Көне Түркі ескерткіштері



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І тарау
Көне түркі ескерткіштері

ІІ тарау
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
«Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын» (О. Сүлейменов) аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен, бүкіл түркі әлемінің рухын көтеріп, ұлылығын танытып отырған ескерткіштердің бірі – көне түркі ескерткіштері. Жазба мәдениетіміздің куәсі болған бұл ескерткіште ата-бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қол жеткізу арман болған осынау көненің көздерін тану, білу, бағалау жас ұрпақ санасына сіңіру жұмысымның мақсатын айқындайды.
Түркі қағандығының ел құраған қайраткерлері мен ел қорғаған қолбасылары Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіннің ерлікі стері ескерткіш тілінде ерлікті, туған жер, атамекенді сүюді ұлығылайтын мол дүние деп есептейміз.
Әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген көне түркі ескерткіштерінің ерекшеліктерін білу, зерттеу-өскелең ұрпақтың – біздің басты мұратымыз, жазып қалдырар тарихымыз болмақ деп білемін. Жазба мәдениетіміздің бастауы болған өзімізді қызықтырған көне түркі ескерткіштерінің сырына терең үңіле отырып, бұл тақырып төңірегіндегі зерттеу жұмыстарына өз үлесімді қосуды мақсат еттім. Сондықтан да өз зерттеулеріміздің өзектілігі мен қажеттілігін ескере отырып, оның бүгінгі заманда өзекті тақырып болатынына сенім білдіремін. Осыған байланысты көне түркі ескерткіштерінің мәтінімен толық таныса отырып, ондағы сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасап, зерттемекпін. Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы да осыған сәйкес «Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері» деп аталады.
Ғылыми жұмыстың зерттеу деңгейі:
Бұл тақырып бойынша В. Радлов, В. Томсен, П. Мелиоранскийден басқа көне түркі руникалық жазуын зерттеу ісіне үлкен үлес қосқандардың қатарында В. Бангті, Г. Рамстедті, А. Мнокті т.б. бастауы болып саналатын көне жазбаларды зерттеуде қазақстандық ғалымдарымыздың Ғ. Айдаров, М. Жолдасбеков, А. Аманжолов, Өміралиевтердің де еңбегі ерекше.
Ғылыми жұмыстың зерттеу мақсаты:
Ұрпаққа ұлағат болатын көне түркі ескерткіштерінің тарихын тану, оның тілдік ерекшеліктеріне, рухани мазмұнына лайық баға беру.
Ғылыми жұмыстың болжамы:
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері туралы түсініктер мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алса, көне мәдениетіміздің рухын асқақтатып, жас ұрпақ санасына сіңіруде үлкен рөл атқарар деген ойдамын.
1. Қ. Өміралиев. «VІІІ-ХІІ ғасыр көне түркі әдеби ескерткіштер».
2. М. Жолдасбеков. «Асыл арналар».
3. Ғ. Айдаров. «Күлтегін ескерткіш».
4. Ә, Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев. «Көне мәдени жазбалары».
5. И. Тасмағамбетов. «Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші». «Егеменді Қазақстан», 2001 жыл
6. Н: Базылханұлы. «Орхон жазуы туралы жаңаша тұжырым».
7. Орхон жазбалары. (Күлтегін, Тоныкөк). Алматы «Атлас», 2001 жыл
8. Қазақстан балалар энциклопедиясы. «Ежелгі Қазақстан»
9. Ә. Ибатов. «Түркі әліпбиі».
10. Интернет. «Күлтегін, Руникалық таңбалар».
11. Ғ. Айдаров. Орхон-енисей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. «Рауан» баспасы. 1995 жыл

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І тарау

Көне түркі ескерткіштері

ІІ тарау

Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері

Қорытынды

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:
Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын
(О. Сүлейменов) аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар
өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен, бүкіл түркі әлемінің рухын
көтеріп, ұлылығын танытып отырған ескерткіштердің бірі – көне түркі
ескерткіштері. Жазба мәдениетіміздің куәсі болған бұл ескерткіште ата-
бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен
тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қол жеткізу арман болған
осынау көненің көздерін тану, білу, бағалау жас ұрпақ санасына сіңіру
жұмысымның мақсатын айқындайды.
Түркі қағандығының ел құраған қайраткерлері мен ел қорғаған
қолбасылары Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіннің ерлікі стері ескерткіш
тілінде ерлікті, туған жер, атамекенді сүюді ұлығылайтын мол дүние деп
есептейміз.
Әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген көне түркі ескерткіштерінің
ерекшеліктерін білу, зерттеу-өскелең ұрпақтың – біздің басты мұратымыз,
жазып қалдырар тарихымыз болмақ деп білемін. Жазба мәдениетіміздің бастауы
болған өзімізді қызықтырған көне түркі ескерткіштерінің сырына терең үңіле
отырып, бұл тақырып төңірегіндегі зерттеу жұмыстарына өз үлесімді қосуды
мақсат еттім. Сондықтан да өз зерттеулеріміздің өзектілігі мен қажеттілігін
ескере отырып, оның бүгінгі заманда өзекті тақырып болатынына сенім
білдіремін. Осыған байланысты көне түркі ескерткіштерінің мәтінімен толық
таныса отырып, ондағы сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасап,
зерттемекпін. Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы да осыған сәйкес Көне
түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері деп аталады.

Ғылыми жұмыстың зерттеу деңгейі:
Бұл тақырып бойынша В. Радлов, В. Томсен, П. Мелиоранскийден басқа
көне түркі руникалық жазуын зерттеу ісіне үлкен үлес қосқандардың қатарында
В. Бангті, Г. Рамстедті, А. Мнокті т.б. бастауы болып саналатын көне
жазбаларды зерттеуде қазақстандық ғалымдарымыздың Ғ. Айдаров, М.
Жолдасбеков, А. Аманжолов, Өміралиевтердің де еңбегі ерекше.

Ғылыми жұмыстың зерттеу мақсаты:
Ұрпаққа ұлағат болатын көне түркі ескерткіштерінің тарихын тану, оның
тілдік ерекшеліктеріне, рухани мазмұнына лайық баға беру.

Ғылыми жұмыстың болжамы:
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері туралы
түсініктер мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алса, көне мәдениетіміздің
рухын асқақтатып, жас ұрпақ санасына сіңіруде үлкен рөл атқарар деген
ойдамын.

Ғылыми жұмыстың зерттеу кезеңдері:
Көне түркі ескерткіштері - әлемдік мәдениеттің байлығы, елдік пен
ерліктің ерекше ескерткіштері, жазба мәдениеттің бастау бұлағы.

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдісі:
Көне түркі ескерткіштеріндегі жазу мазмұнының негізгі арқауы –
атамекенге, туған елге деген шексіз сүйіспеншілік туын көтеру.

Ғылыми жұмыстың зерттеу жаңалығы:
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлерінің зерттелу
тарихын жүйелі баяндап, оның әлем тарихындағы маңызы терең талданған.

Ғылыми жұмыстың теориялық, практикалық маңызы:
Көне түркі ескерткішінің мазмұндық мәнін ашу, зерттеу жұмыстарына
сүйене отырып, ондағы сөздердің байланысу түрлерін мысалдар арқылы
дәлелдеу.

Ғылыми жұмыстың құрылымы:
Жұмыс мақсатына сай құрылған кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
тұрады. Жұмыс соңында қосымшалар, пайдаланылған әдебиеттер берілген.

І тарау

Көне түркі ескерткіштері

Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге
қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан
пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар.
Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына
жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған
қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен түркілер деп
атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай
жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге
көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара
теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың
жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік
қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде
қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған
биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі. Қағанат бірде әлсіреп, бірде
күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі
ұлы жас болғандықтан, билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде
елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді
елемейтін, қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады.
Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан бөлініп,
табғаштардың қол астына кіріп жатады.
Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу
ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күш-қуатын
нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: Түркі елінің аты,
заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі есіркеп таққа отырғызды. Таққа
отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты
мүшкіл елдің қағаны болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік.
Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп
түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім
Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық, жиғанымызша жиып,
елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық[1,27].
Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән
қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны
белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді
басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние
жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді,
әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге
болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол
түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да
біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи
және мәдени ескерткіш болып табылады.
Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл
тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек
күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан
тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:

Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі
ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен өзүм қаған олуртым.
Іл йеме іл болты, йеме болты.
Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші
(болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған
(болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.[2,73]
(Ескерткіштен үзінді)
Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса,
соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар.
Бұл арнау сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.
Мұндай тасқа қашалған ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес.
Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде Орхон-Енисей жазулары
руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының құпия деген
сөзіінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан
табылған таңба жазудың қай тілде екені оқылмай, көпке дейін құпия болып
келген.
Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса
да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.
1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы
белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың География қоғамы
Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы
Н.М.Ядринцев осы сапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше
тасты кездестіреді.
1889 жылы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон-Енисей өзендерінің
бойынан табылған таңба жазуы бар тастарды өзі барып, тексеріп қайтады.
Солтүстік Моңғолияда VІІІ ғасырға қатысты жазба ескерткіштердің бар
екендігі ғылым соншалықты қажет, Орхон өзені бассейніндегі ескерткіштерді
тереңірек зерттеу үшін өте қажет. Сондықтан Императорлық Ғылым академиясы
ғылыми экспедиция ұйымдастыруы қажет деп есептелінеді[3,96].
Осы екі экспедициядан кейін Моңғолиядан табылған жазулардың атласы
жарияланады.
Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар
біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.
1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-
енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды.
Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв
с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что неоторые буквы могут быть
в близком соседстве с рядом других букв, другие же нет. Это привело
Томсене к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего
ряда. А все это вело мысль к строю тюркских языков. И, наконец, 25 ноября
1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого
неизвестных надписей с берегов Енисея и Орхона[8,68].
В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған
үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды.
Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы
көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.
Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ
ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі,
мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдар.
Орхон-енисей ескерткіштері жұртшылыққа ХVІІ ғасырдың екінші
жартысынан бастап белгілі болса да, ХІХ ғасырдың соңына дейін олармен ешкім
арнайы шұғылданбады. Жазба ескерткіштері сол құпия қалпында қала берді.
Оларды ешкім арнайы зерттемегендіктен, тастағы жазулар жөнінде ғалымдар
арасында әр түрлі пікірлер мен теріс болжамдар да айтылып жүрді.
Бұл белгісіз жазуға алғаш көңіл бөліп, оның сырын ашуға әрекет
жасаған шетел ғалымдарынан Т.Байер 1729 жылы мұны ескі кельт жазуы болар
деп жорамалдады. А.С.Паллас 1793 жылы көне готтар жазуы деп ұйғарды. 1818
жылы орвыс ғалымы Г.Спасский бұл жазуларды алғаш қалмақ және моңғол жазуы
деп ұйғарып, моңғолдар мен қалмақтар бұрын ұйғырлар арқылы соғды жазуын
қабылдағанын да ескермеді. Кейінгі бір еңбегінде (1857 жылы) бұл жазуларды
славьян жазуларына жатқызып, тіпті қателесті. Сол дәуірдегі көрнекті
ғалымдардың бірі А.Ремозе 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының
жазуы болуы мүмкін деген жорамал жасады. М.А.Кастрен ерте кездегі фин жазуы
деп есептеді. Ю.Клапрот 1824 жылы оны грек жазуының негізі деп қарады.
Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов,П.Мелорианский т.б.
оны ескі қырғыз жазуы деп есептесе (ХІХ ғасырдың аяғы), 1933 жылы
Г.Ксенофонтов бұл жазуларды якут тіліне қатысты қарады.
Қалай болған күнде де, белгісіз болып келген құпия жазулардың оқылу
кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау керек болды.
Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау Дания елінің ғалымы В.Томсеннің
үлесіне тиді. Көне түркі жазуларына кезінде мән берген Г. Спасский мен
В.Р.Розеннің Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольені (ескі грек
жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым) болуы мүмкін және оның күні бүгінге
дейін құпия болып келген жазулардың сыры ашылмай ХХ ғасырға өтеді дегенге
сенбеймін деген қағидалары жүзеге асты[6,49].
В.Томсен өз заманындағы білгір фонотисьтердің бірі. Ол кісі түрколог
емес еді. Сонда да бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазуларға ерекше
мән берді. Томсен, ең алдымен, ескерткіштердегі таңбаларға назар аударды:
таңбалардың бір-бірімен қатар келу және келмеу ерекшеліктерін байқады.
Жазуда жуан және жіңішке дыбыстардың барлығын, ол түркі тілдеріндегі
үндестік заңына қатысты екендігін жете түсінді. Бұдан кейін ғалым жазудың
солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқылатындығын ажыратты. Енді
ескерткіштерді қанша таңба барлығын анықтады. Орхон ескерткіштерінде – 38,
ал енисей ескерткіштерінде 150-ден аса таңба бар екенін айқындады.
Күлтегін және Білге қаған ескерткіштерінен дейтін сөздерді бөліп
алып оларды қытай тілдеріндегі түрлерімен салыстырып, олардың теңрі (көк,
аспан), Күлтегін бектің аты, білге (білгіш, дана) деген сияқты түркі
сөздері екенін оқып білді. В. Томсен осыдан кейін Күлтегін және Білге қаған
ескерткіштеріндегі сөздерді түгелімен оқып шығады.
Сөйтіп, 1893 жылғы желтоқсан айының 15-і күні Дания королінің ғылыми
мәжілісінде бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазудың оқылу кілтін
тауып, ол түүркі халықтарының жазуы екендігін дүние жүзі ғалымдары алдында
дәлелдеді. Мұның өзі түркология ғылымына қосылған жаңа зор үлес болып
есептелді. Сол дәуірдегі көптеген ғалымдар В.Томсеннің бұл еңбегін жоғары
бағалады.
Бұдан соң, көп ұзамай В.Радлов бірқатар ескерткіштерді өзінше бұл
игілікті дәстүрді одан әрі жалғастырды. Жазба ескерткіштер кейін көптеген
ізденімпаз ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналды.
Ескерткіштердің түрлері туралы қысқаша мәлімет
Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш
топқа бөлінеді. Олар:
1. Енисей ескерткіштері. Бұған Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува
Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады.
Енисей ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун,
С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді.
2. Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898
жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі, Талас
жазуларын табушылардың бірі – В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас
ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас ескерткіштерін тауып,
аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский,
С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун, С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б.
шұғылданды.
3. Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас
кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чор
сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон
ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат салысты[7,84].

ІІ тарау

Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері

Синтаксис – грамматиканың негізгі саласының бірі. Мұнда сөздердің бір-
бірімен тіркесу жолдары, сөйлемдердің түрлері және сөйлем мүшелері
зерттеледі.
Қай тілдің болса да синтаксистік құрылысы – сөз тіркесі мен сөйлем.
Адам баласы бір-бірімен түсінісіп, пікір алысу үшін, қарым-қатынас
жасау үшін сөйлейді. Өз ойын бір сөзбен немесе бірнеше сөздің тіркесімен
жеткізеді. Ойды білдіретін сөйлемдегі сөздер бір-бірімен синтаксистік
қарым-қатынасқа байланысқа түседі.
Адамзаттың ойын білдіру үшін жұмсалатын тілдің ең қажетті саласы –
сөйлем. Сөйлем белгілі бір ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөз
тіркесінен құралады.
ҮІ-ҮІІІ ғасырдағы түркі тайпалары ескерткіштерінің тілінде сөйлемнің
көптеген түрлері кездеседі. Олар мағынасына және айтылу ерекшеліктеріне
қарай алдымен хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдер болып бөлінеді.
Ескерткіштер тілінде сұрау не бұйыру мағынасында болмай, жай хабарлау
түрінде айтылатын хабарлы сөйлемдер кездеседі:
Артқы кучлуг қырқ аз қаған йағымыз болты –
Артқы күшті қырық аз қағаны біздің жауымыз
болды.
Екінті күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі тілі
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Орхон - Енисей ескерткіштері
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Пәндер