Есеп айырысулар түсінігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Есеп айырысулар және олардың мәні . . . 4
1. 2 Алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштар . . . 6
1. 3 Есеп тіркелімдері және жазбалары . . . 9
ІІ БЕРІЛГЕН ЖӘНЕ АЛЫНҒАН АВАНСТЫҢ ЕСЕБІ
2. 1 Берілген аванстар есебі . . . 12
2. 2 Еншілес серіктестіктердің алашақ қарыздарының есебі . . . 13
2. 3 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі . . . 14
2. 4 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі . . . 15
2. 5 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі . . . 18
3. «АТА-ТЕК-АСТАНА» ЖШС-нің АЛЫНҒАН ЖӘНЕ БЕРІЛГЕН АВАНСТАР ЕСЕБІ
3. 1 «Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің шаруашылық қызметімен танысу . . . 20
3. 2 Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі . . . 22
3. 3 Өкілдік шығыстары мен шағым-талап бойынша есеп айырысуды есепке алу . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми талдайтын жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процесстерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеуге жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдалақтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қоятын талаптардың өсіп, міндеттердің тартып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихына белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді.
Қазақстандық бухгалтерлік есептің ХҚЕС көшуіне байланысты қазіргі шаруашылық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады. Қазіргі кезде, жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есептесуге көңіл бөлінеді. Бұл жағдай үнемі шаруашылық құралдардың айналымы түрлі есептеулердің үзіліссіз жаңарып тұруына ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды есепке алудың қазіргі тәжірибесін зерделеу негізінде оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-есеп айырысулар және олардың мәнін ашу;
-алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштар түсінігін зерттеу;
-есеп тіркелімдері және жазбаларына тоқталу;
-берілген аванстар есебін қарастыру;
-алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебіне тоқталу;
-жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебін ашу;
-басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебін қарастыру;
-«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің шаруашылық қызметімен танысу;
-есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі мен өкілдік шығыстары мен шағым-талап бойынша есеп айырысуды есепке алу жағын қарастыру.
1 ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Есеп айырысулар және олардың мәні
Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іссапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, пошта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс. 1
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырылады.
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Аванс мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін жұмысшыға жетекшінің бөлуімен беріледі. Есепші қызметінің жұмысшысына есепшот алдында ақша берілетін кезінде есепші тұлғаның келесі авансқа бересі қарызының бар, жоғы қаралады.
Есепшот алдында берілетін ақша оның қай бағытқа жұмсалатыны алдын ала қаралады. Есепші тұлға авансқа берілген ақшаның қайда жұмсалғаны туралы дәлелдейтін құжатты көрсетеді. Құжатта аванстық есепшот есепші тұлғаның нөмірлеуімен есепшотқа жазылады. Есепшінің қызметінде аванстық есепшот арифметикалық түрде тексеріледі және шығынның дұрыс жұмсалғаны, құжаттың дұрыс толтырылғаны тексеріледі. Тексерілген аванстық есепшотты мемлекеттік мекеменің жетекшісі бекітеді. Жұмсалмаған аванстық есепшотты есепші тұлғаның өзі 3 күн ішінде қайтаруы тиіс. Жаңа аванс есепші тұлғаға ескі авансты төлегеннен кейін беріледі. Берілген уақыт ішінде аванстың қайда жұмсалғаны туралы, одан қайтқан ақшаны кассаға қайтармаған жағдайда мемлекеттік мекеме төленбеген авансты бересі қарыз ретінде ҚР Заңы бойынша жалақыдан ұстап отыруға құқылы.
Есепші тұлғамен жұмсалмаған аванс ақшалай теңге арқылы, ал есепші тұлғамен қайтарылмаған баға тиын арқылы қайтарылады.
Жұмысшының қайтарылмаған қалған бағасы тиын ретінде оның жұмыстан шыққан жағдайда немесе жыл аяғындағы есеп кезінде сәйкес шоттарға жазылады. Еепші тұлғаның жұмыстан шыққан кезінде мемлекеттік мекемеге бересі қарыз ақшасы тиындай жазылады.
Аналитикалық есепшот жинақтау ведомосында есепші тұлға арқылы жүргізіледі. Есеп бұл ведомоста кезеңмен жүргізіледі. Әр жолға есепші тұлғаның тегі, берілген аванс бағасы және іске асырылған шығын бағасы, сонымен қатар жұмсалмаған аванс бағасы жазылады.
Мемлекеттік мекемеде маңызсыз мөлшердегі аналитикалық есепшот әрбір есепші тұлғамен 292 карточкасы арқылы жүргізіледі.
"Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет ақшасының есебінен есеп айырысулар қосалқы шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүргiзiлуi мүмкiн емес шығыстарды төлеуге арналған оларға берiлетiн аванстар бойынша есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар ескерiледi.
Есептiк аванстар тек осы бюджеттiк ұйымда ғана жұмыс iстейтiн адамдарға басшының өкiмi бойынша берiледi. Есептiк сомаларды беру кезiнде бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беретiн адамның берешегi жоқтығы туралы белгi соғады.
Берiлген есептiк ақшалар оны беру кезiнде көзделген мақсатқа ғана жұмсалуы мүмкiн. Аванстық сомалардың жұмсалуы туралы есеп беретiн адам жұмсалған шығындарды қуаттайтын құжаттарды қосып, есептi ұсынады. Аванстық есепке қоса берiлiп отырған құжаттарды есеп беретiн адам олардың есептегi жазылу тәртiбiнде нөмiрлейдi.
Карт-шоттан ақша пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар сауда чектерін, слиптер мен корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, жїргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып аванстық есеп береді.
Бухгалтерлiк қызметтегi аванстық есептер арифметикалық тексерiледi, сондай-ақ құжаттардың толтырылуының және мақсаты бойынша қаражаттардың жұмсалуының дұрыстығы тексерiледi. Тексерілген аванстық есептердi бюджеттiк ұйымдардың жетекшiлерi бекiтедi.
Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есеп беретiн адамға аванстық есептi тапсырғаннан кейiн үш күннен кейiн қайтарылуы керек. Есеп беретiн адамға жаңа аванстарды беру бұрын берiлген авансты өтеген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Есептiк сомаларды жұмсағаны туралы аванстық есептi белгiленген мерзiмде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванстардың қалдықтарын қайтармаған жағдайда бюджеттiк ұйым Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленген талаптарды сақтай отырып, авансты алған адамдардың жалақыларынан бұл берешектердi ұстауды жїргiзуге құқылы.
Корпоративтік төлем карточкасын толықтыру сомасына "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты" қосалқы шоты кредиттеледі және "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар" қосалқы шоты дебеттеледі.
Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванстың қалдығын қайтаруы теңгемен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылады, тиындармен сомада есеп беретін тұлға қайтармаған қалдық есепке соманы кейіннен беру кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шығу сәтінде немесе есепті жылдың аяғында қайтармаған, қосалқы шоттың дебеті бойынша ескерілетін тиындармен есеп беретін соманың қалдығы оның жалақысынан ұсталады, бұл ретте қосалқы шоттың дебеті бойынша және қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің есеп беретін тұлғаның алдындағы тиындармен борыш сомасы жұмыстан шығу сәтінде "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады, бұл ретте қосалқы шоттың дебеті бойынша және қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі. 2
Есеп беретiн адамдармен есеп айырысудың талдау есебiн. есеп беретiн адамдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомоста жүргiзiледi. Бұл ведомостағы есеп позициялық тәсiлмен жүргiзiледi. Әр жол бойынша есеп беретiн адамның тегi, берiлген аванстың сомасы және жасалған шығындардың сомалары, пайдаланылмаған аванстың сомалары жазылады. Ай аяқталғаннан кейiн қорытындысы "қосалқы шот есеп-несиесi бойынша шығыстардың сомалары бекiтiлген" бағаны бойынша және "Қосалқы шоттардың дебеттерi" және "Екiншi жазба" бағандары бойынша "Журнал-бастысы" кiтабына жазылады.
Есеп беретiн адамдарының саны аз бюджеттiк ұйымдарда есеп айырысулардың талдау есебi н. 292-а карточкасына (н. 292 кiтабына) Әрбiр есеп беретiн адам бойынша жүргiзiледi.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджет қаражатын нысаналы пайдаланудың талдамалы есебі кітапта 453-нысан бойынша жүргізіледі.
1. 2 Алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштар
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары -1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
-Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
-Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
-Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
-Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операция-лар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
-Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
-Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Дт: 6030 баға шегерімі - шоты
Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар - шоты
Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы - шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар - шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі 7 Журнал-ордер - 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме - 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер - 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620 «Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер - 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктес-тіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықта-малары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».
1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».
1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».
1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».
1620 «Алдағы кезең шығындары».
1630 «Берілген аванстар».
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.
1. 3 Есеп тіркелімдері және жазбалары
Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, тізімдемелер (ведомостар) мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есптік тіркелімдер қолданылады. 3
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүгізуге арналған карточкаларды калың қағаздан немесе картоннан дайындалады. Олар негзігі құралдарды, тауарлы- материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық есептеуге арналған. әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық - жәшіктерге сақталады.
Кітаптар - өз алдына білгілі бір пішінде жазылған қағаз беттері болып табылады. Оларды маңызы, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелеьін бөлімдерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген, себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәлеметпен екі немесе одан артық адамдар жұмыс істейтін жағдайда оны бухгалтерия қызметкері арасында бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ (әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек) . Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы - жеке беттерді жаңаға ауыстырудың мүмкін болмауы, яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау мүмкіндігі төмендейді.
Жеке беттер - үлкен пішіндегі есеп тіркелімдері болып табылады және карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын қамтиды. Олар біріктірілген тіркелімдер рөлін атқарады, яғни синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті жүргізуге арналған. Сонымен қатар бұлар, яғни әр түрлі тізімдемелер мен журнал-ордерлер бухгалтерия қызметкерлері арасында міндеттерді ұтымды бөлуге мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы болып табылады. 4
Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және біріктірілген болып бөлінеді.
Хронологиялық тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың орындалуы мен құжаттардың бухгалтерияға үсуіне қарай жазу үшін қолданылады. Мұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды камтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын, шаруашылық операцияларды есептеу кітабын және тағы да басқаларды жатқызуға болады.
Жүйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтап және бірыңғайлығын анықау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.
Біріктірілген тіркелімдеоге хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктірліп қолданылады. Мысалы: бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жабала синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша (ақпаратты бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер топтамалық, талдамалық және біріктірлген болып табылады.
Синтетикалық (топтамалық) тіркелімдерге жазба тек ақшалық нысанда құжат нөмірі мен толтырылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп жүргізіледі. Бірақ әдетте оларды үсініктемелік мәтін (пояснительный текст) болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен жірнал- ордерлердің барлығын дерлік жатқызуға болады.
Аналитикалық (талдамалық) тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үшін қолданады. Оның ішінде құжаттың нөмірі, толтырылған уақыты, шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натруалдық өлшем көрсеткіштері қолданады. Бухгалтерлік еспте қолданылатын талдамалық тіркелімдерге карточкалар, кітаптер және тізімдемелер жатқызылады.
Синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепте қатар қолданыла беретін тіркелімдер - біріктірілген тіркелімдер болып табылады. Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өндеу кезіңде тіркелімдер өз алдына карточкалар, тізімдемелер, журнал-ордерлер және тағы басқадай форма түрінде алына алатын машинограммалар болып табылады.
Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жабалар ай немесе көшірмелі әдісер арқылы жүргізіледі. Жай жазбала бір ғана дана етіліп жасалатын болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен бір уақытта бір неше дана етілп жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz