Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (3.4 бет)

І Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны
1.1 Құқық нормаларының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..(5.11 бет)
1.2 Құқық нормалары және дара келісімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...(12.13 бет)

ІІ Құқық нормаларының құрылымы
2.1 Құқық құрылымының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...(14.20 бет)
2.2 Құқық нормаларының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (21.23 бет)

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . (24.26 бет)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. (27 бет)
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп санадағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты.
Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың ажырамас бөлігі болып табылады.
Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітілді.
Құқықтық норма- қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылаиын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлықын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзінде асырудың толық қамтыған нормативтік актілерді жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттілікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әректтерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттілікті, теңдікті, бостандық, т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.
1. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы Алматы,2003- 328 бет
2. Жоламан Қ.Д Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2005-296 бет
3. Өзбекұлы С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2006- 264 бет
4. Құқықтық жалпы білім беруді дамытудағы мәселелер // Жалпы тарих және құқықтану мектепте - №1; 2005- 13 бет
5. Сағынаев м. Құқық қандай формада өмір сүреді // Жалпы тарих және құқықтану мектепте - №2; 200- 14 бет
6. Мәмбетова А., Бекбаев Ғ. Тұлғаны үйлесімді дамытуда құқықтық тәрбиенің мәні зор // Қазақстан мектебі - №5- 2008- 3 бет
7. Әбенбаев С. Тәрбие теорисы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, 2004ж
8. Көптілеуова С. Құқық жалпы білім беруді дамытудағы мәселелер // Жалпы тарих және құқықтану мектепте - №1- 2005 ж
9. Бабанов Н. Жастарға құқықтық білім беру- заман талабы // Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал), № 10- 2006 ж
10. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж
11. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997 ж
12. Жоламанов Қ. Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1998 ж
13. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің сөздігі Алматы, 1996 ж
14. Нұрлыбай К.Н ҚР-ның құқықтық нормалары// Журнал право и государство- 2002-№ 2- 12 бет
15. Жоламан К.Д. Азаматтық қоғам және мемлекет // Құқық және мемлекет, 1999 ж,№ 3- 24 бет
16. Жоламан К.Д. ҚР-ғы мемлекеттік органдар жүйесіндегі саяси- құқықтық эволюция және өкімет биліктерін бөлісу. // Құқық және мемлекет,2001,№3- 2- бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... (3-4 бет)

І Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны
1.1 Құқық нормаларының мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...(5-11 бет)
1.2 Құқық нормалары және дара келісімдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (12-13 бет)

ІІ Құқық нормаларының құрылымы
2.1 Құқық құрылымының элементтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (14-20 бет)
2.2 Құқық нормаларының жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .(21-23 бет)

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. (24-26 бет)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (27 бет)

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық
нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп санадағы жиынтығы.
Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі,
объективтендірілген түрі және сипаты.
Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды
реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың ажырамас
бөлігі болып табылады.
Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан
болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің
мінез- құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітілді.
Құқықтық норма- қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылаиын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың,
мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма
қоғам мүшелерінің мінез-құлықын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзінде асырудың толық
қамтыған нормативтік актілерді жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара
құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте зор. Оның мазмұны өте
күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік
билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттілікті, адамгершілікті, заңдылықты,
тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын,
денсаулығын т.б. демократиялық іс-әректтерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал,
нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті
күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттілікті, теңдікті, бостандық, т.б.
демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты
жақсартудың құралы.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды ретейтін нормалардың жиынтығы.
Мақсаты: Жұмысты жаза отырып, жасөспірімдерге құққытық нормалар туралы
ілімді сіңіре білу.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Құқық нормаларының мазмұнын ашу, көрсету;
2. Құқық нормалары және дара келісімдер туралы айту;
3. Құқық құрылымының элементтері;
4. Құқық нормаларының жіктелуін көрсету;
Зерттеу пәні: Құқық және құқық нормалары.
Зерттеу объектісі: ҚР –ның құқықтық нормалары
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі тараудан(ішкі бөліктері бар),
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны

1.1 Құқық нормаларының мазмұны

Құқықтық норма- қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың,
мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма
қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттеп
отырады.[3;116].
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзінде асырудың толық
қамтыған нормативтік актілерді жиынтығын айтамыз.
Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор.Оның мазмұны өте
күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті,
бостандықты, теңдікті, әділеттілікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті,
білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын
т.б. демократиялық іс-әрекеттерді біріктіреді
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал,
нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті
күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттілікті, теңдікті, бостандық, т.б.
демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты
жақсартудың құралы болып табылады.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды ретейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма- құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы
дамуының, үлгісі деуге болады.
Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын және қарым-қатынасын реттеп-басқарып отырады [3;116].
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырылады:
бірінші- адамдардың өз істерін, өз тәртібін жобалау- жоспарлауы; екінші-
өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы.
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылады.
Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін
біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің
нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норамның негізгі сипаттары:
1. Норма- қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды
реттеп-басқарып отырады.
2. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттілікті,
теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп,
басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Қ.Р.
Конституциясында және заңдарда көрсетілген.
3. Норма- көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-
тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсете отыра, болашақ қатынасты, оны
реттеудің, орындаудың үлгісін жасайды.Осы үлгілерді зерттеу арқылы
ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысуға мүмкіндік алады.
4. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей, қатынастарды көп жылдар
дұрыс реттеп-басқарып отырып, тұрақты нормаға айналды. Бұл екі жақты
әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп атайды.Бұл процесс
заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
5. Нормативтік актілер мен мемлекеттік нормаларда бекітілген ережелерді
орындау жалпы қоғамдық міндет болып табылады . Сол себепті халық осы
нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосуы керек.
Нақтылай келсек, құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары оның
мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруындағы ролін
толық түсінуге көмектеседі.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма- мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен,заңдылық күші бар
нормативтік актісі. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне
айналды.Себебі ол мемлекет бекіткен нормаларды халықтың басым
көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері, орындалу жолдары
толық көрсетіледі..
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы қамтамасыз
етіледі.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болады.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес [3;118].
Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек.
Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады.
Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың
мазмұны көрсетіледі, екіншісінде- оны қашан, қандай жағдайда қолдануды
көрсетеді, үшіншіде- қолдану нәтижесін көрсетеді.
Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы
өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде
толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құқықтық норма- қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз
етілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады.

Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік
актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге
бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы [3;118].
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Салық туралы заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.
Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция- қатынатың мазмұны мен субъектілердің мазмұны мен
субъектілердің құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.
Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі- моделі. Мысалы,
ҚР, АЗК, 482б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың
міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі- нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-
айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық,
облыстық, аудандық, органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- толық-айқын түрі- диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі.
Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық
көрсетіледі:
- сілтеу түрі- диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме
қолданады [3;117].
Гипотеза- диспозиция қашан басталады, аяқталады, номативтік акті қалай
орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа
тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзу керек.
Гипотезаның үш түрі болады:
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуын немесе болмауымен
байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды.
- Егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса ондай гипотезаны – күрделі нипотеза деп атайды;
- Егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса- мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция- диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары
жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы.
Санкцияның үш түрі болады:
- абсолютті- айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу т.б.
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік;
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзрында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін
дұрыс, уақытнда, жақсы орындай алады.
Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды
тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарына норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады.
Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында
болуы мүмкін немесе бірнеше нормтивтік актілердің баптарында болуы мүмкін.
Оны тауып алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік
актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын,
орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның
бөлімінде, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
Сонымен, құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары бір-
біріне ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны
іздестіріп табуға болады.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым, т.б. бағыттағы
нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар;
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норманың элементтірінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді; нақты белгілі нормалар- мазмұны толық анық жазылған
элементтері түгел; салыстырмалы нормалар- мазмұны, элементтері түгел
емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама нормалар-
істің орындалуының, норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі
болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар- қоамның мамандық салаларының қарым-
қатынасын реттеп-басқаратын нормалар.
8. Мысалы, азаматтық, қылмыстық заңгерлік, дәрігерлер, мұғалімдер,
инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне, осы көрсетілген бағыттар, бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады.
Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртіп, азаматтардың
құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі
пікірлер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін
орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады.
Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау
әдістерімен қатар әкімшілік немесе жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі
[3;118].
Сонымен құқықтық норма- қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде
құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің
дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Қазақстан Республикасының құқығы үш бағытта дамуда:
- қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп, басқару үшін
құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
- қоғамның объективтік даму процесін болашағын болжап, оларды басқару
үшін алдын-ала нормативтік актлерді дайындау;
- қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік
қорытындылар жасап, құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Құқықтық нормалар қоғамның экономикалық -әлеуметтік қажеттіліктері арқылы
өмірге келіп құқықты қалыптастырады.
Құқық тек қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму процесін басқарумен
шектелмейді.
Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарында
реттеп, басқарып отырады.
Осы процесе халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін,
тілектерін жақсы дұрыс түсінуін- объективтік құқық дейді.
Ал сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы басқаруды-
субъективтік құқық дейді.
Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-
әрекетінде бірлестік болады.
Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымайды.
Сондықтан мемлекет бұл процестің біржақты дамуына жол бермеуге тиісті.
Субъективті құқықтың белгі- нышандары:
- субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;
- ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
- субъектілердің бостандығы, құқықтарының дұрыс дамуы мемлекеттің
бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік қалыптасу
жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі барлық мемлекеттер де өтті. Құқықтың
даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздап ерекшеліктері
бар.
Мысалы,біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесінде діни
нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды тәжірибелерін өте кең
пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:
- құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
- құқықтық прецедент;
- нормативтік шарттар;
- нормативтік құқықтық актілер.
Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері
Конституция толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар
мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзыретіне,
өкілеттігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады.
Олар Конституцияға нұқсан келтірмеуге міндетті.
Конституцияның талаптарының дұрыс орындалуын Президенттің аппараты мен
Конституциялық Кеңес бақылап отырады.
Республика Конституциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар
және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары
Конституция мен Республика заңдарының негізінде жарлықтары Конституция мен
Республика заңдарының негіінде және оларды орындау үшін шығарылады.
Республика Президентінің жарлығымен:
1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің
конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
2. Конституцияда және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілік
заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының
үйлесімді жұмыс ісеуін қамтамасыз ету мәселелері шешілді:
3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да
мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын
мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
4. Республиканың экономикалық және саяси- әлеуметтік дамуы жөніндегі
стратегиялық мәселлер бойынша шешімдер қабылданады.
Республика парламентінің актілері:
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар
Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конституциялық және
заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік
қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі
мәселелер бойынша, сондай-ақ қаулылар қабылдамайды.
Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселлер бойынша үндеулер,
декларация, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер
қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді
Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.
Үкімет актілері- заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде
және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілерді және
жеке қаулылары.
Үкімет ктілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған
Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Минситр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер
шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрдің өкімдерінің
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының
күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-Министрдің
өкімдерінің күшін Республика Перзиденті немесе Премьер-Минстр жоя алады.
Парламенттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент,
сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады.
Үкімет өз жұмысы жөнінде парламентке бағынышты және оның алдында есеп
береді. Парламент конституциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды,
бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.
Мемлекеттің басқа органдарының нормативтік актілер шығару, қабылдау,
бекіту құзіреттері Президенттік Республикадан көп айырмашылығы жоқ.
Қазақстан 1993 ж. Конституция бойынша Парламенттік Республика, 1993
ж. Конституция бойынша Парламенттік Республика, 19955 ж. Екінші
Конституцияға сәйкес – Президенттік Республика болды.

1.2 Құқық нормалары және дара келісімдер

Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салаыстырып қарағанда
жалпы мазмұнға ие, бәрне бірдей қолданылатын мінез-құлықты бекітеді.
Осыдан мынадай қорытынды туындайды:
Құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан аллуан рет қолданылады
және ол жеке бір субъектке бағытталмайды, жалпыға бірдей болып табылады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма- қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды
реттеп- басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі
бостандықты, әділеттілікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның
экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын
қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары,
қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма- көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-
тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырды.
3. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының үлгісін жасайды.
Міне, осы үлгілерді зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен
тарихымен танысып жатады.
4. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар
дұрыс, жақсы реттеп, басқарып, тұрақты нормаға айналады. Бұл екі
жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы
өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес
қосады.
5. Нормативтік актілер, мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық
міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан, олар нормалардың дұрыс
орындалуына үлес қосады.
6. Сонымен, құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның
мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп- басқаруын
толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма- мемлекеттік органның қабылданған бекіткен актісі; оның заңды
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады.
Өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық
көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға
нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын. Орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
5. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
6. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес.
Құқықтық норманың мазмұны толық болу керек.
Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес
нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде-
оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде- қолдану
нәтижесін көрсетеді.
Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы
өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде
толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Мемлекеттік органдар өздерніңі құқық бекіткен құзырлары бойынша
құқықтық нормаларды қабылдайды. Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық
нормалар болып саналмайды [4;119].
Олардың шығарған көптеген келісімдері әр түрлі жағдайларға байланысты
болған сәттерге арналып шығарылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің бір адамды орденмен
парапаттау туралы шығарған жарлығы, минстрдің төменгі сатыда тұрған бөлім,
басқарма бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің
аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және т.б.
бұл жерде ауазымды тұлғалардың шығарған келісімдері өздерінің құзырларына
айланысты бір ғана жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы
жоқ.
Судьяның заң негізінде шығарған шешімдері мен үкімдері де дара
келісімдер қатарына жатады [4;119].
Дара келісімдер құқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола
алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің күшін жояды.

ІІ Құқық нормаларының құрылымы
Құқық құрылымының элементтері

Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық
нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны
меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен
пайдаланады.
Құқықтық норманың құрылымы дегенмііз қисынды мағынамен оынң ішкі
мазмұнынынң элементтерін айқындап көрсету.
Құқықтық нормалардың құрылымы мынадай элменттерден тұрады:
1. Гипотеза (шарт, жағдай)
2. Диспозиция (мінез-құлық)
3. Санкция (жаза)
Гипотеза- өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқытық норманың
қолданылуы. Негізінде Егер деген мағынамен қамтылады. Гипотеза құрамдық
мағынасына байланысты қандай түрлерге бөлінеді:
1. Жай (жұпыны) гипотеза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқықты түсіндіру мәні
Әлеуметтік нормалар
Құқық жəне діни нормалар
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Пәндер