Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 «ТҮРІК» ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА КЕШЕНДІ СИПАТТАМА ... .7
1.1 Түрік тайпаларының қалыптасуының теориялық.методологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Түркі халықтарының мәдени ескерткіштері және олардың көздері ... ... ...21
1.3 Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінің сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

2 ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1 Ұлттық ұстаным мен келісім.ұлтаралық қарым.қатынас
мәдениеті кемелдігінің өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.2 Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым.қатынас мәдениетіндегі
ұлттық ұстаным: ерекшеліктері мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 Ұлттық ұстаным және патриотизмді қалыптастыру мәселесі ... ... ... ... ... ..44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден тартқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың келешегі мен болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ халқының бұрын «ақтаңдақ» болып келген тарихы қайта жазылып, сан алуан мәселелер заман талабына сай өзінің ғылыми бағасын алуда. Әсіресе, Қазақстанның ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихында орын алған көптеген мәселелер қайтадан қарастырылып, жүздеген іргелі еңбектер жарияланды. Алайда жекелеген мәдени-тарихи кезеңдердің проблемасын көтерген археологиялық бағыттағы бірен-саран ізденістерді есептемегенде, әлі күнге дейін ежелгі Қазақстан тарихын арнайы толымды түрде қарастырған монографиялық зерттеулер тұрмақ, оқу құралдары, оқулықтар жоқтың қасы екендігі белгілі. Бұл өз кезегінде шетелдік тарихнамада, анықтамалық басылымдар мен көптомдық еңбектерде Қазақстанның көне дәуірі туралы тарих беттерінің толыққанды баяндалмай жатуына алып келуде. Мұндай олқылықтар орнын толықтыратын тарихнамалық бағыттағы ғылыми ізденістер екендігін ескерсек, онда осы зерттеу тақырыбының өзектілігі өздігінен-ақ байқалады.
Қазақстанның көне тарихынан орын алған сан қырлы да маңызды құбылыстар мен оқиғаларды, өзіндік өркениеттер мен мәдениеттер ара-қатынасын, олардың өзара байланысын білмеу республикамен іргелес жатқан көрші мемлекеттердің де (РФ, ҚХР, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, тіпті Моңғолия, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері) ілкі замандардағы тарихын танып-білудің мүмкіндігін шектейді. Себебі Еуразия төскейінде орналасқан Қазақстан аумағы арқылы ондаған ғасырлар бойы сауда жолдары жүрді, көптеген тайпалар мен халықтардың тарихи тағдыры тоғысты, республика аумағы әлденеше рет Ұлы қоныс аудару толқындарын бастан кешірді, миграциялық процестер мен әскери қақтығыстар алаңына айналды. Мұнымен қатар Қазақстан аумағынан ауа көшкен халықтардың біраз бөлігі көне дәуірлерде Еуразия саяси-экономикалық картасын өзгертіп те жібергендігі белгілі.
Қазақстан тарихындағы түркілік пен ұлттық ұстаным проблемаларын, олардың сипаты мен мазмұнын зерделеген ғалымдардың еңбектері диплом жұмысының нысаны болып саналады.
Диплом жұмысының пәніне патшалық ежелгі заманнан қазірге дейінгі Қазақстан көне дәуірлері тарихындағы түркілер тарихының зерттелу деңгейін анықтауға, «ақтаңдақ» тұстарын айқындауға мүмкіндік беретін отандық және шетелдік әдебиетте айтылған ой-пікірлер, ғылыми ұстанымдар, пайымдаулар мен көзқарастар жатады.
Диплом жұмысының мақсаты – ежелгі Қазақстаннан қазірге дейінгі түркілер тарихын зерделеген еңбектерге тарихнамалық талдау жүргізіп, алынған нәтижелері мен ғылыми жетістіктерін саралау, ұлттық ұстаным түсінігінің мәнін кеңінен ашу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
1) көне дәуірлерге қатысты теориялық, методологиялық мәселелерді қарастыру;
2) ежелгі Қазақстан тарихын зерттеуге өзіндік үлесін қосқан археологиялық экспедициялар тарихын бір ізге түсіру арқылы қорытындылары мен негізгі нәтижелерін айқындау;
3) жекелеген ғалымдардың белгілі бір мәселеге қатысты айтылған пайымдауларын, тұжырымдамаларын анықтау;
4) жазба дереккөздерінің шынайылық дәрежесін анықтай отырып қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты мәтіндер іздестіру;
5) «Мәдени мұра» Стратегиялық Ұлттық Жобасы бойынша зерттелініп жатқан археологиялық ескерткіштер мен жазба дереккөздеріне қатысты ізденістерді саралау;
6) көне дәуірлерге жататын археологиялық ескерткіштердің кезеңдестірілуіне, хронологиясына тарихнамалық талдау жүргізу;
7) әрбір мәдени-тарихи кезеңде тіршілік еткен түркі халықтардың расалық типтерін анықтаған палеоантропологиялық ізденістердің негізгі тұжырымдарын бір ізге түсіру.
1 Досымбаева А. Культурный комплекс тюркских кочевников Жетысу. ІІ в. до н.э. – V в.н.э. – Алматы, 2007. – 216 с.
2 Самашев З. Наскальные изображения Казахстана как исторический источник: автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.06. – Алматы, 2010. – 47 с.
3 Есмагамбетов К.Л. Зарубежная историография истории Казахстана (с древнейших врмен до начала 90-х годов ХХ в.): автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.02; 07.00.09. – Алматы, 2000. – 48 с.
4 Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 338 с.
5 Великая степь в античных и византийских источниках: сборник материалов / составление и редакция Александра Николаевича Гаркавца. – Алматы: Баур, 2005. – 1304 с.
6 История казахской государственности (древность и средневековье): монографическое исследование. – Алматы: Адамар, 2007. – 416 с.
7 Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 356 с.
8 Сұңғатай С., Еженханұлы Б. Тарихи-мәдени жәдігерлер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 80 б. (Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Том ІІ).
9 Таймагамбетов Ж.К. Палеолит Казахстана (основные проблемы): автореф. ... д-ра ист. наук в форме научного доклада: 07.00.06. – Новосибирск, 1993. – 53 с.
10 Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері): – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
11 Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009. – 576 с.
12 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во «Наука» Казахской ССР, 1966. – 435 с.
13 Маргулан А.Х. Сочинения. В 14 томах. Том 1. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана / составители Д.А. Маргулан, Д. Маргулан. –Алматы: Атамұра, 1998. – 400 с.
14 Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки (по материалам Северной Бетпак-Далы). – Алма-Ата: Гылым, 1992. – 247 с.
15 Бейсенов А.З., Варфолемеев В.В. Беғазы зираты. Орталық Қазақстан беғазы-дәндібай дәуірінде. – Алматы, 2008. – 126 б.
16 Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 300 с.
17 Самашев З.С., Толеубаев А.Т., Джумабекова Г.С. Сокровища степных вождей. – Алматы: ОФ «Берел», 2004. – 176 с.
18 Хабдулина М.К. Степное Приишимье в эпоху раннего железа. – Алматы: Ракурс, 1994. – 170 с.
19 Досымбаева А. Культурный комплекс тюркских кочевников Жетысу. ІІ в. до н.э. – V в.н.э. – Алматы, 2007. – 216 с.
20 Самашев З. Наскальные изображения Казахстана как исторический источник: автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.06. – Алматы, 2010. – 47 с.
21 Есмагамбетов К.Л. Зарубежная историография истории Казахстана (с древнейших врмен до начала 90-х годов ХХ в.): автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.02; 07.00.09. – Алматы, 2000. – 48 с.
22 Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 338 с.
23 Великая степь в античных и византийских источниках: сборник материалов / составление и редакция Александра Николаевича Гаркавца. – Алматы: Баур, 2005. – 1304 с.
24 История казахской государственности (древность и средневековье): монографическое исследование. – Алматы: Адамар, 2007. – 416 с.
25 Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 356 с.
26 Сұңғатай С., Еженханұлы Б. Тарихи-мәдени жәдігерлер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 80 б. (Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. Том ІІ).
27 Абиль Е.А. Методологические проблемы применения естественнонаучных методов в историческом исследовании: история и синергетика: автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.09. – Караганда, 2009. – 47 с.
28 Турежанова С.А. Интерпретация как историографический метод исследования: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.09. – Алматы, 2008. – 34 с.
28 Абусеитова М.Х. Казахстанское востоковедение: проблемы и перспективы // SHYGYS. – 2004. – №1. – С. 4-10.
29 Несипбаева Ж.Ж. Советская историография 60-80-х гг. ХХ в. о понятиях «методология истории» и «исторический факт»: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.09. – Алматы, 2005. – 35 с.
30 Төлебаев Т.Ә. Ежелгі Қазақстанның дүние жүзі тарихындағы орны: зерттелу дәрежесі мен проблемалары // ҚазҰУ Хабаршысы. Тар. сериясы. – 2007. – № 2. – 3-5 бб.
31 Атабаев Қ.М. «Мәдени мұра» бағдарламасының теориялық-методологиялық проблемалары мен деректанулық негіздері // «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 10-13 бб.
32 Омарбеков Т.О. Сақтар және үйсіндер: методологиялық мәселелер // Отан және әлем тарихы ХХІ ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері: Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 6-11 бб.
33 Қайыркен Т.З. Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары және олардың Отан тарихынан деректік әлеуеті: тар. ғыл. д-ры ... автореф.: 07.00.09; 07.00.02. – Алматы, 2009. – 40 б.
34 Фрадлин Е.М. Принципы формирования патриотизма. – М., 2002.
35 Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. 46-47 бб.
36 Абсаттаров Р.Б. Воспитание казахстанского народа: вопросы теории и практики // Актуальные вопросы общественной жизни. Сборник статей. –Алматы,1994. - С.71.
37 Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген сөзі //Егемен Қазақстан. 2009 жыл, 27 қазан.
38 Мустафин Т. Патриотизм и идеология //Казахстанский патриотизм: проблемы становления. Материалы науч.-прак. конф. – А.,1997. – С.40-44.
39 Абдыгалиев Б. Этнические факторы формирования казахстанского патриотизма //Казахстанский патриотизм: проблемы становления. Материалы науч.-прак. конф. – А.,1997. – С.88-92.
40 Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2005. – 160 б.
41 Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Монография. – Семей: Семей пед-қ инс-ы, 1995. – 180 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 ТҮРІК ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА КЕШЕНДІ СИПАТТАМА ... .7
1.1 Түрік тайпаларының қалыптасуының теориялық-методологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Түркі халықтарының мәдени ескерткіштері және олардың
көздері ... ... ...21
1.3 Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінің
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

2 ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.1 Ұлттық ұстаным мен келісім-ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениеті кемелдігінің
өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.35
2.2 Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі
ұлттық ұстаным: ерекшеліктері мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.3 Ұлттық ұстаным және патриотизмді қалыптастыру
мәселесі ... ... ... ... ... ..44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын
тереңнен іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден тартқан
мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда
ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу,
нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың келешегі мен
болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан
төмендеген емес.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ халқының
бұрын ақтаңдақ болып келген тарихы қайта жазылып, сан алуан мәселелер
заман талабына сай өзінің ғылыми бағасын алуда. Әсіресе, Қазақстанның
ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихында орын алған көптеген
мәселелер қайтадан қарастырылып, жүздеген іргелі еңбектер жарияланды.
Алайда жекелеген мәдени-тарихи кезеңдердің проблемасын көтерген
археологиялық бағыттағы бірен-саран ізденістерді есептемегенде, әлі күнге
дейін ежелгі Қазақстан тарихын арнайы толымды түрде қарастырған
монографиялық зерттеулер тұрмақ, оқу құралдары, оқулықтар жоқтың қасы
екендігі белгілі. Бұл өз кезегінде шетелдік тарихнамада, анықтамалық
басылымдар мен көптомдық еңбектерде Қазақстанның көне дәуірі туралы тарих
беттерінің толыққанды баяндалмай жатуына алып келуде. Мұндай олқылықтар
орнын толықтыратын тарихнамалық бағыттағы ғылыми ізденістер екендігін
ескерсек, онда осы зерттеу тақырыбының өзектілігі өздігінен-ақ байқалады.
Қазақстанның көне тарихынан орын алған сан қырлы да маңызды құбылыстар
мен оқиғаларды, өзіндік өркениеттер мен мәдениеттер ара-қатынасын, олардың
өзара байланысын білмеу республикамен іргелес жатқан көрші мемлекеттердің
де (РФ, ҚХР, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, тіпті Моңғолия, Шығыс
Еуропа мен Орталық Азия елдері) ілкі замандардағы тарихын танып-білудің
мүмкіндігін шектейді. Себебі Еуразия төскейінде орналасқан Қазақстан аумағы
арқылы ондаған ғасырлар бойы сауда жолдары жүрді, көптеген тайпалар мен
халықтардың тарихи тағдыры тоғысты, республика аумағы әлденеше рет Ұлы
қоныс аудару толқындарын бастан кешірді, миграциялық процестер мен әскери
қақтығыстар алаңына айналды. Мұнымен қатар Қазақстан аумағынан ауа көшкен
халықтардың біраз бөлігі көне дәуірлерде Еуразия саяси-экономикалық
картасын өзгертіп те жібергендігі белгілі.
Қазақстан тарихындағы түркілік пен ұлттық ұстаным проблемаларын,
олардың сипаты мен мазмұнын зерделеген ғалымдардың еңбектері диплом
жұмысының нысаны болып саналады.
Диплом жұмысының пәніне патшалық ежелгі заманнан қазірге дейінгі
Қазақстан көне дәуірлері тарихындағы түркілер тарихының зерттелу деңгейін
анықтауға, ақтаңдақ тұстарын айқындауға мүмкіндік беретін отандық және
шетелдік әдебиетте айтылған ой-пікірлер, ғылыми ұстанымдар, пайымдаулар мен
көзқарастар жатады.
Диплом жұмысының мақсаты – ежелгі Қазақстаннан қазірге дейінгі түркілер
тарихын зерделеген еңбектерге тарихнамалық талдау жүргізіп, алынған
нәтижелері мен ғылыми жетістіктерін саралау, ұлттық ұстаным түсінігінің
мәнін кеңінен ашу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер
қойылды:
1) көне дәуірлерге қатысты теориялық, методологиялық мәселелерді
қарастыру;
2) ежелгі Қазақстан тарихын зерттеуге өзіндік үлесін қосқан
археологиялық экспедициялар тарихын бір ізге түсіру арқылы қорытындылары
мен негізгі нәтижелерін айқындау;
3) жекелеген ғалымдардың белгілі бір мәселеге қатысты айтылған
пайымдауларын, тұжырымдамаларын анықтау;
4) жазба дереккөздерінің шынайылық дәрежесін анықтай отырып қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты мәтіндер іздестіру;
5) Мәдени мұра Стратегиялық Ұлттық Жобасы бойынша зерттелініп жатқан
археологиялық ескерткіштер мен жазба дереккөздеріне қатысты ізденістерді
саралау;
6) көне дәуірлерге жататын археологиялық ескерткіштердің
кезеңдестірілуіне, хронологиясына тарихнамалық талдау жүргізу;
7) әрбір мәдени-тарихи кезеңде тіршілік еткен түркі халықтардың расалық
типтерін анықтаған палеоантропологиялық ізденістердің негізгі тұжырымдарын
бір ізге түсіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлтаралық ұстаным мәдениеті мен ережелерін
дамыту мен жетілдіру мәселесі соңғы жылдары әр түрлі ғылым саласының
ғалымдары тарапынан белсенді түрде қолға алынып, зерттелінуде. 1980-жылдан
бастап Р.Г.Абдулатипов, Р.Б.Әбсаттаров, Ю.В.Арутюнян, И.К.Апина,
Ю.В.Бромлей, Т.Ю.Бурмистрова, Р.К.Грдзелидзе, Н.Д.Джандильдин,
Л.М.Дробижева, О.А.Дмитриев, М.С.Жүнісов, Л.Н.Коган, М.И.Куличенко,
И.И.Серова, В.А.Скуратовский, Т.С.Сәрсенбаев, М.М.Сужиков және басқа да
бірқатар авторлар еңбектерінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің түрлі
аспектілері қарастырылады. Бұл ғылыми еңбектерде күні бүгінге дейін
өзектілігін жоғалтпаған тұжырымдамалық қағидалар бар. Бұған қоса, олардың
ұлттық ұстаным мәдениеті мәселелерін зерттеу үшін теориялық-әдістемелік
маңызы зор.
Өз дамуында Қазақстан тарихи ұзақ жолдан өткені белгілі. Жаһандану және
қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-
да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі
уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін
әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен
бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды. Еліміздің қоғамдық және ұлттық
санасындағы елеулі серпілістер және ұлтаралық қатынастар ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениеті феноменінің маңызды ерекшелігі ретінде оның адамзаттық
маңыздылығын әрі әмбебаптығын айқындап берді. Заманымыздың қоғам мәнін
өзгертетін саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларының барша
маңыздылығына қарамастан, іс жүзінде адамның іс-қайраткерлігін бағалаудың
өлшемі мен алғышарты ретіндегі жалпыұлттық мәдениеттің мәні мен мазмұнына
жүгінбей қала алмаймыз.
Демек, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан гуманизм мен
патриотизм сияқты биік адами қасиеттер, ізгілік пен әдептілік, байсалдылық
пен сыпайылық, оң пиғыл мен ақ ниеттілік, шыншылдық пен әділеттілік,
қайырымдылық пен адамсүйгіштік және т.б. сияқты қарым-қатынас мәдениеті мен
мінез-құлық мәнері көрініс табады.
Ғылыми жаңалығы тақырыптың өзектілігімен және кешенді түрде
зерттелмегендігімен, зерттеу мақсаты мен міндеттерінің тікелей
шарттастыруымен, сонымен бірге, этносаяси мәселенің ғылыми шешілуі нәтижесі
ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық
мәселесі алғаш рет саясаттану тұрғысынан талдау нысаны ретінде қойылуымен
айқындалады. Ұсынылған зерттеу тәсілі ұлтаралық келісім, ұлтаралық қарым-
қатынастардағы ұлттық ұстаным мәдениетін тарих ғылымы тұрғысынан зерттеудің
және ұлттық пен жалпыадамзаттықтың қалыптасу ерекшелігін терең талдаудың
жаңа мүмкіндіктерін ашады және т.б.
Тақырыптың теориялық және тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының
теориялық және тәжірибелік тұжырымдары тарих ғылымындағы жаңа бағыт болып
табылады, қазіргі Қазақстандағы тарихи-саяси өмір құбылыстарын ғылыми
қорытуға үлес қосады. Диплом жұмысында қол жеткізген нәтижелері мен
берілген нұсқаулары ұлттық қатынастарды жетілдіруде пайдаланыла алады.
Ізденушінің тұжырымдары жалпыұлттық келісім мен ымыраластық,
жалпықазақстандық сана-сезім мен тұрғындардың ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру мәселелерін одан әрі зерттеуге бастапқы негіз бола
алады. Сол себепті зерттеу нәтижелері саяси билік құрылымында, жоғарғы оқу
орындары мен орта оқу орындарындағы қоғамтану пәндері дәрістерінде
пайдаланыла алады. Бұл ретте, ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі жұмыстың
маңызды бөлігін құрайтынын атап өту қажет
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған.

1 Түрік ұғымының қалыптасуына кешенді сипаттама

1.1 Түрік тайпаларының қалыптасуы

Кезінде академик Ә.Х. Марғұлан антропологтардың мәліметтері бойынша,
Орал далаларында неолит кезінде қалыптасқан және осында тұрған орал-
алтайлықтардың моңғолоидтық типі Онега көліне дейін таралды, шұңқырлы-
тарақты керамикамен синхронды ежелгі моңғолоидтық бас сүйек Прибалтикадан
да табылды, антропологтар оларды Оралдың сыртқы жағынан келген деп
есептейді – деп жазды. Сарабдал ғалым Қазақстан мен Орынбор облысы
аумағынан табылған бас сүйектерді зерттеу барысында антрополог Г.Ф. Дебец
антикалық заманда немесе тайпалық одақтар кезінде өмір сүрген
андроновтықтардың ұрпақтарын тапты, мұның бәрі қызықты болғандықтан одан
ары зерделей түсу қажет, алайда келтірілген фактілер солтүстік далалы
аймақтардағы қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі ирандық деп есептейтін
ғалымдарды тіптен қызықтырмайды да, бұл ғылыми негізі жоқ үлкен қателік
деген болатын [5, с. 81]. Сол себепті де келешектегі ізденістерде осы
мәселе кеңінен қарастырылуы тиіс.
Академик О. Ысмағұловтың есімімен отандық антропология ғылымы тығыз
байланысты екендігін айта кеткен жөн. Кеңестік заманда қазақ халқының
автохтонды екендігін айтқаны үшін ұлтшыл деп айыпталып, сарабдал ғалым өз
зерттеу еңбектері үшін қуғын да көрген болатын. Антропология көшбасшысының
Қазақстан тұрғындары қола дәуірінен қазірге дейін, Қазақстанның
этникалық геногеографиясы сынды іргелі еңбектері шетелдік тарихнамада да
кеңінен танымал. Бұл еңбектерінде ғалым республика археологтарының
материалдары негізінде сайын далада тіршілік еткен тайпалардың бас
сүйектерін екшейді де, антропометрия, одонтология, краниология, серология,
т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы ата-бабалары қола
дәуіріндегі андронов мәдениетін қалыптастырғандығын анықтады. О.
Ысмағұловтың бастапқы кездегі тұжырымдамасын былайша өрбітуге болады: 1)
қазақтар аралас расаға жатады, ол еуропоидтық-моңғолоидтық оңтүстіксібір
расасына кіреді, мұның өзі Қазақстан аумағында қола ғасырында басталып ХІІ-
ХІV ғасырларға дейін созылды, бұдан соң қазақтардың расалық типі өзгеріссіз
қалды; 2) еуропоидтық құрауыш жергілікті андроновтық антропологиялық тип
(О.Ы. Ысмағұлов термині бойынша ежелгіқазақстандық) қола дәуіріне барып
тіреледі және Қазақстан тарихының барлық мәдени-тарихи кезеңдерінен бастап
қазіргі заманға дейін сақталып қалды; 3) Орталық Азиядан келген топтар
(моңғолоидтар) қазақтардың расалық типінде өз ізін қалдырған, бірақ олардың
өздері де саны жағынан әлдеқайда көп Қазақстан халқына сіңісіп кеткен.
Диссертациялық жұмыста бірқатар антропологтардың (В.В. Гинзбург, Г.Ф.
Дебец, Т.И. Алексеев, Т.А. Трофимова, Л.Т. Яблонский, Т.К. Ходжайов, т.б.)
еңбектеріне тарихнамалық талдау жүргізілді. Дегенмен Қазақстан
антропологиясы ғылымы көшбасшысы О. Ысмағұловтың ізденістері осы ғылыми
бағыттағы негізгі қорды құрайды деуге болады. Уақыт өте келе зерттеуші соны
тұжырымдамалар жасай алды. Зерттеушінің басты-басты концептуалдық ойлары
кейбір мамандар тарапынан өзіндік бағасын иемденіп жатыр. Мәселен, 2009
жылы қарашада өткен Қазақстанның ортағасырлық тарихы: нәтижелері мен
болашақ зерттеу жолдары атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда
сөйлеген баяндамасында С.Ф. Мажитов Қазақстандаға антропологиялық
зерттеулердің негізгі дамуына азды-кемді тоқталып кетіп, ғалымның тұрандық
нәсілдің қазақстандық нұсқасына жататын антропологиялық қазақ типі ХІV-ХV
ғасырларда толық қалыптасты және де қазақтар өз төл топырағында өсіп
жетілген деген тұжырымдамасын жоғары бағалады. Қысқаша қайырғанда, О.
Ысмағұловтың антропологиялық зерттеулері қазақ халқының автохтонды
екендігін, оның қайнар-бастаулары ілкі замандарда жатқандығын толығымен
дәлелдеп берді. Дегенмен кейбір мамандар (Ходжайов) әлі күнге дейін О.
Ысмағұловтың ескі концепцияларын қолдап, тұрандық нәсілдің қазақстандық
нұсқасын жоққа шығаруға талпынып келеді.
Ал осы тарауда арнайы қарастырылған дін қай уақытта болмасын кез келген
қоғамдағы рухани өрлеу мен жетілудің негізгі көзі болып табылады. Дегенмен,
дінтанушы-мамандар теориялық-методологиялық тұрғыдан компенсаторлық,
біріктірушілік, реттеушілік, дүниетанымдық, саясилық, түсіндірушілік,
бөлшектеушілік, репресивтілік, көрсетілімділік секілді діннің басты-басты
қызметтеріне (функцияларына) нақты талдаулар жасап, мәселені мейлінше
тереңдете қарастырған. Шетелдік тарихнамада кейде дінді тарихқа дейінгі
және тарихи деп бөліп, оның алғашқысы аңшылық, балық аулау кәсібімен
шұғылданушылық және терімшілік орнаған аумақтарда, ал екіншісі Месопотамия,
Мысыр және Қытай сынды отырықшылық өркениеттерде қалыптасқан деген
тұжырымдама орныққан. Соған байланысты тарихқа дейінгі дін дәуірі шамамен
бұдан 2 млн. жыл бұрын басталып, б.з.б. ІV-мыңжылдықта соңына дейін, яғни
жазу келіп шыққанша шейін созылған деген меже белгіленген. Немесе қарапайым
түрде дін политеистік (көптәңірлі) және монотеистік (біртәңірлі) деп те
сыныпталынады. Бұлардың қайсысы бұрын қалыптасқандығы туралы пікір-таластар
ертеден-ақ ғалымдар арасында орныққанымен, ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс
кезіндегі нақты діни ойлау жөнінде жазба деректердің болмауы, бұл мәселені
түпкілікті шешуге әсте мүмкіндік бере қоймайды.
Діннің шығуына және дамуына әртүрлі жағдайлар (тұрмыстық-шаруашылық,
саяси, т.б.) өзіндік әсерін тигізеді, ол адам ақыл-ойында теориялық ойлау
мен дерексіз түсініктердің қалыптасуына алып келеді де, белгілі бір
қоғамның қажеттілігіне сай түрлі сенімдердің орнығуына себепкер болады.
Осыған орай көптеген мамандар дін тұрпаттарын тайпалық (анимизм, магия,
тотемизм, фетишизм, т.б.), ұлттық (иудаизм, конфуциандық, даосизм, сикхизм,
синтоизм, т.б.) және әлемдік (будда, христиандық, ислам) деп бөледі.
Шындығына келгенде, барлық діндердің мақсаты бір Жаратушыға немесе тылсым
күшке табыну болып табылады. Сондықтан да қай уақытта болмасын діндар адам
баласы имандылыққа ұмтылған, дінсіздің өзі дәрменсіздікке душар болған
жағдайда ең алдымен тылсым күштерден, яғни тәңіріден жәрдем сұраған.
Кеңестік тарихнамада ежелгі тайпалардың идеологиялық көзқарастарын
қарасттыруда іргелі ізденістер жасалды. Д.С. Раевский, Ю.А. Рапопорт, А.М.
Беленицкий, С.С. Бессонова, Д.М. Дудко, Б.А. Литвинский, К.Ф. Смирнов, Ю.Я.
Перепелкин, С.И. Руденко, А.Д. Столяр, С.С. Черников, т.б. еңбектері әлі
күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Соңғы жылдары ресейлік тарихнамада да
бұл мәселелер жаңа қырынан көтеріле бастады. Ендігі жерде бұрынғы тар да
таптық идеологиялық қыспақтарсыз дін мен қоғам қарым-қатынасы кеңінен
зерттеліне бастады. Мұндай жағдай шетелдік тарихнамада байқала қоймағандығы
да анық аңғарылады. Ешқандай саяси кедергілерсіз діни наным-сенімдерді
зерттеу отандық тарихнамада да соңғы онжылдықтарда жолға қойылып отыр. Бұл
ретте З.С. Самашев, Ю.А. Мотов, И.А. Кукушкин, сондай-ақ Г.А. Базарбаева,
Г.С. Жұмабекова, т.б. бірқатар ғалымдардың еңбектері жарияланған. Олар
Қазақстан аумағындағы көптеген ғибадатханаларды зерттеген, жерлеу ғұрпының
өзіндік ерекшеліктерін анықтаған, кейбір культтардың (жылқы, күн, т.б.)
ғылыми мәнін талдаған.
Ал кейбір мамандар археологиялық нысандардың сыртқы келбетінде мол діни-
мифтік ақпараттар легі бар екендігін көрсетуге тырысқан. Мысалы, Шығыс
Еуразия культтық ескерткіштері планиграфиясының семиотикасы деп аталатын
мақалаларында К.А. Ақышев, М.Қ. Хабдулина сынды ғалымдар археологиялық
ескерткіштердің сипатына қарап, діни көзқарастар немесе таным-түсініктер
аясын өрбітуге тырысты. Бұл ғалымдардың айтуынша, археологиялық және
иерархиялық символдар белгілі бір этностардың космологиялық түсініктерімен
тікелей байланысты. Бұған қатысты олар былай деп тұжырым жасайды: ежелгі
қоғамда кеңінен таралған белгілер жүйесінің түсінігі мынадай: шеңбер – күн,
ай, шексіздік символы; сфералы үйінді – аспан асты, әлемдік тау; айқыш
тәрізді тас қаландылары – әлемнің тараптары; төрт бұрыш – әлемнің
тараптары; шеңбер ішіндегі айқыш тәрізді қаланды – күн, ай және әлем
тараптары; көптеген тас сақиналарынан немесе айналдыра қойылған менгирлі
қоршау – күн, ай, жұлдыздар; және де айқышты қаландысы бар үлкен тас
сақинамен қоршалған жеке тұрған жартас бөлігі (сынығы) – әлемдік тау, күн,
ай және әлемнің тараптары. Байқап отырғанымыздай, ескерткіштердегі негізгі
бөліктер күн, ай және әлемнің тараптарына барып тіреледі. Әйткенмен мұны
әлі де нақтылай түсу қажет. Өйткені қоршаған ортадан алынған шикізат
көздері культтық ескерткіштердің тұрғызылуына да өзіндік әсерін тигізген.
Және де діни көзқарастар бұдан әлдеқайда күрделі екендігі анық. Мұны
антикалық жазба дереккөздері де растайды. Оған қоса сан алуан культтардың
(бұғы, марал, бұқа, қабан, т.б.) да таралғандығын айта кету керек. Мамандар
сонымен қатар сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен
желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары да кеңінен таралды деп есептейді.
Дегенмен әрбір мәдени-тарихи дәуірдегі қоғамдық діни сана өзгеріп
отырғандығы анық.
Осы тарауда арнайы қарастырылған мәселелердің бірі сақтардағы
мемлекеттілік болып табылады. Ерте темір дәуіріндегі скифтердің қоғамдық
құрылысын зерттеген мамандар көбіне оның қандай құрылыс екендігіне ерекше
тоқталып кетті. А.И. Тереножкиннің Скифтердің қоғамдық құрылысы туралы
атты еңбегінде аталмыш мәселенің тарихнамасы біршама жасалған: өткен
ғасырдың 30 жылдары В.И. Равдоникас және М.И. Артамонов скиф қоғамы Ф.
Энгельс айтқандай әскери демократия типіндегі патриархалды-рулық қоғам
болды десе, А.П. Смирнов, С.П. Толстов сынды ғалымдар скифтерде таптық, құл
иеленушілік қатынастар қалыптасқан, ал Скифияның өзі құл иеленуші мемлекет
болған деген тұжырымға келген. Ал 1950 жылдары Б.Н. Граков б.з.б. VІ-V
ғасырларда скифтерде рулық құрылыс сақталған, ал б.з.б. V ғасырының соңынан
бастап орталықтандырылған скиф мемлекеті пайда болғандығы жөнінде гипотеза
айтты. А.И. Тереножкиннің өзі біршама жылдар патриархалдық концепцияның
қолдап келді, дегенмен кейіннен А.П. Смирнов пен С.П. Толстов пайымдауларын
дұрыс деп тапты да, скифтерде б.з.б. VІ ғасырда құл иеленуші мемлекет
болғандығы жөніндегі тұжырымға келді. Негізінен алғанда, жоғарыда аты
аталған зерттеушілердің барлығы да скиф қоғамы құл иеленуші болда деп
есептеді. Зерттеушілердің (М.И. Ростовцев, М. Эберт, Ж. Дюмезиль, т.б.)
басқа бір бөлігі скифтерде қоғамдық құрылыс феодалдық сипатта болғандығын
айтқан еді. Ал кейіннен скифтердің әлеуметтік тарихын іргелі еңбегінде жан-
жақты сипаттап жазған А.М. Хазанов болса скиф қоғамындағы билік өкілдері
мен қарапайым халықтың (патша, абыз, құл, т.б.) ара-жігін тарқата отырып,
оны ерте таптық деп бағалады. Басқа авторларға қарағанда А.М. Хазанов скиф
патшалығының негізгі кезеңдерін патшалықтар бойынша бөліп көрсетуге
талпынды. Зерттеуші скифтердің бірінші патшалығы олардың Алдыңғы Азияға
жорығы кезінде, екінші патшалығы одан қайтқан соң қалыптасты деген тоқтамға
келді де, көшпелі скифтердің мейлінше топтасқан кезі деп парсы патшасы
Дариймен күрес жүргізген уақытты, яғни б.з.б. VІ ғасыр соңын атады.
Бірқатар мамандар көшпелі қоғам билігіне күмәнмен қарайды. Бұл жерде
барлық мәселе көшпелі қоғамдық құрылысқа барып тіреледі. Көшпелілікті
ғылыми тұрғыдан зерделеген Н.Н. Крадиннің айтуынша, көшпелілердің
әлеуметтік құрылысына қатысты негізгі төрт көзқарас қалыптасқан. Олар: 1)
көшпелілердің таптық қарсаңындағы (предклассовое) қоғамы (С.И. Вайнштейн,
Л.С. Васильев, К.П. Калиновская, В.А. Шнирельман, т.б.); 2) көшпенділердің
ерте мемлекеті (Е.Н. Бунятин, С.Г. Кляшторный, Е.И. Кычанов, А.И. Мартынов,
М.С. Мейер, А.И. Першиц, т.б.); 3) көшпелілердегі феодализм: а) көшпелі
феодализмнің ортодоксалды нұсқасы (И.Я. Златкин, М.Х. Маннай-Оол, Л.П.
Потапов, т.б.); б) көшпелі феодализмнің сауын версиясы (А.В. Даньшин,
К.И. Петров, Ф.Я. Полянский, т.б); в) феодализм негізіндегі көшпелілерге
билік жүргізу (Н.Ц. Мункуев, А.В. Попов, В.С. Таскин, Г.А. Федоров-Давыдов,
т.б.); г) жайылымнан қалаға седентеризациясы кезіндегі феодализмнің
қалыптасуы (С.А. Плетнева). Сонымен қатар номадизм ішкі табиғатының сипаты
жайын көрсетпей-ақ оның феодалдық мәні туралы да көзқарастар айтылды (А.А.
Арзыматов, Л.Л. Викторова, Д.Е. Еремеев, Д.И. Кішібеков, т.б.); 4) ерекше
номадтық (Г.Е. Марков, Н.Э. Масанов), немесе экзополитарлы (Н.Н. Крадин)
көшпелілер өндірістік тәсілі. Біздіңше, қалай болғанда да, жоғарыда аталған
ғалымдардың біразы көшпелі құрылыстың бірқатар мәселелерін, соның ішінде
ерте мемлекеттілік, таптық қатынастар, феодализм сынды жайттарын
мойындаған.
Отандық тарихнамада көшпелі қоғамның бірқатар проблемалары кейінгі
уақыттары біршама көтеріліп келеді. Осы тақырыпқа мамандар (А.И. Оразбаева,
т.б.) іргелі еңбектер жариялағандықтан, біздің тарапымыздан бұл мәселе
арнайы қарастырыла қойған жоқ. Дегенмен, осы көне дәуірдегі қоғамға тән
билік, мемлекеттілік проблемалары келешекте тарихнамалық талдаудан өтуі
тиіс деген ойдамыз.
Соңғы жылдардағы археологиялық деректер ерте темір дәуірінің бас
кезінде патшалық обалардың тұрғызылғандығын (Шілікті; Ә.Т. Төлеубаев)
нақты көрсетеді. Мұның өзі де ерте темір дәуіріндегі қоғамдық құрылысты
кешенді зерттеудің қажет екендігін аңғартса керек.
Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында сан алуан тайпалар мен
халықтар тіршілік етті. Олар жайында жазбаша дереккөздерінен там-тұмдап
болса да мәлімет алуға болады. Алайда ғалымдар арасында әрбір этнос
атауына, оның мазмұны немесе түп-төркініне қатысты бірнеше көзқарастар орын
алып отыр. Тіпті кейбір болжамдар ғылыми негізсіз долбарлап жасалына
салады.
Жалпы алғанда, зерттеушілер назарын ертеден-ақ өзіне аударған
этнонимдердің бірі массагет болып табылады. Солардың бірі ретінде ежелгі
халықтардың атауына қатысты айтылған сан алуан пікірлерді бір ізге түсірген
С.П. Толстовты атап кетуге болады. Кейбір ғалымдар массагет атауы masyo
сөзінен, яғни балық дегенді білдіретін түбір сөзден шыққан дейді де,
массагеттер балық аулаумен күнелткендіктен олар осы атауды иемденген,
сөздің өзі балық жегіштер деген мағына береді деген пікірді ұстанады. Ал
бұған қарсы пікір айтушылар антикалық дереккөздеріндегі, соның ішінде
Геродоттың Тарих атты еңбегіндегі массагеттерді көшпенді деп көрсетуін
алға тартып, оны теріске шығарады. Зерттеушілердің басқа бір бөлігі
массагет термині мас, сака және та сөздерінен құралған, оның
мағынасы ұлы сақ ордасы деп біледі. Ал С.П. Толстовтың өзі болса
массагет этнонимі маза – ұлы және гет сөздерінен құралуы ықтимал,
яғни аталмыш термин ұлы геттер деген мағына беруі мүмкін дейді. Қалай
болғанда да, айтылған пікірлердің қай-қайсында болмасын шындық бар сияқты.
Алғашқы көзқарасты ұстанушылар милеттік Гекатейге барып тірелетін
Страбонның массагеттер өзендер қалыптастырған батпақты мекендейді немесе
бұл батпақтардағы аралдар сынды сөздеріне назар аударады. Бәлкім
бастапқыда массагет атауы осы батпақты жерлерді мекендеген аз ғана
халыққа таңылған да шығар, сосын барып қана тыныс-тіршілігі мен жосын-
жоралғылары ұқсас осы өңірдегі бірқатар этностарға таралуы мүмкін екендігін
де жоққа шығаруға болмайды. Одан кейін барып дыбыс үндестігіне сәйкес халық
өзін ұлы геттер деп атаған да болар. Әрине, бұлардың барлығы тек болжам
ғана, кесімді пікір айтуға әлі ерте.
Сондай-ақ уфалық зерттеуші Р. Исмагил Massagetae этнонимі mas-, және
-agetae сынды екі құрауыштан тұрады, соңғы аталған agetae скиф дәуірінде
кеңінен таралған (гет, авхет, эхват, т.б.), ол кейінгі уақытта біршама
қолданылатын jeget (егет, игит, жигет, жігіт), яғни жігіт сөзі деген
пайымдау жасайды. Бұл зерттеуші массагеттердің батыстағы табиғи шекарасы
Аракс өзені (мұнда Еділ немесе Әмудария) және Каспий теңізі болды, осы
жерлердегі мүйіс түрік (дәлірек айтқанда башқұрт) тіліндегі мөйөш (мойош),
яғни бұрыш деген мағына береді, мұнда тұрған халықты массагеттер, яғни бір
бұрышта өмір сүріп жатқан жігіттер деп атаған дейді. Ол тиссагет
этнонимі теріскей сөзінен қалыптасқан, бұл сөздің теріскей (солтүстік)
жігіттері деген мәні бар деп те көрсетеді. Сөйтіп, Р. Исмагил agetae сөзін
түріктендіреді. Біздің ойымызша Р. Исмагил тарапынан берілген анықтама
ешқандай сын көтермейді, себебі бұл масса – тез, жылдам, ал гет –
қозғалмалы, жылжымалы, яғни массагет этнонимі жылжымалы адамдар деген
мағына беретіндігін айтқан зерттеушілер (Ю. Хадзиев) пайымдауларымен бірдей
пікір сияқты. Сондай-ақ кезінде савромат этнонимі туралы да бірнеше
көзқарастар айтылды. Біреулер бұл сөздің мағынасы тон (шуба) кигендер
десе, басқалары салт атты деп топшылады. Қалай болғанда да мұның барлығы
дыбыс үндестігінен туындаған сөздерді талдаудың нәтижесі болып табылады.
Сондықтан да этнонимдерді зерттеген кезде олардың дыбысталуына емес, сөздің
түпкі мәніне баса назар аударған жөн сияқты.
Мамандар ұдайы қарастырып келе жатқан этнонимдердің бірі сақ болып
табылады. Бұл терминге көпшілік тарапынан аса ден қойылуын, біріншіден оны
кейбір ғалымдардың қазақ этнонимімен байланыстыруынан, екіншіден сақтарды
қазақ халқының ата-бабасы ретінде танып-білуге ұмтылумен түсіндіруге
болатын сияқты. Сақ және өзге де сан алуан этностардың атаулары жөніндегі
мәселені алғашқылардың бірі болып В.В. Григорьев 1871 жылы шыққан
монографиясында көтерді. Ал еуропалық скифтер мен азиялық сақтардың ара-
қатынасын, өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктерін алғашқылардың бірі
болып отандық тарихнамада К.А. Ақышев нақты айқындады. Сақ атауы
төңірегіндегі пікірлер мен түсініктер дереккөздерінің қандай тілде (грек,
парсы, қытай) жазылғандығына да байланысты болып келеді. Зерттеушілердің
басым бөлігі saka терминін иран тілінен алынған деп есептейді. Соған
байланысты оның түбірін іздестіруде осы тілге және өзге тілдердегі таным-
түсініктерге негізделген түрлі жорамалдар жасалынды. Бұларды жүйелеп шыққан
зерттеушілердің бірі Р. Исмагил аталмыш терминді бірқатар мамандардың
қалқан (Ст. Византийский), ит (В. Виндекенс, Р. Кент), жүгіріп бара
жатқан, көшпелі (О. Жемераньи), бұғы (В.И. Абаев), etc. (Б.А.
Литвинский) деп аударғандығын айта келіп, ұзақ уақыттар бойы сақ
этнонимін сақау не болмаса жасақ (жасақ төлеу, алым-салық) сөзінен
келіп шығуы мүмкін екендігін ойлап жүргендігін, бірақ бұның қайнар-бастауы
қазақ тіліндегі сүйек, башқұрт тіліндегі сояқ, алтай тілінде соек
сөздерінде жатыр деген қорытындыға келгендігін айтады. Нәтижесінде
зерттеуші Saka этнонимі скиф (түрік) тіліндегі халық немесе тайпа
деген мағына береді деп қорытынды жасайды. Одан кейін бұл зерттеуші (saka)
tigraһauda сөзінің киімге еш қатысы жоқ дей келе, оны қималап түбірі
ретінде turk jegete сөздерін алады да, оның мағынасы (тиграхауда сақтары)
түрік жігіті дегенді білдіреді деп тоқтайды. Содан соң saka tigrahauda
атауын халық (тайпа): түрік-жігіті мағынасында дегенді сеніммен айтады.
Біздің ойымызша, мұның барлығы шындыққа жанаса қоймайды: біріншіден – ақ
сүйек пен қара сүйек сөздері көбіне әлеуметтік мағынада қолданылады;
екіншіден – автор өзге тілдегі сөздерді тек түркілендірумен ғана
айналысады.
Ендігі кезекте осы қаңлы немесе кангюй этнониміне азды-кемді
тоқталып кетелік. Негізінен алғанда, қаңлы этнонимінің төркіні, шығу тегі
мен сан түрлі нұсқалары академик Ә. Қайдар тарапынан кеңінен қарастырылып,
зерттеушінің Қаңлы атты монографиясында көрініс тапты, оны қаңлытанудың
темірқазығы іспеттес еңбек деуге болады. Онда автор түрік халықтарының
этногенезінде маңызды рөл атқарған қаңлы тайпасының 40-тан астам атауы бар
екендігін есептеп шыққан. Монографияда кеңестік, шетелдік және қазақстандық
көптеген ғалымдардың (Ш.Ш. Уәлиханов, Ш. Құдайбердиев, Ә.Х. Марғұлан, Ә.
Құрышжанов, т.б.) аталмыш атауға қатысты ой-пікірлерін жүйелеген автор
қаңлы атауына байланысты өзен-су идеясы мен арба идеясына негізделген екі
көзқарас кеңінен таралғандығын айтады.
Ал әлемдік тарихнамада айтылып жүрген ғұндарға тоқталар болсақ, ғылыми
әдебиетте бұл атаудың хунну, хун, сюнну түрінде кездесетіндігі белгілі.
Ескерте кететін бір жайт, отандық тарихнамада ғұн терминін қолдануда
бірізділік жоқ. Ғылыми әдебиеттерде, оқу құралдары мен оқулықтарда хұн,
хунну, сюнну секілді терминдер қолданыла береді. Бір ғалымның бірнеше
терминді өз қалауынша қолдана беруі жиі кездеседі. Мысалы, академик К.М.
Байпақов, т.б. түзген Қазақстан археологиясы оқу құралында бастапқыда
(1993) сюнну термині қолданылса, олар жазған келесі бір оқу құралында
(2006) хунну атауына басымдық беріледі. Әрбір автордың да оған қатысты өз
термині бар. Мәселен, өз зерттеулерінде С.К. Өтениязов хун сөзін
пайдаланса, Ә. Дәулетхан ізденістерінде хұн терминін қолданады. Келесі
бір зерттеушілер һұн деп алған. Қазақстандық оқулықтардың көпшілігінде
ғұн сөзі кеңінен қолданылады. Бұдан шығатын қорытынды, отандық
тарихнамада аталмыш этнос атауын бір жүйеге келтіріп алған жөн. Содан кейін
барып терминнің шығу төркінін, мән-мағынасын ашуға бел байлаған абзал.
Сондай-ақ ғалымдардың (К. Васильев, т.б.) біразы хунну мен сюнну
бір этнонимнің екі түрлі транскрипциясы екендігін айтады. В.С. Таскин сынды
белгілі шығыстанушының сюнну иероглифі қатыгез құл, ал гунну
иериоглифі қадырменді құл деген мағына береді деген сөздерін еске сала
кеткіміз келеді. Бірақ, мұны көпшілік мамандар қолдай қоймайды. Бұл халық
әдебиеттерде, әсіресе ғұн, хунну атымен кеңінен танымал екендігін ескерсек,
хунну халқы, немесе жаңаша транскрипция бойынша сюннулар өз кезегінде
еуропалық ғұндардан ажыратылып көрсетіледі [17, с. 137].
Армян дереккөздерінде де ғұн атауы ұшырасады. V-VІІ ғасырлардағы
армян дереккөздерінде аталмыш термин hon (k) деп берілген. Этнонимдердің
ұқсастығына қарап зерттеушілер hon мен hun бір мағынадағы сөз деп
пайымдайды. Кейбіреулер хондарды кавказдық тайпалар десе, мамандардың басым
бөлігі оларды түрік тілді халық деп топшылаған. Дегенмен зерттеушілер
аталған терминнің мән-мағынасына, шығу төркініне үңіле қоймаса да, армян
дереккөздеріндегі ғұндардың терминдері мен лауазымдары түрік тілді
екендігіне назар аударады. Келешекте көне армян дереккөздеріндегі түрік
тілді халықтарға қатысты жайттар отандық тарихнамада арнайы зерттелуі тиіс,
себебі бұл деректемелер арқылы Кавказ бен Орталық Азия халықтарының ежелгі
замандардағы тарихи-мәдени байланыстарын нақтылай түсуге болады.
Юечжи атауы да отандық тарихнамада азды-кемді кездесіп тұрады. Оны
бірқатар мамандар ұлы иозы деп атап, Ұлы жүз сөзінің түпкі мәні ретінде
қарастырады. Десе де, ұлы иозы тайпаларының ежелгі Қазақстан тарихындағы
орны жеткілікті дәрежеде қарастырыла қоймаған. Тарихи деректер усуньдер
құрамында сақтар да, юечжилер де бар екендігін көрсетіп тұрғанымен, оны
мойындағысы келмейтін өзге пиғылдағы зерттеушілер сақтарды да, юечжиларды
да батысқа қарай көшіп кетті деген сөздерден таймайды. Расында, юечжилардың
екіге бөлінгендігі (Ұлы иозы және Кіші иозы), олардың бес тайпасы Кушан
империясының негізін қалағандығы тарихи шындық. Дегенмен дереккөздері
юечжилердің Қазақстан аумағы мен онымен шекаралас аймақтарда қалғандығын
растайды. Кейбір мамандар оны ружы сөзімен атаған дұрыс деп ойлайды (Н.
Мұқаметханұлы). Юечжилерге қатысты көркем аудармашылар нүкіс сөзін де
қолданған. Алайда мұның өзі азды-кемді күмән туғызады. Бұл атаудың қайдан
шыққандығы, не себепті осылай алынғандығы жайлы ешқандай мәлімет берместен
ҚХР көркем аудармашылары неге екендігі белгісіз аударма кітаптарда оларды
нүкіс деп тәржімалаған. Мұны кейбір зерттеушілер аталмыш этнонимнің мән-
жайына бармай-ақ, кеңінен пайдаланып жүр. Нәтижесінде ежелгі Қазақстан
тарихындағы тайпалар мен халықтардың атауын бағамдауға едәуір нұқсан
келуде.
Өз кезегінде Н.Я. Бичурин қытай дереккөздерін талдай келе Юечжы
халықтың, мемлекет пен билеуші әулеттің белгісіз тілдегі өз атауы және
олардың тұрмыс-салты ғұндарға ұқсас деп көрсеткендігін айтқан. Зерттеуші А.
Ходжаев Топонимнен этнонимге трансформацияланған юечжи туралы деп
аталатын мақаласында терминінің көне замандарда оқылуына тоқталған. Автор
онда юечжи сөзі екі иероглифтен тұрады, алғышқы юэ түбірі ежелгі
замандарда ru, кейінгі буыны zie деп оқылған, Ханьюй дацзыдянь
шығармасында көрсетілгендей, руды, мемлекет атауын, шенеуніктік
лауазымдарды белгілеген кезде zie, сонымен қатар shi деп те оқылған, ал
Хань дәуірінде мемлекет атауын атаған кезде ол zhi деп оқылғанын жазады,
сондықтан да зерттеуші осы этнонимді роузие, рутзие немесе руцие деп
белгілеген дұрыс дейді. Автор қызықты фактының бірі ретінде сяроузиелер
(кіші иозылар) өздерін ху (хунну) деп атағандығын келтірген. Нәтижесінде ол
роузиелер түрік тілді деген қорытындыға келген. Көптеген дереккөздерін
талдай келе А. Ходжаев роузие термині алғашқыда мемлекеттің атауын
білдірген, оны түріктерге қатысы жоқ халық ретінде қарастыруға болмайды,
бұл мемлекеттің халқы парсы тілі мен мәдениетінің ықпалына Ауғанстанның
солтүстік өңіріне көшкеннен кейін барып қана түскен деп пайымдау жасады. А.
Ходжаевтың айтқан пікірлері шындыққа жанасады. Өйткені олардың
билеушелеріне тиесілі лауазымдар (жабғу, т.б.) түрік тілді екендігі
белгілі. А. Ходжаев ҚХР ұйғыр ғалымдары айтқан юечжи терминіне қатысты
пікірлерді қолдамады. Олар юй сөзін нефритпен байланыстырған болатын.
Мамандар арасында юебань этнонимі туралы да сөз болды. Пікір-таластар
көбіне осы Юебань иелігіне қатысты айтылды, оның аумағы, орналасқан
территориясы, саяси тарихы секілді күрделі мәселелерге қалам тартқан
зерттеушілердің біразына тиесілі ізденістерді Н.А. Аристов жан-жақты
сипаттап берген. Н.А. Аристов іргелі еңбегінде Дегинь, Клапрот, Нейман,
т.б. зерттеушілер жорамалдарын талдайды да, қытай деректемелерін пайдалана
отырып, юебань және чубан этнонимдері қазіргі Ұлы жүз құрамындағы
албан мен суан тайпаларына ұқсастығына назар аударады. Алайда Н.А.
Аристов құнды пайымдаулар жасағанымен этнонимнің түп-төркінін нақты шеше
алмады. Оған автордың бұл сөзді буынға бөліп-жарып талдауы, юебань
терминін Н.Я. Бичуриннің дұрыс аудармауы кедергісін келтірген еді.
Юебань этнонимін соңғы жылдары қайта қарастырған мамандардың бірі Б.
Еженханұлы болып табылады. Ол Юебань этнонимі туралы, Юебань елі туралы
қытай дерегінің Н.Я. Бичурин аудармасын қайта оқығанда секілді кесек-кесек
мақалаларында бұл мәселені бүге-шігесіне дейін қарастырды да, юебань
атауының төркінін анықтауға тырысты. Автор юебань этнонимінің ХІХ ғасыр
зерттеушілері тарапынан қарастырылғандығын жаза келіп, Нейман оны
Прокoпийдің Euligsia деп атаған Арал теңізі шығысындағы елдердің жалпы
атауының бір нұсқасы, Томашектің жапан дала деген мағына беретін ябань
деп атағандығын, Н.А. Аристовтың дулудың 5 тайпасының біріне кіргізгендігін
айтып өтеді. Б. Еженханұлы қытай тілінде екі иероглифтен тұратын юебань
этнонимін қайта транскрипциялап, оның албан атауына сайма-сай
келетіндігін дәлелдеген. Зерттеушінің сөздерін толық құптауға болады. Бұл
жерде, біріншіден – ежелгі және орта ғасырлардағы қытай тілінің дыбысталу
заңдылықтары ескерілген, екіншіден – басқа тарихи-этнологиялық мағлұматтар
бойынша да аталмыш этностың өзіндік ерекшеліктері көрсетілген.
Жоғарыда айтылған массагеттерді бірқатар зерттеушілер дах немесе дай
тайпаларымен тығыз байланыстырады. Бұл ежелгі этносқа байланысты отандық
тарихнамада бірнеше көзқарастар бар. Оны кейбір зерттеушілер (Ә. Сарай,
т.б.) қазіргі адай руының арғы ата-бабасы десе, басқалары (Б.Б. Ирмуханов,
т.б.) бүгінгі адайлармен олардың ешқандай қатынасы жоқ деп есептейді.
Белгілі ғалым С.Е. Әжіғали дах-дай этнонимін ІІ ғасырдағы Птоломей
картасындағы Орал өзенінің Даикс атты ескі атауымен байланысты болуы
ықтимал екендігін жазады. Мұны алғашқылардың бірі болып К.Ф. Смирнов та
айтқан болатын. Кейбір зерттеушелер ежелгі дах тайпаларын қазіргі
дағыстандықтармен де байланыстырады. Келешекте жергілікті адай тайпалары
мен дағыстандықтар арасындағы генетикалық байланыстарды, мәдени-тарихи
қатынастарды да зерттеп көру қажет сияқты.
Еңбекте қазақ тарихына тікелей қатысы бар деп саналатын ежелгі халықтар
мен тайпалардың этнонимдеріне басқаларына қарағанда тереңірек тарихнамалық
талдау жасалып, негізгі концептуалдық ойлар жүйеленді. Автореферат көлемі
шектеулі болғандықтан усунь этнонимі жайындағы пікірталастар мұнда
қамтыла қойған жоқ.
Міне, жоғарыда біз бірқатар этнонимдерге тарихнамалық талдау жасадық.
Алайда көптеген халықтар мен тайпалардың атауы әлі де өз зерттеушісін күтіп
тұр деуге болады. Мысалы, А. Ходжаев Суй шу және Бэй ши мәліметтері
бойынша б.з. ІІ-V ғасырларында шығыста Моңғолия мен Шығыс Түркістаннан,
батыста Қара теңіз жағалауына дейін, сонымен қоса оңтүстікте Сырдария
өзенінің өңірінде 40-тан астам түрік тілді тайпалар өмір сүргендігін айта
келіп, олардың арасынан адиз (аде, хэде), хазар (хэчже, хэцзие), бұлғар
(боху), пешенек (бэйган), қоғай (кугай, жюйхай), басмыл (хэбэйси, абуси),
бортас (хэцо, емо), свар немесе сібір (суба), емак (емо), гот (кэда),
саригур (сулуцзе), саксин (саньсуянь), мокшас (мецу), шеркес (саху) секілді
этностарды атап кетеді. Бұл халықтардың этнонимдері тұрмақ, ерте темір
дәуіріндегі саяси тарихы, заттай мәдениеті де әлі күнге дейін жүйелене
қойған жоқ. Осыған да келешекте мамандар тарапынан ерекше назар аударылуы
тиіс.
Ерте темір дәуіріндегі этнонимдерді зерделеген басты-басты мамандардың
осы ғылыми-зерттеу ісі бойынша алған нәтижелері мен жасаған қорытындыларын
біршама қарастыру барысында анықталған жайттар бұл мәселені зерделеуде
лингвистикалық бағыт басымдық танытады деп тұжырымдама жасауға мүмкіндік
береді. Одан соң этнонимнің төркінін белгілі бір рудан, географиялық
нысандардан да іздестіру бағыттары айқындалды. Алғашқысы көп жағдайда билік
басына келген рудың не болмаса әулеттің атауымен байланыстырылса, кейінгісі
сол этнос жайлаған географиялық нысанмен (көбіне тау, өзен) байланыстырыла
қарастырылады.
Жалпы алғанда, ерте темір дәуірінің орта тұсында Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу жерін кангюй (қаңлы) және усунь (үйсін) сынды ірі мемлекеттердің
халқы жайлағандығы белгілі. Кангюйлердің жетіасар, отырар-қаратау және
қауыншы археологиялық мәдениеттеріне, усуньдердің іле, жетісу және қаратал
археологиялық кезеңдеріне жататын көптеген қоныстардың орындары аршылып,
бұл өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін әлемге паш еткен археологиялық
еңбектер жарық көрген. Сонда да болса, көне дерек көздерінде айтылатын осы
мемлекеттердің астанасы қай жерде орналасқандығы туралы сан түрлі
жорамалдар жасалынған.
Мысалы, кангюйлердің астанасы көне деректемелерде Битянь деп
көрсетілген. Мұны Қазақстан тарихының оқулықтарынан да жиі кездестіруге
болады. Бірақ, көптеген оқулық авторлары Битянь қаласының қай жерде
орналасқандығын айта қоймайды. Көбіне қаңлылардың астанасы – Битянь деген
сөздермен шектеледі.
Ғалымдар арасында ХІХ ғасырдан бастап-ақ орны әлі күнге дейін анықтала
қоймаған, соған байланысты орасан зор пікір-таластар тудырып келе жатқан ең
ежелгі қалалардың бірі – усунь мемлекетінің астанасы Чигу болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде, оқулықтарда ол әрбір зерттеуші таным-түсінігі бойынша
Чигу, Чігу, Шыгу, Чығу, Чыгу, Шығу, Чигу-Чень, Чигучен (чен – қытайша
қала), сондай-ақ аударма түріндегі Қызыл аңғар, Қызыл алқап деп түрліше
атала береді әрі көпшілік мамандар оның не себепті бұлай көп түрде атала
беретіндігін түсіндіре қоймайды. Былайша айтқанда, отандық тарихнамада бұл
қаланың орнын анықтау түгілі, атауын көрсетуде бірізділік жоқ.
Тарихшы, археолог, филолог мамандардың тұспалдары мен ой-жорамалдары
көп жағдайда сын көтере бермейді. Қазақстан мен онымен іргелес
мемлекеттердің зерттеушілері көбіне көне қала орындарын өз елдерінің
аумағынан ғана іздестіруге ұмтылатындығы, оны дәлелдеу үшін жалаң дәйекті
сөздер айтып, өздерінше соны пайымдау жасауға тырысушылығы байқалады.
Дегенмен, көне қалалардың баламалануын анықтауда біздіңше, ең алдымен жазба
дереккөздеріне сынмен қараған жөн. Дерек мәтініндегі әрбір жолды, сөз
тіркесін мұқият бағамдап, Орталық Азияда орын алған саяси тарихи
жағдайларды ескеріп, археологиялық мағлұматтармен ұштастырған әрі көне
қытай тіліндегі транскрипцияны тексеріп, салыстырып отырған абзал.
ХХ ғасыр ортасындағы археологиялық ашылулар нәтижесінде Қазақстанның
бірқатар аудандарында өмір сүрген тайпалар мен тайпалық одақтардың
орналасуына қатысты пайымдаулар кеңінен жасала бастады. Ендігі кезекте
мамандардың көпшілігі археологиялық ескерткіштер ерекшелігіне қарай
халықтардың орналасуын зерделей бастады. Сөйтіп, жазба және қазба
дереккөздерінің мағлұматтары ұштастырылып, байырғы халықтар мекен еткен
аудандарды біршама толыққанды түрде анықтау мүмкіндігі ұлғая түсті. Айта
кететін бір жайт, автореферат көлемінің шектеулі екендігіне байланысты, бұл
жерде біз диссертация мәтінінің кейбір бөліктеріне ғана тоқталып кеттік.
Алғашқылардың бірі болып А.Н. Бернштам ежелгі тайпалар мен халықтардың
орналасуын анықтауға ұмтылды. Ол іргелі еңбегінде жоғарыда аталған осы екі
дереккөздерін өзара байланыстырып ежелгі тайпалардың орналасуына қатысты
келелі тұжырымдар жасай білді. Зерттеуші Қазақстан мен Орта Азия жерін
мекендеген байырғы этностардың тарихи картасын жасап, оған ерте темір
дәуіріндегі тайпалар мен тайпалық одақтарды орналастырады. Мұны қазіргі
уақыттағы аудандармен белгілесек, шамамен былай шығады: Әмудария мен
Сырдария ортасын тиграхауд-сақтар, Әмударияның төменгі ағысын сакаруктар,
Каспий теңізінің оңтүстігін парадарайя-сақтар, шығысын каспылар, олардан
шығысқа қарай ийрктер, Арал теңізінің шығысын алан-аорстар, Сырдарияның
жоғарғы ағысын апасиактар–скифтер–абиилер–яксартты қтар, Ыстықкөлдің
оңтүстік-батысынан Қаратау жоталарын (Оңтүстік Қазақстан аймақтарын)
хаомоварга–сақтар, Жетісу жерін исседондар, Балқаш көлінен ары қарай
аримаспылар мекендеген. Осыған байланысты А.Н. Бернштам жергілікті
археологиялық мәдениеттерді бөліп көрсетуге ұмтылды. Жазба деректемелерге
қарағанда А.Н. Бернштам зерттеулеріне ең алдымен археологиялық
мәліметтердің көптігі тән екендігін айта кеткен жөн.
Сақтар тарихы мен мәдениетін, ерте темір дәуіріндегі олардан басқа
тайпаларды зерттеуге сүбелі үлес қосқан С.П. Толстовтың іргелі еңбектерінде
ежелгі тайпалардың орналасуына қатысты көп жайттар қозғалған. Ұзақ жылдар
бойы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын басқарған С.П.
Толстовтың ғылыми ізденістерінің ауқымы зор еді. Аталмыш экспедиция
Қазақстан археологиялық ескерткіштерін зерттеуге де мол үлес қосты, жаңа
археологиялық мәдениеттерін ашты. С.П. Толстовтың әлі күнге дейін басқа
археологтардан айырмашылығы сол, зерттеуші белгілі бір ескерткіштер тобын
ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тайпа немесе тайпа өкілдері мәдениетімен
байланыстыра білді. Бұл автор антикалық дереккөздеріне сүйеніп әрі
археологиялық материалдар мәліметтерін ұштастырып Әмудария мен Сырдария
өңірлеріндегі орта-азиялық сақтардың төрт тобын атайды. Олар: Жаңадария
алабындағы – апасиактар, Қуаңдария алабындағы – тохарлар, Қуаңдария мен
Сырдария төменгі ағыстары аралығындағы – аугасиилер, Іңкәрдария жоғарғы
ағысындағы – сакаравактар. Ол соңғыларын парсы тілінде берілген, грекше
өзгерістермен айтылатын хаумаварга-сақтармен үндеседі деп есептеді де,
бұлар қалдырған ең ерте кездегі ескерткіштер қатарына Сырдария алабындағы
Түгіскен сынды кешендерді жатқызды.
Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмыстарына тығыз
араласқан Т.Н. Сенигова темір дәуірінің алғашқы кезеңін көп қарастыра
қоймағандықтан, сақ секілді тайпалар одағының орналасуына жалпылама баға
берді. Бұл ғалым еңбектерінің бірінде Алтайдың батыс тау тарамдарынан
Памирге дейін және Жетісудан Шығыс Түркістанның солтүстік бөліктеріне дейін
б.з.б. VІІІ-ІІІ ғасырларда өзіндік этникалық құрамы әркелкі көшпелі сақ
тайпалары өмір сүрді – деп қана жазды. Автор, негізінен, осы аталған
тарихи-мәдени аймақтарда зерттеулер жүргізген археологтардың ізденістерін
жоғары бағалаумен ғана шектелді.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап археологиялық мағлұматтар қордалана
бастағанымен, жазбаша мәліметтер бұрынғыдай негізгі рөл атқарып қала берді.
Мысалы, Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич сынды археолог-мамандар осы антикалық
деректемелерді пайдалана отырып көне тайпаларды былайша орналастырды:
Каспий теңізінің шығыс жағында каспиилер, Әмудария мен Сырдарияның төменгі
ағысын массагеттер, Тянь-Шань тау тарамдарын сақтардың өзі, қазіргі Жетісу
жерін исседондар мекендеді. Мұнымен бірге бұл зерттеушілер антикалық
авторлар абии, пассиан, тохар, сакаравал, массагет, гомодот, гист, карат,
комар, комед, гриней скифтары, тоорп, бельт, т.б. ұсақ бірлестіктер мен
тайпаларды айтатындығын жаза келе, абиилерді (су сақтарын) Сырдарияның орта
ағысын, Қаратау жотасының беткейлерін, ал караттар Қаратаудың солтүстік
және солтүстік-шығыс беткейлерін мекендеген деп есептейді. Шындығына
келгенде, отандық тарихнамада археологиялық мәдениеттердің осы тайпалармен
байланысы өте әлсіз көрсетіледі. Археологтар көбіне археологиялық
нысандардың сипаттамасына бой ұрып, ескерткіштердің кімдер қалдырғандығын
жалпылама түрде (сақ дәуірі, сақ-усунь, сақ-савромат, ғұн-сармат, т.б.)
көрсете салады. ХХ ғасырда бұлай жасау осы дәуір ескерткіштерін анықтау
мақсатынан туындаса, қазіргі уақытта осылайша бөліп тастау көптеген байырғы
тайпалар бірлестігінің орналасуын нақты анықтауға бағыт бола қоймайды.
Әлбетте, мұндай атаулар кезінде туыстас тайпалардың үлкен тобын
біріктіретін термин ретінде қолданылғанымен, оның жергілікті нұсқаларын
анықтайтын кез келіп тұрғандығы жасырын емес. Сол себепті карат немесе абий
сынды тайпалар орналасқан аудандарындағы ескерткіштер классификациясын
жасау археологтар алдында тұрған міндеттердің бірі деуге болады.
Белгілі ғалым М.И. Артамонов (1898-1972) сақтардың үш тобының
(парадарайа, тиграхауда, хаумаварка) орналасуын анықтау пікір-сайыс туғызып
келеді деп, өзі көп жағдайда В.В. Струвенің пайымдауларын қолдап отырды.
М.И. Артамонов хаумаварга-сақтар Бактрия маңында өмір сүрді дейді немесе
тіпті осы ел халқының құрамында да болуы мүмкіндігін айтты да, олардың
Мұрғаб өзенімен байланысты амюргейлермен салғастырылатындығын жазды.
Зерттеуші көне тайпалардың орналасуына емес, ғылыми ізденісінде олардың
заттай мәдениетіне көбірек көңіл аударғандықтан, оның кейбір көзқарастары
әлі де нақтылауды қажет ететін секілді.
Сондай-ақ шығыстанушы-ғалым Н.В. Кюнер көне қытайлық дереккөздерінде
сақ (сэ) халқы б.з.б. ІІ ғасырдан бастап белгілі болғандығын, Шицзи,
Цяньханьшу сынды деректемелерге қарағанда сақтардың Батыс Түркістанды
мекен еткендігін жазады. Зерттеушілердің көпшілігі бұған дейін Орта Азия
мен Қазақстанда ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың
қытайлықтарға белгісіз болып келгендігін айтады.
Сақтардың және басқа тайпалардың орналасуын арнайы зерттеген қазақ
ғалымдарының ішінен М.Қ. Қадырбаев пен К.А. Ақышевты ерекше атап кетуге
болады. Саналы ғұмырының басым бөлігін сақ мәдениетін анықтауға арнаған бұл
археологтар б.з.б. VІІ-ІV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы бірқатар
тайпалар мен тайпалық топтарды былайша орналастырады: оңтүстікте бұлар
тиграхауда-сақтар, грек деректемелеріндегі массагеттер солар және дахтар
(дайлар); батыста савроматтар (ежелгі аорстар), орталық аудандарда –
исседондар, солтүстік-шығыста – аримаспылар. Зерттеушілердің айтуынша
бұлардың бәрі ру-тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жағынан туыс және
мәдениеті жағынан жақын сақ және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
ҚР-ның толерантылық саясаты
Ұлтаралық қатынас мәдениетінің көрсеткіштерінің мәдениетінің сипаттамасы көрсеткіштері
Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Пәндер