етіледі. Біздің заңнамамызда
белгілі бір қиғаштық байқалады. Кейбір шарттық институттар тым толығырақ
нақтыланс, басқалары, керісінше, нормативтік бекітілуде жеткіліксіздікке
ұшырасуда.
Жүктің қасиеттері туралы жүк берушінің хабарлау міндеті жаңама түрде
Азаматтық кодекстің 779 және 782 – баптарының байқалады. Жалпы осы
міндеттің мәнісі неде екенін нақтылауға талпынып көрейік. Тұрмыстық
сақтауға кәдімгі заттарды тапсыратын жүк беруші олардың өздеріне тән
қасиеттері туралы сақтаушыны ескертпеуі де мүмкін.
Алайда, затты сақтау бойынша талаптарды олардың сақтаушыға потенциалды
түрде белгісіз болатындары пайда болса, жүк беруші олар туралы хабарлауға
тиіс. Бұл тәжірибеде сақатудың мұндай шарттары сирек бекітілетіндігі мен
байланысты және әдетте, тұрмыстық сақтаушыдан, ол өз заттарына қатысты
қандай жігер танытса, сондай жігер талап етіледі. Егер оның шаруашылығында,
тиісті күтімді талап ететін, сақтауға берілген сияқты дәл сондай зат болмай
қалса, онда сақатушы заттың сақталмағандығы үшін кінәлі деп те танылмайды.
Мүлікті кәсіби сақатушыға тапсыратын жүк беруші сенімдірек бола алады.
Кәсіби сақтаушы тиісті заттарды сақтау үшін сақтаудың қандай жағдайлары
оңтайлы болатынын өзі анықтауға тиіс, егер ол сақтаудың тиісті жағдайларына
ие болмаса, онда ол тұтынушыны, сондай – ақ басқа да берушіні
хабарландыруға тиіс.
Бұл айтылған сөз жүк берушінің сақтаушыны ненің сақтауға берілетіндігі
туралы жаңылытыруға, сақтаушының қасиеттер туралы, соның ішінде ерекше
заттар туралы сұрақтарына жауап бермеуге құқық береді дегенді білдіреді.
Сақтауға өткізілетін заттардың белгілі бір буып – түйілуі туралы, оларды
сақтауға дайындаудың өөзге де сақтаушының талаптарын ескермеу де жүк беруші
тарапынан бұзушылық болып табылады.
Сақтау шарты бойынша бiр тарап (сақтаушы) оған екiншi тараптың (жүк
берушiнiң) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйiнде қайтаруға
мiндеттенедi. Сақтау шарты зат сақталуға берiлген кезден бастап жасалған
деп танылады. Қозғалмайтын мүлiктi күзетуге осы тараудың күшi
қолданылмайды.
Затты сақтауға қабылдау туралы шарт Сақтауды кәсiпкерлiк қызмет ретiнде
жүзеге асыратын сақтаушы шарт бойынша өзiне жүк берушiнiң затын сақтауға
қабылдау және жүк берушiнiң берген затын осы тараудың ережелерiне сәйкес
сақтау мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Шарт бойынша өзiне затты
сақтауға қабылдау мiндеттемесiн алған сақтаушының бұл заттың өзiне сақтауға
берiлуiн талап етуге құқығы жоқ. Алайда шартта көзделген мерзiмде затты
сақтауға бермеген жүк берушi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, сақталмай қалуға байланысты келтiрiлген залалдар үшiн
сақтаушының алдында жауапты болады. Егер жүк берушi сақтаушының қызметiнен
бас тартқандығы туралы қисынды мерзiмде мәлiмдеген болса, ол затты сақтауға
бермегенi үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе,
шартта келiсiлген мерзiмде зат сақталуға өткізілмеген, ал бұл мерзiм шарт
жасалған күннен бастап отыз тәулiк өткенге дейiн белгiленбеген жағдайларда
сақтаушы затты сақтауға қабылдау мiндетiнен босатылады.Затты сақтауға
қабылдау мiндетi өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне қарай сақтауды жүзеге
асыратын сақтаушының, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, техникалық
мүмкіндік бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады (осы Кодекстің 387-
бабы).
Заттарды иесіздендіріп сақтау кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк
берушiлердiң сол тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуi
мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол тектес және сапасы сондай тең немесе
тараптардың келiсiлген мөлшерiнде қайтарылады. Заттарды иесiздендiрiп
сақтау кезiнде, егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде
белгiленсе, заттар осы тектес және сапасы сондай заттардан оқшау ұсталуға
тиіс.
Сақтау шартының нысаны Сақтаушының нөмiрлер, жетондар және басқа да
заңды деп танылған белгiлер беруi арқылы заттарды қысқа мерзiмге сақтауға
сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердiң,
кәсiпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың
және т.б. киiм iлгiштерiне өткiзулердi қоспағанда, сақтау шарты жазбаша
түрде жасалуға тиiс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушiге
сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар
беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып
есептеледi. Тұрмыстық қызмет көрсету түрiндегi сақтау шарты ауызша нысанда
жасалуы мүмкiн. Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың
бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол берiледi.
Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және басқалар) кезiнде сақтауға
өткiзу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткiзiлген
заттардың құнына қарамастан куәгерлiк айғақтар бойынша дәлелденуi мүмкiн.
Сақтау мерзiмi егер зат талап етiлмелi сақтауға немесе мерзiмi
көрсетiлмей өткiзiлген болса, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың
әдеттегi сақталу мерзiмi өткен соң жүк берушiнiң заттарды қайтып алуын
талап етуге құқылы, бiрақ жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей
қисынды мерзiм беруге мiндеттi. Жүк берушi шарт бойынша сақтаудың өзге
мерзiмi көзделгенде де кез келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге
құқылы. Алайда бұл жағдайда жүк берушi, егер шартта өзгеше көзделмесе,
сақтаушыға мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын, тоқтатылуынан туған залалдарды
өтеуге мiндеттi.
Сақтаушыға сыйақы беру және оның шығындарын өтеу Сақтау шарты бойынша
сақтаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда сыйақының мөлшерi таксалар,
ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкiн. Тараптардың келiсуiмен
немесе заң актiлерiмен сақтаудың тегiн түрi шарттастырылуы мүмкiн. Тегiн
сақтау кезiнде жүк берушi сақтаушыға заттарды сақтау үшiн қажеттi, нақты
жұмсалған шығындарды өтеуге мiндеттi. Егер заңдарда немесе тараптардың
келiсiмiнде өзгеше көзделмеген болса, сақтаушыға сақтағаны үшiн сыйақы
сақтау аяқталған соң, ал егер кезең бойынша төлеу көзделген болса - әрбiр
кезеңнiң аяқталуы бойынша төленуге тиiс. Егер сақтау, шартта белгiленген
сақтау мерзiмiнен бұрын тоқтаса, сақтаушыға сыйақының соған мөлшерлес
бөлiгi төленуi тиiс. Егер шартта көзделген мерзiм өткеннен кейін сақтауда
тұрған затты жүк беруші қайтарып алмаған болса, ол сақтаушыға затты бұдан
әрi сақтағаны үшiн сол бұрынғы мөлшерде сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер
шартта өзгеше көзделмесе, сақтау бойынша шығындар сыйақының сомасына
енгiзiледi. Төтенше шығындар сыйақының сомасына немесе шартта көзделген
шығындардың құрамына кірмейдi деп ұйғарылады.
Сақтаушының заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi міндеттерi:
1. Сақтаушы өзiне берiлген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн
шартта көзделген, сондай-ақ басқа да қажеттi барлық шараларды қолдануға
мiндеттi.
2. Егер сақтау тегiн жүзеге асырылатын болса, сақтаушы сақтауға алынған
затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға мiндеттi.
3. Зат оның табиғи бұзылуы немесе табиғи кемуi ескерiле отырып сақтауға
қабылданған күйiнде қайтарылуға тиiс.
4. Шартта көзделген, сондай-ақ, егер затты пайдалану оның сақталуын
қамтамасыз етуi үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, сақтаушының затты
пайдалануға құқығы жоқ.
5. Сақтаушы затты қайтарумен қатар, егер шартта өзгеше көзделмеген
болса, оны сақтау уақытында алынған нәтижелер мен кiрiстердi де беруге
құқылы.
Сақтау жағдайларын өзгерту затты сақтаудың сақтау шартында көзделген
жағдайларын өзгерту қажет болған кезде сақтаушы бұл туралы жүк берушiге
дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге мiндеттi. Заттың жоғалу және
бүлiну қаупi туған жағдайда сақтаушы жүк берушiнiң жауабын күтпестен,
сақтаудың шартта көзделген әдiсi мен орнын өзгертуге мiндеттi (осы баптың 1-
тармағы). Егер зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса немесе оның сақталуын
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн және жүк беруші тарапынан шаралар
қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау
және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бiр бөлiгiн
сатуға құқылы.
Затты үшiншi тұлғаға сақтауға беру егер заң актiлерiнде немесе шартта
өзгеше көзделмеген болса, сақтаушының жүк берушiнiң келiсiмiнсiз, егер бұл
орайда жүк берушiнiң мүдделерiндегi қажеттiлiк тумаса және сақтаушы оның
келiсуiн алу мүмкiндiгiнен айырылса, затты үшiншi тұлғаға беруге құқығы
жоқ. Заттың үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы сақтаушы дереу жүк берушiге
хабарлауға мiндеттi. Сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-
әрекетi үшiн жауап бередi.
Сақтаушының заттың сақталмағандығы үшiн жауапкершiлiгi сақтаушы сақтауға
алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен
болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.
Сақтаушы-кәсiпкердiң жауапкершiлiгi :
1. Сақтауды өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек
заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың
өзiне тән ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел
абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн
жауаптылықтан босатылады.
2. Егер шартта көзделген сақтау мерзiмi немесе осы Кодекстiң 773-бабында
белгiленген тәртiппен сақтаушы көрсеткен мерзiм өткен соң жүк берушi затты
қайтарып алмаған болса, оның тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел
абайсыздық болғанда ғана сақтаушы бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе
бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
Сақтаушының жауаптылық мөлшерi Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе
бүлiнуiнен жүк берушiге келтiрiлген шығындарды, егер заң актiлерiнде немесе
шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 350-бабына сәйкес сақтаушы өтейдi.
Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де жазбаша құжатта көрсетiлгендей
сақтауға өткiзу кезiнде затқа баға беру жүргiзiлген болса, сақтаушының
жауаптылығы баға сомасының негiзiнде айқындалады. Тегiн сақтау кезiнде жүк
берушiге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген
залалдар:
1) затты жоғалтқаны және оның кем шыққаны үшiн - жоғалған немесе кем
шыққан заттың құны мөлшерiнде;
2) заттың бүлiнгенi үшiн - оның құны төмендеген соманың мөлшерiнде
өтеледi.
Егер сақтаушы жауап беретін заттың бүлінуі салдарынан, зат сапасының
соншалықты өзгергендiгiнен оны бастапқы мақсат бойынша пайдалану мүмкін
болмайтын жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
жүк берушi одан бас тартуға және сақтаушыдан бұл заттың құнын өтеуді,
сондай-ақ басқа да залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Затты алу мерзiмдерiн бұзудың зардабы Жүк берушi осы Кодекстiң 773-бабында
көзделген мерзiм аяқталғаннан кейiн сақтауға берiлген затты қайтарып алуға
мiндеттi. Жүк берушi өз затын алудан жалтарған жағдайда сақтаушы кемiнде
бiр ай бұрын ескерткеннен кейiн, егер заңдарда немесе шартта өзгеше
көзделмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде
көзделген тәртiппен затты сатуды талап етуге құқылы. Затты сатудан түскен
сомалар сақтаушыға тиесiлi сома шегерiлiп тастап жүк берушiге берiледi.
Сақтаушыға келтiрiлетiн залалдардың орнын толтыру егер сақтаушы заттың
сақтауға қабылдағанда бұл ерекшелiктер туралы бiлмесе және бiлуi тиiс
болмаса, жүк берушi сақтаушыға заттың өз ерекшелiктерiнен туындаған
залалдардың орнын толтыруға мiндеттi. Сақтау туралы жалпы ережелердi оның
жекелеген түрлерiне қолдану егер осы Кодекстiң 784-802-баптарында көзделген
сақтаудың жекелеген түрлерi туралы ережелерде және (немесе) басқа да заң
актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, сақтау туралы жалпы ережелер оның
жекелеген түрлерiне қолданылады.
2. Сақтаудың жекелеген түрлерi
Ломбардта сақтау. Жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы азаматтарға несие
берумен қатар, ломбардта оларға сақтау бойынша қызметтер де көрсетеді.
Ломбардатың осы қызмет түрлеріндегі көрінген айырмашылықтарға қарамастан
оларды біріктіретін белгілер де бар. Ломбардтар басым жағдайларда табиғаты
жағынан банктік болып табылатын қызметті жүзеге асырады. Сол себептен
ломбардатр барлық жағдайларда қаржылық банктік емес ұйымдар ретіндегі
олардың арнайы құқық қабілеттілігі мен қамтылатын құқықтық қатынастарға
қатысады. Олардың қызметі ломбардтар туралы қызметтен басқа Ұлттық Банк
басқармасымен 23 тамыз 1997 жылы бекітілген банктік емес қаржылық
мекемелер туралы Ережемен реттеледі. Ломбард кепілге несие беру үшін де,
азаматтардың құндылықтарын сақтау үшін де Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің лицензиясын алуға міндетті. Заттарды салу кезінде ломбард олардың
сақталуын қамтамасыз ету міндетін алады, яғни бұл жағдайда да сақтау
қатынастары пайда болады.
Ломбард заттарды сақтаудың жария шартын жасасады және осыған орай ол
өзіне жүгінген тұлғалармен шарт бекітуден бас тартуға құқылы емес. Егер
клиент жүгінген сәтте ломбардта сақтау үшін қажет бос алаңдар болмаса ғана
бас тартуға жол беріледі.
Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай – ақ қосылу шарты да болып
табылады. Әрбір ломбард ҚР АК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде
заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік
нормаларына қацы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген қосылу шартының
жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше,
қосылу шартының негізгі белгілерінің бірі бұл оның барлық тұтынушылар үшін
бір ізге түсірілген мазмұны.
Затты ломбардта сақтау шарты ломбардтың атаулы сақтау түбiртегiн
беруiмен ресiмделедi. Ломбардқа сақтауға өткізілетін зат тараптардың
келісуі бойынша, осы тектес және сапасы сондай затқа, оны сақтауға қабылдау
кезі мен жеріндегі саудада әдетте белгіленетін бағаларға сәйкес бағалануға
тиiс. Ломбард сақтауға қабылдаған затты оның осы баптың 2-тармағына сәйкес
жүргiзiлген толық бағасының сомасына қарай жүк берушiнiң пайдасына
сақтандыруға мiндеттi.Ломбардтан талап етiлмеген зат :
1. Жүк берушi затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай
бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң ломбард талап етiлмеген
затты осы Кодекстiң 781-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен сатуы
мүмкiн.
2. Затты сатудан түскен сомадан сақтағаны үшiн ақы және ломбардқа
тиесiлi өзге де төлемдер өтеледi. Қалған соманы ломбард сақтау түбiртегінiң
иесiне оны көрсетуі бойынша қайтарады.
Құндылықтарды банкте сақтау жалпылама түрде құндылықтар түсінігі ҚР АК
786 – бабының 1 тармағында берілген. Оларға бағалы қағаздар, қымбат
металлдар, тастар және өзге де құндылықтар, сондай – ақ құжаттар жатады.
Көріп отырғанымыздай олардың тізімі жалпы түрде белгіленген, бұған қоса,
бірқатар жағдайларда құндылықтар болып табылмайтын құжаттар да сақтауға
жатады. Құндылықтарды сақтау туралы нормалардың мәнісіне сүйенсек, банкте
ақшалар да сақтала алады. Бірақ бұл экономикалық мақсаттылыққа ие емес және
ол сірә жекелеген жағдайларда ғана пайдаланылатын болады. Азаматтар өз
ақшаларын еркін сақтай алады, ақшаны кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен
сақтау сірә, қаржылық айналым мен салық салуды реттейтін жария құқық
нормаларымен қайшылыққа түседі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және
қызмет туралы Заңында құндылықтарды банктер де сақтау сейфтік операциялар
тәртібінде жүзеге асырылатындығы анықталған. Олар бағалы қағаздарды
құжаттарды және клиенттердің құндылықтарын, соның ішінде сейф қораптарын,
шкафтары мен үй – жайларын жалға беруді қоса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz