Қазақстан Республикасында халықаралық туризмді дамыту мәселелері
КІРІСПЕ
5
1 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туризмнің экономиканы дамытудағы ролі және оған әсер ететін факторлар 7
1.2 Халықаралық туризм және туризм экономикасы үшін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау әдістемесі
12
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
2.1 Халықаралық туризмнің дамуы және туризмнің экономиканың сфераларына тигізетін ықпалы 19
2.2 Туризмнің Қазақстан экономикасындағы даму тенденциясы және осы саланы дамытудың алғышарттары 30
2.3 Туризм пилоттық кластері жобасын іске асыру 39
3 ТУРИЗМДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМЫТУ ПЕРСПИКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КЛАСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ұлттық туризмді дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары 45
3.2 Туризм кластерін қолдау шаралары мен даму перспективалары 50
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
60.61

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен жасалған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде анықталған жеті салада кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім қабылданды. Оның ішінде туризм индустриясының ел экономикасындағы перспективті салалардың бірі және осы саланың өркендеуі мен дамуы үшін нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар екендігі анықталды. Қазақстанның туризм үшін қажетті табиғи ресурстары бар бола тұра оны дамытуда өзінің мүмкіндіктерін толығымен қолданбайды деуге болады. Сол себептен «туризм» саласын және оның пилоттық кластерін дамыту мен оның перспективаларын анықтау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Еліміздің әлемдік туризм нарығында өзіндік орынға ие болу мүмкіндігі жоғары, ол үшін тартымды жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды қамсыздандыру керек. Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау осы мақсаттағы тиімді әрі жедел жолдардың бірі.
Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі. Мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында халықаралық экономикалық қатынастардың, оның ішінде қызмет нарығының жаңа формалары қарқынды дамып отыр. Қызмет көрсетудің халықаралық саудасының қарқынды дамып келе жатқан формаларының бірі халықаралық туризм болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымдардың мәліметтері бойынша халықаралық туризмнің үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің 11 пайызы, әлемдік экспорттың 6 пайызы келеді, әрбір 10-шы жұмыс орны осы қызмет секторымен байланысты. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы даму жүйесінде шетелдік туризм маңызды экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени функцияларды орындайды. ХХ ғасырдың соңында қалыптасқан тенденцияға сәйкес ұлттық шаруашылыққа елеулі ықпал етуші халықаралық туризм көп жағдайда ХХІ ғасырдағы әлемдік экономикалық дамуды анықтайтын болады. Сондықтан да оның дамуына әсер ететін факторларды талдау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
ХХ ғасырдың соңында туристік мақсатпен адамдардың қозғалысы әлемнің барлық елдерін қамтиды, оның ішінде Қазақстанның азаматтары да шетелдік елдерді игеру процесіне белсенді қосылып келеді. Халықаралық туризм жүйесіне белсенді араласу оның мәнін терең түсінуді талап етеді, өйткені халықаралық туризмді жан-жақты бағалау максимальды табыс алуға мүмкіндік беретін және мемлекетке едәуір табыс әкелетін экономикалық саясаттты қалыптастыру мен жүзеге асырудың елеулі факторы болып табылады.
Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономика салаларының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

1. S.Nordin. Tourism clustering and innovations// European Tourism Research Institute materials. – www.etour.se.
2. Портер М. Конкуренция. – СПб.: Вильямс, 2002. – 495с.
3. PricewaterhouseCoopers, 2001, adapted from Poon 1993 & Cooper et al. 1998 in “Structure performance and competitiveness of European tourism and its enterprices”, 2003.
4. Porter M.E. “Clusters and the new Economics of Competition”, Harvard Buisness Review, Issue 6, Nov/Dec 1998.
5. Gunn.S.A. Tourism Planning/ Washington: Taylor and Francis, 1994.
6. Е.Ополченова. Проблемы развития национального туризма// Туризм.- 2006. - №7. – с.32-33.
7. Текенов У.А. Теоретические и практические аспекты формирования и развития кластерной системы в Казахстане// Казахстан-Спектр. -2006. -№1. – с.93-
8. Исмаилова Д. Понятие туристического бизнеса и его значение в экономике страны// Экономика и право Казахстана. - 2004. -№4. -с.51-53.
9. Н.Ким. Компании и рынки. Туризм. Обратите внимание// Nationаl Buisness. -2006. -№1. с.34-35.
10. Развитие туристкой отрасли в Казахстане. www.fic.kz
11. Отчет о проделанной работе за 2006 год и задачах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан по развитию индустрии туризма, физкультуры и спорта на 2007 года, презентация Министерства и туризма Республики Казахстан.
12. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі мәліметтері, www.stat.kz ақпараттық сайты.
13. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы жылдық есебі, Қазақстстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметтері бойынша.
14. Отчет о проделанной работе за 2006 год Министру туризма и спорта Республики Казахстан Т.Досмухамбетову, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан.
15. Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының № 231 Жарлығы, 29.12.06ж.
16. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 28.02.07ж., www.zakon.kz ақпараттық сайты.
17. Презентация кластерного развития туризма, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан.
18. Туризм на Шелковом пути. Капитал, 4 марта, 2008г.
19. Казахстан – туристическая Мекка. www.igm.kz
20. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 13.06.2001ж., №231
21. www.cluster.kz ақпараттық сайты.
22. Тенденции развития туризма, презентация Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан по данным информационного сайта www.world-tourism.org.
23. Стратегия развития туристской отрасли Казахстана, презентация промежуточного отчета консалтинговой компании IPK International, 20.12.02г.
24. С.Аяғанов. Жүйелілік болмай, жүрісімізден жаңыла беретініміз анық// Егеменді Қазақстан. - 2006. -30 қыркүйек. - 2б.
25. Презентация по Национальной кадровой системе Республики Казахстан, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан, 01.11.2006г.
26. Проект презентации отчета о деятельности Рабочей группы по вопросам повышения инвестиционного имиджа Республики Казахстан, 2004-2006 годы, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан.
27. А.Бейсенбаев. Требуется инфраструктура// Казахстанская правда.- 2006.- 3 октября. – с.2
28. И.Полевой. Осбенности национального туризма// 04.08.06. www.gazeta.kz ақпараттық сайты.
29. Л. Кельбуганова. Казахстанский туристский продукт в кластерной политике // Экономика и статистика. - 2004. - №3. – с.126-129.
30. «В Варшаве прошли переговоры по проекту соглашения между правительствами Республики Казахстан и Польши о сотрудничестве в области туризма», 26.09.06, Kazakhstan today ақпараттық сайты.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚР-да халықаралық туризмді дамыту мәселелері
Мазмұны
КІРІСПЕ 5
1 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туризмнің экономиканы дамытудағы ролі және оған 7
әсер ететін факторлар
1.2 Халықаралық туризм және туризм экономикасы үшін 12
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау
әдістемесі
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ
ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
2.1 Халықаралық туризмнің дамуы және туризмнің 19
экономиканың сфераларына тигізетін ықпалы
2.2 Туризмнің Қазақстан экономикасындағы даму тенденциясы 30
және осы саланы дамытудың алғышарттары
2.3 Туризм пилоттық кластері жобасын іске асыру 39
3 ТУРИЗМДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМЫТУ
ПЕРСПИКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КЛАСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ұлттық туризмді дамытудың өзекті мәселелері мен оларды45
шешу жолдары
3.2 Туризм кластерін қолдау шаралары мен даму 50
перспективалары
56
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60-61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен
жасалған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде
анықталған жеті салада кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім
қабылданды. Оның ішінде туризм индустриясының ел экономикасындағы
перспективті салалардың бірі және осы саланың өркендеуі мен дамуы үшін
нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар екендігі анықталды. Қазақстанның туризм
үшін қажетті табиғи ресурстары бар бола тұра оны дамытуда өзінің
мүмкіндіктерін толығымен қолданбайды деуге болады. Сол себептен туризм
саласын және оның пилоттық кластерін дамыту мен оның перспективаларын
анықтау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Еліміздің әлемдік туризм
нарығында өзіндік орынға ие болу мүмкіндігі жоғары, ол үшін тартымды
жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды қамсыздандыру керек.
Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау осы мақсаттағы
тиімді әрі жедел жолдардың бірі.
Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып
келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі. Мемлекет
экономикасы үшін маңызды болып табылады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында
халықаралық экономикалық қатынастардың, оның ішінде қызмет нарығының жаңа
формалары қарқынды дамып отыр. Қызмет көрсетудің халықаралық саудасының
қарқынды дамып келе жатқан формаларының бірі халықаралық туризм болып
табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымдардың мәліметтері бойынша
халықаралық туризмнің үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің 11 пайызы, әлемдік
экспорттың 6 пайызы келеді, әрбір 10-шы жұмыс орны осы қызмет
секторымен байланысты. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы даму
жүйесінде шетелдік туризм маңызды экономикалық, қоғамдық-саяси және
мәдени функцияларды орындайды. ХХ ғасырдың соңында қалыптасқан
тенденцияға сәйкес ұлттық шаруашылыққа елеулі ықпал етуші халықаралық
туризм көп жағдайда ХХІ ғасырдағы әлемдік экономикалық дамуды анықтайтын
болады. Сондықтан да оның дамуына әсер ететін факторларды талдау бүгінгі
күннің өзекті мәселесі болып отыр.
ХХ ғасырдың соңында туристік мақсатпен адамдардың қозғалысы әлемнің
барлық елдерін қамтиды, оның ішінде Қазақстанның азаматтары да шетелдік
елдерді игеру процесіне белсенді қосылып келеді. Халықаралық туризм
жүйесіне белсенді араласу оның мәнін терең түсінуді талап етеді, өйткені
халықаралық туризмді жан-жақты бағалау максимальды табыс алуға мүмкіндік
беретін және мемлекетке едәуір табыс әкелетін экономикалық саясаттты
қалыптастыру мен жүзеге асырудың елеулі факторы болып табылады.
Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының
құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды
экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың
жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономика
салаларының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.
Дегенмен, қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінде халықаралық
туризмді дамыту мәселелері толық зерттелмеген. Сондықтан да жоғарыда
аталған жағдайларды есепке ала отырып, аталған мәселелерді шешу
тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты туризм индустриясының даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және
тәжірибиелік тұрғыдан негіздеп зерттеу және экономикалық өсуді қамтамасыз
ететін қызмет сферасы үшін оның маңыздылығын ашып көрсету, туризм
кластерінің ел экономикасын дамытудағы мүмкіндігін қарастырып, оның даму
перспективаларын анықтау.
Көзделген мақcаттарға сәйкес дипломдық жұмыста келесідей міндеттер
қойылған:
- туризм саласының ел экономикасына тигізетін әсерін саралау;
- мәліметтерге сүйене отырып Қазақстандағы туризм саласының даму жағдайын
зерттеу және халықаралық туризмді дамыту мүмкіндіктерін айқындау;
- Қазақстандағы туристік кластер мен жалпы туризм саласының дамуына кедергі
болып табылатын тетіктерді айқындау және соның негізінде осы саланы дамыту
бағыттарын анықтау;
- туризм кластерінің ел экономикасындағы даму персективаларын бағалау.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кластерлер мен бәсекелестік теориясы
жайында жазылған шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері,
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігінің, Статистика
жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда
жарияланған материалдар мен интернет сайттарының ақпараттары кеңінен
қолданылды.
Зерттеу пәні: Халықаралық туризмнің дамуы болып табылады,
Зерттеу объектісі: Әлемдік туризм индустриясының дамуы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған, және 13
кесте мен 7 суретті қамтиды.
1 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. Туризмнің экономиканы дамытудағы ролі және оған әсер ететін
факторлар
Ел экономикасының толығуы мен туризм бір-бірімен өзара тығыз
әрекеттеседі. Жалпы экономикалық факторлар туризмге әрі теріс, әрі оң әсер
береді. Оң әсер етуші факторлар болып мыналар табылады:
- Нақты табыстың өсуі, бұл кезде тұтынушылар мол қаржыға ие болады,
осыған сәйкес туризмге деген сұраныс арта түспек;
- Пайданың барынша тепе-тең бөлінуі, қаншалықты қолдағы табыс тепе-тең
бола түссе, соғұрлым көп адамдар туристік өнім тұтынатын болады;
- Валютаның тұрақтылығы, егер шетел валютасының құны тұрақты болса,
тұрғындар оны көп мқлшерде сатып ала алады, әрі бұл жағдайда олар өз
демалысын дұрыс жоспарлай алады.
Туризмге теріс әсер етуші факторлар болып мыналар табылады:
- Экономикалық дағдарыс құбылысы;
- Жұмыссыздықтың артуы, жалақының қысқаруы және сол сияқты т.б.;
- Валютаның тұрақсыз жағдайы, егер шетел валютасының құны жоғары
болса, тұрғындар оны аз алады да, елдің тұрғындарына, шет елдерге туристің
барып-қайтуы қымбат тұратын болады.
Туризм өзі орналасып, дамыған аймағының экономикасына үлкен әсер
етеді. Туризмнің қоғам өміріне әсерінің басты үш бағытын атап өтуге
болады: экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық.
Туризмнің экономикалық маңызы. Экономикалық жағдайы ретінде екі жағынан
қарастырылады:
- Экономикалық кешен, өрлеуі көбінде бейбіт өмір тіршіліктің процестері
мен қатынастарының экономикалық біртұтас жиынтығы.
- Экономикасының өрістеуінің маңызды қоздырғышы ретінде. Бұл сапасы
бойынша туризм елдер арасында ішкі жалпы өнімнің өзара бөлінісу арнасы
қызметін атқарады.
Кемелденген әлемдегі туризм:
- Индустриалды түрге ие;
- Жинақтауға және тасымалдауға болмайтын қызмет түрінде көрініс береді;
- Жоғары тиімділігі мен тез салым қайтарымдылығымен сипатталады;
- Жаңа аудандарда шаруашылықты игерудің негізі болады;
- Табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың тиімді тәсілі болады;
- Адам қызметінің барлығымен, барша шаруашылық салаларымен нақты түрде
үйлесіп ынтымақтасады.
Дамыған елдерде шетелдік туризмнен түсетін табыс қара және түсті
металдармен халықаралық саудадан түсетін пайдадан екі есе артық болатыны
мәлім.
Туризмнен түсетін табыс туристік сапар барысындағы шығындардан
құралады. Ол туристің бару, қайту, мекенде болу барысында тұтынуға шығарған
шығындарының жиынтығымен анықталады [1].
Туристік шығындарға мыналар жатады:
- біртұтас жолсапар;
- демалу және турпакеттер;
- орналасу;
- тамақтану;
- көлік тасымалы;
- рекреациондық, мәдени және спорттық қызмет түрлері үшін;
- саяхаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұтыну тауарлары;
- медициналық қызмет және басқалар.
Тізбектелген туристік шығындар экономикаға тікелей әсер етеді. Яғни
туризмнің экономикалық қызметі ұлттық табыстың құралуына өз әсерін береді.
Туризмнің ел экономикасында тұтастай алғанда қоғамға әсер ету аумақтары
болып табылатындар:
- кәсіпкерлік аумағы. Туристік кәсіпорын құру тұтынушыға өз өнімдері
мен қызметтерін ұсыну арқылы пайда әкелумен қатар, жұмысшылар мен
қызметкерлерге жалақы мен түрлі төлемдер алуына, акционерлерге – табыс,
мемлекетке алымдар мен салықтар алуға мүмкіндік береді.
- Тұтынушылық және кірістік жақтары. Туризм тұтынушылық сұраныстың жаңа
түрін жасайды. Туристердің әртүрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысы
жергілікті өнеркәсіп орындарының дамуына ықпал етеді. Осының арқасында
тұтыну тауарын өндіру артып, тұрғындардың тұрмыс деңгейі көтеріледі.
Туризмнің арқасында жергілікті кәсіпорындар өсіп өркендейді, оның
ішінде:
- өз кезегінде салық салу арқылы жергілікті тұрғындарға пайда беретін
мәдени және ойын-сауықтар (музей, көрме, мемориалдық кешендер және
ескерткіштер, шоу-бизнес, кинобизнес).
- Көлік кәсіпорындары мен фирмалары (қоғамдық көлік, автокөлікті жалға
беру, автобустарды саяхаттауға пайдалану, жергілікті авиокомпаниялар да
көбінде туризмнен табыс табуға бағышталған);
- Сувенирлер даярлаушы, арнайы туристік жабдықтар мен қолөнер
бұйымдарын жасаушы кәсіпорындар (бұл кәсіпорындардың бұйымдары бүкіл әлемде
көбінесе туристерге бағытталған).
Валюталық жағы. Туризм шетел валютасы ағымынан елге келуіне ықпал
етеді. Әлбетте шетел валютасы тек туристік жолдамаға төлеу арқылы ғана
емес, сонымен қоса туистер күнделікті шығындары мен қосымша қызметтер үшін
туристік орталықтардағы ақша алмастыру арқылы реттеседі.
Өндірістік құрылымы. Туризм тек туристер үшін ғана емес, жергілікті
ітұрғындардың демалысына пайдаланатын демалу құрылымын жасайды. Жаңа
туристік орталықтардың өрістеуі, сервистік, сауда-саттық және ойын-
сауықтық өнеркәсіптердің пайда болуымен қабаттаса жүреді, бұнымен қоса
қоршаған инфрақұрылымға, әрі тұтыну нарықтары мен кәсіпкерліктің басқа
тұстарына, оң әсер ететін жолдардың құрылысы мен пляждар салынуын айтуға
болады. Туристік инфрақұрылымның өркендеуі арғы немесе бергі аймақтағы
жергілікті тұрғындардың тұрмысының көрсеткіші болады.
Туристердің барған жерінде жұмсаған ақшасы біруақытта сол барған
елдің кірісін де құрайды. Бұл кіріс тізбектелген түзіліске бастайды.
Кәсіпорындардың алғашқы айналымда түсірген құрал т.б. түрдегі табыстарының
әрбір сомасы есеп шотта қалмай қайта айналымға түседі. Туризмге шығындар
жасау арқылы алғашқы кірістерді қайта айналымға салу өсім қосып нәтиже
береді де туризмге арналған қандай да бір тауар, өнім шығарушы үшінші жақ
кәсіпорнына табыс түсіреді. Нәтижесінде өнім қосқан кіріс алынады.
Бұл процесс ел экономикасына жанама әсер етеді. Елдің экономикасына
туризмнен жанама әсер, туристердің тауар мен қызметті белгілі мерзімде,
белгілі жерде сатып алуының қайталануы әсерінен пайда болады.
Мұндай құбылыс мультипликациялық әсер немесе мультипликатор деп
аталады. Туризмнің мультипликациялық әсері шығыс-кіріс тізбекті түзілісінің
барысында әрбір туристен алынатын табыс, оның саяхат барысында тауар мен
қызмет үшін жұмсаған ақшасының мөлшерінен асып түсіп пайда түскенде
көрінеді. Бұл туристік қызмет пен тауар сатудан түскен қаржының бір бөлігі
салықтарды төлеуге жұмсалатынын білдіреді. Туристік кәсіпорын тек
жергілікті тауарларды сатып алғанда ғана одан түскен табыс түгелімен сол
аймақтың экономикасына жұмыс істей бастайды. Осы табыстан жұмысшыларға
жалақы төленеді де олар өз кезегінде бұл қаржыны тауар мен қызметті сатып
алуға жұмсайды. Туристерден түскен ақшаның бір бөлігі қор құруға жұмсалады
да тағы бір бөлігі басқа жерлерден сатып алынған тауарларға төлеуге
жұмсалып, бұл өз кезегінде туризм экономикасынан түскен табыстың басқа
жерлерге ағып кетуіне жол ашады. Сонымен туристік өнім өндірісін басқару
және табысты арттыру мультипликациялық туристік шығындардың артуын
күшейтеді. Екінші жағынан қаншалықты туристік өнім сырттан әкелінсе,
соншалықты оның сол жергілікті жер үшін тиімділігі азая түседі.
Жалпы барлық аймақтық көлемді алғанда туризм экономикасы мешеу қалған,
құрылымы дамымаған аймақтың экономикасының көтерілуіне әсер етеді. Бұндай
аймақтардың тұрғындары үшін туризм аса маңызды қосымша табыс көзі болып
табылады.
Туризм жалпы экономикалық мәселелерді шешуге көмегі тигенмен бірақ
туристік қызметтің сан-сапалылығын ескерер болсақ, ол өздігінен тиімді
болып өз алдына дами алмайтынын да байқауға болады.Туризмнің экономикалық
тиімділігі сол елдің халық шаруашылығы мен басқа да салаларының кешенді
дамуына параллель түрде әсер етеді.
Туризмнің әлеуметтік маңызы. Туризмнің қоғамдық өмірдің әлеуметтік
жағдайындағы мәнділігі мыналардан тұрады:
- Қоғамның психо-физиологиялық қорларын қалпына келтіру және адамдардың
еңбек қабілеттілігі;
- Бос уақыттың тиімді пайдаланылуы;
- Жұмыс орындарын жасау мен тұрғындарды еңбекпен қамту;
- Жергілікті тұрғындардың мәдениетіне әсері;
- Кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің жұмысшыларын табыспен
қамтамасыз ету;
- Туризмнің экологиялық қауіпсіздігі және оның рекреакцияны
тұрақтандыру мен қалыптастыруға бағышталуы.
Әлеуметтік тұрғыдан туризм адамның күш-қуатын, яғни өндіріс
саласындағы өзінің міндеттерін атқарудағы физикалық және жүйкелік
ауыртпалықтарды әрі тұрмыстық біртектіліктен демалу мен қалпына келтіру
болып табылады.
Туристік демалу – бірқалыпты жағдайды өзгерту, өмір қалпын жақсарту,
шаршаудан ажырау әрі көңіл күй көтерудің жаңа жерлермен танысудың, оның
адамдармен танысуы жалпы пайымын ұлғайтудың және т.б. мүмкіндіктері. Бұның
бәрі адамның күш-қуатын қалпына келтірудің мүмкіндігі [2].
Туристік кәсіпорындар туристік демалуға шақыра отырып, өздерінің
қызметін де ұсынады. Туристер жексенбі күнін, демалысын, тиімді де пайдалы
өткізуге мүмкіндік алады. Жастарды ойын-сауықтық тартымды саяхаттарға тарта
білген туристік клубтар жақсы мінезді жастардың қалыптасуына мүмкіндік
жасайды. Туристік кәсіпорындардың өз алдына қойған мақсаттарын дұрыс
орындауына қоғамдық физикалық, тәндік денсаулығы мен моральдық қасиеті
тікелей байланысты болады.
Туристік индустрияның дамуы жұмыс қолының еңбекпен қамтылуын шешеді.
Туризм экономиканың ең бір көп еңбек сіңіруді талап ететін саласы және сол
арқылы жұмыссыздықтың азаюына мүмкіндік жасайды. Дүние жүзілік еңбекпен
қамту ұйымының мәліметіне қарағанда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыс орны
туристік салаға тиесілі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей туристік индустрия даму барысында
түрлі жұмыс қорын басқа ауданнан тартуға мәжбүр болып, сол арқылы
жергілікті тұрғындардың санын арттырады. Туризм тұрғындардың өмір сүру
деңгейінің артуына әсер етеді. Туристік салалардағы қызмет басқа да
жұмыстарға қарағанда жұмысшыларға жақсы төлемақы жасайды, сондықтан да
туризм саласындағы жұмыс жоғары сұранысқа ие.
Кемелденген туризм экологиялық жағдайға екі жақты әсер етеді. Бір
жағынан қоршаған ортаға белгілі дәрежеде зиян келтіреді. Яғни адамдардың
өмір қағидасы мен жануарлар және өсімдік әлемінің қалыпты жағдайы өзгереді.
Жергілікті тұрғындар туризмнің зиянды жақтарына алдыңғы қатарда
автокөліктердің әсерінен ауаның ластануы және жерді экологияға жат әсерін
жатқызады.
Енді бір жағынан туризм экологияның және рекреациялық ресурстардың
жақсаруына мүдделі, өйткені ол оның қызметінің ең маңызды шарттарының бірі.
Туризм табиғи, тарихи, мәдени обьектілерді пайдалана отырып, олардың
сақталуына мүдделі. Ескерткіштер саны, сапасы, парктердің әсем болуы,
туристердің жақсы демалуына мүмкіндік ашып, әрі туристік кәсіпорынның
дәрежесін артырады.
Туризмнің жергілікті тұрғындарға кері әсерінің нәтижелеріне мыналарды
жатқызуға болады:
• Машықталынбаған еңбек үлесінің артуы;
• Қоғамдық мінез-құлық әдеттен ауытқу санының артуы
• Жастардың өмірге жеңілтек қарауы, ажырасулар;
• Мәдениеттің кәсіпшілікке айналуы;
• Нақты туристік бағыттың өз құндылығын жоюы;
• Жергілікті халықтар мен туристер арасындағы жан-жалдар.
Туризмнің оң және теріс әсерлері барысында жергілікті тұрғындар
өздерін ұлттық, отаншылдық және индивидтік деңгейден көрсетеді. Туристік
қажеттіліктерін қанағаттандыру, аймақтың тұрғындарының мүдделеріне қайша
келмеуі, мәдени және тарихи құндылықтарға, қоршаған ортаға, табиғи
құндылықтарға залалын тигізбеуге тиіс.
Туризмнің гуманитарлық маңызы. Бұл мағынада жалпы алғанда демалысты
сол туристік сапарда болған елдің тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптарын
ұштастыру. Туристер үшін сол жердің көркем орындарын тамашалау маңызды
мәнге ие. Саяхат барысында көрген, естігеннің бәрі әдетте ұзақ есте
сақталады. Әртүрлі халықтардың мәдениеті және салт-дәстүрімен танысу
адамның пайымдауын арттырып, рухани байыта түседі.
Сонымен туризмнің артықшылығына мыналар жатқызылады:
• Аймаққа ақша ағымының артуы, соның ішінде шетел валютасы;
• Ішкі жалпы өнімнің өсуі;
• Жаңа жұмыс оырндарын құру;
• Туристерде, жергілікті тұрғындар да пайдаланатын демалыс орындарын
жаңғырту;
• Қаржы салымын тарту, соның ішінде шетелдік қаржыны;
• Аймақта салық жинағының артуы;
• Туризмнің дамуының теріс салдарларына мыналар жатқызылады:
• Турситік импорт арқылы ақшаның шетелге ағуы;
• Туризм арқылы әлеуметтік және экологиялық мәселелердің тууы;
• Егер туризм аймақта негізгі сала болса, басқа халықтың шаруашылықтың
дамуына кері әсері.
Туризмнің экономикалық жүйесінде төмендегідей туризмнің өмірлік кезеңдік
циклі болады:
• өндіріс
• қалыптастыру
• өткізу
• тұтыну
Туристік қызмет өндірісі туристік индустрия арқылы қалыптасады. Туристік
өндіріс көбінде мемлекеттің жалпы жағдайы мен экономикасына, саяси
жағдайына, қауіпсіздік мәселесі мен аймақтық тұтынушылардың ақпаратпен
жеткілікті қамтылуы секілді ішкі факторларға бағынышты болады. Бұл
себептердің кез-келгені тіристік ағымды кемітуге мүмкіндігі зор
болғандықтан, туристік өнеркәсіптің қаржылық тұрақтылығына шешуші әсер ете
алады.
Туристік өнімді қалыптастыру процесі және оны кейін туристік нарықта
сату оның күрделі жағы болып табылады. Әрбір жеке көрсетілген туристік
қызмет (орналастыру, тамақтандыру, саяхат тасымалдау, мәдени-көпшілік
шаралар және т.б.) өздігінен туристің барша қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды. Бұндай жағдайда саналы түрде туристік қызме көрсетулерді біртұтас
кешенді корпорация түрінде жасау қажеттілігі туындайды, яғни көптеген
кәсіпорындар мен туристік ассоциациялардың тізе қосып күш біріктіруі
нәтижесінде жасайтын біртұтас туристік өнім шығару. Мұндай қажеттілік
туризм экономикасында алдын-ала, туристік нарықта туристік
ұйымдастырушыларға, яғни туристік өнімді тұтынушыға жеткізіп беруді жүзеге
асыратын туроператорлар және турагенттерге аса ерекше роль беріп, оның
қажеттілігін айқындайды [3].
Туризмнің экономикалық жүйесінің соңғы тізбегі – бұл туристік өнімді
тұтыну. Бұл процесте өзіндік ерекшеліктер бар. Әдеттегі заттай өндірісте
оның өнімі өндірілген жерден тұтынушы бар тұсқа тасымалданады.
1.2 Халықаралық туризм және туризм экономикасы үшін негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау әдістемесі
Туризм саласындағы маман елде қабылданған салық салу жүйесі соның
негізінде құрылған, ұлттық табыс және басқа да одан туынды
макроэкономикалық көрсеткіштер өлшенетін ұлттық есеп жүйесіне жақсы
бағдарлануы тиіс.
Ұлттық өнім тауарлар ағыны немесе табыстар ағыны ретінде есептеле
алады. Шеңбер айналымның ішкі бөлігі өндіріс факторларын пайдалану
нәтижесінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің қозғалысы есебінен
қалыптасады. Шеңбер айналымның сыртқы бөлігі осы тауарлар мен қызметтерді
сатып алуға қаржы жұмсау нәтижесінде құрылады. Макроэкономика ұлттық
табыстың екі тәсілмен есептелетіндігін белгілейді: тауарлар ағыны тәсілі
бойынша, яғни соңғы тұтынуға кететін барлық ақша құралдары қосу арқылы
және табыстар ағыны тәсілі бойынша – факторлық табыстардың жалпы сомасы
ретінде: жалақы, рента, пайыз, пайда. Дұрыс есептеген жағдайда бірінші
тәсілмен есептелген нәтижелер екінші тәсілмен алынған ұлттық табыс
параметрлеріне сәйкес болу керек. Бұл кезде тауарлар ағынын ақшалай
бағалау табыстар ағынынан пайда шамасына ерекшеленеді, осылайша сондай-ақ
ұлттық табыста ескеріледі.
Ұлттық табыста екі рет есептемеу үшін тек ғана тауарлар мен
қызметтерді соңғы тұтынуды ескерген маңызды. Шындығында, бұл мәселе
міндетті түрде болады, егер туроператордың туристік өнімі басқа да
өндірушілердің қызметтерін тарту есебінен қалыптасатындығын еске түсірсек:
әуе компаниялары (көлік қызметі), қонақ үйлер (орналастыру қызметі),
ресторандар (тамақтану қызметі), театр, мұражай, концерттік зал,
аттракцион (көңіл көтеру қызметтері), туристік агенттер (өткізу қызметі),
жаппай ақпарат құралдары (жарнама қызметі) және т.б. Барлық бұл қызметтер
соңғы туристік өнім үшін аралық өнімдер болып табылады және оның құнына
енгізілген. Осылайша кәсіпкерлер туристік өнім құнына басқа еңбектің құнын
қосады, өйткені олар басқа фирмалардан көптеген қызметтер алады және оған
өз еңбегі мен өз ресурстарын қосады. Міне, осылар екі рет есептеуді
болдырмау үшін ұлттық табыста ескерілуі қажет қосылған құнды құрайды (кесте-
1.)
Кесте 1. Туристік өнім өндірісіндегі қосылған құнды анықтау
Туристік өнім Өткізуден түскен Аралық қызметтер Қосылған құн
өндірісінің стадиялары түсім құны
Көлік қызметтері 400 -400 -400
Орналастыру қызметі 600 -600 -200
Тамақтану қызметі 800 -800 -200
Көңіл көтеру қызметі 900 -900 -100
Өткізу қызметі 1000 -1000 -100
Жарнама қызметі 1050 -1050 -50
Басқа қызметтер 1150 -100
Соңғы туристік өнім 5900 -4750 -1150
Ескерту: КР статистика агенствосының жинағы бойынша автормен құрылған
Қосылған құнды анықтаудың мәні тек ғана ұлтық табыстың нақты мәнін
анықтауда емес, сондай-ақ салықтардың шамасын анықтағанда үлкен роль
ойнайды. Шындығында, егер 11 кестеге қарайтын болсақ, туроператордың
қосылған құны (басқа қызметтер) тек ғана 100 шартты бірлікті құрайды, ал
бұл кезде кейбір салықтар туристік өнімнің соңғы меншік иесі ретіндегі
туроператорлардан кейде қосылған шоттың толық сомасынан (1150 ш.б.) және
тіпті жалпы көрсеткіштен (5900 ш.б.) алынады.
Ұлттық табыс әртүрліше жұмсалына алады. Ұлттық табыстан бөлінетін
инвестицияның шамасына тәуелді бір-бірінен ерекшеленетін үш нұсқа бар:
1. Нөлдік инвестициямен стационарлық вариант, капитал запастары жыл
ағымында ұлғаймайды, ал капитал небәрі амортизациялық аударымдар құнына
ауысады.
2. Оң инвестициямен дамушы вариант, ұлттық табыстың бір бөлігі үйлер,
қондырғылар мен тауар запастарының өсіміне бағытталады.
3. Теріс инвестициямен дағдарысты вариант, тұтынушы сақтап қалу үшін
капиталды қолданады.
Аталған варианттар капитал динамикасы мен инвестициялық процесті фирма
қызметі мен жанұялық тұтыну деңгейінде, сондай-ақ ұлттық масштабта
сипаттайды. Соңғы жағдайда ұлттық табысқа соңғы тұтыну және капитал құрушы
бөлігі қосылады, бірақ алғашқы капитал есебінен жүзеге асырылатын тұтыну
қосылмайды.
Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнім көрсеткіштері тек ғана ел
ауқымында емес, туристік фирмалар деңгейінде де есептеледі. Өйткені сол
тәсілдер салық салынатын ішкі табыстарды есептеу үшін қолданылады. Бұл
кезде кәсіпкерге өзінің менеджерлік қызметінде туристік өнім өндірісінің
тиімділігін көтеру үшін және артық салық салуды болдырмау үшін ескеру қажет
жағдайлар туындайды.
Егер туристік фирма авиакомпаниядан ұшаққа орын, ал мейманханадан
бөлме нөмірлерін сатып алатын болса, онда бұл кезде ол ұлттық өнімді
өсірмейді, өйткені жаңадан ешқандай өнім жасалған жоқ және бұл келісімдер
өзінің табиғаты бойынша көлік төлемдеріне жатады. Туризмде аралық
келісімдердің жалпы көлемі соңғы келісімдердің көлемінен біршама үлкен.
Сондықтан егер туроператорлардан аралық келісімдер есебінен өте аз көлемде
салық алатын болса, бұл пайданың мәнін арттырып, туристік өнімді
қалыптастыру бойынша іс-әрекетті тиімсіз етуі мүмкін. Егер құрылатын
ұлттық өнімді фирма деңгейінде қарастыратын болсақ, онда негізіне мына
теңдікті алған жөн.
NNP = C+I немесе I= NNP-C
NNP- тауарлар ағыны бойынша есептелген таза ұлттық өнім;
I – таза инвестициялар;
C – тұтыну тауарлары мен қызметтерінің ағыны.
Туристік фирма экономикасында осы формуламен есептелетін S қор жинау
көрсеткішінің мәні үлкен.
S= NNP-C
Бұл кезде NNP табыстар ағыны тәсілі бойынша анықталады. Бұл турситік
өндірісте инвестиция мен қор жинау көрсеткіштері тең деген қорытынды
жасауға мүмкіндік береді, яғни I=S. Егер әрі қарай біз мемлекеттің жинағын
талдайтын болсақ, онда I инвестиция көрсеткіші өзгеріссіз қалады, бірақ S
қор жинау көрсеткіші әртүрлі үш жағдайда талданатын болады:
• Салықтарды шегергеннен кейін тұрғындарда қалатын таза жеке жинақ
ретінде;
• Дивидендтер түрінде төленбейтін, фирмада қалатын корпорациялардың таза
жинақтары;
• Мемлекеттік табыстар мен шығындардың айырмасы ретіндегі мемлекеттің
таза табысы.
Туризм ұлттық экономиканың дамуына белгілі бір ықпал етеді деген кезде,
туризмнің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ету деңгейін
дәлелдеу керек: жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке
тұтыну мен азаматтардың қор жинауы, инвестиция және басқа да параметрлер.
Туризм экономикасы бойынша әдебиеттерде туризмнің экономикалық әсерін
өлшеу үшін мультипликатор моделін қолдану ұсынылады. Мультипликатор
дегеніміз табыстың инвестиция өзгеруінен өзгеру тәуелділігін көрсететін
коэффициент. Ол келесі сфераларда әрекет етеді:
• Сауда;
• өнім шығару;
• табыс;
• тұрғындардың жұмысбастылығы;
• мемлекеттік табыс.
Кейнс мультипликаторының моделі:
K = 1 1 – C – m
K – мультипликатор;
1- туристік шығындар көрсеткіші;
1 – C – шығындарды үнемдеу;
m- импорт
Одан әрі бұл модель ұзақ мерзімді мақсаттар үшін келесі түрде боалды:
K = 1 1 – C+m-i
i- инвестицияға шектеулі бейімділік
Тұтынудың қоғамдық секторы арқылы шығындардың өту тиімділігін есепке ала
отырып формула келесі түрде берілуі мүмкін:
K = 1 1 – C+m-i-g
g – тұтынудың қоғамдық секторында шығындарға шектеулі бейімділік
Қазіргі кезде қысқа мерзімді есептеулер және болжау үшін Арчер моделі
қолданылады:
K = (1-L) (1-C (1-ti)(1-td-b) + m)
L – экономика арқылы құралдың өтуінің алғашқы циклі;
ti – жанама салықтардың шекті мөлшері;
td- тікелей салықтар және басқа да ұсталымдардың шекті мөлшері
b – трансфертке шығындардың шекті мөлшері.
Салық ставкаларын қысқарта отырып, протекционистік саясатты қолдану
нәтижесінде елдер мен географиялық орталықтарға теңестіру мультипликаторы
моделін қолдана отырып, толық шамада пайда алуға мүмкіндік болады.
Туризмнің даму деңгейі көп жағдайда мемлекеттің қаржы жүйесі мен
туризмге қатысты жүргізілетін мемлекеттің қаржылық саясатына тәуелді.
Қаржылық қатынастар бұл мемлекетте қабылданған механизм, оның көмегімен
мемлекет экономикалық, саяси, әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін
қажетті ақша құралдарын қалыптастырады және пайдаланады. Жетілген
мемлекетте мұндай механизм болып мемлекеттік бюджет, яғни маңызды
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау үшін қолданылатын
орталықтандырылған қор табылады.
Туризмнің елдің экономикасына тікелей ықпалын оның ЖҰӨ-гі үлесін
анықтау арқылы білуге болады. Статистикалық мәліметтер тек кейбір аралдық
мемлекеттерде бұл үлес 30 %-тен асатындығын көрсетіп отыр: Антигуа -58%,
Багам аралдары - 52%, Бермуд аралдары-35%. Ямайка, Кипр, Мальта, Фиджи
сияқты территориясының мөлшері бойынша кішігірім аралдық мемлекеттерде
туризмнен түсетін табыс үлесі ЖІӨ-нің 20%-нен аспайды. Бұл онда туризм
табыстың басты көзі болса да туризммен қатар басқа да экономикалық кешендер
дамыған деген сөз (кесте-2).
Кесте 2. Аралдық мемлекеттердегі туризмнің дамуының кейбір көрсеткіштері
(2008)
Елдер Түсімдер ЖҰӨ, млн АҚШ Туристердің Туризмнің
көлемі, млн доллары тығыздығы мәні
АҚШ доллары (туристер-жергілі(түсімдер
кті тұрғындар) ЖҰӨ*100%)
Шри-Ланка 75 6448 0,02 1,2
Ямайка 407 2090 0,35 19,5
Доминикан
Республикасы 9 90 0,56 10,0
Кипр 497 2821 2,22 17,6
Бермуд аралдары 357 1030 7,11 34,7
Сейшель аралдары40 146 1,55 27,4
Мальта 149 1190 2,46 12,5
Маврикий 89 1188 0,27 7,5
Антигуа 114 195 2,59 58,5
Гонконг 2211 36664 7,02 6,0
Филиппин 647 30800 0,02 2,1
Багам 870 1670 6,17 52,1
Фиджи 169 1190 0,37 14,2
Батыс Самоа 7 110 0,29 6,4
Ескерту: Аралдық мемлекеттер статистикалық жинағы бойынша автормен құрылған
Бюджет табыстар мен шығындардың әртүрлі баптарынан тұрады. Шығындар
баптарына мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-
экономикалық бағдарламалар, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызмет
шығындары жатады.
Қазіргі заманғы туризмнің сипаттамасының бірі туристерді жаппай
тасымалдау болып табылады. Бұл дамудың қазіргі тенденциясының нәтижесі.
Туроператорлардың туризмді қатаң бақылап отырғандығын атау қажет. Олар
өздерінің табысын максимальды ұлғайту үшін туристік нарық ережесін құрады.
Туризмді демократияландыру олардың сұранысқа ықпал етуінің нәтижесі
болды. Осылайша жаппай туризм дамыды немесе басқаша айтқанда
ұйымдастырылған топтық туризм қалыптасты. Қазіргі кезде жаппай туризм
Европада шетелде саяхат жасайтын туристердің жалпы санының 20-30% құрайды,
қалған 70-80%- жақын елдерге шетелге саяхат жасайтын индивидуальды туристер
[4].
Бұл арақатынас соңғы уақытта жаппай туризм пайдасына қарай өзгеріп
отыр және бұған себеп келесілер:
1. Демалыстың кезекті күндерінің санының азаюы және сол уақытта
демалыстар санының ұлғаюы;
2. әуе тасымалдау құнының төмендігі;
3. топпен саяхат жасайтын туристердің ыңғайы үшін чартерлер санының
ұлғаюы;
4. Туроператорлардың жаппай туризмге одан келетін жоғарғы пайдамен
байланысты қызығушылығының артуы;
5. Экономикалық тұрғыдан үлкен артықшылыққа ие жаңа бағыттарды іздеу;
6. Жаппай туризм сферасында жұмыс орындары санының ұлғаюы;
7. Турпакет бағасының төмендігінен автобустарда саяхат жасайтын туристер
санының ұлғаюы.
Өз демалыстарын индивидуальды жоспарлайтын туристердің артықшылығының
өсуіне қарамастан ұзақ қашықтыққа мұндай саяхаттарды жүзеге асыру күрделі
және бұл индивидуальды туризмнің баяу дамуының себебі болып табылады. Бұл
индивидуальды бағдарламалардың жоғарғы құнымен байланысты.
Жаппай туризмнің екі негізгі кемшілігі бар:
- жазғы кезеңмен сәйкес келетін маусымдық сипаты;
- жаппай туризмді көп пайда алуға болатын бағыттар бойынша
туроператорлардың бағыттау тілегіне тікелей тәуелділігі.
Жаппай туризмнің бұл проблемалары туризмді ұйымдастыруға ықпал ететін
басқа да факторлармен тең мемлекеттік ұйымдармен ескерілуі тиіс.
Туроператорлардан тәуелсіз және жазғы маусыммен байланыссыз туризмнің жаңа
түрлеріне қажеттілік бар. Туризмнің мұндай түрлеріне конгрестік туризм,
денсаулық туризмі, ынталандырушы туризм, экологиялық туризм және
т.б.жатады.
Туристік сала жыл өткен сайын әлемдік шаруашылықта алдыңғы
орындардың бірін алып отыр. Қазір туризмде еңбекке қабілетті тұрғындардың
8 пайызы (203 млн. адам) қамтылған, негізгі капиталға бүкіл инвестицияның 9
пайызы осы саланың үлесінде, жылдам қарқынмен туристердің келуі мен
туризмнен түсетін табыс ұлғайып отыр. Соңғы он бес жылда туризм саласы
қалыптасып, әлемдегі ірі қызмет көрсету бойынша сфера ретінде танылды.
Бірақ туризмнің мемлекет экономикасына жағымды ықпалы ол жан-жақты
дамыған жағдайда, яғни елдің экономикасын қызмет экономикасына
айналдырған жағдайда болады. Басқаша айтқанда туризмнің экономикалық
тиімділігі елде оның әлеуметтік-экономикалық кешеннің басқа салаларымен
өзара байланысты қатар даму қажеттігін көздейді.
Дамыған елдерде туризм ЖІӨ-нің 3-10%-не дейін, ал дамушы елдерде 40%-
не дейін береді. Әлемнің 160 елінде шетелдік валютаның 5 негізгі
көздерінің бірі. Бірақ әлем бойынша жағдай біртекті емес, туристік
индустрияға салымдар жан басына шаққанда 76 елде 25 АҚШ долларын құрады,
ал 17 мемлекетте, атап айтқанда Солтүстік Европа, Австрия, Швейцария,
Кувейтте адам басына 600 АҚШ долларын құрады. Әлем тұрғындарының небәрі
7% ғана халықаралық туризмге туристер ретінде тартылған [5].
Туризмге сыртқы экономикалық және саяси факторлардың ықпалы, қолайсыз
жағдайларда өз көлемін қалпына келтіру қабілеттілігі тән. Соңғы елу жылда
туристік индустрияға жеткілікті көлемдегі мәселелер қолайсыз ықпал етті:
табиғи апаттар, әлеуметтік шиеленістер, соғыстар, экономикалық дағдарыс пен
терроризм. Осы факторлардың ықпал әсіресе 2000-2001 жылдары халықаралық
туризмнің дамуына келеңсіз әсер берді. Саяхаттардың қаіпсіздік мәселесі
алаңдатқан ДСҰ туристер өміріне потенциалды қауіп-қатерге тәуелді сыртқа
шығу бағыттарының жіктелінімін жасады. Бірінші, аса қауіпті топтарға соғыс
шиеленістері созылған, террористік актілер мен экономикалық тұрақсыздық
туризмнің дамуына кері ықпал еткен елдер жатады. Бұл Ливан, Солтүстік
Ирландия, Ауғаныстан, бұрыңғы Югославия республикалары, Палестина. Екінші
категориядағы қауіпті елдер жиі қайталанатын тұрғындар шеруімен
сипатталады. Оларға Египет, Индия, Пакистан, Ямайка, Кения, Перу,
Филиппины жатады.
2000 жылы 11 қыркүйекте болған террористердің шабуылы соңғы
жылдардағы басқа дағдарыстарға қарағанда туризм индустриясына
психологиялық тұрғыдан кері ықпалын тигізді. Осы жылы әлемнің көптеген
туристік елдерінің потенциалы төмендеп кетті. Гавай аралдары 500 млн. АҚШ
долларына шығынға ұшырады, Канада туризмі 2001-2002 жылдары 14600 жұмыс
орны мен 457 млн. евро жоғалтады. Мұндай цифрларды әлемнің көптеген елдері
бойынша келтіруге болады. Сондықтан үкімет пен нарықтың негізгі
қатысушыларының бірінші кезектегі міндеті тұтынушының сенімін қалпына
келтіру, қауіпсіздікті жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдау болды.
Бұл жағдай сонымен қатар бүтіндей мәдениет немесе дінге байланысты белгілі
бір тенденцияны қалыптастырып, бұған қатысы жоқ басқа елдерде туризмнің
дамуына қолайсыз ықпалын тигізді. Мысалы араб елдерінде демалуға деген
сұраныс 60-70%-ке төмендеп кетті, сондықтан Ислам конференциясы ұйымы 28
қатысушы-елдер арасындағы туризмді дамыту бойынша жоспарды қолдады.
Бірқатар мұсылман елдері (Египет, БАӘ, Сирия, және Иордания) ірі батыстық
туроператорларға есептелген ортақ жарнама компаниясын жүзеге асыра
бастады.
2008 жылдың қорытындысы Бойынша әлемде келушілердің саны 2007 жылмен
салыстырғанда 1,3 % құрады. Жоғарыда аталған жағдайларға қарамастан
туризм саласы көптеген кедергілерді жеңе отырып, қазіргі кезде дамудың
белгілі бір деңгейіне қол жеткізіп отыр. Артық жұмсалымдар мен шығындардың
қысқаруы, ірілендіру мен пайдасыз құрылымдардан бас тарту - әлемдік
экономиканың накты жағдайы міне осындай.
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
2.1 Халықаралық туризмнің дамуы және туризмнің экономиканың
сфераларына тигізетін ықпалы
Қазіргі заманғы экономикада туризмнің ролі тұрақты өзгеріп отыр, оның
ішкі қайта құрылуы жүріп жатыр. Туризмде алдыңғы роль алған елдер енді
екінші және үшінші орындарға жол беріп отыр. Олардың орнына жаңа лидерлер
ауысып жатыр. Бұл кезде туындаған эндогенді өзгерістер тек ғана ішкі
факторлардың әрекетімен түсіндіріле алмайды. Бұл макроэкономикалық
талдаудың саласы.
Туризм экономикаға қоғамдық өмірдің осы сферасының барлық аспектілері
бойынша ықпал етеді. Экономикалық қарым қатынаста туризм төмендегідей
қарастырылады:
• өнімді өндіру, бөлу, айырбастау сферасында қоғамдық қатынастардың
белгілі бір жиынтығы ретінде;
• экономикалық қызмет пен өндірістің белгілі бір салалық түрлерін
қосатын аталған елдің халық шаруашылық кешенінің бөлігі;
• туризмді шаруашылықтың, елдің немесе аймақтың саласы ретінде
зерттейтін экономикалық ғылым;
• туристік өнім өндірісі, оны тұтыну, бөлу, айырбастау сферасында жүріс-
тұрысын зерттейтін экономикалық ғылым;
• туристік экономикалық жүйенің барлық деңгейінде шаруашылық жүргізуші
субъектілердің тәртібін зерттейтін қазіргі заманғы экономикалық
теория.
Іргелі экономика тұрғысынан туризм көп дәрежеде әлемдік шаруашылық
процестер және қатынастармен түсіндірілетін экономикалық кешенді
сипаттайды. Туризм сондай-ақ көптеген дамушы елдердің экономикалық өсуінің
маңызды катализаторы, өйткені елдер арасында жалпы ұлттық өнімнің қайта
бөліну каналы болып табылады. Басқаша айтқанда, егер жапондықтар мысалы
Түркияға демалысқа баратын болса, олар тек өндірістік қаржының бөлігін
алып ғана кетпей, сондай-ақ ол жерде жаңа жұмыс орындарын құрады.
Экономикалық құбылыс ретінде қазіргі заманғы туризм:
• индустриалды формаға ие;
• қорланбайтын және тасымалданбайтын туристік өнімдер мен қызметтер
түрінде көрінеді;
• жаңа жұмыс орындарын құрады және жаңа аймақтарды игеру мен ұлттық
экономиканы жылдам дамытудың катализаторы болып табылады;
• туризмге мамандандырылған елдер пайдасына ұлттық табыстың қайта бөліну
механизмі ретінде көрінеді;
• Ұлттық табыстың, жұмысбастылықтың және жергілікті инфрақұрылым мен
жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтерудің мультипликаторы;
• Тиімділіктің жоғарғы деңгейі мен инвестицияның тез қайтарымдылығымен
сипатталады;
• Мәдени мұра мен табиғатты қорғаудың тиімді құралы ретінде көрінеді,
өйткені осы элементтер оның ресурстық базасының негізін құрайды.
• Адамның кез-келген әрекеті мен шаруашылықтың барлық салаларымен
үйлесімді.
Осылайша, туризм елдің экономикасына белсенді ықпал етуге қабілетті.
Экономикалық құбылыс ретінде туризмге ең алғаш көңіл бөлгендердің бірі
американдық экономист П.Ротоу. Ол елдердің дамуының экономикалық
стадиялары мен ондағы туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны
анықтады.
Қазіргі кезде экономика сфераларына туризмнің экономикалық ықпалының
моделі біршама күрделенеді және теориялық концепция мен гипотезаға емес,
статистикалық мәліметтерге негізделеді. Қазіргі уақытта халықаралық
туризмнің негізгі орталықтары экономикалық дамыған елдерде орналасқан.
Мұнда қызмет көрсету сферасында табысты ұлғайту, жергілікті халықтың
жұмысбастылық құралы және инфрақұрылымның даму құрал ретінде ішкі туризм
дамып келеді. Шетелдік туризм шетелдік инвесторлардың ықпалымен дамып
отыр.
БСҰ-ның эксперттері әлемдік туристік нарық динамикасын келсі түрде
сипаттайды:
• Қызмет көрсету көлемінің өсу көрсеткіші орташа жылына 3,7% құрайды;
• өсуге негізінен азияның, шығыс, орталық және оңтүстік Американың
нарықтары есебінен қол жеткізіледі.
• Туристерді қабылдаудың қолайлы шарттары Азияда қалыптасады, басқа
аймақтарда да орташа перспективалық өсімге қол жеткізіледі;
• Ішкі (ұлттық) туризм жоғарғы қарқынмен дамуды жалғастырады.
• Ұзақ мерзімді халықаралық туризм қысқа мерзімді туризмге қарағанда
өсетін болады;
• Туризмге сыртқы факторлардың ықпалы күшейеді: экономикалық, саяси
жағдай, қауіпсіздік деңгейі.
• Туризмге едәуір ықпал етеді:
комьютер жүйесі;
технологиялық даму;
әуе тасымалын жетілдіру;
электронды ақпарат;
каммуникациялық жүйе.
• Туризмнің дамуының маңызды факторы болып әлемнің әртүрлі елдеріндегі
әлеуметтік демографиялық қарқын табылады.
• Туристік саясатты реттейтін маркетингтік зерттеулер ролі өседі.
• Туризм планетарлық экономикалық құбылыс ретінде туризмнің ағыны мен
тенденциялары, оның аймақтық құрылымы, туристерді қабылдайтын және
жөнелтетін елдер жөнінде ақпаратпен сипатталады [6].
Туризмнің табыстылығы туристер мен келушілердің санына қарағанда
жылдам өседі. 1995 жылы туристік фирманың әрбір клиенті бұдан 40 жыл
бұрынға қарағанда 7,5 есе көп табыс әкелген. Бір туристің қайтарымы 80 нен
640 долларға дейін өскен.
Ұлттық экономикадағы туризмнің орны мен ролін өзгерту үшін туризмнің
негізгі экономикалық көрсеткіштерін ұлттық өндірістің көлемін өлшейтін
көрсеткіштермен салыстыру қабылданған. БҰҰ-ның статистикалық қызметі
негізгі көрсеткіш ретінде ЖІӨ-ді қолдануды ұсынады. Осы көрсеткіштермен
туризмнен түсетін табыс көрсеткіштері салыстырылады.
ЖІӨ-гі туризмнің үлесі Австрияда-8,5, Португалияда – 6,5, Испанияда-
4,2, Грецияда-4,5, Ұлыбританияда-1,9, Германияда-0,9, АҚШ-та-1,0 % құрайды.
Соңғы тұтынудағы туризмнің үлесі одан көп: Австрияда – 8,9,
Норвегияда – 6,7, Швейцарияда – 5,6, Данияда-5,4, АҚШ-та-3,2 %.
Туризмнің импорттегі үлесі Австрияда – 10,7, Исландияда-11, Швецияда-
7,2, Швейцарияда-7,0, Жаңа Зеландияда-9%. Экономикалық дамыған елдердің
ешбіреуінде ол 6%-дан төмен түскен емес [7].
Әлемдік туризм территориялық жағынан түрленеді, яғни географиялық
құрылымы бар. Бұл бүкіләлемдік туристік ұйымға арнайы туристік аймақтануды
жүргізуге мүмкіндік береді.
Кесте 3. Халықаралық туризмге келушілердің аймақтық құрылымы.
Аймақтар Келушілер саны, млн. өзгеру %
адам 20082007
2008ж 2007ж
Европа 315,0 309,2 1,9
Америка 108,5 104,2 4,1
Шығыс Азия және Океания 74,7 69,5 7,6
Африка 18,6 18,3 1,5
Жақын және Орта Шығыс 7,9 8,2 -4,0
Оңтүстік Азия 3,7 3,5 7,0
Барлығы 528,4 512,9 3,0
Ескерту: Халықаралық аймақтардың статистикалық жинағы бойынша автормен
құрылға
Келесі кестеде халықаралық туризмнен түсетін табыстар бойынша БСҰ-ның
мәліметтері келтірілген (кесте-4).
Кесте 4. Халықаралық туризмнен түсетін табыстардың аймақтық құрылымы.
Аймақтар Табыс, млн. АҚШ долларыөзгеру %
20082007
2008ж 2007ж
Европа 153395 152354 0,6
Америка 97405 89469 8,9
Шығыс Азия және Океания 58988 51724 14,0
Африка 5675 5911 -4,0
Жақын және Орта Шығыс 3672 4172 -12,0
Оңтүстік Азия 2431 2186 11,2
Барлығы 321466 305816 5,1

құрылған
Ал 5-кестеде әлемнің әртүрлі аймақтарындағы бір туристің орташа шығыны
келтірілген.
Кесте 5. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы бір туристің орташа шығындары.
Аймақтар Шығындар, млн. АҚШ өзгеру % 2008ж.
доллары 20002007
2000ж 2007ж
Европа 288 493 71,2 487
Америка 506 858 69,6 898
Шығыс Азия және Океания 416 745 79,0 790
Африка 268 323 20,5 305
Жақын және Орта Шығыс 507 770 51,9 465
Оңтүстік Азия 551 631 14,5 657
Әлем бойынша - - - 608

БСҰ-ның эксперттерінің болжамына сәйкес халықаралық туристер саны
2010 жылға қарай 937 млн адамға қол жеткізіледі. Бұл кезде өсудің орташа
жылдық қарқыны аймақтар бойынша едәуір ерекшеленетін болады. Европада ол
орташа 2,7%, жақын және орта Шығыста-4,0%, Африкада-5,0%, Америкада-4,6%,
Шығыс Азия және океанияда-6,8%, Оңтүстік Азияда-6,1%. 6- кестеде туризмнен
түсетін табысты бөлудегі аймақтардың қатысуы бойынша мәліметтер
келтірілген.
Кесте 6. 1970-2008 жылдардағы аймақтар бойынша халықаралық туризмнен
түсетін табыстардағы үлес.
Аймақтар 1970 1980 1990 2000 2004 2008
Пайдадағы үлесі, %
Европа 66,5 72,5 70,5 68,4 63,5 59,5
Америка 29,6 24,1 23,0 18,9 18,8 20,6
Шығыс Азия және Океания
0,8 1,0 3,0 7,0 11,4 14,1
Африка 2,1 1,1 1,5 2,5 3,4 3,6
Жақын және Орта Шығыс
0,9 1,0 1,4 2,4 2,1 1,5
Оңтүстік Азия 0,2 0,3 0,6 0,8 0,7 0,7
Табыстардағы үлесі,%
Европа 41,3 56,8 62,0 59,3 54,4 47,8
Америка 50,5 35,7 26,8 24,9 26,1 30,1
Шығыс Азия және Океания
1,4 2,8 6,2 7,3 14,4 18,4
Африка 4,2 2,6 2,2 2,7 1,9 1,8
Жақын және Орта Шығыс
2,3 1,5 2,3 4,3 2,5 1,1
Оңтүстік Азия 0,3 0,5 0,6 1,5 0,8 0,8

Туристерді қабылдайтын негізгі елдерге 20 мемлекет кіреді (кесте 7).
10 жыл ішінде олардың қатарына небәрі 3 мемлекет кірген: Португалия,
Гонконг және Түркия. Соңғысының қарқыны өте жоғары, 43 позициядан 20
позицияға өткен. Бірінші орынды Франция алады, жыл сайын 50 млн туристерді
қабылдайды (бұл әлемдік келушілер санының 11% құрайды) және өсудің орташа
европалық қарқынынан едәуір артатын қарқынмен туристік индустриясы дамыған
мемлекет.
Соңғы жылдары жылдам қарқынмен туризм АҚШ-та дамып, Испанияны екінші
орыннан үшінші орынға ығыстырып, қазіргі кезде туризм индустриясын
территориялық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz