Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері


Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т. б. жатады.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 29 қыркүйегіндегі Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 20102020 жылдарға арналған Құқықтық саясат Концепциясында» экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдар экономиканы мемлекеттік реттеудің оңтайлы тетігін жасау және оның қызмет істеуіне қолайлы жағдайлар туғызу саласындағы қатынастарды, нарықтық қатынасқа қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін реттеуді қамтамасыз етіп, экономиканың нарықтық секторын одан әрі жетілдіру үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізілуі тиіс деп атап көрсетілген. Экономикалық қылмыстылық шаруашылық аясын, экономикалық қызмет саласын қамтитындықтан, бұл топтағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі жоғары күйінде және экономика салаларының әралуандығы да осы топтағы қылмыстардың практикада өте жиі жасалатынын көрсетеді.

Осындай мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешудің жетістікке жетуіне кедергі келтіретін факторларға, ең алдымен, геосаяси және ішкі мемлекет болуын және оның қоғамның идеологиялық, рухани-өнегелілік бағдарларының жікке бөлуінуін жатқыза аламыз. Бұл жағынан алғанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттің мүддесіне, соның ішінде, елдің қаржылық қызметіне қол сұғатын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жете зерттеудің өзектілігі мен уақытылығы жайлы ерекше айтып өтуге болады.

Бастысы, бұл белгілі бір дәрежеде экономикалық процестерді және олардың әсерін Республиканың жалпы әлеуметтік табиғатына қалай ықпал ететіндігін зерттеуге бағыттауды да білдіреді. Ол мынадай факторлардың ықпал етуімен анықталады:

- Қазақстан экономикасы әлемдік сауда, мәдениет, қызмет көрсету деңгейін дамытатын нарықтық қатынастарға негізделген;

- ҚР азаматтарының жеке меншікке негізделген материалдық жағдайының жақсы, қолайлы болуын қамтамасыз ету саясаты жүзеге асырылып келеді;

- Құқықтық саясат Тұжырымдамасында мемлекетіміздің әрі қарай дамуының қадамдары мен перспективаларын шешеді.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ішіндегі қоғамға тигізетін залалы, экономикалық қылмыс құрамын кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде экономикалық қылмыстың алдын алу жолдарының алдағы болашақтағы стратегиялық бағдарламасы қарастырылып отыр.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы . Экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселесіне қатысты, бұл қылмыстармен пәрменді күрес жүргізуге байланысты қолданыстағы қылмыстық және кедендік заңнаманы жетілдіру мен осы салада сот практикасы қызметін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді және нақты ұсыныстар жасау мүмкіндіктерінен байқалады. Зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын заң шығару және құқыққолдану, сонымен бірге, оқу процесінде қолдану арқылы маңыздылығын арттырады.

Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ , э кономикалық қылмыстардан мемлекетке келетін зиянды мамандар жылына оннан аса миллиард теңгеге бағалайды. Экономикалық қылмыстар Республикадағы тіркелген барлық қылмыстардың 10%ын құрайды. Егер статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, 2003 жылы Қазақстан Республикасында барлығы - 118 485 қылмыс жасалған, экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар саны - 4104 қылмысты құраған, 2004 жылы барлығы - 143 550 қылмыс тіркелсе, оның 2325 экономикалық қылмыстарды құрайды, 2005 жылы барлығы - 146347 қылмыстар тіркелсе, оның ішінде, біз зерттеп отырған қылмыстар саны - 5767 қылмыстар құраған. 2006 жылы жасалған барлық қылмыстар саны - 141271, оның ішінде - 6434 экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, 2007 - 128 064 болса, оның - 6853 экономикалық қылмыстарды құрайды, 2008 - 127 478 болса, оның - 9293 біз зерттеп отырған қылмыстар екен, 2009 - 121 667 қылмыс тіркелген. Бір назар аударатын жағдай соңғы 2009 жылы барлық қылмыстардың ішінде, экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар 9616 қылмысты құраған.

Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген , соңғы уақыттары қылмыстық құқық теориясында біржақты, түбегейлі шешімі болмай отырған мәселелердің қатарында заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі ретінде танып, олардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін (қылмыс белгілері мен құрам элементтері толық) қылмыстық жауаптылыққа тарту керек деп заңда тануға байланысты ұсыныстар айтылып жүр. Ал экономикалық қылмыстар, соның ішінде, экономикалық контрабанда қылмыстарын жасаған заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі осы қарама- қайшылықтар шеңберін тағы бір електен өткізіп, аталған тұлғалардың жауаптылығын бекітуге байланысты, теориялық және практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Соған сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері мен белгілерін, қылмыстық жауаптылық пен оның негіздерін ескере отырып, заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуын шешуге қадамдар жасалған жұмыс ретінде бағаланады.

Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы экономикалық қылмыстардың қоғамға әсері мен оны алдын алу мәселесін қарастыру.

Осы мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылады:

- сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлеріне тоқталу;

- экономикалық қылмыстардың мәні және экономикалық қызмет саласындағы қылмыс түрлерін анықтау;

- экономикалық қылмыстың себептік-кешендік факторларын сараптау,

- экономикалық қылмыстардың ағымдағы ахуалын талдау;

- Қазақстандағы экономикалық қылмыстарды SWOT талдау жасау;

- экономикалық қылмыстардың қоғамға тигізетін зардабы және оның

салдарын қарастыру;

- экономикалық қылмыстар деңгейін төмендетудің үрдістері мен алғышарттары және алдын алу мәселесі;

- экономикалық қылмыстарға қарсы күресудің 2010-2014 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарының негiзгi бағыттарын анықтау;

- экономикалық қылмыстардың алдын алу және оған қарсы күрестегі шет елдер тәжірибесін талдау.

Зерттеу объектісі - экономикалық қызмет салаларындағы қылмыстар.

Зерттеудің пәнін - экономикалық қылымыс және де оның құрылымдық элементтері мен белгілері, оларды қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар алдын алуға бағытталған бағдарламалар құрайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Аталған тақырыпты қылмыстық-құқықтық және криминологиялық жағынан зерттеуге талпыныс өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарымен тұспа-тұс келеді. Дей тұрғанмен, бұл еңбектер арнайы монографиялық зерттеу деңгейінде болмай отыр. Ол кезеңдегі еңбектерде құқықтық сипаттағы жалпы теориялық жағдайларды шешуге мән беріліп, социалистік кезеңнің талаптарын қанағаттандыратындай дәрежеде болды деп есептеуге болады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық ғалымдардың, атап айтқанда, Н. М. Абдиров, Е. О. Алауханов, А. Н. Ағыбаев, М. М. Алиев, Н. Б. Бижанов, Ү. С. Жекебаев, Н. О. Дулатбеков, Р. Е. Жансараева, С. М. Иманбаев, Е. И. Каиржанов, Ж. Г. Калишева, М. Ш. Қоғамов, Ғ. С. Мәуленов, С. С. Молдабаев, А. Х. Миндагулов, М. С. Нәрікбаев, Г. Б. Саматова, Р. Т. Нұртаев, М. О. Нукенов, Б. М. Нұрғалиев, Е. О. Оңғарбаев, И. И. Рогов, С. М. Рахметов, А. А. Смағұлов, Г. Д. Тленшиева, Н. Н. Турецкий, К. Ш. Уканов, Д. С. Чукмаитов сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектері мен оқу құралдары құрайды.

Жалпы, экономикалық қызмет саласында пайда болған қылмыстардың алдын алу мәселесі бойынша мысалы: Г. А. Аванесов, Ю. М. Антонян, Б. В. Волженкин, А. А. Витицкий, К. Горяинов, Л. Гаухман П. Ф. Гришанин, А. И. Долгова, В. Д. Ермаков, С. З. Зарипов, А. Ф. Зелинский, К. Е. Игошев, И. И. Карпец, В. Н. Кудрявцев, С. Я. Лебедев, Г. М. Миньковский, А. С. Михлин, Н. Ф. Кузнецова, В. В. Панкратов, В. А. Плешаков, В. П. Ревин, В. А. Сморыго, А. И. Чучаев сияқты кеңестік және ресейлік ғалымдардың ғылыми еңбектері зерделеніп, тиісті бағасын алды. Дегенмен де, олардың зерттеулерінде экономикалық қылмыстарға қатысты барлық мәселелер айқындалды деуге болмайды, себебі, экономикалық контрабанда қылмысына қатысты монографиялық зерттеулер жоқтың қасы. Бұл заң қолдану процесінде экономикалық контрабанда қылмысы төңірегінде әлі де болса пікір талас тудыратын түйінді мәселелердің, нақты алғанда қылмыстық-құқықтық саясатпен негізі қаланған алдын алу шараларын жүзеге асыруда кемшіліктердің болуын білдіреді және терең зерттеу жүргізуді қажетсінеді.

Зерттеудің әдістемелік негіздері . Қазіргі кездегі қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығы, тәуелділік және өзара шарттылық арқылы зерделеудің жалпылай әдісі, сондай-ақ, ғылыми талдау әдістерінің жүйесі: формальды-логикалық, нақты-әлеуметтік әдісті, кей тұстарда, өзге ғылым салаларының да әдістері, заңдылықтары мен ережелеріне қолдану қылмыстық заң болмысының нақты фактілерінің белгілі үлгісі бойынша сұрыптап саралауда, заңды тұлғалардың экономикалық контрабанда қылмыстарына қатыстылығын анықтайды, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, жүйелік және тарихи-заңдық әдістерін, оның тарихи даму деңгейін қарастырады.

Деректік база ретінде негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары мен негізгі индикаторлары туралы материалдары, сонымен қатар осы тақырыпты зерттеуші отандық ғалымдардың еңбектері, тақырыпқа қатысты монографиялары мен кітапшалары, оқулықтары, авторефераттары, баспасөз материалдары және мақалалар жинағы алынды.

Жұмыс құрылымы : диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Экономикалық қылмыстар жүйесінің ғылыми-

теориялық негіздері

  1. Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек) . Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды: [1]

  1. Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
  2. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
  3. Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.
  4. Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:

- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;

- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.

1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж. ) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы».

Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа - мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады.

Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.

М. О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды. [2]

А. С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». [3]

Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады».

А. Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы. [4]

Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:

- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;

- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;

- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;

- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;

- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.

Кесте 1

Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдаланушы субъект
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық

Саяси сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді.

Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Пара беруші субъект
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Жеке адам парасы (кез келген азамат)

Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)

Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Параның түрі
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері: Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Пара берушінің пара беру мақсаты
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс)

Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады)

«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» )

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді) .

Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың таратылу деңгейі
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы сатыларында)

Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер)

Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында)

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері: Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:

Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық

Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық

Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық )

Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі - өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі - мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.

2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.

Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады. [5]

Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында «corrumpire» деген термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқық негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Банктік несиені заңсыз алу
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz