Инфляция әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде
Кіріспе 3
1. Инфляция әлеуметтік.экономикалық құбылыс ретінде 5
1.1 Инфляцияның экономикалық мәні 5
1.2 Инфляцияның түрлері 8
1.3 Шетел тәжірибесіндегі инфляцияның көрінісі 13
2. Инфляцияның ақшаға тигізетін әсері 15
2.1 Ақшамен инфляцияның өзара байланысы 15
2.2 Инфляцияға әсер ететін ақшалай және ақшасыз факторлар 16
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы және болашаққа бағдары 20
3. Нарық жағдайында инфляциялық проблемалар және ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету 26
3.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары 26
3.2 Инфляцияға қарсы саясат және тежеу шаралары 28
3.3 Инфляцияны тежеудегі ақша.несие саясаты. 32
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер 38
Қосымшалар 39

Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгерісі болып табылады.
«Инфляция»- термині АҚШ-та 1861-1865 ж азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60%-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Шындығында, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ тұтыну тауарлары ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды.Инфляция сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін. Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі жатады.
Шартты түрде инфляцияны мынандай түрлерге бөлінеді:
• Глобальдығына қарай
• Даму қарқынына қарай
• Циклдігіне қарай
Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономикаға шындап қауіп-қатер төндіреді. Инфляция – табиғи апаттар және қоғам сілкіністердің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетіп отыр.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қоса, ол бүкіл экономиканың мүшкіл халіне байланысты болып келеді Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның нақты көрінісі ақша саласында анықталады. Сондықтан инфляцияны артық ақша белгілерінің эмиссиясымен жиі байланыстырады. Инфляция экономикадағы сәйкессіздікті күшейтеді, ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандырмауға зиянын тигізеді, бұл жұмыссыздықтың өсуіне, қорланым үдерісін тоқтатуға, шаруашылық байланыстарды бүлдіруге әкеледі. Экономика толық жұмыс істеу үшін және айналым арналарының аса толу кезінің қашан және айналым саласының қай шегіне дейін ақшамен толтыруға болатынын анықтау өте қиын. Осындай инфляцияны зерттеу жеткіліксіз болғанымен инфляцияға қарсы дұрыс шараларды жетілдіру оңайға түспейді.

1. Акишев Д.Т. Некоторые аспекты измерения базовой инфляции// Экономическое обозрение 2004-январь- -11-14б//
2. Дорнбуш .Макроэкономика. Экономика негіздері. Алматы.1996 431-441б
3. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.-Алматы, «Экономика»,-2005.
4. Лаврушина О.И. Деньги, кредит, банки. Москва. Финансы и статистика.1999
5. Мақыш С. Ақша айналысы және несие.-Алматы.-Маркет.-2004.-248б.
6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан.-1997.-1-қазан
7. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа Әлемде Жаңа Қазақстан»Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан
8. СейітқасымовҒ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы.-Экономика.- 2005.-89б
9. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә. Қаржы, ақша айналысы және несие. Алматы.-Экономика.-2008 59б
10. Ақиқат. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс және оған қолданылатын шаралар. 2008 №6 беттер 19-25б
11. ҚазҰу хабаршысы. Экономика сериясы -2008 2 беттер 43-48
12. Статистика .Учет и аудит. 2006 – 4 беттер 31-33
13. Дала мен қала. 2006. 21 –сәуір
14. Дидар. 2008. 19 сәуір
15. ҚР Ұлттық статистика агенттігінің 2001-2007 жж. Материалдары.
16. Қазақстан Ұлттық банкінің 2008-2009 жж. Арналған ақша-несие саясатының басты бағыттары.
17. Егемен Қазақстан. Инфляция қысымы . 2007. 26- шілде

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Инфляция әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде 5
1.1 Инфляцияның экономикалық мәні 5
1.2 Инфляцияның түрлері 8
1.3 Шетел тәжірибесіндегі инфляцияның көрінісі 13
2. Инфляцияның ақшаға тигізетін әсері 15
2.1 Ақшамен инфляцияның өзара байланысы 15
2.2 Инфляцияға әсер ететін ақшалай және ақшасыз факторлар 16
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы және болашаққа
бағдары
20
3. Нарық жағдайында инфляциялық проблемалар және ақшаның тұрақтылығын
қамтамасыз ету
26
3.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары 26
3.2 Инфляцияға қарсы саясат және тежеу шаралары 28
3.3 Инфляцияны тежеудегі ақша-несие саясаты. 32
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер 38
Қосымшалар 39
Кіріспе
Мықты стратегияға ие
болып әрі
табандылық таныта отырып, біз жолымызда
кездесер кез-келген күрделі
кедергілерді абыроймен еңсере
аламыз.
Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының
Президенті.
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен
туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта,
сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты
факторы ақша массасындағы өзгерісі болып табылады.
Инфляция- термині АҚШ-та 1861-1865 ж азамат соғысы тұсында, екі жыл
ішінде доллардың 60%-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла
бастады. Шындығында, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың
күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейде
ұстап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ тұтыну тауарлары ғана инфляцияны
өлшейтін құрал болып табылмайды.Инфляция сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл
шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен ЖІӨ дефляторымен де
сипатталуы мүмкін. Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты
көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі жатады.
Шартты түрде инфляцияны мынандай түрлерге бөлінеді:
• Глобальдығына қарай
• Даму қарқынына қарай
• Циклдігіне қарай
Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономикаға шындап қауіп-
қатер төндіреді. Инфляция – табиғи апаттар және қоғам сілкіністердің жиі
серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетіп
отыр.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие
және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау
көрінісі ғана емес, сонымен қоса, ол бүкіл экономиканың мүшкіл халіне
байланысты болып келеді Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде
туады, бірақ оның нақты көрінісі ақша саласында анықталады. Сондықтан
инфляцияны артық ақша белгілерінің эмиссиясымен жиі байланыстырады.
Инфляция экономикадағы сәйкессіздікті күшейтеді, ұзақ мерзімді
инвестицияларды ынталандырмауға зиянын тигізеді, бұл жұмыссыздықтың
өсуіне, қорланым үдерісін тоқтатуға, шаруашылық байланыстарды бүлдіруге
әкеледі. Экономика толық жұмыс істеу үшін және айналым арналарының аса
толу кезінің қашан және айналым саласының қай шегіне дейін ақшамен
толтыруға болатынын анықтау өте қиын. Осындай инфляцияны зерттеу
жеткіліксіз болғанымен инфляцияға қарсы дұрыс шараларды жетілдіру оңайға
түспейді.
Инфляцияның табиғатын түсіну мен инфляцияға қарсы шараларды
мемлекеттік әрекеттердің теориялық негізі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен қатар инфляцияға қарсы саясат варианттары елдегі жағдайға және
уақыттың сол немесе басқа кезеңінде орын алған басымдылықтарға байланысты
таңдап алынады. Осы орайда инфляцияны күту себептерін жою-инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті. Сонымен қоса кез-келген үкімет инфляцияға
қарсы шаралар қолдану керек.
Инфляцияға қарсы шаралардың бірі - бұл ақша-несие саясаты болып
табылады. Ақша – несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие
көлемін, сыйақы мөлшерін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
1. Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Инфляцияның экономикалық мәні
Инфляция - бұл айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса
толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының
өсуі, сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның
құнсыздануы. Инфляция деген сөз – латын тілінен аударғанда көтерілу,
қабыну деген мағынаны білдіреді.
Инфляция түсінігі 1861-1865 жж. Азаматтық соғыс кезінде пайда
болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен
байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Жоғарыда
айтқанымыздай, алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды,
өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған
кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін-өзі
реттей алады.
Конъюнктуралық циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында бағалардың
динамикасы өзгеріп отырады . Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі
дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да
көтеріледі. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер
етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының
бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады,
ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның
ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік Бюджеттік тапшылығынан
көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы
қаржыландырылса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса,
онда айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны
өршітеді.Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес
шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді. Әскери шығындардың
өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік
қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға дегейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай
уақытқа мүлдем ұқсамайды.Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық
рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсеке) едәуір дәрежеде бағаны
билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар
оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін
ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға
тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау
үшін олигополия және монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға
жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен
ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы бірте – бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импортттық инфляцияның қаупі
туады. Айталық, 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін
мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар
бағасының қымбаттауына әкеледі. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі
шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын
жоғарлату арқылы мұнай импорттын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация
отандық таварлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік
нарықта бәсекелестік қабілетін төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол
инфляцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдердің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.
Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою- инфляцияға
қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әр өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді
талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең
тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға
белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды.
Дүние жүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда, бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациялары жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға
шындап қауіп – қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның
айналымына тән, айналым шеңберін тауар айналымы қажеттілігімен
салыстырғанда қағаз ақша жиыны мен толтыруды, олардың бағасының төмендеуі
және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын
қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік экономикалық феномен. Онда
экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады. Инфляция – табиғи
апаттар және қоғам сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік
жанжалдар нәтижесі екені тәжірибеде көрсетеді.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және
бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінен туындайтын ақшаның арзандау
көрінісі ғана емес, сонымен қоса ол бүкіл ел экономикасының мүшкүл халіне
байланысты болып келеді.
Инфляцияның негізгі себебі – халық шаруашылығының әртүрлі
салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік
табыстар мен шығындардың несиенің, капитал көлемі мен мөлшерінің,
айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының
тепе – теңдігі бұзылғаны болып табылады. Ақша айналымы арналарының толып
кетуі артық ақша эмиссиясына, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің,
ақша бірлігінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін.
Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның
нақты көрінісі ақша саласында анықталады. Сондықтан, инфляцияны артық
ақша белгілерінің эмиссиясымен жиі байланыстырылады. Бұл салыстырмалы
түсінік. Егер ақша эмиссиясы тауарлар өндірісі мен қызметтердің өсуіне
сәйкес болып, олардың қарқындары үйлессе, бұл инфляция құбылысы емес,
айналым арналарының толып кетуі болмайды. Алайда, экономика толық жұмыс
істеу үшін және айналым арналарының аса толу кезінің қашан және айналым
саласының қай шегіне дейін ақшамен толтыруға болатынын анықтау өте
қиын. Осындай инфляцияны зерттеу үшін жеткіліксіз болғанымен
инфляцияға қарсы дұрыс шаралар жетілдіру оңайға түспейді.
1.2 Инфляцияның түрлері
Батыс экономистері жасаған теорияларында инфляцияның алтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін
атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясы – айналымдағы ақшаның жиыны
көбейіп кеткенде шығады. Өйткені , айналымдағы артық ақша тауар мен
көрсететін қызметтерге сұранысты көбейтеді, ал бұл өз кезегінде бағаның
өсуіне алып келеді.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынысының бұзылуы сұраныстан көрінеді.
Мұндай негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы
(әскери , әлеуметтік шығындар) толық жұмыспен қамтылған кездегі
өндіріс құрал- жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық
жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып
алу қабілетінің жоғарылауы ( жалақының өсуі) т.б Осының салдарынан
айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай
жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер
ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша
айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар
ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығын инфляциясы. Шығын инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс
шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға
белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен , мемлекеттің экономикалық және
финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны
көтеру талабынан және т.б болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін
екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста,
сондықтан жалақының өсуі, мысалы сұраныс инфляциясы немесе шығындар
инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін .
ΧIΧ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның
тұрақтылығы болғанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен
құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған
уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде
өсуі ΧIΧ –ΧΧ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдік өзгерістердің
алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп
аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация жағдайындағы бағаның,
инфляцияның өсуі .
Сұраныс пен шығын инфляциясы тығыз байланысты. Бағаның өсу
қарқынына қарай инфляцияның келесі түрлері бар:
Жылжымалы инфляция. Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде
бағаның өсуі 10%-ден аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер,
мұндай инфляцияны экономикакалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті
тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай
инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды
түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды (галопирущая) инфляция - тұсында бағаның өсуі 20-дан 200
пайызға жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Ұшқыр инфляция. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы
ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс
өсуін білдіреді. Мұндайда шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға
деген сенімді жоғалтады, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға
тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол
оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге
дейін шарықтайды.
Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері
болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі
байқалмай қалады.
50-60 жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты
қарқынмен жүрді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы
өндіретін қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына
айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70- жылдардың екінші
жартысы.Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-
1965 жылдары 1,7%,1966-1974 жылдары-5,1%, 1975-1980 жылдары-9,3% болды.
Англияда осы кезде ол 3,1%, 6,0% және 17,9%,Францияда 5,0%, 5,9% және
10,9%, 80- жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына
4 %–ке тең болды, 1987 жылы-3,7% – ға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне
сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың
ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің
артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.
Инфляция балансталған, тепе – теңдікте болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі
баяу және ол барлық тауарлармен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда
бағаның жылдық өсуіне сәйкес мөлшерлеме пайызы көбейеді, бұл бағалардың
тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының
құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет
көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық
келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты
жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі
араңдатып, бағаның өсуін өсіреді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляцияны
күту басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне
көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол
төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар
сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап жинауға тырысады.
Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне тән оның төмендету мақсатында
қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе – теңдік жағдайына келеді.
Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтежесін көрсеттік мұны
Пигу эффектісі деп атайды.
Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса оны - стагфляция деп
атайды.
Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткіш тұтыну бағаларының
индексімен анықталады. Тұтыну бағаларының индексі – тауарлармен
қызметтерінің түрлерін қамтыйтын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну қоржыны – адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттелігін
қанағаттандыру үшін кезекті азық–түлік өнеркәсіп тауарларының жиынтығын
және тұрғын үй коммуналдық, тұрмыстық, дәрігерлік айықтыру және басқа да
қызметтердің құндық мөлшері.
Мысалы:
1) Баға индексі = 100% болса, онда бағаның өзгерімін білдіреді, яғни
инфляция жоқ.
2) Егер баға индексі 100% жоғары болса, мысалы 150% болса, онда баға
1,5 есе өседі,яғни ақша инфляциялық құнсызданды.
3) Егер баға индексі 100% жоғары, 30% төмендейді, яғни дефляцияны
дәлелдейді.
1.3 Шетел тәжірибесіндегі инфляцияның көрінісі
Инфляция қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі.
Инфляцияның себебі - халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы қор жинау
мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттің табыстармен шығындардың,
несиенің, капиталдың көлемі және мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының
мөлшері мен шаруашылықтың ақша сұранысының тепе-теңдігі бұзылғаны болып
табылады.
Бүгінгі күні әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы теріс үрдістер
салдарынан әлемнің көптеген елдерінде инфляция деңгейі өсіп отыр. Мәселен,
АҚШ-та жылдық инфляция 2006 жылғы желтоқсанындағы 2,5 %-дан 2007 жылғы
қарашада 4,3%-ға дейін, Еуроаймақ елдерінде 1,9-3,1% дейін, оның ішінде
Германияда 1,4% -3.1%дейін өсті.
Украинада инфляция бірінші жарты жылдықтың өзінде жылдық норма
шегінен асып, 9,7 пайызды құрады. Ресми болжамға сәйкес 2006 жылдық
инфляция 9,6 пайызды құрайды деп күтілген болатын.Әлемнің көптеген
елдеріндегідей Украинада баға индексі рекордына азық-түлік әсер етті.
Бағалардың өсуі Ресейде де белең алуда. Мұндағы себеп те сол азық-
түлік болып отыр. Ресей экономикасындағы инфляцияның жоғары қарқыны
тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен
сақтанып, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде Ресей
экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті
бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып
түсті.
Әлемнің Орталық банктер соңғы жылдары жоғары, төмен инфляцияның
өзінде-ақ пайыздық ставкалары көтеруге қарағанда төмендетуге біршама
күш салған. Дамушы елдер тарапынан туындаған сұраныс шикізат пен азық-
түлік бағасын шарықтау шегінде ұстап тұр. Соңғы екі жылда өскен ақша
ұсынысы АҚШ несиелік тоқырауынан кейін бәсеңдейді деп күтілген, алайда
мұндай нышан әлемді шарбап кетті.
Merrill Lynch мәліметі бойынша, ұзақ уақыт бойы әлемдегі ең төменгі
инфляцияның көзі Қытай еңбек нарығы болатын. Қытайдың арзан экспорты
әлемдік бағаны төмен деңгейде ұстап тұрды. Қытайлық арзан жұмыс күші АҚШ-
тың инфляциясының бір пайызға төмендеуіне ықпал еткен еді ,бірақ АҚШ
жағдайы әлемдік проблемаға айналып отыр.
Экономистердің айтуынша, инфляция бұл кез-келген экономикалық даму
үлгісіне тән объективті құбылыс, мамандар, экономикалық өсім, негізінен,
сұраныстың ұсынысқа қарағанда көп болуына байланысты болғандықтан, жедел
қарқынмен дамып келе жатқан экономика үшін, инфляция деңгейінің жоғарылауы
тән құбылыс екенін айтады.
Әлемдегі елдер өндірісінің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зияны қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен , екінші жағынан шетел займдарын
көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы
мемлекеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.
Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың
нышаны - ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып
алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ
монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы .
Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ға
дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шекті, тіпті қоғамның
ауқатты тобына да қиын болды. Ұлттық шаруашылық бүлінді.
Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу
қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары
болды. Мұндай құбылыс мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда да байқалды.
Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген сенімі жоғалған кезде
, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бақты. Нәтижесінде
айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең
келді. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың
немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс
инфляцияның одан әрі қарқындауына және елден капиталдың әкетілуіне
соқтырады.
2. Инфляцияның ақшаға тигізеін әсері
2.1 Ақшамен инфляцияның өзара байланысы
Инфляция ақша құбылысының нәтижесі , себебі ақша өсуінің ұзақ
мерзім бойы жоғары болуынан инфляция деңгейі де жоғары және ақша өсуінсіз
ол ары қарай өспейді. Ақша өсуі мен инфляция арасындағы байланыс өнімнің
өсуіне қалай әсер ететінін білеміз. Ақша балансына сұраным әр бірліктен
табыстың түскендігі. Ақша өсуі мен инфляция арасындағы ұзақ мерзімді
байланыс болады. Ақшаның өсуі нақты ақшаға сұраным болуына байланысты
реттеледі, өйткені табыстың өсуі инфляция мөлшеріне тең болады. Ақша мен
инфляция арасында тұрақты байланыс болу үшін нақты ақшаға сұраным тұрақты
болуы қажет.
Инфляцияның негізгі себебін нарықтардың тұрқты тепе-теңсіздігінен
туындап және ақша қажеттілігі оның ұсынысынан үнемі жоғары болғанымен
көрінеді. Құнды ақшалар айналымнда ақша тұрқтылығы, олардың құндылығы
ұдайы болғанымен, құнсыз ақшалар айналымында –ақшаның сатып алу
қабілеттілігінің тұрақтылығымен түсіндіріледі. Ақшаның сатып алатын
қабілеті бір атты ақша бірлігіне сатып алынатын мүмкіншілігі бар,
тауарлар мен қызметтердің анықталған салмағымен көрсетіледі.Ол тауарлар
мен қызметтердің сатып алу-сату кезінде қалыптасып, баға деңгейімен
анықталады, яғни ол көтерілгенде ақшаның сатып алу күші төмендейді, ал
төмендегенде –көтеріледі. Сонымен қатар сыртқы инфляция баға индексімен
өлшенетінін, тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағаның өсуімен
түсіндіріледі.
Үнемі көріне бермейтін инфляцияның белгілері бағаның өсуінде
көрінеді. Жеке тауарлардың сапасы көтерілгенде, технология өзгергенде мода
кезінде және т.б баға өсуі мүмкін. Сондай-ақ егер бағаның өсуі төлемақы,
зейнетақы мен жәрдемақының алдын-ала өсуімен қоса болса, оны инфляция деп
атауға болмайды.
Инфляцияны анықтауда ақша өсуінің мәні 1986 жылы Президенттің
экономика туралы баяндамасының бір жолдарында қорытындыланған: Ақша өсуі
мен инфляция арлығында ұзақ мерзімнен тыс себептермен орныққан байланыс
бар. Ол АҚШ-та және көптеген басқа елдерде тәжірибеге негізделінген
айқындылықпен сақталып келеді. Бұл байланыстар уақытқа, қоғамдық институт
талаптарына байланысты өзгеріп отырады. Алайда ақша өсуі мен инфляция
арасындағы дұрыс айқындалған ұзақ мерзімді байланысты бекерге шығару қиын
Бірер жылдар артта қалулар мен ақшаның баяу өсуі инфляция деңгейінің
сол мөлшерде болуына әсер етеді. Кейбір кезеңде әсіресе 1982 жылы инфляция
деңгейі ақшаның өсу мөлшерінен байқалады.
Қысқа мерзімді инфляция деңгейі ақшаның өсу мөлшерімен сәйкес
келмейтіндігінің әр түрлі себебі бар. Ақша өсуіндегі өзгеріске қысқа мерзім
әсерінің өзгеше болуы инфляцияны күтудің жағдайына байланысты.Мысалы,
ағымдағы инфляция жоғары болғанда немесе кредитті ақша және фискальды
саясаттың әрекеттері инфляцияны жақтайтын болса, ақшаның өсуі жедел
жүреді. Оның жедел өсуі инфляция деңгейіне аударылады.
2.2 Инфляцияға әсер ететін ақшалай және ақшасыз факторлар.
Қазіргі инфляция мынандай факторларға байланысты:
- Ақшалай айналыс факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған,
шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша
массаларына толып кетуімен бейнеленеді.
- Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың
шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық
саясаты, баға саясаты, сырқы экономикалық саясатына байланысты факторлар
жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі
болады: сұраныс және шығын инфляциясы.
- ұдайы өндіріс факторлары: тауарлар өндірісі тоқыраушылық немесе
өндіріс көлемінің төмендеуі жағдайында болады. Экономика құрылымының
бұзылуы: өндірілетін жиынтық өнімнің ¾ бөлігін машиналар, жабдықтар
және өндірістің басқа құралдары құрайды, ал тұтыну заттарын өндіру
халықтың қажеттілігін қамтамассыз етпейді, яғни еңбек өнімділігі мен
халықтың ақшалай табысы өсуі арасындағы арақатынастың бұзылуы;
- қазыналық факторлар – ақша шығару арқылы орны толтырылатын тұрақты
бюджет тапшылығы;
2006 жылы инфляцияға әсер еткен негізгі факторлардың ішінде
республикаға келетін шетел валютасының елеулі ағынын, жиынтық сұраныстың
өсуін, жалақының елеулі өсуін, бюджет шығыстарының өсуін, өндіріс
шығыстарының өсуін, сондай – ақ тауарлар мен қызметтердің жекелеген
нарықтарындағы бәсекелестіктің төмендегі деңгейін атап айтқан жөн.
Жекелеген факторлардың инфляцияға әсері 2006 жылғы 4 – тоқсанда
едәуір бәсеңдегенімен, олардың алдыңғы тоқсандарда жинақталған әсері
инфляцияға одан әрі ықпалын тигізуде.
Инфляцияға өзінің ықпалын тигізуді жалғастырған негізгі
факторлардың ішінде шетел валютасының ағынын атап айтқан жөн. Шетел
валютасы Қазақстан Республикасына негізгі үш арна бойынша: сауда
операцияларынан, тікелей инвестициялар операциялары бойынша және екінші
деңгейдегі банктердің заем операциялары бойынша келеді.
Кеден статистикасының деректері (ұйымдаспаған сауданы
есептемегенде) бойынша экспорт көлемі 2006 жылғы 4 – тоқсанына қарағанда
33,4% көп. Импорт көлемі 2006 жылғы 4 - тоқсанда 49,0 % - ға 7,2 млрд.
АҚШ долл. дейін жетті. Сыртқы сауданың активтік сальдосы 2,7 млрд. АҚШ
долл. (4,3%) дейін ұлғайды. Экспорттың өсуінің негізгі себептерінің бірі
мұнайдың әлемдік бағасының жоғары болуында болды. 2006 жылғы 4 – тоқсанда
мұнайдың Brent сортының әлемдік бағасының 0,8% төмендегеніне қарамастан,
тұтастай алғанда ол 2006 жылы 9,8%- ға өсті. (Халықаралық Валюта Қорының
деректері бойынша).
Екінші деңгейдегі банктердің резидент еместер алдындағы нетто
міндеттемелері 2006 жылғы 4 – тоқсанда 21,0%, тұтастай алғанда ол 2006
жылы 9,8% - ға өсті (Халықаралық Валюта қорының деректері бойынша).
Банк секторының шетел капиталын белсенді түрде тартуының бірқатар
артықшылықтары бар. Отандық кәсіпорындарды кредиттеу елдің экономикалық
дамуына қолайлы әсерін тигізеді. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі
банктердің сырттан заемдер тартуы тұтастай алғанда банк секторының
дамуына көмектеседі.
Сонымен бірге екінші деңгейлі банктердің шетел капиталын тартуы
банктер өтімділігінің өсуіне әкеледі, қосымша инфляциялық қысым
туғызады, сондай-ақ банк жүйесіне қосымша тәуекелдер әкеледі. Банктік
инвестицияларды төмен деңгейде әртараптандыру маңызды мәселе болып
табылады. Банктік капитал көбінесе экономиканың неғұрлым дамыған және
рентабельді секторларына түсетіндіктен банктік ақшаның біркелкі
бөлінбеуі тұтас алғандай экономиканың үйлесімді дамуын қосымша
шектейтін фактор болып табылады.
Шетел валютасының елеулі ағыны нәтижесінде ақша агрегаттарының
кеңейгені байқалады. 2006 жылдың 4-тоқсанында ақша базасы 25,5%, ақша
массасы 21,7% ұлғайды.
2006 жылдың 4- тоқсанында инфляцияға ықпалы бәсеңдеген
факторлардың ішінде жиынтық ұсыныстың өсуінің баяулағанын атап айиқан
жөн.
2006 жылдың 4- тоқсанында халықтың ақшалай кірісі нақты көрсеткіште
2005 жылдың 4- тоқсанымен салыстырғанда 7,4%, 2006 жылы 10,7%- ға өсті.
Нәтижесінде жеке тауар айналымы көлемінің ұлғаюы 2006 жылғы қазан –
желтоқсанда 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,1% құрады.
2006 жылдың аяғында 2005 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда
инвестициялық сұраныстың біраз төмендеуі байқалды. Мәселен, негізгі
капиталға инвестициялардың көлемі 2006 жылғы 4-тоқсанда 2005 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8% төмендеді, мұның өзі көп жағдайда
шетелдік инвестициялардың қысқаруына байланысты болды. Соған қарамастан,
2006 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар
көлемінің өсуі 10,6% құрады.
Халықтың тұтыну сұранысы мен кәсіпорындарының инвестициялық
сұранысы банктердің экономиканы кредиттеуінің кеңеюінен нығая түсуде.
2006 жылғы қазан- желтоқсанда экономикаға берілген кредиттердің көлемі
номиналдық көрсетілуінде 23,8% ұлғайды. Тұтастай алғанда 2006 жылы
экономикаға берілген кредиттер 82,7% ұлғайды.
Қазақстанның бюджет саясаты 2006 жылдың екінші жарты жылдығында
бірқалыпты болды. Ол мемлекеттік бюджет шығыстарының шамалы өсуі
жағдайында оған түскен жоғары түсімдермен сондай-ақ Ұлттық қорға
елеулі сома аударылуымен сипатталды. 2006 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттік
бюджетке түскен түсімдер 2005 жылғы жағдайлармен салыстырғанда ІЖӨ-ге
шаққанда 23,2 % дейін өсті, ал шығыстар ІЖӨ-ге шаққанда 22,5% ІЖӨ
шаққанда 21,1% дейін төмендеді. 2006 жылы мемлекеттік бюджетке түскен
түсімдер салыстырып отырған жағдайларда ІЖӨ шаққанда 22,2 % шығыстар ІЖӨ
шаққанда 21,4 болды.
Жиынтық ұсыныстың көрсеткіші ретінде ІЖӨ-нің нақты өсуі 2006 жылдың 4-
тоқсанында 2005 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда бағалаулар бойынша
10,9% құрады. Тұтастай алғанда 2006 жылғы ІЖӨ-нің нақты өсуі 10,6%
құрады.
Еңбек өнімділігінің өсуі экономиканы дамытудың маңызды
факторларының бірі болып табылыды. Сонымен бірге нақты жалақының өсу
қарқыны еңбек өтімділігінің өсу қарқынынан асып кетуі экономикада
инфляциялық аяның кеңеюінің маңызды себептерінің бірі болып табылады.
Орташа айлық жалақының өсу қарқыны еңбек өтімділігінің өсу
қарқынынан алда болу үрдісі 2006 жылы жыл бойы сақталды. Мәселен 2006
жылдың қорытындысы бойынша 2005 жылмен салыстырғанда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz