Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік
1.1Қылмыс ұғымы және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Қылмыс құқығындағы жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. Коммерциялық және өзге ұйымадардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
2.1 Коммерциялық және өзге ұйымадардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың нақты құрамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы тарау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі мүлдем жаңа тарау болып табылады. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін бірдей жауаптылық белгіленіп, олар лауазымды қылмыстар деген арнаулы тарауда көрсетілген еді. Жаңа қылмыстық кодекстің жобасын талқылау және оны қабылдау кезеңінде қоғамымызда орын алған орасан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің талабына сай келетін жаңа қылмыстық заң қабылдау қажеттілігі туындады. Осыған орай мемлекеттік өкімет билігіне қарсы қылмыстар өзінше жеке тарауға бөлінді. Осылай бөлінуге негіз болған басты белгілер: Біріншіден қылмыстың объектісіне байланысты. Коммерциялық және өзге (мемлекеттік емес) ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар осы ұйымдардың заңды мүдделеріне, дұрыс қызметіне ғана қол сұғады. Мұндай ұйымдарда істелетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттер ешуақытта да мемлекеттік ұйымдардың мүдделеріне қол сұқпайды. Екіншіден коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың субъектісінің ерекшелігінде. Заңға сәйкес меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымда, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық – әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын ада коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметін атқаратын адам осы тұрғыдағы қылмыстың субъектісі болып табылады.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы. 1998.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.- Алматы, 2002.
3.Коментарий к Уголовному кодексу РК/Отв.ред.: Борчашвили И.Ш., 4.
4. Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО “Полиграфия”,1999ж.
5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті
Жарғы, 2001ж.
6.Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.
7.Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.
8. Аскеров Э. “Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран”, // Уголовное право, №4, 2005ж.
9. Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж.,
10.Алауов Е.О. Проблемы уголовно-правовой борьбы с вымогательством.
11.Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые проблемы охраны имущества граждан от корыстных посягательств. М,1991
12.Владимирова В.А., Квалификация похищений личного имущества граждан. М, 1974
13.Горбачев А.В. , Тениев Э.С. Размер хищения и его доказывание. Горький, 1986
14.Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права РК. Алматы, 2001
Кригер Г.А. Квалификация хищения социмущества. М,1974

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік

1.1Қылмыс ұғымы және белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2Қылмыс құқығындағы
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ. Коммерциялық және өзге ұйымадардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстар.

2.1 Коммерциялық және өзге ұйымадардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13

2.2 Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстардың нақты
құрамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе.

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстар туралы тарау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі
мүлдем жаңа тарау болып табылады. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін бірдей жауаптылық белгіленіп, олар
лауазымды қылмыстар деген арнаулы тарауда көрсетілген еді. Жаңа қылмыстық
кодекстің жобасын талқылау және оны қабылдау кезеңінде қоғамымызда орын
алған орасан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің талабына сай
келетін жаңа қылмыстық заң қабылдау қажеттілігі туындады. Осыған орай
мемлекеттік өкімет билігіне қарсы қылмыстар өзінше жеке тарауға бөлінді.
Осылай бөлінуге негіз болған басты белгілер: Біріншіден қылмыстың
объектісіне байланысты. Коммерциялық және өзге (мемлекеттік емес)
ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар осы ұйымдардың заңды
мүдделеріне, дұрыс қызметіне ғана қол сұғады. Мұндай ұйымдарда істелетін
қоғамға қауіпті іс-әрекеттер ешуақытта да мемлекеттік ұйымдардың
мүдделеріне қол сұқпайды. Екіншіден коммерциялық және өзге ұйымдардың
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың субъектісінің ерекшелігінде. Заңға
сәйкес меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымда, мемлекеттік орган,
жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес
процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы
өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық – әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттерді атқаратын ада коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару
қызметін атқаратын адам осы тұрғыдағы қылмыстың субъектісі болып табылады.

Яғни жоғарыда көрсетілген субъектілер мемлекеттік қызметші қатарына
жатпайды және мемлекеттік қызметші қатарына жатпайды және мемлекеттік
қызметшілердің құқықтық жағдайын пайдалана алмайды, бұл тұрғыдағы
субъектілер өздері қызмет атқаратын коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың
қызмет мүддесіне ғана зиян келтіруі мүмкін.

Коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар өз
құрамдарының объективтік және субъективтік жағының белгілері бойынша
ерекшеленеді.

Объективтік жағынан бұл тараудағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы кінәлінің коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың сеніп тапсырған
өкілеттіктерін теріс пайдалануы арқылы жүзеге асырылады. Яғни қылмыстық
қиянат осы ұйымдардың шеңберінде жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан бұл
қылмыстар көбінесе кінәнің екі нысаны арқылы жүзеге асырылады.

І. Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік

1.1 Қылмыс ұғымы және белгілері.

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық
бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны
жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қылмыс ұғымы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: Осы
кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс
деп танылады.

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де,
әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді
нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы
тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол
қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты
қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық
заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте
бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана
немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде
қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Қылмыстың жіктелуі.

Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі
мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте
барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр
қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.1. Жасалғаны үшін ең
ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған
әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан
айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп
танылады.

2.Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын
қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет –
орташа ауыр қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған
әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.

   Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен
қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге
жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және
олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
   Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы
қылмысқа қатысу деп танылады.
   Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы
міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие
болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам
ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі
ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді,
оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге
бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде,
қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары
қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол
жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
   Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал
қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
   Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда
қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап
беруге тиіс.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері.
 Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдапсалушы
және көмектесуші деп бөледі. Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының
объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын
адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен
бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық
орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс
жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта
мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін
жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай
сияқты.Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына
басшылық еткен адам.Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей
жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік
жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс
жоспарының авторы болады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен
немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп
танылады.Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып,
айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүгемдік ниетін
пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару
немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен
қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ
көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де
құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды
жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні
бұрын уде береді.
  Қылмыс жасау сатылары.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары.
Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу;
аяталған қылмыс.Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен
қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды
іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да
қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс
мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.
   Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға
сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды,
мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс
жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау. Бейімдеу –
затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы,
кілттің түрін өзгерту).Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән
– жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс
жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі
танылады.Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының
барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір
қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып
есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру
өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда
адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады).
 

1.2Қылмыс құқығындағы жауапкершілік

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық
заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен
күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған
қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша
дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп
танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте  көзделгендей адамды
құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім
негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз –
жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық
және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және
қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға
байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады.
Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы
мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының
алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде
маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот
жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты
елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға
әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: Жаза әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және
сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан
сақтандыру мақсатында қолданылады.
Яғни жазаның мақсаты:
а)әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке
сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың
мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы
қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге
єрект жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және
балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-
тің 39 бабы).
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады,
олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның
мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери
қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери
бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек
негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын
жағдайда  қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе
құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік
сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл
жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген
жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның
құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен
қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық
жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу
шараларының бірі болып табылады.  
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу
кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді.

ІІ. Коммерциялық және өзге ұйымадардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстар.

2.1 Коммерциялық және өзге ұйымадардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстардың сипаттамасы.

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
туралы тарау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі мүлдем жаңа
тарау болып табылады. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мемлекеттік немесе
мемлекеттік емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін бірдей жауаптылық белгіленіп, олар
лауазымды қылмыстар деген арнаулы тарауда көрсетілген еді. Жаңа қылмыстық
кодекстің жобасын талқылау және оны қабылдау кезеңінде қоғамымызда орын
алған орасан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің талабына сай
келетін жаңа қылмыстық заң қабылдау қажеттілігі туындады. Осыған орай
мемлекеттік өкімет билігіне қарсы қылмыстар өзінше жеке тарауға бөлінді.
Осылай бөлінуге негіз болған басты белгілер: Біріншіден қылмыстың
объектісіне байланысты. Коммерциялық және өзге (мемлекеттік емес)
ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар осы ұйымдардың заңды
мүдделеріне, дұрыс қызметіне ғана қол сұғады. Мұндай ұйымдарда істелетін
қоғамға қауіпті іс-әрекеттер ешуақытта да мемлекеттік ұйымдардың
мүдделеріне қол сұқпайды. Екіншіден коммерциялық және өзге ұйымдардың
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың субъектісінің ерекшелігінде. Заңға
сәйкес меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымда, мемлекеттік орган,
жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес
процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы
өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық – әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттерді атқаратын ада коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару
қызметін атқаратын адам осы тұрғыдағы қылмыстың субъектісі болып табылады.

Яғни жоғарыда көрсетілген субъектілер мемлекеттік қызметші қатарына
жатпайды және мемлекеттік қызметші қатарына жатпайды және мемлекеттік
қызметшілердің құқықтық жағдайын пайдалана алмайды, бұл тұрғыдағы
субъектілер өздері қызмет атқаратын коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың
қызмет мүддесіне ғана зиян келтіруі мүмкін.

Коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар өз
құрамдарының объективтік және субъективтік жағының белгілері бойынша
ерекшеленеді.

Объективтік жағынан бұл тараудағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы кінәлінің коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың сеніп тапсырған
өкілеттіктерін теріс пайдалануы арқылы жүзеге асырылады. Яғни қылмыстық
қиянат осы ұйымдардың шеңберінде жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан бұл
қылмыстар көбінесе кінәнің екі нысаны арқылы жүзеге асырылады.

2.2 Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстардың нақты құрамдары.

Өкілеттіктерді асыра пайдалану (228-бап)

Қазақстан республикасында іске асырылып жатқан нарықтық қатынастар белгілі
бір талаптарға сай жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардағы мұндай
талаптарға нарыққа қатысушыларды құқықтық ережелермен қамтамасыз ету,
оларға шешім қабылдауға еріктілік беру, оның нәтижесі үшін жауаптылық
белгілеу жатады. Мұның мысалы коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін, оның ішінде өкілеттіктерді асыра
пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 228-бабында: Коммерциялық немесе өзге ұйымдар басқару
қызметтерін атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды
мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдарға зиян
келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса өкілеттіктерді
асыра пайдалану деп танылады деп көрсетілген.

Қылмыстың тікелей объектісі- коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың
бірқалыпты дұрыс басқару қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың қосымша тікелей объектісі-азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделері болып табылады. Өкілеттіктерді асыра пайдаланудың
объективтік жағының мына төмендегідей бірнеше белгілері болады: басқару
қызметін атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне
қарсы пайдалануы; іс-әрекет арқылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру.

Істелген іс-әрекеттер мен заңда көрсетілген зиянды зардаптың арасында
себепті байланыстың болуы.

Ұйымның заңды мүдделеріне қарсы деген термин заңмен немесе құрылтайшы
құжаттармен белгіленген белгілі бір ұйым қызметінің міндеттеріне қайшы іс-
әрекеттерді жасау болып табылады. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс ұғымы және оның белгіері. қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы туралы ақпарат
Конституциядан қылмыстық құқық
Қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
КЕЗЕҢ ТҮРЛЕРІ ҚЫЛМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҰҒЫМЫ
Қылмыстық жауапкершілік
Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу
«Қылмыс» ұғымы және оның белгіері қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және оның негізі
Қылмыстық құқықтағы соттылық ұғымы және оның өзекті мәселелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер