Қожаберген және Қазақ тарихы



Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қожаберген . батыр, мемлекет қайраткері және дипломат.
2. «Елім.ай» . эпикалық өміршең трагедия.
3. Қожаберген . Ордабасы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
XVII ғасырдың екінші жартысында жоңғар шапқыншылығы каупінің ұлғаюына қарамастан қазақ халқының ынтымағы
едәуір әлсіреді. Жәңгір тұсында бой көрсеткен орталықтан тыс күштер белен алып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар айтарлықтай қысқара түсті, жергілікті сұлтандардың оқшаұлығы күшейді. Тіпті бірқатар сұлтандар өздерін бір жүздің немесе рудың ханы деп жариялауға дейін барды. Олар сөз жүзінде бірлік пен жалпы қазақ ханына бағынуды қолдағандарымен, іске келгенде өз саясаттарын жүзеге асырды. Жергілікті сұлтандардың бұлайша оқшаулана түсуі мен ішкі қайшылықтар салдарынан мемлекеттің әскери қуатының төмендей түскені табиғи нәрсе. Көшпелі қазақ мемлекетінің тарихында «жыраулар» жауынгерлік ерліктерімен катар халық бұқарасының мұң-мүдделерін ашық айта алатын әділдік жаршылары, ғаламат көркемсөз шеберлері еді. Даладағы жыраулар дәстүрінің соңғы өкілдері ХІХ-ХХ ғасырларда Махамбет, Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал болды. XVII ғасырдың ақыры — XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында жыраулар да хандар, билер, батырлар, шаруалар сияқты көшпелі қауымның құрамдас бір бөлігіне айналды. Бірақ жоңғарлармен соғыс қаупі мен осы қатер алдында біріге түсудің қажеттігі, Қайып пен Болат хандар тұсында ресми хан билігінің төмендеп, құлдырауы неғұрлым дарынды жырауларды қазақ қоғамының алдыңғы қатарына шығарды. Жоңғар шапқыншылығы тоқтаған соң жыраулар институты маңызының төмендеп, қауіп төнген жылдары күшейе түскенін де осыған орай түсіндіруге болады. Бұған классиқалық мысал ретінде Бұқар жыраудың әрекеттерін, оның Абылайға, Бөгембайға және Қабанбайға арнап айтқан сөздерін, үндеулері мен талаптарын, акынның хан билігінің өкілдерін өлтіре сынап, мінейтін өткір жырларын немесе Доспамбет пен Ақтамбердінің долы қуатқа толы. ызалы дастандарьш келтірсек те жетіп жатыр.
Бұл кезеңде қазақ мемлекеті үшін өте ауыр геосаяси жағдай қалыптасты. Солтүстік пен шығыстан жоңғар-ойраттар, батыстан қалмақтар мен башқұрттар, сондаи-ақ Орал қазақтары тынымсыз шабуылдар жасап тұрды. Оңтүстіктен бұхарлықтар мен қоқандықтар бірнеше жазалау экспедицияларын ұйымдастырды. XVIII ғасырдың 25-жылына қарай бір кездегі қуатты да кең байтақ жерлерді алып жаткан Қазақ хандығы Түркістан мен Арал теңізі аралығындағы алақандай аймаққа ғана ие болып қалды. Бұл ұлт тарихындағы нағыз қасірет еді. Орталық Қазақстан Қалдан Серен мен Құлан Батудың қолына көшті. Церен Доржы, Лама Доржы мен Даба Доржы Шелек, Шу мен Ыстықкөлді алды. Тұрақты жоңғар әскерлерінің саны 500000-ға жетті.
Негізгі әдебиет:
1. Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.
2. Бес ғасыр жырлайды. А., 1989.
3. Мәндібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. А., 1996.
4. Сүйіншәшев Қ. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 2006.

Қосыша әдебиет
5. Ақатай С., т.б. Қазақ Ордасы : шығуы мен тегі. – «Заман Қазақстан», 1996.
6. Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. А., 2001.
7. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 2 том А., 2006.
8. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том. А., 2004.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ АОМГИ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: ҚОЖАБЕРГЕН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫ

Орындаған :ТӨКЕН.А.Т
Тексерген :

Өскемен қаласы

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат.
2. Елім-ай - эпикалық өміршең трагедия.
3. Қожаберген – Ордабасы.
Қорытынды

XVII ғасырдың екінші жартысында жоңғар шапқыншылығы каупінің ұлғаюына
қарамастан қазақ халқының ынтымағы
едәуір әлсіреді. Жәңгір тұсында бой көрсеткен орталықтан тыс күштер белен
алып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар айтарлықтай қысқара
түсті, жергілікті сұлтандардың оқшаұлығы күшейді. Тіпті бірқатар сұлтандар
өздерін бір жүздің немесе рудың ханы деп жариялауға дейін барды. Олар сөз
жүзінде бірлік пен жалпы қазақ ханына бағынуды қолдағандарымен, іске
келгенде өз саясаттарын жүзеге асырды. Жергілікті сұлтандардың бұлайша
оқшаулана түсуі мен ішкі қайшылықтар салдарынан мемлекеттің әскери қуатының
төмендей түскені табиғи нәрсе. Көшпелі қазақ мемлекетінің тарихында
жыраулар жауынгерлік ерліктерімен катар халық бұқарасының мұң-мүдделерін
ашық айта алатын әділдік жаршылары, ғаламат көркемсөз шеберлері еді.
Даладағы жыраулар дәстүрінің соңғы өкілдері ХІХ-ХХ ғасырларда Махамбет,
Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал болды. XVII ғасырдың ақыры — XVIII
ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында
жыраулар да хандар, билер, батырлар, шаруалар сияқты көшпелі қауымның
құрамдас бір бөлігіне айналды. Бірақ жоңғарлармен соғыс қаупі мен осы қатер
алдында біріге түсудің қажеттігі, Қайып пен Болат хандар тұсында ресми хан
билігінің төмендеп, құлдырауы неғұрлым дарынды жырауларды қазақ қоғамының
алдыңғы қатарына шығарды. Жоңғар шапқыншылығы тоқтаған соң жыраулар
институты маңызының төмендеп, қауіп төнген жылдары күшейе түскенін де
осыған орай түсіндіруге болады. Бұған классиқалық мысал ретінде Бұқар
жыраудың әрекеттерін, оның Абылайға, Бөгембайға және Қабанбайға арнап
айтқан сөздерін, үндеулері мен талаптарын, акынның хан билігінің өкілдерін
өлтіре сынап, мінейтін өткір жырларын немесе Доспамбет пен Ақтамбердінің
долы қуатқа толы. ызалы дастандарьш келтірсек те жетіп жатыр.
Бұл кезеңде қазақ мемлекеті үшін өте ауыр геосаяси жағдай қалыптасты.
Солтүстік пен шығыстан жоңғар-ойраттар, батыстан қалмақтар мен башқұрттар,
сондаи-ақ Орал қазақтары тынымсыз шабуылдар жасап тұрды. Оңтүстіктен
бұхарлықтар мен қоқандықтар бірнеше жазалау экспедицияларын ұйымдастырды.
XVIII ғасырдың 25-жылына қарай бір кездегі қуатты да кең байтақ жерлерді
алып жаткан Қазақ хандығы Түркістан мен Арал теңізі аралығындағы алақандай
аймаққа ғана ие болып қалды. Бұл ұлт тарихындағы нағыз қасірет еді. Орталық
Қазақстан Қалдан Серен мен Құлан Батудың қолына көшті. Церен Доржы, Лама
Доржы мен Даба Доржы Шелек, Шу мен Ыстықкөлді алды. Тұрақты жоңғар
әскерлерінің саны 500000-ға жетті.
Қожаберген жырау осы кезеңде екі баласы мен немересінен айырылды. Жырау
"Ақтабан шүбырындының" бес жылын (1723-1728) шайқастарда өткізді.
Толыбайұлы Қожаберген жырау кейбір деректер бойынша 1673 жылы қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Толыбай жалы деген жерінде
дүниеге келген. Енді бір зерттеушілер ұлы жырау 1663 жылы дүниеге келіп,
1772 жылы 109 жасында қайтыс болған деп есептейді. Қалай дегенде де,
Қожаберген жырау Орталық Азия даларында болған ауыр да қанды оқиғалардың
куәгері ғана емес, сонымен қатар тікелей атсалысқан батыры болған. Сол
жылдары Флорио Беновенени Бухарадан: ..Орта Азияда жүріп жатқан үздіксіз
соғыстарға..." парсылар мен хиуалықтардың, бухаралықтар мен қырғыздардың
қатысып отырғандарын хабарлаған. Дегенмен Қожаберген жырау қолына қаруын
ұстап тікелей ортасында жүрген ең қанды шайқастар жоңғарлар мен қазақтар
арасында болғаны белгілі.

Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат

1. Бұланты бойындағы 1728 жылғы жеңістен кейін қазақ және жоңғар
қатынастарында шұғыл өзгерістер басталды. 1727 жылы Цеван Рабданның өлуі,
ең бастысы, Бұланты бойындағы жеңіс Қожаберген жырауды жаңа туындылар
шығаруға қанаттандырды.
Бұл кезде ол "Адыра қалған Қаратау", "Қайырсыз болған Сыр өзен", "Иесіз
қалған сылаң Сыр", "Қарғыс атқыр, жоңғар-ай", "Балқан, Балқан, Балқантау".
"Шоңғал, Шоңғал, Шоңғал тас", "Бөгембай батыр", "Беріш Есет", "Тайлақ
батыр'', "Ер Тұрсынбай", "Ер Құлеке", "Сүйіншіұлы Абылай", т.б. жырларын
шығарды. Дегенмен ақынның халық арасына ең көп тараған, қазақ даласының
әнұранына айналған шығармасы — "Елім-ай" дастаны болды. Аңыз-әңгімелерге
қарағанда "Елім-айдың" әуенін Қожаберген жыраудың әйелі — Айша шығарған.
Айша — акын-мен бірге барлық сынақтан өтіп. Қожабергеннің өр тұлғасын өмір
жолына бақилық серік еткен, соған куә болған әйел. Жоңғарлар талқандалып,
Жоңғар мемлекеті біржолата жойылғаннан кейін онтүстік, солтүстік және шығыс
аймақтардағы қазақтар туған жерге оралу мүмкіндігін алды.
Сөйтіп, Қожаберген жырау өмір сүріп, жыр туындатқан кезең жаугершілік
окиғаларға толы болды.
Оралмандар қайтып келген соң әбден титықтатқан қантөгісті соғыстарда
жоңғарлардан қайтарып алған Қазақстанның шекаралық шептері этникалық және
тарихи жағынан бекіді. Көптеген зерттеушілердің (Левишн, Харуздин, Потанин)
айтуынша, қазақ руларының ата мекендеріне қайтып келуіне байланысты
шаруашылық өмір қайта жанданды, айырбас сауда жолға қойылды, эқономикалық
байланыстар нығайды. Ең ақырында, қазақ-жоңғар соғыстарының аяқталуына орай
сонау ғұндар дәуірінен бастап, Еуразия құрылығында өмір сүріп келген соңғы
классикалық көшпелі мемлекеттер әлсіреп, құлдырады, жойылды.
XVIII ғ. қазақта батыр деген әлеуметтік топ пайда болған жоқ, ол қазақ-
жоңғар жаугершілігіне байланысты қайта жаңғырса керек.
Шоқан Уәлиханов өзінің Абылай атты еңбегінде В предании киргизов
Абылай носит какой-то поэтический ореол, век Аблая у них являются веком
киргизского рыцарства, — деп жазуы осыдан.
Кейбір әдебиетшілер Шоқанның век рыцарства дегенін ерлік пен серілік
заманы деп аударыпты. Елім-ай дастанында:
Бұл заман болды елге қиын заман,
Шіріткен тамам елдің миын заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қағынды қазақ үшін биыл заман, —
деп бағалап еді. Ендеше сонау XVIII ғ. қазақ сахарасында европалық
серіліктің ауылы алыс болса керек.
Шоқанның рыцарства деген ұғымына жауапты Ахмет Байтұрсыновтан
табамыз. Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен
азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін
құүрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз. Қобыланды батыр жырын талдай
отырып, Ахаң ата-анадан, жардан, туысқаннан да батырға қымбат нәрсе - жұрт
қамы, жұрт ісі, - деуі осыдан.
Ендеше Абылайхан заманында рыцарлық адами болмысты Отан болмысына
бағындыру, ерлік пен іріліктің, бірлік пен тірліктің көрінісі деп ұғынған
жөн. Осындай парасатты рыцарлықты Қожабергеннен көреміз.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен,
отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен,
Солардан Қожаберген артық, емес, -
деуі соның дәлелі.
Ендеше бір ғасыр өмір сүрген бабамыз осы батырлықтың шыңы болған XVIII
ғ. тарихи құбылыстың басы-қасында тұр. Батырлықтың парасатты рыцарлыққа
ұласуы — жаңғыруы Қожаберген баба есімімен де тығыз байланысты.
Қорытып айтсақ, Шоқанның век киргизского рыцарства деген заманасы —
Қожаберген баба заманасы. Осы тұста тағы да бір жаңсақ пікір туралы айтуға
тура келеді. Тарихи әдебиетге по историческим данным, общее қоличество
батыров из всех трех жузов, активно борющихся. за свободу и независимость
казахского народа, переваливает за 300, — деген тезис кездеседі. Мұндай
сәуегейлікпен келісуге болмайды. Қазақ үш ғасырға созылған қазақ-қалмақ
шапқыншылығы кезінде құрығанда 10 ұрпақ ауысты.
Әр ұрпақ өз батырларын өсірді, тарих сахнасына шығарды. Ендеше қазақ
халқы үш ғасырда толассыз батырлар бастап, халық қостап, өз бостандығын
үстем етті. Батырлар саны ендеше легионт, оны саусақпен санап шығу мүмкін
емес.
Ең соңында
Бастасын тозған елді көсемдерім,
Ақылшы болсын сөзге шешендерім.
Хан сұлтан, төрелерді ел санамай,
Тізе қос, күшгпі жинап есендерің, —
деп үндейді жырау.
Халқының 40% айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама
жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс
бағдарламасын жасап қоймады болды ғой аяқ асты Отанымыз деп, Ер емес
жаудың туын құлатпаған деп, Ұлы Отан соғысын жариялады. Қазақ халқы
бабамыздың бұл ерлігін ешқашан үмытуға тиіс емес.
Еңдеше Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң
қолы, қиын замандағы ел қорғаны.
Қожаберген тек баһадүр, қолбасшы, сайыпқыран ғана емес, ол өз
заманасының ұлы мемлекет қайраткері.
Ақтабан шұбырындыға ұрынған сәтте Қожаберген баба
Әйтеке бидің көріпкелдігін қолдап:
Сәмеке, Ғайып, Болат сұм,
Соңына елді ерте алмай.
Хонтайшыға сатылып,
Елдің сырын ашқан күн.
Шағырмақ күнім түн болды,
Хан мен сұлтан жын болды.
Сөмеке, Ғайып, Болаттың,
Сатқындығы шын болды.
Әбілмәмбет солқылдақ,
Ақ балшыққа борпылдақ.
Келіспейді ерлермен, Қабандарша қорсылдап,
деп өз үкімін шығарды.
Төрелерге сенім жоқ, ел ермесін,
Қазағым хан тұқымын дос көрмесін.
Хан, сұлтан, төре, қожа, өңкей құзғын,
Оларға енді тізгін жұрт бермесін, —
деп елге өз шешімін жеткізді.
Қара қазақтан шыққан батырлардың төре әулетіне деген бұл оппозициясы
Абылайхан келген тұста ғана басылды. Бірақ, ол біржола сөнген жоқты.
Қожаберген жыраудың жорықтас інісі Балта Керей Тұрсынбай батыр (1713-
1819) Ресейге қарағысы келген Әбілқайыр ханға, Орта Азиялық хандарға
жалтақтаған Сәмеке мен Әбілмәмбет хандарға да, Ресей мен Қытай ортасында
жалтарып, тәуелсіз ел дәрежесіне ұмтылған Абылай ханға да қарсы болғаны
белгілі.
Тұрсынбай батыр қазақ, башқұрт, ноғай, қарақалпақты бір мемлекет етіп,
көсем, әр халықтан әмір сайлап, жеке тәуелсіз мемлекет құруды қалады. 1758
ж. Тұрсынбай Абылайханды тастап, Арқаға кетті.
Қазақ мемлекеттігінің болашағын ойлау Қожаберген бастаған қайраткер
дәрежесіндегі ат төбеліндей билер мен батырлардың ісі еді.
Қожаберген Үргеніш медресесін бітірген, өз заманасының білімді адамы
болған, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген, (Тіліне араб, парсы
едім жетік, - дейді Қожакең). Сондықтанда Әз-Тәуке хан Қожаберген
баһадурды елшілік миссиясын жүргізуге де пайдаланған. Ол туралы деректер
Елім-Ай дастанында да кездеседі. Бірде ол :
Атқарып тәуір жұмыс елшілікте,
Ұнадық ер атанып көршілікке, -
десе, көрші елге елшілікке ылғи барып, халқыма адал қызмет істедім
ғой, - дейді.
Ендеше Қожаберген дипломат, замана саясаткері. Елім-ай дастанындағы
саяси ахулға берген бағасы ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басында тұрған біздерді де
қайран қалдырады.
Ендеше Қожаберген жырау батыр, қолбасшы, ел тағдырын ойлаған
реформатор, стратег-мемлекет қайраткері.

Елім-ай - эпикалық өміршең трагедия

2. Қожаберген бабамыз осымен қатар атақты ақын, жырау еді. Ол тек қана
бір Елім-айды ғана бір ғасырдың сырын, мұңын ашты. Ол тек жырау ғана емес
замананың ұлы шежірешісі. Ол туралы Қожаберген:
Халқымның хал жағдайын өлең етіп,
Жырладым апат күннің шежіресін,
деп жазды.
Қазақ хандығының алғашқы тарихын Мырза Мұхаммед Қайдар Дулатидің
жазғаны белгілі. Қадырғали Жалайырдың Шежірелер жинағы, Әбілғазының
Шежіреи түрік, Ш. Уәлихановтың Абылай хан очеркі, М. Тынышпаевтың
шежіресі, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың әлем ұлылары
туралы Қазақ газетінде жариялаған очерктері, Абайдың Ескендір,
Мағжанның Баян батыр поэмалары осы дәстүрдің жалғасы. Шәкәрімнің Еңлік-
Кебегін Ә. Бөкейханов Тарихи хроника деп атаған. Ал оның жазған
шежіресіне байланысты ұлы ақынды Қазақ тың Карамзині депті. Осы тұрғыдан
алғанда Қожаберген бабамыздың Елім-ай дастанының орны ерекше. Оны тек
дастан деу аз сияқты. Оның арнасы кең — ұлттың болу, болмауы, Отан
тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын,
мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси
қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап
жазылған ұлы эпопеялық туынды. Елім-ай шын мәнінде ұлттық сананың биік
шыңы, ұлттың сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп,
қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан
қайнар жыры да сыры. Елім-ай — ұлтымыздың Иллиада мен Одиссеясындай
эпиқалық өміршең трагедиясы.
Дауылпаз Қожаберген - дүлділ тарихшы. Біріншіден, тек Елім-ай
дастанында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дәуірлеп,
күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың орыстар мен қытайларға
арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып,
жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді
халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді.
Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқардың қазақ еліне деген қастандық
саясатын өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз-Тәукеден
кейінгі қазақ хандығында болған теке-тірес, бақталас берекесіздіктің бет-
пердесін ашады. Бесіншіден, ақтабан шұбырынды қалай болды, халық қалай,
неге тозды деген сауалдарға жауап береді. Қырылу Алакөлден басталып тұр,
— деп Алқакөл емес, Алакөл екендігін еске алады. Ең соңында, Отан соғысы
қалай өтіп жатыр, Қара ноғайдың қазақпен үздіксіз бір болуын, Қарақалпақ
бектерінің жалтақтығын, Әбілқайырдың дәл 1723 жылы дер кезінде көмекке келе
алмағандығын, халық қарсылығының өрістеп, Сарысу бойында жау бетін
қайтарғанын айтады. Автор өз өмір жолынан хабар береді. 61 жасының 45 жыл
ғұмыры жорыққа өткенін, Жасымнан қол бастаған болдым сардар деп, өзінің
ел ағасы ретінде болашаққа көз салады. Шығарма кешенді, диалектикалық
салыстырмалы талдауға негізделген.
Елім-ай әдеби тұрғыдан алғанда да тендесі жоқ туынды. Онда тек халық
мұңы ғана емес, оның сыры, рухы бар. Автор егіліп те, төгіліпте жырлайды,
бірде тарихи тереңдікке бойласа, бірде бүгінгіге қайғырып, болашақты
ойлайды, философиялық пайымдармен орағыта толғайды.
Ендеше Қожаберген бабамызды қол бастаған батырдан өтіп, ғасырлар
қойнауына мұра етіп алып келе жатқан асылымыздың авторы — Дауылпаз жырау
деп атау орынды.
Әлемдік тарихта қолына қалам алып, оны семсер қылышпен қатар ұстаған
тұлғалар бірен-саран-ақ. Ол атақты Байрон, Шандор Петефи. Ал дауылпаз
Қожаберген өз соңына Ақтамберді, Үмбетай, Тәттіқара сияқты тарлан жыраулар
көшін бастады. Махамбет пен Сегіз сері дауылпаз бабасы Қожаберген дәстүрін
одан әрі жалғады.
Қожаберген бабамыздан қалған рухани мүра шексіз. Қазақ халқының ХVIII-
ХХ ғ. Ел ұраны болған Елім-ай әні, Күлдірмамай, Қойлыбай көреген,
Қарасары Балта керей, Соқыр абыз, Баба тіл сияқты дастандары,
Ақсауыт, Ғасыржас, Дүние, Жігіттік т.б. толғаулары, Қарғыс атқан
қалмақ-ай, Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас, Сылаң Сыр, Балкан, Балкан,
Балкан тау, Қазақ пен ноғайдың қоштасуы сияқты өлеңдері, Дабыл,
Аңырақай, Бозайғыр, Күлдірмамай, Шұбырынды, Сұлама сияқты күйлері
өз зерттеушілерін сарғайып күтуде. Жеті бөлімнен, 3683 шумақтан, 14732
жолдан тұратын Елім-ай дастаны теңдесі жоқ ұлы туынды өз алдыңа бір төбе.
Мұнымен Қожаберген баба мұрасы шектелмейді. Бұл тек қана әзірге
белгілілері ғана.

Қожаберген – Ордабасы.
3. Ордабасы — көне түрік сөзі. Ол ұғым, бүгінгіше айтқанда бас қолбасшы
деген мағынаны білдіреді. Қазақта бас қолбасшы сайланған жердің аты —
Ордабасы деп аталған. Мұндай атаулар туған республикамыздың әр өңірінде
кездеседі. Әдетте, қазақ салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе биді
сайлағанда халық оларды боз биенің сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім
кигізіп, ақ киізге орап, жоғары көтеріп, кұрмет көрсетеді. 1683 жылдың
маусым айында Түркістан шаһары манында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ
жақсылары жиырма бес жастағы Қожабергенді Ордабасы етіп сайлап, ак киізге
көтергенде оған Орта жүз, арғын Әнет би бата берген. Ауызекі айтылған ол
бата біздін бүгінгі күнімізге жетпеген, аңыз күйінде ғана қалған.
Қожаберген Ордабасы яғни хан ордасының бас қолбасшысы болған сәтте
тікесінен тік тұрып көкірегіне құран ұстап, қылыш сүйіп, халық алдыңда серт
береді. Сонда ол былай дейді:
Қолбасшы батыр болмасам,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекелей поэзиялық шығармашылықтағы азаттық туын ұстаған жыраулар
Дауылпаз баба – Қожаберген
Ел тарихын ұмыттырмаған ән
Доспамбет жыраудың толғаулары
“ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ “ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ”
XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі
Қожабеген Толыбайұлы және оның шығармашылығы
Абылай және қазақ батырларының ерліктері
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Пәндер