Атмосфералық ауа гигиенасы



1.Атмосфера жайлы жалпы түсінік
2.Атмосфераның физикалық және химиялық қәсиетінің гигиеналық маңызы.
3. Ауаның химиялық қүрамы.
4.Жылу алмасу.
5.Ауа қысымы және оның гигиеналық маңызы.
6.Ауа райы,климат,микроклимат, инсоляция олардың гигиеналық маңызы
7.Кун радиациясы және оның гигиеналық маңызы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Атмосфера - жерді қоршаған ауа қабаты, ал ол газдардың қоспасынан тұрады. Ауаның негізгі белігі (90%-на дейін) 15 км-ге дейінгі биіктікте орналасады, яғни басым бөлігі тропосфера, ал қалған бөлігі 48 км-ге дейінгі биіктікте немесе стратосфера қабатында (9,99%) орналасқан. Атмосфераның ең жоғары қабатында небары 0,01% ауа болады. Жер бетінен 50 км-ден 80 км-ге дейінгі аралықта мезосфера қабаты, 1000 км-ге дейін ионосфера, 3000 км-ге дейін экзосфера, 50000 км-ге дейін магнитосфера қабаты орналасқан. Жер бетіндегі газ қабықшасының қалыңдығы - 50000 км. Атмосфераның физикалық жэне химиялық қасиеттерінің гигиеналық маңызы зор. Біріншіден, олар адамның функционалдық жағдайларының дэрежесін аныктайды, екіншіден, атмосфералық ауаны ластайтын заттардың айналымына эсер етеді. Демек, осы 2 жағдай адамның денсаулығына әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның химиялық қүрамы
Ауаның химиялық қүрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) түрады. Осы негізгі 4 қүрамдас атмосфераның табиғи газдық қүрамының 99,99% - ын күрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон жэне т.б. инертті газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс кезінде 30 л, жүмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жүтады. Ауаның физикалық және химиялық қүрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс эсерін тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының түрақтьлығы және оның таза болуы онда жүретін табиғи өзін-өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп түрады. Өзін-өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел ластанған ауаны елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр ауаның қүрамындағы зиянды заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялық эсері, микроорганизмдер, ауа қүрамындағы органикалық жэне басқа да қоспаларды тотыктырады, өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып, ауаны оттегімен толықгырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін-өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза үстау үшін жеткіліксіз, сондықтан атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.
Ауаны орташа тэуліктік түтыну 15-30 м3-тай болады. Оттегі, азот және инертті газдар ауаның тұрақты қүрамды бөліктері больш табьшады және олардың ауадағы қатынасы іс жүзінде барлық уақытта бірдей.
1. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
2. Шарманов Т111 - «Экономика здавоохранения и перспективы государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-Вашингтон, 2000 ж.
3. Габович РД.- «Гигиена», Мәскеу, «Медицина», 1990 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
5. Сералиева М.Ш., Ипакбаева Ү.С. - «Тағам гигиенасы», Шымкент, 2009 ж,
6. Көшімбаева С.А. - «Ауыз судьң сапасын нормалаудың

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА ГИГИЕНАСЫ

Жоспар

1.Атмосфера жайл жалпы түсінік
2.Атмосфераның физикалық және химиялық қәсиетінің гигиеналық маңызы.
3. Ауаның химиялық қүрамы.
4.Жылу алмасу.
5.Ауа қысымы және оның гигиеналық маңызы.
6.Ауа райы,климат,микроклимат, инсоляция олардың гигиеналық маңызы
7.Кун радиациясы және оның гигиеналық маңызы.

Атмосфера - жерді қоршаған ауа қабаты, ал ол газдардың қоспасынан тұрады.
Ауаның негізгі белігі (90%-на дейін) 15 км-ге дейінгі биіктікте орналасады,
яғни басым бөлігі тропосфера, ал қалған бөлігі 48 км-ге дейінгі биіктікте
немесе стратосфера қабатында (9,99%) орналасқан. Атмосфераның ең жоғары
қабатында небары 0,01% ауа болады. Жер бетінен 50 км-ден 80 км-ге дейінгі
аралықта мезосфера қабаты, 1000 км-ге дейін ионосфера, 3000 км-ге дейін
экзосфера, 50000 км-ге дейін магнитосфера қабаты орналасқан. Жер бетіндегі
газ қабықшасының қалыңдығы - 50000 км. Атмосфераның физикалық жэне химиялық
қасиеттерінің гигиеналық маңызы зор. Біріншіден, олар адамның функционалдық
жағдайларының дэрежесін аныктайды, екіншіден, атмосфералық ауаны ластайтын
заттардың айналымына эсер етеді. Демек, осы 2 жағдай адамның денсаулығына
әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның химиялық қүрамы
Ауаның химиялық қүрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан
(0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) түрады. Осы негізгі 4 қүрамдас
атмосфераның табиғи газдық қүрамының 99,99% - ын күрайды. Қалған 0,01%
бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон жэне т.б. инертті
газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс
кезінде 30 л, жүмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жүтады. Ауаның
физикалық және химиялық қүрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс эсерін
тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының түрақтьлығы және оның таза болуы онда
жүретін табиғи өзін-өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп түрады. Өзін-
өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел ластанған ауаны
елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр ауаның қүрамындағы зиянды
заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялық эсері, микроорганизмдер,
ауа қүрамындағы органикалық жэне басқа да қоспаларды тотыктырады,
өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып,
ауаны оттегімен толықгырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін-
өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза үстау үшін жеткіліксіз, сондықтан
атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.
Ауаны орташа тэуліктік түтыну 15-30 м3-тай болады. Оттегі, азот және
инертті газдар ауаның тұрақты қүрамды бөліктері больш табьшады және олардың
ауадағы қатынасы іс жүзінде барлық уақытта бірдей.
Оттегі - ауаның маңызды қүрамдас бөлігі. Адамдар мен жануарлар-дың өмірі
үшін, жану және тотығу процесі үшін өте қажет. Ашық атмосферада оттегі
мөлшерінің ауытқуы қатты байқалмайды. Адам

ағзасында физиологиялық өзгерістер ауа қүрамындағы оттегінің мөлшері 16-17%
төмендегенде байқалады, ал оттегінің мөлшері ауа қүрамында 11-13%
төмендегенде адамда айқын оттегі жетіспеушілігі байқалады. Бұл кезде
адамның жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Ауа қүрамындағы оттегінің мөлшері 7-
8% төмендегенде адам оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.
Парциалды қысымның төмендеуі адамдар мен жануарларда оттегі жетіспеушілігін
тудырады (қанның оттегімен қанығуы төмендейді). Оттегінің жетіспеушілігі,
оттегінің парциалдық қысымының төмендеуінен пайда болады, мысалы, ондай
өзгеріс адам самолетте ұшқан кезде байкалады, оны биіктік ауруы деп те
атайды. Бүл мәселені оттекті приборлар, скафаңцрлар жэне самолет
кабиналарына ауаны компрессорлардан өткізіп беру арқылы шешуге болады.
Мұндай өзгеріс адам тауға көтерілгенде де байқалуы мүмкін. 3000 метр
биіктікке көтерілгеннің өзінде-ақ адамда тау ауыруы пайда болуы мүмкін.
Бұл кезде ағзада, aұлпаларда тотығу процесі бұзьлады, адам өзін нашар
сезінеді, тыныс алуы жиілейді. Тау ауруының алдын алу үшін адам өзін-өзі
шьшықтырып, акклиматизацияға үйрету керек. Үнемі тауға шығып, шынығып
жүрген адамдар жэне үнемі тауда тұратын адамдар оттегінің жетіспеушілігін
сезінбейді.
Оттегінің аз концентрациясы жабық бөлмелерде кеп адам болған кезде
байқалады. Мысалы, су асты кемелерінде апат болған жағдайда, шахталарда,
қолданылмайтын кұдықтарда оттегін басқа газдар ығыстырып шығаруы мүмкін.
Медиктерді оттегінің жоғары концентрациясының адам ағзасына эсерінің
ерекшелігі қызыктырады. Медицинада тыныс алатын ауаны оттегімен байыту (40-
60% -ға дейін ), оттегі жетіспеушілігін емдеген кезде қолданылады.
Барокамерада қысым 3 атм. болады, мұндай кезде гипоксия жағдайындағы
ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуі жақсарады, олардың жүмысы
түракталады. Медицинада емдеудің бұл түрін гипербариялық оксигенация деп
атайды. Бұл эдіс хирургияда жэне жедел терапияда, мысалы, адам көміртегінің
монооксидімен уланғанда қолданьшады.
Азот - ауаның негізгі құрамдас бөлігі. Ол азотты заттардың айналымына
қатысып, маңызды биологиялық рөл атқарады. Ол оттегін араластырғыш ретінде
қолданьшатындыктан, маңызы зор, өйткені таза оттегі адамға токсикалық эсер
етеді.
Көмір қышқыл газы немесе оны квміртегінің кос тотыгы деп те атайды - түссіз
газ, иісі жоқ, шырышты қабыкты тітіркендірмейді, ауа құрамында көп мөлшерде
болса да адам оны сезбейді, сондықтан адам ол газбен уланып қалғанын білмей
де қалады. Көмір қышқыл газы ауадан 1-1,5 есе ауыр, сондықтан ол
бөлменің төменгі жағында жиналады.

Атмосфералық ауа кұрамында көп емес 0,03-0,04%, мөлшерде кездеседі, оньщ
мөлшері табиғатта өзгеріп тұрады. Тұрғын бөлмелер үшін кемір қышқыл газының
молшері - 0,1%. Ауа алмасуы жоқ бөлмелерде, адамдар көп жиналған кезде
комір қышқыл газының концентрациясы 0,7- 0,8% -ға дейін жетеді. Адамның хал-
күйінің нашарлауы көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0 - 1,5% -ға жеткен
кезде байқалады. Егер бөлменің ауасының құрамында көмір қышқьш газының
мөлшері 0,1 - 0,15 % болса, ол сол бөлменің ауа алмасуының нашарлығын
көрсетеді, яғни бөлмедегі көмір қышқыл газыньщ мөлшері сол жердің ауасының
ластануының жанама санитарлық көрсеткіші болып табылады. Егер ауа құрамында
көміркышқыл газының мөлшері 1% -ға жетсе, адам ағзасында қышқьшдық -
сілтілік тепе - теңдіктің бұзылуы (ацидоз) байқалады, бірақ жұмыс қабілеті
өзгермейді, ал көмір қышқьш газының концентрациясы 1,5 - 3 % болған кезде,
улану белгілері байқалады: тьшыс алудың нашарлауы, бас ауырыуы, жұмыс
қабілетінің нашарлауы жэне т.б. Көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшері 6%
-ға жеткен кезде адам өміріне қауіп тенеді, ал 10-12% -ға жеткен кезде адам
есін жоғалтады, әледі.
Атмосферада көмір қышқыл газының артуының себебі отьшның жануы.
Аргон, неон, гелий, криптон, ксенон - инертті газдар, олардьщ
концентрациясы ауада тұрақты, биологиялық белсеңділігі жоқ. Ешқандай
реакцияға қатыспайды.
Озон - атмосфераның жерге жақын бөлігіне стратосферадан өтеді. Озон
стратосферада ауаның отегіне ультракүлгін сэулелердің эсерінен электрлік
разряд кезінде пайда болады, сондықтан ол ауаның табиғи қүрамына кіреді.
Озонның атмосферадағы молшері 3,5 млрд. тоннаға жақьга, ал көлемі ауаның
небәрі 0,000001% -ын қүрайды. Озон биологиялык нысандарға өте зиянды эсер
ететін күн сэулесінің қысқа толқынды ультракүлгін бөлігін үстап қалады, оны
өзіне сіңіріп, жер бетінің қатты суып кетуінен сақтайды. Соңғы 17 жыл
ішінде Солтүстік жарты шар стратосферасында озонның концентрациясы 3%
кеміген.
Атмосфералық ауаның түрақты емес табиғи қүрамына аммиак, күкіртсутек, су
булары жэне шаң кіреді. Аммиак атмосфералық ауа қүрамына органикалық азотты
затгардың ыдырау процесінен түседі. Күкіртсутек күрамында күкірті бар
ақуызды затгардың атмосфералық ауада ыдырауынан пайда болады.
Ауаның физикалық қасиеттері: температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы,
қысымы
Адам ағзасы нормада емір сүру үшін жэне жұмысқа деген қабілеттілігін сақтау
үшін агзада жылулық тепе-теңдік сақталу керек, яғни ағзада пайда болған
энергия мен сыртқы ортаға берілетін энергия мелшерінің тепе-тең

болуы. Егер жылуды сыртқа шығару нашарласа, ол ағзада жиналып, ағза қызады.
Ал жылуды кеп мелшерде жоғалту адамның салқындап қалуына экеліп соғады.
Адам қоршаған ортаның жылулық жағдайына ыңғайланып жүреді, мысалы, кұн суық
кезде қалың киім киеді, үйі жылы болу үшін от жағады, қар және жаңбырдың
астында қалмас үшін үй салады. Ағзаның энергия жоғалтуы қоршаған ортаның
жылулық жағдайына байланысты, ол температурамен, ылғалдылықпен, ауа
жылдамдығымен, сэулелі энергиямен анықталады.
Температура және ауа ылғалдылығы. Атмосфералық ауа күн кезінің сәулесінен
қызбайды, ол топырақтағы жылумен қызады. Сондықтан минималды температура
күн кезі шығардың алдында болады, ал максималды температура 13-15 сағат
арасында болады, бұл кезде топырақтың беті максималды қызады. Ауаның жерге
жақын ыстық қабаты жоғары қарай кетеріліп, айлап салкындайды. Ауаның
температурасы, елдімекен орналасқан жеріне байланысты қатты ауытқиды,
мысалы, экваториялды Африкада максимум + 50 - 63 * С температура аралығында
болса, минимум - 94 ° С температура Антарктидада болады.
Су кездерінің беткі қабаттарынан, топырақтан және жасыл есімдік-терден
үнемі су буы белініп шығып, ьшғалдылықты арттырады.
текше метр ауа қурамыпдагы су буының граммен анықталган мөлшері ауаның
абсолютті ылгалдылыгы деп аталады.
Максималды ылгалдыльщ дегеніміз белгілі температурада 1 текше метр ауаны
толығымен қанықтыру үшін қажет су буының граммен анықталган мөлшери
Температура ессе, максималды ылғалдылық та еседі.
Салыстырмалы ылгалдылық дегеніміз абсолютті ыпгалдылықтың максималды
ылгалдылыққа қатынасына тең, ол пайызбен өлшенеді. Салыстырмалы ылгалдылық
ауаның су буымен қаныгу дярежесін көрсетеди
Су булары атмосфералык ауа құрамында эр түрлі мелшерде болуы мүмкін. Оның
мелшері жергілікті жердің жағдайына және температураға байланысты болады.
Температура жоғарылаған сайын, су буларының мелшері де жоғарылайды,
сондықтан жазғы уақытта, қысқа қарағада ауада су буы кебірек болады. Ауаның
ылғалдылығы ауадағы су буының мелшеріне байланысты. Ауаның ылғалдылығының
гигиеналық маңызы бар. Ауа су буымен қаныққан кезде олардың конденсациясы
пайда болады. Су буы шаң беліктеріне немесе басқа қатты белшектерге яғни
аэрозольдерге тұнып, тұман пайда болады.

Жылу алмасу
Егер қоршаған орта температурасы адам денесінің температурасынан жоғары
болса, адам жылуды терлеу арқьшы шығарады. Адам ауыр жұмыс жасаса жэне
қоршаған орта температурасы жоғары болса бөлінетін тердің мөлшері тәулігіне
6-10 литрге дейін жетеді.
Жоғары салыстырмалы ьшғалдьшық ( 70 %) жылу алмасуға жоғары температурада
да, төменгі температурада да теріс эсерін тигізеді. Егер қоршаған орта
температурасы 30 " С болса жэне ылғалдылық жоғары болса, тердің бөлінуі
қиындайды, ағзаның қызып кетуі байқалады. Егер температура төмен болса,
ьшғалдьшық жоғары болса, адам жылуды конвекция жолымен жоғалтады, адам
салқындап, ауырып қалуы мүмкін.
Қатты кұрғақ ауа (ьшғалдьшығы 20-30 %) да адамға теріс әсер етеді -жоғары
тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары кеуіп, қорғау қызметі нашарлайды.
Адамдардың қалыпты өмір сұруі үшін онтайлы салыстырмалы ылғалдылық 40-60 %
арасыңда болу керек.
Ауа жылдамдығы
Ауа жылдамдығы жылуды конвекция және булану арқылы жоғалтуды көбейтеді.
Егер қоршаған ортаның температурасы жоғары болса, ауа жылдамдығы адамға
жақсы эсер етеді. Күннің қатты ыстық кездерінде ауаны желдеткішпен желдетсе
адам өзін жақсы сезінеді, ал мұндай ыстықта ауа жылдамдығы нашар болса,
адамның денесі қатты қызып кетеді. Егер ауа температурасы төмен болса, ауа
жылдамдығы кеп болса, конвекция жолымен жылу жоғалту артады. Бүл адамға
теріс эсерін тигізуі мүмкін. Адам жаурап, ауырып қалуы немесе үсіп қалуы
мүмкін. Қоршаған ауаның температурасы жоғары болса, адамның үстіндегі киімі
ьшғалды болса немесе денесі терлеген болса, ауаның қатты қозғалысы немесе
өтпе жел кезінде адам жылуды ылғал бөлу арқылы жоғалтады, ол адамда жоғары
тыныс алу жолдарының жедел ауруы туындауы мүмкін.
Жел бағыты қай жақтан соғып тұрғанымен анықталады. Елдімекенді жобалаганда
жэне салғанда желдің бағыты жэне күші анықталады. Желдің бағыты жиі
ауысатындыктан, осы жердегі желдің басым көпшшігі қай жақтан екенін анықтау
керек. Ол үшін жел бағытының бір жылдағы қайталану жиілігін анықтайды және
осы көрсеткіштер бойынша кесте қүрайды. Оны жел багытының позасы дейді.
Сонымен жел бағытының розасы дегеніміз желдің бағытыньщ жэне
қайталануының графикалық көрінісі.
Көрсетілген жел бағытының позасыңда желдің бағытының басым көпшілігі
солтүстік батыстан соғатыны жэне желдің сирек кезедесетін жағы оңтүстік пен
шығыстан екені көрініп түр, сондықтан ендірістік мекемелерді бүл
елдімекеннің оңтүстігіне жэне шығысына орналастырған

Ауа қысымы және оныц гигиеналык маңызы
Ауа қысымының тэуліктік өзгерісі 1-2 мм сынап бағанасынан аспау керек, ал
жылдық өзгерісі 20 - 30 мм сынап бағанасьгаан аспау керек. Ауа қысымының
жайлап өзгеруі адам ағзасына теріс эсер етпейді. Қысымның кеп мөлшерде
ауыткуын адам самолетге үшқанда немесе тауға шыққанда байқайды. Бүл кезде
атмосфералық қысым мен оттегінің парциалдық қысымы төмендейді, ол кейбір
адамдарда метеоризм тудырады: асқазан -ішек жолдарында газдың көбеюі мен
бірнеше функционалды өзгерістер байқалады: көкеттің жоғары орналасуы, тыныс
алу терендігінің шектелуі. Сондықтан самолетпен ұшқанда ондай адамдар
отгекті приборлар қолданғаны жөн.
Адам 9 -10 км биіктікке көтерілгенде өте төмен қысымның эсерінен кейбір
адамдарда биіктік декомпрессиялы ауруы байқалады. Ол кезде адамдардың
бұлшық еттері жэне буындары ауырады. Аурудың алдын алу үшін адамдар
скафандрлар киіп немесе қысымның қажет мелшерін ұстап тұратын және есіктері
жақсы жабылатын кабиналарда ұщқаны дұрыс.

Ауа райы. Климат. Микроклимат. Инсоляция Олардыц гигиеналық мацызы
Ауа райы белгілі аймақта атмосфералық жағдайдың қысқа мерзім уақытында,
метеорологиялық факторлардың бірігуімен сипатталады ( күн сәулесі,
температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ
Денсаулық және жеке бас тазалығы
Ауаның ластану түрлері
Өндірістік жағдайлар. Еңбек гигиенасы
Университет гигиенасының міндеттері
Денсаулық және жеке бас тазалығы туралы
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнiнен дәрістер
Пәндер