Файл. Файл типтерi


IV ТАРАУ. ФАЙЛ. МӘЗlР ҚҰРУ. ТЕСТ

ПРОГРАММАСЫ

4. 1. Файл. Файл типтерi

Сыртқы жадтың (дискiнiң не дискеттiң) атау берiлген облысын файл не дискiлiк файл деп, дискiге жазылатын информацияны берiлгендер файлы ( БФ ) деп атайды. БФ-ке мысал ретiнде мынадай тiзiм алуға болады:

  1. Шәймерденқызы Гүлнар 1975 қазақ
  2. Оралханұлы Ержан 1977 қазақ
  3. Нұрғалиқызы Жәмила 1978 қазақ

(тiзiм кез келген n жолдан тұруы мүмкiн) .

Тiзiмнiң әр жолында бiр адам жөнiндегi мәлiмет берiлген. Ол сандық және мәтiндiк болатын түрлi типтi төрт мәннен тұр. Мұндай мәлiметтi берiлгендер файлының элементi деп атайды. Элемент жол не жазу деп те аталады; жол құрайтын мәндер өрiс элементтерi делiнедi. Яғни, тiзiмнен тұратын берiлгендер файлы - жолдар жиынтығы, әр жол - файлдың бiр элементi. Берiлген тiзiмде әр жол төрт өрiс элементiнен, ал файл үш элементтен және оларға сәйкес төрт бағаннан (өрiстен) тұр. Өрiс элементтерi:

Нөмiр, Аты-жөнi, Туған жылы, Ұлты (Nomer, Fam, Tjili, Ulti) .

Мұндай құрылымға жаңа өрiстердi қосу да мүмкiн, мысалы, ’ үй адресi’, ’телефон нөмiрi’ , т. б.

БФ дискiге әрiптен басталатын 1-8 символдан тұруы мүмкiн жеке атау арқылы тиелуi (жүктелуi) тиiс, атаудың проект атынан бөлек болуы мiндеттi.

Ескерту . Кейде дискiлiк файл мен БФ-тi де файл деп атай бередi. Оларды сөйлем құрылымына қарап ажырату қиын емес.

БФ-пен жүргiзiлуi мүмкiн жұмыстар :

  • файлды дискiге тиеп, сақтау (қажет болса, бiр баған бойынша сорттап тиеуге болады) ;
  • оны экранға шығару не принтер арқылы қағазға басу;
  • бiр не бiрнеше белгi бойынша нақты жолын не жолдарын таңдап, экранға шығарып көру. Оны редакциялап, дискiге қайта тиеу;
  • файлдың бiр не бiрнеше жолын алып тастау не файлға жаңа жол қосу, т. б.

Delphi-де берiлгендер файлымен тiзбектi ену тәсiлi бойынша жұмыс iстеуге болады.

Файл үш түрде сипатталуы мүмкiн: типтiк, мәтiндiк және типсiз форматта. Сипаттау тәсiлдерi:

<атау>= File of <тип>; // типтiк

<атау>= TextFile ; // мәтiндiк

<атау>= File ; // типсiз

Мұндағы < атау > - тип атауы, < тип > - Object Pascal-дың кез келген сәйкес типi. Мысалы, жоғарыда жазылған тiзiм үшiн берiлгендер типiн мынадай түрлерде сипаттауға болады:

  1. typest =record

nomer : char ;

fam : string [25] ;

tjli : integer ;

ulti : string [6] ;

end ;

var f1 : file of st; v : st; // типтiк

не 2) var f2 : TextFile ; // мәтiндiк

не 3) var f3 : file ; // типсiз

Көбiнесе файлды типтiк, кей жағдайларда мәтiндiк етiп сипаттайды.

Файлға жазу , файлдан оқу операторларымен таныстыру алдында мынадай белгiлеулер енгiзейiк:

f - файлдық айнымалы (файлдық типтi айнымалы ретiнде программада қолданылатын идентификатор (атау) ) .

bf - берiлгендер файлының атауы (атау меншiктелетiн айнымалы. Мысалы, ‘В2001’ атаулы берiлгендер файлы үшiн bf :=’B2001’. °детте файл атауы программа бойынша Edit өрiсiне енгiзiледi: bf:=Edit1. Text, не ол үшiн InputBox функциясы пайдаланылуы мүмкiн) .

v - файлдық элемент (өрiс элементтерiнен тұратын жол) .

4. 2. Типтiк файл операторлары

AssignFile (f, bf ) . Ол bf файлын f айнымалысымен байланыстырады да (assign - тағайындау), одан әрi f -пен жұмыс bf мәнiмен анықталған файл жұмысына баламалы болады bf орнына файлдың толық атын (iздеудiң толық жолын) жазу да мүмкiн. Компьютер f-тi саны белгiсiз элементтерден тұратын bf-тiң атауы ретiнде қабылдайды. Ол мәшиненiң элементтер санын алдын ала бiлiп алуының қажетсiздiгiне байланысты. Оған қоса, бұл тәсiл бiр программа бойынша түрлi БФ-тердi өңдеуге мүмкiндiк бередi.

Rewrite (f) - атауы AssignFile операторында анықталған берiлгендер файлын дискiге тиеу үшiн файлды ашу операторы (rewrite - жаңадан жазу) . Ол f үшiн дискiден арнайы орын ашып, көрсеткiштi ( бастиектi ) осы орынның басына орналастырады.

Ескерту . Егер таңдап алынған БФ атауы бұрыннан сыртқы құрылғыда жазулы БФ атауымен бiрдей болса, rewrite(f) операторын оқыған соң компьютер алдымен оны өшiрiп тастайды. Сондықтан дискiде жазулы файлды қорғау үшiн файлға берiлетiн атауды мұқияттықпен таңдап алу керек.

Write (f, v) - атауы AssignFile операторында f арқылы белгiленген дискiлiк файлға БФ-тiң кезектi элементiн ( v ) тиеу операторы ( v орнына мәндерi файлға жазылатын үтiрлер арқылы бөлiнген айнымалылар тiзiмiн енгiзуге де болады) .

CloseFile (f) - файлды жабу (оператор БФ-тi дискiге тиеу не дискiден оқу аяқталған кезде енгiзiледi) .

Reset (f) - атауы f арқылы белгiленген файлды ашып, бастиектi осы файлдың басына орналастырады (reset - қайта орнату) .

Read (f, n : Longint) - бастиектi файлдың n+1 нөмiрлi жолының басына орналастырады. Ол файлдың (n+1) - жолын оқу үшiн қажет.

Дискiде файл жолдары 0-ден бастап автоматты түрде ретiмен нөмiрленедi. Жоғарғы тiзiмде 1-ден бастап нөмiрленген баған өрiс элементi ретiнде қарастырырылған.

4. 3. Файлды типтiк түрде тиеу

Delphi-де типтiк файлмен жұмысты екi тәсiл бойынша орындау мүмкiн. Бiрiншiсiнiң дәстүрлi Паскальда қолданылатын тәсiлден көп айырмашылығы жоқ. Кiтапта осы тәсiл пайдаланылған.

1-Мысал. Типтiк файл форматын пайдаланып, жоғарғы тiзiмдi “В2001” атауымен дискiге тиеу керек.

  1. Жаңа проект ашып, формадаButton1, Button2компоненттерiн орнату. Button1, , Оқусөздерiн меншiктеу.
  2. өңдеуiш процедурасын құру (сандық өрiстердiStringтиптi етiп сипаттауға да болады) :

Procedure TForm1. Button1Click (Sender : TObject) ;

type st = record

a1 : string[3] ;

a2 : string[20] ;

a3 : string[5] ;

a4 : string[7] ;

end ;

var f : file of st; st : bf; bf : string [8] ; k : integer ;

begin

bf:= InputBox (’Абайлаңыз’, ’БФ-атауы’, ’’) ;

AssignFile (f, bf) ;

Rewrite (f) ;

with v do

for k:=1 to 3 do

begin

a1:= InputBox (’’, ’Нөмiр - ’, ’’) ;

a2:= InputBox (’’, ’Аты-жөнi - ’, ’’) ;

a3:= InputBox (’’, ’Туған жылы - ’, ’’) ;

a4:= InputBox (’’, ’Ұлты - ’, ’’) ;

write (f, v) ;

end ;

CloseFile (f) ;

end ;

  1. Программаны iске қосып, енгiзу терезесiнде берiлген сұрақтарға сәйкес жауаптарды енгiзу жеткiлiктi.

4. 4. Типтiк файлды оқу

Дискiде сақтаулы файлды формада орнатылған Memo терезесiне шығаруға болады.

2-Мысал . Дискiге жазылған берiлген файлын (мысалы, “B2001”-тi) экранға шығару керек.

Жаңа проект ашып, формаға Button2, Memo1 компоненттерiн кiрiстiру. Button2 компонентiнiң Click оқиғасын өңдеуiш процедурасын құру:

Procedure TForm1. Button2Click (Sender : TObject) ;

type st = record

a1 : string [3] ;

a2 : string [20] ;

a3 : string [5] ;

a4 : string [7] ;

end ;

var f : file of st; v : st; bf : string [8] ;

k : integer ;

begin

bf:= InputBox (’’, ’БФ-атауы’, ’’) ;

AssignFile (f, bf) ;

Reset (f) ;

With v do

begin

for k:=1 to FileSize (f) do

read (f, v) ;

Memo1. Lines. Add(a1+’’+a2+’’+a3+’’+a4) ;

end ;

CloseFile (f) ;

end ;

(мұндағы filesize(f) функциясы файл элементтерiнiң санын анықтайды) .

Программаны iске қосу. Көрiнген енгiзу терезесiне БФ атын енгiзiп, Button2 түймесiн шерткен кезде форманың Memo1 терезесiнде БФ көрiнедi. Оны редакциялап шығу да мүмкiн (4. 1-сурет) .

4. 1-сурет. Memo1 терезесiне шығарылған файл

Ескерту . Формаға Button1, Button2 компоненттерiн орнатып (4. 1-сурет), файлды жазу, файлды оқу процедураларын олардың OnClick оқиғаларын өңдеуiш ретiнде код терезесiне енгiзiлетiн бiр программаға жазуға да болады.

4. 5. Файлды мәтiндiк типтi түрде тиеу және оқу

Мәтiндiк мәлiметтердi мәтiндiк (Text) типтi файл етiп сақтаған жөн. Оның әр жолы түрлi ұзындықты болуы да мүмкiн. Мәтiндiк файлды тиеу программасында жол String типтi етiп сипатталады да, файл элементi түрiнде қабылданады. Мұндай файлдарды жүктеу және дискiден оқу олардың жолдары бойынша ретiмен орындалады. Мәтiндiк файлдың әр жолын тиеу және оқу үшiн пайдаланатын операторлар сәй-кес - Writeln, Readln.

Мысал . Төрт студент және олардың үш пәннен алған бағалары берiлген:

Ысқақова Маржан 5, 5, 5

Мәдiходжаев Сұлтан 5, 4, 5

Имантаева Мәдина 4, 5, 5

Ахметов Марат 3, 4, 4

Жиынтықты мәтiндiк файл түрiнде қарастырып, дискiге тиеу және дискiден оқып, экранға шығару керек.

Жаңа проект ашып, формаға Memo1, Button1, Button2 компоненттерiн орнату және Button1 -дiң оnClick оқиғасын өңдеуiш процедура құру ( дискiге тиеу процедурасы ) :

Procedure TForm1. Button1Click (Sender : TObject) ;

var f : TextFile ;

bf : string [8] ;

s : string ; // 255 символдық жол

k : integer ;

begin

bf:= InputBox (’’, ’Құрылатын файл аты - ’, ’’) ;

AssignFile (f, bf) ;

Rewrite (f) ;

for k:=1 to 4 do

begin

s:= InputBox (’’, ’Кезектi жол-?’, ’’) ;

writeln (f, s) ;

end ;

CloseFile (f) ;

end ;

Соңында проектiнi сақтап, iске қосу және берiлетiн сұрақтарға ретiмен жауап беру керек.

Дискiде сақтаулы ммәтiндiк файлды экранға шығару үшiн (4. 2-сурет) жоғарғы процедура соңына Button2 компонентiнiң OnClick оқиғасын өңдеуiш процедурасын құру жеткiлiктi:

4. 2-сурет. Memo терезесiне шығарылған мәтiндiк файл

Procedure TForm1. Button2Сlick (Sender : TObject) ;

var f : TextFile ;

bf : string [8] ; // файл аты

s : string ; // оқылатын файл жолы

begin

bf:= InputBox (’’, ’Файл аты - ?’, ’’) ;

AssignFile (f, bf) ;

try

Reset (f) ;

except

halt ;

еnd ;

while not еof (f) do

begin

readln (f, s) ;

Memo. Lines. Add (s) ;

end ;

CloseFile (f) ;

end ;

мұндағы EOF (f) - көрсеткiштiң мәтiндiк файл соңына жетуiн тексеретiн Турбо Паскальдағы сияқты стандартты функция. Көрсеткiш файл соңына жетпесе, оның мәнi - ±alse, жетсе - True. Процедураға файлдың (bf ) дискiде бар - жоғы try (байқап көру) кiлттiк сөзi енгiзiлген бөлiм арқылы тексерiлдi. Егер енгiзу терезесiне енгiзiлген файл дискiде жоқ болса, ерекше жағдай орындалып, экранға ‘ Файл табылған жоқ ‘ хабарламасы шығады да, программа жұмысы тоқтап қалады. Мүндай ерекше жағдайдың орындалуы үшiн Project-Options → Compiler командасы берiлген кезде көрiнген 1/0 checking (енгiзу/шығаруды тексеру) жалаушасы орнатулы болуы тиiс (🗹) . Ол орнатылмаса, бақылауды программа арқылы жүргiзуге болады. Мысалы,

AssignFile (f, bf) ;

{$I - }

Reset (f) ;

{$I + ]

if IOResult <> 0 then

ShowMessage (‘Енгiзу/шығару қатесi‘) ;

мұндағы $I нұсқауы қатенi бақылау процесiн басқарады. Егер IOResult стандартты функциясының мәнi нөлге тең болса, программа жұмысы одан әрi жалғасады, әйтпесе тоқтап қалады (мұндай бақылау Турбо Паскальдағы сияқты) .

Memo терезесiнде көрiнген нәтижелiк мәтiндiк файлды редакциялау да мүмкiн.

4. 6. Типсiз файлдар жөнiнде

Типсiз файлдар берiлгендер байттар тiзбегi түрiнде тиеледi. Оларды блок бойынша жүктеу, шығару үшiн пайдаланылатын операторлар - BlockRead және BlockWrite (үндемеген кезде блок ұзындығы 128 байтқа тең. Блоктар ретiмен тиелiп, оқылады. Фалдың кеңейтiлуi - dat ) .

Типсiз файлды тиеу программасына мысал:

var f : File ;

b : byte ;

k : Integer ;

begin

AssignFile (f, ‘C:\B5. dat’) ;

Rewrite (f, k) ; b : = $41;

for k := 1 to 120 do

BlokWrite (f, b, k) ;

CloseFile (f) ;

Программаның осы учаскесiнiң орындалу нәтижесiнде C: дискiсiне 120 ‘A’ символынан тұратын B5. dat файлы жазылып шығады (мұндағы $41 16-лық санау жүйесiндегi ‘ A’ символының коды) .

Кiтапта типсiз файлмен жұмыс iстеу тәсiлдерi толық көрсетiлмеген.

4. 7. ТMainMenu компонентi. Мәзiр құру

Windows қосымшалары терезелерiнiң бәрiнде де мәзiр бар. Дайындалатын программа үшiн Delphi-де де қолдан форма терезесiне енгiзiлетiн түрлi пункттi мәзiр құруға болады. Мысалы (4. 3-сурет) :

FileOpenSave:

File

Open

Save

  1. Формаға компонеттер (Негiзгi мәзiр) компонентiн орнату.
  2. Компоненттi екi рет шерту. Мәзiр көрiнедi.
  3. ОныңОбъект инспекторытерезесiн оң түймесiн шертiп, көрiнгенViewқатарының (Жекелеу) қатарына жалауша орнату.
  4. Form1:MainMenu1терезесiне енгiзiлген төртбұрышты таңдау және көрiнген қасиеттер стандартты&Fileкомандасын енгiзiп, КҚ клавишiн басу. Fileмәзiр ретiнде төртбұрыш iшiне жазылып қойылады.

Ескерту . & (амперсенд) - “ ыстық клавиш ” белгiсi (мәзiр командасын орындау үшiн мәзiрдi пайдаланбай, клавиатураның осы үшiн арналған клавишiн басуға болады. °детте мұндай клавиштi ыстық не жылдам клавиш деп атайды) . Ол көптеген қосымшалардың мәзiр пункттерiнде астын сызу белгiсi арқылы белгiленiп қойылған. Мәзiрде & белгiсiнен соң бiрiншi болып жазылған әрiп жылдам клавиш болып тағайындалады , мысалы, мәзiрлер &Copy, Cu&t түрiнде жазылса, Сору үшiн С , Сut үшiн t клавишi жылдам клавиш болып тағайындалғаны.

  1. Көрсеткiштi мәзiр үстiне әкелiп, тышқан түймесiн басу. Мәзiрастындатөртбұрыш iшiне ашылған өрiс көрiнедi. Оны таңдап, қасиеттер &Open(Ашу) пунктiнiң атауын енгiзу және КҚ клавишiн басу.

Осы тәсiлмен мәзiрге &Save (Сақтау) пунктiн енгiзуге болады, т. с. с.

  1. MainMenuтерезесiн жабу. Мәзiр пункттерiмен қоса 4. 3-суретте көрсетiлген сияқты формаға жазылып қойылады.
  1. Мәзiр пункттерiн орындау үшiн бiрiнен соң бiрi басылатынекiнеүш болады. Ол үшiн қасиеттер терезесiнiң жоғарғы өрiсiне енгiзiлгенOpenқатарын не құрылған мәзiрдiңOpenпунктiн таңдау керек. Пункттiң қасиеттер тiзiмi көрiнедi. ShortCut(Жылдам клавиштер) қасиетiнiң мәндер тiзiмiненCtrl+Oқатарын таңдаса болғаны. Сол сияқты, SaveүшiнCtrl+Sқатарын таңдау қажет. Жазылған мәзiрдiң көрiнiсi 4. 4 - суретте бейнеленген.
Form1: Form1
Form1:

File

  1. Open Ctrl + OSave Ctrl + S

4. 4-сурет. Мәзiрде “Ыстық” клавиштердiң көрiнiсi

4. 9. TOpenDialog, TSaveDialog, TRichEdit

компоненттерi. Құрылған мәзiрдi пайдалану

TOpenDialog компонентi Windows-тың файлды ашу үшiн пайдаланатын стандартты Файлды ашу терезесiн экранға шығаруға арналған.

TSaveDialog компонентi TOpenDialog компонентi сияқты. Оған сәйкес процедура Файлды сақтау терезесiн шығарады.

Компоненттермен жұмыс тәсiлi : олар алдымен формаға орналастырылады (бұл кезде автоматты түрде қажеттi қасиеттерiне мәндер меншiктеледi) да, сәйкес программа құрылады. Алдымен программаға сұхбаттық терезе құрып, экранға шығару үшiн Execute (Орындау) әдiсi енгiзiледi, т. с. с. (төменде құрылған екi процедурадан тұратын программаны қараңыз) .

TRichEdit ( Мәтiндiк редактор ) - TMemo компонентi сияқты, бiрақ, одан мүмкiндiгi мол стандартты мәтiндiк редактор. Оның бетiне файлды ашу, сақтау терезелерiн шығаруға болады. Мәтiн оның Lines қасиетi арқылы ашылған String List Editor ( Жолдық тiзiм редакторы ) терезесiне енгiзiледi. Оның Aligment, FirstIndent , т. б. қасиеттерiн орнатып, абзацтарын форматтап шығу мүмкiн. Жазылған мәтiндi RTF форматында процедураға енгiзiлген

RichEdit1. Lines. SaveToFile(‘<атау>. rtf’) ;

әдiсi арқылы арқылы сақтауға болады.

Құрылған мәзiрдi пайдалану үшiн формада қосымша компоненттер ( OpenDialog1, SaveDialog1, RichEdit1) орнатып, код терезесiнде мәзiрдiң әр пунктiн орындайтын сәйкес процедуралар жазып шығу керек. Мысалы, 4. 3-суретте бейнеленген мәзiр пункттерiн орындау тәсiлi:

  1. Жаңа проект ашып, формада 4. 4-суретте бейнеленгенFile(не Файл) мәзiрiн орнату.
  2. Windows бетiнен Формаға орнатып, оны барынша кеңейту ( меншiктеу) . Оның үстiнеOpenDialog1, орнатып (4. 5-сурет), код терезесiнде қажеттi процедуралар құру.

Құрылған толық модуль :

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls,

Forms, Dialogs, Menus, StdCtrls, ComCtrls;

type

TForm1 = class(TForm)

MainMenu1: TMainMenu;

OpenDialog1: TOpenDialog;

SaveDialog1: TSaveDialog;

File1: TMenuItem;

Open1: TMenuItem;

Save1: TMenuItem;

RichEdit1: TRichEdit;

procedure Open1Click(Sender: TObject) ;

procedure Save1Click(Sender: TObject) ;

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end ;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *. DFM}

procedure TForm1. Open1Click(Sender: TObject) ;

var

F: TextFile ;

S, s11: string ;

begin

OpenDialog1. Execute;

begin

if OpenDialog1. FileName <>'' then begin

s11:=OpenDialog1. FileName;

AssignFile(F, s11) ; Reset(F) ;

while not eof(F) do

begin

Readln(F, S11) ; s:=s+s11+#13+#10

end ;

RichEdit1. Text := S; CloseFile(F) ; end;

end;

end ;

Рrocedure TForm1. Save1Click(Sender: TObject) ;

var F: TextFile; s, s11: string;

begin

SaveDialog1. Execute;

if SaveDialog1. FileName<>'' then begin

s11:=SaveDialog1. FileName;

AssignFile(F, s11) ; Rewrite(F) ;

s:=RichEdit1. text; writeln(F, s) ; CloseFile(F) ; end;

end;

4. 5-сурет. Формада құрылған мәзiр , орнатылған компоненттер

Мәзiрдi пайдаланбай, сұхбаттық терезенi формаға шығару да қиын емес. Мысалы, формаға TOpenDialog, TButton, TMemo компоненттерiн орнатып, Файлды ашу терезесiн Button1 компонентiнiң onClick оқиғасын өңдеу процедурасы арқылы шығаруға болады:

procedure TForm1. Button1Click(Sender: TObject) ;

var f:TextFile; s, s1:string;

begin

OpenDialog1. Execute;

if OpenDialog1. FileName<>'' then

begin

s1:=OpenDialog1. FileName;

AssignFile(f, s1) ; Reset(f) ;

Memo1. Lines. Clear; // Редакторды тазалау

while not EOF(f) do

begin

Readln(f, s) ; Memo1. Lines. Add(s) ;

end ;

CloseFile(f) ;

end;

end ;

не қысқаша:

procedure TForm1. Button1Click(Sender: TObject) ;

begin

with opendialog1 do

begin

if not execute then exit;

Memo1. Lines. LoadFromFile(FileName) ;

end

end ;

Ескерту. 1. Программа үшiн TMemo орнына TRichEdit редакторын пайдалануға болады.

2. Файлды ашу терезесiнiң файл аты өрiсiне кез келген атауды енгiзуге болады, Файлды сақтау терезiне жоқ файлды енгiзу программа жұмысын күйретуi мүмкiн. Сондықтан информацияны сақтау мәселесiне ерекше көңiл бөлу қажет.

4. 9. TРopupMenu компонентi. Контекстi мәзiр құру

TPopupMenu компонентi тышқанның оң түймесiн шерткен кезде көрiнетiн контекстi (бетке шығатын) мәзiрдi құру үшiн пайдаланылады. Орындалу жолы:

  • орнату.
  • Мәзiр пункттерiн құру.

Контекстi мәзiр құру жолы TmainMenu мәзiрiн құру сияқты (3. 10 - тақырыпты қараңыз), айырмашылығы мәзiрде оның пункттерi ғана және олар бiр баған бойында енгiзiледi.

Мысал. Формаға Open, Save пункттерiнен тұратын контекстi мәзiр орнатып, олармен жұмыс iстеу программасын құру керек.

  1. орнату.
  2. 3. 10-тақырыпқа енгiзiлген сияқты пункттердi орындау:PopupMenuмәзiрiн екi рет шертiп, терезеде көрiнген төртбұрыштарға ретiмен мәзiр пункттерiн (Open, Save) енгiзу.
  3. PopupMenuтерезесiн жабу. т. с. с.
  4. екi рет шертiлсе, Form1. PopupMenu1контекстi мәзiрi көрiнедi. Оның бiр пунктiн екi рет шертiп, код терезесiнде сәйкес процедура құру, т. с. с.

Тапсырма. Формада стандартты Файлды ашу , Файлды жабу

терезелерiн шығаратын контекстi Open, Save мәзiр пункттерiн дайындап, оларды орындайтын программа құрыңыз.

Ескерту. Delphi - де программа құру кезiнде әдеттегiдей

пайдаланылатын түрлi ауыстырып қосқыштар компоненттер түрiнде Standard, Additional панельдерiне енгiзiлген:

CheckBox (жалауша, ⌧) ;

RadioButton (ауыстырып қосқыш, 🞊) ;

RadioGroup (бiрi таңдалатын байланысты ауыстырып қосқыштар тобы, 🞊, 🞅, … ) ;

CheckListBox (бiрi таңдалатын тәуелсiз жалаушалар тiзiмi, ⌧, □, …) .

4. 10. Тестiлеу программасы

Компьютердi пайдаланып, студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан iшiнде бiрнеше рет сынақтау (тестiлеу) - олардың ағымдық бiлiмiн тексерудiң негiзгiлерiнiң бiрi. Тест нәтижесi арқылы өзiндiк жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және қосымша тапсырмалар беру арқылы олардың бiлiм деңгейлерiн көтеруге әсер етуге болады. Тестiлеу емтихан орнына да пайдаланылады. Тест көп деңгейлi және көп нұсқалы болып құрылуы мүмкiн.

Соңғы кездерде тестiлеу маманды жұмысқа алу кезiнде, мекеменiң қызметкерлерiнiң мамандық дәрежесiн бағалауда және т. б. салаларда кеңiнен қолдануда.

Оқу пәнiнен тестiлеуге арналған сұрақтар құрылымы әр түрлi болуы мүмкiн, мысалы:

1) мұғалiм сынақ жүргiзiлетiн тақырыптарға арналған ондаған сұрақтар дайындайды да, әр сұраққа 3, 4 не 5 түрлi “жауап” ұсынады. Олардың бiреуi ғана дұрыс жауап болуы тиiс. Сынақталушы осы жауаптардың бiреуiн дұрыс деп таңдап, сәйкес нөмiрдi, символды таңдауы не экран бетiнде көрiнген ауыстырып қосқыш белгiлерiнiң бiрiн орнатуы керек.

2) Екi бағанда нөмiрленiп топтастырылған бiрнеше сұрақ және жауаптары берiледi. Жауаптардың қайсы сұрақтарға тиiстiлiгiн (сәйкестiгiн) анықтау керек.

3) Көп нүкте арқылы белгiленiп, арасында бiр сөз не сан қалдырылған сөйлем көрiнедi. Көп нүкте орнына қажеттi сөздердi не символдарды енгiзу керек.

4) Экранда орналасу ретi кездейсоқ түрде ауыстырылған iс-әрекеттер тiзбегi көрiнедi де, дұрыс тiзбектi құру (ретiмен нөмiрлеу) ұсынылады, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдар және оның түрлері
TYPE типі файл элементтерінің типтері
String типті айнымалыға қолданылатын стандартты функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінің негізі
Құрыдымдық типтер.жиындар
Паскаль құрылымы бойынша сипаттама
Файлдык жуйе
Турбо Паскалль тілінің негізгі элементтері
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Паскаль және Си тілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz