Коммерциялық банктердің несиелік операциялардың теориясының аспектілері


Мазмұны
Кіріспе . . . ………. 3
1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялардың теориясының аспектілері . . . 5
1. 1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялардың мәні, жіктелуі . . . 5
1. 2 Қазақстандағы несие операцияларының структурасы… . . . 12
1. 3 Банктік несие операцияларының ерекшеліктері және түрлері . . . …14
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның несие операцияларына талдау . . . 19
2. 1«Банк Центр Кредит» АҚ-ның операцияларына сипаттамасы… . . . 19
2. 2 «Банк Центр Кредит» несиелік операцияларына талдау…… . . . … . . . …. 21
2. 3 Банктерді операцияларды кеңейту көздері . . . 25
3 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларды жетілдіру жолдары . . . 28
3. 1 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларды дамыту шетелдік тәжірибесі…… . . . …. . …28
3. 2 Банктердің операцияларын жетілдіру жолдары . . . …. . 30
Қорытынды . . . 34
Қолданылған әдебиеттер. . . . 36
Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Осы курс жұмысы «Коммерциялық және банктік несие» - атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі бөлім - несие нарығының қалыптасуы және дамуы, ал екінші бапта - Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялық банктердің рөлі - деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын. Қорытындысында - осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталамын. Осыдан басқа осы курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады. Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының несие нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі, оның несиелік қызметі туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бүкіл несие нарығын қамтиды. Бұл тақырыпта зерттелетіні - Қазақстан Республикасының несие нарығының мәні мен маңызы, ал зерттеу мақсаты - республикадағы несие нарығының қалыптасуы мен дамуын оқып білу.
Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық
өзгерістердің негізгі бағыттарының бірі - халық шаруашылығы
механизімінде қаржы сферасының алатын орнының өзгеруі.
Жоспарлы экономика түсында ақша несие ағымдары шаруашылық айналымда айтарлықтай рол атқарған жоқ, тек өндіріс сферасының жоспарланған мақсаттарын орындауға қажетті құрал ретінде ғана қарастырылды. Бірақ нарықтық экономикаға өту жағдайында қаржы ағымдарының мәні күрт өзгерді. Нарықтық экономика тұсында шаруашылық жүргізу субьектілерінде қаржы ресурстарының қажетті мөлшері қолда болуы немесе болмауы шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуының негізін қалаушы фактор болып табылады.
Бүгінгі танда нарықтық экономикада несие - банктік жүйе ерскше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсіпорындардың, үйымдардың, халықтың ақшалай төлемдері мен есеп айрысуларының аса зор көлемі өтеді; бұл жүйе халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады, сонымен біргс бұл жүйе көптеген қызметтері несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық т. с. с. көрсетеді.
Қазақстанның нарыққа өтуі көбінесе несиелік қатынастар потенциялының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгінгі танда біздің елімізде несиелік қатынастар бірқатар өзгерістерге ұшырап отыр, сонымен бірге жалпы несиелердің ішінде өтімділігі жоғары қысқа мерзімді несие ерекше көзге түседі. Кәсіпкерлер арасында қысқа мерзімді несие қызығушылық туғызып отыр: Қазақстан Республикасын банктермен экономиканы қысқа мерзімді несиелеу тәжірибеде қалай жүргізіледі; қысқа мерзімді несиені алу үшін мемлекетпен қандай ережелер, нормалар, шектеулер қойылған.
Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып, реттеледі: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және "Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы" заңдары. Бүл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы банктермен қолдануға тиесілі. Жоғарыда баяндалып өткендер диплом жүмысымның өзектілігін айқындайды.
1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялардың теориясының аспектілері
1. 1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялардың мәні, жіктелуі
Несиелік операциялар - ақша қаражаттарын пайдалануға беру барысында пайда болатын несие мен несие алушы арасындағы қарым-қатынстар 1995 ж 30. 03 шыққан Қазақстан Республикасының "ҚР- дағы банктер және банктік қызмет турал” заңының 34 бабына сәйкес "несиелік операция-банкпен басқа түлғаларға мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шартымен ақша беру болып табылады. Банктің несиелік немесе ссудалық операциялары банктің директорлар кеңесімен (жабық акционерлік қоғам болған жағдайда акционерлерінің жалпы жиналысымен) бекітілген ішкі несиелік саясаты туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Ішкі несиелік саясаты жүзеге асыратын мүше - банктің несиелік комитеті. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргізу барысында туындайтын тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында жасалады және келесілерді анықтайды.
а) заңды және жеке түлғаларға несие беру шарттарын;
б) лауазымды түлғаларға және банк қызметкерлеріне несие беру
шарттарын;в) несиелік комитеттің үйымдық қүрылымын, қызметтерін,
өкілеттілігін;г) несиелік комитеттің мүшелерінің жауапкершілігін;
д) несиелеу шектерін;
е) несиелік шарттарды бекіту процедурасын;
Несиелік қарым-қатынасқа қатысушыларды былайша атайды; Несие беруші - Кредитор Несие алушы - Дебитор
Банктің несиелік операциялары 2 топқа бөлінеді:
- актив немесе белсенді, яғни банк ссуда беріп, кредитор ретіндеқатынасқа түссе;
- пассивті, бұл жағдайда банк басқа банктерден жәнеклиенттерінен ақша қаражаттарын таратып дебитор ретіндешықса. Бұдан біз несиелік операциялардың екі формасынтуындап шығарамыз- ссудалар мен депозиттер.
Дегенмен, несиелік операциялар бұл өте кең үғым, несиелік қатынастарды үйымдастырудың түрлі формаларын негізін қалаушы үғым.
Нарық қатынастарына өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының маңызды факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрінде кәсіпорындар мен үйымдары меншік капитал шеңберінен шығуға мүмкіндік беріп, жаңа күш-қуат беретін өндірістің өркендеуіне экономикалық алғышарттар жасайды.
Несие несие алушының обьективті қажеттілігін қанағаттандыру үшін беріледі.
Несиелік операциялардың обьектісі - бұл белгілі бір зат, құндылық. Бұл затқа деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін ссуда беріледі немесе несиелік мәміле жасалынады. Бірақ несиелеу обьектісі ретінде тек материалды зат, не құндылық қана бола бермейді, ал сонымен қатар несие алушының қосымша ресурстарға деген де қажеттілігі де болуы мүмкін. Сондықтан несиелеу обьектісі әрі материалдық құндылық, жалпы материалды процесс.
Қазақстан Республикасының тәжірибесінде банктердің несиелік салымдарының негізгі обьектілері негізінен экономиканың өңдеуші секторларының кәсіпорындарының: жеңіл - тамақ өнеркәсіптерінің, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестің - қысқа мерзімді айналым қаражаттары болып табылады.
Несиелеу субьектілері - бұл несие алушы ретінде қатынасқа түсетін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке түлғалар.
Қазіргі несиелеу жүйесінің негізгі ережелері келесі қалыпта;
- Несиелеу жүйесі коммерциялық банктің .
- Несиелік операциялар коммерциялық сипатқа ие.
- Несиелік салалардың көлемі банк ресурстарына ғана емессонымен бірге міндетті резервтер мен де байланысты өзгеріп отырады.
- Банктің несиелік саясаты келісім негізінде жүзегеасырылады.
- Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететіннесиелердің формасына өту көзделіп отыр.
- Несиелеу жүйесі келесі принциптерге негізделіп отыр:мерзімділік жөне ақылық немесе төлемділік, қайтарымдылықпен несиенің көзделген мақсатқа жұмсау.
- Сонымен бірге несиелеу моделін құрастыру үшін сол несиеалушының өндірісінің экономикасы негіз болу қажет.
Несиелік саясатты қалыптастырған кезде банктер көптеген факторларды есепке алу қажет:
- сыртқы факторлар, яғни банк қызметіне тәуелсіз, инфляцияссудалық деген ұсыныс пен сұраныс т. б.
- ішкі факторлар, яғни банктердің жеке қызметіне байланыстыкапиталдың жеткіліктілігі, несиелердің түрлеріне тиістітабыстылық пен тәуекелділік деңгейі, депозиттердің келіп түсутұрақтылығы, банк қызметкерлерінің қабілеттілігі менмамандану дәрежесі т. б.
Әр банк өзінің несиелік портфелінің көлемін беретін ссуда мөлшері мен түрлерін жеке өзі анықтайды. Бірақ та бір несие алушыға шаққанда берілетін несиенің шекті мөлшері банк капиталының 25% аспауы керек екенін есте сақтау қажет.
Несиелік операциялар банкке табысты ең көп әкелетін операциялар түрі, сондықтан банктер салымдарының көп бөлігі несиелік операцияларға келеді.
Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар және банктердің өсіп отырған ресурстың базасы аясында кредиттік нарық 2009 жылы қаржы нарығының серпінді даму үстіндегі сегменттерінің бірі болып қалды. Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 2592, 1 млрд. теңгеге дейін (19, 4 млрд. долл. жуық) 74, 7% өсті. Банктердің экономикаға кредиттерінің ЖІӨ-ге қатысты көрсеткіші 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 26, 8%-дан 34, 8%-ға дейін аса жоғары өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда басым сипатта болды. 2009 жылы ұлттық валютадағы кредиттер 1255, 8 млрд. теңгеге дейін 75, 9% өсті, шетел валютасындағы - 1336, 3 млрд. теңгеге (10, 0 млрд. долл. ) дейін 73, 5% өсті. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 48, 1%-дан 48, 5%- ға дейін өсті.
2009 жылды. ішінде ұзақ мерзімді кредиттерді. (1 жылдан астам мерзімі бар) өсуі қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда басым сипатта болған кредиттердің мерзімдері бойынша құрылымында да оң өзгерістер болды. Ұзақ мерзімді кредиттер 1722, 9 млрд. теңгеге дейін 76, 6%, қысқа мерзімді кредиттер - 869, 1 млрд. теңгеге дейін 70, 9% өсті ұзақ мерзімді кредиттерді. үлес салмағы 65, 7%-дан 66, 5%-ға дейін өсті.
Кредиттік қызмет көрсету нарығындағы негізгі заемшылар корпоративтік клиенттер болып отырғанына қарамастан, 2009 жылы экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінде кәсіпорындарға берілген кредиттердің үлес салмағы 79, 5%-дан 74, 2%-ға дейін төмендеді, ал жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 20, 5%-дан 25, 8%-ға дейін өсті. . Бұл негізінен ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу сияқты банктік өнімдердің түрлерін айтарлықтай кебейтуге байланысты. Мәселен, 2007 жыл бойы ипотекалық және тұтынушылық кредиттер тиісінше 220, 5 млрд. теңге және 320, 5 млрд. теңге болып, 2, 2 есе өсті.
2009 жылы банктерді. шағын кәсіпкерлікке кредиттерінің көлемі 470, 2 млрд. теңгеге дейін 63, 0% немесе экономикаға берілген кредиттің жалпы көлемі. 18, 1% өсті. Кредиттер бойынша ставка динамикасының түрлі бағыттағы үрдісі бар. Мәселен, 2009 жылғы желтоқсан айында 2008 жыл. ы желтоқсан айымен салыстырғанда жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынңан сыйақы ставкасы 19, 5%-дан 19, 7%-. а дейін өсті, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 13, 7%-дан 13, 0%-ға дейін төмендеді. (1 кесте) млн. тг.
Экономика салалары
01. 01. 2008ж.
16815
34, 9
21749
2722
5, 6
10, 5
2614
5, 4
1960
2, 4
1007
2, 1
5, 5
92
1390
1, 6
Сауда
569
11, 8
Басқалары
19300
24721
28, 8
48244
100
85709
100
Кесте -1 Коммерциялық банктердің экономика салалары бойынша берген
несиелері
Несиелік операциялардың көптеген түрлерін атап көрсетуге болады. Олар төмендегі белгілеріне қатысты топтарға бөлінеді: несие алушыға байланысты; қамтамасыз етілу әдісіне қарай; несиелеу мерзіміне қатысты; несиелеу обьектісіне; ашылатын шот түріне; қаражаттарды беру тәртібіне; несиені қайтару тәсіліне; өсімақы есептеу және төлеу тәртібіне; тәуекел дәрежесіне; т. б. байланысты.
Сонымен несиелік операцияларды жіктеудің әр бір бөлігіне тоқталып кетейік:
Несиелеу объектісіне (қолдану бағытына) қарай біздің елімізде несиелерді: 1) мақсатты яғни өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін материалды қүндылықтарды сатып алуға жүмсалатын несиелер, сауда-делдалдық операцияларды жүзеге асыру үшін алынатын несиелер, қүрылыс пен түрғын үй сатып алуға алынған несиелер, айналым қүралдарын қүруға алынған несиелер, т. б; 2) нақты мақсаты жоқ, яғни уақытша қажеттіліктерді қанағаттандыруға алынған қаражаттар.
Дамыған елдер мен Ресей тәжірибесі көрсеткендегі нарық қатынастарының дами түсуіне байланысты несиелік салымдар қүрылымында жаңа несиелеу обьектілерінің пайда болуымен айтарлықтай өзгерістер енуі мүмкін. Ал бұл өз кезеңінде әрі коммерциялық банктердің үйымдық құрылымына, әрі жалпы банк жүйесіне әсерін тигізеді.
Несиелік мәміленің субьектілеріне қатысты несиелер төмендегідей бөлінеді:
а) кредиторға байланысты:
- банктік ссудалар, яғни жекелеген банкпен немесе , бірлестіктемен берілетін ссудалар. Мүндайссудаларды консорциалды несиелер деп те атайды
- банктік емес несиелік үйымдармен берілетін ссудалар, яғниломбардтар, несиелік коперативтер, қүрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, т. б. беретін несиелер.
- жеке ссудалар, яғни мүндай несиелер жеке түлғаларға беріледі.
- Кәсіпорындар мен үйымдар беретін ссудалар (саудаүйымдарының халыққа беретін төлемі кейінгі қалдырылғаннесиелер т. с. с. )
б) несие алушыға байланысты:
- заңды түлғаларға берілетін несиелер;
- жеке түлғаларға берілетін несиелер;
Несиелеу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді несиелер (1күн- 1жыл)
- орта мерзімді несиелер (1 жыл - 3-5 жыл)
- үзақ мерзімді несиелер (3-5 жылдан жоғары)
Бүгінгі таңда республикамызда экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты несиелердің мерзіміне қарай жіктелінуі шартты сипатта ғана. Банктер несие берген кезде оларды қысқа мерзімді (1ж. дейін) және үзақ мерзімді (1 жылдан жоғары) етіп бөледі. Қысқа мерзімді белгілі бір мерзімге дейін (1ж. аралығында берілген) және талап еткенге дейінгі, яғни бүл несие түрінің нақты қайтару уақыты белгіленбеген және банк оны қайтаруды кез-келген уақытта талап етуі мүмкін. Әрине қысқа мерзімді несиенің бұл түрін алған несие алушы салыстырмалы өтімділігі өте жоғары түлға, әрі оның активтері тез арада қолма-қол ақшаға айналдырылуы мүмкін.
Ашылатын ссудалық шотына қатынасты несиелер ссудалық шоттардан берілетін және арнайы ссудалық шоттардан, яғни банк алдындағы клиенттің жалпы берешегінің мөлшерін ескеретін, берілетін болып бөлінеді.
Қамтамасыз етілуіне байланысты ссудалар банктік қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген (кепіл, кепілдік, кепілдеме, сақтандыру полистері) . Банктің қамтамасыз етілген несиелерді таңдаудың негізгі себебі - бұл несие алушының несиені уақтылы және толық мөлшерде өтей алмау салдарынан шығынға ұшырау тәуекелділігінен өзін сақтап қалу. Кепіл несиенің өтелуін қамтамасыз етпесе де, тәуекелділік деңгейін төмендетеді.
Өтелу кестесіне қарай ссудалар бір жолғы төлеммен өтелетін және төлемі кейінге қалдырылған ссудалар болып жіктелінеді. Бір жолғы төлеммен төленетін несиелердің ерекшелігі сонда, олар бойынша қарыздың негізгі сомасы мен өсімақы сомасы бір-ақ төлеммен өтеледі.
Ал, төлемі кейінге қалдырылған ссудалар төменде көретілген әдістермен өтелінеді:
- ай сайын, тоқсан айын, жылда бір рет т. с. с. бірдейтөлемдермен етелінетін қарыздар;
- ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет, т. с. с. бірдей еместөлемдермен өтелінетін қарыз;
Төлемі кейінге қалдырылған ссудаларды берген кезде шарттың өз күшін сақтау мерзімі аралығында қарыз сомасы бөлшек-бөлшекпен өтелініп отырады. Бүл қарызды өтеу тәртібі әрі несие алушы әрі несие беруші үшін ыңғайлы. Банктің несиелік ресурстары босап, несие айналымы арта түседі, бүл өз кезегінде банк өтемділігін көтереді.
Сонымен бірге ссудалар жеңілдіктері бар өтелу кезеңі мен жеңілдіктері жоқ өтелу кезеңдері болып бөлінеді.
Өсімақы төлеу әдісіне байланысты ссудаларды келесідей жіктейді: ссуданы берген мезгілде өсімақы мөлшерін алып қалу, несиенің өтелуі кезінде төленетін өсімақыны ссудалар және өсімақысы бірдей бөліктермен ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір рет төленіп отыратын ссудалар.
Сонымен бірге аннунитетті төлемді ссудалар, яғни қарыздың негізгі бөлігі мен өсімақы мөлшері бір-ақ төлеммен өтелінетін ссудалар туралы да ұғым бар.
Қаражаттардың айналымдылық сипатына байланысты ссудалар келесі түрлерге бөлінеді:
а) маусымды және маусымды емес;
б) револьверді, ролловерді. Револьверді несиелердің қатарына
несиелік картолар немесе овердрафт, контокорентті несие, т. б. формасында берілетін несиелер жатады.Мысалы, АҚШ-та тұтынушылық несиелер үш топқа бөлінген төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар, револьверді және бір жолғы төлемді ссудалар.
Төлемі кейінге қалдырыған несиелер бойынша негізгі қарыз сомасы мен өсімақы мөлшері белгілі бір уақыт аралығында тең бөліктермен төленіп отырады. Бұл несиенің түрі көп жағдайда тауарды сатып алуға немесе т. б. шығындарды жабуға беріледі. Несиелік карточкалар мен овердрафт формасындағы несиелерді де бүл несиенің түріне жатқызуға болады, себебі бүл несие формаларында берілген ссудалар бойынша төлемдер ай сайын жүріп отырады.
Төлемі кейінгіге қалдырылған ссудаларды өтеу мерзімі АҚШ-та 2-5 жыл аралығында жатыр. Бұл несиенің түрі негізінен шағын сомада беріледі, бірақ несиелеу обьектісіне бағасы 100 мың долл. Асатын автомобильдер де, самолеттер де, яхталар да, т. с. с. жатуы мүмкін.
Револьверді ссудаға қарағанда төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар қамтамасыз етілген несиелер қатарына жатады. Сонымен қатар төлемі кейінгіге қалдырылған несиелер банктік ссуданың тікелей немесе жанама несиелеу формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен несие алушы арасында несиелік шарт жасалынады. Ал жанама несиелеу түсында банк пен клиенттің арасындағы несиелік қатынастарда делдалдық болуы шарт. Делдал ретінде көбінесе бөлшек ссуда саласының кәсіпорындары қатысады. Несиелік шарт бүл жағдайда клиентпен банктен кейін ссуда алатын дүкен арасында жасалады. Қазіргі кезде американдықтар автомобиль сатып алуға берілетін ссудалық қарыздардың 60% жанама несиелеу формасында болып отырғандығы несиенің бұл формасының дамыған елдер экономикасында кең тарағандығының куәсі.
Біздің елімізде несиенің бұл формасы дами қойған жоқ. Бірақ халықты сауда үйымдары арқылы несиелеу соңғы жылдары өріс алып отыр.
Сатып алушылардың жоғары бағалы тауарларды (автомобильдер, тозаңғыштар, кір жуу машиналары, компьютерлер және т. б. үзақ мерзім пайдаланылатын заттар) төлемін кейінге қалдырып сатып алған жағдайлары жиі-жиі бұқаралық ақпарат қүралдарынан жариялап жүр.
Тікелей және жанама банктік несиелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тікелей несиелеудің жанама формасына қарағанда артықшылықтарына тоқталатын болсақ, бұл несиелік процессті ұйымдастыру ыңғайлылығы, ал бұл өз кезегінде несиелеу обьектісін нақты бағалауға, берілген несиенің көзделген мақсатқа жүмсалды ма, жоқ па, несиенің уақтылы қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Міне осының бәрі банк пен клиент арасындағы несиелік қатынастарды дұрыс ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді. Ал банк позициясы тұрғысынан тікелей несиелеудің кемшіліктерін атап айтсақ, тікелей несиелеу формасы екіншісіне қарағанда жоғары тәуекел деңгейіне ие болып отыр. Себебі біздің еліміздегі несиелеу тәжірибесі кейбір қиыншылықтарға соқ болып отыр:
... жалғасыа) ссуданы берер алдында клиенттің несие қабілеттілігіне терең
талдауды әр бір банк жасай бермейді;б) клиенттің несие қабілеттілігіне талдау жасау әдістемелік
негіздері тәжірибенің талаптарына сай келе бермейді;в) несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуге берілген кепіл
көп жағдайларда нақты бағасынан өлдеқайда жоғары бағамен есепке
алынады.Екінші жағынан, еліміздегі макроэкономикалық жағдай (экономикалық, әлеуметтік, түрақсыздық, инфляция деңгейінің қарқындары, саяси жағдайдың шиеленісуі, т. с. с. ) да несиелік процесстің ұйымдастырылуына кері ықпалын тигізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz