Популяцияның негізгі қасиеттері



1 .Популяцияның негізгі қасиеттері.

2.Түрдің популяциялық кұрылымы.

З.Популяцияның кеңістіктік, генетикалық, демографиялық құрылымы.

4.Популяция санының динамикасы.

5.Популяцияның тұрақтылығы

6.Әдебиеттер тізімі

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Экологияда популяция дегеніміз - бір бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция - бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақгы ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда рорulus халық, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялык сипаттамасы болады.
Популяцияның негізгі қасиеттері:
Даралардың кеңістікте таралуы. Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.
Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы мүмкін. Ол даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе бәсекелестік қатынастарға реакциясын көрсетеді. Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың таралу типін білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.
Іріктеп алу деп популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер қатарын атаймыз.
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол көбінесе әр түрлі даралар арасында бәсекелестікке байлынысты болады. Мұндай таралу типі жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын балықтарда болады. Бірқалыпты таралуға мысал ретінде Ла-манш құмды жағалауларында тіршілік ететін такта желбезекті былқылдақ денелілер де мысал бола алады. Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жок түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ болады.
І.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы. Экономика. 2002.
2.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы. 1995.
3 .Баешов Ә.Б., Дәрібаев Ж.Е., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ, Тоқсеигова ГМ.
Экология негіздері. Түркістан. ҚА-Ясауи атыңдағы ХҚТУ. 2000.
4.Саданов А.Қ., Әбжалелов А.Б., Таубекова Ғ.К., Асқарова Ұ.Б. Экология.
Алматы, 2001.
5.Торманов Н.Т. Экология және табиғатты пайдалану. Методикалық оқу
күралы. Алматы, 1990.

Эволюцияланушы ең шағын биологиялық жүйе, сонымен қатар биотикалық
қауымдастықтың компоненті (құрамдас бөлігі) - популяцияның тұрақтылығы.

Жоспары:
1 .Популяцияның негізгі қасиеттері.

2.Түрдің популяциялық кұрылымы.

З.Популяцияның кеңістіктік,
генетикалық, демографиялық құрылымы.

4.Популяция санының динамикасы.

5.Популяцияның тұрақтылығы

6.Әдебиеттер тізімі

Экологияда популяция дегеніміз - бір бірімен өзара қарым-қатынаста
болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын
даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция - бұл
қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақгы ұстап
тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің
ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда
рорulus халық, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму,
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни
популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялык сипаттамасы
болады.
Популяцияның негізгі қасиеттері:
Даралардың кеңістікте таралуы. Популяциялардың күйі мен тіршілігі
популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты
болады.
Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы
мүмкін. Ол даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе
бәсекелестік қатынастарға реакциясын көрсетеді. Даралар мен олардың
топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді.
Ағзалардың таралу типін білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу
әдісімен бағалаудың маңызы зор.
Іріктеп алу деп популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер
қатарын атаймыз.
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол көбінесе әр
түрлі даралар арасында бәсекелестікке байлынысты болады. Мұндай таралу типі
жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын балықтарда
болады. Бірқалыпты таралуға мысал ретінде Ла-манш құмды жағалауларында
тіршілік ететін такта желбезекті былқылдақ денелілер де мысал бола алады.
Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жок түрлерде
байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ болады.
Топтық таралу - табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ немесе
жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе ағаштардың орман кеңістігіндегі таралуы
жақсы зерттелген. Егер ормандағы ағаштар бір түрге жататын бастапқыда олар
әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе олардың таралуы
бірқалыпты бола бастайды. Ал орманның қалыңдығы түрішілік бәсекелестік
нәтижесінде кемиді. Аралас өсімдіктер бірлестігінде басылатын түрлер әдетте
топтанып, ал доминантты түрлер бірқалыпты таралады. Кез келген популяция
төмендегі қасиеттермен сипатталады.
Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі
даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею
(өнімділік) мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею
процесінде популяцияның өсуі жүреді де өлім оның саньгның кемуіне әкеледі.
Популяцияның тығыздыгы популяция алып жатқан аудан немесе бірлігіне
шаққандағы даралар санымен (немесе биомассамен) анықталады. Мысалы, ағаштың
150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.
Туылу - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар
саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20
минут сайын бөлінеді. Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта
бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады. Бір бақ-бақ өсімдігінің
барлық тұқымдары өнетін болса, 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние
жүзін алып кетер еді. Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.
Өлім - белгілі бір кезенде өлген даралардың саны. Өлімнің үш типін
бөліп көрсетуге болады
Популяцияның саны негізінен бір-бірене қарама-қарсы құбылыспен
анықталады - туу жене өлім.
Популяцияның жалпы саны маусымдық, көпжылдық периодты емес (мысалы,
зиянкестердің санының шектен тыс көп артуы) өзгерістерге ұшырап отырады.
Популяция санының осындай өзгерістері оның санының ауытқуының төмендегі
шартты себептерін атап көрсетуге болады:
1) азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының
артуына әкеледі, бірақ өсудің максималды шамасында азық шешуші
фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне
әкеледі;
2) популяция санының артуы мен кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше
популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалуы мүмкін;
3) жыртқыштықпен, жемтік паразитпен иесі арасындағы күрделі өзара
қатынастар популяция санының ауытқуының бір себебі бола алады;
4) Абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылык, ортаның
химиялык кұрамы және т.б.) популяция санына көп әсер етеді және
олардың едәуір ауытқуларын туғызады.
Популяция тығыздығының белгілі бір оптимумы болады. Осы оптимумнан
ауытқу пайда болғанда оны реттеудің популяция ішілік механизмдері іске
қосылады.
Популяция тығыздығының өсуі көптеген бунақ денелі даралардың мөлшерінің
кішіреюімен, өнімділігінің төмендеуімен, дернәслілдері мен жылдамдығының
өзгеруі де популяцияның белсенді бөлігін кемітеді.
Популяция тығыздығының шектен тыс артып кетуі каннибализм (француз
тілінен аударғанда саngibalе - адам жегіш) құбылысын туғызуы мүмкін.
Мысалы, ұн құртының өздерінің жұмыртқасын жеуі. Каннибализм кейбір
балықтарда, қосмекенділерде және т.б. жануарларда байқалады.
Популяция ішілік реттеуші механизмдерге эмиграция жатады. Эмиграция -
берілген ареалдың колайсыздау бөліктеріне популяцияның бір бөлігінің орын
ауыстыруы. Тығыздық артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер (әсіресе
тышқан тәрізді кемірушілер) мен кұстарда да эмиграция байқалады.
Популяция санын реттеудің кейбір механизмдері түрішілік бәсекелестікті
болдырмауы мүмкін. Мысалы, егер құстар өзінің ұясын әнімен белгілейтін
болса, басқа жұптар басқа жерге ұя салады. Көптеген сүтқоректілердің салған
белгілері әр жануарлардың аң аулайтын территориясын белгілейді. Бұл
құбылыстардың барлығы түрішілік бәсекені жойып, популяцияның тығыздығының
шектен тыс артып кетуіне кедергі жасайды.
И.И. Шмальгаузен (1884 - 1963) барлық биологиялык жүйелер белгілі бір
дәрежеде өздігінен ретгелуге, яғни гомеостазға қабілетті (грек тілінен
аударғанда homoios - ұксас, stasis - қозғалыссыз, тұрақты) болады деді.
Гомеостаз -тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған
ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе - теңдікті ұстап
тұруға қабілетті.
Динамикалық тепе-теңдік - дегеніміз популяция санының белгілі бір
орташа шама шекарасында ауытқуы. Гомеостаз терминін 1929 жылы ғылымға
енгізген У.Кеннон.
Ең алдымен әрбір жеке дара, содан соң ғана популяция гомеостатикалық
жүйе болып табылады. Популяция саны реттеудің маңызды механизміне стресс
реакциялар жатады.
Қандай да бір факторлардың қолайсыз әсеріне жауап ретінде ағзада екі
типті реакция пайда болуы мүмкін: арнайы зақымдаушы агенттің табиғатына
байланысты (мысалы, салқын температура әсер еткенде жылу өндірудің артуы),
жалпы реакция ағзаның өзгерген жағдайларға бейімделуі.
Популяция түрдің табиғаттағы элементарлы құрылымы болып табылады.
Популяцияда үнемі тұқым қуалаушылық өзгерістер болып тұрады. Будандасу
процесі нәтижесінде олар популяцияда таралып, оны толықтырады. Популяцияда
тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу жүріп отырады, нәтижесінде берілген
жағдайда пайда болатын өзгерістері бар ұрпақтар өсіп жетіледі, дамиды.
Осылайша популяция эволюциялық бірлік болып табылады. Эволюция процесі
барысында әрбір түрде белгілі тіршілік ету орта жағдайларына
бейімделушіліктер пайда болады. Түрді анықтау үшін бір ғана критерийді
пайдалану жеткіліксіз, сондықтан да даралардың түрлі белгілері мен
қасиеттерін дәлелдейтін критерийлердің жиынтығы ғана түрді толық сипаттай
алады. Түр экологиялық бірлік болып табылады. Ал, популяция, белгілі орта
жағдайларына бейімделген түрлердің тіршілік ету формасы болып табылады.
Түр (species) - тірі ағзалардың жүйесіндегі негізгі кұрылымдық бірлік,
олардың эволюциясындағы сапалы кезең болып саналады. Ол түқым қуалайтын
ұқсас морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері бар, бір-
бірімен еркін будандасатын, ұрпақ бере алатын, белгілі тіршілік жағдайына
бейімделген болатын, табиғатта белгілі бір ареалды мекендейтін даралардың
жиынтығы. ХУІІ ғасырдың соңына қарай жануарлар мен өсімдіктердің көптеген
түрлері туралы мәліметтердің жинақталуы нәтижесінде түрлердің бір-біріне
ұқсас та даралар топтарының ерекшеленетін даралардың жиынтығы туралы
түсінік қалыптасты.
Мысалы, касқыр, түлкі, қарға, емен, кайың, бидай т.б. түрлер болып
саналады. Олай болса, түр - жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар жүйесіндегі
негізгі классификациялық бірлік деуге болады. Түрлер бір-бірінен көптеген
белгілері арқылы ажыратылады. Түрге тән белгілер мен қасиеттер критерилер
деп аталады, олар: морфологиялық, генетикалык, физиологиялық, географиялық
және экологиялық болып бөлінеді.
Бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс ерек-шеліктері
морфологиялық критерий болып табылады. Бірақ бір түр көлемінде даралардың
өзгергіштіктері соншалық, тек қана морфологиялық критериі бойынша түрді
анықтау мүмкін болмайтын кезде де бар. Бүнымен қатар, морфологиялық жағынан
ұқсас болғанымен, бір-бірімен будандаспайтын түрлер даралары да кездеседі.
Мысалы: қара тышқандардың 2 түрі: 38 және 42 хромосомды түрлері бар,
малярия шыбынының бұрын бір түрге жатқызылып келген 6 түрі анықталды,
сондықтан да түрді ажырату тек морфологиялық белгілері бойынша жеткіліксіз.
Түрдің генетикалық критериі - әрбір түрге тән хромосомдар жиынтығы,
хромосомдардың белгілі саны, мөлшері мен формасы болады. Бұл әр түрге тән
негізгі болып табылады. Әр түрге жататын дараларда хромосом жиынтығы
түрліше болады, сондықтан олар бір-бірімен будандаса алмайды.
Физиологиялық критерий - бір түрге жататын даралардың барлық тіршілік
процестерінің ұқсастығымен анықталады. Әр түрге жататын даралар әдетте бір-
бірімен будандаспайды, не олардың ұрпағы көбеюге қабілетсіз болады. Бірақ
табиғатта бір-бірімен будандаса беретін де түрлер кездеседі (канарейкалар,
терек, т.б.). Олай болса, түрді тек физиологиялық критерий арқылы анықтау
да жеткіліксіз.
Географиялық критерий - түр тіршілік ететін сыртқы орта фак-торларының
жиынтығы. Мысалы, күйдіргіш сарғалдақ шалғында көп өссе, одан да ылғалдырақ
жерлерді өрмелегіш сарғалдақ, ал өзендер мен тоғандардың жағасында,
батпақгы жерлерде оның үшінші түрі өседі.
Эволюция процесінің барысында әрбір түрде белгілі тіршілік ету орта
жағдайларына бейімделушіліктер пайда болады.
Мысалы, Арктикада мекендейтін құстар мен сүт қоректілердің түсі ақ
болса, шөл далаларды мекендейтіндер сарғыш-сұр түсті, жоғары температураға,
құрғақшылыкқа бейімделген. Түрдің тұтастығы даралар арасындағы
байланыстарға негізделген. Эволюция процесі барысында әрбір түр дараларының
өзара қарым-қатынастар қалыптасады. Мысалы, көптеген жануаралардың
ересектері ұрпақтарына қамқорлық жасайды, даралар бір-бірімен түрлі
сигналдар арқылы қатынасады, жауларынан бірге қорғанады т.с.с. Түрге тән
бейімделушіліктер кейде кейбір жеке особьтардың өлуіне
әкеп соғады, дегенмен жалпы түр үшін пайдалы болып табылады.
Мысалы, құстардың кейбір түрлері ұялары тарлық еткенде бірнеше
балапандарын ұядан шығарып тастайды. Тасталған балапандар өліп қалады да,
ал ұяда қалғандары жақсы өсіп жетіледі, олай болса, бұндай бейімдеушілік
жалпы түр үшін пайдалы.
Түрді анықтау үшін бір ғана критерийді пайдалану жеткіліксіз, сондықтан
да особьтардың түрлі белгілері мен қасиеттерін дәлелдейтін критерийлердің
жиынтығы ғана түрді толық сипаттай алады. Түр экологиялық бірлік болып
табылады.
Түрдің популяцияльқ құрылымы
Әрбір түр белгілі бір ареалды мекендеп бір популяция жүйесін құрады.
Егер осы түрдің әрбір мүшелері осы кең тарриторияның ішінде бір жерден
екінші жерге, немесе бір түрден екінші түрге ауысып отырса, онда ол
популяцияның саны өте аз болады. Осында алыс жерге орын ауыстырып мекенін
жиі өзгертіп отыратын түрлерге солтүстік бұғылар, полярлық түлкілер жатады.
Мысалы, денесіне белгі қойып бақылаудың арқасында, бұл түлкілердің бір
маусымда жүз шақырымнан мың шақырым жерге дейін өзінің мекенін ауыстырып
отыратындығын байқаған. Сөйтіп бұлар ірі популяциялардан тұрады. Осындай
түрлердің жекеленуі орардың кеңістікте қозғалыс, қимыл қасиеттеріне
байланысты. Кейбір түрлері қең территорияны бірыңғай жиі мекендейді.
Бұлардың территория шекараларын анықтау өте қиын. Мысалы, қоңыздарға
жататын қанқызы (божья коровка) табиғаттың әр түрлі, әрқилы жерлерінде
кездеседі. Бұлардың мекендейтін, тіршілік ететін жерінің табиғатта шекарасы
жоқ деп айтуға болады. Популяциялар арасында өзара кейбір особьтардың бір
популяциядан екінші популяцияға ауысып өтіп өтырытын кездері болады.
Мысалы, көптеген қара қарғалар балалары кейде күзде басқа мекенге ұшпай,
қыста қалып қояды. Сөйтіп олар тұрғылықты түрлерімен қосылып қыстап шығады.
Осындай жағдайлар немесе популяция арасындағы өзара қарым қатынастар осы
түрлер топтарының сипаттамасын өзгертуге әкеліп соқтырады. Мысалы, олардың
санының өсуіне, жас шамаларының өзгеруіне, өлім жітімге ұшыруына,
популяцияның өсу жылдамдығының өзгеруіне әсерін тигізеді.
Популяциялардың өте ұзақ немесе толық оқшаулануы, бөлуіні жаңа
түрлердің пайда болуына әкеліп соғады. Популяциялар арасындағы өзгерістер
әртурлі дәрежеде болады. Бұл өзгерістер олардың топтарының сипаттарында
ғана емес, кейде олардың жеке дараларының морфологиясының, физиологиясының
және мінез құлықтарының, ерекшеліктерінің сапа жағына да әсерін тигізу
мумкін. Осы ерекшеліктері негізінен табиғи сұрыптаудың арқасында болады.
Әрбір популяцияның белгілі бір ортаға бейімделуіне әкеліп соқтырады. Әр
орталықта, әр жерде тіршілік ететін ақ қоянды алатын болсақ, олардың түрі,
түсі дене пішіні, ас қорыту системасының кұрылысы да әр түрлі болады.
Мысалы, Ямал аралығындағы қоянның соқыр ішегін Урал даласында тіршілік
ететін түрімен салыстырып көрсек соқыр ішегінің ұзындығы екі есе артық
екенін байқауға болады. Бұлай болу себебі қоректік заттардың кұрамына және
оның қаттылығына байланысты болатындығын байқауға болады. Немесе мынандай
мысал келтіруге болады. Орталық Якутияда тіршілік ететін ақ қоян
популяциясының аналығы жылына бір рет туады да оның бауырында жетіге дейін
көжек ереді, ал Карель аймағында тіршілік ететін түрі жылына екі рет туып,
әр туғанда төрттен туады. Сондықтан да әр районда, әр жерде тіршілік ететін
организмдердің популяцияларының өсуі, өнуі, олардың саны, тығыздығы,
популяциялық құрылысы, өсу темпі әртүрлі болатынын байқауға болады.
Популяция аралығындағы айырмашылық әртүрлі жағдайлардың ұқсас болмауына
байланысты бір-бірімен өте үлкен айырмашылықта болады, және даралар
арасында алмасу процестері де нашар.
Өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының таралу құрылысы (немесе бос
кеңістіктегі құрылысы). Популяцияның мекендейтін жері, олардың тіршілік
мекені болып табылады. Әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяция және оның генетикалық құрылымдары
Популяция және оның құрылымы
Популяциялар саны, тығыздығы
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Демографиялық құрылысы,популяция саны және оның табиғаттағы айналымы
Популяция тығыздығы
Популяциялар экологиясы (демэкология) туралы ақпарат
Эволюциялық генетика
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Пәндер