Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі



Кіріспе

1. Ақша мен несиенің экономикалық . теориялық негізі
1.1 Ақшаның экономикалық мәні, қажеттілігі
1.2 Несиенің экономикалық мазмұны, мәні
1.3 Ақша мен несиенің экономикадағы ролі

2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы ақша мен несиенің ролі 2.1Ақша . несие саясаты және оның негізгі құралдары
2.2 Экономиканы макроэкономикалық реттеудегі ақша . несие саясатының бағыттары
2.3 Экономиканы сауықтырудағы ақша . несие саясатының механизмі

3. Нарықтық . экономика жағдайындағы ақша мен несиенің дамуындағы мәселелер мен жетілдіру бағыттары 3.1 Әлемдегі ақша және несие жүйелерінің қазіргі даму тенденциясы
3.2 Ақша . несие саясатының құралдарын жетілдіру және Қазақстан Республикасында даму перспектикалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша
Бүгінгі таңдағы өтпелі кезеңде басты мәселелерінің бірі – ақша және несие саясаты болып отыр. Менің пікірім бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның және несиенің рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ.
Ақша – несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік ақша – несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Ұлттық банктің ақша – несие саясатының басты мақсаты – ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни олардың төлем қабілеттілігімен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша – несие және қаржы шаруашылығы; ақша – несие жүйесін реформалау; инфляция жағдайында бізде бұрын соңды болмаған ақша – несие қатынастары, несие – қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банк жүйесінің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік - әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзінді ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай – ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы – несие мекемелерінің ақша – несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.
1. Аралбаева А. Бүгінгі таңдағы банктік қызметі реттеуге арналған заңдардың дамуының кейбір мәселелері//Банки Казахстана.-2007.-№11.
2. Байпақбаев Ж. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері//Саясат.-2007 ж..-№7.
3. Банковское дело//Под. ред. О. Лаврушина.-М.-Финансы.-2002 г.
4. Борантаева Ж. Қаржы рыногы аймағындағы жағдай//Қазақстан заман.-2008 ж.-16 шілде.
5. Давыдова Л. Қазақстан Республикасының банк құқығы//Оқу құралы.-Алматы.-Жеті-жарғы.-2004ж.
6. Конебаева Г. Денежно – кредитная политика, как состовная часть государственного макроэкономического регулирования//Банки Казахстана.-2005 г.
7. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.-Алматы.-Экономика.-2000 ж.
8. Көшенова Б. А. Ақша, несие, банктер.- валюта қатынастары.-Алматы.- 2000 ж. 135 б.
9. Мақыш С. Банк ісі.-Оқу құралы.-Алматы.- қазақ университеті.-2004 ж. 210 б.
10. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие.-Оқулық.-Алматы.-Маркет.- 2000 ж. 214 б.
11. Мақыш С. Б. Коммерциялық банктердің операциялары.-Оқу құралы.-Алматы.-2004 ж.
12. Основные направления денежной – кредитной политики национального банка Республики Казахстан.
13. Сейтқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер.-Оқу құралы.-Алматы.-экономика.- 2001 ж. 130 б.
14. Смағұлова Р. Ақша айналысы және несие.-Алматы.-Экономика.-2008 ж. 520 б.
15. Сайденов А. Перспективы развития денежно – кредитной политики и других направлениях деятельности НБ// Банки Казахстана.-2007 г. № 12.
16. Сейфуллин Н. Ақша – несие саясаты және қаржы жүйесі // Егеменді Қазақстан.-2007 ж. 15 қырқүйек.
17. Серикбаева Ж. Экономикадағы ақша – несие саясатын реттеудің кейбір аспектілері // Қаржы менеджементі.- 2008 ж. № 3.
18. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие.-Алматы.-Экономика.-2008 ж.
19. Хамитова Н. Банк менеджементі.-Оқу құралы.-Алматы.-Экономика.-2008 ж. 170 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бүгінгі таңдағы өтпелі кезеңде басты мәселелерінің бірі
– ақша және несие саясаты болып отыр. Менің пікірім бойынша,
нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның
және несиенің рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ.
Ақша – несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын,
несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк
жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік ақша – несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Ұлттық банктің ақша – несие саясатының басты мақсаты – ұлттық
валютаның тұрақтылығын, яғни олардың төлем қабілеттілігімен
басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету
болып табылады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша – несие
және қаржы шаруашылығы; ақша – несие жүйесін реформалау; инфляция
жағдайында бізде бұрын соңды болмаған ақша – несие қатынастары,
несие – қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық
экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі
буынды банк жүйесінің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған
мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік - әміршілдік басқару
жүйесінен - пайда табуға коммерциялық жетістіктерге қол
жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген
несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды
өзгерістерді жүзеге асыруда.
Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау
жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша
айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз
байланысты. Ақша және несиенің өзінді ерекше белгілерін, олардың
қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін,
сондай – ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара
әрекетін танып білудің өзі қаржы – несие мекемелерінің ақша
– несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.
Ақша – несие мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір
бөлігі ретінде қоғамдық дамудың проблемалары мен
заңдылықтарын көрсетеді.
Алдағы уақытта, жазылып отырған курстық жұмыста
мен ақша туралы жалпы түсінігін, пайда болуын,
қажеттілігін, экономикалық мәнін, мазмұнын, несиенің пайда
болуын, түрлерін, мазмұны мен мәнін, қажеттілігін, формалары
мен функцияларын, негізгі типтерін қарастырамын, сонымен
қатар ақша мен несиенің өзара байланысы және де
халықаралық қатынастардағы ақша мен несиенің ролдерін
қарастырамын.
Негізгі мәнді ақша мен несие саясатының
инструменттері мен механизмдеріне және экономикада реттеудегі
бағыттарына ерекше көңіл бөлемін.
Сонымен қоса, нарықтық экономика жағдайындағы
ақша мен несиенің дамуындағы негізгі мәселелері, оларды
жетілдіру бағыттары, әлемдегі ақша және несие жүйесі,
олардың қазіргі кездегі даму тенденциялары мен Қазақстан
Республикасында ақша – несие саясатының даму перспективалары
қарастырылады.
Осы қарастырылып отырған сұрақтардың барлығын
толық мазмұнын ашуды мақсат етемін.

1. Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі

1.1 Ақшаның экономикалық мәні, қажеттілігі

Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе
айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар
айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және
оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек
өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға
айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас
Маркстің Т-А-Т¹ сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша
балама тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны
жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және
осы сомаға басқа тауарды (Т¹) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ
балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі
нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас
жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады.
Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның
өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.
Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы,
тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті
негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен
тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр
түрлі өнімдерді дйындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын
салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғандай, ақша өндрістік қатынастардың барлық
жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ
олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс
аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста
тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар
арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін
айрықша тауар болып қала береді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар
өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші
айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне
қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын
қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның
әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен
ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан. Қазіргі кездегі нарықта
ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д.
Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын дұрыс деп есептелді. Бұл сызба
Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика кітабында
(Мәскеу – Ленинград, 1991 ж., 13-бет) келтірілген. (қосымшалар бетінде
Қосымша А сызбасы).
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй
шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғалар)
айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай
төлемдердің қарама-қарсы ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен
қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай
төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған. Осы экономикалық
жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары) және фирмалар өндіретін
тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде
көрсетілген фирмалар нарығындағы фирмалар өз өндірістері үшін қажетті
ресурстарды-жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып
алады. Капитал айналымында және айналыс процесінде ақшалай қаражаттың
босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен Қосымша Д
сызбасында көруге болады.
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін
анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар. Ақшаның пайда болуы,
жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны
анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады:
рационалистік және эволюциялық.
Ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық
категория болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның
мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2) айырбас құнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы;
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның
кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын
сипаттайды.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл
формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің
кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр
түрлі жолдармен қаржыландыруда ұлттық банктің несиелік ресурстарын
коммерциялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда
қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша
көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша өзінің даму барысында екіге бөлінеді: нағыз (толық
бағалы) ақшалар және құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар).
Нағыз ақшалар – бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен
нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы
металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады.
Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың
соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б. ертедегі Қытайда және
ертедегі Мидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы
монеталардың пайда болуы IX – X ғ.ғ. жатады.
Сонымен, алтын айналысы бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін
ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстиарын табу мақсатында
құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде,
біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады. Құнның қағаздай белгілері
екіге бөлінеді: қағаз және несие ақшаларға.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып
табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс
монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың
айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы
қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болады. Алғашқы қағаз
ақшалар б.з.б. XII ғ. Қытайда, 1960 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік
Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болған. Бірінші
дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Қағаз ақшалар тек ғана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Оның айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар - өзінің табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Оның
құнсыздануының себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың
шығарылуы, төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни
тауарларды сатып алу және сатудың уақытыны кешіктіріп төлеуге
(несие) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы
ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл
ақшаның экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз
ақшаларды үнемдеуі; қолма – қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасауымен сипатталады.
Несиелік ақшаның мынадай түрлері бар: вексель, банкнота,
чектер,несиелік карточкалар, электрондық карточкалар.

1.2 Несиенің экономикалық мазмұны, мәні

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып
табылады. Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo - сенемін
деген мағына беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол
экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет
етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым
формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік
принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан
тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым.
Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара
әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең
алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда
анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар
жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге
қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны
іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы
керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе біреуден қарызға алған болуы
да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші
– банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен
халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға
алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте
банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ
соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды
(ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие
беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.
Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған
қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша
мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі
заман талабына сай қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық,
мемлкеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға
алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды,өндіріс саласында,
айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған
ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан
кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды
артық көлемде төлейді.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие
қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі – құнның негізгі
бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиеленген құн болып
табылады. Несиеленген құн ұдайы өндірісі процесін жылдамдататын
ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды
жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын
жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие
есебінен қанағаттандырылады.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды
несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның
ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға
алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға
мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтаруға басталады. Несиенің
қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің
табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен
қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат
алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас
алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған
несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді,экономикалық категория сияқты
бар несиенің тұтастығыны көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық
сипатқа тән екендігінде.
Несиенің тағы да көп анықтамалары да бар. Мысалы, несие –
бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару
талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын
ақша капиталы. Ал, капитал – бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа
ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал, капитал - өзінен-өзі өсетін құн,
оның ақшадан сапалық айырмашылығы – несие капиталының өзінен-өзі
өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере
алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие –
кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару
талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос
ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының
қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік,
мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды
принциптерімен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап
қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің
уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де,
оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген
тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта
қайтару қажеттігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз
алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен
мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкцция
қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу
принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған
міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие несие берушінің мүліктік
мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл
принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып
табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған
қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие
келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты,
сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының
сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты
және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы
принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп,
несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері
жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын
қызметтерінде көрініс табады.

1.3 Ақша мен несиенің экономикадағы ролі

Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір
қарағанда, несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатын банк несиесін ақша
деп санауға болар еді. Соған қарамастан, ақша және несие – түрлі
ұғымдар ғана емес, әртүрлі қарым-қатынастар да болып табылады.
Несие мен ақша – түрлі экономикалық қарым-қатынастарды
білдіретін дербес экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие
тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым-қатынасының субьектілері тек
несие мәмілесінің қатысушылары ғана болса, ал ақша қарым-қатынасының
субъектілері барлық заңды, заңды емес және жеке тұлғалар болып
табылады.
Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең
бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап
өткен жөн. Несие мен ақша әр түрлі тұтыну құнына ие. Несие пайыз
келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді.
Несие ақша түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін.
Бұл ерекшеліктерге қарамастан тауар ақша қатынасының
талаптарында ақша мен несие тығыз байланыста дамып, ұдайы өндірістің
барлық қорына қызмет көрсету арқылы өзара бір-бірін толықтырады.
Ақшаның экономикадағы роліне келіп тоқталатын болсақ,
қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі ролді
атқарады. Ақшаның ролі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады,
өйткені бұл ролге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар
өндірісі мен айналысының заңы болып табылады.
Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық
құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке
алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.
Ақшаның нарықтық экономикадағы ролі еңбекақы, сыйақы түрінде
еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек
өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау
құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және
арттыру құралы ретінде айқындалады.
Ақшаның экономикадағы ролі тауарларды, қызметтерді сату –
сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында
келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде
айқындалады, яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті
жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың
материалдық жауапкершілігі артады.
Мемлекеттер экономикасын ақшалай-несиелік реттеудегі ақшаның
ролі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясына
негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша
массасын өлшеудің ақшалай бағыт-бағдары белгіленеді, соған сәйкес
ақша-несие құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.
Мұндай ақша-несиелік реттеудің мақсаты – ақша массасының
өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру.
Осылайша, ақша экономикада өте маңызды ролді атқарады: ол
трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл
қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін
ынталандырады.
Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп
соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі
арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей,
несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен
емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып
құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана
байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың
әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында
қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы
қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен
тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай
қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді
қамтамасыз етуші несие кез-келген экономикалық субъект бойынша
ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің
маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып
реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда
бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп
отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен
қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында
қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсетілгендей, қорлар айналысының
біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған
қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады.
Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін
несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ (таратылған
құндылық заңы) үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге
және т.б. мүмкіндіктер тудырады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің
атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын
шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске
асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді
өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары
дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-2015
жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге
асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге
асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені
капиталдық салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы
қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық
шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің
мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі
шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға
мүмкіндік береді.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет
пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін
экономикадағы несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық
өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие
экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту
арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша
айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993-1997 жылдары несиелердің
шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты
жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй
құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен
аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы
көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып,
әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық
дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ
халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор екен.

2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы
ақша мен несиенің ролі

2.1Ақша – несие саясаты және оның негізгі құралдары

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша – несие саясатын
анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша – несие саясатының басты мақсаты:
ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен
басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді
көздейді.
Ақша – несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие
көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы
банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша – несие саясатының екі типі болады:
1. Рестрикциялық ақша – несие саясаты;
2. Экспанциялық ақша – несие саясаты;
Рестрикциялық ақша – несие саясаты – екінші деңгейлі
банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт
белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға
бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша – несие саясаты – несие беру көлемін
кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың
әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты
сипатталады.
Соңғы жылдардағы ақша – несие саясатының көздеген мақсаты:
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша – несие саясатын
жүргізуде. Нысанаға алынатын ақша базасы келесідей ақша – несие
саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі
міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан
тартылған қаражаттар мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты
дифференция жасау;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша
ашық нарық шағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықты интервенциялау;
- кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген
түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей салдың шектеулер еңгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі;
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге
деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесінде ақша массасы және инфляцияның өсуін төмендетуді
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды
факторы шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып
табылады.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы
қаржылық операциялардың барлық түрлері пайыз мөлшерлемесінің
белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына
жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктермен
дербес белгіленетін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде
ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты
саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары
бойынша, банкаралық несиелер және мемлкеттік қысқа мерзімді
несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойынша Ұлттық
банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп
отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау
үшін потенциалдық ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік
мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Несиелік операциялар.
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары
Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне
жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта
екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін
сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын табу үшін
үкіметке несие беру бюджет саясатыаумағында, яғни Ұлттық банктің
республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді.
Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы,
банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде
жүзеге асырылады. Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің
айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі
нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен
байланысты операцияларын білдіреді. Бұл біршама ақша массасын
коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің
ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның мәні-ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Қазақстандағы несие жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Несие туралы ақпарат
Несие, оның мәні мен қызметі
Халықаралық несиенің шарттары
Пәндер