Өндіріс қалдықтарының зияны



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қалдықсыз технология
2.2 Өндіріс қалдықтарының зияны
2.3 Өндіріс қалдығына көміліп қалмаймыз ба?
2.4 Өндірістік қалдықтар пайдалы ма?
2.5 Пепсин өндірудің жаңа, арзан әрі қарапайым жолы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен web сайттар
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық үрдістерi жəне осы негативтi əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығындарға байланысты қазiргi заманғы өнеркəсiптегi технологиялық үрдістердi кешендi экологиялық жəне экономикалық жағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр.
Технологиялық үрдістердiң экологиялық тиiмдiлiгiн бағалау үшiн, өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды заттардың экологиялық көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқа екiншi бiр маңызды бағалау критериi — ресурс сыйымдылық көрсеткiшi — пайдалы өнiм шығару үрдісiндегi жұмсалатын энергия, су, ауа, шикiзат және т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкiнiшке орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жоғары. Ол үшін үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi болар едi. Бұл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикiзаттарды үнемдеп пайдалану, технологиялық үрдісте қолданылатын материалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану және т.б. негiзiнде жүзеге асырылуы қажет.
Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды неғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет болып табылады.
Территориялық-өндiрiстiк кешендер iшiндегi энергия мен заттар ағынына талдау нəтижесi, əрбiр келесi кезеңде алынатын өнiмнiң массасы, алдыңғы кезеңдегi өнiмнiң массасынан түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын қалдық мөлшерiнен аз болатынын көрсетедi. Ал бұл қалдықтардың өзiн де белгiлi мақсатта пайдалануға болады. Өндiрiстi интенсивтендiруге байланысты қалдықтар мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте қайтадан пайдалануға мүмкiндiк беретiн жаңа экологиялық таза технологиялар пайда бола бастады. Қалдықтардың түзiлуiн азайта отырып, өндiрiстiң рентабельдiгiн, ресурстарды пайдалану коэффициентiн көтеруге жəне соның нəтижесiнде табиғатты қорғау iс-шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзiнде қалдықсыз өнiм өндiрудi жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық үрдістер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны пайдалану, қолданылып келе жатқан технологиялық үрдістердi анағұрлым экологиялық жағынан таза үрдістермен алмастыру және т.б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден қандай нәтиже асуға болады?
Олар: биосфераға келетiн шығынды төмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту және т.с.с.
Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мысалы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдау ваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестiруге болады.
Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркəсiптiң биосфераға зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурстарды өндiру, қайта өңдеу жəне пайдалану, өнiм өндiру кезiндегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою проблемаларын шешедi.
1. www.google.kz

2. www.saryarka-samaly.kz

3. www.іnform.kz

4. www.еgemen.kz

5. www.aktobegazeti.kz

6. www.aimak-ainasy.kz

7. www.provko.kz

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қалдықсыз технология
2.2 Өндіріс қалдықтарының зияны
2.3 Өндіріс қалдығына көміліп қалмаймыз ба?
2.4 Өндірістік қалдықтар пайдалы ма?
2.5 Пепсин өндірудің жаңа, арзан әрі қарапайым жолы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен web сайттар

Мазмұны

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 6
2.1 Қалдықсыз
технология ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
2.2 Өндіріс қалдықтарының
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
2.3 Өндіріс қалдығына көміліп қалмаймыз ба ... ... ... ... ... ... ...
13
2.4 Өндірістік қалдықтар
пайдалыма ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . 17
2.5 Пепсин өндірудің жаңа, арзан әрі қарапайым жолы ... ... ... 22
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 25
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер мен web сайттар ... ... ... ... ...

Қысқартырылған сөздер мен белгілеулер

ШРК – шектік рауалы концентрация

ШРШ – шектік рауалы шығарынды

ШРТ – шектік рауалы тастанды

ЖЭО – жылу электр орталығы

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ГРЭС – газды реттеуші электро станция

ББ – бор қышқылы мен бұра

ҰҒА - ұлттық ғылымдар академисы

І. Кіріспе
Қалдықсыз өндiрiстер
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық үрдістерi жəне осы негативтi
əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығындарға байланысты қазiргi заманғы
өнеркəсiптегi технологиялық үрдістердi кешендi экологиялық жəне
экономикалық жағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр.
Технологиялық үрдістердiң экологиялық тиiмдiлiгiн бағалау үшiн,
өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды заттардың экологиялық
көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқа екiншi бiр маңызды бағалау критериi —
ресурс сыйымдылық көрсеткiшi — пайдалы өнiм шығару үрдісiндегi жұмсалатын
энергия, су, ауа, шикiзат және т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкiнiшке
орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жоғары. Ол үшін
үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi болар едi. Бұл технологиялар
табиғи ортадан алынатын шикiзаттарды үнемдеп пайдалану, технологиялық
үрдісте қолданылатын материалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi
пайдалану және т.б. негiзiнде жүзеге асырылуы қажет.

Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды неғұрлым
тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет болып
табылады.
Территориялық-өндiрiстiк кешендер iшiндегi энергия мен заттар ағынына
талдау нəтижесi, əрбiр келесi кезеңде алынатын өнiмнiң массасы, алдыңғы
кезеңдегi өнiмнiң массасынан түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын
қалдық мөлшерiнен аз болатынын көрсетедi. Ал бұл қалдықтардың өзiн де
белгiлi мақсатта пайдалануға болады. Өндiрiстi интенсивтендiруге байланысты
қалдықтар мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте қайтадан пайдалануға мүмкiндiк
беретiн жаңа экологиялық таза технологиялар пайда бола бастады.
Қалдықтардың түзiлуiн азайта отырып, өндiрiстiң рентабельдiгiн, ресурстарды
пайдалану коэффициентiн көтеруге жəне соның нəтижесiнде табиғатты қорғау iс-
шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану
арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзiнде қалдықсыз өнiм
өндiрудi жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық
үрдістер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны
пайдалану, қолданылып келе жатқан технологиялық үрдістердi анағұрлым
экологиялық жағынан таза үрдістермен алмастыру және т.б. арқылы жетуге
болады.

Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден қандай нәтиже асуға болады?
Олар: биосфераға келетiн шығынды төмендету, шикiзат пен энергетикалық
ресурстарды үнемдеу, шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын
шығынды азайту және т.с.с.
Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мысалы хромдау
гальваникалық цехының қазiргi заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша,
шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп,
хромдау ваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық су хромдалған
детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп
кездестiруге болады.
Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркəсiптiң биосфераға
зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурстарды өндiру, қайта өңдеу жəне
пайдалану, өнiм өндiру кезiндегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою
проблемаларын шешедi[1].

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Қалдықсыз технология
Шетел әдебиеттерінде таза өндіріс термині көптеп қолданылады. Ол
қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған
ортаны ластауды болдырмайтын технологиялау стратегия ретінде
түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шағарынды мен
қалдықтардың уыттылық дәрежесін және олардың санын азайту, уытты шикізат
материялдарын қолдануды болдырмау үйлесімділігіне сәйкес келеді.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қортындыда
осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді
өндірудің тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды
түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикізат ресурстары - өндіріс -тұтыну -
қайталама шикізат ресурстары, яғни, кез келген қоршаған ортаға болатын
әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.
Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты
мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден
және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге
себептерге байланысты шикізат пен материялдардың бір бөлігі
пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі
немесе көміледі.
Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі
бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып есептеледі. Бұл
жерде, тіршілік әрекетіндегі бір ағзалармен пайдаланылады және заттектердің
өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады.
Қалдықсыз өндірістің маңызды ережесін белгілеу - шикізаттың барлық
компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің
қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуін
бұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық
мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.
Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын үрдіс. Сонымен қатар,
өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық
және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.
Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізу жалпы
бірқатар талаптарды ұсынады:
• оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде
өңдеу (жасап шығару);
• жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты
енгізу; электроникаландыру мен роботтаныдыру; автоматтандыру
негізінде өндірістік үрдістерді қарқындандыру (интенсификация);
• өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының
кезеңділігі мен тұйықтылығы;
• жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінуін азайту,
шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысу сатысының аралық санын
қысқарту;
• үздіксіз үрдістерді қолдану мен технологиялык кезеңдер уақытын
қысқарту;
• энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы
ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен барынша алмастыру, жанама
өнімдер мен қалдықтардың негізгі үрдістерге қайта айналуы, артық
энергияны қалпына келтіру;
• энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз
ететін құрастырылған энерготехнологиялық үрдістерді қолдану;
• қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу
немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін биологиялық
үрдістерді және физика-химиялық базасының негізінде экологиялық
биотехнологияны енгізу;
• өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды
технологияны құру.

Осы тұрғыда өндірістік үрдістердің жүйелі талдауы жаңа кезеңнің
технологиясын құру жолын анықтауға мүмкіндік береді.
Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңындағы
арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын үрдістерді
экологиялық деп атайды.
Өндірісті толықтай қалдықсыз жасау қазірде мүмкін емес. Өндіріс
үрдісінде пайда болған барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық
дәрежесін азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энергия
мен шикізатты үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология
стратегиясы. Өндірісте қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес
академик ғалымдары Н.Н. Семенов, Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров,
Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған жалпы Еуропалық кеңесте
арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технолгиялар
мен қалдықтарды пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау болғандығы,
табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігі атап өтілген.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы
қорытындыда осы немесе өзге өнімге айналады.
Өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын
интегралды технологияны құруы.
Қоршаған ортаға қалдығы аз өндірістің зиянды әсерін шектеу
критерийінің негізінде ШРК, және оның негізінде ШРШ атмосфераға және ШРТ
суға есептеледі.
Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырудың негізгі принципі шикізат және
энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылып
жүрген шикізат ресурстары көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда
бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың
мамандануына байланысты одан 1-2 компонент ғана алынады. Ал қалғандары
үйіндіге тасталынады. Қазірде рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану
Өскемен қорғасын мырыш комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск кен
металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.
Қалдығы аз өндіріс құрудың келесі принципі – айқын көрінетін
материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында канализация,
тазалау бір мезгілде және таза компонентерді алып пайдаға асырады.
Өнеркәсіпте сумен қамтамасыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру
мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң алдын - ала тазартылып су
қоймаларына құйылады.
Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрамдастыру
мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық-
өңдірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін
басқа салаларда пайдаланып біршама экономикалық тиімділікке қол жеткізуге
болады.
Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің
экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен
қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей,
табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.
Төменде 1- суретте Павлодар облысының Ақсу ферроқорытпа зауыты
келтірілген[2].

1-сурет. Павлодар облысының Ақсу ферроқорытпа зауыты

2.2 Өндіріс қалдықтарының зияны
Зиянды газ жұтып жүрміз.
Өскемен қаласы атмосфераны ластау индексі бойынша Қазақстанда
көшбасшылардың бірі ретінде 8-ші орында тұр. Технологиялық үрдістер
барысында диоксид қышқылының 88 % -ы, шаңның 2,6 % -ы “Казцинктің” үлесіне
тисе, оның ішінде қауіптілігі жоғары диоксид азоты 7,4 % -ды құрайды.
Төменде 2- суретте Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясының
қоршаған ортаға тигізетін әсері келтірілген.

2 –сурет. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясы
“Казцинк” пен ЖЭО қатар қоныс тепкендіктен облыстық “Казгидромет”
филиалының мамандары тәулік бойы өлшеу жұмыстарын жүргізгенімен, қай
өндіріс орнының ауа қабатына қаншалықты зиянды қалдықтар шығарып жатқанын
дәл анықтай алмайды. Өйткені, олар атмосферада қосылып, араласып
кеткендіктен болжам айтудың өзі қиын.
Қаладағы өндіріс орындарының орналасуы санитарлық талаптарға сай
келмейді. Себебі, санитарлық талап бойынша өндіріс ошақтары қаладан ең кем
дегенде 15 шақырым қашықтықта орналасуы тиіс. Ал, біздің ірі өндіріс
ошақтары тұп-тура қаланың ортасына орналасқан. Бұған газдардың ұшуына кері
әсерін тигізетін физикалық, географиялық және климаттық жағдайды қосыңыз.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының гидрометеорология орталығы 2003 жылы 106
күнді қолайсыз метео жағдай деп тіркеген. Өндіріс орындары Өскемен
қаласымен пара-пар саналатын Балқаш қаласындағы көрсеткіш 10 күнге тең
болған. Міне, осының өзінен-ақ облыс орталығының экологиялық жағдайын
байқау аса қиын емес.
- Балалардың туабітті өлімдері жылдан-жылға көбеймесе азаймай отыр.
Тыныс алу органдарының ауруымен науқастанғандарының саны аз емес. Мұның
басты себебі неде?
- Осыдан он шақты жыл бұрын Үлбі металлургиялық зауытында болған апат
кезінде Үкіметтік комиссия құрылып, апаттың шығу себебін анықтау үшін жұмыс
істеді. Америка мен Жапониядан арнайы ғалымдар да шақырылды. Нәтижесінде
олар “Қазір бәлендей ештеңе айта алмаймыз. Бірақ апаттың зардабы 7-10
жылдан кейін біліне бастайды” деп қорытынды жасаған еді. Айтқандары айнымай
келді. Апат кезінде бериллийдің ауаға тарауы әсіресе, балалардың қорғаныс
иммунитетін жойып жіберуге әкеліп соқтырды. Балаға сәл суық тисе ол
созылмалы түрге ұласып, бір-екі айға дейін науқасынан жазыла алмайды.
Өйткені, қарсыласуға организмі әлсіз.
Дәрігерлердің деректеріне жүгінсек, тек 2005 жылы ғана 1200-ден астам
жаңа туған сәбилер туабітті ауруға шалдыққан. Ал, мынаған түршікпей қарау
тіпті мүмкін емес. Перзентханаға түскен әр 5 әйелдің 5-8 апталық баласы
іште өліп қалады. Дәрігерлік тексерулер баланың ата-анасының денсаулықтары
қалыпты екенін, тіпті сәбидің дүниеге келуін тосып, ішімдік ішпегендерін,
шылым шекпегендерін, салауатты өмір салтын сақтағандарын алдыға тосады.
Міне, осыдан кейін қоршаған ортаның қаншалықты ластанғанын жай көзбен-ақ
аңғаруға болады.
- Ірі өнеркәсіп ошақтарының шығарған газды үлесіне автокөлік құралдары
да өз “көмектерін” қосып жатқаны белгілі.
- Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен облыстық
“Казгидромет” мамандарының ақпаратына сүйенсек, өткен жылы Өскемен қаласы
бойынша кәсіпорындар мен мекемелердің және заңды тұлғалардың есептегі
автокөлік құралдарынан 95 900 тонна улы газ қалдықтары ауаға тараған. Егер
бұған жекеменшік автокөлік құралдарын қоссақ, бұл цифр анағұрлым өсе
түседі. Себебі, заңды тұлғаларға қарағанда жекеменшікте көлік бес есе көп.
Сондай-ақ жеке сектордағы үйлердің мұржаларынан қаншама түтін ауаға
қалықтай ұшуда.
Алматы қаласында автөкөліктер жыл сайын 200 тонна, Атырау мен
Қарағанды қалалары 100-150 тонна газ қалдықтарын таратады екен. Яғни,
салыстырып қарасақ, кәсіпорындарға қарағанда автокөліктердің үлес салмағы
басымдырақ. Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары да бұны жоққа
шығарып отырған жоқ.
Төменде 3- суретте Алматы қаласының өндірістерден шыққан газдар арқылы
ластануы келтірілген.

3 –сурет. Алматы қаласының өндірістерден шыққан
газдар арқылы
ластануы

Өнеркәсіп кәсіпорындарының мұржаларынан шыққан газ бірден ауаға
тараса, автокөлік құралдарынан шыққан газ адамдардың тыныс жолдарына
сіңіріледі. Ең үлкен қорқыныш та осы. Өскемен қаласының 2006 - 2015 жылға
дейін қабылдаған кешенді экологиялық бағдарламасы кеңінен
жарнамаланғанымен, автокөлік құралдарынан шығатын улы газдардың мөлшерін
азайту жөнінде нақты іс-әрекет жоқтың қасы. Өскеменнің аспанындағы
қауіптілігі жоғары диоксид азоты автокөліктердің “сыйы” десек те болады.
Әрине, бұдан ЖЭО мен жеке сектордағы үйлер де қалыс қалмайды.
- Жаңа айтып өткен кешенді экологиялық бағдарлама бойынша атмосфераның
ауасын қорғауға 6,4 миллиард теңге қарастырылған. Оның 5 миллиард 560
миллионы “Казцинк” қаржысы болса, қалғаны бюджет пен басқа барлық
кәсіпорындардың үлесінде. “Хальдор Топсе” қондырғысын орнату “Казцинкке” 37
миллион АҚШ долларына бағаланды. Осының нәтижесінде бұрынғы жылдарға
қарағанда диоксид көлемі 59 тоннадан 38 тоннаға азайған. Бұл көрсеткіш 2009
жылы 29 тоннаға дейін кемиді деп күтілуде.
- Еліміз егемендік алғаннан бері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың жаңа
мемлекеттік жүйесі қалыптасты. Республикамыздың тұрақты дамуының негізгі
төрт бағытының бірі ретінде экология мәселесі қатар қойылып отыр.
Қоғамды экологияландыру - уақыт талабынан туындаған басты міндет.
Қазақстанның ұлан-ғайыр аумағын қамтыған экологиялық ахуал сын сызығына
жетті. Бұл - адамның денсаулығына ғана емес, ұлттық генофонының нашарлауына
әкелетіні сөзсіз. Сондықтан қазіргі ахуалды талдау, сараптама жасау, одан
қорытынды шығару ең өзекті мәселелердің бірі. Дені сау ұлтты құру үшін
қоғамды сөз жоқ экологияландыру қажет.
Актуальды міндеттерді шешудің басты тұлғасы – кәсіпқой мамандар екенін
ұмытуға болмайды. Міне, бұған мемлекетіміз аса зор көңіл бөліп отыр.
Тұрақты даму үлгісі экономикалық даму мен қоршаған табиғи ортаны қорғау
міндеттерінің ажырамастығын қатар қарастырады[3].

2.3 Өндіріс қалдығының қауіптілігі
Қазіргі уақыттта еліміз аумағында 20 млрд тоннадан астам өндіріс пен
тұрмыстық қалдықтар бар. Оның ішінде 16 млрд тоннадан астамы – техногендік
минералдық түзілімдер. Сондай-ақ, адам денсаулығына кері әсері бар
радиоактивті және өзге де улы қалдықтар жиналып қалған. Ғалымдардың
зерттеуінше, қалдықтардың 6 млрд тоннаға жуығы қауіпті. Мәселен, жыл сайын
елімізде 700 млн тоннаға жуық өндірістік қалдықтар түзілсе, оның 200 млн
тоннасы улы қалдық деседі.
Төменде 4–сүретте Коммуналдық қалдықтардың полигоны келтірілген.

4 –сурет. Коммуналдық қалдықтардың полигоны

Бұл жан шошытарлық цифрдың басым бөлігі бізге Кеңес дәуірінен қалған
мұра. Одақ тарап, қуатты өндіріс орындары жабылып қалған соң, иесіз
ұңғымалардан, шахталар мен кеніштерден, әскери-сынақ аймақтарынан қалған
қалдықтар ел мен жердің берекесін кетіріп, әр өңірде жатып қалды. Дегенмен,
тәуелсіздік алған кезеңнен бері қарай да өндірістік қалдықтың жиналуына аз
үлес қосырған жоқ. Себебі, 2002 жылы республиканың 20 қаласы мен елді
мекендеріне жүргізілген қадағалау Өскемен, Риддер, Ақтау, Ақтөбе, Атырау,
Алматы, Балқаш, Астана қалаларында атмосфералық ауаның ластануы жоғарғы
деңгейге жеткенін көрсеткен. Еліміздің жерасты қазба байлығын игеруге
келген шетелдік алпауыт компаниялардың экология заңдарын орындамауының
салдарынан төл табиғатымызға айтарлықтай залал келтіргені жасырын емес.
Оның үстіне, біздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия және
отын өнеркәсібінің көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Мысалға,
сонау 90-жылдардың басында ауаға жыл сайын 6 млн тонна қалдық тараса, оның
50 %-ы жылу энергиясынан, 20 % -ы қараметалдан, 13 % -пайызы түсті
металдан, 4 % -ы мұнай-химия өндірісінен шыққан заттар. Егер, тау-кен қазба
байлықтары өндірісінің қалдықтары Қарағандыда 29,4 %, Шығыс Қазақстанда
25,7%, Қостанайда 17 %пайыз, Павлодарда 14,6 % деп тіркелсе, Қызылорда,
Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мұнай өнімдерінің қалдығымен ластанған
өңірлер ретінде белгілі болып отыр. Үкімет тарапынан жыл сайын ескерту
жасалып, экологтар дабыл қағып келе жатса да, өндіріс қалдықтарын
атмосфераға орынсыз шығару ісі азаймай жатыр. Өйткені, ел байлығын игеріп
жатқан компаниялар қымбатқа түсетін болғандықтан, экологиялық таза өнім
өндіретін технологияларды сатып алуға аттап баспайды. Өндіріс орындарының
қуаттылығы, көптігі жағынан республикада алдыңғы орында тұрған мұнайлы
өлкелердің өзінде тозығы жеткен техникалар пайдаланылуда. Мұнайдың жерге
төгіліп, ауаға артық газдың шығуы да осыдан. Осының салдарынан барып, Батыс
Қазақстан облысында мұнайдан ластанған жердің аумағы 190 мың гектарға
жеткен. Мамандар соңғы жүз жылда Каспий теңізіндегі итбалықтар санының 90 %
-ға азайғаныннықтап отыр. Екі жыл бұрын теңіз аймағынан 1474 ластану
нүктесі анықталса, өткен жылы бұл көрсеткіш бір жарым мыңнан асып түскен.
Міне, қарт Каспийде қалыптасқан экологиялық ахуалдың көрсеткіші осылай
болып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, республика бойынша табиғатқа
шығарылатын зиянды қалдықтардың 27 % -ы “Қазақмыс” Корпорациясы” ЖШС мен
“АрселорМиттал Теміртау” АҚ-на тиесілі екен, оның 18,5 % -ы —
“Қазақмыстың”, 8,5 % -ы — “АрселорМиттал Теміртаудың” қоқыстары.
Төменде 5 –суретте қала сыртына тасталған қоқыстардың зияны келтірілуі
осының айғағы[4].

5 –сурет. Қала сыртына тасталған қоқыстардың зияны

Ал 6 –суретте Алматы қаласының сыртына тасталған қоқыстар көрсетілген.

6 –сурет. Алматы қаласының сыртына тасталған қоқыстар

Эколог-мамандардың айтуынша, жыл сайын республикадағы су қоймаларына
химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд текше метр ағын су құйылып, 3 млн
тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді. Зиянды қалдықтардың көлеміне
салсақ, екінші орында энергетика өндірісі болып отыр. Өйткені, ел аумағында
жиналған қалдықтардың 1,5 млрд тоннасы бір ғана Екібастұз ГРЭС-іне тиесілі.
Тіпті, Алматы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластмассалар және оны өңдеу
Агроэкология. Қазақстан ауылшаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы
Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттары
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Литосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Өндіріс қалдықтарының түзілуі
“Қорғасынның адам денсаулығына зияны”
Атмосфераны ластайтын заттектер және олардың қоршаған ортаға әсері
Пәндер