Салық субъектісі мен объектісінің түсінігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ»
«ТАРИХ ЖӘНЕ ӨНЕР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:
Орындаған: ҚЭН-41 тобының студенті
Ергазин Айбек
Тексерген: аға-оқытушы Бошыбаев Т. Б.
Арқалық - 2011
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Салық механизмі және оның құрылымы: субъект, объект. . 2
- Салықтық реттеу тетіктері және оларға сипаттама . . . 10
- ҚР-да салықтық реттеудің ерекшеліктері . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қазақстанда экономика саласында қабылданып отырған шаралар барлық посткеңестік елдер үшін нәтижелі шешімдердің үлгісіне айналғалы қашан. Соңғы кездері әлемдік қаржы рыноктарында орын алып отырған дағдарыс жағдайында Қазақстан үкіметі салықты төмендету туралы түбегейлі шешімді саналы түрде қабылдап отыр. Экономикалық тоқырау жылдары Қазақстанның бірінші болып ұзақмерзімдік дамудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын жасағанын, бүгінде бағдарламаның өз нәтижесін беріп отырғанын еске алудың өзі жеткілікті. Республика Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін мұнай өндіруші елдер арасында бірінші болып мұнайлы емес бюджетті жасақтауға ауысты, мұнай секторынан түсетін кірістерді жинақтап, тұрақтандырушы және жинақтаушы қызмет атқаратын өз Ұлттық қорын құрды. Аймақтағы үздік банк жүйелерінің бірі Қазақстанда жұмыс істеуде. Республикада экономиканы саралауға бағыт алынды, ұлттық корпоративтік көшбасшыларды жасау жөніндегі арнайы бағдарлама жүзеге асырыла бастады, бизнестің жүргізілу шарттарын жақсарту және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында әкімшілік шаралар қабылдануда. Бұл тұрғыдан алғанда, республика түрлі трансұлттық корпорациялардың өндірістерін орналастыруға тартымды алаң болу мүмкіндігіне ие. «Үкімет жаңа Салық кодексін әзірлеуі керек.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік үшін салық жүктемесін төмендету жөніндегі Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасын да орындап отыр. Шағын бизнес үшін патент негізінде және оңтайландырылған декларация негізіндегі арнайы салық режимдері бұрынғысынша сақталып қалды. Осы мәселе бойынша, Қазақстан кәсіпкерлерінің ресейлік әріптестеріне қарағанда, оңтайлырақ салықтық жағдайда жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. Қазақстанда патент және оңтайландырылған декларация бойынша салық ставкалары табыстың сәйкесінше 2 және 3 пайызын ғана құраса, ресейлік шағын бизнес табыстан 6 пайыз, кейбір жағдайларда 15 пайыз ставка бойынша салық төлейді. Жеке табыс салығына тоқталатын болсақ, Қазақстанда бұл салықтың ставкасы 10 пайыз болса, ресейлік салық ставкасы 13 пайыз. Қазақстанда жер қойнауын игерушілермен жасалған келісімшарттардағы салық тұрақтылығына қатысты шарттарды алып тастау ұсынылуда. Жоба авторларының бұл ұстанымы, барлық салықтық қарым-қатынастар тек заңмен ғана реттеуге болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады. Салық салу элементтері мыналар : субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері-салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік. Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар. Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету тұрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т. б. Салық көзі -салық салынатын табыс. Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады. Проценттік ставкалар үш тұрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады. Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Салық төлеу мерзімі - салық төленетін уақыты. Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар :
-салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
-заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
-уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
- мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
-белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
- атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
- салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:- реттеушілік; фискалдық; қайта .
-Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар.
Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі - фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери - қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Салық қызметі органдарына салық жәнебюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуі жөніндегі, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
-Салық органдарына:
-Облыстар бойынша салық комитеттері.
-Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері.
-Ауданаралық салық комитеттері.
-Қалалар бойынша салық комитеттері.
-Қаладағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
- Салық органдары жоғары дәрежелі салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады. Салық органдарының жұмысына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
-Қала бойынша салық комитетінің құрылымын қарастырайық:
-Басшылық.
-Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс жүргізу бөлімі.
-Құқытық қамтамасыз ету бөлімі.
-Ірі салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.
Орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.
-Ірі салық төлеушілерді тексеру бөлімі.
-Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру бөлімі.
-Мобильдік топтардың салықтық бақылау жұмысын ұйымдастыру бөлімі.
-Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі.
-Өндіріп алу бөлімі.
-Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету бөлімі.
-Акциздік салыққа әкімшілік ету бөлімі.
-Жеке тұлғалар тарапынан төленетін салыққа әкімшілік ету бөлімі.
-Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі.
-Әкімшілік-шаруашылықпен қамтамасыз ету бөлімі.
Салық комитетінің құрылымы салық төлеушілердің санына байланысты, сондықтан жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерде бөлімдер саны, бөлімдердің атауы мен қызметінің бағыты келтірілген құрылымнан өзгеше болуы мүмкін, бөлімдер аз болуы мүмкін, бірақ мынадай бөлімдер міндетті түрдеболуы тиіс:
-Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.
-Тексеру бөлімі.
-Өндіріп алу бөлімі.
-Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі.
Салық комитетінің келтірілген құрылымындағы бөлімдер жұмысының негізгі мазмұнын қарастырайық.
Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі салық комитетінің жұмысына жалпы бақылауды жүзеге асырады, салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдайды, салық комитетінің жұмысын жетілдіру мақсатындағы ұсыныстарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, салық комитетінің қызметкерлері жіберген салық салу талаптарын бұзушылық фактілері бойынша белгіленген тәртіпте қызметтік тексеру жүргізеді және салық комитетінің жұмыскерлерінің жеке іс қағаздарын жүргізеді және толықтырады, салық органдарында жұмыс істеуге үміткер кандидаттардың арнайы тексеруге қажетті құжаттарының дайындығына жауап береді, сондай-ақ салық комитетінің кадрларымен басқа да жұмыстар жүргізеді.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі - құқықтық мәселелер қаралғанда белгіленген тәртіп бойынша сотта, құқық қорғау органдарында және басқа органдарда комитеттің мүддесін білдіреді. Бұйрық, нұсқаулық, қаулы, өкім және басқа құқықтық сипаттағы құжаттар жобасының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, талап қою жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. Сонымен қатар, комитетте құқықтық оқуларды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды белгілейді және оның жүзеге асуына қатысады, құқықтық қызмет туралы ақпаратты талдайды, оперативті кеңес отырысында қарастырылуға тиісті мәселелерді енгізеді, айқындалған кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдайды және құқықтық қызметті жетілдіреді.
Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі - салық төлеушілердің декларациясын, есеп айырысуын, есебін, тіркеу бөлімінен түсетін ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады. Салық есептілігінің негізінде салық төлеушілердің жеке шоттарындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді;
-Әрбір салық төлеушіге қатысты құқықтың іс жүргізеді;
-Салық төлеушімен хат жазысуды жүргізеді;
-Ұсынылған салық есептілігі бойынша камералдық және тақырыптық тексеру жүргізеді;
-Салық төлеушілердің табысын айқындау мақсатында хроно-метраж жүргізеді;
-Салық төлеушілерге әкімшілік шараларын қолдану үшін материалдар дайындайды;
2-нысандағы есепті жасайды;
Салық төлеушілер арасында мониторинг пен рейтингтік баға беруді және басқа жұмыстарды жүргізеді.
Тексеру бөлімі - салық заңдарының сақталуы мен орындалуына бақылау жүргізеді. Салықтарды төлеу мен есептеуге байланысты мәселелерді тікелей ұйымдар мен кәсіпорындарда зерттеп, жарлық бойынша тексереді. Құжаттардың жиынтық тексеруін, тақырыптық тексеруді, қарама-қарсы тексеруді жүргізеді, тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына жібереді, уақытылы ақпарат, бақылау тапсырмаларын жасайды және жинақтайды, 2-Н нысандағы есепті дайындайды, тексеру актісі бойынша белгіленген берешек сомасы туралы материалдарды 10 жұмыс күні өткеннен кейін өндіріп алу бөліміне тапсырады. Бөлім қызметіне комитеттің негізгі сұрақтар жоспарындағы іс-шараларының орындалуын, жарлық бойынша тексеру, аумақтық салық комитетінің сұрау салуы бойынша тексеру жүргізу, салықтардан жалтаруды әшкерелеу және тыю, декларацияны ұсынудан бас тартатын салық төлеушілерді тексеру барысында әшкерелеу жұмысын жүргізу және оларға сәйкес шаралар қолдану жатады. Мобильдік топтардың салықтық бақылау жұмысын ұйымдастыру бөлімі (МТСБ) - жер салығы мен мүлік салығын толық жәнеуақтылы төлеу мәселелері бойынша тексеру жүргізеді, салық комитетіне жеткізілген бағдарламалық деректердің орындалуы бойынша жұмыстар жүргізеді, салық заңдарын бұзу фактілерін айқындаған кезде әкімшілік тәртіпті бүзғандық туралы хаттама толтырады, салықтардың қосымша есептелген сомасының уақытылы түсуіне және дұрыс есептелуіне бақылау жасау жұмысын ұйымдастырады, әкімшілік төлемақы мен салықтар сомасын өндіріп алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.
Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі - салық заңдарын сақтауға бақылау жасайды, белгіленген тәртіпте іс жүргізуді қамтамасыз етеді, түсім сомасына жедел бухгалтерлік есеп жүргізеді, 10%-ының жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуын қадағалайды, несиелік мекемелерден банктік құжаттар алады, жеке тұлғалар бойынша банктік құжаттарды өңдейді, жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша банктік құжаттарын таратады, жергілікті салық бойынша түсімдердің таратылуын жүргізеді, патент, куәлік және қарапайымдалған декларация бойынша түсетін соманың есебін жүргізеді, бір-ақ рет қолданылатын талондар мен қатаң есептіліктегі бланктердің есебін және оларды табыс ету мен қабылдауды жүргізеді және бюджетке түсетін төлемдердің сомасына талдау жасайды.
Өндіріп алу бөлімі - алым-салық (берешек) қалдықтарының өсуі мен төмендеу себептеріне талдау жасайды, барлық салық төлеушілерге хабар жібереді, банктік есепшоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді жариялайды, мүлік тізімін жасайды, салық берешегін мәжбұрлі өндіріп алуға қабылданатын шараларды жүзеге асырады, құжаттарды дайындап, құқықтық қызмет органдарына тапсырады.
Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету бөлімі - өндірістік емес төлемдерді толық өндіру және уақытылы аудару мәселесі бойынша аумақтық уәкілетті органдардың тексеруін жүргізеді. Өндірістік емес төлемдерді төлеушілерді тексеру, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекет меншігіне өткен мүліктер жұмысына жауап беру, мұрагерлік мүліктің тізімін жасау, тендер жүргізу, өнеркәсіп қоймаларына тәркіленген (конфискацияланған) тауарларды комиссиялық қабылдап алуды жүргізу, тәркіленген мүлікті жоюды жүргізу, мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау жасау, тәркіленген мүлік бойынша аукцион ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі - СТН иеленуді жүргізу, заңды және жеке тұлғаларды есепке, тіркеуге және қайта тіркеуге қою, есепке тұрмаған салық төлеушілерді айқындау, қазыналық жадысы бар кассалық-бақылау машиналарын есепке қою және есептен шығару, чек кітапшаларын тіркеу, КБМ (кассалық-бақылау машиналары) техникалық қызмет көрсету Орталығының жұмысына бақылау жасау, КБМ фискализациялау, азаматтарды жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеу, патент негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан түсетін алымдар мен салықтарға бақылау жасау, кәсіпкерлердің табысы туралы анықтама беру міндеттерін атқарады. Салық төлеушілердің декларациясын, есеп айырысуын, есебін қабылдайды, тиісті журналда тіркегеннен кейін қатаң есептіліктегі бланктерді таратады, осы бланктерге түгендеу (инвентаризациясын) жүргізеді, комитет бойынша кіріс және шығыс құжаттарын қабылдайды және оларды тіркейді.
II. Қазыналық (фискалдық) қызметінен басқа, салықтар мен алымдар жүйесі қоғамдық өндіріске, оның құрылымына және ғылыми-техникалық прогрестің өсу қарқынына экономикалық әсер ету тетігі болып қызмет атқарады. Салықтар арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыруға немесе керісінше, шектеуге болады, демек кәсіпкерлік қызметтің біреуінің немесе басқасының дамуы, өндіріс шығындарының төмендеуіне жағдай туғызады және әлемдік нарықта ұлттық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін жеке меншік кәсіпорындардың айналысын қамтамасыз етеді. Салықтың көмегі арқылы қолдаушылық экономикалық саясат жүргізуге болады және тауарлар нарығының еркіндігін қамтамасыздандыруға болады.
Салықтар шығыстық бөлім арқылы экономикаға қаржылық әсер ету мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бюджеттердің негізгі кіріс бөлігін қалыптастырады.
Ұлғайтылған қайта өндіріс процесіне мемлекеттік қаржы бюджеттік тетігінің ықпал ету бағыты төмендегідей: бюджеттік субсидия, мысалы, бөлшек сауда бағасын сүйемелдеу үшін жылдық (артық) ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, экономикаға мемлекеттік инвестиция жасау; дотация немесе көмек қарыз тұрінде кәсіпорындарға тікелей субсидия беру, несиелік саясат. Мемлекеттен несие алу компанияның меншікті қаржыларының босауына және қауіптен (банкрот болу қаупінен) құтылуына, қажеттілігіне қарай ақша-несиелік шектеулікті енгізуіне ықпал жасайды. Бұған бағаны, тұтынушы несиесінің шарттарын, несиені шектеуді, валюталық бақылауды, лицензиялауды реттеу жатады.
АҚШ үкіметі соғыс уақытында болат, мыс, алюминийге лицензия беруді, жеке меншік сауда туралы заңдарды, өнімді стандарттауды, мемлекеттік арбитражды, тресттерге қарсы заңдарды қабылдауды, ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды және салық саясатын жүзеге асырды. Бұдан басқа, мемлекет, артық өндірілу дағдарысы кезінде тауар өндірісіне шектеу қою арқылы реттеушілік саясат жүргізеді. Сонымен қатар, мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды өзіне алып, субсидия мен арзан несиенің берілуіне көңіл бөледі.
Қазіргі кезде экономикалық бағдарламалау дамып келеді. Ол шаруашылық міндеттердің қойылуын болжайды және оларды шешу жүйесін тағайындайды. Негізгі мақсаты - мемлекеттік іс-шаралардың үйлесімділігі, инвестицияларды реттеу, несиені бөлу, бюджеттің бағытталуын анықтау, мөлшерлеме пайызы мен несие ережелерін өзгерту арқылы ақша нарығын басқару, жалақы және әлеуметтік мұқтаждық саласындағы саясат және т. б. Экономикалық бағдарламалау мемлекет рөлінің одан әрі жоғарылауына әкеледі. Ұлттық экономиканың белгілі бағытының қандай да бір өзгерісі - инвестициялық саясаттың мемлекеттің араласуынсыз болуы мүмкін емес. Үкімет тағайындайтын қаржылық жеңілдіктердің шарттары бірінші кезектегі міндеттерді шешу қажеттілігіне сәйкес жеке шаруашылық салаларының дамуына жол ашады.
Германияда шығыстағы жерлерге капиталды инвестициялаушы фирмалар ірі салық жеңілдіктерін алады. Болат балқыту өндірісі орналасқан Рур облысы салықтық жеңілдіктерге сүйенеді. Ауылдық жерлерде заман талабына сай өндірістің дамуы ынталандырылады. Люьек қаласының ескі кварталдарының сақталуы оларды қалпына келтірумен айналысқан фирмаларға ірі салық жеңілдіктерінің берілуімен байланысты.
Экономиканың дамуына қаржылық әсер ету ынталандырушы болып қоймай, сонымен қатар тежегіш те болады. Мұндай қажеттілік алдымен халық пен өндірістің шоғырлануы жоғары аудандардың дамуын реттеу үшін туындайды. Халықтың және шаруашылық объектілерінің шектен тыс шоғырлануы қоршаған табиғи ортаның, халық қоныстануының, ресурстармен қамтамасыз етілудің және басқа мәселелердің асқынуына әкеліп соқтырады. Жаңа шаруашылық қызмет түрлерінің дамуына мүмкіндік беретін арнаулы өндірістік ғимараттардың құрылысын салу қажет. Әрине, ыңпал ету шараларына тұрақты және уақытша жергілікті салықтардан босату да жатады. Мемлекеттік және жергілікті органдар экономикалық инфрақұрылымға капиталдық салымдардың айтарлықтай бөлігін жұмсайды. Бұл салымдар пайда табуға бағытталған, бірақ жанама жолдармен жеке капиталдың пайдасын көтеруді қамтамасыз етеді. Ең алдымен бұл, көлік коммуникацияларының құрылысы мен олардың қызметін сүйемелдеуге, байланыс желісіне, сумен қамтамасыз етудің өндірістік жүйесіне, тазалаушы құрылғыларға, жер телімдеріне өндірістік құрылыс салуға, дайындауға жұмсалатын шығындар. Қосымша салық салу немесе кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекет пен жергілікті басқару органдарының тарапынан атқарылатын негізгі тежеуші шаралар болып табылады. Осындай жағдайларда қосымша салық салу Нидерландыда, Жапонияда қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz