Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны



Кіріспе

І.тарау. Махамбет Өтемісұлы
1.1. Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны.
1.2. Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс.

ІІ.тарау. Махамбет Өтемісұлы қазақ әдебиетінде.
2.1. Махамбеттің өлеңдері.
2.2. Махамбет . күйші, сазгер.

ІІІ.тарау. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалпы, қазақ батырлары туралы әңгіме, мәңгілік тақырып. Мұнда біздің ұлттың ғұмыр бойғы трагедиясы, тағдыры мен азабы, қаһармандығы жатыр. Жалпы, орта ғасырдан өткен ғасырдың соңына дейінгі аралықта елдің тарихынан ойып орын алған 20-ға тарта қазақ батырлар бар. Мұның бәрін білу ұрпаққа міндет.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х. Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Ә.Дәрбісәлин, Қ.Сыдиықов және т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты.
1. Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
2. Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999
3. «Бес ғасыр жырлайды» кітабы. 2 томдық. Алматы-1989ж. І-том

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І-тарау. Махамбет Өтемісұлы
1.1. Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны.
1.2. Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс.
ІІ-тарау. Махамбет Өтемісұлы қазақ әдебиетінде.
2.1. Махамбеттің өлеңдері.
2.2. Махамбет – күйші, сазгер.
ІІІ-тарау. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жалпы, қазақ батырлары туралы әңгіме, мәңгілік тақырып. Мұнда біздің
ұлттың ғұмыр бойғы трагедиясы, тағдыры мен азабы, қаһармандығы жатыр.
Жалпы, орта ғасырдан өткен ғасырдың соңына дейінгі аралықта елдің тарихынан
ойып орын алған 20-ға тарта қазақ батырлар бар. Мұның бәрін білу ұрпаққа
міндет.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем
тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра
жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар
тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген
заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі
ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны
ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х. Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, М.Мағауин,
Ә.Дәрбісәлин, Қ.Сыдиықов және т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер,
мақалалар жазды, пікірлер айтты.

Махамбет Өтемісұлы
(1804 - 1846)

Махамбет Өтемісұлы – 1804 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс
Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. –
20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында
жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай
Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім,
қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің
Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы
Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің
тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге
келді.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан
дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері
ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы,
даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында
болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау
еткен.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен
Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның
сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен
өлтіреді.

Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі
(1836-1838). Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап
Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны
қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп,
бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып,
Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша
ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды.
Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда
20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей
бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.
1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған
Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж.
4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді.
Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді.
Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті.
Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек,
қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын
шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға
аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан
подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі
зеңберек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты
қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды.
Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа
бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша
тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті.
1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының
қонысына келді.
Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан
Қайыпғали Есімов бастапан жасақтар пайда болды.
Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі
Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор
ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск
бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының
жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500
сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан
бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен
болатын Оны Исатай тобы білмеді.
1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке
бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген
көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс
жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс
әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында
қимыл жасап жүрді.
Осыдан 160 жыл бұрын, яғни, 1846 жылы 20 қазанда Ақжайық өңірінде қанды
оқиға орын алды. Ол атақты ақын Махамбет Өтемісұлының жантүршігерлікпен
өлтірілуі еді.
1846 жылы қазан айында Орынбор қазақтарының батыс бөлігінің билеушісі,
сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін
дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Және де ақынның өзін
тірілей қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша ақшасымен 1000, ал басын
кесіп әкелген адамға 500 сом төлейтінін жария еткен. Мұндай қылмысты жүзеге
асыратын адамдар да табылады. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.
Әнуар Әлімжановтың кітабында Махамбеттің басын Баймағамбет сұлтанға
алып барғанда Шернияз ақын да сұлтанның жанында отырғаны жазылады. Ықылас
оны қызыл подносқа салып, бетін мақпал матамен жауып әкеледі. Сұлтан:
“Қандай сыйлық әкелдің?” деп матаны қанжардың ұшымен ашып қалғанда,
подноста Махамбеттің басы жатады. Шернияз әуелі бұл кім деп ойлады ма, ұзақ
қарап, ақынның басын таныған соң, жағалай отырған адамдарды бір сүзіп өтеді
де, айқайлап далаға шыға жүгіреді.
Махамбеттің өлеңдері
Махамбет - өзінің барша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
Махамбет Өтемісұлы туралы
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Махамбеттің күй мәдениеті
Пәндер