Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . .

І. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖАЙЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне түсінік . . . ……… . . .

1. 2Кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістері . . .

1. 3Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері . . .

ІІ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1Кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайын талдау . . .

2. 2Кәсіпорынның қызметінің тұрақтылығын талдау . . .

2. 3Кәсіпорын қызметінің табыстылығын талдау . . .

2. 4Кәсіпорынның алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебін талдау . . .

ІІІ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің көрсеткіштері . . .

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары . . .

ҚОРТЫНДЫ . . . …

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагентті қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

Курстық жұмыстың мақсаты : Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату факторларын қарастыру, яғни қазақстандық зерттеушілердің осы бағытта жазылған еңбектерін оқып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың мәселелері мен дамыту жолдарын қарастыру

Курстық жұмыстың міндеті:

-кәсіпорын қызметінің тиімділігіне түсінік беру;

-кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістерін қарастыру

-кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін зерттеу;

-кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау;

-кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;

-кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау;

-кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне талдау жасау;

-жұмысшының жылдық өнім өндіруіне әсер ететін себептерді анықтау.

Курстық жұмысты орындау барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында жазылған отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерін, сондай-ақ заңдылық пен нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдарын қолдандым.

І. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖАЙЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне түсінік

Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1) қорытындылаушы;

2) техника-экономикалық.

Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы) қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымды-лығы (капитал сыйымдылығы) жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т. б; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.

Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындары арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қаркынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікгі жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін артгырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.

1. 2 Кәсіпорынның табыстылығын бағалау әдістері

Кәсіпорынның табыстылығын бағалау әдістері төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

  • шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу объектілеріне бөлінеді;
  • өнімнің өзіндік құны, негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
  • өндірістік шығынның есептеу объектісі бойынша жалпы сомасы анықталады;
  • ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп шығарылады.

Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:

  • өзіндік құнның калькуляциясы;
  • шығын сметасы.

Өзіндік құнның калькуляциясы - өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.

Шығын сметасы- шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы.

Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған «пайдалы» немесе «кірісті» деген ұғымды білдіреді. Бұл - кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.

1. Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізінде жоспарланған тауарларды шығару бойынша пайдасы мұнда жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың өзіндік құны анықталады:

Птп = Цтп -С тп

Мұнда Птп - жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;

Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда) :

С тп - жоспарлы уақытта шығарылған тауардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген) ;

Рентабельділік деңгейін анықтаудың екі бағыты бар:

  • кәсіпорынның пайдасы;
  • ағымдағы шығындарының (өзіндік құн) немесе авансталынған салымдардың (негізгі өндірістік қор және айналым қоры) қатынасы.

Бұл екі өлшем өзара авансталынған салымның айналым жылдамды-ғының көрсеткіштеріне байланысты.

Өнім рентабельділігі - өткізілген барлық өнімдермен және олардың жекелеген түрлерімен есептелінеді.

Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі: өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім рентабелділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.

Екінші жағдайда, рентабелділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.

2. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткішпен таза пйданы есептеуге болады.

1. 3 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады:

«Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы «бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің 2732-ші Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-ші бабында былай делінген. «Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынаттын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынаттын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметіннің соңғы қаржылық нәтижесі болып такбылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың рольі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-дерективті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы қызметі ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда ) оның, кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табуд кез келген кәсіпорынның қызмет етунің мақсаты болып қалыптасты. Ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса олар банктің қысқа мерзімді судалары мен коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Табыс есебінен сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқада кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтерден анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бір ыңғай пікір жоқ. Оған екі-алтыға дейін қызметі жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек қызмет атқарады:

1) мемлекеттік табысының көзі;

2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың өзара шартылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуімен өзіндік құнын ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляцалау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3. Табысты бөлу ( тарату) механизімі белсенді рол атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін артыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде ( амортизациялық аударымдар) қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер жал төлемі, дивидендтер пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т. б. ) ғана мүмкін.

Бірақ табыстың абсалютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін емес, экономикалық көрсеткішіне жатады. 5000 теңгелік 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынының салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемінің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсалютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

  • Табыстылықтың абсалютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуы бағалау;
  • Таза табыстың қалыптасуының құрамдас бөліктерін зерттеу;
  • Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу ;
  • Табысты бөлу, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  • Табыстың өсу резервтерін анықтау;
  • Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
  • Табыстылықтың әр түрлі коэффицентерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

ІІ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

2. 1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау үшін біз «Кедентранссервис» Акционерлік Қоғамының Атырау қаласындағы филиалы бойынша мысал келтіреміз. Филиал жұмысы бас кәсіпорынның өнідірістік саясатына сәйкес жұмыс жасайды.

«Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы

бойынша табыстың орындалуы, мың теңге

Кесте 1

Көрсеткіштер
2008ж.
2007ж.
2008ж.
2008ж., %
жоспар
нақтылы

%

орын-далуы

2008ж
2007ж
Көрсеткіштер: 1
2008ж.: 2
2007ж.: 3
2008ж.: 4
2008ж., %: 5
6
7
8
Көрсеткіштер: Барлық табыс
2008ж.: 111012
2007ж.: 120909
2008ж.: 102648
2008ж., %: 100829
98
91
83
Көрсеткіштер: Негізгі қызметтен түскен табыс
2008ж.: 111012
2007ж.: 120909
2008ж.: 102648
2008ж., %: 100829
98
91
83
Көрсеткіштер: 1. Жүк тиеу- алу жұмыстары (ЖТАЖ)
2008ж.: 26369
2007ж.: 19906
2008ж.: 22982
2008ж., %: 17205
75
65
86
Көрсеткіштер: 2. Кранмен жұмыс
2008ж.: 11058
2007ж.: 8683
2008ж.: 11040
2008ж., %: 9414
85
85
108
Көрсеткіштер: 2. 1. Сорттау
2008ж.: 112
2007ж.: 55
2008ж.: 100
2008ж., %: 155
155
138
-
Көрсеткіштер: 2. 2. тиеу-алу жұмысы
2008ж.: 10946
2007ж.: 8628
2008ж.: 10940
2008ж., %: 9264
85
85
107
Көрсеткіштер: 3. ЖТАЖ механикалық әдіспен, қолмен
2008ж.: 15311
2007ж.: 11223
2008ж.: 11942
2008ж., %: 7791
65
51
69
Көрсеткіштер: 4. Автокөлік қызмет-терінен табыс-барлығы
2008ж.: 4078
2007ж.: 4343
2008ж.: 4088
2008ж., %: 3823
94
94
88
Көрсеткіштер: 4. 1. меншікті автокөлікпен
2008ж.: 4078
2007ж.: 4343
2008ж.: 4088
2008ж., %: 3823
94
94
88
Көрсеткіштер: 5. 1. есептік табыс
2008ж.: -946
2007ж.: 3140
2008ж.: 4220
2008ж., %: 9102
216
-
290
Көрсеткіштер: 6. Өзге табыстар
2008ж.: 64970
2007ж.: 72213
2008ж.: 44618
2008ж., %: 54344
122
84
75
Көрсеткіштер: 6. 1. Автокөліктердің енуінен табыс
2008ж.: 4922
2007ж.: 4360
2008ж.: 2036
2008ж., %: 4829
237
98
111
Көрсеткіштер: 6. 2. Жүктерді сақтаудан табыс
2008ж.: 8087
2007ж.: 12118
2008ж.: 7295
2008ж., %: 11520
158
142
95
Көрсеткіштер: 6. 3. басқа табыстар
2008ж.: 13953
2007ж.: 40374
2008ж.: 27487
2008ж., %: 27282
99
196
68
Көрсеткіштер: 6. 4. жалға беру
2008ж.: 38008
2007ж.: 15361
2008ж.: 7800
2008ж., %: 10713
137
28
70
Көрсеткіштер: 7. Тауарлы-материал-дық қорларды өткізу
2008ж.: 148
2007ж.: 510
2008ж.: 82
2008ж., %: 49
60
33
10
Көрсеткіштер: 7. 1. есептік табыс
2008ж.: 34
2007ж.: 196
2008ж.: 20
2008ж., %: 6
30
18
3
Көрсеткіштер: 8. Филиалдарға негізгі құралдарды өткізу
2008ж.: -
2007ж.: -
2008ж.: -
2008ж., %: 4108
-
-
-

Ескертпе - 2006-2008 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды.

2008 жылы нақтылы 100829 мың теңге сомада табыс алынған. Табыс бойынша жоспар 98 %-ға орындалған. Кәсіпорын шығындары 103138 мыңтеңге сома құраған. Кәсіпорын 2309 мың теңге сомада залал алған.

«Кран қолдану» әдісін пайдаланудан түскен табыс 9414 мың теңге құраған, жоспар 85 %-ға орындалған. Вагондардың тиеу-алу жұмыстарунан 7791 мың теңге табыс алынған немесе 35 %-ға жоспарлы көлемнен төмен болған. Тиеу-алу жұмыстарынан түскен табыстың көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 14 %-ға төмен. Табыс көлемінің төмендеуіне крандардың бұзылуы әсер еткен және 20 тоннадан артық жүк көтергіш крандардың істен кетуі әсер еткен.

Автокөліктердің қызметі бойынша меншікті автокөліктермен тасымалдаудан 3823 мың теңге табыс алынған. 2008 жылы 577 контейнер тасымалданған немесе әрбір төртінше контейнер тасымалданған. Сырттан тартылған автокөліктермен 1818 контейнер тасымалданған, оның ішінде 290 орташа тонналық, қалғаны ірі тонналық. Ірі тонналық контейнерлерді негізгі тасымалдауды «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы «Батыс» филиалы орындайды. Орташа тонналық және ірі тонналық контейнерлерді тасымалдау үшін сырттан автокөліктерді тарту қызметінен түскен табысты жоғарылатуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Темір жолы» ҰК қызметімен байланысты алынған табыс нақтылы 21300 мыңтеңге құраған, оның ішінде вагондарды беру-алу кезінде жолдарды қолданудан 10515, 0 мың теңге алынған, қосымша алымдар-7156, 0 мыңтеңге, қозғалмалы құрылымдарды пайдаланудан шығындарды толтыру алымдары 3629, 0 мыңтеңге құраған. «Қазақстан Темір жолы» ҰК қызметімен байланысты жұмыстардан алынған есептік табыс 9102 мыңтеңге құраған. 2008 жылы өзге қызметтерден 54344 мыңтеңге сомада табыс алынған. Оның ішінде қоймаларды жалға беруден және ашық аумақтарды жалға беруден 10713 мың теңге сомада табыс алынған. Клиенттерге жол торабын вагондардан жүктерді алу үшін клиенттерге беруден кезінде жалға аумақ беріледі. Өйткені тәулік бойына сақтау қызметінен төмен алынады, клиенттер терминалдан дәл сол күні жүкті шығаруға ұмтылады. Аумақты жалға беру кезінде жалға беру келісімдері алдын-ала беріледі. Бұл фактор жүк терминалына клиенттерді тартуға әсер етеді. Терминал қызметін көрсетуге келісімдер қайта құрылған, яғни корпоративтік клиенттермен жүктерді сақтау үшін ашық аумақтарды жалға беру келісімі бір кезеңде жүргізіледі.

Нақтылы шығындар 2008 жылы 103138 мың теңге құраған. 2007 жылмен салыстыруға шығындар 17956 мыңтеңге жоғарылаған.

Филиал бойынша шығындар жоспраы 103138мыңтеңгеге орындалған. 2007 жылмен салыстырғанда шығындар 8026 мыңтеңгеге жоғарылаған. Еңбекақы қоры мен әлеметтік салық бойынша шығындар нақтылы 83 %-ға және 75%-ға орындалған, бұл екі көрсеткіштің жоспарлы деңгейлерінің орындалмауы бос жұмыс орындарының болуымен түсіндіріледі. «Материалдар» бойынша шығындар 12483 мың. теңгеге нақтылы жоғарылаған.

«Кедентранссервис»АҚ Атырау филиалының

шығындар жоспарының орындалуы, мың. теңге

Кесте-2

Көрсеткіштер
2006ж.
2007ж.
2008ж.
2008ж. %
жоспар
нақтылы

%

орынд.

2006ж.
2007ж.
Көрсеткіштер: Шығындар -барлығы
2006ж.: 58455
2007ж.: 95112
2008ж.: 85238
2008ж. %: 103138
121
108
176
Көрсеткіштер: 1. Еңбек ақы қоры
2006ж.: 15742
2007ж.: 20977
2008ж.: 31964
2008ж. %: 26469
83
126
168
Көрсеткіштер: 2. Әлеуметтік салық
2006ж.: 2612
2007ж.: 3694
2008ж.: 5764
2008ж. %: 4297
75
116
165
Көрсеткіштер: 3. Материалдар
2006ж.: 4103
2007ж.: 4368
2008ж.: 6309
2008ж. %: 18792
298
430
458
Көрсеткіштер: 4. Отын
2006ж.: 2256
2007ж.: 2511
2008ж.: 3537
2008ж. %: 2598
73
103
115
Көрсеткіштер: 5. Электр энергиясы
2006ж.: 1485
2007ж.: 1763
2008ж.: 2034
2008ж. %: 1840
90
104
124
Көрсеткіштер: 6. Негізгі құралдардың тозуы
2006ж.: 3052
2007ж.: 4298
2008ж.: 3426
2008ж. %: 5101
149
118
167
Көрсеткіштер: 7. Жұмыстар мен қызметтер үшін төлемдер
2006ж.: 10588
2007ж.: 50575
2008ж.: 13507
2008ж. %: 34170
253
323
68
Көрсеткіштер: 8. Өзге шығындар
2006ж.: 15325
2007ж.: 3885
2008ж.: 16353
2008ж. %: 2785
17
72
18
Көрсеткіштер: 9. Салық
2006ж.: 2381
2007ж.: 2727
2008ж.: 2344
2008ж. %: 2944
126
108
124
Көрсеткіштер: 10. Өткізу шығындары
2006ж.: 797
2007ж.: -
2008ж.: -
2008ж. %: -
-
-
-
Көрсеткіштер: 11. ТМҚ өткізу шығындары
2006ж.: 114
2007ж.: 314
2008ж.: -
2008ж. %: 34
-
29
11
Көрсеткіштер: 12. Негізгі құралдарды өткізу шығындары
2006ж.: -
2007ж.: -
2008ж.: -
2008ж. %: 4108
-
-
-

Ескертпе - 2006-2008 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды.

Материалдардың жоғарылауы машиналарға және механизм-дерге босалқы қорларды сатып алу нәтижесінде болған. «Электр энергия» бабы бойынша шығындар 194 мыңтеңгеге төмендеген, ол кранның пайдаланылмауы мен жүктердің келіп- түсуінің азаюымен байланысты болған. «Тозу» бабы бойынша 1675 мыңтеңгеге шығындар көбейген, бұл КС-5-42 кранын сатып алуымен байланысты болған. «Тозу» бойынша 2007 жылмен салыстырғанда шығынның өсуі 50 тонналық жүк көтергіш негізгі құралдарды сатып алумен түсіндіріледі.

Жұмыстарды, қызметтерді және басқа қызметтерді төлеумен 34170мың теңге шығындалған. «Жұмыстарды және қызметтерді төлеу» бабы бойынша шығындары келесі шығындардан құралған: - Тех ПД-12198 мыңтеңге; - клиенттерді тарту бойынша сыйақы-5718 мың теңге; - контейнерлерді жіберу бойынша -178мың теңге; - машиналардың электр двигательдерін күрделі жөндеу шығындары-801мың теңге; - жүк терминалының электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары -411мың теңге; - жолдар мен құрылғыларды ағымдағы жөндеу жұмыстары (жолдарды геодезиялық түсіру) -680 мың теңге; - автокөліктердің ағымдағы жөндеу шығындары-363 мың теңге; - машиналар мен механизмдерін ағымдағы жөндеу - 1265 мың теңге (оның ішінде 1015 мың теңге кранның құрылғыларын жөндеу; 70 мың теңге - кранды жөндеу) шығындарын құрайды.

2008 жылы филиал бойынша жұмыскерлер саны келесі кестеде көрсетілген.

«Кеденстранссервис» АҚ Атырау қаласындағы

филиалының жұмыскерлерінің саны, еңбек ақықоры

Кесте-3

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпорын қызметінің тиімділігі
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі
Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту
Жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне әсерін есептеу
Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Адам ресурстарының ағымы
Кәсіпорын адам ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Ұйым персоналын басқаруды жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz