Сақтандыру шарты туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Сақтандыру шартының ұғымы және оның ережелері ... .5
2.Сақтандыру шартының нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Сақтандыру шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4.Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату және оның зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сақтандыру құқығы аса көлемді, күрделі әрі ірі құқық саласы ретінде реформалау үстіндегі ұлттық сақтандыру рыногының тиісінше жұмыс істеуінің, ұлттық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытудың, сақтандыру ісін және сақтандыру қызметін ұғымды ұйымдастырудың, қоғам мен мемлекеттің және азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтудың, сондай – ақ ұлттық сақтандыру индустриясы салаларындағы заңдықты қамтамасыз етудің кең шеңберлі құқықтық, экономикалық – қаржылық және ұйымдастыру мәселелерін шешуге ат салысып отыр. Осындай мән – жай оның құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен және осы пәнді құрайтын қоғамдық қатынастардың сипаттамалық белгілерімен шартталады. Демек, сақтандыру құқығының құқықтық реттеу пәні сақтандырудың кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге асырылуын ұйымдастыру, сатандыру қызметін лицензиялау талаптарын орындау, ерікті және міндетті сақтандыру шарттарын жасасу, тиісті заңнамалық актілердің ережелері мен принциптерін, халықаралық шарттар мен сақтандыру стандарттары ережелерін іске асыру, мақсатты сақтандыру қорларын және сақтандыру резервтерін құру, сақтандыру қатынастарындағы тұлғаларға қатысты сақтандыру жағдайы басьалған кезде, оларға келтірілген мүліктік залалды өтеу мақсатында сақтандыру қорғауын қамтамасыз ету, сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу, қадағалау және инспекциялау барысында дамып, қалыптасатын кешенді мазмұнды қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары Азаматтық Кодекспен реттеледi.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1998 ж.
2. «Сақтандыру қызметі туралы» , Қазақстан Респбуликасының Заңы, Астана, 2000 ж. 18 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі мәселелдері бойывнша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының Заңы Астана, 2000 ж. 18 желтоқсан
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), Алматы, 2001 ж.
5. «Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама», 2000 ж. қараша , Президент Жарлығы
6. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңы.
7. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» заңы.
8.Алякринский, А.Л. Правовое регулирование страховой деятельности в России.- М., 1994.- 462 с.
9. Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Жайлин. Алматы 2004 ж.
10. Азаматтық құқық. Төлеуғалиев (ерекше бөлім)
11. Сақтандыру туралы құқық Алматы 2000 ж
12. ҚР Азаматтық құқық Алматы 1998 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.
Кафедра : Заң пәндер.
Тақырыбы: Сақтандыру шарты.
Орындаған:
Қабылдаған:
Шымкент қаласы.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Сақтандыру шартының ұғымы және оның ережелері ... .5
2.Сақтандыру шартының
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3. Сақтандыру шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4.Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату және оның
зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 28
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сақтандыру құқығы аса көлемді,
күрделі әрі ірі құқық саласы ретінде реформалау үстіндегі ұлттық сақтандыру
рыногының тиісінше жұмыс істеуінің, ұлттық сақтандыру жүйесін одан әрі
дамытудың, сақтандыру ісін және сақтандыру қызметін ұғымды ұйымдастырудың,
қоғам мен мемлекеттің және азаматтар мен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтудың, сондай –
ақ ұлттық сақтандыру индустриясы салаларындағы заңдықты қамтамасыз етудің
кең шеңберлі құқықтық, экономикалық – қаржылық және ұйымдастыру мәселелерін
шешуге ат салысып отыр. Осындай мән – жай оның құқықтық реттеу пәнінің
ерекшеліктерімен және осы пәнді құрайтын қоғамдық қатынастардың
сипаттамалық белгілерімен шартталады. Демек, сақтандыру құқығының құқықтық
реттеу пәні сақтандырудың кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге
асырылуын ұйымдастыру, сатандыру қызметін лицензиялау талаптарын орындау,
ерікті және міндетті сақтандыру шарттарын жасасу, тиісті заңнамалық
актілердің ережелері мен принциптерін, халықаралық шарттар мен сақтандыру
стандарттары ережелерін іске асыру, мақсатты сақтандыру қорларын және
сақтандыру резервтерін құру, сақтандыру қатынастарындағы тұлғаларға қатысты
сақтандыру жағдайы басьалған кезде, оларға келтірілген мүліктік залалды
өтеу мақсатында сақтандыру қорғауын қамтамасыз ету, сақтандыру қызметін
мемлекеттік реттеу, қадағалау және инспекциялау барысында дамып,
қалыптасатын кешенді мазмұнды қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді.
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру
сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Сақтандыру сақтандыру шарты
негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан
Республикасы Азаматтық Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың
сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын
сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары Азаматтық
Кодекспен реттеледi.
Сақтандыру объектiсiне келетін болсақ:
1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде
белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың
салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді)
бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген
мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң
актiлерiмен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.
3. 807 баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi
болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
Сақтандыру жағдайы
1. Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру
төлемін жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.
2. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi
сақтандыру туралы заң актiлерiмен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша -
тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды
қоспағанда, cақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның
басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс.
4. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген
зияндарды дәлелдеу сақтанушының мiндетiне жатады.
Сонымен сақтандыру құқығы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі мен
сақтандыру қызметін, ұлттық сақтандыру рыногын және сақтандыру жүйесін
ұйымдастыру, сондай -ақ оларды бүгінгі мемлекеттік саясат басымдықтарына
және халықаралық сақтандыру стандарттары ережелеріне сай дамыту, өмірі және
мүліктік сақтандырудың жаңа түрлерін, аннуитетік, міндетті және ерікті,
оның ішінде мемлекеттің қолдануымен міндетті сақтандыруды жүзеге асыру,
мақсатты сақтандыру қорларын құру, мемлекеттік және жекеше сақтандыру
резервтерін қалыптастыру және олардың қаражаттарын сақтандыру жағдайларының
орын алуына байланысты сақтандыру қорғаумен қамтылуға тиіс нақтылы тұлғалар
және аумақтар бойынша бөлу, сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру рыногы
субъектілері мен өзге де қатысушыларының қызметін мемлекеттік қадағалау
және реттеу барысында туындайтын кешенді сипатты қоғамдық қатынастарды
реттейтін құықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің адамдары сақтандыру шартын көп
қолданады. Сақтандыру шарты немесе сақтандыру құқықтары көбінесе шет
елдерде өте жақсы дамыған.
Курстық жұмыстың мақсаты – сақтандыру шарты мен танысу. Оның қандай
нысандары, ережелері бар екендігін білу және оны қалай қолдану керек
екендігін анықтау.
1. Сақтандыру шартының ұғымы және оның ережелері.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 803- бабына сәйкес ,
сақтандыру шарты дегеніміз – сақтандыру шарты бойынша бір тарап сақтандыру
сыйақысын төлеуге міндеттеенді, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтандырушыға немесе шартта белгіленген сенім шегінде
өзінің пайдасына шарт жасалған өге тұлғаға сақтандыру төлемін төлеуге
міндеттенеді.
Сақтанушының мiндеттерi
Сақтанушы:
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде
сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға
(Азаматтық Кодекстiң 829-бабының 1-тармағы);
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап ету
құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi (Азаматтық
Кодекстiң 840-бабы).
Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуі мүмкін.
Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiлуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы
баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Сақтандыру ережелерiнде:
1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;
2) сақтандыру сомасын анықтау тәртiбi;
3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;
4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;
5) сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi мен орны;
6) сақтандыру шартын жасасу тәртiбi;
7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;
9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын
құжаттар тiзбесi;
10) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен шарттары;
11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту
туралы шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;
12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;
13) дауларды шешу тәртiбi;
14) қосымша талаптар болуға тиіс.
Егер ұсталынған сақтандыру ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына
қайшы келсе және осы баптың талаптарына сай болмаса, уәкілетті мемлекеттік
орган лицензия беруден бас тартуға құқылы. Сақтанушы мен сақтандырушы
арасындағы келiсiм бойынша сақтандыру ережелерiнiң негiзiнде сақтандыру
шартын жасасу кезiнде анықталатын қосымша талаптарды көздейтiн сақтандыру
шарттары жасалуы мүмкiн. Сол қосымша талаптар үш реттен астам қайталанған
жағдайда сақтандырушы сақтандырудың белгiлi бiр түрi бойынша ережелердi
заңдарда белгiленген тәртiппен өзгертуге мiндеттi. Сақтандыру ережелерiне
өзгерiстер енгiзiлген жағдайда сақтандырушы осы өзгерiстердi келiсу үшiн
уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынуға тиiс.Сақтанушы
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша
сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге
асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе
пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған
соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге
мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн
жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан
Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өзара
сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.Сақтандырылған адам 1.
Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам
болып табылады. 2. Заңнамалық актілермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны
сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру
кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам
ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы
және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке
сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері
(сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi
болады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын
сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс. 3. Егер
шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға
белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға
сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс. Мiндеттi сақтандыру кезiнде,
сондай-ақ топтастырып иесіздендірілген сақтандыру кезінде, шарт жасасу үшін
оның өзі сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi
талап етiлмейдi. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын
немесе мүлкiн сақтандыру жөнiндегi қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн
еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп
соғады. 4. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген
жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп
талап етуге, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған
адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы. Сақтанушы
үшiншi адамды сақтандыру жөнiндегi өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс
орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-
тармақтарында көзделген шараларды қолдануға құқылы. 5. Кәмелетке толмаған
азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары осы Кодекстiң
22-24-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады. 6. Сақтандырылған
адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi
орындаудан босатпайды. Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен
жүзеге асырылады. 7. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi
сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу
құқығы сақтанушыға көшедi. 8. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты
мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған
сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе
шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға
жатады. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында
көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен
орындалады. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру
шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған
адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң
актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және
сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады. Егер
сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не
мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн
қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады. 9. Үшiншi адамның
(сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы
Кодекстiң 391-бабының осы бап ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiндегi
ережелерi қолданылады.Сақтандырушының мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң
актiлерiнде белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру
төлемiн жүргiзуге;
1-1) сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға;
2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде олардың
залалдарды азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заң актiлерiнде, сондай-ақ
сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
2. Сақтандыру шартының нысаны
Сақтандыру шартының нысаны жазбаша болуы тиіс (ҚР АК 825- бап). Мұндай
талаптар сақталмаған жағдайда шарт жарамсыз деп танылады. Міндетті
сақтандыру бұған жатпайды. ҚР АК 825- бабына сәйкес, сақтандыру шарты
жазбаша нысанда:
- тараптар бір құжат жасауы
- сақтандырушы бір жақты тәртіпте сақтандырушы әзірленген үлгілік
шарттарға қосуы
- сақтандырушының сақтандырушыға сақтандыру куәлігін, сертификатын және
т.б. беруі жолымен
- тараптардың шарт жасауға өз еркімен келіскендігін және оның барлық
елеулі талаптары бойынша ҚР АК 152 және 393 баптарды келісімге қол
жеткізілгендігін құжатпен растауға мүмкіндік беретін өзге де әдіспен
жасалады.
Жазбаша шарттың нысанын сақтандырушы айқындайды, не ол тараптардың
келісімімен айқындалады. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның
жарамсыздығына әкеп соқтырады. Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың
нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде
айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не
тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын
сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
1. Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу
көзделуi мүмкiн. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру Міндетті сақтандыру -
егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше
белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық
актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Өз өмiрiн немесе
денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де
жүктеуге болмайды. Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге
асырылады. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы
түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың
келісімімен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
мiндеттi. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың міндетті түрін
реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті
сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе,
жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады. Ерiктi
сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың
келiсiмi бойынша белгiленедi. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу
зардабы
1. Заң актiлерiне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс
болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет
жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе
сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда
сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл
тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде
сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса,
сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
3. Заң актiлерiмен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806-
бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда
одан жалтаратын сақтандырушыны заң актiлерiнде көзделген талаптарда
сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
4. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ
сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының
сақтандырудан жалтаруы заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп
соқтырады.
Жеке және мүлiктiк сақтандыру
1. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына
байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған
басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.
2. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік
сақтандыруға жатады.
3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi,
жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де
мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.
4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi
болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр
адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан
туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан
туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.
Жинақтаушы сақтандыру
1. Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде сақтандыру шартында
белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты
сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін
жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.
2. Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар сақтандыру жағдайы
туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру
жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
3. Аннуитеттік сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм
iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру
төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы
мүмкiн.
5. Аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң
актiлерiне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға.
Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады. Пайда алушы жеке де,
мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың мiндеттi
түрi бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актiлерiмен
айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер мiндеттi
сақтандыру туралы заң актiлерiнде немесе өз еркiмен сақтандыру туралы
шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады. Егер
сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған
адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келiсiмi бойынша
тағайындалады. Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол
сақтандырылған адам деп ұйғарылады. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда
алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында
көзделген ережелер қолданылады. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда
алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса,
соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады. Сақтандырылған болып табылатын пайда
алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында
көзделген зардап туындайды. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы,
сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған
адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы
көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп
танылады. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей
сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу
туралы талап қоюға құқылы. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны
осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.Сақтандыру сыйлықақысы -
сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында көзделген
мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн
сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы.
Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншiк
құқығымен тиесiлi болады. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi шартпен
белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заңнамалық
актілермен белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен
белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен
белгiленуi мүмкiн. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын
сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi
мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы
өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн
сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады.
Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-
бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн. Егер сақтандыру шартында сақтандыру
сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын
бұзуды қоса алғанда, шартта кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген
уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн. Егер сақтандыру жағдайы
енгiзу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын
басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау
кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға
құқылы.Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және
сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi
көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартпен
белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заң актiлерiнде
белгiленген мөлшерден кем болмауы керек. Мүлiктi сақтандыру кезiнде
сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру
құнынан) артық бола алмайды. Тараптар, оны сақтанушы қасақана
жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру
шартында белгiленген мүлiк құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру
шартында белгiленген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, онда
ол сақтандыру сомасының шарт жасалған кезiндегi сақтандыру құнынан артылған
бөлiгiнде жарамсыз болып табылады. Сақтандыру төлемi - сақтандырушы
сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы
сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы
шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда,
сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi шартта белгiленедi.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн
анықтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен
белгiленедi. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заң актілерімен
белгіленуі мүмкін. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде
сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен
аспауы керек. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға
(сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың
басқа шарттары бойынша оған тиесілi сомаларға қарамастан және зиянның орнын
толтыру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы
шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру
көзделуi мүмкiн. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне
сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру cыйлықақыларына не сақтандыру
жарналарына есеп жүргiзуге құқылы. Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру
туралы заң актiлерiнде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшерi көзделмесе,
сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны үшiн сақтандырушы осы
Кодекстiң 353-бабына сәйкес жауап бередi.
Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда
әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде
әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде
жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған
сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс. Бұл ретте
сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген
сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер
алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген
соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы. Келтiрiлген зиянды басқа
сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара
босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып,
сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң
сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа
сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.
Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда
алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады. Топтық
сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те,
дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн. Иесiздендiрiлген
сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның
әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру
төлемiнің төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс.
Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке
сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.
Ортақ сақтандыру
1. Сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бірлескен
бір шарт бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл орайда шартта әрбiр
сақтандырушының келiсiлген үлестердегi құқықтары мен мiндеттерiн
айқындайтын талаптары болуы тиiс.
Егер мұндай шартта әрбiр сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн сақтанушының
(пайда алушының) алдында ортақтасып жауап бередi.
2. Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ
сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер
(сақтандыру пұлдары) құра алады.
3. Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келiсiм болған жағдайда, олардың
бiреуi сақтанушының алдында тек өз үлесiмен ғана жауапты болып қала отырып,
онымен өзара қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардан өкіл болуы мүмкін.
Қайта сақтандыру
1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр
бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта
сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы.
2. Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан
сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында
толық көлемде жауапты болып қалады.
3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен
және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру
шартымен айқындалады.
Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстің сақтандыру шартына қойылатын
талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың
негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы болып есептеледі.
4. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен
қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру
пулдары) бiрiге алады.
5. Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол
берiледi.
3. Сақтандыру шартының мазмұны
ҚР АК 826- бабына сәйкес сақтандыру шартының мазмұны мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар
болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы,
орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен
мерзiмдерi;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен
мерзiмдерi;
7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам
мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;
11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның
мөлшерi.
12) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (eгep бар болса), резиденттік белгісін
және сақтанушының экономика секторын көрсету;
13) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (eгep бар болса), резиденттік белгісін
және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса,
сақтандырылушының (пайда алушының) экономика секторын көрсету;
14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемі мен сақтандыру сыйақысының
валюта түрі.
2. Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір
мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.
Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен
аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан
көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.
Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле
отырып өтеледі.
Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде
белгіленеді.
3. Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда
сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен
белгiленген ережелер қолданылады.
4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының
қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру
шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты
бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс.
5. Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық болмағаны үшiн
сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы
салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының
пайдасына шешiледi. Осы тармақтың талаптары қайта сақтандыру шарттарына
қолданылмайды.
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң
мерзiмiн ұзарту
1. Сақтанушы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарнасын
төлеу талаптарын қатарынан екі рет сақтамаған жағдайда сақтандырушы
жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде сақтанушыны сақтандыру
жарнасын төлеу қажеттігі туралы хабардар етуге міндетті.
2. Хабарламада:
1) сақтандыру жарнасын төлейтiн кезең (сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн
ұзарту кезеңi);
2) сақтандыру жарнасын төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz