Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . ….
І-Тарау. Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері . . . ….
1. 1. Халық - халықтар географиясының зерттеу объектісі . . . ….
1. 2. Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы . . . ….
ІІ-Тарау. Жамбыл облысының демографиялық жағдайына шолу. ….
2. 1. Жамбыл облысындағы халықтың орналасуы мен жалпы шолу………
2. 2. Жамбыл облысы халқының табиғи қозғалысы . . . …
2. 3. Жамбыл облысы халқының миграциясы . . . …
Қорытынды . . . …. .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
«Біз, Қазақстан халқы . . . » - бұл сөздер Отанымыздың - Қазақстан Республикасы Конститутциясының мәтініндегі ең маңызды сөздер болып табылады десек болады. Олар мемлекетіміздің билік көзі халық, яғни мемлекетіміздің азаматтығына ие барлық адамдар болып табылады деген мағына береді.
Республикамыздың оңтүстік бөлігінде орналасқан Жамбыл облысы халқының саны жөнінен Республика бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Бұл халық қандай тарихи оқиғалардың әсерінен қалыптасты? Қазіргі кезде оның ұлттық және әлеуметтік-демографиялық құрылымы қандай? Облыстың демографиялық жағдайына бүгінгі таңда қандай процестер әсер етіп отыр? Осы және басқа да сұрақтардың жауабы, біздің ойымызша гуманитарлық сала мамандарымен қатар (тарихшылар, саясаттанушылар, социологтар, экономистер және т. б. ) жалпы оқырман қауымының да қызығушылығын тудырады. Халықтың қоныстауымен кез-келген қоғамның демографиялық құрылымына байланысты барынша толық мәліметтер еңбекті көп қажет ететін аса маңызды халық санағымен жылдық есептер жүргізу арқылы іске асып отыр. Жұмыс барысында келтірілген нақты статистикалық мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі мен Жамбыл облыстық стстистика басқармасының жылдық есептерінен алынған.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде қоғам басынан өткеріп отырған өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері халық қоныстануы мәселелеріне де тікелей әсерін тигізіп отыр. Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты, халықтың қоныстану мәселелері бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республиканың ірі индустриялық базасы болып табылатын және халқы жөнінен алдыңғы орында тұрған Қарағанды облысының демографиялық жағдайындағы қиындықтар тек облыс шегінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан Республикасы үшін де аса маңызды.
Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты - Жамбыл облысының демографиялық жағдайына талдау жасау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- Демографиялық процестерді зерттеудің теориялық негіздерімен танысу.
- Жамбыл облысының экономикалық-географиялық орны мен әкімшілік-территориялық құрылымына қысқаша сипаттама беру.
- Жамбыл облысы халқының орналасу ерекшеліктерін анықтау.
- Жамбыл облысы халқының табиғи қозғалысына, яғни туу, өлім-жітім, табиғи өсім, некелесу және ажырасу процестеріне, халықтың жыныс-жастық құрылымына талдау жасау.
- Жамбыл облысындағы миграциялық процестердің даму ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Зерттеу нысанасы: Жамбыл облысының халқы.
Зерттеу пәні: Жамбыл облысы халқының демографиялық көрсеткіштері мен механикалық қозғалысы.
Практикалық маңызы: Дипломдық жұмыс материалдарын «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы», «Жамбыл облысының географиясы» курстарына қосымша материал ретінде және ғылыми-танымдық мақсаттарда пайдалануға болады.
Бірінші бөлімде демографиялық үрдістердің теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Халықтар геграфиясының негізгі зерттеу объектісі болып табылатын халықты зерттеу бағыттыры мен оны есепке алу жолдары, халықтың табиғи және механикалық қозғалысы жөнінде түсінік, олардың көрсеткіштерін анықтау тәсілдері, демографиялық үрдістерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар мен олардың ұсынған анықтамалары қарастырылған.
Екінші бөлімде Жамбыл облысының халық саны мен табиғи қозғалысының серпіні жөніндегі жалпы мәліметтер қарастырылған. Жамбыл облысы халқының серпінінде кемуге бейімділік байқалады. Оған тікелей әсер етіп отырған халықтың табиғи қозғалысындағы өзгерістер. Қарастырылып отырған санақ аралас кезеңде облыс халқының туу және өлім-жетім көрсеткіштеріндегі жағымсыз құбылыстар табиғи өсім деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Облыс халқының туу көрсеткіштерінің төмендеуіне әсер етіп отырған басты фактор, жалпы республикадағыдай, әлеуметтік-экономикалық болып табылады. Өлім-жітім деңгейінің жоғарылауына жоғарыда аталған фактормен қатар еліміздің өнеркәсібі дамыған ауданы - Жамбыл облысының күрделі экологиялық жағдайы әсер етіп отыр. Себебі экологиялық лас өнеркәсіптік өндірістің жоғары деңгейде шоғырлануы халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Ал табиғи өсімнің төмендеуі халық санының кемуіне әкеліп соғады.
Сондай-ақ бұл Жамбыл облысы халқының миграция мәселелеріне арналған. Санақ аралық кезеңде облыстың миграциялық жағдайы қолайсыз деп бағалануда. Мигранттардың негізгі бағыттары жақын және алыс шетел мемлекеттері мен республикамыздың өзге облыстары. Сонымен қатар миграцияның облыстың демографиялық жағдайына әсері мол, себебі ол халықтың жыныстық-жастық, ұлттық құрамында еңбек ресурстарының құрылымына халықтың ұдайы өсуіне тікелей әсер етеді.
I-Тарау. Демографиялық үрдістердің теориялық және әдістемелік негіздері
1. 1. Халық - халықтар географиясының зерттеу объектісі
Халық барлық уақыттарда географтар үшін аса маңызды зерттеу пәндерінің бірі болған. Бұдан ертерек уақыттарда елдер мен оларды мекендейтін халықтар географияның мазмұнын құраған. Кейінірек «географияның» анықтамасы кеңейгенімен халық географияның негізі болып қалды.
Уақыт өте келе географиялық ғылымдар жүйесінде экономикалық география бөлініп шықты, ал халықтар географиясы экономикалық географияның бір тармағы ретінде қалыптасты.
Экономикалық географияда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы немесе көлік географиясымен салыстырғанда халықтар географиясы ерекше маңызға ие. Себебі халық өндіруші күш ретінде де, тұтынушылар біртұтастығы ретінде де шаруашылықтың барлық салаларымен байланысты, экономикалық география зерттейтін барлық құбылыстар мен үрдістерге қатысады, сонымен қатар оның шаруашылықтан тәуелсіз, алайда халықты географиялық сипаттауда міндетті түрде назар аударатын ерекшеліктері бар (мысалы, ұлттық және тілдік айырмашылықтары) /1/.
Халық дегеніміз күнделікті өмірдің өндірісі мен ұдайы өсім үрдісінде табиғи тарихи қалыптасып үздіксіз жаңарып отыратын адамдардың біртұтастығы, адамзат қоғамының басты материалды компоненті (құраушы бөлігі) . Халық дегеніміз түрлі сипат пен белгілер тән алуан түрлі және күрделі құбылыс.
Жалпы халыққа тән маңызды белгі ретінде оның үнемі жаңарып отыруын қамтамасыз ететін өлгендер санының туылған дамушы келер ұрпақпен алмасуын айтуға болады. Бұл үздіксіз үрдісті көбіне «табиғи» ұдайы өсу немесе халықтың табиғи қозғалысы деп атайды, себебі ол ең алдымен адамның биологиялық қасиеттері арқылы көрінеді. Табиғи қозғалыспен қатар халықтың басқа да қозғалыстары бар. Бұл халықтың бүкіл қозғалыстарының анықтаушы шегін, ұдайы өсу мен жалпы қоғамның дамуының қоғамдық үрдіспен үздіксіз байланысын көрсететін халықтың кеңістік және әлеуметтік қозғалысы (халықтың әлеуметтік қозғалысы жеке тұлғалардың әлеуметтік топтар мен таптардың бір класынан екіншісіне өтуі, қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын орнының өзгеруі) /2/.
Халық қозғалысының нәтижесінде оның құрылымы мен басқа да сипаттары анықталып қана қоймай, сонымен қатар халықтың қоғамның басқа да барлық компоненттерімен үнемі өзара байланысы іске асады. Бұл өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың дамуымен шарттасатын үздіксіз сандық және сапалық өзгерістермен сипатталатын халықтың аса маңызды қасиетін - халық қоныстануының дамуын анықтайды.
Халық бүкіл қоғамдық дамудың органикалық бөлігі бола тұрып, өзі де сол дамуға айтарлықтай әсер ететін фактор болып табылады және оны өзгеріске ұшыратады. Халық қоныстануының заңдар жүйесін халық дамуының объективті үрдістерінің ішкі маңызды, тұрақты үнемі қайталанып отыратын өзара байланыстар құрайды. Халық қоныстануының заңдары арасында халықтың ұдайы өсуінің аса жалпыланған сипаттарын біріктіретін заңдар жүйесін (подсистема) шартты түрде бөлуге болады: 1) Халықтың табиғи қозғалыс заңдары; 2) Халықтың кеңістіктік қозғалысының заңдары (халықтың қоныстану және көші - қон заңдылықтары) ; 3) Әлеуметтік қозғалыс заңдары (халықтың әлеуметтік қозғалғыштығын көрсететін кластық, мамандық, біліктілік, білімділік және тағы басқа құрылымдарының өзгеру заңдылықтары) .
Халық дегеніміз нақты адамдардың біртұтастығының әлеуметтік - уақыттық және кеңістік - аймақтық анықтамалығын құрайды. Кеңістік - аймақтық шектеуге байланысты қозғалыс нәтижесінде халық аймақ бойынша тарайды. Бұл үрдісті халықтың қоныстандырылуы деп атайды, оның нәтижесінде қоныстар торы (торабы) пайда болады. Қоныстардың негізгі екі түрі бар - қалалық және ауылдық, олар өз кезегінде адамдар саны экономикалық - географиялық жағдайы, дамуының тарихи ерекшеліктері, халықтық - шаруашылық, сәулет-жоспарлық келбеті бойынша ерекшеленеді. Қоныстардың қоныстанбауы (бос болуы), аймақтың қоныстану деңгейі мен халықтың тығыздығы және қоныстардағы адамдардың көптігі халықтың таралуын сипаттайды.
Халықты қозғалыс үрдісінде қарастыру оның сипаттарының көп түрлілігін көрсетеді және де ол әлеуметтік және биологиялық құбылыстармен күрделі байланыста тұрған объективті өмірдің бүтін әлеуметтік құбылысы болып табылады. Қазіргі кезде халық есебін түрлі органдар (мекемелер) жүргізеді. Халықтың табиғи қозғалысының күнделікті есебі туу мен өлім, азаматтық жағдай мен медициналық мекемелердің актілерінің жазбаларына негізделген; халықтың көші-қоны туралы мәліметтер халықты тұрғын орнына тіркеу кезінде жүргізілетін ішкі істер органдарының келу мен кету туралы статистикалық есеп құжаттарында тіркеледі. Табиғи қозғалыс пен көші - қонды тіркеу мәліметтерінің негізінде халықтың жалпы саны, жыныстық және жастық құрамы, халықтың әлеуметтік ұлттық құрамы, білім деңгейі және тағы басқалар жайында есептер жүргізіледі. Бұл есептер халық санағының арасындағы кезеңде жүргізіледі. /3/.
Халық санағы белгілі бір уақытта елдің немесе оның бір бөлігінің әрбір тұрғынын сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтерді жинау мен талдап қорытудың аса күрделі әрі жауапты үрдісі болып табылады.
БҰҰ-ның статистикалық комиссиясының анықтауы бойынша халық санағы дегеніміз - бұл «жинау, жинақтау, бағалау, талдау және жарыққа шығарудың біртұтас үрдісі» немесе елдің нақты шектелген бөлігіндегі тұлғалардың барлығына қатысты белгілі бір уқыттағы демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтердің басқаша таралуы. БҰҰ - ның ұсынысы бойынша халық санағы әрбір он жылда жүргізіледі.
Санақ елдің барлық тұрғындарын, сонымен қатар сыртта жүргендерді де тіркейді. Жанұяның құрамы туралы мәлімет алып, оларды бір бірінен айыру үшін санақ жанұялар бойынша жүргізіледі. Халық санағын жүргізгенде мәліметтер құжаттардан емес адамдар сөзінен алынады. Жауаптар арнайы санақ парақтарына жазылады. Жазбаларды арнайы есепшілер жүргізеді.
Халық санағы қысқа мерзім ішінде (бірнеше күн ішінде) жылдың халық аса қозғалмайтын уақытында жүргізіледі. Біреуді жазбай қалу немесе қайталап жазбау үшін арнайы әдістер қолданылады. Ол үшін халық санағының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін бақылау тіркеулері жүргізіледі.
Санақ жоспары елдің бүкіл халқы үшін бірдей. Оған әдетте демографиялық (жынысы, туылған жылы, күні, жасы, некелік жағдайы, балаларының саны және т. б. ), экономикалық (қандай іспен шұғылданатындығы, күнкөріс көзі, жұмыссыздар үшін арнайы сұрақтар және т. б. ), білімділік туралы (сауаттылығы, мектепке баруы, оқу жылы немесе білімділігінің деңгейі, мамандығы) және ұлттық (ұлты, ана тілі басқа білетін тілдері) белгілері бар мәліметтер кіреді /4/ .
Мәліметтерді жинау - халық санағының, бастапқы сатысы ғана. Ары қарай мәліметтер құбылады (өзгеріске ұшырайды), түрлі инстанцияларда бақылаудан өткен соң автоматтандырылған өңдеуге ұшырайды (кодтау арқылы алғашқы жазып алынған мәліметтер магнитті дискілерге көшіріліп компьютерге енгізіледі) . Бұл соңғы өңдеу санақ мәліметтерін өңдеудің алдын-ала жоспарлануы бойынша мемлекетті экономикалық және саяси ұйымдастыруға қажетті халықтың саны, құрамы мен таралуы туралы, сонымен қатар елдің және оның жекелеген аймақтары мен мекен жайларының экономикалық және әлеуметтік дамуын ғылыми зерттеп іс жүзінде басқаруға арналған жан жақты мәліметтері бар дайын статистикалық кестелер жасап шығарады.
Бұл мәліметтердің барлығы халықтар географиясының кез-келген өңдеу ісінің қажетті алғы шарты болып табылады. Халықтың саны мен жастық-жыныстық құрылымы, қала мен ауыл халқының үлесі, халық шаруашылығының салаларында еңбек етіп жатқан халықтың таралуы- мұның бәрі халықтар географиясын талдауға қажетті негізін қалаушы бастапқы мәліметтер болып табылады. Туу, өлім - жітім және табиғи өсім сияқты демографиялық көрсеткіштер халықтар географиясы үшін маңызды және мысалы, еңбек артықшылығы мен жетіспеушілік байқалатын аудандарда еңбек ресурстарының тепе - теңдігіне әсер ететіп, сол арқылы көші-қон көрсеткіштерінен көрініс таба отырып экономикалық - географиялық мәнге ие болады
Осыған байланысты халықтар географиясы пәнінің түрлі анықтамаларын байқауға болады. Олардың ең қысқасы, В. В. Покшишевский бойынша: «Халықтар географиясы дегеніміз халықтар мен елді мекендердің құрамы мен орналысуын зерттейтін экономикалық географияның саласы», ол түрлі аймақтардағы халықтың қалыптасуын, оның құрылымын, тығыздығы мен нақты жиынтықтарын (қалалық және ауылдық қоныстанулар) және де қоныстану пішіндерін анықтаушы жағдайларды қарастырады /2/. 1971 жылы ММУ - де басылып шыққан тағы бір басқа халықтар географиясының оқулығында былай деп жазылған: «Халықтар географиясы халық саны, серпіні мен орналасуының аймақтық айырмашылықтарын, сол айырмашылықтардың қалыптасу заңдылықтарын, елді мекендердің аймақтық жүйелері мен олардың даму заңдылықтарын зерттейді. Сонымен қатар халықтар географиясы жер шарындағы және жекелеген елдер мен аудандар шегінде халықтың орын ауыстыруын зерттейді». Халықтар географиясының анықтамасы бұдан да жинақты С. П. Ковалев пен Н. Я. Ковальскаяның оқулығында берілген: «халықтар географиясы нақты қоғамдық тарихи жағдайлар үшін сол халықтар өмір сүріп еңбектеніп жатқан халықтың аймақтық топтары мен елді мекендер жүйесінің серпінін, табиғи орта жән шаруашылық пен байланысын кешенді түрде зерттейді. Ол халықтың аймақтық топтары мен елді мекендердің дамуының заңдылықтары мен аймақтық мәселелерін анықтайды» /3/.
Зерттеудің мақсаты мен ауқымдылығына байланысты аймақтық топтар ретінде жекелеген елдер мен олардың бөліктерінің, өлкелердің, облыстардың, бөлшекті экономикалық аудандардың жекелеген қалалардың агломерациялары мен ауылдық аудандардың халқы қарастырылуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардың арасында принципиалды айырмашылықтар жоқ екенін байқау қиын емес және салыстыруда олар халықтар географиясы зерттейтін құбылыстар, үрдістер, мәселелер туралы кеңірек түсінік беріп осы ғылымның төменде келтірілген жекелеген бөлімдері мен бағытттарын бөлуге мүмкіндік береді:
- Өндіріс географиясына байланысты теория мен қызмет салалары бойынша халықтың құрылымы мен таралуының теориялық заңдылықтарын, қала мен ауыл халқының арақатынасын қарастыратын халықтар географиясының жалпы мәселелері;
- Халықтың табиғи қозғалыс мәселелері;
- Халықтың көші - қон географиясы;
- Халықтың қалалық және ауылдық таралуының географиясы;
- Еңбек ресурстарының географиясы;
- Халықтар географиясының тарихы;
- Этнодемографиялық мәселелер;
- Халықты картографиялау мәселелері;
Осы аталған бағыттардың бәрі бір - бірімен және кез - келген қызмет саласымен әсерлесе отырып мемлекеттік қызметті жоспарлаау мен жобалауда қолданылуы мүмкін. Бұл бағыттардың барлығы тек сипатталу ғана емес, сонымен қатар түсіндіріп талдау себеп - салдарлық сипатқа ие болуы қажет сол үшін құбылыстар серпінді түрде қарастырылуы қажет.
Жалпы, халықтар географиясында басқа да ғылымдар секілді мәселелерінің өзіндік теориялық шеңбері (жалпы заңдылықтарды анықтау) зерттеулерінің аймақтық циклдары мен қолданбалы жақтары бар (анықталған заңдылықтар негізінде практикалық сұрақтары шешіледі) . Географиялық ғылымдар жүйесінің бөлінбес бөлігін құрай отырып халықтар географиясы халықтың таралып мекендеуін, оның ұдайы өсуін, қозғалысын, орналасуы мен тіршілік етуін жан-жақты зерттейтін ғылымдар кешеніне кіреді. Бұл жағдайда ол демография, этнография, әлеуметтану, әлеуметтік психология, экономика, статистика сияқты қоғамдық, сонымен қатар медициналық ғылымдармен тығыз байланысты.
Демография халықтар туралы ғылымдар тобында ерекше негізін қалаушы орынға ие.
«Демография» сөзі екі грек сөзінен тұрады «демос» - халық және «графо» жазамын, яғни тікелей аударғанда «халық туралы жазамын» немесе халықты сипаттау деген мағына береді /1/.
Профессор Б. Ц. Урланис былай деп жазады: «Демография дегеніміз әлеуметтік, экономикалық, географиялық және биологиялық факторлар негізінде халықтың құрылымы, таралуы мен серпініндегі құбылыстар мен үрдістердің заңдалықтарын зерттейтін, сол негізде халықтар теориясын өңдейтін ғылым» /4/. А. Г. Волков демографияны «қоғамдық тарихи байланыстағы халықтың ұдайы өсуі туралы ғылым» деп санайды /5/.
Осы анықтамалардан халықтың ұдайы өсуі демографиялық ғылымның пәні екендігін байқауға болады.
Табиғи ұдайы өсу үрдісі өз алдына аса күрделі: ол жыныс пен жасқа байланысты халықтың құрылымына және жалпы халықтың санынан әсер етеді. Халықтың ұдайы өсуіне көші - қон да әсер етеді. Себебі ұдайы өсу үрдісінің бір факторы ретінде көші - қон көшіп қонушылардың тууына, некелесуіне, денсаулығына және өліміне әсер етеді. Өз кезегінде халықтың туу деңгейі, жанұялық жағдайы көші - қон қозғалысына әсер етеді, яғни халықтың көшіп қонуының себепшісі болып табылады. Осыдан байқайтынынымыз бұл үрдістер өзара тәуелді әрі байланысты. Бірақ олардың әрқайсысын халықтың санына, сандық және сапалық құрамына әсер ететін жеке сала ретінде қарастыру маңызды.
- Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы.
Елдің халық санының серпінді өзгеруіне екі фактор -халықтың табиғи қозғалысы мен көшіп - қонуы (механикалық қозғалыс) әсер ететіні белгілі, олардың бастысы табиғи қозғалыс немесе ұдайы өсу үрдісі болып табылады. Халықтың табиғи өсімі дегеніміз туу, өлім-жетім, некелесулер мен ажырасулар нәтижесінде халық саны мен құрылымының үздіксіз өзгеруі. Халықтың табиғи өсімінің негізгі көрсеткіштері: туу, өлім және олардың арасындағы айырмашылық табиғи өсім. Әдетте бұл оң көрсеткіш, алайда жекелеген жағдайларда өлім - жітім туудан басым болғанда өсім «теріс» болуы мүмкін.
Демографияда туу дегеніміз белгілі бір әлеуметтік ортада баланың туылу үрдісін айтады.
Туу мәселесі халықтың табиғи қозғалысы мен таралып орналасуын зерттеуде ең негізгілердің бірі, себебі туу задылықтарын түсіну жалпы демографиялық жағдайды бағалап, демографиялық болашақты болжауға мүмкіндік береді. Экономикалық, идеологиялық, ұлттық саяси діни, адамгершілік психологиялық сияқты түрлі факторлардың кешенімен сипатталатын әлеуметтік үрдістер мен қатынастардың күрделі жүйесінің туу арқылы көрінетіні де бекер емес.
Туу қарқындылығын анықтайтын факторлар арасында халықтың ахуал деңгейінің факторы ерекше назар аудартады. Балалы болу үшін материалдық жағдай жақсы болу керек деген бұрынан қалыптасқан түсінік бар. Басқаша айтқанда, ахуалдың жоғары деңгейі әлеуметтік- экономикалық фактор ретінде адамның материалды және рухани қажеттіліктерін және адамның спецификалық «балаға деген қажеттілігін» қанағаттандыратын негіз болып саналады. Алайда керісінше, ғалымдар дәлелдегендей, халықтың кедейлігі мен ахуалдылығының төмен деңгейі барлық кезде туу деңгейінің төмен болуының себепшісі болмайды. Бұл ахуал факторының өсуінде жағымды және жағымсыз сәттердің болуына және тууға басқа да факторлардың әсер етуіне (мыс, діни, ұлттық және т. б) байланысты болуы мүмкін.
Қалай болғанда да, туу мен өлім - жітім халықтың табиғи қозғалысының негізгі құраушы бөлігі ретінде елдегі демографиялық жағдайды бейнелейді. Ал бұл демографиялық көрсеткіштерді талдау елдегі халықтың дамуына әсер ететін жағымсыз тенденцияларды анықтап келешекте қиыншылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Табиғи қозғалыс мәліметтерін талдамас бұрын айта кететін жай демографиялық көрсеткштерді екі негізгі түрге бөлуге болады: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті көрсеткіштер дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде немесе уақыт ішінде немесе уақыт жиілігіндегі демографиялық құбылыстардың (көбіне бір жыл ішіндегі) қосындысы. Оларға, мысалы, белгілі күндегі халық санын, жыл, ай және т. б. аралығындағы туылғандар, өлгендер және тағы басқа санын жатқызуға болады. Салыстырмалы көрсеткіштер дегеніміз өндіргіш халық санына деген қатынасын көрсететін бөлшек болып табылады, осылайша халық санындағы айырмашылықтар жойылады.
Қандай да бір демографиялық құбылыстың салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы формулалар бар. Мысалы, халықтың тууын талдау үшін, ең алдымен туудың жалпы коэффициентін анықтайды:
n
=
/1/,
мұнда:
n - туудың жалпы коэффициенті;
N - есептелуші кезеңдегі туылғандар саны;
T - толық жылдардағы қарастырылып отырған кезеңнің ұзақтығы;
p - халықтың жалпы саны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz