Құқықтың пайда болуы туралы



Мемлекетке дейінгі әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның әлеуметтік- экономикалық біртұтастығын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілмегенімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, аьлғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына әсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1. Алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым- қатынастар ең алдымен әдет- ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс- тұрыс ережелерімен реттелген;
2. Жазбаша нысандағы көрінісі болмастан адамдардың жүріс- тұрысы мен санасында өмір сүрген;
3. Әдеттің, сонымен қатар сендіру және мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген;
4. Оларда негізгі реттеу тәсілі болып тиым табылған;
5. Олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.

Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері.
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір- бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер әдет- ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс- тұрысында бекітілсе, құқық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы- әлеуметтік байланыстардың күрделелуінің, қоғамдағы қарама- қайлықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1. Мононормалардың әдет құқығының нормаларына айналуы және осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2. Құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды- нормативтік актілерді шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық- шығармашылық қызметі;
3. Сот және әкімшілік органдармен қабылданатын нақты шешімдерден құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прецеденттік құқық.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтың пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.1Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... 5
1.2 Құқықтың пайда болуының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...8

Құқықтың түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .10
2.1 Құқықтың түсінігі және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
10
2.2 Құқықтың объективтіқ және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи
құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық және жеке
құқық ... ... ... ... ... ... .11
2.3 Құқықты түсінудегі қазіргі кездегі
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Құқықтың қағидалары мен
функциялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 15
3.1 Құқықтың қағидаларының түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.2 Құқықтың
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...16
3.3 Құқық пен моральдың
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Құқық жүйесі
4.1 Құқық жүйесінің түсінігі
4.2 Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу
негіздері
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
4.3 Мемлекет пен құқықтың
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Құқықтың пайда болуы
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.

Мемлекетке дейінгі әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың
адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның әлеуметтік-
экономикалық біртұтастығын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек
құралдарының жетілмегенімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты
болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру,
өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз
кезегінде, аьлғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына әсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1. Алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым- қатынастар ең алдымен әдет-
ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде
әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс- тұрыс ережелерімен
реттелген;
2. Жазбаша нысандағы көрінісі болмастан адамдардың жүріс- тұрысы мен
санасында өмір сүрген;
3. Әдеттің, сонымен қатар сендіру және мәжбүрлеу шараларымен
қамтамасыз етілген;
4. Оларда негізгі реттеу тәсілі болып тиым табылған;
5. Олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.

1.2. Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері.

Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі,
көп жағдайда олар бір- бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір
сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң
нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен,
экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер
әдет- ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс- тұрысында бекітілсе, құқық
нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталды. Құқықтың
пайда болуы- әлеуметтік байланыстардың күрделелуінің, қоғамдағы қарама-
қайлықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1. Мононормалардың әдет құқығының нормаларына айналуы және осыған
байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2. Құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды- нормативтік
актілерді шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық-
шығармашылық қызметі;
3. Сот және әкімшілік органдармен қабылданатын нақты шешімдерден
құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты
иеленетін прецеденттік құқық.

2. Құқықтың түсінігі және мәні

1. Құқықтың түсінігі және белгілері.

Құқық- бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған- мемлекетпен
орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін жалпыға міндетті формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1. Еріктілік сипаты;
2. Жалпыға міндеттілігі;
3. Нормативтілігі;
4. Мемлекетпен байланысы;
5. Формальды анықталғандығы;
6. Жүйелілігі.
Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы
бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен,
әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен
кетушіліктерді жою отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың
әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның
әлеуметтік әділетті қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен
мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының
төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1. Құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,
үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылануын қамтамасыз етеді,
осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе
отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;
2. Құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-
тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, құқық жеке мүдделерді басып
жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3. Құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып
табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4. Құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық
материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5. Құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның
жаңаруының қайнар көзі болып табылады;
6. Құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлт аралық сипаттағы мәселелерді
шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.

Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,
нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастыруына жете отырып,
демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асыруынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық- кез келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық- осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
-таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құраушы таптың
заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен
кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
-жалпы әлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әр түрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде
қарастырылады.

2. Құқықтың объективтіқ және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи
құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық және жеке құқық.

Объективтік құқық- бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағыталған,
Мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті,
формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық- бұл нақты
бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдептері, заңды
прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның
еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық- бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс- тұрыстың шамасы. Субъективті құқықтар
ретінде адамның нақты құқықтарын атауға болады. Олардың субъективтілігі
тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен
тәуелділігінен көрінеді.
Заңды мағынадағы құқық пен қатар табиғи құқық та болады, ол өмір
сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды.Табиғи құқықтың қатарына
жататын құқықтар бір жерде бекітілген- бекітілмегеніне қарамастан өмір
сүреді. Олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық позитивтік құқық
ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде
бекітілген.
Позитивті құқықтың негізге сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар- заң шығарушылар, соттар,
құқық субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының
мақсатты, ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
ә) ол заңдар немесе басқа қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір
мезетте әрі қарама- қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды.
Бірінші жағы –бұқаралық құқықтық жағы, екінші жағы- жеке – құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық- бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен
бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік
ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің
заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың
түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып, оның мемлкетпен
тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
1. Мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік
мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
2. Құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық
қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес
реттейді;
3. Құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік
реттеуші, заңды және заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс
табуына мүмкіндік береді.
4. Басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік пролінің
ерекшелігі оның нормаларының өкілдік- міндеттеуші мазмұнымен
байланысты.

3. Құқықты түсінудегі қазіргі кездегі бағыттар

1. Нормативтік бағыт. Оны жақтаушылар құқыққа мемлекетпен қорғалатын
нормалар жиынтығы ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда Кельзеннің
концепциясына сәйкес, құқық нормалары жүйесі ретінде түсіндіріледі,
оның ең басында заң шығарушы қабылдаған негізгі норма тұрады, және
бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғарғы
нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа
мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы
анықталады.
2. Құқықтың табиғи- құқықтық теориясы. Бұл құқық теориясын жақтаушылар
(Т. Гоббс, Д.Локк, А.Радишевжәне т.б.) мемлекет орнықтыратын құқыққа
қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқық та болады деп санаған.
Бұл- өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық.
Яғни, табиғи құқық- қоолданыстағы құқыққа қарағанда жоғарғы құқық,
бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық.
Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң бөліп қарастырылады, яғни,
позитивтік құқықпен қатар адамға тұған сәтінен тиесілі жоғары,
шынайы, табиғи құқық та болады.
3. Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай кітаптарына ең
алдымен, Інжілге негізделеді. Бұл теорияның өкілдері (Аристотель,
Фома Аквинский және т.б.) егер адамға табиғи құқықтар туған сәтінен
берілсе, оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған.
4. Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф.Савиньи, Гуго, Г.Пухта
және т.б.) құқықты заң шығарушы қалыптастырмайды, ол халықтық рухтың
дамуы нәтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған.
Құқық танушы ғалымдар халықтық құқықтық рухтың көріністерін дәл
тауып, оны ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заң
шығарушы дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы
тиіс.
5.Психологиялық бағыт. Бұл терминнің өкілдері (Л.И.Петражицкий, Росс,
И.М.Рейснер және т.б.) нормалары мен қатар құқық түсінігіне адамдардың
құқықтық санасында, құқықтық эмоцияларында енгізеді. Психологиялық бағыт
кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең қолданыста болған. Себебі, бұл
кезде жаңа заңдар қалыптаспаған болатын, тіпті, декреттердің өзінде
соттардың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне сәйкес шешуінде құқықтық
санаға жүгінуі танылған еді.
6. Социологиялық бағыт. Құқықтың социалогиялық теориясының өкілдері (
П.Эрлих, Жени, С.И.Муромцев және т..б.) құқық табиғи құқықтар мен заңдардан
емес, заңдарды жүзеге асырудан көрініс табады деп санаған, яғни, құқықты өз
құқықтарын белгілі бір дәрежеде жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың
қызметі ретінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті құру тәжірибесі де
жарияланған.
7. Марксистік бағыт. Марксистік теорияның өкілдері (Маркс, Энгельс,
Ленин және т.б.) құқықты экономикалық үстемдік құрушы таптың заңға
айналған еркі ретінде түсіндірген және таптық еріктің құқығынан көрініс
тапқан мазмұнды материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен анықтаған.
8.Интегративтік бағыт. Бұл бағытқа сәйкес шын мәнінде кемшіліксіз
құқықтың болуна күмән келтіреді, сондықтан, аталған бағыттың өкілдері
әртүрлі теориялардан өз ойларынша ең дұрыстарын таңдап алып, құқыққа
мынадай анықтама береді: Құқық – бұл еркін еріктердің өзара байланыстағы
күресі мен келісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз етілген және
нақты бір қоғамда танылған теңдік пен әділеттілік нормативтерінің
жиынтығы.

3. Құқықтың қағидалары мен функциялары

1. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері.

Құқықтың қағидалары – бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі
мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың
заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде
тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс-тұрыс
ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық
және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып
келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
- әділеттілік;
- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
- ізгілік;
- демократиялық;
- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін
сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы
және т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар
құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс
бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі
рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты
шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары
анықталады, олар: экономикалық, саяси, тәрбиелік функциялар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші және
қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орнықтырудан,
қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделерінесәйкес қатынастарды дамытуға
жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден
және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің
әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші
статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық
субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен
көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс
табады.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және
жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің
шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған
құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

2. Құқықтың типтері

Құқықтың тарихи типі- бұл белгілі бір экономикалық базиске тән барлық
құқық жүйелерінің жалпы әлеуметтік сипаттарын көрсететін категория.
Формациялық бағытқа сәйкес, базис қоғамдық дамудағы шешуші фактор болып
табылады, ол мемлекет пен қоғамның белгілі бір типін қалыптастырады.
Экономикалық базистің типтеріне қарай құқықтың құлиеленушілік, феодалдық,
буржуазиялық және социалистік типтерін бөліп қарастырады.
Құқықтың құлиеленушілік типі – бұл құлиеленушілердің толық құқылығын
және құлдардың құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін
білдіретін,құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың жүйесі.
Бұл құқықтың мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің материалдық жағдайларына
сәйкес анықталады.
Құқықтың феодалдық типі- бұл бір сословиелердің артықшылығын және
келесі бір сословиелердің кемсітлуін бекітетін,феодалдар табының еркін
білдіретін сословиелік құқықтық- нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны
феодалдар табының өмірінің материалдық жағдайларына сәйкес анықталады.
Құқықтық буржуазиялық типі- бұл капиталистердің еркін білдіретін және
олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен қалыптастырылған және
қорғалатын жалпыға міндетті нормалардың, жүріс- тұрыс ережелерінің
жиынтығы.
Құқықтың социалистік типі- бұл халықтың еркін білдіретін, мемлекетпен
қалыптастырылған және қамтамасыз етілетін жалпыға міндетті заң
нормаларының жиынтығы.
Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір
сүруінің әр түрлі салаларындағы жүріс –тұрысын ретке келтіру. Реттеу
нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, өз кезегінде техникалық және
әлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар- бұл адамдардың еңбек құраолдарын және табиғат
заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар
жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану
ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық
нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек
әлеуметтік сипатта емес; ә) субъектілік құрамы тек адамдар мен ғана емес,
сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.
Әлеуметтік нормалар- бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын
жүріс- тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, діни, саяси, эстетикалық, әдет,
корпоративтік нормалары жатады. Әлеуметтік нормалар келесі ережелерге ие:
а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол- қоғамдық
қатынастар; ә) субъектілік құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі
адамдармен ғана байланысты.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыста болады.
Нақты айтқанда қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық
қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға
міндетті техникалық- заңды жүріс- тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы,
қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін
бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.

3.3 Құқық пен моральдың арақатынасы

Мораль- бұл адамдардың жұріс- тұрысын, жақсылық пен жамандыңқ,
әділеттілік пен әлетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың
жүйесі. Құқық- бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері:
1. Әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған,
кешенді нормалар болып табылады.
2. Олардың реттеу объектісі біреу- қоғамдық қатынастар;
3. Олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:
1. Пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық
мемлекетпен бірге пайда болады;
2. Көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса,
құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс
табады;
3. Әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды
реттей алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық
қатынастарды ғана реттейді;
4. Күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну
барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде
күшіне енеді;
5. Қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық әсер ету
шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер
ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
6. Бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды
жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан
реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқықтық
сәйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.
Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші
тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды.Олар әртүрлі діни
кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни
кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктерінің ұйымдастырылуының
және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік
қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды
сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азаматтық- құқықтық, отбасы-
некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам
мемлекеттерінде Құран мен Сүнет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын
реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы
құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан
бостандығын, кез- келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып,
діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге
заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына
иелік етуге құқылы.
Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың,
кәсіптік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжаттарында
бекітілген нормалары, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялық
ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.
Корпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың
екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен қабылған жазбаша құжаттарда
бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан
айырмашылығы- олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелеріне ғана еркі мен
мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады.
Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген әсер ету
шаралары қолданылады.
Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде
қалыптасқан ережелерді айтады. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде
оларды сақтау әдетке айнлаған нормалар әдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүру барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті
түрде бағынуына негізделеді. Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет-
ғұрыптың қайнар көзі болып табылады.

4.Құқық жүйесі

4.1Құқық жүйесінің түсінігі

Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға,
институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір
байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екенін
білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз
кезегінде біріге отырып, ірі құрылымдарды-институттарды,
салаларды құрайды;
2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен тығыз
байланыстылыққа ие; Бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз
етеді;
3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени
факторларымен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы
қатынастарға тәуелді және адамдарға субъективтік қалауы бойынша
қалыптасуы мүмкін емес.

4.2 Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу
негіздері ретінде.

Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады:
құқықтық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол
басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде
қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды
талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы
қатынастары отбасы-неке құқығының реттеу пәні болып табылады.
Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың
нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.
Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:
1) императивтік – бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға
негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;
2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тараптардың тең
құқылығы, кординация әдісі;
3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін
марапаттау әдісі;
4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін жүріс-тұрысты жүзеге
асыруға кеңес беру әдісі.
3.Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін реттейтін
заң нормаларының жиынтығы.
Құқық саласының белгілері;
- әрбір саланың өз пәні болады;
- әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен
міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды
жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды
орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.
Құқық салаларының түрлері:
1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды,
жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында
конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар –
азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға
сәйкес іс жүргізушілік салалар – азаматтық іс
жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс
жүргізушілік құқықтары орналасқан;
2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше
сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы,
қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы
құқығы, түзеу – еңбек құқығы;
3) кешенді салалар; бұларға негізгі және арнайы салалардың
әр түрлә институттарының бірігуі тән: шаруашылық құқық,
аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы,
прокурорлық құқық, теңіз құқығы.
4.Құқық институты. Бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін
реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының
құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар
институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тәртібі институты,
жалақы институты, азаматтық құқықта – ескеру мерзімі институты, өкілдік
институты және т.б.
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық институтты
қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады: 1)құқықтық
нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы; 3)
құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-
құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және де басқа да құрылымдық
бірліктерінде жинақталуы.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде
бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік)
мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе
дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар,
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін
орындауға бағыттаған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған
жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық
мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
- құқықтар мен міндеттер;
- заңды мүдделер;
- құқық субъектілік;
- азаматтық;
- заңды жауапкершілік;
- құқықтық қағидалар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке - дара болып бөлінеді. Жалпы
мәртебе - бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген
мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мәртебе
азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа
қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін
бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз
етеді. Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас,
отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке-
дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.

4.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы

Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың
арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда
артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы
ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт – табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және
құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мәселеге қарасты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт
жоғарыда аталға екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл
теорияларды жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына
тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз
өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың
бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға,
құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты
қамтамасыз етудегі шынай рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1) құқық шығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада
бұл мемлекеттің құқық нормаларының орнықтырылатынын
білдіреді;
2) тікелеймемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің
санкциялануынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы,
мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялаумен
сипатталады;
3) іш жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты
заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет
құқығы осылай қалыптасады.
4) Құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты
пайдаланудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы
ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Құқық ұғымы туралы
ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ, АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ
Жалпы құқықтар онда корольдердің соттарымен жасалған және негізінен, құқық сот тәжірибесінің нәтижесі
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Құқықтың пайда болу негіздері
Құқықтық түсінігі және мәні. Құқықтың материалистік теориясы
Пәндер