Көркем шығарма – ақиқат өмір көрінісі



Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау

Көркем шығарма . ақиқат өмір көрінісі

ІІ тарау

Көркем шығарманы оқу . рухани жетілу баспалдағы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
«Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші»,-деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі таңда да маңыздылығын жойған жоқ.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады» деген. Ендеше, еліміздің білімді әрі білікті азаматтары болып, елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға бар күш-жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар – ұлтымыз үшін мақтан, еліміз үшін абырой емес пе?!
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деген Абай атамыздың сөзімен қарайтын болсақ, шығармашылық қабілеті дамып, көкірегі шұғыла шашқан, көңіліміз ояу болуы үшін имандылықты, адам сезімінің шарықтау биігі – махаббатты жырлайтын, адамдыққа баулитын, ұлтжандылыққа, даласын сүюге үндейтін ата-анасын құрметтеуге үлгі беретін, тамаша әдет-салтымызды марапаттайтын, мұсылманшылықты уағыздайтын, сұлулықты түсініп әрі бағалай білуге жетелейтін, эстетикалық нәрі мол, құнды көркем шығармаларды меңгеруіміз қажет.
Көркем шығарма – ақиқат өмір көрінісі.
Көркем әдебиеттегі ақиқат тек қиял дүниесінің жемісі емес, оның туған топырағы бар. Ол – шындық өмір, адам тіршілік еткен нақты дүние. Әдебиет зерттеуші белгілі ғалым В. Новиков: «Суреткер өзінің ерекше әлемін жасайды. Ол әлем өз бойына шындықтың барлық қасиетін сыйғызған. Ол жарылуға әзір буырқана қайнаған құштарлыққа, қайшылыққа толы. Оларда қайталанбас бейнесімен сомдалған тірі геройлар әрекет етеді. Оның үстіне бұл әлем суреткердің жан жарығымен сәулеленген, оның жан сезімінен суарылған және де шындық туралы жай тарихи баяндаудан гөрі әлдеқайда жарқын әсер етеді»,-деп ғылыми тұжырым айтады.
Көркем шығармада қилы-қилы замандар, адамдар басынан кешірген оқиғалар, кешегі мен бүгінгі өмір суреттеледі. Бұл туындыларда адамды баурап әкететін, рухани күш-қуат беретін, әсемдік әлеміне жетелейтін, махаббат ләззатына бөлейтін бір сезім күштері бар.
Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі. Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Шығарманың мазмұны сол шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады. Шығарманың құрылысы, сюжеті, тіл мәнері соған қызмет істейді. Сондықтан да болар көркем шығарманы оның құрап тұрған элементтерінсіз түсіну мүмкін емес.
1. Г. Әбікенова. «Көркем шығармадағы эпистолярлық стильдің көрінісі».қаңтар, 2007 жыл
2. З. Жақсыбаева. «Көркем әдебиет – қуатты құрал».қазан, 2005 жыл
3. Қазақ тілі мен әдебиеті. Л. Ибикенова. «Әдебиет – тәрбие көзі».сәуір, 2002 жыл
4. Қазақ тілі мен әдебиеті. М. Әйтімов. «Көркем шығарма тарихилығының көрсеткіші».маусым, 2007 жыл
5. Қазақ тілі мен әдебиеті. Ә. Досмаханова. «Оқушының зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолы».сәуір, 2007 жыл
6. Т. Қожабаева. «Әдебиет – көркем сөз өнері».
7. А. Мажимова. «Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негізі».қаңтар, 2006 жыл
8. Қазақ тілі мен әдебиеті. Г. Ұғыбаева. «Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат».мамыр, 2008 жыл
9. Қазақ тілі мен әдебиеті. Р. Нүсіпжанова. «Дарынды оқушының қабілетін ғылыми жолмен ашудағы көркем шығармалардың танымдық мәні».сәуір, 2006 жыл
10. Қ. Әбдібекқызы. «Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту». Алматы «Рауан». 1994 жыл
11.Т. Ақшолақов. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы «Рауан». 1994 жыл
12. З. Қабдолов. ІІ том монография, Сөз өнері. Алматы. 1997 жыл
13. Қ. Жүсіп. Әдеби толғамдар. Ақтөбе. 2004 жыл
14. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы. 1997 жыл
15. Қазақ тілі мен әдебиеті. Көркем шығарма – қуатты құрал. 2005 жыл
16. О. Ғ. П. Қ.жинағы. 2007 жыл

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау

Көркем шығарма – ақиқат өмір көрінісі

ІІ тарау

Көркем шығарманы оқу – рухани жетілу баспалдағы

Қорытынды

Кіріспе

Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы
өнерлі халықтардың қолына көшпекші,-деген ұлы ағартушы Ахмет
Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі таңда да маңыздылығын жойған жоқ.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия
барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген. Ендеше,
еліміздің білімді әрі білікті азаматтары болып, елбасымыздың үкілі үмітін
ақтауға бар күш-жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Талабы таудай, қабілет-
қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса,
олар – ұлтымыз үшін мақтан, еліміз үшін абырой емес пе?!
Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда
деген Абай атамыздың сөзімен қарайтын болсақ, шығармашылық қабілеті дамып,
көкірегі шұғыла шашқан, көңіліміз ояу болуы үшін имандылықты, адам
сезімінің шарықтау биігі – махаббатты жырлайтын, адамдыққа баулитын,
ұлтжандылыққа, даласын сүюге үндейтін ата-анасын құрметтеуге үлгі беретін,
тамаша әдет-салтымызды марапаттайтын, мұсылманшылықты уағыздайтын,
сұлулықты түсініп әрі бағалай білуге жетелейтін, эстетикалық нәрі мол,
құнды көркем шығармаларды меңгеруіміз қажет.
Көркем шығарма – ақиқат өмір көрінісі.
Көркем әдебиеттегі ақиқат тек қиял дүниесінің жемісі емес, оның туған
топырағы бар. Ол – шындық өмір, адам тіршілік еткен нақты дүние. Әдебиет
зерттеуші белгілі ғалым В. Новиков: Суреткер өзінің ерекше әлемін жасайды.
Ол әлем өз бойына шындықтың барлық қасиетін сыйғызған. Ол жарылуға әзір
буырқана қайнаған құштарлыққа, қайшылыққа толы. Оларда қайталанбас
бейнесімен сомдалған тірі геройлар әрекет етеді. Оның үстіне бұл әлем
суреткердің жан жарығымен сәулеленген, оның жан сезімінен суарылған және де
шындық туралы жай тарихи баяндаудан гөрі әлдеқайда жарқын әсер етеді,-деп
ғылыми тұжырым айтады.
Көркем шығармада қилы-қилы замандар, адамдар басынан кешірген
оқиғалар, кешегі мен бүгінгі өмір суреттеледі. Бұл туындыларда адамды
баурап әкететін, рухани күш-қуат беретін, әсемдік әлеміне жетелейтін,
махаббат ләззатына бөлейтін бір сезім күштері бар.
Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі. Онда нақтылы өмірдің ізі,
сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас
бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Шығарманың мазмұны сол
шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады. Шығарманың құрылысы,
сюжеті, тіл мәнері соған қызмет істейді. Сондықтан да болар көркем
шығарманы оның құрап тұрған элементтерінсіз түсіну мүмкін емес.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының ең қасиетті міндеті – рухани бай,
жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға болу. Рухани байлық – ең алдымен, әр
халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп
тамырында жататыны белгілі. Әр оқушының алдындағы сәулелі мұраты – пән
бойынша білім алып қана қоймай, өзінің менін ашу, сол менді
шығармашылыққа ұштастыру.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы
дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар.
Адам баласының болашаққа, келер күнге ұмтылған ұшқыр қиялы, осы
жолдағы ұлан-ғайыр еңбегі мен бастан кешкен сан қилы оқиғалары, бір сөзбен
айтқанда, өткені мен бүгінгісі және келешегі көркем әдебиетте бейнеленеді.
Көркем әдебиет – көркем өнердің сан түрлі салаларының ішіндегі баға
жетпес асылдарының бірі. Онда адам тағдыры болмыс-бітімімен көрінеді. Бұл
туралы ғалым Зейнолла Қабдолов Сөз өнері атты еңбегінде Әдебиет – ақиқат
өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы деп жазды. Адамның ой-қиялын,
сезім, жан-дүниесін баурап, бұл жолда сан-салалы із қалдыратын әдебиеттің
сөз өнері екендігін дәлелдей келіп, ғалым былай дейді: Өнердің кәусәр
туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да,
сол халықтың рухани сусынына айналады.
Міне, өнер туындысының танымдық, тәрбиелік мәні осында жатса керек.
Сөз өнерінің көркем айшығын жас ұрпақ санасына жеткізу, оның тереңіне
бойлап, сыр-сипатын таныту – басты мәселе. Әдебиет пәні – мектеп
қабырғасында өтілетін барлық пәндердің ішінде баланы әсемдікке
ынталандырып, рухани көкжиегін кеңейтетін қасиетімен ерекшеленетін пән. Әр
пәннің өзіндік ерекшелігі, өз тілі болатындығын, әрқайсысы өз өрнегімен
сөйлейтінін түсіндіре келе ғалым Төлеутай Ақшолақов Әдебиет – өнер
туындысы, әдебиет сабағы – өнер сабағы десе, әдіскер мұғалім Қанипа
Бітібаева Әдебиет пәні баламен нағыз қарым-қатынастың пәні, баламен нағыз
достықтың, ынтымақтастықтың пәні дейді.

Көркем шығарма – ақиқат өмір көрінісі

...Өнердің кәусар туындысы халық
өмірінің терең және мөлдір қайнарынан
шығады да, сол халықтың рухани сусынына
айналады...
З. Қабдолов

Иә, көркем әдебиетте адамзаттың ілгері жарық сәулеге, жақсы өмірге
ұмтылған ұшқыр қиялы, сол жолдағы күрес-тартысы, ел басынан кешірген қилы-
қилы оқиғалар, халықтың өткені мен бүгіні және келешегі бейнеленеді. Көркем
әдебиетте адамдар тағдыры бар тіршілік болмысымен көрінеді. Оқырман алдында
талай тағдырлар әрқайсысы өзіндік тіршілігімен, қайталанбас мінезімен,
өкініш-опығымен, қуаныш-қызығымен, арпалыс-тартысымен тұрмақ. Жазушы талант
қуатына қарай әр кейіпкері жұмыр жер пендесіне тән пендешілігімен, адамға
тән сыр-сипаттарымен, ерлік-өрлігімен, ойы-қыры, биігі мен құлдырауы,
жақсылығы мен осалдығы, жауыздық-сұмдығымен, қулық-түпкілігімен, әзіл-
қалжыңымен өрнектелмек. Соның бәрі суреткердің ішкі жан толғанысымен, жүрек
лүпілімен, сезім шынайылығымен іске аспақ. Сондықтан өнер туындысында
адамды баурап әкетер, ләззатқа бөлер, жүрек шымырлатар, қуат берер,
әсемдікке ынталандырар ерен күш бар. Міне, өнер туындысының танымдық,
тәрбиелік мәнін терең бағалайтынымыз да содан. Мектепте өтілетін пәндердің
ішінде әдебиет сабағы осынысымен ерекшеленеді.

Көркем шығарманы оқып, талдау кезінде оны жақсы есте сақтау үшін мен
мынадай бағытта ойымды жазып отырамын:

Шығарма
аты Шығарма
авторы Жанры Шығарма
тақырыбы Көркем
шығарма
құрылымы Кейіпкерлер әлемі Жазушы тілі Үкілі үзінді,
тартымды шумақ Алған әсерім

Көркем әдебиеттегі шеберлік пен үйлесімді оқушыларға терең таныту
шығарманың әсемдік ерекшеліктеріне талдау жасауға негізделмек. Оқушылардың
әдеби білімі олардың көркем шығарманы оқи және оған талдау жасай білуінен
айқын байқалады.
Әрбір зейінді, зерделі жас ұрпақ – әдебиетіміздің болашақ мәдени
оқырманы. Ондай қабілет пен пайымдылығы қалыптасқан жас ұрпақ әдеби
шығармаларға ой жүгірте алады, шығарманы жан жүрегімен, зердесімен
қабылдайды. Міне, сондықтан да үзіндіні оқу, оның әсемдік әсерлілігіне
талдау жасау – басты мәселе.
Әдеби білімнің екі жағы – оқу және талдау – өзектес, бірінсіз бірін
жүзеге асыру мүмкін емес.
Шығарманы тұтас, жүйелі қабылдау – талдау әдісіне байланысты академик
М. Б. Храпченко өз еңбектерінде жүйелілік-құрылымдық талдаудың тиімділігін
ғылыми жағынан дәлелдейді. Сол сияқты белгілі дидакт Ю. М. Лотман: Өнердің
құрылым диалектикасы мен қызметіне іштей енбейінше, олардың өзара қатынасын
біз түсіне алмаймыз,-деген ғылыми байлам айтады.
Жүйелілік-құрылымдық талдау әдісі шығарманы жан-жақты қарастыруды
көздейді, тек шығарманың түрін ғана емес, сол түр арқылы бейнеленген әдеби
шығарманың мағыналық-әсемдік мазмұнын да ашуды мақсат етеді. Өйткені түрді
біз белгілі бір мазмұнды, жазушының эстетикалық мұратын білдіретін көркем
айшықтары деп қараймыз.
Көркем әдебиет бейнелер жүйесінен құралатыны мәлім.
Көркем шығарма – бір бүтін дүние. Ал сол бүтін жеке бөлшектерден,
штрих-детальдардан құралады. Ендеше бүтінді тану үшін оны құрап тұрған
жекелерді танып болу керек, сол жекелер арқылы үлкен оқиғалар өрбіген, ой
түйілген, кесек тұлғалар сомдалған. Демек, көркем мәтін-образдар жиынтығы,
ал образдың өзі жеке элементтерден жасалған. Бүтін мен бөлшек арасында
ажыраспас диалектикалық байланыс бар, олардың бірінсіз бірін түсіну, тану
мүмкін емес.
Көркем шығарма – нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша
көрінетін өмір көрінісі.
Шығармада жазушының бүкіл жан-дүниесі ашылады, сүйініш-күйініші
көрінеді. Мені жоқ суреткер сирек. Ал оның сол мені негізсіз емес,
өмірден аулақ емес. Ол өзі өмір сүрген кезеңге селқос қарамайды, оған көз
жібереді, тереңдейді. Бірақ өмір жайлы өз менін айтқанда, ол обьективтік
дүниеден аулақтанбайды, қайта нақтылы өмір ақиқаттарынан, көрген-
білгендерінен көркемдік түйін жасайды. Демек, көркем әдебиеттегі ақиқат тек
қиял дүниесінің жемісі емес, оның туған топырағы бар, ол – шындық өмір,
адам тіршілік еткен нақтылы дүние. Әдебиет зерттеуші белгілі ғалым В. В.
Новиков: Суреттер өзінің ерекше әлемін жасайды. Ол әлем өз бойына
шындықтың барлық қасиетін сыйғызған, ол жарылуға әзір буырқана қайнаған
құштарлыққа, қайшылықтарға толы. Оларда қайталанбас бейнесімен сомдалған
тірі геройлар әрекет етеді. Оның үстіне, бұл әлем суреткердің жан жарығымен
сәулеленген, оның жан сезімімен суарылған және де шындық туралы жай тарихи
баяндаудан гөрі әлдеқайда жарқын әсер етеді,-деген ғылыми тұжырым айтады.
Суреткер – белгілі дәуір перзенті. Оның творчествосы сол өмірдің
сәулесі, көрінісі. Сондықтан жазушы шығармалары өз дәуірінің әлеуметтік
тіршілігінен, арпалысынан оқшау болуы мүмкін емес. Бірде-бір шынайы
суреткер өз заманының саяси-әлеуметтік мәселелеріне үн қоспай, қатыспай,
араласпай қалмақ емес.
Жазушы өмір шындығын селқос суреттемейді, оған өз көзқарасын
білдіреді, оның бар-баршасын шығарманың бүкіл құрылымында, бейнелі
өрнегінде көрсетеді.
Үлкен суреткер өз қара басының мұңын, арманын суреттеуден аулақ. Ол
адам тағдырын, қоғам тағдырын жырлайды. Егер суреткер өзі толғанбаса, онда
сезім ақиқаты, шынайылығы жоқ, ал сезім шынайылығы жоқ жерде, өнерде
эмоциялық әсер шамалы. Белгілі француз жазушысы Жорж Санд Леруа да
Шантепильге жазған хатында Мен осы романға басқа кітаптарымның қайсысынан
да гөрі өз жүрек лүпілімді көбірек қостым,-дейді. Ақын Қасым Аманжолов:
Өз жүрген жолдарыма келем жазып,
Сырымды, барлық өмірбаянымды...
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?
Өлеңім – менің бөбегім
Өзіме тартқан секілді,-дейді.
Жазушының өз бейнесін көргіміз келсе, біз оның шығармаларына
үңілуіміз керек. Оның өмірі, арман-мүддесі, дүниеге көзқарасы,
адамгершілігі сол өзі жазған шығармаларында елес береді. Ол өзінің өмірге
деген сүйіспеншілігін де, өмірдегі жексұрындыққа деген жиренішін де
шығармасында өрнектеген.
Эмоциясыз көркем шығарма жоқ. Эмоция – өнер жаны. Адамға отты қуат
берер, әсер етері де – сол.
Шығарма мазмұны сол шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады,
форманың әр элементі, әр айшығы белгілі бір мазмұн иесі, әрқайсысы автор
идеясына қызмет етеді, жазушының эстетикалық мұратын ашуға көмектеседі.
Шығарманың құрылымы, сюжеттік қалтарыстар, композиция, тіл мәнері профессор
Т. Нұртазин айтқандай, бейтарап нәрсе емес, автордың нысанасына байланысты,
бағынышты, соған қызмет істейтін дүниелер.
Шығармаға талдау жасағанда, ондағы көркем элементтерді бүтіннің бөлім-
бөлшегі ретінде қарастыру керек. Бүтін мен бөлшектің арасындағы
диалектикалық бірлікті үнемі сақтаған орынды. Көркем әдебиетте ой мен өрнек
ажыраспас бірлікте. Екеуі егіз, бірінсіз бірі жоқ.
Ал, шығарма композициясына келер болсақ, жазушы композициясын
композициясы үшін алмайды. Ол тек жалаң форма ғана емес, жазушы сол арқылы
белгілі мазмұнды білдіреді. Демек, композиция – шығарманың мазмұнды айшығы.
Табиғат үндестіктен тұрады. Әрбір сәулеттік құрылыста да үндестік
бар. Солардағы әрбір бөлім-бөлшектің бір-бірімен үйлесе барып, көз тартар,
көңілді шаттыққа бөлер тұтас бітім болып көрінуі – солардың ара-
қатынасындағы үндестікке байланысты.
Композиция – шығарманың негізгі формасы. Суреткер ой-сезімін, ең
алдымен, композиция арқылы баяндайды. Шығарма идеясы да тек композицияда
ашылады. Адам характері де сол арқылы сомдалады. Композициясы шебер
шығармада әр деталь, әр штрих, әр оқиға жігін тауып орналасады.
Ф. М. Достоевскийдің Қылмыс пен жаза романының творчестволық
тарихына тоқтала келіп, академик В. В. Виноградов жазушының көп ізденістер
жасағанын, оны талай өзгертіп, өңдегенін айтады. Аталмыш еңбегінде ғалым
Ф. М. Достоевскийдің мынадай бір пікірін келтіреді: Жазушының асқан
шеберлігі ол – өшіре білу. Кімде-кім өз жазғанын өшіре білсе, соған
құдіреті жете білсе, ол алысқа самғайды.
Ақын М. Әлімбаев Қарағанды жырлары жинағындағы:
Ауыртпалық түскенде,
Ел арқалар ер жүгін,
Өз өмірін пида етіп,
Ұзатар ел өмірін,
Өз өмірін берерде,-деген бір шумақ өлеңді келесі басылымында
былай өзгерткен:
Ер арқалап ел жүгін,
Ауырлықты елер ме?!
Ұзатар ел өмірін
Өз өмірін берерде.
Әрбір көркемдік компонент, соның ішінде авторлық ремарка, шығарманың
бүкіл идеялық-эстетикалық идеялына, ақын-жазушының мақсат-мұратына,
позициясына орай алынады. Бірде-бір көркемдік элементі шығарманың бүкіл
көркем контексінсіз, бейнелі жүйесінсіз, шығармадағы басқа элементтермен
байланысынсыз түсіну мүмкін емес. Өйткені ол сол ортадан жеке тіршілік етіп
тұрған дүние емес.
Шығарманың көркемдігін оның жеке элементтерінен іздеуге болмайды.
Шығармада нелер сөз өрнегі төгіліп тұрғанымен ол көркем бола алмайды.
Көркемдік дегенді шығарманың бүкіл компоненттерінің бірлігінен, үйлесім
келісімінен іздеуіміз керек.
Сайып келгенде, көркем әдебиет шығармаларының идеялық-эстетикалық
мәні солардың басын құрап, тұтас бітім етіп тұрған көркем айшықтарынан
көрінеді.
Академик В. В. Виноградов та әдеби шығарманы эстетикалық талдау
үлгілерінің бізде кемшіндігін дұрыс пайымдады. Көркем шығарманы,-дейді ол,-
біртұтас бітім ретінде ұқыпты, әр жақты және өнегелі стилистік талдау
үлгілері бізде шын мәнінде жоқ.
Көркем шығарманың кішкентай клеткасы – сөз. Шығарма шаңырағы сол
арқылы көтеріледі. Жіптен кілем тоқыған шебер сияқты, кірпіштен зәулім
сарай тұрғызған сәулетшідей әр түрлі болуды үндестіре пайдаланып, сурет
салған қылқалам шеберіндей, гипстен монументті ескерткіш тұрғызған
мүсіншідей, сан алуан әуен-саздарды үндестіріп, тұтас бір музыкалық туынды
шығарған композитордай жазушы да сөзді кәдеге жаратып, көркем туынды
түндігін көтереді. Сол сөз образы бейнелі сөйлем құрылымына апарады, ал
сөйлемдер барып белгілі бір оқиғаны құрастырады, ситуация жасайды, сол
оқиғалар бір-бірінен өрістей барып, шығарманың тұтас бітімін құрайды, осы
өрілімдер, оқиғалар өрісінде адам бейнесі жасалады, олардың характерлері
қалыптасады, шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұны ашылады. Қалыпты
сөздер шығарманың көркем құрылымына ену арқылы бір-бірімен іштей кірігіп,
эстетикалық қарым-қатынасқа түсу арқылы өнер әлемін тұрғызады.

Көркем шығарманы оқу – рухани жетілу баспалдағы

Әр сөз зергерінің тамаша туындыларын оқи отырып, талай-талай
тағдырлармен бетпе-бет кездесесің, небір қызық пен қиыншылықтың куәсі
боласың. Жазушы сомдаған әр кейіпкер арқылы өз бойыңдағы қасиеттерге,
қылықтарға, іс-әрекетіңе сынмен қарай бастайсың, яғни жақсыны үйреніп,
жаманнан аулақ болуға тырысасың. Өз өміріңе өзгеріс енгізіп, өзіңді
тәрбиелеуге бағыт ұстанасың. Міне, көркем шығарманың құндылығы мен
бағалылығы да осында.
Көркем шығармадағы негізгі айшық – адам образы. Жазушы өз шығармасында
талай адамдарды сахнаға шығарады. Сол образдар бір-бірімен байланысқан,
бірінсіз бірінің мені толық ашылмайды. Мысалы, Оянған өлкедегі Жұмансыз
Игілік, Игіліксіз Ушаков, Ушаковсыз Игілік бейнелері, сондай-ақ Быков,
Быкова, Шило қарт, Неволясыз Байжан, Бұланбай бейнелері толық бой көрсете
алмайды. Егер олардың әрқайсысын жалаң алып қарастырсақ, бұл образдардың
идеялық мазмұны күңгірт қалады.
Шығармадағы образдарды бір-бірімен байланыста қарастырмасақ, біз
кейіпкер мінезін әр жақты аша алмаймыз, ал кейіпкер мінезі ашылмаса,
шығарманың арманды мұраты да ашылмайды.
Қазіргі әдістеме көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін:
образ бойынша, тақырыптық, проблемалы, тұтас талдау әдістерін ұсынады.
Демек, талдау әдістерін түрлендіру арқылы шығарманың мазмұнын да,
эстетикалық табиғатын да терең ашуға болады.
Образ бойынша талдау – ежелден келе жатқан дәстүрлі әдіс. Ол мектеп
іс-тәжірибесінде көптен қолданылып келеді, қолданыла да береді. Мұның
ұтымды жағы – бұлай талдаудың оқушылар назары адам образына аударылады,
оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді ашуға талпыныс жасалады. Оқушыларды
кейіпкердің жақсы мінезіне сүйсіндіріп, ерсі қылықтарынан аулақтатады.
Шығарма талдаудағы екінші бір тиімді, прогресшіл әдіс-проблемалы
талдау әдісі. Ізденіс, ойланыс болмаса, ешқандай проблеманы шешу мүмкін
емес. Ешқандай ақиқаттың зайырына тереңдей алмақ емеспіз.
Тұтас талдау әдісі – қазіргі әдістемеде қолданылып жүрген. Өнімді
әдістердің бірі. Мұндай талдау шығарманың сюжеттік желісіне орай құрылады,
тарау-тарау бойынша, шығармадағы оқиғалардың өрбуі бойынша жүргізіледі.
Талдау автор ізімен жүреді.
Тақырыптық талдауды оқыту процесінде пайдалану – бұл да ұтымды
әдістердің бірі. Бұрын біз батырлар жырындағы әйелдер образын оқулықтарда
болсын, оқыту үстінде болсын, жеке-жеке алып талдап жүрді. Мысалы, Құртқа
образы, Қаракөзайым образы немесе Айман – Шолпан поэмасын өткенде,
Маман образы деп талдау жасадық.
Көркем шығарманы эстетикалық талғам тұрғысынан білгір талдау үшін тек
әдебиеттану ғылымы – әдебиет теориясын білу жеткіліксіз. Ол үшін соған
етене басқа ғылымдарды білу шарт. Әдебиет өнер туындысы болғандықтан,
лингвистиканы, сол сияқты әдебиеттің өз тарихын, психологияны білу шарт.
Сондай жағдайда ғана мұғалім көркем шығарманың ішкі иірімдеріне,
қатпарларына бара алады, оның бүкіл нәрін, шырынын оқушыға жеткізе алады.
Шығарманы жібі түзу оқымаған жерде, оған білгір эстетикалық талдау
жасау мүмкін емес. Ендеше шығарманы оқу – әдебиетті оқытудағы ең өзекті
мәселе.
Көркем шығармаға талдау жасау деген – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Әдеби үдеріс сипаты
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Пәндер