Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері


Кіріспе
Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.
Диплом жұмысының өзектілігі сол аймақтық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері әрқашанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым міндеттері санатына жатқызылып келді. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі аймақтық кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Аймақтық кәсіпкерлік өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Аймақтық кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев « . . . Еңбек етуші халықтың 60 %-ы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады . . . », - деп айтқандай аймақтық кәсіпкерлікті дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының күре тамыры. [1]
Экономиканың бұл секторын қолдауға ҚР Үкіметі тарапынан республика экономикасы дамуының әр кезеңіне сай тиісті іс-шаралар, солардың ішінде салалық ауыртпалықты күрт төмендету, тексеру өткізуге мароторий жариялау, жеңілдікпен қаржыландыруды ұсыну шаралары жүзеге асырылып отырды. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында аймақтық кәсіпкерлікке қолдау шараларын ерекше атап өту қажет.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы сол жұмыста аймақтық кәсіпкерлік субъектілерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне және аймақтық кәсіпкерліктің даму көрсеткіштеріне кешенді талдау жасалды. Сонымен қатар аймақтық кәсіпкерлікті қаржыландыру механизмі және оның қазіргі таңда жүзеге асырылу барысы толық сипатталады. Әсіресе елдің жаңа стратегиялық басымдықтарына сәйкес аймақтық кәсіпкерлікті қаржыландыру механизмі нақты деректермен талданған.
Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген , яғни аймақтық кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі мен маңызызына тоқталу, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың шетелдік озық тəжірибелеріне шолу жасау, аймақтық кәсіпкерліктің қазіргі даму тенденцияларын, механизмдері мен әдістерін кешенді талдау, Қазақстанның стратегиялық басымдығына байланысты аймақтық кәсіпкерліктің даму мәселелеріне тоқталу, аймақтық кəсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар және оларды жүзеге асыру механизмін қарастыру сияқты мәселелер.
Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ , аймақтық денгейде шағын кәсіпкерлік жөніндегі саясат аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастырумен жүзеге асыру кезеңдерінің жалпы жүйесімен ұштасуға тиіс. Бұл жерде: аймақтықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының концепциясы мен бағдарламасын әзірлеу, аймақта шағын кәсіпкерлікті басқару мен реттеудің ұйымдық құрылысының жүйесін жасау және шағын кәсіпорындарды дамытудың бизнес-жоспарларымен бағдарламаларын қалыптастыру көзделген.
Аймақтар бойынша тіркелген жалпы шағын немесе орташа кəсіпкерлік субъектісі санындағы белсенді ШОКС үлесі 2005-2009 жылдары 68-69% деңгейде болып келді. Тіркелген қожалық етуші субъектілердің жалпы санындағы тіркелген ШОКС үлесі 2005 жылғы 92%-дан 2009 жылғы 93%-ға дейін 1 пайыздық тармаққа өсті. 2010 жылғы маусым бойынша аймақтық тұрғыдағы белсенді шағын немесе орташа кəсіпкерлік субъектісіне жасалған шолу шағын немесе орташа кəсіпкерлік субъектісінің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында (113 мың), Алматы облысында (97 мың) жəне Шығыс Қазақстан облысында (56 мың) жұмыс істейтінін көрсетеді. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда (11 мың), Атырау (13 мың), Маңғыстау (13 мың) жəне Батыс Қазақстан (16 мың) облыстарына тиесілі.
Жұмыстың мақсаты - аймақтық кәсіпкерліктің даму жағдайын және қазіргі стратегиялық басымдықтарға сәйкес жүзеге асыру механизмдері мен әдістерін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылған:
- аймақтық кәсіпкерліктің ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі мен маңызын анықтау;
- аймақтық кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың шетелдік озық тəжірибелеріне шолу жасау;
- аймақтық кәсіпкерліктің қазіргі даму тенденцияларын, механизмдері мен әдістерін кешенді талдау;
- Қазақстандағы аймақтық шағын кәсіпкерлік субъектілерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне талдамалы зерттеу;
- Қазақстандағы аймақтық кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін салыстыра талдау;
- аймақтық кәсіпкерлікті қаржыландыру механизмі және оның қазіргі таңда жүзеге асырылу барысын кешенді талдау;
- Қазақстанның стратегиялық басымдығына байланысты аймақтық кәсіпкерліктің даму мәселелеріне тоқталу;
- аймақтық кəсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар және оларды жүзеге асыру механизмін қарастыру;
- аймақтық кәсіпкерлікті дамытуға арналған әлеуетті басымдықтарға тоқталу.
Зерттелу объектісі - Қазақстандағы аймақтық кәсіпкерлік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі - диплом жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Ел басы өз еңбектерінде кәсіпкерлік, кәсіпкерлікті аймақтық тұрғыда дамытудың стратегиялық маңыздылығын ерекше айтып жүр. «Қазақстан - 2030», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін», «Дағдарыстан дамуға», « Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты еңбектерінде Қазақстанда аймақтық кәсіпкерліктің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері, дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері, Қазақстан халқына жолдаулары, «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы, «Даму-Аймақтар», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары мен олардың аймақтарда жүзеге асырылу барысы жөніндегі есептер, Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық актілері, Қазақстан даму институтының зерттеу нәтижелері мен мәліметтері, зерттеу тақырыбына байланысты Қазақстандық және шетелдік авторлардың іргелі ғылыми еңбектері, әр түрлі мерзімдік басылымдар мен арнайы әдебиеттер пайдаланылып, оларға талдау жасалынды. Сондай-ақ, жұмыста «Даму-Аймақтар», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары және индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қолданылды.
Диплом жұмысының жазылуының деректік базасы Елбасының «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы , «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қазақстандағы және оның аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының жағдайы туралы есебі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Кәсіпкерліктің жедел курсы атты материалдар, сонымен қатар Қазақстанда аймақтық кәсіпкерлікті дамытудыға бағытталған «Даму-Аймақтар», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары және индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы және осы бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы болып табылады.
Жұмыс құрылымы диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту жүйесінің ғылыми-
теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі
Экономикалық әдебиеттерде «пайда» түрінде табыс әкелетін кез-келген қызмет түрі ретінде «бизнес» (ағылшынша «business») түсінігінің трактовкасы кеңінен таралды. Бірақ басқа да пікірлер бар. Мысалы, бірқатар зерттеушілер «бизнес» сөзі («busy» - «бос емес» деген формадан) уақыт өте келе мағынасы әртүрлі болған: кәсіп, іс, кәсіпкерлік, іскерлік орта, компаниялар, еңбекақы көзі сияқты американдықтарың сөзінен шыққан деп санайды. Көріп отырғанымыздай, әңгіме күрделі және санқырлы категория туралы болып отыр, сондықтан оны талқылау белгілі бір шектеулерді талап етеді.
Ал «бизнес» ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж. ж. ) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан. [2]
Егер «бизнес» терминнің эволюциясының қалай қалыптасқан қарастыратын болсақ; 1723ж. Парижде басылып шыққан «Коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «объектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған.
Кесте 1.
Кәсіпкер ұғымының эволюциясы
Кең мағынада категорилық талдау (грекше «kategoria» - айту, белгі) - бұл нақты шындықты тану тәсілі, атап айтқанда, зерттелетін объектілердің әртүрлі жақтарын туындататын нақты-ғылыми категориялар түріндегі элементтері бар «бизнестің» экономикалық қызметін тану тәсілі.
Қазіргі түсінікте бизнес іскер адамдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың табиғи игіліктерді шығару, өнімдер өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда табу немесе қандай-да бір материалдық пайда алу мақсатындағы ісі және басқа қызмет түрі.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін әрекет немесе басқа да қызмет «хобби», мейірімділік қызметтер, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыларды сыйға тарту және беру, жай уақыт өткізу ретінде қабылдануы мүмкін.
«Бизнес» ұғымымен «кәсіпкерлік» түсінігі тығыз байланысты. Көп жағдайда оларды синонимдер ретінде қолданады, бірақ ол дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұнының көптеген айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік жаңа өнім түрлерін, жұмыстар мен қызметтерді жасау және игеру үшін мүмкіндіктер іздеу мен жүзеге асыруға, тәуекелге байланысты жаңашыл, творчестволық және ынталы шаруашылық қызмет деп түсіндіріледі. Барлық жаңаны іздейтін, басқалар жасамаған немесе басқаша жасайтын іскер адамдар кәсіпкерлер болып саналады.
Шығармашылық, іздену және қызметтің жаңа тиімді бағыттарын жүзеге асыру - міне осы негізгі белгілер кәсіпкерліктің бизнестен айырмашылығы. Ал «бизнес» термині болса, жалғыз мақсаты табыс табу немесе материалдық пайда алу болып табылатын кез-келген үздіксіз немесе кәдімгі қызметті анықтау үшін қолданылады. Дегенмен, бұл жағдайлар кәсіпкерлік негізінде іске асырылатын бизнес тәрізді жеткілікті түрде кеңінен таралған жағдайды шектемейді, керісінше, көздеген мақсаттарға тез жету, ірі жетістіктер мен жоғары табысты көздейді. [3]
Категориялық талдау «бизнес» түсінігі «кәсіпкерлік» түсінігінен тек мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың құрамы бойынша да кең екендігін көрсетеді. ¤йткені ол нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және бизнесмендердің ғана емес, сол сияқты тұтынушылардың да, серіктестердің де, жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және басқа да құрылымдардың да әрекетін қамтиды. Бизнесті категориялық талдаудың негізгі мақсаты қоршаған ортаны жан-жақты зерттеу, экономикалық әлеуетті бағалау және оның барлық қатысушыларының қызметінің тиімділгін арттыру мүмкіндіктерін көрсету болып табылады. Мұнда бизнесті танып-білудің капитал, жер, өндіріс құралдары, табыс, шығындар, қуаттылық, өнімділік, тиімділік, модель, фактор, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекел, инвестициялар, қаржылар, пайыз, ставка, девередж, опцион, дисконт және т. б маңызды категориялар қолданылады.
Өз ісін әр түрлі ұйымдық нысандарда, жеке және кіші кәсіпорындардан бастап трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен қауымдастықтар түрінде кез-келген адам, топ, ұжым және басқа да адамдардың бірлестіктері бастай алады. Олардың жалпы ұмтылысы - бұл бизнестің барлық қатысушыларының лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететіндей табыстар, материалдық игіліктер мен басқа да пайдалар алу.
Бизнестің мақсаты оның сипатына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Категориялық талдау олардың ішіндегі ең маңыздыларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- тұрақты табыстар мен материалдық игіліктер алу;
- бизнесті дамыту үшін капитал жинау;
- бизнеске қатысушылардың жеке мүдделерін ескере отырып, қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырудың резервтерін іздестіру;
- ықпал ету өрісін кеңейту және нарықтағы озық позицияларды иелену;
- өнімдерді өндіру мен сатудың, жұмыстар мен қызметтердің оңтайлы жағдайларын жасау;
- бизнеске қатысушылардың мүдделерін сақтау және қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- бизнеске қатысушылардың қабілеттерін көрсетуге ықпал ету;
- әлеуметтік-экономикалық қызметтің әр түрлі сфераларында табысқа жету;
- бизнес проблемаларын шешуде творчестволық тәсілдерді дамыту;
- тұрақты түрде пайда, табыс және материалдық игіліктер алуға деген үмітті арттыру
Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене отырып, оның міндеттері қойылады және оның жағдайын кешенді талдау мен экономикалық бақылау әдістері анықталады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы түбегейлі оң өзгерістерге ұшырағанын да ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалдық-құндық талдаусыз және шаруашылық қызметтің барлық шығындары мен нәтижелерін өлшемей, бәсекелестік пен конъюнктура деңгейін, сұраныс, ұсыныс және баға арақатынасын ескере отырып нарық механизмдерін қолданусыз тиімді бизнес туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. [3]
Әр түрлі бөліктер мен элементтерден тұратын экономикалық жүйе ретіндегі бизнесті бақылауды кешенді тұрғыдан қарастырудың маңызы ерекше. Мұнда шаруашылық субъектілері қызметінің экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық жағдайларын қоса бизнестің макро-, мезо-, микроорталарының жағдайын арнаулы талдауға ерекше көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі деп экономикалық қызметтің жұмыс істеуінің жалпы тәртібіне әрқайсысы өз үлестерін қосатын, өзара байланысты бөліктер мен элементтерден тұратын белгілі бір тұтастықты айтамыз. Кешенді талдау мен экономикалық бақылау объектісі ретінде бизнес шаруашылық субъектілерінің іскерлік байланыстарының күрделі желісін білдіреді. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың әр түрлі элементтері мен оның инфрақұрылымы, жекелеген салалар, аймақтар мен ұдайы өндіріс процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық субъектілерінің іскерлік қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілері кіруі мүмкін.
Сонымен бір мезгілде бизнес оның белгілі бір қатысушыларының экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде көрінеді. Қазіргі бизнестің қатысушыларын 4 ірілендірілген топқа бөлуге болады/5/:
- Кәсіпкерлер - бұл өнімдерді өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі өзінің ынталы әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар. ¤зінің қызметі барысында олар басқа шаруашылық субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі. Нәтижесінде үш негізгі компонент: өнім өндіру, сауда (коммерция) және коммерциялық кәсіпкерлік кіретін кәсіпкерлік бизнес сферасы қалыптасады.
- Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бизнестің осы тобының қатысушыларының мүдделері өзара пайдалылық негізінде өнімді өндірушілермен және сатушылармен қарым-қатынастарын реттеу барысында тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
- Іскерлік мүдделері орындаған жұмыстарының нәтижесінде алынатын жеке табыстары арқылы жүзеге асырылатын жалдамалы персонал мен олардың кәсіби одақтары. Бұл топтың қатысушылары еңбек бизнесінің сферасын құрайды.
- Іскерлік келісімдердің тікелей қатысушылары болғандағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтас мемлекеттің, сондай-ақ оның барлық азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы көрінеді. Бұл топ мемлекеттік бизнес сферасын құрайды.
Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераны қоса, адамдар өмірінің әр түрлі жақтары бизнес объектісі болуы мүмкін. Қызмет сферасына байланысты, ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнес түрлерін ажыратады. Олар бизнестің жеке түрі бола отырып, өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтыруы мүмкін.
Өндірістік бизнес ел экономикасын дамытуда маңызды және анықтаушы мәнге ие. Бұл бизнестің ең күрделі және қиын түрлерінің бірі. Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде ТМД елдеріндегі көптеген кәспкерлер басым жағдайда бизнестің коммерциялық сферасына ұмтылды. Қоғамдағы экономикалық жағдайдың тұрақтануына қарай өндірістік бизнес кеңейе түседі және өзінінің негізгі орынын алады.
Коммерциялық бизнес сатып алу-сату және сауда-делдалдық әрекеттерге қатысты операцияларды жүргізгенде қалыптасатын тауар-ақша қатынастарымен сипатталады. Мұнда бизнесменге нақты өнім, жұмыс, қызмет түрлеріне бәсекелестік деңгейін, нарық конъюнктурасын, сұраныс, ұсыныс және баға арақатынасын анықтау қажет. Не және қалай сатып алу керек, қашан және қайда сату керек, қандай тауарлар мен қызметтер сұранысқа ие болады және ең бастысы пайда әкеледі деген сұрауларға жауап табу мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу керек.
Қаржылық бизнес - сатып алу-сату объектісі ақша, бағалы қағаздар және қарыздық міндеттемелер болып табылатын коммерциялық бизнестің ерекше түрі. Валюта-ақша және қаржы-несие операцияларын жүргізу шығындарды жабу және пайда алу үшін кәсіпкерлік табыс әкелуі тиіс. Қаржылық бизнес валюта нарығы мен бағалы қағаздар нарығына жүргізілген маркетингтік зерттеулерге негізделеді.
Бизнестің кез-келген түрінің қалыпты жұмыс істеуі үшін сәйкес инфрақұрылым қажет. Бизнес инфрақұрылымы - бұл шаруашылық субъектілерінің әр түрлі іскерлік қатынастарын тұтас байланыстыратын, ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы. [4]
Бизнес инфрақұрылымының маңызды элементтері:
- информациялық жүйелер, технологиялар мен басқа да коммуникация құралдары;
- қаржы-несие жүйесі, банкілер мен қор биржалары;
- инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру және трасттық компаниялар;
- сауда-делдалдық ұйымдар, тауарлық- шикізаттық биржалар, жәрмеңкелер, көрмелер мен аукциондар;
- салық, кеден, бақылау және бизнесті мемлекеттік реттеудің басқа да органдары;
- аудиторлық, консалтингтік, жарнамалық және ақпараттық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары;
- бизнеске қатысты қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар
Бизнестің көптеген функцияларының ішінде өндірістік функциясының орыны ерекше. Өнім өндірілмесе сатылатын ештеңе болмас еді, бәсекелестік деңгейін, нарық конъюнктурасын зерттеудің қажеті болмас еді. Нақ осы өндіріс процесінде жекелеген элементтерді біріктіру жүргізіледі: капитал, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, табиғат ресурстары, еңбек құралдары және маңыздылығы еш кем емес төртінші фактор - кәсіпкерлердің жасаушы қызметі мен өндірісті ұйымдастырушылар. Ең жоғары нәтижелерге жету, жоғары табыстар мен басқа да материалдық игіліктерге ие болу мақсатында ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдері оңтайлы тәртіпте жүргізілуі тиіс.
Бизнестің қазіргі нарықтық тұжырымдамасы бұрынғысынан барынша тезірек жоғары пайда алуға бағытталғандығымен емес, аз көлемдегі табыс жағдайындағы ұзақ мерзімді рентабелділік пен тұрақтылыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қолайлы бәсекелестік деңгейі мен нарық конъюнктурасын баға маркетингі, жеке бизнесті мемлекеттік реттеу мен ынталандыру көмегімен үйлестіру оның әлеуметтік мәртебесі мен этикалық деңгейінің өсуіне алып келеді.
Осының барлығы экономиканың даму тенденциясын, сәйкес табыстарды, материалдық және рухани игіліктерді алуда әділдік қағидалары мен мүмкіндіктер теңдігінің сақталуын, бизнестің барлық қатысушыларының тұтастығы мен демократиялық еркіндік алуын жағымды сипаттайды.
Әлемдік экономиканың даму тенденциясын және осы кезеңдегі артықшылықты факторлардың жиынтығының әсерін айқындай отырып, ғалымдар мен маман-тәжірибешілер өздерінің бизнеске деген көзқарастарын қайта қарайды, оның жаңа тұжырымдамаларын жасайды. Мұнда нарықтық экономикалы индустриалдық дамыған елдердегі бизнесті ұйымдастырудың түрлері, нысандары мен озық тәжірибелері сыни тұрғыдан талданады. Мысалға, қазіргі уақытта АҚШ-та, Ұлыбритания мен Германияда бос уақыттың артуы, ішкіфирмалық жоспарлау, ғаламдану және бизнестің дамуының халықаралық аспектілері сияқты факторларға басымдылықпен назар аударылуда.
Әр елдің экономикалық дамуының әр түрлі кезеңдерінде бизнестің жағдайына әсерін тигізетін белгілі бір факторлардың маңызы зор. Қазіргі уақытта жаңа технология мен өнім түрлерін жасауға, ұдайы өндіріс процесінің тиімділігін арттыруға, фирмалардың, елдер мен аймақтардың арасындағы шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде бизнесті ғаламдандыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Бизнесті кеңейту жағдайларын қарастырғанда ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ұтымды қолданылуы тиіс табиғат, еңбек және материалдық ресурстар сияқты факторлар бірінші кезекті маңызға ие.
Нақ осы арада өндірісті ұйымдастырушылардың, бизнестің барлық қатысушыларының: кәсіпкерлердің, жалдамалы персоналдың, қаржы-несие және нарықтық экономиканың басқа сфералары жұмысшыларының ынталылығы мен жетіктілігі көрінуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz