Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері



Тарихи лексикология — жалпы тіл білімінің сүбелі де күрделі салаларының бірі. Оның зерттеу объектісі — лексика және оның пайда болу жолдары мен даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, тарихи лексикология тіл тарихына, сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың, ұлттың) бастан кешірген қоғамдық формациялары мен басып өткен ұзақ өмірлік жолына қатысты тілдік фактілердің шығу тегін, қалыптасу кезендерің, туыстас тілдердің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді.
Демек, тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан басты айырмашылығы — ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенуде. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына байланысты, сол халықтың мәдениетіне, дүниетанымына, салт-сана, әдет-ғұрпына т.б. экстралингвистикалық факторларына қатысты зерттеуі керек. Өйткені әрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлығы, сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған ұзақ дәуірінің жемісі, ұрпақтан-ұрпақка ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің айнасы болып саналады. Әрбір тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу дегеніміз — оны сол тілдің өз топырағында, өзіндік даму үрдісін, сыр-сипатын ескере отырып, қарастыру, жалпылама емес, нақтылы объектімен байланыстыру. Ал бұлардың бәрі тарихи лексикологияның бір тілдегі нақтылы объектісі болып саналса, оның туыс және туыстас тілдердің лексикасын зерттеуге байланысты проблемаларының шеңбері бұдан әлдеқайда кең болатыны өзінен өзі-ақ түсінікті)
Тарихи лексикологияның өзіндік зерттеу объектісі мен белгілі тәсілдері бола тұрса да, оның дербестігінен гөрі ғылымның басқа салаларымен байланысы, астарластығы ерекше көзге түседі. Осыған орай «қазақ тілі тарихи лексикологиясының зерттеуге тиісті объектілері мен міндеттерін біз қалай анықтауымыз керек?» деген сұрақ туады. Айта кетуіміз керек, бұл мәселе қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Тарихи лексикологияның жеке мәселелерін сөз еткен бірлі-жарымды еңбектерді есептемегенде, бұл саланың нақтылы объектілері мен алда тұрған міндеттері жан-жақты қаралып, толық анықталып, күн тәртібіне қойыла қойған жоқ.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ
ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫ:
ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Тарихи лексикология — жалпы тіл білімінің сүбелі де күрделі
салаларының бірі. Оның зерттеу объектісі — лексика және оның пайда болу
жолдары мен даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, тарихи лексикология тіл
тарихына, сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың, ұлттың) бастан кешірген
қоғамдық формациялары мен басып өткен ұзақ өмірлік жолына қатысты тілдік
фактілердің шығу тегін, қалыптасу кезендерің, туыстас тілдердің қатарынан
алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді
мақсат етеді.
Демек, тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан басты
айырмашылығы — ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенуде. Ол
белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың
азаматтық тарихына байланысты, сол халықтың мәдениетіне, дүниетанымына,
салт-сана, әдет-ғұрпына т.б. экстралингвистикалық факторларына қатысты
зерттеуі керек. Өйткені әрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз
байлығы, сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың
тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған
ұзақ дәуірінің жемісі, ұрпақтан-ұрпақка ауысып, толығып, кемелденіп,
жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің
айнасы болып саналады. Әрбір тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу
дегеніміз — оны сол тілдің өз топырағында, өзіндік даму үрдісін, сыр-
сипатын ескере отырып, қарастыру, жалпылама емес, нақтылы объектімен
байланыстыру. Ал бұлардың бәрі тарихи лексикологияның бір тілдегі нақтылы
объектісі болып саналса, оның туыс және туыстас тілдердің лексикасын
зерттеуге байланысты проблемаларының шеңбері бұдан әлдеқайда кең болатыны
өзінен өзі-ақ түсінікті)
Тарихи лексикологияның өзіндік зерттеу объектісі мен белгілі
тәсілдері бола тұрса да, оның дербестігінен гөрі ғылымның басқа салаларымен
байланысы, астарластығы ерекше көзге түседі. Осыған орай қазақ тілі тарихи
лексикологиясының зерттеуге тиісті объектілері мен міндеттерін біз қалай
анықтауымыз керек? деген сұрақ туады. Айта кетуіміз керек, бұл мәселе
қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Тарихи
лексикологияның жеке мәселелерін сөз еткен бірлі-жарымды еңбектерді
есептемегенде, бұл саланың нақтылы объектілері мен алда тұрған міндеттері
жан-жақты қаралып, толық анықталып, күн тәртібіне қойыла қойған жоқ.
Алайда қазақ тіл білімінің бүгінгі күннің биік талабына сай табыстары
тарихи лексикологияның терең де тегеуірінді зерттелуіне байланысты. Олай
болса, бұл саланың негізгі зерттеу объектілері мен міндеттерін жан-жақты
сөз ете отырып, оған мамандардың назарын аудару, программалық зерттеулердің
бағыт-бағдарын анықтау бүгінгі таңның зәру міндеті болып саналады. Бұл
мәселенің ғылыми тұрғыдан зерттеліп, дұрыс шешілуі тек ғылымның,
ғалымдардың өздері үшін ғана емес, сондай-ақ, көпшілік қауым үшін де маңызы
зор. Өйткені талғам-талабы биік бүгінгі оқырман қауымы ана тілінің қол
жеткен табыстарын қызықтай отырып, оның еткен тарихын, шығу тегін, сөз
өнерінің небір тамаша құпия сыры мен күнделікті қолданылып жүрген
сөздерінің және қазақ этнонимінің төркінін білгісі келеді. Ала тілінің
табиғатына қызу сезіммен қызыға қараушылар тіл мамандарының бірлі-жарымды,
тиіп-қашып айтқан пікірлеріне қанағаттанбайтын сияқты. Күрделі еңбекті
талап етеді. Сондықтан да олар өлеңге әркімнің-ақ бар талабы дегендей,
сөз төркіні жөніндегі өзінше топшылаулары мен жорамал-жобаларын газет-
журнал беттерінде жариялап, ортаға салуға талаптанады.
Бұлардың бәрі, әрине, заңды талаптар және олар тарихи лексикологияға
үлкен де жауапты міндеттер жүктейді. Осы міндеттердің үдесінен шығу үшін
тілші қауымы да тіл тарихына байланысты зерттеулерді жандандыруы қажет
сияқты. Осы проблеманы жан-жақты қарастыратын арнайы монографиялар мен
тарихи-этимологиялық, сөздіктер шығаруға кірісетін уақыт жетті деп
ойлаймыз. Бірақ бұл міндеттерді атқару үшін тарихи лексикологиямен
шұғылданушы тілшілерге үлкен дайындық керек, Бұл тәрізді қиын да жауапты
іске кірісуден бұрын әрбір маман осы салада бүгінге дейін не істелді және
бұл істердің ғылыми-теориялық дәреже-деңгейі қандай екенін анықтай отырып,
алдағы мақсатымыз бен міндетімізді айқындап алғаны жөн. Осыған орай
мақаланың мақсаты: қазақ тілі тарихи лексикологиясының бүгінгі таңдағы
көкейкесті проблемалары мен алдағы міндеттері не? деген сауалға жалпы
түрде болса да жауап беру және бұл саланың басқа проблемаларға қатыстығын
анықтай түсу.

Тарихи лексикологияның зерттеу объектілері және басқа ғылым
салаларына қатыстығы.
Тарихи лексикологияның зерттеу объектісі дегенде екі түрлі жағдайды
ескергеніміз жөн. Біріншіден, ол алдына қойған мақсатына және тіл
фактілерін талдау тәсілдеріне байланысты іштей сараланып, тікелей өзіне
қатысты проблемаларды әр қырынан қарастыратын этимология, семасиология,
ономасиология, диалектология, этнолингвистика сияқты тарауларды қамтиды.
Екіншіден, оның тіл білімінің осы салаларында қол жеткен табыстар мен
талдау әдістерін пайдалана отырып, этностың шығу тарихын (этногенезін),
этнос тілінің пайда болуын (глоттогенезін), халық тілінін базистік
структурасын, туыс, туыстас және басқа тілдермен болған қарым-қатынасын, әр
түрлі экстралингвистикалық факторлардын тіл дамуына тигізген әсерін т. б.
тіл фактілері мен оның заңдылықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киелі жануарлар атаулары
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Герман тайпаларының діні мен әдет-ғұрыптары
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Сөз және мағына
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайында
Тіл мәдениетінің сипаты
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Пәндер