Саяси жүйелердің қазіргі кездегі түрлері



Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазіргі кездегі саяси жүйелер түрлері
1.1 Америка Құрама Штаттарының саяси жүйесі
1.2 Франция Республикасының саяси жүйесі
1.3 Германия Федеративті Республикасының саяси жүйесі
1.4 Ресей Федерациясының саяси жүйесі
1.5 Қытай Халық Республикасының саяси жүйесі
1.6 Иран Ислам Республикасының саяси жүйесі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі әлемде қаншама мемлекеттер бар, солардың әрқайсысының дамуы , өркендеуі , құлдырауы, экономикалық бағыты, ұлттық идеалогиялары сан түрлі. Осыған орай мемлекеттердің даму қарқыны , өмір сүру кейпі де бір-бірінен ерекше. Осы ұсынып отырған жұмысымда өздеріңізге әлемде ерекше мінезімен көзге түскен ұлы алпауыт державалардың алтауымен таныстыруды көздеп отырмын. АҚШ, Франция, Германия, Ресей , Қытай, Иран мемлекеттерінің осындай жетістіктерге жетіп дүние қожайындарына айналуларының басты себебін ашып айтқым келіп отыр. Олардың бар сиқыры саяси жүйелерінің мықтылығанда . Жалпы қазіргі адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократиялану үрдісіне бет алғанда кезінде алдыңғы қатарлы ел болу үшін алдымен жеке адамның құндылықтарын қадірлеу керектігі бәрімізге мәлім. Осы теорияға айналасында зерттеу жүргізу арқылы мен жоғарыда айтылған алты мемлекеттің саяси жүйесіндегі ел азаматтарының рөлі қандай деген сұраққа да жауап іздедім . Сонымен қатар идеалды саясатты ұстанған елді тануға тырыстым. Идеалды мемлекетте барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы болуы керек , үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған. Осы сынды сұрақтардың жауабын менің ұсынып отырған жұмысымнан табатындарыңызға сенімдімін.
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Иран қатынастары Алматы 2005
2. История Франции Арзаканян М.Ц. Дрофа, 2007
3. Владимир Путин: четыре года в Кремле , Рой Медведев,Москва ,2004
4. Внешняя политика Германии , М.Ш. Губайдуллина
5. Современная политическая история России ,том 1 Ю.В Лебедев, Ю.Д. Новиков
6. АҚШ үкіметінің негіздері .Роберт Тэйлор
Современные США , Москва 1988
7. Правовая система США. В.Ш. Шумилев
8. Страны мира энциклопедия
Китай. Болшая энциклопедия, 20-21 беттер.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Саяси жүйелердің қазіргі кездегі түрлері

(АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Иран )

Астана 2012 ж

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қазіргі кездегі саяси жүйелер түрлері

1. Америка Құрама Штаттарының саяси жүйесі

2. Франция Республикасының саяси жүйесі

3. Германия Федеративті Республикасының саяси жүйесі

4. Ресей Федерациясының саяси жүйесі

5. Қытай Халық Республикасының саяси жүйесі

6. Иран Ислам Республикасының саяси жүйесі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі әлемде қаншама мемлекеттер бар, солардың әрқайсысының дамуы
, өркендеуі , құлдырауы, экономикалық бағыты, ұлттық идеалогиялары сан
түрлі. Осыған орай мемлекеттердің даму қарқыны , өмір сүру кейпі де бір-
бірінен ерекше. Осы ұсынып отырған жұмысымда өздеріңізге әлемде ерекше
мінезімен көзге түскен ұлы алпауыт державалардың алтауымен таныстыруды
көздеп отырмын. АҚШ, Франция, Германия, Ресей , Қытай, Иран
мемлекеттерінің осындай жетістіктерге жетіп дүние қожайындарына
айналуларының басты себебін ашып айтқым келіп отыр. Олардың бар сиқыры
саяси жүйелерінің мықтылығанда . Жалпы қазіргі адамзат қоғамы өркениетті
дәрежеге жетіп, демократиялану үрдісіне бет алғанда кезінде алдыңғы қатарлы
ел болу үшін алдымен жеке адамның құндылықтарын қадірлеу керектігі
бәрімізге мәлім. Осы теорияға айналасында зерттеу жүргізу арқылы мен
жоғарыда айтылған алты мемлекеттің саяси жүйесіндегі ел азаматтарының рөлі
қандай деген сұраққа да жауап іздедім . Сонымен  қатар идеалды саясатты
ұстанған елді тануға тырыстым. Идеалды мемлекетте барлық адамдардың өмір
сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы болуы керек
, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық
мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл
сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар:
өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну
керектігі,т.с.с.айтылған. Осы сынды сұрақтардың жауабын менің ұсынып
отырған жұмысымнан табатындарыңызға сенімдімін.

Америка Құрама Штаттарының саяси жүйесі

“Конституциядағы бұл тұжырым
алдағы ұзақ мерзімдерде
тұрақтылығымен де , сондай-ақ ,
адамның іс-әрекетіндегі орын алуы
мүмкін аумалы – төкпелі жағдайларға
да бейімділігімен құнды.” – Джон
Маршалл, Жоғарғы сот басшысы ,
МакКалоч, Мэриленд штаты, 1819 жыл
.

АҚШ конституциясы 1787 жылы мамыр-қыркүйек айларында Филадельфияда
конституциялық конвентпен құралып, қабылданған еді. Оған 12 штаттан 55
делегат қатысты. Конвенттке қатысушыларды тарихтың жаңа парағын ашқандары
үшін және бүгінгі таңға дейінгі ең үздік конституция жасағандары үшін “
негіздеуші әкелер” атап кеткен . Олар өмірдің сан алуан мүддесін, тарихи
болмысын , күй-жайын бейнелеп көрсетуге тырысты . Бірақ бәріде
Конституцияның преамбуласындағы мына тұжырымға келісті: “Біз Америка
Құрама Штаттарның халқы, іргелі одақ құру үшін , әділетті қоғам құру үшін,
отанда тыныштық орнату үшін , бүкілодақтық қорғаныс пен жалпы халықтық
ауқаттылық үшін және өзіміздің , біздің ұрпақтарымыздың болашағы үшін,
азаттықтың игілігі үшін осы Конституцияны Америка Құрама Штаттарын арнап
қабылдап отырмыз. ”

АҚШ-тағы билік бөлінісінің басты қағидасы – Конгресс, Президент және
Жоғарғы соттың ұйымдасқан түрдегі бөлінсі мен бір-бірінен толықтай
тәуелсіздігі . Олардың арасында бір-біріне бағынушылық жоқ . Биліктің
әрбір бұтағының тек өзіне тиесілі қызметі бар . Атқарушы билік
қызметкерлері конгресмен бола алмаса , заң шығарушылардың атқарушы билік
органдарында жұмыс істеуге құқығы жоқ . Барлық

АҚШ Конституциясы –Америка мемлекетінің маңызды қызмет құралы және
елдің Ата Заңы . Екі жүз жыл бойы ол үкімет институттарының өркендеуіне
басшылық жасап, бағдар бере отырып, елдегі саяси тұрақтылықтың , жеке
бостандықтың , экономиканың дамуына дәйекті ықпал жасап , прогресстің түп
негізін қамтамасыз етіп келеді. Америка Конституциясы – әлемдегі осы
уақытқа дейін өз күшін толық сақтап отырған ерте, алғашқы қабылданған
Конституция. Ол дүние жүзіндегі басқа елдердің конституцияларына үлгі
болғанын атап өткен де жөн болар. Конституцияның құдіреті оның икемділігі
мен қарапайымдылығына байланысты. 18 ғасырдың соңғы кезінде алғашқы
қабылданған бұл Конституция Атлантика жағасындағы 13 штатқа , оның 4
миллион тұрғындарының қоғамдық өміріне басшылық атқарды. Оның негізгі
ережелерінің өміршеңдігі сондай 27 ғана түзетумен ол бүгінгі Атлант
мұхитынан Тынық мұхитқа дейін созылған 50-ден аса штаттардағы 260 миллион
американдықтардың тілектеріне , тыныс-тіршілігіне абыройлы қызмет етіп
келеді . Адамзат қоғамында төрт құбыласы түгел құбылыстар бола бермейді .
Мүмкін АҚШ Конституциясының да өзіне жасалған түзетулерге қарамастан осы
күнге шейін кемшіліктері бар шығар, олар болашақтағы орын алуы мүмкін
дағдарысты шақтарда айқын болып көрінетін де шығар . Бірақ екі ғасыр
бойы оның өміршеңдік танытуы , қоғамның, маңдай алды дәрежеде өркендеуіне
ықпал етуі , 1787 жылдың жаз бойы жұмыс істеп американ үкіметінің негізін
қалаған 55 адамның болжауын толық дәлеледеді.

“ Маңызды өзгертулерге қарамастан түпдерек Конституциясы осы күнге
дейін әр Американдықтың өмір тіршілігіне қызмет етіп жүр. Өйткені , оның
құрастырушылары данышпандық танытты, аз сөзбен көп мағына бере отырып оның
мазмұның нақты тұжырымдады. Конституциялық Конвенттің белгілеп қойған
жоспары бойынша мемлекеттің өсіп-өркендеуіне жол ашты. Сөйтіп
Конституцияның мұраттары іске асырылғанда оның айбындылығы жоғарылай
бергені соншама, ол тіпті жеке адамдардың, әлеуметтік құрылымдардың ой-өріс
ауқымынан әлде қайда жоғары тұрды. ”

Арчибальд Кокс

(Бұрыңғы АҚШ-тың Әділет министрінің орынбасары)

Үкіметтің принциптері

Конституцияның алғашқы қабылданған нұсқасы түрлі өзгерістерге
ұшырағанымен оның негізгі принциптері 1789 жылдағы түрінде сақталып
қалды.

Мемлекетттік биліктің үш тармағы – атқарушы билік , заң шығарушы
билік және сот билігі бір-бірінен тәуелсіз, жеке дара, дербес. Сөйте тұра
билік тармақтары өзара тепе-теңдік сақтайды. Әр билік тармақтары басқа
екі билік тармағының артық мүмкіншілігін доғарып, тежеп тұрады.

Президент ұсынған, Сенат құптаған Конституция өзінің тұжырымдарына
сәйкес қабылданған басқа заңдардан, алуан түрлі нормативтік актілерден,
және ережелерден жоғары болып саналады.

Азаматтардың бәрі де заң алдында тең және бәрі де заңды қорғауға тең
құқылы. Штаттардың бәрі тең, ешбір штатқа феодалдық үкімет ерекше тәртіп
көрсетпейді. Конституция талаптарының шеңберінде әрбір штат басқа штаттың
заңын құптауға және оған өз құрметін көрсетуге тиіс. Штаттың үкіметі
федералдық үкіметке сәйкес демократиялық сипатта болуы керек , ал биліктің
қайнар көзі – халық .

Конституцияда анықталғандай халықтың заң арқылы ұлттық үкіметтің
түрін өзгертуге құқығы бар .

Америка Құрама Штаттар үкіметі

Франция Республикасының саяси жүйесі

Француз мемлекетi елу миллион тұрғындарға бөлшектенген.

Пьер Данинос

Франция – аспан патшалығынан кейінгі әлемдегі ең ғажайып
бекзаттық.

Гуго Гроций

Франция – біртұтас , зайырлы, республикалық басқару формасын
ұстанған демократиялы және әлеуметтік мемлекет .  Батыс Еуропадағы ең ірі
мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның
құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ
аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай
департамент (Кариб теңізі алабындағы  Гваделупа,  Мартиника, Оңтүстік
Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы  Реюньон,  Атлант мұхитындағы Сен –
Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл
иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін гексагон (алтыбұрыш) деп
атайды.

Франция әкімшілік құрылымына қарай 22 аймаққа, 96 департаментқа,
36565 коммуннаға бөлінеді. Ірі қалалары – Париж, Лион(1,3млн ), Лилль(1,0
млн ), Ницца(0,8 млн), Тулуза(0,8 млн ), Бордо(0,7 млн). Референдум
жолымен 1958 және (иммиграция туралы сұрақ бойымен) 1993 түзетулермен
(президенттiң сайлауы туралы сұрақ бойымен) 1962, (сәйкесiнше Маастрихт,
Амстердам және келiсiм шарттарының Ниццкогосы қол қоюмен байланыста) 1992,
1996, 2000 қабылданған конституция жұмыс iстейдi. Басқарудың формасы 1958
- жартылай президенттік республика: конституцияда президенттің
басымдылығы,парламент алдында жауапты еместігі айқын көрсетілген , дегенмен
ол үкiмет басшысы болып табылмайды. Франция Президенті – Николя Саркози.
Президент – француз саяси жүйесiнде маңызды фигура. Президентті 18 жасқа
толған кез келген Франция азаматы жалпыға бiрдей дауыс беру арқылы бес
жылдық мерзiмге сайлай алады. Конституцияның сақталуын , мемлекеттің
мирасқорлығы мен атқарушы биліктің жүйелі әрі тиісті қызметін қамтамасыз
ететін ұлттық төрешінің өз рөлін дұрыс орындауын бақылау.

Президент - ұлт азаттығы және аймақтық бүтiндiктің, Францияның
қабылданған халықаралық мiндеттемелерінің сақталуының кепілі. Елдің
жоғарғы бас қолбасшысы, халықаралық аренада ел бастап барып, әлемге
танытатын да президент болып табылады, сонымен қатар жоғарғы азаматтық
және әскери лауазымды адамдарды тағайындайды. Премьер-министрдi тағайындау
және соңғы кабинеттің өкілеттілігің тыйылуына байланысты жаңасын құру
құқығына ие. Президент кабинет мәжiлiстерiнде төрағалық етедi және оның
шешiмiн бекiтедi.

Француз парламентi екi палаталардан тұрады - Ұлттық жиналыс және
Сенат. Ұлттық жиналыстың депутаттары барлығына ортақ тең және құпия дауыс
беру арқылы бес жыл мерзiмге сайланады. 1986 жылдан бастап Ұлттық жиналыс
депутаттарының саны - 577. 1 депутаттықмандатқа 100 мың сайлаушыдан
келеді.Парламентке барлық 96 департаменттен 5%-дық тосқауылды өткен
партиялар ғана өтеді. Парламенттiң мүшелерi атқарушы өкiмет
құрылымдарындағы қызметiн атқаруға құқығы болмайды. Кәдiмгi жыл сайын
парламенттiк сессия кемiнде 120 күндерге созылады. Ерекше мемлекеттiк
маңызды сұрақты талқылауы үшiн премьер-министр немесе Ұлттық жиналыстың
мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң өтiнiшi бойынша өте сессияның шақыруын мүмкiндiк
ескерiлген; оның ашылып жабылуы ел Президентінің ерекше декреті бойынша
iске асады. Ұлттық жиналыстың заң шығару қызметiнiң саласы Конституцияда
жазылған және азаматтардың азаматтық құқық пен бостандықтарын қамтамасыз
етуге 12 бағыттармен шектелген; азаматтық және қылмыстық құқықтың негiзгi
мәселелерi; ұлттық қорғаныс; сыртқы саясат; меншiк қатынастарды заңға
сүйенген реттеу; екiбастан, национализация және жекешелендiру, салық өндiру
және бюджеттi ақшалай эмиссия және бекiту. Қарастыру және бюджеттi бекiту -
Парламента негiзгi мүмкiндiк үкiметтiң қызметi тексеру; депутаттарға және
де ұсыныс енгiзуге рұқсат етiлмейдi, бастаушы бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң
өсулерiне. Заң шығарушылық (Конституция қойылған сан) шеңберiнде 6 тұрақты
комитеттер iске асады. Олар 60—120 депутаттар қосады; үкiметтi жақтаушы
партиялардың өкiлдерi оларда өзгерiссiз төрағалық етедi.

Парламенттің жоғарғы палатасы - (317 мүшелер) Сенатты екi дәрежелi
дауыс берумен сайланады және әрбiр 3 жылда үштен бiрі жаңарып отырады.
Сенат құрылымы Ұлттық жиналыстың құрылымына ұқсас. Сенат, төменгi палатаға
қарағанда, үкiметтiң қызметiн тоқтата алмайды; Сенат Ұлттық жиналыс
қабылдаған заңдарды кейiнге қалдыратын тыйым құқығына ие .

1982 жылдан бастап атқарушы өкiмет - (бұған дейiн премьер-министр
тағайындалатын префекттермен iске асты) сайлау арқылы тағайындалады..
Сайланбалы органдардың департаменттерi деңгейінде бас кеңестер болып
табылады, өлкелер деңгейінде - аймақтық кеңестер.

Францияның екiншi негiзгi партиясы — 1971 СФИО базасы негізінде
құрастырылған ФСП Социализм қоғамның бiртiндеп өзгеруiнде өз есебiн
бағытында нарықтық экономиканың сақтауында көреді.

Германия Федеративті Республикасының саяси жүйесі

Германия Федеративті Республикасы - басқарудың республикалық
формасын ұстанған, демократиялық, федерациялық, заңға сүйенген және
әлеуметтiк мемлекет. 23 май 1949 қабылданған (Конституция ) негiзгi заң
ретінде жұмыс iстейдi. Заңда азаматтардың негiзгi бостандықтары, олардың
еркін дамуы және оның қадір-қасиетін қорғау(бұл немiстерге ғана емес
шетелдiктерге де қатысты) теңдiктiң қағидасы,заңға бағынушылық, билiктiң
бөлiнуi қағидасы бекітілген. Заңға сүйенген мемлекеттiң идеясы әлеуметтiк
мемлекеттiң қағидасымен толықтырады: мемлекет мiндеті әлеуметтiк
әдiлеттiктi қамтамасыз етіп, әлеуметтiк әлсiздерді қорғау. Федерациялық
құрылымның конституциялық қағидасы мемлекеттiк сатусқа федерация ғана емес,
16 федералды аймақтың әрбiрi де ие болатынын бiлдiредi. Заңда федерациямен
және аймақтар арасындағы құзырлардың бөлiнуi айқын жазылған , ең үлкен 10-
шi бөлiмде жеке алғанда - салық және (бюджеттiк федерализмның қағидасы,
қаржы теңестiруiн тетiк) бюджеттiк салалардағы өкiлеттiктердiң бөлiнуi
айқын ашылған. Германия классикалық федеративті мемлекеттiк бағыттағы ел
болып есептеледi. Федералды жерлер - бұл, провинция емес, республикалық,
демократиялық, заңға сүйенген және әлеуметтiк мемлекеттiк қағидаға сәйкес
келетiн өз Конституциясы, билік органдары (сайлау заң шығару органдары -
ландтагтер және үкiмет премьердiң бастауымен - министрлармен) бар мемлекет
болып табылады.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы –
конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық
президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі
Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. 
Жер қауымдарға , қалаларға округтарға (соңғылары бiрнеше қауымдар мен
қалаларды бiріктіреді ; iрi қалалар округтер құрамына кiрмейдi)жіктеледі.
Оларда негiзгi заңмен кепiлдендірілген тұрмыстық өзiн-өзi басқару iске
асады. Мемлекет басшысы - федералды президент. Оны әдейі шақырылған
Федералды жиналыс пен конституциялық орган 5 жыл мерзiмге сайлайды.
президент көрнекi функцияларда орындайды(ең алдымен халықаралық-құқық
саласында ), елшiлерді тағайындайды, федералды сотты тағайындап жұмыстан
шығарады сонымен қатар ол парламенттiк таңдаулардың нәтижелерi бойынша
федералды канцлердiң орынына кандидатураны бундестагке ұсынады және
бундестагты тарата алады. Президент күнделiктi саяси күрестiң үстiнде
тұрған партия үстiндегi бiрiктiретiн фактор болады, бiрақ тап ол азаматтар
үшiн саяси және қоғамдық бағдарлар құрастырады. Германия парламенті екі
палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады.
Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық
президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын
тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді.
Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603
депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық
Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді.
Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела
Меркель. 
Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді.
Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті
алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы
құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған
Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела
Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және
әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы;
Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990
жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг
сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық
партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік
одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды
Демократиялық социализм партиясы алды. 
Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі
салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және
фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне
қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше
маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-
түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық
теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. 
Германияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың түрлері
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Құқықтық жүйе
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Саяси жүйенің деңгейлері
Саяси билік және саяси жүйе
Саясаттану пәні
Саяси жүйе туралы
Мемлекеттің экономикалық функциялары
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау
Пәндер