Конфуцийлік-Даостық мәдениет
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Конфуцийлік.даостық мәдениет
Конфуций ілімі
Конфуцийдің ел басқарудың негізгі мүддесі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Конфуцийлік даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлдем басқаша болып келеді. ХХ ғасырда Еуропа ойшылдары қытай халқы мен қытай даналарынын рухани және интелектуалдық жетістіктеріне немқұрайды, менсінбеушілік тұрғысынан қарап келді. Басқаны былай қойғанда, атақты Гегельдің өзі де қытай философтарының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуция жайында былай деп мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардың жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін болсам, автордың беденін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді. Бұл мәселе төнірегінде көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген Батыс Европалық ғалым М. Кариер былай деп жазады «Әрине, қытайлықтардың европалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын көздеді, сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес». Мұндай үзілді-кесілді айтылған пікірлер бізді мынадай ойға жетелейді білім дегеніміздің өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін болса, білімнің өзі Қытай мәдениетінде қандай орын алған ? Осы орайда, білімнің қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы тексерілген, ғасырлар ағымында ой елегінен өткізілген өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып табылатындығын ешкім де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін «Білім жүйесі» мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен тығыз байланысты болды. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа мәдениеттерді қалай бағалауымыз керек ? Бұл жайында В. М. Алексеев былай деп жазады «Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес, мәселе сол мәдениетті жасаушы Қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің әсеріміз, ой пікіріміз қытайлықтардың өзара рахаттанып, ал біздердің таң қалған сәтімізден басталады».
1. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А., Мәдениеттану негіздері : Оқулық – Алматы: Дәнекер :2000. – 180 б.
2. Ғабитов Т. Х., Өмірбекова М. Ш., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А., Мәдениеттану негіздері: Оқулық – Алматы: «Зият» :2003. – 240 б.
3. Ғабитов Т. Х., Мүтәліпов Ж. М., Құлсариева А. Т., Мәдениеттану: Ж. О. О. мед.колледж студенттеріне арналған оқулық. Толықтырылған 2-ші басылым-Алматы:Қаржы-Қаражат:2003. – 408 б.
4. Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, А. Қасабек, Қ. Мұхамбеталиев. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы.- Толықтырылған 2-ші басылым. – Алматы: Литера, 2001-272 бет.

Жоспар :
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Конфуцийлік-даостық мәдениет
2. Конфуций ілімі
3. Конфуцийдің ел басқарудың негізгі мүддесі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Конфуцийлік даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді
батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлдем басқаша болып келеді. ХХ ғасырда
Еуропа ойшылдары қытай халқы мен қытай даналарынын рухани және
интелектуалдық жетістіктеріне немқұрайды, менсінбеушілік тұрғысынан
қарап келді. Басқаны былай қойғанда, атақты Гегельдің өзі де қытай
философтарының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуция жайында былай
деп мәлімдеді: Оның ілімі философиялық тұжырымдардың жұрдай, ал оның
шығармаларына баға беретін болсам, автордың беденін сақтау үшін оларды шет
тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді. Бұл мәселе төнірегінде көптеген
ғылыми зерттеулер жүргізген Батыс Европалық ғалым М. Кариер былай деп
жазады Әрине, қытайлықтардың европалықтардан бұрын талай жаңалықтар
ашқандығына ешкім шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын көздеді,
сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес.
Мұндай үзілді-кесілді айтылған пікірлер бізді мынадай ойға жетелейді білім
дегеніміздің өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін
болса, білімнің өзі Қытай мәдениетінде қандай орын алған ? Осы орайда,
білімнің қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы тексерілген, ғасырлар ағымында ой
елегінен өткізілген өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып
табылатындығын ешкім де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін
Білім жүйесі мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен
тығыз байланысты болды. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік
менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа
мәдениеттерді қалай бағалауымыз керек ? Бұл жайында В. М. Алексеев былай
деп жазады Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес,
мәселе сол мәдениетті жасаушы Қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің
әсеріміз, ой пікіріміз қытайлықтардың өзара рахаттанып, ал біздердің таң
қалған сәтімізден басталады.
1. Конфуцийлік-даостық мәдениет
Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің
қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен
өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің
қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді
уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағынасын түсіне отырып "өмір
үшін өмір сүруге" үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық
қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің
қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға
тікелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты
қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуына да, оның
эволюциялық сипатына да өз ыкпалын тигізбей қойған жок, Мысалы, діни
құрылымында дін адамдарының ролі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған
жоқ. Аспан құрметіне байланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдар
емін-еркін атқара береді. Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше
құрмет көрсетіліп, оларды жоғары тапқа жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық
қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни
құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші
ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытайлар да дүниежүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың
құрметтеріне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қандай құрбандықтар да
берілетін болған). Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың
ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға
шықгы. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа
діндерде де жиі кездеседі (мысалы Египетте). Ұлы Қытай Шандиді өз халқының
мұңын жоқтап, оған барынша қамкорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-
бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған.
Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс — тіршілігіндегі барлық
мөселелердің түйінін шешу — Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен
тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өміріндс орын алған түбегейлі өзгерістерге
байланысты, кейіннен яғни Чжоу династиясы кезеңінде (б.з.б. ХІ ғ) Шанди
құдайға табынушылық орнын Аспанға табынушылық басты.
Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал
Қытай империясы Аспан аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бұл атақ
пен қытай елінің бұл аты XX ғасырға дейін сақталып отыр. Қытайлықтардың ел
билеушілерін осыншама дәріптеп, оларға жоғарғы атақ бергеніне қарағандар
олар басшылары құдайлармен генетикалық байланысты деп түсінгендігін айқын
аңғаруға болады. Чжоу дәуірінен бастап-Аспан қытайлықтардың басты құдайына
айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды.
Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшыларды жарылқап, ал мейірімсіз
қатігез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық
және т.б. ұғымдар Аспанның космостық күштерінен қуат алған, онымен ұдайы
байланысты болған, халықтың қамын ойлаушы ел билеушісінің бойындағы ізгі
қасиеттермен байланысытырылып қарастырылады. Қайырымды, дана билеуші ғана
өз елін, өз халқын басқара алады, ал бұл қасиеттерден ада болғандар ел
басқару құқысынан айырылады. Ежелгі қытайлықтар өмірдің мәнін адамдардың
космос кеңістігімен дұрыс қарым-қатынастар орната білумен де
байланыстырады.
Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрінде, әдет-ғұрыптарында және т.б.
дін этикалық нормаларға айналды. Аспанға табынуда моральдық және
адамгершілік жақтарға баса назар аударылды. Ерекше атап өтетін бір жайт,
Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда
халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай қытай мәдениетінің
дамуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Мәдениет тарихына тереңірек үңіліп
қарасақ, табиғат дүниесімен етене байланысты болып, оған ерекше сезіммен,
әрі сеніммен қарау қытай халқының бойында қалыптасқан табиғи қасиет
екендігін аңғарамыз. Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау,
оған деген сәбилік махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі
нәрлендіре түсті. Табиғатқа табыну және оның өзіндік табиғи қасиеттерін
бағалаудың арқасында қытайлықтар жан-жақты жетілген, ізгілікке толы
дүниенің бейнесін жасады. Олардың ұғымынша, дүние қарама-қайшылықтардың
абсолютті үйлесімділігі үстемдік еткен шым-шытырық дүние, бірақ мұнда
қандай жағдай болса да, олар бірін-бірі еш уақытта жоққа шығармайды, қайта
бірін-бірі толықтырып өзара үйлесімділік тауып отырады. Табиғаттың әрбір
құбылысы - бүкіл табиғат атаулының жалынды жаршысы. Әрбір табиғи құбылыстың
өзіндік құпиясы, өзіндік сыры бар-олардан даналық лебі өседі. Демек, қытай
халқының түсінігінде дүние бейнесі өзінің тұтастығымен, өзара
үйлесімділігімен таң қалдырады.Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын
бес қасиетпен байланыстырады. Олар адамгершілік (жень), парыз сезімі(и),
әдепті қылық(ли), ізгілік(синь) және даналық(чжи).
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке
шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық
қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік
көңіл-күйді қытайлықтар былайша білдіреді: "Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен
баяндап тұрмын". Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы
қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын
береді, ал дарындылық табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі
болып табылады. Дсмек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде
Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын
әлеуметтік —этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және
Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан
қолдау тапқан бұл идеяны қытай медениетінің рухани өзегіне айналған будда
діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда
діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық-діни
үштікті (сан цзяо) құрады.
Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда
басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін
өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Қытай халқының мәдени туындыларында
адамның табиғатпен байланысты жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді.
Даосизімнің негізін қалаушы — Лао-Цзы өз заманында "көрі дана" деген атаққа
ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жакындау болып келеді.
Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. У1 ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-
Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да бар. Сол
кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің негізін қалаушы
Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы
пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, "кәрі дана" Конфуцийді
"Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің, оның
барлығы да бос әурешілік" деп қатты сынға алды. Лао-Цзының тұжырымдауынша,
халық даоны (дао-жол деген мағынаны береді) негізге алу қажет, өйткені
даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп
пайымдайды : Адамзат жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз
кезегінде дао табиғилықты қажет етеді". Олай болса дао-адамзат баласының
тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао-
жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүниемен, табиғат
кұбылыстарының қайнар көзі. "Дао- ілімінде жеке адамның адамгершілік
тұрғыдан жетілуі-өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланысты
қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық діни-қағидаларды "О пути
к добродетали" атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.
2.2 Конфуций ілімі
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы- Конфуций ілімі болып
саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б.
551 ж шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге ете құштар болған
Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте
жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің
бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол
елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу жене халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс
жолға қоюдың басты жолы- ата-бабалар дәстүрлері мен заңдарына, көне-заман
тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асырылу
жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары
талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мұлтіксіз
орындай білу шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге
асыруға мүмкіндік туады. Бұл-қағида - оның этикалық- әлеуметтік
бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына
ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ
оның айтқан ой-тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде "Суждения и беседы"
деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы, әрбір қағида, ой - толғаулары
"Ұстаз былай деген екен" деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы
даланың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғаз жазбаша дерек болып
табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт
күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып "Жетілген адамның"
(цзюнь-цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері
"мол жетілген адамның" бойында, негізінен екі қасиет болуы қажет, олар
адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді "Мемлекетті басқаратын адам-
халқын шын ықыласымен сүюмен қатар парсатты және шыншыл болуы шарт". Нағыз
цзюнь — цзы болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін
тағы да басты қасиет-парыз сезімі (и) керек. Парыз-бұл моральдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz