ҚР-дағы еңбек нарығындағы басты проблемалар



Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ү. Байжомартов, «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994 жыл.
2. Шеденов ¤. Ќ. «Жалпы экономикалыќ теория» Аќтµбе – 1999
3. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев «Экономикалық теория», оқу құралы
4. Бейсенов С. Инфраструктура рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
5. Бейсенов С. Рынок труда // Экономика и жизнь - 1992 г. - № 3.
6. Вамек А. “Янтарь”: формируется рынок труда // Человек и труд - 1993 г. - № 8.
7. Голодец О. Критическая ситуация на региональных рынках труда // Вопросы экономики - 1997 г. - № 2.
8. Дадашев А. Региональный рынок труда в России: формирование и эффективность управления. // Вопросы экономики- 1995 г. - № 5 - стр. 63-70.
9. Заславский И. Характеристика рынка труда. // Новая жизнь - 1995 г. 18.07
10. Конкина А. На рынке труда // Новая жизнь - 1995 г. - 18.07
11. Маслова И. Особенности российского рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 3.
12. Подшибякина Н. Рынок труда и единое экономическое пространство // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
13. Рынок труда: цифры и факты // Рудный Алтай - 1994 г. - 17 февраля.
14. Трудовой поворот к рынку М. - 90 г.
15. Четвернина Т. Государственные и государственные приоритеты на рынке труда // вопросы экономики - 1997 г. - №2.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Реферат

Тақырыбы: ҚР-дағы еңбек нарығындағы басты проблемалар

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы,
яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне
сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін
реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға
болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ
тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде
теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш
күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша
өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс
орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп
отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл
кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды:
кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың
санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді
өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға
пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты
кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады.
Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі
қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң
бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана
мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда жас маман институты, белгілі бір кезеңге
мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты
өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз
жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің
қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде,
елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі
жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне
тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және
әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті
ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық
жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі
жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі
бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет
жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған
жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш
Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық
принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы Финляндияда
өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі
мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен
олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар.
Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған
адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту
мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол
көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған диплом
бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс
жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтыың орын алып отырғанын
көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп
жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Атап өту керек – бұл процесс
өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің
нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік
секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын
жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу
қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік
бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан
шикізаттың және жабдықтардың кардарлығы өндіріс қуатының толық
пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп
соқтыруда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс
болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір
мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе
нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда
экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Соңғы
жылдары экономикадағы жүйелi шаралар жұмыспен қамтудың ұлғаюымен және
жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен қатар жүрдi. Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу шаралары жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, шағын
кредит беру, жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды дамыту жолымен
бiрте-бiрте белсендi сипат алуда.
Еңбек рыногының мониторингi жүзеге асырылуда. Еңбек заңнамасы
жетiлдiрiлуде. Еңбекақы төлеу саласындағы ахуал тұрақтандырылуда. Ең
төменгi және орташа жалақының өсуi байқалуда. Бюджеттiк сала
қызметкерлерінің еңбекақысын реттеу үшiн бiрыңғай тұжырымдамалық негiз
жасалды.
      Сонымен бiрге, бұл салада жасырын жұмыссыздық, заңсыз еңбек көшi-қоны
проблемалары орын алуда. Оқу орындарында мамандар даярлау, жұмыссыздарды
оқыту мен қайта оқыту нақты экономиканың сұранысынан кейін қалып отыр.
Жұмысқа орналаспаған азаматтардың кәсiби бiлiктiлiгiнiң төмендігі еңбек
рыногының қажеттіліктерiне сай келмеуде.
      Кәсiпорындардағы еңбектi қорғау тиiстi деңгейге қойылған, нәтижесiнде
өндiрiсте зардап шегушілер саны едәуiр күйiнде қалып отыр. Экономиканың
жекелеген салаларындағы жалақы деңгейi төмен күйінде қалуда.
Негізгі мақсаты жұмыспен қамту саласында елдiң экономикалық даму
қарқынына сай белсендi саясат жүргiзу. Жұмыс орындарын сақтау және жаңа
жұмыс орындарын құру, еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сай жұмыссыздарды
кәсiби даярлау және қайта даярлау сапасын жақсарту, еңбек қатынастарын одан
әрi заңдастыру, еңбек қауiпсiздiгiн арттыру, өнеркәсіптік өндiрiстiң
инновациялық даму проблемаларына барабар ден қоя алатын жоғары біліктi
кәсiби кадрлармен қамтамасыз ету.
Оның шешу жолдары: жұмыссыздықтың өсуiнің алдын алу, жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндiрiстiң, аграрлық сектордың
инновациялық дамуына жоғары бiлiктi кадрлардың қажеттілiгiн қамтамасыз ету
мақсатында 2004 жылы жұмыспен қамтудың кешендi бағдарламасы әзiрленедi.
2006 жылға дейiнгi кезеңде елдiң еңбек ресурстарының кәсiби даярлығы
жүйесiн сапалы жетілдiру, тиiмдi пайдалану, iшкi еңбек рыногын қорғау және
еңбек көші-қоны ағынын реттеу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтiк құқықтарын қорғау, жұмыс
берушілердің мүдделерiн ескеру, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 2005
жылы Еңбек кодексi, 2004 жылы Еңбек қауіпсiздiгiн және оны қорғауды
қамтамасыз ету бағдарламасы, еңбек қауiпсiздiгiн және оны қорғау жөніндегi
салалық нормативтік құқықтық актілер қабылданады, еңбек заңнамасы
жетiлдiрiледi.
Жұмыс күшiнің сапалық әлеуетiн арттыру үшiн негiз ретiнде жалақыны
өсiруге бағытталған саясат жалғастырылады, бюджеттік сала қызметкерлерiне
еңбекақы төлеу жүйесi жетілдiрiледi.
Жұмыс берушiлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы
Жастарға арналған бағдарламалар
Карантин уақытындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамту
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары
Еңбек биржасы
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі
Пәндер