Тергеуді жоспарлау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Криминалистикалық тергеу тергеу болжауының түсінігі мен тергеу болжауды құруда логикалық ойлау тәсілдерді қолдануБолжауды құру тәртібі, тексеру ережесі

2. Тергеуді жоспарлау

2. 1 Тергеуді жоспарлау ұғымы мен қағидалары

2. 2 Тергеуді жоспарлаудың жүйелілігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Криминалистикалық тергеу болжауы дегеніміз - тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туныдаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.

Тергеу болжамы әр түрлі негіздер бойынша топталады.

  • Көлемі бойынша - жалпы және жеке;
  • Қозғалмалы субъектісі бойынша - тергеу, жедел-іздестіру, сараптамалық және соттық;
  • Болған жағдайдың дәрежесіне байланысты - қайталанбалы, жай немесе нақты, анық.

Жалпы болжау - ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.

Болжауды қалыптастырудағы логикалық ойлауда анализ бен синтез, индукция мен дедукция, аналогия тәсілдері қолданылады.

Анализ - бұл зат бөліктерінің құрамын, кейбір жақтарының қасиетін, фактыны, құбылыстарды зерттеу.

Синтез - бұл анализ арқылы бөлінген белгілерді біртұтас және байланыстырып зерттеу.

Индукция - бұл жекеден жалпыға, ал дедукция - жалпыдан жекеге өтетін болжамалы жорамал.

Аналогия - деректерді, олардың жеке белгі негіздерімен салыстыруды қорытындылайтын логикалық ойлау әдісі. Осындай теңестіруден мынандай қорытынды шығады: егер белгілер ұқсас болса, онда деректер де ұқсас немесе олар бірдей себептермен ұғындырылады.

Болжауды құруда логикалық ойлау тәсілдерін қолдану:

  • Болжам деректемесіне негізделіп шыншыл жорамалдар құрылады;
  • Болжам логикалық дұрыс құрылып, өз мазмұнына қайшы келмеуі тиіс;
  • Болжауды тексеру, тергеу әрекетімен, жедел іздестіру іс-шараларымен жүзеге асуы қажет.

Тергеуді жоспарлау - бұл уақыт пен күшті аз жұмсау үшін заң талабына сай болғанқылмыстың барлық жағдайын анықтау мен кінәлілерді ұстау бойынша жасалынатын мазмұнның негіздемесінен және жұмыс тәртібімен қорытындалатын ойлау процесі.

Тергеуді жоспарлау қағидасы деп, қылмысты тергеуде жоспарлауға ұсынылатын криминалистикалық талаптардың орындалуын айтады. Оны сақтау қағиданың сапалы болуын қанағаттандырады.

Жоспарлаудың негізгі үш қағидасы болады:

  • Нақтылық. Нақтылық қағидасы жоспардағы болжамды тексеру үшін қажетті мәселелердің болуын, өткізілетін барлық тергеу әрекеттерінің іздеуші және басқа іс-шаралардың болуын, олардың орындау мерзімі мен оның орындаушыларын анық белгілеуді білдіреді. Жоспарда анық бір куәгерден жауап алу, сезіктілердің қайсысына тінту өткізу, осы тергеу әрекеттерін кім және қашан жүзеге асатыны көрсетілуі тиіс.
  • Жекелік. Жекелік қағидасы жоспарды тек қана бір іс үшін және оның ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін есепке алу мен құру міндеттемесін білдіреді. Барлық қылмыстық істер бойынша типтік бағдарлама ретінде бір ғана жоспар құру мүмкін емес.
  • Динамикалық (қозғалмалық) . Динамикалық қағиданың жоспарлау процесі - бұл бір рет қолданылатын акт еместігін білдіреді; құрастырылған жоспар аяқталынған болып саналмайды, ол әрқашан толықтырылады және өзгертіліп отырады, сондай-ақ оның өзгеруі мен толықтырылуының мүмкіндігі мен қажеттігі алдын ала ұғындырылады.

Жоспарлау келесі ретпен жүзеге асрылады:

  • Алғашқы тергеу әрекетін жоспарлау;
  • Тергеу ісі барысындағы іс-әрекеттерін жоспарлау;
  • Тергеудегі істің соңғы этабын жоспарлау.

Белгілі бір анық қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі элементі мыналар болып табылады:

  • Қолда бар деректік белгілермен танысу;
  • Болжау құру;
  • Тергеу әрекетнің ауқымы мен ұйымдастырылған іс шараларды, оларды өткізу мерзімі мен салдарын және оларды орындаушыларды анықтау;
  • Тергеу барысында жоспарға керісінше өзгерту енгізу;

Жоспарлауды мына негізделген түрлер бойынша бөлуге болады:

  • Тергеушінің өндірісіндегі бірнеше істер бойынша жұмысты жоспарлау;
  • Жеке қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау;
  • Алдын ала анықталған тергеу әрекетін жоспарлау.

Тергеу қарауының мақсаты - іздеу мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.

Заттай дәлелдемелер - бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын метериалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беру мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз куәгерлер» деп атайды.

Қандай болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады.

Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Қылмыстың ашылмауның негізгі себептерінің бірі - оқиға орнын сапасыз және ұқыпсық қарауы, нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады.

Тергеу қарау негіздері ҚР ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген.
Қылмысқа қарсы күресу тәжірибесі көрсеткендей, тергеу қарауы:

  • оқиға жағдайын және оның мән-жайларын ұғынуға қылмыскер әрекеттерін түсінуге;
  • жасалған қылмыс іздерін тауып, бекітуге,
  • дәлелдемелер алудың басқа да көздерін айқындауға;
  • тергеу және жедел іздестіру болжамдарын ұсыну үшін мәліметтер жинауға;
  • шұғыл (кідіртуге болмайтын) тергеу және жедел әрекеттерінің жоспарын белгілеуге;
  • сараптамалық зерттеуге қажетті қандай дәлелдемелерді және іздерді алуға бағытталған.

Қайта қарау яғни бір объектіні қайталап тексеру мынандай жағдайларда: бірінші қарау қолайсыз жағдайларда (қараңғыда, жаңбыр астында, түтін ішінде және т. б. ) жүргізілгенде, мәселен, аталған жағдайлардың себебінен криминалистік маңызы бар іздер мен заттар табылмағанда немесе қарау сапасыз жүргізілгенде, яғни маңызды мән-жайлар анықталмағанда, мамандар қатыспағанда т. б. қажет болады.

Жұмыстың көлемі бойынша негізгі және қосымша тергеулік қарау болады. Қосымша қарау, тергеу барысында жеке объектілер қаралмағанда немесе егжей-тегжейлі қаралмағаны анықталғанда жүргізіледі.

Қарауды тергеушілер, заңда көрсетілген кейбір жағдайларда анықтау органдарының қызметкерлері де жүргізеді. (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабында) . Прокурор және тергеу бөлімшесінің бастығы да тергеуге қатыса алады немесе дербес жүргізе алады (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабында) . Сот тергеу сатысында қарауды сот жүргізе асырады (ҚР ҚІЖК-нің 359-бабы) .

Оқиға болған жерді қарау кейде құрылымдық элементтер ретінде тергеу құрамының барлық басқа түрлерінде қамтиды. Оқиға орнында әр түрлі заттар, құжаттар, жәбірленушілердің мәйіттері табылып жатады. Орынның өзі мекенжай учаскесі не тұрғын жер болады. Бұл жағдайда оның жабдықтарын құрайтын бүкіл объектілерге қарай бір тергеу әрекетінің шеңберінде жүргізіледі.

Ол қарауды жүргізудің келесі жалпы айла-тәсілдерін бөлуге мүмкіндік береді: қарауды дара басқару; қараудың уақыттылығы; объективтілігі; толықтылығы және жан-жақтылығы; жоспарлылығы; криминалистік-техникалық құралдар мен әдістерді, мамандар мен жедел қызметкерлер көмегін пайдалану; қаралатын объектілерді ұстай білудің криминалистік ережелерін сақтау.

Дара басқару, тергеу әрекеті әр түрлі қызмет атқаратын көп тұлғалар тартылатын күрделі іс жүргізу әрекеті болғандықтан қажет етеді.

Біріңғай басқарушы заң (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабы) тергеушіге жүктейді. Басқа тұлғалардың, олардың ішінде құқық қорғау органдырының басшы қызметкерлерінің міндеті - тергеушіге қажетті көмек көрсету. Ол қарауға қатысатын бүкіл тұлғалардың әркеттерін басқарады және оның нәтижелеріне жауапты болады. Егер прокурор немесе тергеу бөлімшесінің бастығы тергеуге қатысса, олардың әрқайсысы тергеуді басқарып, өз атынан хаттама толтыра алады.

Қараудың уақыттылығы деп жасалған қылмыс туралы хабар келгенде тергеушінің оқиға орнына еш кідіріссіз жетуін айтады.

Ол оқиға орнының жағдайын мүмкіндігіше сақтауды қамтамасыз етуі үшін қажет, себебі ол қараудың нәтижелігі мен тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Сондықтан оқиға орнын қарау шұғыл тергеу әрекеттер қатарына кездейсоқ еме. Қараудың басқа түрлерін де кідіртуге болмады.

Қараудың шынайылығы (объективтілігі) барлық объектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің басқа да тергеу әрекетіне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді.

Қараудың толықтылығы мен жан-жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазбе арқылы бекітілуін қамтамасыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады.

Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды.

Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудың мүмкіндігінше тиімділігін қамтамасыз етеді.

Криминалистік техникалық құрамдармен әдістерді, маммандар көмегімен пайдалану.

Аталған құралдар мен әдістерді таңдау жүргізілетін тараудың мақсатымен және сипатымен, сонымен қатар табылып, бекітілген объектілер мен іздердің ерекшеліктерімен анықталады.

Маман нақты ерекше жағдайларда қиын қабылдайтын мән-жайларға тергеуші назарын аудара алады, объектілерді алуға көмек көрсетіп кей іздердің пайда болу тетігі мен себептері туралы өз пікірін айта алады. Мәйітті қарау эксгумация барысында және жынысы тергеуші сараптамасымен сәйкес келмейтін тұлғаны куәландырғанда маманның (дәрігердің) қатысуы міндетті болады.

Бірақ қазіргі таңда маманның қатысуы тергеу әрекеті барысында олардың қарау және бекіту үшін арнайы білімді талап ететін объектілер кездескенде ғана міндетті деп есептеледі.

Мәселен, оларға өрт орнын, террористік акт орнын, авиа-апат орнын қарау жатады.

Жедел қызмет мүмкіншіліктерін падйлйну оқиға сипаты туралы, оған қатысты тұлғалар туралы, қылмыстық іс үшін маңызды объектілердің орны және белгілері туралы қосымша мәлімет алу үшін қажет.

Егер оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерді «ізін суытпай» іздестіру мүмкіндігі бар екендігі анықталса, оны жедел қызметекрлер жүргізеді. Жедел бөлімшелер күштері мен құралдарын пайдалану қылмыс туралы қосымша мәліметтерді, атап айтқанда, қалай және қашан болғаны, кім кінәлі, себептері, қылмысқа қатысушылар, кімге және қандай зиян келтіргені, оқиға туралы кім білетіндігі т. б. туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Құралып жатқан объектілерді ұстай білудің криминалистік ережелерді сақтап қарауға қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлуді; мамандар білімін, мәселен, жарушы техниктің, радиоактивті материалдармен жұмыс істейтін маманның білімін пайдалануды; жарылғыш заттарды табу үшін қарауға іздеуші итімен біргекинологты қарастыруды; кримимналистік тәсілдер мен әдістерді сауатты қолдануды көздейді.

Тергеуші, полиция қызметкері мен мамандардан басқа, қарауға қатысатын басқа тұлғаларға - куәлер және сонда қарау жүргізілетін мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдері жатады. Куәлардың қатысуы ҚР ҚІЖК-нің 222-бабымен реттеледі.

Жетуі қиын және тиісті байланыс құралдары жоқ жерде қарау, сонымен қатар оны жүргізу адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, қарау куәлардың қатысуынсыз жүргізіледі де ол туралы хаттамада көрсетіледі.

Бұл жағдайда қарау нәтижелерін және барысын бекітудің техникалық құралдарын қолдану аса қажет болады (ҚР ҚІЖК-нің 222-бабы) . Істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың қатысуынан, сонымен қатар қарау нәтижелерінің жарияланатындығынан қауіп төнбеу үшін куәларды қарауға шығу алдында таңдап алған жөн.

Мекеме өкілдерінің қатысуының негіздері: олар қажетті құжаттарды көрсетіп, түсініктеме бере алады, қажетті жерге апарып, бөлменің есігін ашып бере алады, сонымен қатар қосалқы жұмыстарды ұйымдастыра алады.

Жәбірленушілер, куәгерлер, сезіктелер, айыпкерлер қарауға тұлғалардың келесі бір тобы. Олар болған оқиғаның мән-жайы туралы хабардар болғандықтан қажетті және пайдалы болуы мүмкін.

Оқиға болған жерді қарау қылмыс іздерін басқа да заттай дәлелдемелерді табу мақсатымен, оның жасалу жағдайын және қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Дайындық сатысы оқиға туралы хабар алынғаннан кейін қаратуға дайындалады және нақ сол жерге жүзеге асырылатын дайындық әрекеттерін қамтиды. Оқиға туралы хабарланған бойында, тергеуші:

  • не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қоғауды қамтамасыз ету үшін оқиға орнын қорғау туралы нұсқау жергілікті әкімшілік немесе полиция органы арқылы беруге;
  • қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;
  • егер жәбірленушілер болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;
  • полиция қызметкерлері сезікті сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған - қолданбағанын анықтауға;
  • тергеу портфелінің, фотоаппараттарының және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті.

Тексеруші оқиға орнына келген соң (қарауды бастау алдында) жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілгеніне, қылмыскерді ұстау шаралары ұйымдастырылғанына, оқиға орнынан бүкіл бөтен адамдар шығарылғанына, ал іс бойынша қажетті мәлімет бере алатын азаматтар мен оқиғаны өз көзімен көрген тұлғалар анықталып, олардан жауап алынғанына көзін жеткізуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық болжау және тергеуді жоспарлау
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Қылмыс туралы мәлімет бойынша процесуалдық шешім қабылдау және алдын-ала тергеуді жоспарлау
Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
Жедел іздестіру қызметінде қоданылатын техникалық құралдар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану
Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері
Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz