Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі туралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Кіріспе

2 Ойынның даму тарихы

3 Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі

4 ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын жіктеуі

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.

Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т. б. ), бүгінгі тәрбие саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.

Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды.

ТМД елдерінде XX ғасырдың соңғы ширегінен басталған ұлттық тағылымдардың білімдік және тәрбиелік әлеуетін зерттеу 90-жылдары қарқынды жүргізіле бастады. Сол зерттеулерде этнопедагогика пәнінің мазмұнын негіздейтін шығыс ғұламаларының ой-пікірлері, түрік ойшылдарының көзқарастары, қазақ ағартушыларының, зиялыларының, жеке тарихи тұлғалардың, қайраткерлердің шығармалары, ақын-жыраулардың өлеңдері, би-шешендердің даналық сөздері, жерін, халқын жауынан қорғаған батырлардың ерлік өнегелері ғылыми, тағылымдық тұрғыдан сараланып, талданып, ғалымдардың еңбектеріндегі этнопедагогикалық ойлар мен тұжырымдар жүйеленді.

Педагогиканың жеке бір бөлігі болып табылатын этнопедагогиканы жеке ғылым саласы ретінде құрудың негізгі қағидалары Қазақстаболашақ ұрпақты халық педагогикасы мен қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегенімен қатар оқу-тәрбие процесінде баланың жасына қарай адамгершілік қасиетін, сезімін қалыптастыру қажеттілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиедегі озық дәстүрлердің жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі таңда баланың жасына қарай адамгершілік тәрбиесі тұрғысында қазақ халқының озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері», - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі - қазақ халық педагогикасы.

Зерттеу пәні - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай адамгершілікке тәрбиелеу тәжірибесі.

Зерттеудің мақсаты - қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбие берудегі озық дәстүрлерді ғылыми тұрғыда жүйеге келтіру және оларды білім беру жүйесінде пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп, тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, оны білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты нұсқаулармен қамтамасыздандырылса онда білім қызметкерлерінің халықтық педагогика және қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімі анағұрлым арта түседі. Ал бұл болса, олардың жады мен бойында ізгілік қасиеттерін, адамгершілік көзқарастарын қалыптастырады, өйткені халықтық педагогикадағы салт-дәстүрлер ұлттық ділдің тірегі мен алтын діңгегі болып саналады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттарын анықтау.

2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін анықтау.

3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуетін айқындау.

5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын жасау (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдарын анықтау.

6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық, логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.

Зерттеудің көздері болып зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, психологтар мен педагогтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени дәстүрлер: озық тәжірибелер,

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге этнопедагогикалық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, қазақ халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге талдау жасау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2005-2006 жж. ) қарастырылып отырған мәселенің тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.

Екінші кезеңде (2007-2008 жж. ) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама дайындалды, оқу-әдістемелік құралдар жүйеленіп, озық тәжірибелер қорытындыланды.

Үшінші кезеңде (2008-2009 жж. ) зерттеу материалдары құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, тұжырымдама, оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу кешенді әдістерді пайдалануымен, алынған нәтижелерді практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Тәрбиенің табиғилық принципі - кез келген тәрбие әрекеті мен педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің негізінде танылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың адамгершілік тәрбиесі ұлттық сана-сезім арақатынасына байланысты айқындалады. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеші-педагогтарының ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі білімдерін дамыту, мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты ескеру қажет, себебі баланың келесі жасайтын қадамы - мектеп табалдырығын аттау болып табылады.

Мектепте дайындық сыныптарына (6-7 жас), 1-4, 5-11 сыныптарының оқушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне этнопедагогикалық білім беру жөніндегі оқу бағдарламалары әзірленді.

Баланың жас кезеңдеріне байланысты тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру нақты жұмыс формаларымен , атап айтсақ, Наурыз мейрамы, дәстүрлі той-жиындарды (шілдехана, баланы бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, тоқым қағу, қыз ұзату тойы, үйлену тойы және т. б. ), өнер адамдарымен кездесулер (жыршы-жыраулар, әнші-күйшілер, ақындар), ұлттық ойындарда (асық ойнау, көкпар, қыз қуу, алтыбақан және т. б. ) шешімін тапқан.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім ше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

«Аламан бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Жамбы ату» . . . Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес. Керісінше, ата-бабаларымыз бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды һәм білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған. Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықылысын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шынықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, қазіргі күні біз маңызы зор ұлттық ойындарымыздың тек бірен-саранын («Аламан бәйге», «Көкпар», «Алтыбақан») ғана игере алдық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «Тоғызқұмалақ», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Хан дойбысы» секілді түрлерін спартакиада, олимпиада ойындарына қысылмай-ақ қосуға болады. Мысалы, қазақтың ұлттық ойыны «Жамбы ату» бүгінгі күні олимпиада құрамындағы биатлоннан еш кем емес. Тек біздің Спорт және туризм министрлігі дәл осы «Жамбы ату» тәрізді ұлттық ойынымыздың мән-мағынасын терең түсініп, оны шетелдіктерге жеткізе білсе болғаны. Әйтпесе, біздің қаншама ұлттық ойындарымыз әлемдік додалы жарыстар өткізуге сұранып-ақ тұр. Ең бастысы, өзге ұлттың ойындарына өзеуремей, өзіміздің ұлттық төл ойындарымыздың беделін көтере білсек болғаны. Амал не? Бұл тұста әлі күнге қимылымыз шабан. Бізді бәрінен бұрын мәселенің осы жағы толғандырады, - дейді тарихшы - этнограф ғалым Бабақұмар Ғинаят.

Жастардың ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша. Оның ішінде қазақтың ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына жақында қосылған қазақтың «хан дойбысы» ойынын атап өтуге болады. «Хан дойбысы» - мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең тараған ойын түрi. Хан, би секiлдi лауазымды билікте болған бабаларымыз өздері өмір сүрген кезеңде бұл ойынды тек ойын тұрғысынан емес, ел басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдалана білген. Табылғанына көп уақыт болмаса да, «Хан дойбысы» ойыны қазақы «мiнезiмен» бiраз жанның жүрегiн жаулап алды. Қазақ халқы ежелден жылқы малын айрықша қастерлей білген. Ал олардың сәйгүліктерге деген ынта-ықыласы ат ойындарына сүйіспеншілікті арттыра түскені даусыз. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде ат ойындарының ерекшелігі мен маңызын айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес. Бір таңданарлығы, ертеректе әр жігіт, тым болмағанда, ат сайыстарының бір түріне қатысып, жүзден жүйрік шығуды аңсаған. Халқымыздың жер тарпыған сәйгүліктерді жақсы көргені соншалық, оларға «тіл-көз тиеді» деп қорыққан. Сондықтан бәле-жаладан сақтану үшін бәйгеге қосатын тұлпарларды ешкімге көрсетпей, үстіне жабу жауып, жануардың құйрық-жалын өріп, әр жеріне үкінің қауырсындары мен тіл-көзден сақтайтын тұмар таққан. Әдетте, шабандоздыққа 8-14 жас аралығындағы жасөспірім балаларды дайындаған. Тіпті қазақ қыздары да жорға жарыстарына қатысып, шабандоздықты өздеріне серік еткен. Өкініштісі, әзірге той-томалақтарда ат шаптырып, бәйге ұйымдастырып, жеңімпаздарға сый-сияпат жасағанға, Ұлттық банктің 2008 жылы 6 қыркүйекте номиналы 500 теңгелік «Қыз қуу» теңгесін айналысқа енгізгеніне мәзбіз. Сонда ежелден халқымыздың қанына сіңген, сонау ғасырлар қойнауынан жаңа заманға жеткен ұлттық ойындарымызды өзіміз түгендемесек, кім түгендейді? Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына неліктен сіңірмеске?! Ұрпағының ұлт болып қалыптасуын ұмытпаған елдің ғана көсегесі көгеретінін ұмытпайық, ағайын!

Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі

1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т. б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т. б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген. Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады. М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері
Дене тәрбиесі және спорт
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Ұлттық ойындарға анықтама
Казақ спорт және туризм академиясы
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz