Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызды


Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызды
Әкімшілік құкық - Қазакстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттін, басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттын тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.
Коғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элемеиті екеңдігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқыктық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басымкөпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықгық: мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік- құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәденйеті қалыптасады.
Әкімшілік құкық нормлары экономика саласында (өнер-кәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп комплексі, көлік пен байланыс, қоршған табиғат орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық халыкқа тұрмыстық қызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси құрылыс (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді. Қазіргі кезеңдегі әкімшілік құқықтың негізгі проблемаларының бірі - өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы бірше-бірінін бағыныстылығымен мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудын жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып отыр.
Бұл проблеманың маныздылығы және оны шешудің тубегейлі нақтылғы желдары Қазақстан Респупликасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына «Қазақстан - 2030» жолдауында тұжырымдалыл, ерекше атап айтылған.
Құкық қорғау мәніндегі әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатын бақылау-қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде.
Прогрессивтік қайта құру барысында қабылданған зандардың барлығы бірдей және барлық жерде тугелдей орындала бермейгіндігі, оларды теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де, мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған қуқықтық мойынусынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде.
Қазіргі кезде ең бір жауіпті құбылыс - бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын деп ене бастаған сыбайлас жемқорлық . Ол коғамның барлық салаларына, мемлекеттің конституциялық негіздеріне қатер төндіреді.
Сондықтан мемлекеттік баскару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пурсаты мен қызмет болып теріс пайдаланудан сақтаңдыру жөнінде соңғы жылдары қабылданған кұқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» зандардың ерекше манызы бар.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМ
Қазіргі кезендегі ғылымда «Әкімшілік құқық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулық әдебиеттерде әкімшілік құқық - тиісті мемлекеттің құкық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құқықтық - басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздік »Әкімшілік құқық» дегентермиңді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы деп атаған. Оның нормалары басқару атаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құкықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құкықтың (ағылшынша асітіпіз ) мемлекеттік басқаруды ұйыңдастыру және оның атқару өкім ету қызметінің процесінде болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде анықтаған.
Сонымен, әкімшілік құкықты сипаттайтын аса маңызды бегілері төмеңдегідей
біріншіден, әкімшілік қуқық - құқықтың дербес саласы;
екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын коғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;
үшіншіден, әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазакстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымы адамдарының және азаматтарының баскару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқықтық қатынастар
Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері
Әкімішілік-құқықтық қатынастар-құқтық қатынастардың біртүрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын кұкықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән. атап айтқанда: кұқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқыктық норманың тиісті қоғамдык қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимипдарын (мінез-кұлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: кұкықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен кұкықтарын сәйкестендіру (карреспондащиялау) және с. с Сонымен, әкімшшік-құқықтық қатынастар -бұл әкімшілік Кұқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-кұқықтық қатынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылық пен ерекшеліктін, тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік құқықтыкқ қатынастардың әкімшілік құқықтың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматгығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік баскару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (лартиялар одақтар т. с. с) ; еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлскеттің аты-нан іс-қимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.
"Әкімшілік-құқыктық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар: I. Басты ерекшелік - тараптардың теңсіздігі. Тараптарының бірінің басқа тарапқа қатысты да заңдық биліктік өкілетгіктері болады. Мұңдай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың-бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегше қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекпіелейді.
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуі тек қана мүмкіндігі емес, сонымен қатар, көпшілігіне, олрадың тікелей міндеті екендігін ескеру керек.
3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құкыктық даулар, қағанда бойынша, ә кімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей занды және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқыұтық нормалардың талаптарын әкімшілік құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тарапың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамның) алдында пайда болды.
Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке не бара - бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып жүрген заңдарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-құқықтық даулар тобының кеңейе түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.
Әкімшілік құқықтық қатынастары мен түрлері
Әкімшілік-құқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының заңдық сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-кұкықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталатыннын дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құқықтық қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардың тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді. Шындығында тіке қатынаста бір тараптың зандық биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, басқарудың төменгі органында) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz