Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті



Кіріспе

1 Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті

1.1 Қалалардынң өркендеуы,құрылыс пен қол өнердін калыптасуы

1.2 Ғылым , ғылым салаларынын дамуы

1.3 Аббасилер кезіндегі араб мәдениетінің құлдырауы

Сілтемелер тізімі

Пайдаланылған адебиеттер тізімі
Аббас әулетінің биліктері дәуірінде (750-1258) солтүстүкте Еділ өзенінен оңтүстүкте Мадагаскарға және шығыста Қытайдан,Батыста Францияның оңтүстігіне дейін кең байтақ аумақта таралған және олармен көршілес аймақтарға да әсерін тигізген ислам діні ықпалымен адамзат өркениетінің өзіндік ерекшелігі бар бір түрі қалыптасты. Ислам өркениеті араб тілі мен араб жазуы алдыңғы орынға шығып негізгі ғылым тілі мен мәдениеті құралы қызметін атқарды.
Халифаның барша биліктен ажырап , тек діни қызметпен ғана айналысатын халге жеткен кезде 786 жылы таққа аббасиддік бесінші халифа ежелгі шығыс аңыздарынан белгілі болған Харун ар Рашид отырды. Харун ар Рашид қайтыс болған төртінші халифа әл Халидтің інісі, Аббастың жетінші ұрпағы еді. 809 жылға дейін халифатты жиырма үш жыл бойы билеген ол, араб тарихымен бірге ислам тарихында өзіндік үлес қосқан жан.
Харун ар Рашид тұсында Бағдад халфатының барынша гүлдену кезеңі болған еді. Көптеген деректерде Харун ар Рашидтің аты басқа халифаларға қарағанда кобірек кездеседі, себебі ол басқа халифалар жасай алмағандарды жасап, мәдениетке, эконмикаға, саудаға шаруашылыққа барлық жағынан өзінің гүлдендірудегі үлесін тигізіп кеткен болатын.
Харун ар Рашид өлген соң таққа талас жүріп, кейін үлкен баласы әл Амин халиф болып, мәдениетке өз үлесін қоса алмады. 813 жылы әл-Амун (әл-Аминнің інісі)
Халиф болған кезеңде ислам діні, мәдениеті көркейе түсті, онымен бірге халифаттың гүлденуі жалғасты.
1.Қ.Ұ.Э. 4-т. «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. Алматы. 2002
2.С.Жолдасов. Ислам тарихы.(1-кітап). Алматы. «Нұрлы әлем» 1998.
3.Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы «Санат»
4.С.Ә.Тортаев Орта ғасырдағы шығыс елдерінің тарихы. Алматы 2000.
5.С. Хизметли . Орта ғасырлар тарихы және өркениеті. Шымкент 2001.
6.Қ.Ұ.Э. 1-т «Қазақ ұлттық энциклопедиясының» бас редакциясы Алматы 1998.
7.М.Ж. Бұлұтай . Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды?
Алматы«Білім» 8.Догустан гүнүмүзе Бүйүк Ислам тарихы.3 т. Стамбул 1990.
9.Догустан гүнүмүзе Бүйүк Ислам тарихы.14 т. Стамбул 1990.
10. Қазақстан тарихы.«Ата-мұра»(4т),1т .Алматы. 1996
11.Шапағат Нұр .Алматы 6.2006. авторы -Х.Рахман
12.Шапағат Нұр .Алматы 3.2007. авторы -Х.Рахман
13.Шапағат Нұр .Алматы 2.2002. Авторы- А. Әшенұлы

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті

1.1 Қалалардынң өркендеуы,құрылыс пен қол өнердін калыптасуы

1.2 Ғылым , ғылым салаларынын дамуы

1.3 Аббасилер кезіндегі араб мәдениетінің құлдырауы

Сілтемелер тізімі

Пайдаланылған адебиеттер тізімі

Кіріспе

Аббас әулетінің биліктері дәуірінде (750-1258) солтүстүкте Еділ
өзенінен оңтүстүкте Мадагаскарға және шығыста Қытайдан,Батыста Францияның
оңтүстігіне дейін кең байтақ аумақта таралған және олармен көршілес
аймақтарға да әсерін тигізген ислам діні ықпалымен адамзат өркениетінің
өзіндік ерекшелігі бар бір түрі қалыптасты. Ислам өркениеті араб тілі мен
араб жазуы алдыңғы орынға шығып негізгі ғылым тілі мен мәдениеті құралы
қызметін атқарды.
Халифаның барша биліктен ажырап , тек діни қызметпен
ғана айналысатын халге жеткен кезде 786 жылы таққа
аббасиддік бесінші халифа ежелгі шығыс аңыздарынан белгілі
болған Харун ар Рашид отырды. Харун ар Рашид қайтыс
болған төртінші халифа әл Халидтің інісі, Аббастың жетінші
ұрпағы еді. 809 жылға дейін халифатты жиырма үш жыл бойы
билеген ол, араб тарихымен бірге ислам тарихында өзіндік үлес
қосқан жан.
Харун ар Рашид тұсында Бағдад халфатының барынша
гүлдену кезеңі болған еді. Көптеген деректерде Харун ар
Рашидтің аты басқа халифаларға қарағанда кобірек
кездеседі, себебі ол басқа халифалар жасай алмағандарды
жасап, мәдениетке, эконмикаға, саудаға шаруашылыққа барлық
жағынан өзінің гүлдендірудегі үлесін тигізіп кеткен болатын.
Харун ар Рашид өлген соң таққа талас жүріп, кейін
үлкен баласы әл Амин халиф болып, мәдениетке өз үлесін қоса
алмады. 813 жылы әл-Амун (әл-Аминнің інісі)
Халиф болған кезеңде ислам діні, мәдениеті көркейе түсті,
онымен бірге халифаттың гүлденуі жалғасты.

1 Аббасидтер кезіндегі араб мәдениеті

1.1 Калалардын оркендеуы, курылыс пен кол онердин калыптасуы

1.1 Абу хафар әл Мансұр өзінің жиырма жылдық ел билеу кезінде араб
халифатының гүлденуіне ,экономика, сауда, мәдениетте танымал
жетістіктергежол салып берді. Екінші сөзбен айтқанда араб халифатының
гүлдену дәуірі басталды . Бағдад қаласының негізін салған ол 762 жылы
астананы Дамшықтан(Дамаск)осында көшірді. Аббасидтік халифатты Бағдад
халифаты деуі осыдан Сол замандағы Бағдад қаласының көріктілігі жөнінде
әлі күнге дейін жазылған әңгімілер көп,соның бірінде Тигр өзенінен батыс
жағында дөңгелене салынған үлкен қорғанды айнала орналасқан үйлер , зәулім
ғимараттар тамаша сән салтанатты болғадығы айтылады.2, 127
Аббасидтер Халифатының алғашқы уақытында екі ірі қала болатын.
Бұлар Бағдат пен Самерра қалалары болатын. Аббасилердің халифтарі үшін
Бағдад қаласы салынбай тұрғанда басқа қалалар маңызды емес еді. Бағдад
қаласы салынып болған соң 763 жылы Халифаттың орталығы осы жаққа ауысты.
Бағдад қаласының құрылысы брын соңды болмаған мәдениетте , ғылымда
ізгілікте ілгерілеу ьолды. Бүкіл мұсылман халқының көзі осында түсіп
барлығы қызыға қарады. Бағдад қаласының саяси әлеуметтік жағдайда беделі
тез өсіп, қала өте жоғары қарқынмен дамыды, ғылым орталығына айналды.
Аббаси әмірлігінің бас қаласы жарты ғасырда ең ірі сауда орталығына
айналды, мәдениетт пен әдебиетте де бүкіл әлемді назарына аударды. Аумақты
ислам әлемінің төрт бұрышынан келген дакнышпан ойшылдарын , ғылым-білім
иелерінің мекені болды . Бағдадтан кейінгі салынған Кехф, Рузафе, Самерра
қалалары да кейініректе ірі сауда саяси және мәдени орталықтарға
айналды.8, 366-371
Бағдад қаласы мұсылман дүниесіндегі сауда –саттық мәдени орталық
болумен ерекшеленді. Халифат орталығы болғандықтан бүкілелге діни билігін
осы жерден жүргізді. Көптеген мешіттер бой көтерді. Олардычң
архитектуралық құрылыстары да ерекшеленді. Қала кварталындағы халықтар
діни айырмашылығына қарай орналасты. Көпшілігі мұсылманмешіттер болды. Олар
негізінен Карх кварталында орналасса , шамасия кварталында христиан
дініндегілер тұрды. Дамшық, Басра , Алаппо, Мосул, Фустатта коптеген
мешіттер бой көтеріп ірі мұсылман орталықтарына айналды. Сондай ақ Шираз ,
Исфахан Мерв , Самаркан Бұқара қалаларында мешіт құрылыстары кнң етек
алып, мұсылман дінінің барған сайын сіңе беруіне жағдай жасады. МЕшіттерді
салуда оның өте мықты болуымен әшекейлі болуына көңіл бөлді. Дінді
таратуда мешіттің рөліне ерекше мән берілгендіктен оның мейлінше әсерлі
болуын ескерді. Оларды салуға он саусағынан өнер тамған Шамдық,
Византиялық ұсталар шақырылды. Олар дуалдарды Түрлі өрнектермен
безендіріп , Құран аяттарын нақышталған сөздер жазды. Бір қарағанда ол
жазу емес әшекей сияқты көрінетін.Ол өрнектеген жазуды оқу Құран
аяттарын насихаттауға мәнді болды.2, 127-128
Арабтардың мәдениеті 5-10 ғ.ғ .да дүние жүзіндегі ең озық
мәдениет болды. Европадағы ең алғашқы университетті Кордовада
арабтар ашқан. Ондай университеттерді арабтар Бағдадта,
Каирде ашқан. ”Адамның ең басты көркі білім “ дейтін араб
ғалымдары Халифатта математика, астрономия, география тәрізді
ғылымдарды өте жоғары дәрежеде дамытты.
Дамаскіде, Бағдад пен Каир сияқты қалаларда обсерваториялар
болған. Араб астрономдары көптеген жаңа жұлдыздар ашып, аспан
әлемінің өте құнды картасын жасады. Аспан әлемінде көзге
көрінетін жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды.
Халифатта өнер түрінен ішінде әсіресе сәулет өнері
аса үлкен табыстарға жетті. Құрылысшылар сарайлар, мазарлар
мен қамалдар салды . Араб сәулетшілері мұсылман харамдарын
мешіттер , мешіттің төрт бұрышты үйінің төбесі көбінесе
күмбезделіп шығарылды. Оның ішкі жағында көптеген
колоналы галереямен қоршалған бассейні бар үлкен ауласы
болды . Мешіттің қасында дін ұстаушыларды намаз оқуға
шақыратын биік мұнара – минарет салынды. 4, 64-67
Харун ар Рашид халифа болған уақыт Аббасилердің алтын ғасыры
болды . Тіпті Ислам тарихының ең көрікті кезеңі болуы мүмкін. Харун ар
Рашид кезінде Аббаси мемлекеті өрлеудің шыңына жетті . Сол кезде білім мен
ғылымның дамуы басталды Харун ар Рашид халифа болған уақытта Бағдат
әлемнің ең көрікті шахарларының бірі болды қаланың Әр жерінде мықты,әдемі
ғимарат құрылыстары салынып, халық саны 1 милионға дейін жетті. Букіл
әлемде Бағдад мәдениет пен әдебиеттің орталығы болды. Харун ар Рашид
ғылым мен өнерге өте маңызды қажетті істер атқарды. Ол халиф сарайына ғылым
иелерін өнер адамдарын жинап кеңесіп, жиналыстар жасап отыратын болған.8,
129-133,166
Харун ар Рашид бар билікті қолына алғаннан
кейін ислам дінінің жоралғыларын өз дәрежесінде
жүргізуге көңіл болды. Халифатта дін беделі өте жақсы
көтерілді. Оның кезінде ислам дінінің жоралғыларын
орындау үшін мешіттер салу өсті Осы кезеңде мәдениетпен
бірге ауыл шаруашылығы , қол өнер сауда дамыды . Оның
кезінде ислам діні мәдениеттің , соның ішінде әдебиеттің
дамуына арқау болды. Кім білсін Харун ар Рашид билеген
кезде араб халифаты дамуының “ алтын ғасыры “ деуі осыған
байланысты болар2, 129-130
Араб мәдениетінің дәуірлеген шағы 8-11ғ.ғ. болатын.

Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде
көрінді. Мешіт, Медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері
жобалық шешіммен, айрықша өрнектерімен , эстетикалық әсемдігімен
ерекшеленді.
Ислам діні жануарларды бейнелеуге тыйым салды , бірақ
еркін ойлы шеберлер қялы нәзік өрнектің неше алуан әсем
түрін туғызды. Әсіресе тұрмыста қолданылатын бұйымдарды
сәндеудің , қоғамдық ғимараттарды әшекейлеудің алуан түрі пайда
болып , оның шырмауық сипаты геометриялық бейнелер , т.б.
салалары қалытасты. Араб мәдениеті туғызған бұл өрнектер
“арабеска” деген атаумен әлемдік бейнелеу өнерінде
қазірге дейін сақталып отыр. Азиядан тыс жерде Араб
өркениеті Египет пен Сирия да өте жоғары дамыды. Әсіресе
Египетте күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун (876-879)
т.б. мешіттердің жобалық үлгісі , әшекей нақышы , құрылыс
бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тақпырлығы қазірге дейін
таңқалдырады. 6, 403-404
1.2 Ғылым, ғылым салаларының дамуы
1.2 Аббасидтердің алғашқы кезеңі мәдениеттің өркендеуіне өте ыңғайлы
дауір болды деп айтуға болады. Омеядтар кезеңінің анық өзіндік ерекшклігі
–територияны кеңейту әрекеті басталып ұласса, ал Аббасилер кезеңінде Ислам
мәдениеті қалыптаса орныға бастады. Жауынгерлерге, жетекші-басқарушыларға
,экономистерге , канун(музыкалық аспап )иелеріне және әдебиетшілерге жол
ашылып, жетістіктері толықтырыла бастады. Философтар, тарихшылар, ақындар ,
математиктер , т.б көптеп шыға бастады.8, 375-376
751жылы мұсылмандар Талас өзені маңында(Қырғызстан ) Қытай әскерімен
соғысып жеңіп шықты . Осы ұрыста тұтқынға түскен Қытайлар (20мыңға
жуық)арасында Қағаз жасауды білетін шеберлер де бар екен. Міне осылар
арабтарға қағаз жасауды үйретті. Сөйтіп алдымен Бағдадта (793 жылы),сосын
Мысыр(шамамен 900 жылы),мен Морокко да (шамамен 1100 жылы )және Испанияда
(1150 жылы ) қағаз өндірістері ашылды.Арабтардың папирусқа қарағанда
жасалуы арзан әрі сапалы қағаз шығаруды үйренуі кітап шығаруды
оңайлатты10,14
Аббасидтер дәуірінде ғылым мен білімнің “алтын ғасыры”
орнады. Оқу ағарту мекемелері құрылып, мешіттер тәрбие беру
мақсатында жұмыс істеді. Халиф әл-Мамун тұсында (813-833)
Бағдадта құрылған Беитуль Хикме ең жоғарғы білім беру
мекемесі болды. Ол Джундишапур академиясы үлгісінде құрылып, әрі
академя, әрі кітапхана қызметін атқарды5, 103

әл Мамун Аббаси
халифтерінің ең жарқырағандарының бірі еді. Бүкіл Халифаттағы жан
түршігерлік оқиғаларға қарамастан ,халифатты ислам әлемінің ең көркем
дәуіріне жеткізген Мамун ғылымға қамқор болған әрекеті өз кезеңінде
іске асты8, 196
Бұл ашылып жатқан көптеген жоғарғы оқу орындары ,
медреселер , қоры мол кітапханалар ислам дінінің қалыптасып,
дамуына, сол кездегі ғылыми жаңалықтардың ашылуына,
жергілікті халықтардың ғылымға, білімге деген құштарлықтарын арттырып
қана қоймай, басқа елдердіңде қызығушылықтарын арттырды.
Әр ғылым белгілі өзінің жүйесіне келтіріліп, бір-біріне
тәуелсіз ғылым салаларына бөлінді. Өте құнды шығармалар ,
еңбектер жазылды.
813-833 ж.ж Халиф болған әл –Мамун 300 дей ғалымдарды
арнайы жинап , жаңа іргелі бағыттар мен тақырыптарда
ғылыми зерттеу жұмыстары мен айналысуға т апсырма берген. “
Даналық үйінде “ қазіргі тілмен айтқанда ғылыми академиясында
біздің көптеген қандастарыымыз ғылымның сан саласы
бойынша еңбек етті. Алгебраның негізін салған Орталық Азиялық
Мұхаммед Хорезми 880 - 950 20 жасында Бағдатқа келіп ,
ғылыми еңбектермен арабтарды әлемдік даңқа бөледі. 37 жасында
“Даналық үйін ” басқарды. Біздің жерлесіміз әл Фараби 870 - 950
арабтардың ғылым ордасында жүріп , 70 халықтың тілін
меңгеріп, өзіне дейінгі ғылыми жетістіктердің бәрінен де асып түсті.
3, 116 Осы кезде докторлар- ибн Бахтши, ибн Масавеих, ибн Зерек ,
ибн Сина т.б астрономдар - әл Ферғани, Баттани, Бируни, Омар ибн Хаям,
Насыруддин Туси, т.б математиктер – ибн Ваддах, ибн Касир, аль Хорезми,
т.б химиктер- Джабир ибн Хайан, Тугран, Абуль Касим аль Ираки т.б.
осылардай коптеген атақты ғалымдар ғылым мен мәдениеттің
дамуына, көркеюіне жол салып берген болатын.
Ислам өзінің отаны Араб елдерінде өнер мен ғылымға ерекше қамқорлық
жасағаны белгілі мысалы, Бағдад қаласы 762 жылы арнайы ғылым ордасы
болып саналып онда Даналық үйі аталған ғимарат тұрғызылды3,116
Даналық үйі. Аббасилік халифалар 750 жылы билік басына келгеннен
бастап ақ , грек ғылымына қызығушылық танытқан болатын. Мәселен , атақты
грек ғалымдары Гален мен Гиппократтың медициналық трактаттарын араб тіліне
екінші аббасилік халифа әл-Мансұрдың (754-775жылдары билеген )пәрменімен
оның тәржымашысы Әбу Яхия ибн әл Батрик (796-806 жылдары аралығында өмір
сүрген ) аударған.
Арада 80 жыл өткенде 830жылы (немесе 832 ) өнер мен ғылымның жан ашыры әл-
Мамун Бағдад қаласында Даналық үйін (Байт әл Хикма) салдырды. Мұны
қазіргі күнгі академиялық үлгідегі оқу орындарының арғы атасы деуге толық
негіз бар. Халифаттың бүкіл аймағынан жиналған ғалымдар мұнда бас қосып ,
ғылыми зерттеумен шұғылданатын. Олардың арасында үнділер, парсылар,
(Трансоксиананың тұрғындары ) түркілер, арабтар, қыптылар, тіпті қытайлар
да бар еді.
Даналық үйі қоры мол кітапханадан, академиялық аударма бөлімінен және
көптеген обсерваториялардан тұратын. Ғұлама даярлап шығаратын аталмыш оқу
орнының негізгі міндеті антикалық дәуірден жеткен мәтіндерді(әдеби немесе
тарихи кітаптар емес философиялық және ғылыми еңбектер ғана аударылатын
),араб тіліне аудару болатын. Мемлекеттің түрлі аумағынан жиналып,
тұрақты түрде жалақы алып жұмыс істеген ғалымдар арасында мұсылман дінділер
ғана емес, христиан ғалымдары да болды. Мәтін алдымен арамей(сирия тіліне
),одан арабшаға аударылатын. Себебі сириялық тілде сөйлейтін христиан
ғалымдар грек тілін жақсы меңгерген болса , мұсылман ғалымдар арабшаға
жақын арамей тілін жетік білетін. Сонымен қоса , бұрын араб тіліне
аударылған кейбір құнды еңбектер қайта қаралып өңделді.
Негізі араб тілінде көне грек тілінен кірген көптеген терминдер бар.
Мәселен Фәлсапа(философия),жуматрия(геометр ия), Жағрафия (география) деген
атаулар көне грек тілінен алынған. Кезінде Евклидтің ең атақты еңбегі
Элементтерді сұратып алған халифа әл Мансұр секілді ,Византия астанасы
Константинопольге арнайы елші жіберіп, антика дәуірінен қалған
манускриптерді сұрататын. Аударма тобын Әл Хирадан шыққан несториан дінді
дәрігер ғалым аса білімдар Хунайн ибн Исқақ (809-873 ж.ж)басқарған. Хунайн
адам емдеумен қоса грек тілінен дәріс оқыған ұстаз.
Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Ақса мешітінің құрылысы
Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында
Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Аббасидтер дәүіріндегі араб әдебиеті
Халифат территориясынң кеңейуі
Исмаилизм: хасан ибн саббах және ассасиндер
Пәндер