Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.
Кафедра : Заң пәндер.
Тақырыбы: Зиян келтірудің салдарынан туындайтын
міндеттемелер.
Орындаған:
Қабылдаған:
Шымкент қаласы.
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің
түсінігі мен маңызы . . . 5
2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуы . . . 9
3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік . . . 15
4. Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік . . . 20
5. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу, моральдық зиянды өтеу . . . 25
Қорытынды . . . 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Адамдардың өзара қарым қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бір де бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс - әрекеттерінің салдарынан азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің тиесілі игіліктері мен құқықтарға зиян келтіруі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс - әрекеттерімен және т. б. келтіріледі.
Жоғарыда аталған субъектілердің іс - әрекеттерімен зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, құқыққа қайшы сипатқа да ие болады. Олар оларды жасаған тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтық құқық бұзушылық, басқаша айтқанда диаялектикалық, сипатқа ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, олар азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады.
Бұдан ары біз осыған қажетті шарттарды (талаптарды) сондай - ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтық қатынастарды қарастыру кезінде қолданылатын түсініктерді айқындайтын боламыз.
Алдымен азаматтық - құқықтың жауапкершілік түсінігіне қысқаша тоқталайық. Азаматтар мен зиян тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендегілер реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендегілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын, бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ұшықтыруға алып келуі әдбен мүмкін. Бұл, өз кезегін жәбір көрген тарапты озбырлыққа (рұқсат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық - құқықтық жауапкершілік табылды.
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болады. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтың шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастар мен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық асында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді) .
Азаматтық - құқықтың жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтылығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтік жауапкершілік дәстүрі түрде азаматтық құқықтық өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ереекшеліктері бар, олар ең алдымен құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.
Азаматтық - құқықтық жауапкершілік - заңдық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән: Олар:
- мемлекеттік мәжбүрленумен ажырағысыз байланыс;
- іс - жүзіндегі негіздеме - құқық бұзушылық болуы;
- құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыпталумен байланысты.
Алайда, азаматтық - құқықтық жауапкершілік спецификациялық, өзіне тән ішкі белгілеріге ие. Ол қылмыстық - құқықтық, әкімшілік - құқықтық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық - құқықтық жауапкершілік субъектілері іс - әрекеттерінің айрықша азаматтық - құқықтық салдарына реакция білдіру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін қолдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық - құқықтық салдарға алып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелерді оқып, үйрену. Оның қандай маңызы, жауапкершілігі бар екендігін анықтау. Бұл курстық жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлім және де қорытындыдан, қоланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың нормативтік базасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық кітаптарынан, авторефераттар, журналдар, газеттер, мақалалар.
1. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн.
2. Зиян келтiрушi, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
3. Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өтелуге тиiс.
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің басқа да заңдық жауапкершіліктерден тағы бір ерекшелігі - ол туралы нормалары оны жүзеге асырудың ерікті тәртібін де жоққа шығармайды. Соған орай азаматтық - құқықтық жауапкершілікті азаматтық құқық теориясында жасалып қойған құқық бұзушылықтар үшін жауап беру қажеттілігі ретінде анықтайды.
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады.
Азаматтық - құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап - арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде, егер олар ата - анасының қамқорлығында болмаса, талап - арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық - құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлітіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзыретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры - азаматтық - құқықтық жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария - құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай - ақ біреудің пайдасына ие мемлекет пайдасына қолдануға алып келеді.
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жеке - құқықтық сипаты зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер құрылымын құрастырудың бірден бір себебі болып табылады. Азаматтық - құқықтық жауапкершілік міндеттемелік құқықтық қатынас нысанынан басқа нысанда жүзеге асырыла алмайды. Ол қатысты болып табылады және жауапкершілік субъектісін де, құқықтық талаптілек білдірудің, иесін де сөзсіз айқындауға мүмкін береді.
Міндеттеменің аталған түрі заңнамаға сәйкес туындайды. Ол тараптардың келісімі бойынша тоқтатыла алмайды.
Оны іс жүзінде жүзеге асыру, алдында атап өткеніміздей, жәбірленуші субъектінің өз еркіне тәуелді болады. Ол, жалпы өзі арқылы адамдардың қандай да бір әлеуметтік маңызы бар қызметін туындату мақсатын көздемейді, ол тұтастай және толығымен адамдардың бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес аяларын қалпына келтіруге бағытталған. Сондықтан зиян келтіруден туындайтын міндеттеме азаматтық - құқықтық міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. Оның мақсатына сүйене отырып, оны қорғаушы міндеттеме ретінде анықтайды. Егер оның пайда болу деликтілік міндеттеме деп атаған жөн.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерімен реттеу аясы туралы осы айтылған сөз, осындай міндеттемеге сүйене отырып, міндетті субъект басқа субъектінің пайдасына зат беруге тиіс болатындығын жоққа шығармайды, бірақ бұл бұзылған құқықтарды қалпына келтіру қажеттілігімен жетеленеді. Міндетті субъектімен жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету тәжірибе жүзінде қолданылмайды, бірақ жоққа шығарылмайды. Бұл орайда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме осындай жан - жақты мазмұнға барлық жағдайларда емес, ал, тек зиян мүлікке ғана келтірілген жағдайда ие болады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме, басым жағдайларда, субъектілердің абсолюттік құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл оны тұлғалардың кез келген құқықтары оларға кез келген құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда, деликтілік міндеттеме құрылымын пайдалана отырып тұлға өзінің нақты бір субъектіге қатысы бар, қатысты құқықтарын да қорғай алады. Бұл, мысалы, тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсеулердің жетіспеушілігімен келтірілген зиянды өндіріп алу кезінде орын алады.
ҚР АК 917 - бабының 1 - тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игілікері мен құқықтарына заңсыз іс - әрекеттермен келтірілген мүліктік және мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс.
Сондай - ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай - ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.
Зиян келтіреден туындайтын міндеттемелер - бұл зиян келтірушнің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғалардың келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік - аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс - әрекеттермен мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық - құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе - тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.
Оларға азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкелер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалын да сезінері анық. Бұл азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да оның алуы мүмкін.
Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік - аумақтық бөліністер бола алады. Объективті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы ьолып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.
Борышқорлар ретінде, құқыққа қайшы іс - әрекеттерінің салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата - аналар, қамқоршылар, оқу, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар жатқызылуы мүмкін.
Орын алған жағдайда, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне, міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құұқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.
Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға да оған қатысты регрестік міндемме аясында кредитор болады.
Міндеттеме түрі болып ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап - арыздар «бәсекелесе» алатын талап - арыздарға жатады, зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтем ақы мөлшерін талап - арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме - дәл есептеле алмайды (егер де оның калькуляциясы жәбірленушімен берілсе, ол даулана алады) . Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән - жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге (сол тектес және сол сападағы затты беру, бүлінген затты қалпына келтіру және т. с. с. ) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме бір жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды.
Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, көптеген қатысушылары бар міндеттеме туындауы мүмкін. Жәбірленушілер тараптарынан тұлағалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады.
Зиянды бірлесес отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен қамтылатын жағдайлар бағаланады.
Ол заңнамаға сйәкес солидарлы жауапкершілікке алып келеді. ҚР АК 932 - бабына сәйкес. Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиянды ортақтасып өтеу қазіргі таңда Қазақ ССР заңнамасындағыдай бір жақты түрде қолданылмайды. Енді сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемның мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірілген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін.
Зиян келтiрудің алдын алу
1. Болашақта зиян келтiру қаупi мұндай қауiптi тудыратын iс-әрекеттерге тыйым салу туралы талап қоюға негiз бола алады.
2. Егер келтiрiлген зиян оны келтiрудi жалғастыратын немесе жаңадан зиян келтiру қаупiн туғызатын кәсiпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндiрiстiк қызметтiң салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиiстi қызметiн тоқтатуды мiндеттеуге құқылы.
Егер тиiстi қызметтiң тоқтатылуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметтi тоқтатудан бас тарту жәбiрленушiлердi осы қызметтен келтiрiлген зиянды өтеттiру құқығынан айырмайды. Қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлген зиян, егер бұл ретте оның шегiнен асып кетпесе, өтеуге жатпайды. Аса қажеттi жағдайда, яғни зиян келтiрушiнiң өзiне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауiптi жою үшiн келтiрiлген зиян, егер бұл қауiптi осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса, оны зиян келтiрген тұлға өтеуге тиiс. Мұндай зиян келтiрiлген мән-жайларды ескере отырып, сот оны өтеу мiндетiн зиян келтiрушi мүддесiне iс-әрекет жасаған үшiншi бiр тұлғаға немесе үлестiк тәртiппен осы үшiншi тұлға мен зиян келтiрушiге жүктеуi, сондай-ақ осы үшiншi тұлғаны да, зиян келтiрушiнi де зиянды өтеуден толық немесе iшiнара босатуы мүмкiн.
2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары.
Жоғарыда бір зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуының негізгі шарттарына нұсқайтын азаматтық заңнама нормаларына сілтеме жасаған болатынбыз.
Сондай - ақ ҚР АК 917 - бабының 2 - тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс - әрекет (әрекетсіздік) ; 2) зиянның болуы; 3) тұлғаның іс - әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарттар бір - бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық - құқықтық жауапкершілікті қолданудың) лездемесі болып азаматтық құқық бұзушылық табылады.
Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқыққа қайшылық ең алдымен тұлғалар іс - әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларынан нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және т. б. болуы мүмкін. Іс - әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу белгілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. Соның салдарынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады.
Бірқатар жағдайларда, іс - әрекеттердің құқыққа қайшылығы олардың мораль, саналылық, адамгершілік және әділеттілік талаптарына қайшы болуына яғни азаматтық құқықтық жалпы бастауларына сүйене отырып бағаланады.
Әрекетсіздіктің құқыққа қайшылығын анықтау кезінде біршама өзгеше белгілер қолданылады. Белгілі бір уақытта орын алған жағдайда сол бір немесе өзге субъект заңнамаға сәйкес сол бір немесе өзге оңды іс - әрекеттер жасауға тиіс болған, бірақ оларды жасамаған және соның салдарынан басқа тұлғаның құқықтарымен мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда ғана әрекетсіздік құқыққа қайшы болып табылады. Атап айтқанда, полиция қызметкері қызметте бола отырып және тұлғаның жеке басына қол сұғушылық болып жатқаннан көре тұра өзінің қызметтік борышын орындамауы мүмкін. Осы аталғандар құқыққа қайшы әрекетсіздіктің мүмкін болатын жағдайларының бірі ғана болып табылады. Өкінішке қарай, сот органдары әрекетсіздікке қарағанда әрекеттіліктің құқыққа қайшылығын белсенді түрде қабыл алады және бірқатар жағдайларда әрекетсіздікке бой алдырған субъект оны азаматтық құқықтық жауапкершіліктің өзге де түрлеріне тартудан құтылып кететінін айта кеткен жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz