Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
1 Кіріспе
2 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.
3 Бастауыш сынып оқушыларын рухани . адамгершілікке тәрбиелеудегі ойшылдардың пікірі
4 Педагогикалық технологияның түрлері
5 Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» – делінген Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілікте жетерлік. Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі
-білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы
-оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы
-сабаққа қызығушылығының төмендеуі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады

1)Бержанов Қ. Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы. 1984ж.
2)Жарықбаев Қ. Қалиев С.Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы. 1995ж.
3)Сүндетбаева С. Рухани-адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік ерекшеліктері.\\ «Қазақстан мектебі», №10, 2009ж.
4)Ахметова Р. Рухани-тәрбие // «Қазақ және әлем әдебиеті», №5-6, 2007ж.
5)Төрениязова С. Бастауыш иектеп оқушыларын рухани дамудың этнопедагогикалық негіздері. // «Бастауыш мектеп», №76 2010ж.
6)К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология.(Оқулық) Тараз. ТарМУ. 2003ж.
7)М.Байжанов. Педагогикалық технология және оқытудың қазіргі технологиялары. Қызылорда. 2000ж.
8)Педагогикалық ізденіс. Құрастырған И.Н.Баженова. Алматы. 1990ж.
9)Қ.М.Нағымжанова. инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен 1999ж.
10)В.П.Беспалько. Слогаемые педагогические технологий. М. Педагогика.1989ж.
11)М.С.Керимбаева. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск Алматы.1995ж
12)А.К.ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы.1995ж.
13)Инновациялық оқытудың педагогикалық шарттары. /Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ Шымкент ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдар жинағы/2004ж.
14)Ш.Т.Таубаева.С.Н. Лактионова. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования. Алматы. Ғылым.2001ж.
15)Н.Қошқарбеков. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. Алматы.2006ж.
16)Иманбекова Б.Ж. қазіргі педагогикалық технология. Оқыту тәрбиелеу технологиясы. 2007ж. №7. 26-31б.
17)Тұрғанбаева С. Педагогикалық технологияларды меңгеру жолдары. «Қазақстан мектебі». 2007ж. №9 64-66 б.
18)Нурмухамбетова Э.Н. Қазіргі оқытудың педагогикалық технологиялары. азақстан кәсіпкері2007ж 4 28-30 «Қазақстан кәсіпкері» 2007ж. № 4 28-30 б.
19)Көшімбетова С.А. Жаңа технологияларды енгізудің маңызы. 2007ж. №4 4-7б.
20)Оқушы үлгерімін анықтаудың педагогикалық технологиялары. Ибрагимов Э.Жойылмасова. «Вестник» НАН РК 2007ж. № 6 98-101б.
21)Ерназарова Н. Педагогикалық технологияларды пайдалану тиімділігі. 2001ж. №3 3-7 б.
22)Сұлтанова Р. Педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жеке тұлғаға білім беру деңгейін көтеру. «Білімдегі жаңалықтар» 2010ж. №3 48-50б.
23)Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. // п.ғ.к. ғылым дәрежесін алу үшін диссертацияның авторефераты. Алматы.2003ж.
24)Нұрахметова Н. Жаңаша оқыту талаптары. // «Қазақстан мектебі» 1997ж.
25)Қараев Ж, Қуанбаева Б. Жетілдірілпедагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. «Ізденіс» 2004ж.

Мазмұны
1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі
2 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.
3 Бастауыш сынып оқушыларын рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі
ойшылдардың пікірі
4 Педагогикалық технологияның түрлері
5 Практикалық бөлім
I
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің
тығырыққа тірелері сөзсіз – делінген Қазақстан халқына жолдауында
президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы. Бұл мәселе жалпы білім
беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта
мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық
меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат
шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап
өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін
қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-
тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы
қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілікте
жетерлік. Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі
-білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың
нәтижесінің болмауы
-оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы
-сабаққа қызығушылығының төмендеуі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы
шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын
нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде
қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге
асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай
жасайды. Инновацияны жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме,
жаңашылдық, ал инновациялық үрдісті жаңа әдістеме құралы деп атауға
болады
Зерттеу гипотезасы: Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәтбиелеудің
міндеті жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология
бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып табылады.
Сондықтан танымдылық іс-әрекетті, белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі
мен құралдарының , т.б) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді.
Зерттеу мақсаты: Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру
қажет. Оқыту технология жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
-есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрын меңгергендерді пайдалана
отырып ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
-білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым
жүйесіне көшу;
-оқушы орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту
бағдарламасына өту.
Зерттеу міндеті: Педагогикалық технологияның басты міндеті оқушының оқу
танымдық әрекетін жандандыра отырып алға қойған мақсатқа толықтай жету
болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі
болып есептеледі. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру
мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістер
мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Зерттеу пәні: Білім беру үдерісінде педагогикалық технология бойынша
оқушылардың гумандық қасиетін қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: педагогикалық технологиялар бойынша әрбір баланың даму
тенденциясын алдын-ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
-қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін
технолгия дейді.
-нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы,
дамыта оқыту технологиясы, т.б)
-қасиеттері белгілі алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және
жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық
енгізбейді. Екінші анықтамада бсөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын
В.В.Давыдов, Д.Б.эльконин, Л.В.Занков, т.б.әдістемесі десе, қазір
технологиясы дейді. Екінші анықтамада технология ұғымы өндірі саласынан
педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына
жақын. Технология дегеніміз-өндірістік процесті және оның тәсілдерінің
ғылыми тұрғыдансуреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар,
себебі технологияның мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе?
“Білім - оқыту мен тәрбие” – деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес.
Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына кіс-әрекет тәсілдеріне
үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады.
Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Зерттеу базасы: Павлодар қаласының №2 мектеп 2 сынып оқушылары.
Зерттеу қайшылығы: педагогикалық технологиялар бойынша тұлғаның теориялық
ойлау жүйесін топтастыруды, сондай-ақ түрлі жағдаяттарда нақты шешім
қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізебілуге, өзінің іс-
әрекетін бағалай білуге үйретуді мақсат ету.
II
2.1 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттану
саясатына байланысты. 1997 жылдың 22-кыркүйегінде ҚР-ның Президенті
бекіткен мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының негізгі бір бағыты
қазіргі заманғы технологияны окыту процесіне тиімді пайдалану болып
табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану оқу
үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл оқыту
процесін толығымен өзгертуді қажет етеді.
Білім жүйесіндегі педагогикалық технология ғана емес, практикаға да
өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды.
Теорияның практикалық күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада
пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие
бола алады. Сонда ғана теория адамдар қажетін қанағаттандыратын,
практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға
технологиялық процестер аркылы ғана ене алады. Технологиялық процестер
нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне,
дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы, қолданбалы-нақты теория
мен технологияның азырақ пайдаланылуы, теория мен практиканың алшақтануына
алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада
технологияландыру процесіне қызығушылық туыңдап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа
әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады.
Осьлайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу
процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әр түрлі формадағы
мектептер мен авторлық жобалар пайда бола бастады, соның ішінде жаңа
педагогикалық технологиялардың, қазіргі заманғы талабын қанағаттандыратын
бағытқа қарай өзгеруде.
Оқыту мазмұнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынасының
өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына
байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке
тұлғаға бағытталған бағыт, маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының
өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген
педагогтер мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының
дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына
мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға
қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топ пен ынтымақтастықта қызмет ету
арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін-бірі тексеру,
талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады.
Оқыту технологиялардың пайда болуының себебі де, оның артықшылығы да
бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз дәстүрлі оқыту әдісінен де
айырмашылығы осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім де
қабылдамайды, проблеманың шешу жолдары да іздестірілмейді. Онда білім дайын
түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті
қанағаттандырмайды. Сондықтан да педагогикалық оқыту технологияның түрінің
көп болуы, оған койылатын талаптардың да әр түрлі болуы осы өмір
сұранысынан туындауы заңды.
Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын жүйелі пайдаланудың өзі
оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға тырысудан
туындайды.
Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін, тиімділігін дұрыс
түсіну үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді.
"Технология" деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде
педагогикалық теория мен практикаға толығымен енді. Технология грек сөзінен
аударғанда ("techne" — өнер, шеберлілік, "Logos" — оқыту деген мағынаны
білдіреді). Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық оқыту
технологияларына оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдына койған білім беру
мақсатына жету үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген
анықтама береді.
Оқыту технологияларының өндіріс технологияларынан ерекшелігі, оның өзгермей
ұзақ уақыт қалмауында, оның үнемі жетілдіріліп отырылуында.
Өткен ғасырдың 50-жылдарында оқыту процесіндегі пайда болған "білім
берудегі технология" кейінгі жылдары өзгеріп "педагогикалық оқыту
технологиялары" деген ұғымға айналды. Алғашқы кезде бұл ұғым ұзақ уақыт
талқыланды, ол екі бағытта берілетін болды. Бірінші бағыт оқыту процесінде
техникалық құралдарды пайдалану, ал екінші бағыт оқыту технологиясы.
Біртіндеп ғылыми технология процесінің дамуына байланысты 70—80 жылдары
"оқыту технологиясы" деген ұғым енгізілді. Бұл оқу-тәрбиелеу процесін
ұйымдастыруға пайдаланылатын әдістер мен құралдар жүйесі түрінде
қарастырылды.
Оқыту технологиялардың дамуы жолында педагогикалық ғылымда оқыту
технологияларының айналасында үлкен әңгіме тартыс болып келе жатыр.
Көптеген зерттеушілер оқыту технологиясында да басқа өндірістегі сияқты
құрал жасауға болады ма деген ой толғандырды. Бірақ әр кезеңде әр түрлі
ғалымдар бұл сұраққа әр түрлі жауап берді. Я.А. Коменский кезінің өзінде-ақ
осы проблеманы көтерген болатын. Бөл проблеманы зерттей келе мектепті ол
"тірі баспаханамен" салыстырып қарастырды да, мұғалімнің еңбегі
педагогикалық құралды игергенде ғана тиімді болады деген қорытындыға келді.
Көптеген педагогикалық әдебиеттерге сараптама жасай отырып, қазіргі кезде
оқытуды технологияландырудың қажеттілігі талас туғызбайтындығы, мұны оқыту
процесінде пайдалану арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған
білім бере алуға болатындығы анықталды.
"Оқыту технологиялары" өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. 60-
жылдарда окыту процесін технологияландыру бағыты қалыптасты. Оның
кальптасуы бағдарламалы оқытумен байланысты болды. Бұл бағыттың негізін
салушы американ психологы Б.Скиннер болды. Ғалымның ойынша оқу материалын
игерудің тиімді жолы, оны біріншіден, жүйелі бағдарламалы түрде беру мен
бағалаудың жоспарланылуы деп көрсетті. Бұл жылдардағы бағыт бойынша жұмыста
мұғалім жұмысы белгілі бір мақсатқа немесе белгіленген сценарий бойынша
жұмыс істеуге ғана бағытталды.
70-жылдары — "оқытудың ақпараттық технологиясы" пайда болды, бұл жылдары
білім бір-біріне байланысты ақпараттар компьютер бағдарламасы арқылы беруге
негізделінді. Бұдан кейінірек оқыту процесіне қашықтықтан оқыту келіп енді.
Бұл күрделі ақпараттық, бағдарламалық және әдістемелік бағдарлама болды.
80-жылдары техниканың дамуына байланысты “педагогикаға оқыту технологиясы”
енді. Бұл ұғымның әдістер, тәсілдер және құралдарды оқыту процесін тиімді
ұйымдастыру мен басқару үшін пайдаланатын жүйе екендігі анықталды. Қазіргі
кезең — окытудағы технологиялық бағыт дәстүрлі әдістерден тиімді екендігін
көрсетті. Оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану қажеттілік
болды.Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа
технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен,
педагогикалық үдерісті тұтас үдеріс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықта,
ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъекті қарым-
қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда. Осыған орай соңғы он
жылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі
инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен
тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда. Бүгінгі
таңда Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, П.М.Эрдниевтің дидактикалық
бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың
дамыта оқыту технологиясы Амонашвилвдің ізгілікті-тұлғалық технологиясы,
В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде
қарқынды оқыту технологиясы және т.б ғалымдардың технологиялары танымал.
Аталған технологиялар тұлғаның теориялық ойлау жүйесін топтастыруды, сондай-
ақ түрлі жағдаяттарда нақты шешім қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен
пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-бағалай білуге үйретуді мақсат етеді.
Демек оқу тапсырмалары бала үшін тек қана білім мазмұнын бекітудің,
меңгерудің жолы ғана емес, белгілі бір механизмдері мен әдістері негізінде
игеріліетін нәтижеге жетудің жолы болып табылады. Мектеп тәжірибесінде
жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер
бар. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі
қолдану жолдарын, инновациялық үдерістерді бір жүйеге келтіріп оның
педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізігі
факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады. Оқытудың
тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып біз
оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу
тәрбие үдерісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек.
Өйткені еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы негізгі мәселе – әлеуметтік – педагогикалық
және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа
әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану. Қазіргі мектеп жағдайындағы
білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс
–тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген психологиялық педагогикалық
жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде, өзіндік даңғыл жол салуға икемді,
шығармашылық педагогикалық зерттеуші болу, ал зерттеуші педагог өз кезінде
ізденуші шәкіртті тәрбиелеуді талап етеді. Қазіргі таңда оқылатын пәндердің
балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына , яғни
мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударуда. Сондай-ақ, жеке тұлға,
яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты
білім беру тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология
оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Мектептің Оқу
тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс- тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық
негіздері атты кезеңінде қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологияның
оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ашылып,
педагогикалық негіздер қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептердің
тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
мүмкіндіктерін қарастыра отырып, оқытудың жаңа технологиясына қойылатын
педагогикалық талаптар мен шарттардың теориялық негізі айқындалды. Оқу
тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық инновациялық технологияның түрлері,
әдістері, мақсаттар, міндеттемелері, мазмұны айқындалып, зерттелінді.
Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жүйесінде
практикада пайдаланып, оңды нәтижесін беріп жүрген жаңа педагогикалық
технологияны классификациясы жасалынды. Жаңа педагогикалық технологияларды
жетілдіру мен пайдалану кезеңдері (1920-2000 жылдар аралықтары) әр он
жылдыққа бөлініп мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері сараланды.
Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын
қолдаумен, тұлғаның өзін-өзі белсендендірумен, жеке тұлғаның дамуын ойлау
мен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын
таңдауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін
қоғамдық тәжірибені меңгеруге ерікті. Осы тұрғыдан Н.Д.Хмельдің берген
анықтамасы тиімді болып табылады. Педагогикалық технологиялар – теориялық
білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске
асыруға бағыртталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп,
тұлғаның да , ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтер мен
оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-
әрекеттер кешені. Шынында, педагогикалық технологиялар әрбір баланың даму
тенденциясын алдын-ала байқауға және борлжауға бағытталуы тиіс. Диагностика
нәтижесі бойынша педагогикалық процестің бөлігіндегі іс-әрекет жобаланады.
Қазіргі кезде педагогикалық лексикада педагогикалық технология ұғымын
қолдану әр түрлі түсіндірілетін бастапқы теория, әдістер, әдістеме,
технология, педагогикалық технология сияқты ұғымдарды саналы түсінуді, жете
зерттеуді талап етеді. Практикада кейде технология ұғымы әдістеме немесе
оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының синонимі ретінде қолданылыады.
Оқыту технологиясы – оқыту процесінің алдын ала жоспарланған, оқытудың
диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен
жету құралдары. Г.И.Саракцевтің пікірінше ,осы оқыту теориясы оқытудың
әдістемелік жүйесінің іске асу заңдылықтарын айқындайды, әдістеме оны
қолдануды қарастырады, ал технология бұл жүйенің үлгісін (моделін) жүзеге
асыру тәсілдерін қарастырады. Бұл тұрғыда технологияның рөлі мақсаттарды
диагносикалауға және шарттарды айқындауға (әдістер, формалар, құралдар,
байланыстар) яғни белгіленген мақсатқа жетуге мүмкіндік беруді жүзеге
асыратын жобалуға, процесіне жүгінеді. Сондықтан технология теория мен
әдістемені өзгертпейді, оларға негізделеді, оның тиімділігі олардың даму
деңгейіне тәуелді болады. Дәстүрлі әдістемелерде оқытудың мақсаттары
баңдарламалар талаптары бойынша жалпылама көмескі айқын емес болып келеді,
онда білім алушылардың нақты жағдайлары білім деңгейілері дұрыс
ескерілмейді. Басқаша айтқанда, педагогикалық технологиялар білім алушы
тұлғасын дамыту құралы болып табылады және педагогикалық процестің ерекше
сипаттамасын бейнелейді. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа
инновациялық педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты
білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру
оқытушының зейін-зердерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үдерісінде жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс-
тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Ғылыми
негізделген технология педагог пен оқушының іс-әрекетінде оқыту теориясы
мен әдістерінің проекциясы болып табылады. Жалпы алғанда, оқу – тәрбие
үдерісін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық технологияларын дұрыс
қолдана білсе, инновациялық технологияның берері мол. Оқытудың инновациялық
технологиялары оқыту үдерісін жандандырып, әрбір оқушының білімге, ғылымға
деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін
дамыта отырып, қоршаған ортаға байланысты көзқарасын жаңаша қалыптастырады.
Сонымен оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика
жетістіктерінен іздене отырып, оны жаңа өнімді әдістермен байытуды, білім
алуды оқушының өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды талап
етеді.
2.2 Бастауыш сынып оқушыларын рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі
ойшылдардың пікірі
Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы
тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі -
тәрбие. Тәрбие – мәңгілік және адамзаттық . Бұл ерекшеліктер ғасырдан
ғасырға , ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады.
Адамгершілік, оның ішінде рухани адамгершілікті оқушылардың бойына сіңіру
қаншалықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып,
ол туралы құнды-құнды ой пікірлерін қалдырды. Қазақ халқының арғы тарихымен
байланысты жеткен жазбаша деректердегі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі оқу, білім, рухани-адамгершілік, тәлімдік ой
пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов;
Х.Досмұхаметов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері
жөніндегі ой-пікірлері, аса құнды еңбектері бар. Өткен ғасырдағы
педагогика тарихына көз жіберсек, әл-Фараби, Ибн сина, фердауси,
Ж.Баласағұн, Я.А.Коменский, ИГ.Песталлоции, К.Д.Ушинский, А.С. Макаренко,
Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н. Толстой сияқты ойшыл оқымысты
ғалымдардың бірде бірі рухани – адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес. Ақыл ойдың
кеншісі – Әбу Насыр әл –фараби дүние жүзілік ғылыммен, даналық
болжамдарымен ықпал еткен ұлы ғалым. Ақылдың мәні туралы, Қайырымды
қала тұрғындарының көзқарасы, Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері,
Бақытқа жету жайында т.б еңбектерінің тағылымы мол. Әділдік,
инабаттылық, мейірім, жомарттық – адамгершілік көрсеткіші екендігіәр
саладан баяндалған. Тәрбие мәселесінде адамгершілікті бірінші орынға қойды.
Адамды бақытқа жеткізетін даналық жол қайырымдылық, имандылық адамгершілік
екендігін әр жақты дәлелдеді. Ал оған жетудің кілті тәлім – тәрбие, адамның
өзін өзі тежей білуі екендігін айтып: ...адамгершілікке негізделген
татулық, жарасымдылық келісе білушілік бақытқа жеткізеді, - деп құнды ой-
пікірлер айтып кеткен. Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр
болған ойшылдарының тәрбие жөніндегі даналық ойларын шола қарағанда ХI
ғасырдың ұлы мұрасы, Жүсіп Баласағұнның Құтты білік еңбегінің орны
ерекше. Өзі өмір сүрген уақыт деңгейінен Жүсіп Баласағұн Құтты білікте
(1609жылы жазылған) рухани – адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі
тәлімдерді келер ұрпаққа бағыштаған. Бұл дастан 72 тараудан тұратын 6600
тармақ болса, онда – Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат деп аталатын бейнелік
есімдер арқылы аталып отырған төрт қасиет суреттелген. Дастандағы
кейіпкерлер кеңесінде өмір сүрудің ережелері, мінез-құлық, ақыл-ой
адамгершілік әдептерінің озық үлгілері, дидактикалық таным-түсініктер
суреттелген. Ғасырлар қойнауында жатқан жазбаша жеткен мұралары жөнінде сөз
еткенде ХII ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауиді айта аламыз. Қожа
Ахметтің Диуани хикмет (Даналық кітабы) әдебиеттің алтын қорына
қосылатын туынды болуымен бірге, тәлім-тәрбиелік пайымдауларының да мәні
зор. Сопылық жолға берік бекіген бабамыз ұстанған тәрбиелік қағидасы –құдай
жолына берілуге негізделген әділеттілікті тұтыну. Ойшыл ұстаздың тәрбие
жөнінде бере ақылы – ешкімге қиянат жасама, зәбір көрсетпе, дүние құмарлық
пен баққұмарлыққа салынба, жоқ-жітік кетіктерге шын ниетіңмен
жәрдемдес.Тәрбие арқылы бойға сіңірілетін өмір сүрудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz