Заем шарты туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

Негізгі бөлім

1. Заем шартының нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2. Заем шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

3. Заем шартының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
Заем шарты - бір талап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне(шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы текті және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.
Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітілді деп саналады. Егер шарт тасымалдың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.
Реалды заем шарты көп жағдайда бір жақты болып табылады, өйткені заем беруші ақша немесе заттарды бергеннен кейін міндетті тарап болып заемшыға ғана табылады, ал заем берушіде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР Азаматтық кодексінің 717 бабының 2 бөлігіне сәйкес ақша мен заттарды бөлшектеп беру жүзеге асқанда да шарттың біржақты сипаты сақалады.Заемшының ақша немесе заттардың белгілі бір мөлшерін тиісті мерзімдерде қайтару міндеті мен қатар заем берушіде ақша немесе заттарды одан әрі беру жөніндегі міндеті де болады. Осылайша, екі тарап бір – біріне қатысты талаптар қоя алатын болады, бөліп – бөліп берудегі заем шарты реалды шарт болып табылады, өйткені, ол ақшаның бірінші бөлігін берген сәттен бастап жасалды деп есептеледі.
Егер заңды актілермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе заем шарты ақылы болып табылады. Заем шартының ақылы екендігі туралы жалпы ереже ҚР Азаматтық кодексінің 718 – бабының 1 – тармағында белгіленген. Бұрын егер сыйақыға деген құқық шартпен тікелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем шерты ақысыз деп қабылданатын.
1.Нам Г., Умуркулов М. Заем иностранной валюты между физическими лицами: теория и практика // Предприниматель и право. – 2000 - № 13
2.Осипов Е.Б. Правовая природа банковских договоров. Алматы. Издательство Әділет Пресс, 1997
3.Казахстанская правда. – 27 февраля 2001 года.
4.Гражданское право М. 1993
5.Осипов Е.Б. Аталған жұм. 122 бет
6.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан
7.Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы 1999 ж 1 шілде
8.Қазақ ССР – інің азаматтық кодексі 1963 ж.28 желтоқсан
9.Гражданское право Республики Казахстан. (под ред. Тулеуғалиева Г.и., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Алматы 1999 г
10.Гражданское право (Под ред. Сергеева А.п., Толстого Ю.К.,) т. 1,2, и 3. М., 1997 – 1998 гг
11.Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие Алма – Ата 1978 г
12.Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алма – Ата 1990 г
13.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық. Алматы
14.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
15. Юридическая газета 1999 ж. 13 қаңтар
16.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық кітабы Алматы, Жеті Жарғы (ерекше бөлім) 1 том

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.

Кафедра: Заң пәндер.

Тақырыбы: Заем шарты

Орындаған:
Қабылдаған:

Шымкент қаласы.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Заем шартының
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2. Заем шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

3. Заем шартының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе:

Заем шарты - бір талап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының)
меншігіне(шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік
белгілермен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы
заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы текті және сападағы
заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.
Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген
жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе
заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітілді деп
саналады. Егер шарт тасымалдың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол
консенсуалды болып табылады.
Реалды заем шарты көп жағдайда бір жақты болып табылады, өйткені заем
беруші ақша немесе заттарды бергеннен кейін міндетті тарап болып заемшыға
ғана табылады, ал заем берушіде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР
Азаматтық кодексінің 717 бабының 2 бөлігіне сәйкес ақша мен заттарды
бөлшектеп беру жүзеге асқанда да шарттың біржақты сипаты сақалады.Заемшының
ақша немесе заттардың белгілі бір мөлшерін тиісті мерзімдерде қайтару
міндеті мен қатар заем берушіде ақша немесе заттарды одан әрі беру
жөніндегі міндеті де болады. Осылайша, екі тарап бір – біріне қатысты
талаптар қоя алатын болады, бөліп – бөліп берудегі заем шарты реалды шарт
болып табылады, өйткені, ол ақшаның бірінші бөлігін берген сәттен бастап
жасалды деп есептеледі.
Егер заңды актілермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе заем шарты ақылы
болып табылады. Заем шартының ақылы екендігі туралы жалпы ереже ҚР
Азаматтық кодексінің 718 – бабының 1 – тармағында белгіленген. Бұрын егер
сыйақыға деген құқық шартпен тікелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем
шерты ақысыз деп қабылданатын. Азаматтық кодекстің жаңа редакциясына сәйкес
жалпы ереже бойынша ақысыз болып заттар берілетін заем шарты табылады (ҚР
ПК – ң 718 – бабының 2 – тармағы). Мұндай шартта оның ақылығы ескерілетіні
аз болғандай, сыйақының мөлшері мен нысаны (заттай немесе ақшалай де
ескертілуге тиіс.
Заем шарты :
1. Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының)
меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк
белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта
көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге
дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең
мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
2. Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге
байланысты шарттарда заем, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе және
тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы
төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және
бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн.
3. Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде
азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар
олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.
Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттiк
органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы
заңдарда белгiленген тәртiппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа
қабылдау жағдайларында қолданылмайды.

1.Заем шартының нысаны.
Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151, 152 – шарты заемшының
облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе
заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат
болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі (ҚР АК – ң
716 – бабының 2- тармағы). Мәселені осылай шешу заемшының міндеті күредлі
құралымды сипатқа ие емес екендігінен және заемдық міндеттемеге кез келген
біржақты ақшалай міндеттеме айнала алатындағымен байланысты. Сонымен қатар
заем жағдайлары туындаған сот талқылауы барысында одан әрі нақтылануға тиіс
болады.
Заем шартының элементтері. Заем шартының тараптары – заем беруші мен
заемшы болып азаматтық құқықтың кез келген субъектілері шыға алады. Жеке
тұлғалар әрекет қабілеттіліктің тиісті көлемін иеленбеу себебіне баланысты
заем шартының қатысушылары бола алмайды. Осы айтылған сөз құқық
қабілеттілігі арнайы сипатқа ие болатын заңды тұлғаларға да қатысты. Олар
заем берушілер болып тек олардың жарғысында көзделген жағдайларда не осы
заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің нақты рұқсатымен ғана бола алады. Олар
ақшаны өздерінің жарғылық қызметін немесе оларға заңмен рұқсат етілген
кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін қарызға ала алады. Бірақ мемлекеттік
мекемелер үшін елеулі шектеулер көзделген, шарт бағасын төлеу үшін кейінге
қалдыру немесе бөліп – бөліп төлеуден басқа олар заем қаражаттарын тарта
алмайды (өйткені олар тек қана бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады).
Жоғарыда атап өтілгендей бұл өз алдына дербес сатып алу – сату шартының,
басқа шарттардың аясында жүзеге асырылады, ал шарт бойынша төлем жүргізуді
кейінге қалдыру немесе бөліп - бөліп төлеуді көздейтін жағдайлардың өзі
тиісті шарттардың кәдімгі жағдайларына жатады.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан
заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады (ҚР АК – ң 715 – бабы 3 –
тармағы). Сондай – ақ олар банкілік заем шарттары бойынша заем беруші
ретінде болуға құқылы емес.
Заем шартының нысанасы. Заем шартының пәні болып тектік белгілермен
анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мүліктік құқықтар заем шартының
нысанасы бола ламайды. Қазақстан Республикасының Төлемдер және ақша
аударулары туралы Заңы қолма – қол емес ақша қаражаттары түсінігін
кеңінен пайдаланады, олар азаматтық – құқықтың дербес объектісі болып
табылмайды, өйткені олар банктен ақша (ақша бірліктерін) алуға
міндеттемелік құқықты ғана сипаттайды. Сондықтан қолма – қол және қолма –
қол емес ақшаларды шарттардың объетісі ретінде бөліп қарастырудың ешқандай
тәжірибелік маңызы жоқ. Заем шартының нысанасы ретінде толық көлемде шетел
валютасы бола алмайды, өйткені ол Қазақстан Республикасының Валюталық
реттеу туралы Заңының 1 – бабымен валюта құндылықтарына (валюталық реттеу
объектісіне) жатқызылған, ал валюталық құндылықтарға меншік құқығы мен өзге
де құқықтарын өтеуімен байланысты мәмілелер валюта операцияларына
жатқызылған.
Заем шартының нысаны
1. Заем шарты осы Кодекстiң 151-152-баптарының ережелерiне сәйкес
нысанда жасалуға тиiс.
2. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң
белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн
куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда
жасалды деп танылады.

Заем нысанасын беру
1. Заем нысанасын шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және жағдайда
берiледi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе
оның банктегi шотына тиiстi ақша қаражаты есептелген кезден бастап берiлген
деп есептеледi.
2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заемшы заем
берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейін заем берушiнi бұл туралы
хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
3. Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың
саны, түр-түрi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi
туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып
алу-сату шарттары туралы (осы Кодекстiң 406-492-баптары) ережелерге сәйкес
жүзеге асырылуға тиiс.

Нысаналы заем
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы
алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
2. Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр мақсатқа пайдалануы
шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның нысаналы
пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң
осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөнiндегi мiндеттердi,
сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған
жағдайда заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты
орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша
сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Заем нысанасын қайтару
1. Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын
қайтаруға мiндеттi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген
немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп
есептеледi.
Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол
туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.

Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын
қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем
берушінің келісімімен не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын
қайтарылуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта
мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.
2. Заем берушiнiң келiсiмiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты
бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды
қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен
орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келiсiмiмен
айқындалады.
3. Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы
заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған
жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi
сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару
мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм
бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен
бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру
мерзімі
Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-баптың 2-тармағында, 722-баптың
3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша заем нысанасын мерзiмiнен
бұрын қайтару туралы талаптар қойған кезде заем нысанасын қайтарудың және
ол бойынша сыйақыны төлеудiң жаңа мерзiмi осы Кодекстiң 722-бабының 1-
тармағында белгiленген ереже бойынша есептеледi.

2.Заем шартының мазмұны.
ҚР АК заем пәнін беру тәртібін реттейді. Заем пәнін беру мерзімдері,
мөлшері, жағдайлары шартта анықталады. Егер шартпен өзгеше еөзделмесе, заем
пәні оны заемшыға беру немесе оның банкілік шотына ақша аударған сәтте
беріледі деп есептеледі. Заемшы заем алудан бас тартуға құқылы, бұл туралы
ол заем берушіні оны берудің щартпен белгіленген мерзіміне дейін толығымен
немесе ішінара немесе шартта көрсету арқылы тыйым салыну мүмкін. Тектік
белгілермен анықталатын заттарды беру жөніндегі заем берушінің міндетін
анықтайтын Азаматтық кодекстегі норма жаңа норма болып табылады. Оларды
жағдайы үшін белгіленген, саны, сапасы, ыдысы мен буып – түйілуі бойынша
көзделген талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуға тиіс.
Жалпы ереже бойынша заем нысанасы болады. Бұл орайды, өйткені заемшы
заем пәнін өз меншігіне алады және оған оның кездейсоқ жойылуының барлық
қауіптері жүктеледі. Сол себепті заемшы алған заем пәнін өз қалауы бойынша
пайдалануға құқылы. Кейбір жағдайларда заем берудің ерекше жағдайларына
байланысты, мысалы, егер заем ерекшелік (заемшының қаражатқа деген аса
қажеттілігіне байланысты т.с.с) ретінде берілген болса, заем беруші қарызға
алынған соманы қайтаруды шынайы түрде қамтамасыз ете алатын жағдайларды
заемшының сақтауына мүдделі болуы мүмкін. Аталған ұқсас себептердің
салдарынан заем оны нысаналы пайдалану шартымен берілуі мүмкін. (ҚР АК 720-
бабы 2- тармағы). Нысаналы заем берген заем беруші заемның нысаналы
пайдаланылуын бақылауға құқық алады. Заемшыға заем берушінің осындай
бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Егер
заемшы заем пәнін нысаналы пайдалану жөніндегі, сондай – ақ оған заем
берушінің бақылау жасауын қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамаса,
онда заем беруші шарттан бас тартуға және заем пәнін және ол бойынша
сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заемшыға заем пәнін қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі өз міндетін
орындауды қамтамасыз ету міндеті жүктелуі мүмкін. Қамтамасыз ету тәсілдері
басқа міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдер
сияқты. Түсіндіріле алатын себептерге байланысты міндеттемені орындаудың
кепілпұл сияқты тәсілі қолданыла алмайды, жалпы ол реалды шарттар бойынша
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуға жатпайды.
Негізінен, тәжіриюеде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің кепіл
сияқты тәсілі қолданылады. Заем берушіге, сондай – ақ, заемның қамтамасыз
етілуіне бақылау жасау мүмкіндігі де беріледі, егер заңды актілермен немесе
шартпен өзгеше белгіленбесе. Бақылау заемшының жалпы міндеттемесін
орындауға қамтамасыз етуді қолдануға да және қамтамасыз етудің тиісті
тәсілін қолдануға да жүзеге асырылуы мүмкін.
Заемшы қарызды қайтару бойынша өз міндетін өзінің орындамау қаупін
сақтандыруға құқылы. Қазіргі кезеңдк сақтандыру бірқатар міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз етудің тиісді тәсіліне айналып отыр (жоғарыда рента
төлеуді қамтамасыз ету үшін сақтандыруды қолдану туралы айтылған болатын),
алайда таза заңдық мағынада ол міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
тәсіліне жатпайды.
Заемшы заем пәнін қайтаруды және сыйақы төлеуді қамтамасыз ету
жөніндегі міндетін орындамаған кезде сондай – ақ заем беруші жауап
бермейтін мәнжайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан немесе оның
шарттарын нашарлатқан жағдайда заем беруші шарттан бас тартуға құқылы.
Заем шартының негізгі мазмұны: заемшының заем сомасын
(тектікбелгілермен анықталған заттарды) қайтару міндеті және тиісінше заем
берушінің оларды қайтаруды талап ету құқығы.
Заем пәнін қайтару тәртібі ҚР АК 722 – бабымен реттелген. Қайтару
мерзімі заем шартының мәнді жағдайларына жатпаса да оның өзіндік маңызы
бар, заем шарты барлық жағдайларда дерлік шарт пәнін беру мерзімін көрсете
отырып жасалады, соған сәйкес қайтару мерзімі де анықталады. Заем мерзімі
көрсетілмей берілген кезде немесе оның мерзімін анықтау мүмкін болмайтын
жағдайда ҚР АК – ң 722 – бабының 1 – тармағының ережесі қолданылады. 277 –
баптың 2 – тармағына сәйкес орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған
міндеттемені орындау үшін жеті күндік жеңілдік мерзім белгіленгені белгілі.
Заем шарты үшін осындай мерзім отыз күнді құрайды, ол заем берушінің
қарызды қайтару туралы талапты қойған сәтінен бастап есептеледі. Бұл
жеңілдік мерзім орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған шарттар
бойынша заем пәнін қайтару кезінде ғана емес, сонымен қатар заем берушінің
талап етуі бойынша заем пәнін мерзімінен бұрын қайтарған жағдайларда да
қолданылады. (ҚР АК 223 бабы).
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берілген заем пәні мерзімінен бұрын
қайтарылуы мүмкін. Егер шартпен сыйақы төлеу көзделсе, онда бұл жағдайда
заем пәнін қайтаруға заем берушінің алдын ала келісімі талап етіледі. Бұл
ҚР АК – ң 282 – бабаының 2 тармағында белгіленген ереженің әрекет етуімен
түсіндіріледі. Соған сәйкес негізгі қарызды өтеу мен сыйақы төлеу жөніндегі
міндеттеме қатар туындаған жағдайда бірінші кезек сыйақы төлеуге беріледі.
Әсіресе жоғарыда келтірілген жағдайда, хаем пәнін қайтару мерзімі әлі
туындаған жоқ, сондықтан заем беруші қосымша пайда таба алады, яғни заем
пәнін мерзімінен бұрын қайтару оның мүддесіне сай емес.
Заем пәні оны заем берушіге берген немесе оның банктегі шотына тиісті
ақша аударылған кезде қайтарылды деп есептеледі.
Заем пәнін қайтару ерекше түрдегі (ерекше болатын себебі - әдеттегі
баламалы міндеттемедегі сияқты орындауды таңдау құқығы борышқорға емес
несие берушіге беріледі) баламалы міндеттеменің болуымен өзара байланысты.
Ақша заеммы шарты бойынша заемшының міндеттемесі тектік белгілермен
анықталған заттарды беру жолымен орындалуы мүмкін.
Егер заттар заемы шарты жасалса – борыш есебінен ақша берілуі мүмкін.
Заттардың құны тараптардың келісімімен анықталады. (ҚР АК – ң 722 бабы, 2
тармағы).
Шартпен заем пәнін бөлшектеп (бөліп – бөліп) қайтару көзделгенде
борышқор заем пәнінің кезекті бөлігін қайтару үшін белгіленген мерзімді
бұзған жағдайда заем берушіде заем пәнін тиесілі сыйақымен бірге мерзімінен
бұрын қайтаруды талап ету құқығы пайда болады.
Заемшының заем берушіге сыйақы төлеу жөніндегі міндеті туралы жоғарыда
атап өткенбіз. Сыйақыны төлеу тәртібі мен мерзімі оның мөлшері мен нысаны
сияқты заем шартымен белгіленеді.
Егер сыйақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері шартпен белгіленбесе, онда
ол ай сайын төленеді. Егер заемшы заем пәнін қайтару бойынша міндетін
орындауды кешіктірсе, онда сыйақы кешіктірілген уақыт ішінде есептеліп
төленеді (заем пәнін пайдаланған бүкіл кезеңге төленеді ҚР АК 718 бабы 3 –
тармағы)
Заем шартының жазбаша нысанда бекітілуі заем беруші заемшыға шарт
бойынша талап етілетін орындауды іс жүзінде бермейтін жағдай қалыптасуы
мүмкін екеніне кепілдік бере алмайды. Осыған байланысты даулар сот
тәжірибесінде жиі кездеседі. Әрине, заемшының мүддесін қалай да қорғау
қажет, сондықтан оған заем шартын оның валютасыздығы бойынша даулау құқығы
берілген. Бұл кейінгі уақыттың тапқырлығы емес, өйткені осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заем шартының нысанасы
Заем шарты
Заем шарты және жалпы сипаттамасы
Қарыз алу шартының мазмұны
Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету
Заем шартының элементтері
Заем шартының ерекшеліктері
Несие және есеп айырысу қатынастары
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты
Пәндер