Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары: рәсімделуі, есебі және даму келешегі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚырыбы: БАНКТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ: РӘСІМДЕЛУІ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ . . . 6

1. 1 Мемлекеттік бағалы қағаздардың маңызы және түрлері . . . 6

1. 2 Мемлекеттік бағалы қағаздардың бағалы қағаздар нарығында алатын

орны . . . 18

1. 3 Мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі - муниципальдық бағалы қағаздары . . . 23

2 ТАРАУ

«ҚАЗКОММЕРЦ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ РӘСІМДЕЛУІН ЖӘНЕ ЕСЕБІН ТАЛДАУ . . . 28

2. 1 «Қазкоммерц банк» АҚ тарихы және экономикалы атқаратын қызметі. . 28

2. 2 Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларының рәсімделуін талдау . . . 36

2. 3 Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларымен есеп жүргізуін талдау . . . 44

3 ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ . . . 51

3. 1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздардың қазіргі жағдайы және даму келешегі . . . 51

3. 2 Банктердің мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе . . . 59

Қорытынды . . . 64

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазакстанда мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығының пайда болуын және калыптасуын түciнy үшiн оны тарихи тұрғыдан қарастырып өтелiк. Жоспарлы-әкiмшiлiк экономика жағдайында дамыған елдерде барлық шаруашылық субъектiлерi өздерiне кажетті капиталды я орталықтанған бөлу бойынша бюджеттен, үкімет бекiткен несиелiк жоспар бойынша мемлекеттiк банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмi арқылы кәсiпорындардың бос капиталды алатын карыз алу жүйесi, сондай-ақ мемлекеттiк займдардың нарықтық өтiмдiлiгi болған жок. Мемлекеттiк облигациялар мәжбүрлi турде халыққа сату арқылы таратылды.

Егемендi Қазақстанның нарықтық экономикаға өтyi кезiнде мүлiктi жекеменшiктендiру нәтижесiнде мүлiкке мемлекеттiк меншіктің қысқаруы, халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруi, инфляция деңгейiнiң шарықтауы және басқа да тың өзгерiстер мемлекеттi қарыздарды бағалы қағаздарды шығаруға шарасыз әкеп соқтырды.

Мемлекеттiк бағалы қағаз - ал мемлекеттiң iшкi қарызын бiлдiретiн құжат формасы. Қазакстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуiрдегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 3 бабында «Мемлекеттiк бағалы қағаздар Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiне сәйкес iшкi мемлекеттiк карыз шамасында шығарылатын iшкi мемлекеттiк займ облигациялары, сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берiлген. 2003 жылғы 2 шiлдедегi «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекеттiк эмиссиялык, бағалы қағаздар - қарыз алушы Қазакстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар» делiнген Заң, негiзiнде ұлттық мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты - халықтың коммерциялық банктердiң қаржы ұйымдарының, уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттiң, кемшiлiгiн қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктiң Қаржы министрлiгiн тiкелей несиелеу көлемiн азайту.

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы мемлекеттiк бағалы қағаздарға сипаттама берiлiп, оларды шығарудың мақсаты және мiндетi айқындалып, сондай-ақ Қазақстан кор нарығындағы мемлекеттiк бағалы қағаздардың негiзгi түрлерi сипатталады.

Диплом жұмысымның мақсаты: Коммерциялық банктерде мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары: рәсімделуі, есебі оның ішінде банктерде айналысқа қосымша ақша массасын шығармай-ақ белгiлi-бiр күнтiзбектiк датаға бюджеттiк шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда; бiр айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзiмде бюджет шығындарын каржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда; жыл корытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесi жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде мемлекеттiк бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру жүйесін, сонымен қатар “Казкоммерцбанк ” АҚ мемлекеттік бағалы қағаздары тұрғысынан оның қызметін талдау негіздерін қарастыру болып табылады.

Диплом жұмысымда келесідей міндеттерді қарастыруды жоспарладым:

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың теориялық негіздерін қарастыру;
  1. Коммерциялық банктерде мемлекеттік бағалы қағаздар ролін айқындау;
  1. “Казкоммерцбанк” АҚ мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларының рәсімделуін талдау
  2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздардың қазіргі жағдайы және даму келешегінің маңыздылығын ашу.

Диплом жұмысын зерттеу объектісі “Казкоммерцбанк” АҚ және Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер болып табылады. Диплом жұмысын зерттеу заты Қазақстандық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары: рәсімделуі, есебі және даму келешегінің ролі болып табылады.

Диплом жұмысын зерттеудің ақпараттық базасы “Казкоммерцбанк” АҚ жылдық есебі 2007ж., Қазақстан Республикасының қаржысы 2005-2007 жылдар аралығы, “Банки Казахстана”, “Финансы и кредит” атты журналдар және тағы да басқа негізде алынған мәліметтер қолданды.

Диплом жұмысын зерттеудің әдістемесі шетелдік, қазақстандық оқулықтар және Қазақстан Республикасында қабылданған нормативтік-құқықтық актілерін құралған.

Диплом жұмысы құрылымына келетін болсам ол кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Жалпы диплом жұмысымның көлемі 70 бет аралығын құрады. Жұмыста 1 сызбалар мен 16 кестелер келтірілген.

1 ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Мемлекеттік бағалы қағаздардың маңызы және түрлері

Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттік ішкі қарыздың болуы немесе эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаз.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жєне олардың айналымы арқылы инфляциялық емес тәсілмен, бір немесе бірнеше елдердің өз бюджетіндегі дефицитті жауып отырады. Қарыздарды шығару тәсілімен мемлекеттік шығындарды қаржыландыру деген атауға ие болды. 1

Д. М. Кейнстің ойлап табуымен және ұсынысымен пайда болған бұл тєсіл соғыс жылдарынан кейін өндірісі дамыған мемлекеттердің экономикасын реттеудің негізгі ќұралы ретінде ќалыптасып, кең көлемде ќолданылды. Оның негізгі мәні болып, мемлекеттік шығындарды жабу үшін ұлттыќ табыстан белгілі бір мөлшерде бөлігі ұсталынып немесе алынып отырауы табылады. Сонда мемлекет бір мезгілде ќарыздар және кредитор ролінде болады. 2

Біраќ, барлыќ мемлекеттік бағалы ќағаздар, ќарыздыќ бағалы ќағаздар болуына ќарамастан, олардың әрбір түрі ата заңымыз бекіткен өзіне тән ерекшеліктерге ие болады. Мемлекеттік бағалы ќағаздар бұл- ішкі мемлекеттік ќарыз облигациялары және Ќазаќстан Республикасының заңдылығындағы актілерге сәйкес, ішкі мемлекеттік ќарыз көлемінде шығырылған басќа да мемлекеттік бағалы ќағаздар. Негізінен, «облигация» терминінен басќа, «ќазыналыќ міндеттемелер», «ќазыналыќ векселдер», «ќарыздар», «ноталар», «бондар», «сертификаттар» және тағы басќа терминдер ќолданылады. Бұл терминдердің єрбір елде єр түрлі өзгертіліп ќолданылуы көптеген объективті жєне субъективті себептерге байланысты.

Мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару формасы, өтеу мерзiмi, процент түрiндегi табысты есептеу және төлеу жағдайлары, айналыс сипаты және эмитентiнiң түpi бойынша жiктеледi (1. Сурет) .

Мемлекеттiк бағалы қағаздар:

- шығару формасы бойынша құжатты бағалы қағазадр және құжатсыз бағалы қағаз болып бөлінеді. Құжатты бағалы қағаз -ол құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай -ақ бағалы қағаздардың мазмұнын тікелей оқуға болатын хөзге де материалдық берілім кезiндегi) бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаздар - ол құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылган бағалы қағаздар;

- өтеу мерзiмi бойынша: кыска мерзiмдi - айналыс мерзiмi 1 жылға дейiнгi, орта мерзiмдi - айналыс мерзiмi 1 жылдан 5 жылға дейiнгi және ұзак мерзiмдi - айналыс мерзiмi 5 жылдан артык бағалы қағаздар болып бөлiнедi;

- процент түрiндегi табысты есептеу және төлеу бойынша проценттiк ставкасы белгiленген, сатылы және ауыспалы бағалы қағаздар болып үшке бөлiнедi. Басқаша айтканда, бағалы қағаздарды акшаға айналдырғанда онда керсетiлген құнынан кемітіп сатады;

- айналыс сипаты бойынша нарықтың және нарықтан тыс бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Нарықтық бағалы қағаздар биржада да, биржадан тыс нарықта да epкін сатылады және кайта сатылады. Нарықтан тыс бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана сатылады, екiншi нарықта қайта сатылмайды. Олар негiзiнен халыққа сату үшiн шығарылады. Олар мемлекеттiк әлеуметтiк, сактандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету корларының бағалы қағаздары;

- эмитентiнiң түpi бойынша бағалы қағаздар казынашылық, муниципальдық болып бөлiнiп, оларды сәйкесiнше үкімет және жергілікті атқарушы органдар шығарады.

Инфляциялыќ жоспарда мемлекеттік бағалы ќағаздардың маңызы зор. Салымшының капиталды салудағы маќсатын, оның негізгі ќозғаушы күшін табуға болады. Біраќ ол өзінің мағынасын маман белгілеп айтќанша білмейді. Тєжірибеде бір мезгілде бірнеше маќсатты ќамтитын ешќандай формалар жоќ екендігі дєлелденді. «Ќасиетті үшбұрыш» заңдылығына сєйкес мемлекеттік бағалы ќағаздарды шығару жєне олардың айналымы жеке немесе заңды тұлғаларға, мемлекеттік бағалы ќағаздардың сауда-сатылымы нєтижесінде шығындалған ќаржы-ќаражатының ќайтарылуына кепілдік береді жєне оған ешќандай күман жоќ. Осыған ќоса, өтімділігі жєне салыстырмалы рентабелдік деңгейі кепілденеді. Егер мемлекет бағалы ќағаздардың бұл ќасиетін дєлелдей алмаса, онда мемлекеттік бағалы ќағаздардың айналым процесі инвесторларға ќатысты барлыќ мән- мағынадан арылады. Сондыќтан, «ќасиетті үшбұрыш» бағалы ќағаздардың шығуына және иеленуіне байланысты барлыќ ќасиеттерге ие болуы керек. Осыған байланысты бағалы қағаздардың жіктелімі №1 қосымшада келтірілген.

1. Сурет. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың жiктелуi

Ќазаќстан Республикасының мемлекеттік бағалы ќағаздары инвесторларға:

  • Ќарыздың негізгі сомасының максималды түрде саќталуын ќамтамасыз етеді, себебі бұл жағдайда кепілдік көзі мемлекет болып табылады.
  • «Бәсекелестік» деңгейіндегі пайдалылыќ, кейде корпорациялыќ бағалы ќағаздардың пайдалалығымен тең болғуы мүмкін жағдайлар болады.
  • өтімділіктің жоғары деңгейін ќамтамасыз етеді.
  • Жеңілдетілген салым-салыќтарды ќамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мемлекеттік бағалы ќағаздардың үаќытша бос ќарыжаттарды салудағы ең бір сенімді және салынған капиталдан түсетін пайда мөлшерінің алуға, одан айрылу ќаупінің төменгі деңгейде болуымен ерекшеленеді. Осыған ќоса мемлекеттік бағалы ќағаздармен мәміле жасағанда, басќа бағалы ќағаздармен салыстырғанда жеңілдетілген салыќ салынады.

Мысалы, Ќазаќстанда - мемлекеттік бағалы ќағаздарға жєне олармен жасалатын келісімдергек, олардан түсетін пайда мөлшеріне салынатын салыќтан босатылған.

Коммерциялық банктердiң бағалы қағаздармен жасалатын операциялар көлемiнiң iшiнде негiзгi үлестi мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрлерi алып отыр. Мемлекеттiк бағалы қағаздар - бұл эмитентi мемлекет болыл табылатын, мемлекеттiң iшкi қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар.

Коммерциялық банктердiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияның iшiнде ең көп қолданылатын түpi Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталарын сатып алу-сату операциялары болып табылады.

Қысқа мерзiмдi ноталар

1997 жылғы 30 маусымдағы Қазаlқстан Республикасының Ұлттық банкiнiң қысқa мерзiмдi ноталарын орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу Ережесiне сәйкес Ұлттық банк айналысқа шығаратын және тоқсан күнге дейiн айналым мерзiмi бар мемлекеттiк дисконтталған бағалы қағаздар. Алғашқы атаулы құннан төмен бағамен сатылады да, кейiн атаулы құн бойынша өтеледi. Қысқа мерзiмдi ноталар айналымдағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-несие саясатының құралы болып табылады. Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталарының атаулы құны 100 теңге деп шығарылады. Қысқа мерзiмдi ноталар табыстылығы соңғы қазынашылық вексельдер аукциондағы табыс деңгейiнiң шегiнде белгiлi. Қысқa мерзiмдi ноталар аукцион негiзiнде Ұлттық банк . . . белгiлейтiн бағалы қағаздар нарығының маманданңан қатысушылары - алғашқы агенттер арқылы орналастырылады.

Алғашқы агент бағалы қағаздар нарығында диллерлiк және / немесе брокерлiк қызметті жүзеге асыра алатын, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясынан алған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қысқа мерзiмдi ноталарды сатып алуға коммерциялық банктер арыз жазады. Қысқа мерзiмдi ноталар айналымға түceтін бағалы қағаздар болып табылады. Оны иемденушi оны кепiлге беруге, РЕПО және кepi РЕПО операцияларын жүргiзуге, екiншi нарықта сатып алу-сатуға құқығы бар. Екiншi нарықтағы Ұлттық банктердiң қысқа мерзiмдi ноталармен жасалынатын мәмiлелерi өтеу мерзiмi белгiленген күнге дейiн бiр жұмыс күнiнде аяқталады. Сонымен бiрге, барлық операцияларды инвесторлар алғашқы агенттермен мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығында Ұлттық банкпен қысқа мерзiмдi ноталарды жасалынатын шарттарға қызмет етуге келісімге отыруы жузеге асады. 3

Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталарды шығарушы эмитентi болуының негiзгi мақсаты қаржы министрлiгi бағалы қағаздар нарығында ақша массасына оперативтi ықпал етуге мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты Ұлттық банктің ноталары бойынша жүргiзiлетiн операциялары массасын реттейтiн жанама операцияларға жатады.

Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары мемлекеттiк бағалы қағаздарға теңестіріледі, сондықтан да олар жоғары өтімді және сенiмдi болып табылады. Сонымен қатар, банктiк ноталарға салық салынбайды. Егер олардың артықшылығы туралы айтатын болса онда Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары қысқа мерзiм iшiнде бос ақша қаражаттарын реттеуге мүмкiндiк бередi. Қысқа мерзiм ноталардың кемшiлiгi ұсақ инвесторларға тиiмдi болмауында, өйткенi оның табыстылығы басқа мемлекеттiк мiндеттемелерге қарағанда төмен болады. Ноталардың тағы бiр артықшылығы оларды тарту және орналастыру мөлшерлемесi арасындағы айырма болып табылады. Яғни екiншi нарықта тарту мөлшерлемсi, Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталарын орналастыру мөлшерлемесiне қарағанда айтарлықтай төмен. Өтiмдi активтер тез сатылып және аз шығын алып келуi мүмкін. Ұлттық банктiң ноталары инвесторлардың қажеттiлiгiн қанағаттандырып, сонымен бiрге пайыздық табыс алып келедi. Табыс дисконттық инвестициялық құрал есебінен төленуі мүмкін. Ұлттық банктiң ноталары дисконтты бағалы қағаздардың мысалы бола алады. Инвестициялық икемділікті және қаражаттағы кенеттен болатын қажеттiлiктердi жабу үшiн инвесторларға жеткiлiктi өтімді құралдардың қоры қажет. Қысқа мерзімді құралдар өтiмдiлiктi қамтамасыз етедi және ағымдағы табысты реттейді.

Дисконтпен сатып алу, бағалы қағаздардың атаулы құнынан төмен сатып алуын бiлдiредi: өтеу және сатып алу курсының арасындағы айырма пайыз сомасын бiлдiредi.

Инвесторлар үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар операцияларының тағы бiр тиiмдi түpi, мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi сатып алу-сату келiсiмшартымен ресiмделетiн, мемлекеттiк қысқа мерзiмдi мiндеттемелердi сатып алу-сату операциялары (МЕККАМ) болып табылады (2-қосымша) . 4

МЕККАМ - мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыншылық мiндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады, олар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның екiншi бағалы қағаздар нарығында epкін айналысқа түседi. Материалдық емес нысанда мерзiмi үш, алты, он eкi айға шығарылады, депо шотына сәйкес жазуларды жургiзу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі.

МЕККАМ мемлекеттiк қысқа мерзiмдi казынашылық мiндеттемелерiнiң номиналдық құны - 100 теңге. МЕККАМ ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезиденттiк заңды және жеке тұлғалары болып табылды. МЕККАМ иелерi оны кепiлге беруге, РЕПО 1 5операцияларын жүргiзуге, екiншi нарьқта сатып алуға және сатуға құқығы бар. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi казыналық мiндеттердi есептеу, жургiзу және сақтау Ұлтгық банктiң депозитарийiнде депо шоты бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттгiк қысқа мерзiмдi мiндеттемелердi (МҚМ) тарту көптеген факторлармен камтамасыз етiледi. Оның негiзгiлерiне төмендегілер жатады:

  • Сенiмдiлiктiң жоғары деңгейi Эмитенттi Қаржы министрлiгi болып табылатын облигацияларды өтеу, мемлекет Үкіметімен кепiлденедi. Сонымен катар, осы қағаздардың қызмет ету кезеңiнен бастап Қаржы министрлiгiнiң МҚМ өтемеуі болған емес. Алдындағы облигация сериясын өтеу бөлшектенiп немесе жаңа қарызды орналастыру есебiнен толық жүзеге асырылады. Бiрақ мемлекет үшiн оң мезетi қарызға қызмет көрсету Қаржы министрлiгiне арзанға түсетiндiгiнде болып табылады. Әрине, iшкi мемлекеттiк қарыз - уақытша ысырылған эмиссия eкенін ұмытпау керек. Бiрақ, инвесторлардың көз қарасы бойынша бұл қағаздар тиiмдi болып табылады.
  • Абсолюттік өтімділік. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттер шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар арасында, Қазакстанның мемлекетiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерi жетекшi орында келедi. Қазiргi уакыттағы олардың төмен инвестициялық тартылуына қарамастан, МҚМ нарығы шетелдiк қаржыландыру аймағында зерттелiнiп отыр. Қазакстанда мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың cәyipiнен бастап қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы үкімет атынан 3 айлық айналым мерзiмi бар дисконтталған қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы мен тамыз айларының аралығында үш айлық MҚM-гe сұраныс көп болды. Осы жағдайға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айналысқа алты айлық MҚM шығару туралы шешiм қабылдады. Сонымен катар 1996 жылы әр кезеңiнде оларға деген cұраныс әлi де көп болды. Одан баска республикалык бюджет тапшылығын жабу мақсатында 1996 жылдың қыркүйегінде Қазакстан Республикасының Үкіметі мемлекеттiк бағалы қағаздардың жаңа түрін - мемлекеттік ішкі қағаздардың ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы Қазақстанның қор нарығында басымдық жағдайға ие болды. 1997 жылдың маусымында айналым мерзімі 2 жылға тең алғашқы мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер - МЕОКАМ айналысқа шығарылды.
  • Мәмілені ресімдеудің қарапайымдылығы. Қорларды мемлекеттік қазынашылық облигацияларға орналастыру кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың қажеттілігі жоқ, ал сол тәртіптің арқысында сол 2-3 жұмыс күні үнемделеді. Сондықтан бос активтерді қысқа мерзімге және қайтарылуының жүз пайыз кепіл болуына МҚМ пайдаланған өте тиімді. Сонымен бірге міндеттемелер кейбір қысқа мерзімді қаржылық операцияларды хеджерлеу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
  • Салық жеңілдіктері. Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының танымал факторлардың бірі салық кодексіне сәйкес келетін, мемлекеттік бағалы қағаздармен тұрақты пайыздық мәмілелер, сонымен қатар олар бойынша ьабысқа салық салынбайды, тек Ұлттық жинақ және МҚМ қоспағанда - орталық басқару органдары шығарған бағалы қағаздар қозғалысы операциясын жүзеге асыру негізінде - әрбір сатылу бағасы мың теңгеден бір теңге мөлшерінде.

Қазіргі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие шетке шығарып келе жатқанын айта кету керек. Ол нарықты кредиторларға салық салынбаған пайыз алуға және мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, несиелеу кезінде өздерінің тәуекелдігін сақтандыруға мүмкіндік береді. 6

Сонымен, МҚМ орта мерізімді инвестиция құралы ретінде қаражаттарды тиімді орналастыру мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, олардың табыстылығы қаншалықты төмендесе де сапарларын жоғары өтімді және жоғарғы сенімді бағалы қағаз болып қалады. Көптеген банктер, қаржы компаниялары және коммерциялық кәсіпорындар мемлекеттік қазыналық облигацияларға үлкен қызығушылық танытады, сондықтан олардың көлемі өсуде. Қазақстандағы қаржы құралдарын объективті бағалай отырып, мемлекеттік қазыналық облигацияларға қолда бар өтімділікті ескере отырып табыс / тәуекел арақатынасына қарағанда нақты баламалар әзірше жоқ.

МҚМ-ді алғашқы орналастыру эмитент тапсырысы бойынша олардың арасындағы бекітілген келісіміне сәйкес Ұлттық банк атынан жүзеге асырылады. Егер коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алғысы келсе, онда ол ең алдымен өз клиенттерінің арызын жинап, содан кейін өз арыздарын тапсырады (3-қосымша) . 7

Арызды алғаннан кейін Ұлттық банк коммерциялық банкке өтініш жібереді (4-қосымша) .

Ұлттық банктің мемлекетік бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру келесі әдістер арқылы жзеге асырылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
ҚР – сы банктерінің несие беру операцияларының мәні
Екінші деңгейдегі банктер
Банктің вексельді операциялары
АТФ банк
Банктердің бағалы қағаздар нарығы
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Бағалы қағаздардың мәні
Банктің депозиттік қызметі
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz