Түркі даласының ұлы ақыны - Жүсіп Баласағұни



1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Жүсіп Баласағұни
2.1 Түркі даласының ұлы ақыны
2.2 Қазақ тіліне қосқан үлесі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең де астарлы тарихына үңілетін болсақ,онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Орта ғасырларындағы түркі тайпаларында тараған мәдениеттің негізгі сипаттамасын көбінесе дәстүрлі қоғамның мәдениетіне жатқызу ғылыми зерттеулерде кеңінен орын алғаны белгілі. Қазақстанда ғылыми ой-пiкiрдiң тууы ежелгi замандардан бастау алады. Археол. зерттеулер мен жазба деректер бiзге Жетiсуда, Орт. және Шығ. Қазақстанда 6 — 8, 9 — 11 ғасырларда болған ежелгi қалалар мен қоныстар мәдениетi туралы деректер бередi. Бұл мәдениеттiң иелерi өз көркемөнерiн, қолөнерiн және жазуын жасаған жергiлiктi түркi тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар едi. Орта Азия мен Қазақстанның 8 — 11 ғасырларда араб халифатына кiруiне байланысты өлкеде ислам дiнi таралып, мәдени өмiрде араб мәдениетiнiң ықпалы күшейе түстi. Алайда жергiлiктi мәдениет пен тiл сақталып қалды.Орта ғасырлардағы қалалар өздерiнiң базарларымен және қолөнершiлерiмен ғана емес, сонымен бiрге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшiлерiмен, бай кiтапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзiне мәлiм болды. Қалалардың арасында Үндiстан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жiбек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының географиалық және экономикалық жағынан аса маңызды болды. Әлемге әйгілі ғалымдар қатарында М.Қашқари, Әл-Фараби, А.Яссауи т.б. болды. Соның бірі Жүсіп Бадасағұни Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген.
1. Сүйінішалиев Х. Орта ғасырлардың әдебиет ескерткіші. Алматы, 55-бет.
2. З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»
Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін (очерк)
3. Ғұламалардың ұстаз туралы ойлары [] / С. Жәнібекова // Қазақстан мектебі. - 2004. - №6. - Б. 65-67.
4. Түркі тілдері классификациясындағы Қазақ тіпінің орны [] / М. Атабаева // Ақиқат. - 2005. - №4. - Б. 43-48

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Жүсіп Баласағұни
2.1 Түркі даласының ұлы ақыны
2.2 Қазақ тіліне қосқан үлесі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең де астарлы
тарихына үңілетін болсақ,онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын
талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Орта ғасырларындағы түркі
тайпаларында тараған мәдениеттің негізгі сипаттамасын көбінесе дәстүрлі
қоғамның мәдениетіне жатқызу ғылыми зерттеулерде кеңінен орын алғаны
белгілі. Қазақстанда ғылыми ой-пiкiрдiң тууы ежелгi замандардан бастау
алады. Археол. зерттеулер мен жазба деректер бiзге Жетiсуда, Орт. және Шығ.
Қазақстанда 6 — 8, 9 — 11 ғасырларда болған ежелгi қалалар мен қоныстар
мәдениетi туралы деректер бередi. Бұл мәдениеттiң иелерi өз көркемөнерiн,
қолөнерiн және жазуын жасаған жергiлiктi түркi тайпалары: оғыздар,
қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар едi. Орта Азия мен Қазақстанның 8 — 11
ғасырларда араб халифатына кiруiне байланысты өлкеде ислам дiнi таралып,
мәдени өмiрде араб мәдениетiнiң ықпалы күшейе түстi. Алайда жергiлiктi
мәдениет пен тiл сақталып қалды.Орта ғасырлардағы қалалар өздерiнiң
базарларымен және қолөнершiлерiмен ғана емес, сонымен бiрге ақындарымен,
ғалымдарымен, суретшiлерiмен, бай кiтапханаларымен, оқу орындарымен де
дүние жүзiне мәлiм болды. Қалалардың арасында Үндiстан мен Қытайдан
Еуропаға қатынайтын “Жiбек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының
географиалық және экономикалық жағынан аса маңызды болды. Әлемге әйгілі
ғалымдар қатарында М.Қашқари, Әл-Фараби, А.Яссауи т.б. болды. Соның бірі
Жүсіп Бадасағұни Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің
рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге
келген.

2.1 Түркі даласының ұлы ақыны

Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажыб Баласағұни) Орталық Азияның
белгілі ақыны.1020 жылы Жетісу жеріндегі Баласағын (Баласағұн) қаласында
дүниеге келген. Бұрын бұл қаланы Күз Орда деп те атаған. Жүсіптің әкесі
де ақын, өнерпаз кісі болған.Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұн
қаласында (Қырғызстандағы қәзіргі Тоқмоқ қаласы өңірі) хан сарайында өлең
айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен
бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану
ғылымдарынан білім алды. Фараб (Отырар), Қашқар, Бұхара қалаларында білім
алған, араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген ол замандастарына дарынды ақын
ғана емес, білікті ғалым ретінде де танылады. Философия, математика,
медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, басқа
да ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұни өзі туған
түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы
біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Түркі халықтарының рухани асыл
қазынасы оның көз алдында болды, ғалым олардың мәдениетіндегі сабақтастық
пен ортақтыққа қызықты. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын
шығарған еңбегі Құтадғу білік (Құтты білік) атты дидактикалық поэмасы.
Бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан
Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап Дәрдә Хұсайын
(Хұсайынның қасіреті) деген күй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары
бағалап, оған Хас Хажыб деген атақ берген. Жүсіп Баласағын аты жөніне
Хас Хажыбтың тіркелуінің мәнісі де осында. Хас Хажыб араб сөзі, ханның
ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді. Ақынның Құтты
білік поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысалы,
Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған.
Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең.
Жүсіп Баласағын Қашқар қаласында жерленіп мазар салынған.
В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі
дастаны Құдадғу білік (Құт негізі - білік) "Қүтіы білік" ("Қүдатғу
білік") поэмасьш, өзінің айтуы бойынша, он сегіз ай жазып, 54 жасында
Қашқарда аяқтаған. Бұл еңбегін хижра жыл санауы бойынша 462 жылы, яғни
зайырлық жыл санауымыздың 1070 жылы жазып бітіріп, оны хандардың ханы,
Қарахандар мемлекетінің сол кездегі билеушісі Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту
етеді.В.В.Бартольд ол кезде Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі
тілінде, яғни, түркі – хақан тілінде сөйлеген дегенді айтады. Дарынды
ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі
болғандай. Ол былай дейді: Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында
дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда
аяқтаған. Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі
ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб
және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана
астроном, математик болды. Құтты біліктің көне қолжаз-басы табылғанын
әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы Азия журналында (Париж) Вена
нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес. Құтты білік
орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті
мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971),
Н.Гебнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне
(1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады.
Қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауереннахр, Шығыс Түркістан сияқты
аймақтарды басқарудың жолдарын үйретуді мақсат еткен Құтты білік дастаны
белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң қызметін атқарған деуге болады.
Дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің,
әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен
малшылардың, басқа да қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-
парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігі жеке-жеке
баяндалады. Ақын оны патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам
ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік,
қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт
екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға
құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады.
Бұдан кейін ақын бас уәзір міндеттерін тізеді. Бас уәзір халықтың талап-
тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа
жеткізіп отыруы тиіс. Құтты білікте елшіге қойылатын талаптар да егжей-
тегжейлі жазылған.
Құдауғу білік - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет,
ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде
болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат,
өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық
тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай
білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір
қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер
қамтылады.Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек.
Жүсіп Баласағұнидың Құдатғу білік түркі тілдес халықтардың ішінде бізге
жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес
халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени
мұра болып есептеледі.Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік,
ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және
психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.Еңбекте отбасы
тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын,
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен
қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді.Сонымен
қатар ғұлама ағартушы Құдадғу білік Х.Сүйінішалиев айтқандай, орта ғасыр
ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді
таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген
түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби
мұра. Бұл – дидактикалық этикалық жанрда жазылған шығарма. Дастан 85
тараудан, 6645 өлең жолынан тұрады. Шығармада оқиғаға қатысты төрт кейiпкер
– төрт қасиет бар. Ол әдiлет, дәулет, парасат, қанағат. Осы төртеуiнiң
арасындағы бақыт туралы сөздiң жартысы диалогқа құрылған. Дастан Қарахан
мемлекетiн нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Осы өлке
кезiнде шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнерi дамыған, мәдениетi
өркендеген, зиялы қауым көп шыққан ел болған. Баласағұн адам баласының
қадiр-қасиетi – бiлiм мен ақылда. Бұл –адамның жетiлiп, кемелденуiнiң
алғашқы жолы. Ғылым iздеу – мұсылманның бiр парызы деп қарайды. Ол бiлiм-
ғылым тiл арқылы баииды дей келiп, бiлiм мен тәрбие берудi тiлдiң пайда
зиянын сөз етедi.
Көп сөйлеме, аз айт бiрер түйiрiн,
Бiр сөзбен шеш түмен сөздiң түйiнiн деп ой қорытады.
Ол iзгiлiк – адамзат үшiн ең қажеттi қасиет басшы iзгi болса, халқы да
iзгi болады дейдi. Баласағұн бiлiм мен еңбекпен байлыққа қолың жетсе мақтан
ба, асып таспа, адамдық ардан аттама дегендi өсиет етедi. Әдiлет жолын қу,
шыншыл бол, сараңдық пен аш көздiктен аулақ бол дейдi. Ол тектiлiк туралы
сөз қозғап ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден шығуын қуаттайды.
Сондай-ақ ел билейтiн азамат намысшыл болуы керек. Ел намысын, ел
пайдасын көбiрек ойлаған азамат халыққа қадiрлi болады дей келiп:
Адам ба адам өз пайдасын күйттеген
Адам нағыз – ел пайдасын дiттеген – деп ой қорытады.

2.2 Қазақ тіліне қосқан үлесі

Дастанда Тіл туралы айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық
мәні ерекше. Тіл адамның даңқын асырады, Адам ол арқылы бақыт табады,
Тіл адамға жапа да шектіреді, Абайламаса, басынан да айырады, Жақсы
болғың келсе, жаман сөз айтпа. Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та
көрмейді. Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт, Он мың
сөздің түйінін он сөзбен шеш, Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі
көркі – жүз, жүздің көркі – көз!Дастанда білім, ақылдың қасиеттері
жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар
туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, Ақылды – ұлы, білімді – білікті,
қонса екеуі, ұлы етер жігітті, Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім
кімде со білікті болады, Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-
текке өледі, Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған
шашатын, Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес
айыпты!...Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да
тоналмас!. Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді:
Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың,
Білік-түпсіз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы
Құтты біліктің зерттелуі
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы
АХМЕТ ИАССАУИ ЖӘНЕ ХІ-ХІҮ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ АҒЫМ
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни
Жүсіп Баласағұни. Махмұт Қашғари.
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Жүсіп Баласағұн-көрнекті түркі ақыны және ойшылы
Пәндер