Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс.әрекет жасау ... ... ... ... ... ... ... .5

2.Басқаның мүддесiне iс.әрекеттер жасаудың салдарынан негiзсiз
баю ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3.Басқаның мүддесiне жасалған iс.әрекеттермен келтiрiлген
зиянды өтеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс. Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды.Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының салдары.
1.Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий/ Отв. Ред. М.К.Сулейменов., Ю.Г.Басин. – Алматы Жеті Жарғы 2000 г. с 454.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
3.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы бөлім. 27 желтоқсан 1994ж. Ерекше бөлім 1999 ж 1 шілде
4.Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж 1 шілде
5.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994ж. 27 желтоқсан.
6.Қазақ ССР – інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан.
7.Гражданское право Республики Казахстан. Алматы 1999 г.
8.Гражданское право М. 1997 – 1998 гг.

9.Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие. Т1. Алматы 1980г.
10.Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие ч 1. Алматы 1980 г.
11.Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алматы 1990 г.
12.Гражданское право в 2 – х томах 1998 г.
13.Гражданское право Москва. 1997 г.
14.Гражданское право России. Под ред. Цибуленко.З.И., часть 1. Москва 1996 г.
15.Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (особенная часть) Алматы 1998 г.
16.Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. Вып.1-10 Алматы 1996 – 2000 гг.
17.Учебник русского гражданского право., М. 1995 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан
Гуманитарлық Институты.

Кафедра : Заң пәндер.

Тақырыбы: Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау.

Орындаған:
Қабылдаған:

Шымкент 2010 ж.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет
жасау ... ... ... ... ... ... ... .5

2.Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаудың салдарынан негiзсiз
баю
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

3.Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттермен келтiрiлген
зиянды өтеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе:
Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары Мүдделi тұлғаның
тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген
келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау,
оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi
(басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-
жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын
олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне
сүйенiп жасалуы тиiс. Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер
олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар
басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды.Мүдделi тұлғаға
оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау Басқаның мүддесiне iс-
әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға
бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян
келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi
мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге
мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа
оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап
етiлмейдi.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының
салдары егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға
осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да,
тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес
тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының
салдары
1. Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделi тұлғаның мақұлдамағандығы
белгiлi болған соң жасаған бөтен мүдделердегі iс-әрекеттер осы iс-әрекеттер
жасаған тұлғаға қатысты да, үшiншi бiр тұлғаға қатысты да соңғысына
мiндеттер жүктемейдi.
2. Қатерге ұшыраған адамның өмiрiне төнген қауiптi жою мақсатындағы iс-
қимылға осы адамның еркiне қарсы, ал бiреудi асырау жөнiндегi мiндеттердi
орындауға - осындай мiндетi бар тұлғаның еркiне қарсы жол берiледi.

1.Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау

Осы тараудан бастап біз, негіздері болып шарттық міндеттемелердегідей
субъектілердің келісімі емес, ал, біржақты іс - әрекеттер табылатын
міндеттемелерді қарастыруға кірісеміз.
Біржақты іс - әрекеттерге біржақты мәмілелер – құқықтық іс -
әрекеттер жатады. Бұған қоса, құқықтық іс - әрекеттер аясында бірқатар іс
жүзіндегі іс - әрекеттерде маңызды болуы мүмкін.
Туындайтын міндеттеменің өзі шарттан тыс болып табылады. Ол тек іс -
әрекет салдарының өзінен ғана емес, сондай – ақ заңнамада көзделген белгілі
бір салдардың қатар туындауымен пайда болады. Яғни, міндеттеме өмір сүру
үшін іс - әрекет жасау мен байланысты қандай да бір іс жүзіндегі өзгерістер
ортада орындалу қажет.
Шарттан тыс міндеттемелер екі трлі функцияларды атқарады. Біріншіден,
олар негізінен бүзылған немесе потенциалды түрде бұзылатын құқықтар мен
мүдделерді қорғауға бағытталады. Кейбір жағдайларда, тұлғаны болжауда,
тұлғаның болжамды мүдделеріне сүйене отырып, олар екі және одан да көп
субъектілер арасында құқықтар мен міндеттерді белгілеуге мүмкіндік
туғызады. Атап айтқанда, тапсырмасыз қызмет етуден туындайтын,
қарастырылатын міндеттемелер дәл сондай болып табылады.
Барлық шарттан тыс міндеттемелердің ерекшелігі болып оларды тікелей
азаматтық кезекке және қалған заңнама нормаларымен реттеу табылады. Тек
жекелеген жағдайларда ғана кейбір мәселелер тараптардың келісімдерімен
реттелетін болады. Олар шарттан тыс міндеттемелік құқықтық қатынастар
аясында қосымша маңызға ие болады. Шарттан тыс міндеттемелік құқық
нормаларының бекітетін талаптары әрекеті бойынша әртүрлі болып табылады.
Кейбір жағдайларда олар міндеттемедегі құқылы субъект үшін диспозивті
болады. Өйткені оған өзінің жекелеген құқықтарын жүзеге асыруға немесе
жүзеге асырмауға мүмкіндік беріледі.
Қандай міндеттемелерді қарастыратынымызға қысқаша тоқталып өтейік.
Оларға басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс - әрекет жасаудан туындайтын
белгіленген міндеттемелер жатады. Тікелей заңнамамен конкурстық
міндеттемелер зиян келтіру салдарынан туындайтын міндетемелер, негізсіз баю
салдарынан туындайтын міндеттемелер көзделген. Бұл тізім шарттан тыс
иіндеттемелердің негізгі түрлерін қамтиды. Бұлардан басқа, азаматтық
құқықтың жалпы бастауларына сүйене отырып өзге шарттан тыс міндеттемелер де
туындауы мүмкін.
Аталған міндеттемелердің ішінде, басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс -
әрекет жасаудан туындайтын міндеттемелер және конкурстық міндеттемелер сол
бір немесе өзге субъектілердің өзара қарымқатынастарын позитивтік реттеуге
бағытталған.
Зиян келтіру салдарынан және негізсізбаю салдарынан туындайтын
міндеттемелер азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен
мүдделерін қорғауға бағытталған міндеттемелер болып табылады. Олар үшін
императивтік реттеу басым.
Тапсырмасыз іс - әрекет жасаудан туындайтын міндеттемелерге
тоқталайық. Осыған ұқсас құқықтық қатынастар рим құқығымен де реттелгенін
және оның negotiorum gestio деп аталғанын, яғни істі тапсырмасыз жүргізу
дегенді білдіретінін атап өткен жөн. Басқаның істерін тапсырмасыз
жүргізетін субъектіні ГЕСТОР деп атаған.
Әркет етуші заңнамаға сәйкес бұл құқықтық қатынас, құқықтар мен
мүдделердің бұзылуына жол бермеу үшінші немесе белгілі – бір тұлғаға әкелу
мақсатында басқа тұлға іс жүзіндегі немесе заңдық іс - әрекеттер жасайтын
жағдайларда туындайды. Бұл орайда, біреудің пайдасына іс - әрекет жасаған
тұлға белгілі бір шығынға ұшырауға тиіс, немесе оның өз құқықтары мен
мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін.
Соның салдарынан қосмша, заңнамамен анықталған талаптар болған кезде,
пайдасына іс жүзіндегі немесе заңдық іс - әрекеттер жасалған тұлғаның
иіндеттемесі туындайды. Сонымен бірге, мұндай міндеттеменің туындау
жағдайларынан алшақтайтын болсақ, онда оның мазмұны бір нәрседе тапсырма
шартының мазмұнына жақын болатындыңын атап өтуге болады, бірақ тапсырма
шартынан елеулі ерекшелік болып табылады, өйткені пайдасына іс - әрекет
жасалған тұлға тарапынан таңдау болмайды. Орын алған жағдайлардың
ерекшеліктеріне байланысты, іс - әрекет жасаған тұлға мен міндеттеменің
екінші субъектісі оған дейін жеке сенімгерлік қатынастарда болуы мүмкін,
және соған орай соңғысының пайдасына белгілі бір іс - әрекеттерді жасау
мүмкін болуы мүмкін. Бірақ жеке сенімгерлік қатынастарда болуы міндетті
емес. Және басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс - әрекетті кез келген тұлға
тіпті кездейсоқ субъект жасай алады.
Міндеттеменің осы түрі туындау үшін пайдасына іс - әрекет жасалатын
мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде
берілген келісімсіз іс - әрекет жасау міндетті болып табылады (ҚР АК 855 –
бап 1 тармағы). Жалпылама түрде сол бір немесе өзге іс - әрекеттерді жасау
туралы келісімнің болмауы туралы айтуға болады. Аталған норма, борышқор
өзіне қандай да міндеттемелерді алдын ала алмаған және алуды да ойламаған
жағдайда оның заңдық міндеттеу механизмінің әрекетін шарттап қоюға
есептелген. Заңды аяға қоюға мүмкіндік береді. Мысалы, мұндай формула орын
алған іс - әрекет ақысыз тапсырма шарты емес, тапсырмасыз қызмет шарты
бойынша сенім білдірілген өкіл адал ниетсіз болуы да мүмкін. Бас кезінде ол
тапсырманы (кәсіпкерлік қызмет аясында емес) ақысыз орындауға келісе отырып
артынан негізсіз талаптар қоюы мүмкін. Тапсырма шарты бойынша өзінде сыйақы
алуға деген құқықтың болмайтынын біле отырып ол талап арыз беріп өз талабын
тапсырмасыз қызмет етуден – мыс туындайтын талап ретінде көрсетуі де
мүмкін.
Іс - әрекеттерден тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін
болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес
мүдделері мақсаттарында жасалуға тиіс. Яғни жасалатын іс - әрекеттер іс
жүзінде немесе болжамды түрде нәтижелі болып табылады. Оларды жасаудың
айқын тиімділігі немесе пайдалылығы анық болуға тиіс. Бірақ алдында
айтылған сөзімізге сүйенетін болсақ, осы іс - әрекеттерді тұлға жасай
отырып, олардың шын нәтижелігі туралы қателесуі де мүмкін екенін атап өтуге
балады.
Жасалатын іс - әрекеттердің тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян
келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау оның өзге де заңға қарсы
емес мүдделері мақсаттарында жасалуға тиіс. Яғни жасалатын іс - әрекеттер
іс жүзінде немесе болжамды түрде нәтижелі болып табылады. Оларды жасаудың
айқын тиімділігі немесе пайдалылығын анық болуға тиіс. Бірақ алдында
айтылған сөзімізге сүйенетін болсақ, осы іс - әрекеттерді тұлға жасай
отырып, оладың шын нәтижелігі туралы қателесуі де мүмкін екенін атап өтуге
болады.
Жасалатын іс - әрекеттердің негізділігі мен құқықтық маңыздылығы тағы
бір критерий болып мүдделі тұлғаның шынайы немесе болжамды ниеттері
табылады. Мысалы, гестор мүліктің меншік иесін қамқоршылық ие ретінде жақсы
білсе, соған орай аталған тұлғаның мүлкіне жойылу қаупі төнген кезде гестор
сірә өзі субъективті бағалаған меншік иесінің қамқоршылдығын ескере отырып
әрекет етуге тиіс. Егер де міндеттеме талаптары бұрын өзара таныс болмаса,
онда гектор басқа тұлғаның мүддесіне орын алған жағдай бойынша қажетті
қамқоршылдықпен қырағылық таныта отырып әрекет етті деп болжамдау (содан
кейін белгілеу) қажет.
Егер басқа тұлғалардың мүддесіне жасалатын осындай іс - әрекеттер
олардың қызмет мақсаттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдармен
жасалатын іс - әрекеттер туралы сөз болып отырса онда тапсырмасыз әрекет
етуден туындайтын міндеттеме орын алмауға тиіс.
Басқаның мүддесіне іс - әрекет жасайтын тұлға алғашқы мүмкіндік ькған
жағдайда мүдделі тұлғаға бұл туралы хабарлауға міндетті. Бұл талапты
сақтамаған кезде, мүдделі тұлғаны хабардар ету мүмкіндігі пайда болғаннан
кейін жасалған іс - әрекеттер бойынша гестор мүдделі тұлғадан тиісті
өтемақы алу құқығынан айырылады.
Жасалған іс - әрекеттер туралы хабардар еткеннен кейін гестор қисынды
мерзім ішінде жаслаған іс - әрекеттерді мақұлдайтындығы туралы немесе
мақұлдамайтындығы туралы шешімді күтуге міндетті. Алайда егер шешімді күту
мүдделі тұлға үшін елеулі залал келтіруі мүмкін болса, гестор жауапты
күтпестен мүдделі тұлғаның пайдасы үшін қосымша іс - әрекеттерді де жасай
алады. Егер мүдделі тұлғамен берілген жауапта гестордың іс - әрекеті
мақұлданбаса немесе жауап берілмесе және жағдайға қарай оны мақұлдау
ретінде бағалауға болмайтын болса, онда гестор өзінің одан арғы іс -
әрекеттерін тоқтатуға тиіс болады.
Іс - әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделі тұлағның мақұлдамағандығы
белгілі болған соң жасаған бөтен мүдделердегі іс - әрекеттер осы іс -
әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да үшінші бір тұлғаға қатысты да
соңғысына міндеттер жүктемейді.
Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс –
қимылға осы адамның еркіне қарсы жол беріледі. Сондай - ақ тұлға беруді
асырау жөніндегі міндетті осындай міндеті бар тұлғаның тапсырмасынсыз және
оның еркіне қарсы орындай алады. Яғни бұл жерде борышқор басқаның мүддесіне
жасалатын іс - әрекеттен туындайтын міндеттеме бойынша заңға немесе шартқа
сәйкес асырауға міндетті болған тұлғалар туралы сөз болып отыр. Мысалы,
гестор өмірлік асыраудағы адамның ауыр жағдайын дұрыс тамақтанбауын суық
күндері жылы киімінің жоқтығын көріп оған аяушылық білдіргендіктен тамағын,
қажетті киімін беретін болса. Артынан гестор өмірлік асырауда ұстауға
міндетті болған тұлғаға тиісті талаптармен жүгіне алады.
Жоғарыда сипатталған жағдайға қатысты әрине, басқаның мүддесіне
тапсырмасыз іс - әрекет жасаудан туындайтын кәдімгі міндеттемелер сияқты
дәл сол категорияларды қолдану, борышқорды мүдделі тұлға деп атау қиын және
т.с.с. Бірақ заң шығарушылар осындай жағдайларда басқаның мүддесіне
тапсырмасыз іс - әрекет жасаудың да болатындығыг ескере отырып, оларды
жалпылама белгіленген. Бұған қоса, біздің ойымызша бұл жерде регресстік
міндеттемелер механизмі де әрекет етеді.
Егер бұл іс - әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделі тұлғаға оның
мүддесіне жасалған іс - әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етілмейді.
Мұндай іс - әрекеттердің жасалуын қаламайтн мүдделі тұлға оларды
мақұлдамайтындығын өзі білдіруге тиіс.
Басқаның мүддесіне мәмілелер де жасалуы мүмкін. Базардағы сатушы
өзінің қасында тұрған басқа сатушы шыдаттырмайтын тіс ауруына байланысты өз
тауарын уақытша қалдырып кеткенде оның тауарын ол үшін тиімді бағамен сатып
жіберуі мүмкін. Кейбір жағдайларда басқаның мүддесіне іс - әрекет жасаудан
туындайтын міндеттеме басқаның мүддесіне мәмілені кәсіпкердің бизнес
бойынша әріптесі жасайтын кезде де туындауы мүмкін. Бұл егер екі кәіспкер
қызметтесу туралы локалды келісімдер мысалы, бір жөнелтушіден алынған әр –
түрлі тауарларды бірлесе тасымалдау туралы келісімдер бекіткен болса, орын
алады. Солардың бірі екінші кәсіпкердің тауарына қатысты жасалған сату
туралы офертаға сүйене отырып, оның тауарын жол бойында оның келісімінсіз
бірақ пайда болатындығын ескере отырып сатып жібере алады. Заңнама сонымен
бірге басқаның мүддесіне мәміле жасаудың арнайы салдарын көздейді. Басқаның
мүддесіне жасалған мәміле жасаудың арнайы салдарын көздейді. Басқаның
мүддесіне жасалған мәміле бойынша міндеттер ол осы мәмілені мақұлдаған
жағдайда мүддесіне мәміле жасалған адамға ауысады оған міндеттердің
ауысуына гестор мәміле жасалған қарсы тарап өз келісімін беруге тиіс. Егер
мәміле жасасу кезінде ол бұл мәміленің басқаның мүддесіне жасалатындығын
білген немесе білуге тиіс болған болса, оның келісімі талап етілмейді.
Мәміле бой ынша міндеттер мүддесіне осы мәміле жасалған адамға
ауысқан кезде соңғысына осы мәміле бойынша құқықтар да берілуге тиіс.
Егер мүддесіне іс - әрекет жасалған тұлға оларды мақұлдаса, онда оның
гестормен ара қатынасында туындайтын қатынастарға алдағы уақытта тапсырма
шарты немесе жасалған іс - әрекеттердің сипатына сай келетін өзге шарт
туралы ережелер қолданылатын болады. Сонымен гестордың іс - әрекетін
мақұлдаған кезде басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын
шарттан тыс міндеттеме тиісті шартқа ауысатын болады. Бұл орайда шарттың
заңнамамен талап етілетін нысанын сақтау міндетті емес, мүдделі тұлғаның
ауызша мақұлдауы жеткілікті болады. Олар бір уақытта екі құқықтық
қатынастарда болады.
Басқаның мүддесіне іс - әрекеттер жасаған адам мүддесіне іс -
әрекеттер жасалған адамға есеп беруге міндетті. Бұл міндет тапсырмасыз
жасалған әрекеттерге де шарт аясында жасалған іс - әрекеттерге де тарады.
Шарт бойынша жасалған іс - әрекеттер бойынша есеп егер тиісті шарт туралы
нормалармен осындай міндет көзделетін болса берілуге тиіс. Есептің
мазмұнында түскен кірістер мен жасалған шығындар және өзге де залалдар
көрсетілуге тиіс.
Жоғарыда қарастырылған бірқатар талаптар болған кезде және гестор есеп
беру жөніндегі міндетін орындаған кезде мүдделі тұлғаның өз міндеттерін
орындау кезі туындайды. Оның көлемі заңнамамен анықталады. Міндеттеме
тараптары өзара келісім бойынша оны орындаудың тәртібін мерзімдерін және
басқа да талап етілетін қырларын нақтылай алады.
Оның мазмұны басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаға залалдарды өтеуді
қамтиды. Залалдар басқаның мүддесіе әрекет еткен тұлға жасаған қажетті
шығындарды қамтиды. Сондай – ақ залалдар құрамына басқаның мүддесіне әрекет
еткен тұлғаның өзге де нақты залалы енгізілуі мүмкін. Мұндай нақты залалға
атап айтқанда, егер мүдделі тұлғаның мүлкін құтқару нәтижесінде гестордың
денсаулығына зиян келтірілсе, гестордың емделуіне кеткен шығындар
жатқызылатын болады. Мүдделі тұлға өзі мақұлдамаған гестордың өз іс –
әрекеттерінен туындаған залалдарды өтеуге міндетті емес.
Басқаның мүддесіне жасалған іс - әрекеттер болжанған нәтижеге
жеткізбеген жағдайда да қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу
құқығы сақталады.
ҚР АК 859 – бабының 1 – тармағының 2 – бөлігі гесторға төленетін
сыйақының жоғарғы шегін шектеген. Гестордың қажетті шығындары мен өзге де
нақты залалын мөлшеріне қарамастан мүдделі тұлғаның өтемі гестордың іс -
әрекетімен құтқарылған сақтап қалынған мүлікті құнынан аспайтын мөлшерде
төлеуге міндетті. Шарттан тыс міндеттеме шарттық міндеттемеге ауысқаннан
кейін тараптардың сыйақы төлеумен байланысты құқықтар мен міндеттері
ауысады. Басқаның мүддесіне іс - әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделі тұлғаның
мақұлдауын алған соң жасаған іс – рекеттерге байланысты келтірілген
шығындар мен өзге де залалдар тиісті түрдегі шарт туралы ережелер бойынша
өтеледі.
Егер гестордыі іс - әрекетінің салдарынан мүдделі тұлға пайда тапса,
онда ол гестордың залалдарын өтеумен қатар оған сыйақы да төлеуге міндетті
болады. Оның мөлшері мүдделі тұлғаның пайдасына сүйене отырып анықталатын
болады.
Егер мүдделі тұлғамен гестор арасында бұл туралы келісімге қол
жеткізілсе, сыйақы төлеу мүдделі тұлғаның пайда көруіне қарамастан барлық
жағдайларда мүмкін болады.
Гестордың іс - әрекеттері оң нәтижеге алып келетін және іскерлік
айналым дағдылары сыйақы төлеуді көздейтін жағдайларда да сыйақы төленуге
тиіс.
Осы айтылғандарды қорытындылай келсек, басқаның мүддесіне тапсырмасыз
әрекет ету салдарынан туындайтын міндеттеме деп – гестордың қалыптасқан
жағдайларда орынды түрде жүзеге асуын ескерумен оларды болжамды пайдалылығы
мен нәтижелігіне сүйене отырып жасалған біржақты іс - әрекеттерінен
туындайтын міндеттемені түсінеміз. Ол мүдделі тұлғаның (пайдасына іс -
әрекеттер жасалған адам) немесе заңнамада көрсетілген өзге де тұлғаның
гесторға залалдарды өтеу ал заңнамамен тараптардың келісімімен немесе
іскерлік айналым дағдыларымен көзделген жағдайларда оған сондай – ақ сыйақы
төлеу міндетін қамтиды.
Біреуге қатысты іс - әрекеттер жасау әрқашан да оңды нәтижеге
жеткізбейді, іс - әрекет әрқашан да орын алған жағдай мен тұлғаның болжамды
ниеттерімен жетеленбейбі, ол әр уақытта оның пайдасы немесе мүддесі үшін
жасалмайды. Бұған қоса, адам беру үшін әс - әрекет жасай отырып, оның
құқықтары мен мүддесіне зиян келтіруі де мүмкін. Мысалы, адам өміріне оның
қандай да бір ауруының асқынуына байланысты жол бойына қауіп төнген кезде
оның қасындағы жол серігі оған көмектесіп, ауруын жеңілдету мақсатында оның
тамыр ішінде дәрі енгізуі мүмкін. Дәрінің әсер ету эффектісін
білмегендіктен ол ауру адамның жағдайын ушықтырып жіберуі де мүмкін.
Осындай мүмкіндікті ескере отырып, 863 – бап басқаның мүддесіне жасаған іс
- әрекеттермен келтірілген зиянды өтеу туралы норманы қамтыған. Басқаның
мүддесіне жасалған іс - әрекеттермен келтірілген зиян мүліктік зиянды және
мүліктік емес залалды өтеудің жалпы ережелері бойынша өтеледі.
Егер тұлға басқаның мүддесіне іс - әрекет жасай отырып, өз
әрекеттерімен басқа тұлғаны негізсіз байытса, онда соңғысы негізсіз баю
міндеттемесі бойынша бірінші тұлға (басқаның мүддесіне іс - әрекет жасаған)
алдында міндетті болады.
Мұндай міндеттеменің негізі болып басқаның мүддесіне тапсырмасыз
әрекет етуден туындайтын міндеттемелер негіздерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақысыз шарттар
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту пайда болған залалдардың орнын толтыру
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Кондиция, өнім, өнім сапасы
Негізсіз баю салдары
Жалға алу шарты
Міндеттеме тараптары мен қатысушылары
Конкурстық міндеттемелер
Пәндер